Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту




НазваниеЕ. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
страница4/18
Дата конвертации05.11.2012
Размер3.05 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
1.3.б. Хас Хажиб Жүсіп Баласағұни еңбегіндегі дидактиканың пәлсапалық негізі
Нұр, Құт, Бақ, Дәулетке қатысты адам болмысында қандай касиеттер мен әдіс-тәсілдер қажет деген сауалға дидактиканың пәлсапалық негіздемесіне сүйеніп, Жүсіп Баласағұни кейінгі ұрпақ үшін өмірлік, Зақилық, классикалық тұжырым-түйінді өзінің «Құтты білік» еңбегінде жан-жақты сипаттап берген.

Адамның танымы үнемі құбылып отырады, себебі қоғамдық құндылықтар өзгерісте болып, уақыт пен кеңістік өзінің таңбасын дүниетанымның «шымбайына» батырып жібереді.
Халқымыздың ырысы болған ілім
«Болашақ - өткен өмірді қорыту» деген ұлағат сөз сонау орта ғасырлық данышпан Ж. Баласағұнның «Құтты білік» бәйітінен бері белгілі. Бірақ бұл дана сөзді растайтын ісіміздің жоқтығын жасыруға болмайды. Академик Манаш Қозыбаев Қазақстан тарихын тек империялық деңгейде Қытай мен Ресей жазған деп тегін айтпаған.

Ықылым заманнан түркі халықтарының ішінен тараған қазақ халқының төл жазбасынан айрылып қалуы ескексіз қалған теңіздегі қайықпен тепе-тең еді. Бұл - өкініштің өкініші. Осы бір өткен өкінішімізді серпілтетін бүгіндегі ғылыми зерттеулер демекпіз. Орта ғасырда түркі тайпалары іштей сараланып, әрі территориялық, әрі этникалық, әрі тілдік ерекшелігіне қарай халық болып қалыптасқан. Жазба дәстүрі халқымызда бұрыннан бар екенін ғалымдар зерттеп, дәлелдеді. Көркем әдебиеттің жазба үлгісі X ғасырда қалыптасқан. Түркі тілдеріндегі жазба көркем әдебиеттің озық үлгілерінің бірі Жүсіп Хас Хажибтың «Құтты білігі» болып саналады.

Осы «Құтты білік» дастанында мемлекет басқару жүйесі толық әңгіме болады. Егер бүгінгі таңға дейін дастанның мәнділігі мен мәнісін түйсініп, тәлімді тек осы кітап бағдарына сәйкес алсақ, халқымыз ешқашан тығырыққа тірелмеген болар еді. Дастанды тек хан сарайының салтын жырлайтын шығарма деп қарау дұрыс емес. Онда түркі тайпаларының салт-санасы да көрініс тапқан. Кейбір жыр деректеріне қарағанда қараханидтар мемлекетінде әділетсіздіктің орын алғаны байқалады. Елдің жағдайын жақсарту Бограханның қолында екенін Жүсіп Баласағұн ашық аңғарталы.

Е. Бертельс Жүсіп Баласағұнды бұқара халыққа арқа сүйеген ақын деп бағалайды. Өзінің ақыл-парасатымен Бограхан секілді мемлекет басшысын табындырып, оның өз көмекшісі болуын қалағаны бүгінгі күні де мемлекет басшыларын ойландыратын жәйт. Кісілік деңгейді Ж. Баласағұн бабамыз былай жіктейді:

1.Әділ (заң).

2.Дәулет (құт, бақ).

З.Ақыл-парасат (интеллект).

4. Қанағат- ынсап.

Білімнің тұжырымына тірек боларлық негіздер.

Егер біз де отбасы, мектеп қабырғасында берілетін тәлімді осы бағьттарға сүйене отырып, ұлттық сипатта бергенде «Қара шал», «Қара кемпір», «Бозторғай» секілді өзегіңді өртеп, намысыңды қоздырып, көзімізге жас әкелетін қайғылы өлендер тумаған болар еді. Әкеге баланың, анаға қыз баланың жатбауыр, тасбауыр, безбүйрек болып кету себебі өзіміздің табиғи даму қалпымыздан шығып, орта жолдан еуропаша «ілгершіл» болғымыз келген қисық тағылымсыздыққа әкелді.

Аталған ежелгі дәуір мөдениетінің менділігі тек ел басқарушы бектердің арасындағы қарым-қатынас емес, жоғарғы деңгейден төменгі деңгейге дейінгі (аспазшы, төменгі қызметшілер, халық сияқты кейіпкерлерді де қарым-қатынас заңдылықтары берілген) мәдени қарым-қатынас эталоны баяндалған. Мәселен, Жүсіп атамыздың: «Ел басқарушы әкімге алдымен қандай қулық керек?» деп, жауабын «сақтық» деуі бәрімізді де ойлаңдырады.

Сонда Әкім болу үшін сақтық бірінші, негізгі қасиет те, оған қосымша:

1.ақыл, парасат

2.ниеті түзу

З.сөзі шырын

4.өнерлі

5.білімді

б.қолы ашық

7.пейілі кең

8.көзі тоқ

9.кек сақтамайтын асыл құлықтар

болғанда ғана Әкім дамыған өреде болатынын сипаттайды. Сол секілді дастанды оқып отырғанда Әділ дегеніміз не дей отырып, оның құрамы, сипаты, мәні, құбылысы деп жүйе-жүйесімен жіктейді. Сөзім дәлелді болу үшін Әкімнің халқыи дұрыс басқаруы үшін әділ болуды уағыз еткен данышпан Жүсіп Хас Хажиб мына бір шумағын келтірейін:

1... Адамдықты пір тұтқан өмірі ұдай,

Көзі қарақты, сөзі шын, көңілі бай.

Шындық жасын қуған ер, түкті жүрек,

Атақ-даңқы күн сайын өсті үдеп.

Атқарады ісін ақылмен, саясатпен,

Саясатқа сай келер парасатпен...

Ерлік, даңқ жарасар нағыз ерге...

Ессіздерді қуды елінен қаралап,

Жарамсызды ұрды қолмен күйретіп...

Қырағылықты, шыншылдықты, көңілі бай болуды, атқарған ісін әділ заңға бағындыруды, саясатты парасатқа жүгіндіруді, ессіздер мен жарамсыз - еңбек етпейтін тоғышар адамдарды - қууды меңзейді. Сонда ғана Әділет заңы салтанат құрады дейді. Мұнан «жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» деген халық даналығы осы ата-баба тәлімінің нәтижесі екенін түйсіну ойша шығару қиын емес.

Аталған ежелгі дәуір мәдениетінің мәнділігі - дәулет жинауды игеру. Кешегі кеңестік қоғамда дүниеқұмарлықпен (вещизм) күресті кіші халықтардың санасына қалыптастырып, барлық басқа «ұлы халықтар» өз дәулеттерін өрістете бергені де бүгінге белгілі болып, олардың көпшілігі миллионерлік дәрежеге жетіп, тағы да жоғары билікте отырғанын қалай жасырмақпыз. Бұл да өкініш. Көне дәуір жазбасында дәулеттің негізгі қасиеті төмендегідей беріледі:

1.Жомарт, 2. жұғымды,

2-көңілі зерек, 4. ойлы,

3.ұғымды, 6. сөзі майда, бал тамған,

4.өнер-білімді.

- Егер аталған қасиеттер келмей, құр дәулетті жеке қарасақ, - дейді, ақын, - онда мынадай ғана құлықтар қалады:

1.кезбемін (дәулет - баянсыз деген мағынада)

2.көзім соқыр (жақсыға да, жаманға да қонамын)

З.айтысып кетемін

4.құтты кісі лепірсе, тұрақсыз.

Аталған дәулеттің қасиеттеріне көлеңкелі ісім ілігіп қалмас үшін мына секілді құлықтарды меңгерген жөн дейді Хас Хажиб:

1. Іздеген жан жібектей мінезді болсын.

2. көңілі таза.

3. тілі майда.

4. жігерлі.

5. мекерлікті білмесін.

6. жауыз істің маңынан да жүрмесін.

7. құрмет қыла біл.

8. кішіпейілдік жаса.

9. шарапқа әуес болма

10. нәпсіңді тый.

11. қол мен тіліңді бос ойыннан сақта.

12. көңіл - арсыз көрінгенге лақпасын.

Міне, бұл бүгінгі тілмен айтсақ, мектеп қабырғасында тәлім алатын оқушыларға диагностика өлшемі секілді. Мұнымен бірге ата-баба салған тәлімнің ең құндысы ақылдылық пен біліктілікті дамытуға және сыртқы ортаға көрсетуге қырсығын тигізетін қасиеттер: 1. ашу, 2. қызбалылық екенін ерекше меңзеген.

Әділдіктің қасиеті мен нышаны бар екенін де бағдар ретінде берген:

1. тілі, ділі бір сөзден шығу керектігі,

2. тысы-ішіне, іші-тысқа жараса келуі,

3. шыншылдығы,

4. әділдік-құт,

5. кішіпейілдік,

6. көңілі ашық, әділ ер,

7. адалдық.

Осы жолға түсіретін тек ізгілік екені баса айтылады.

1. Анадан ізгі болып туады.

2. Ессізге ерсең, ессіз болып шығасың,

- деуі Жүсіптің түйсік пен ізгіліктің көзі жаратылысында, нәсілінде дегені. Сөйтіп, нәсіліне қарай адам өзіне не бақ, не сор жияды деп ұққан жөн. Құда түсу рәсіміндегі құдаласу, қыздың ата-анасының тегіне қарау секілді ізгі дәстүрімізді жоғалтып алғанымыз өкінішті.

Білік болмай, сес болмайды дегенді түйсініп өссек, бүгінгідей барлық өндіріс орнын бөтен, жат ел тізгініне бермеген болар едік.

Қорыта келгенде, шығарманың негізгі түйіні даму деңгейіне жету жолдарының өрісін данышпан Жүсіп лұғат дастаны арқылы баяндап бергенін басты нысанаға алу. Біздер, келешектің тізгінін ұстайтын жасұландар тәрбиесін отбасымен үндесе отырып, осы ата-баба салған ізгілікті тәлімнің құрылымымен жоспарлауды ниет етпекпіз.

Бәйіттер дегеніміздің өзі өлеңнің екі жолдан құрылатын түрі, біздің қолға жеткен көркем шығармаларда бәйіт жоқтың қасы. Бұл да өткенімізді өмірге қайта әкелгеніміздің куәсі.

«Құтты білік» - халқымыздың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, адамға бақыт берген, құт әкелетін білім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа адалдык, азаматтық қасиеттерін, әдеп-адалдық дәстүрін сіңірген кітап. Әсіресе «Егер ашу-өкпең келсе, қатулан, сабыр қыл, сабыр кісінің сүйініші алдында», - деген жолдардан қазақ мақал-мәтелдерін салыстырғанда, ескертетін ерекшелік тек әдеби шығармаларда ғана кездесетін поэтикалық көркемдік әдіс, тәсілдердің біртектілігі, төркіндестігі десек, үстірт кететініміз анық. Мұның түп-тамырында бүкіл ой-толғам желісінің, ойлау табиғаты мен таным-білім қасиетінің тұтастығы, ғылыми-әлеуметтік тамырластық жатыр.

Осы қасиетті Құт дастанының әр сөзінің ой-толғамының жиырма бірінші ғасырда болашаққа тамыр жіберіп, тілге емес, санаға, жүрекке сүтпен сіңуін тілейміз.

Тоталитаризм тұсындағы көп зерттеулерде автордың мұраты мен мүддесін айқындайтын өз ойының тілдік құралдарын әр оқытушы өз деңгейінің өрісінде интерпретациялағаны бізге жаңалық емес. Осы бір кемшілік қайталанбас үшін барлық данышпан бабаларымыздың еңбектерінен дидактиканың пәлсапалық негіздерін жинап, жүйелеп, белгілі бір арнаға сұрыптау максатында көбіне зерттеушілердің (өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін «Әдістеменің субстанциясы – дидактиканың пәлсапалық негізі» - деген тұжырымды зерделеген бірде-бір ғалым жоқ десем, шындықтан алшақ кетпесін) тұжырымдарын алға ұстанып отырмай, авторлардың дидактиканың пәлсапалық негіздерін тізбелеу әдістері мен амаддарына назар аудару приоритетті мәнге ерекше көңіл аударуды жөн көрдік.

Хас Хажиб Жүсіп Баласағұнидың еңбектерінде дидактиканың пәлсапалық негізінің ізгілікті желісі қалай жіктелген? Оның моделін автордың бәйіттерінен табамыз:

Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,

Білім жарық, қара түнді ашатын.

Білім жарық, нұрын саған шашатын,

Тілесең сен есендікте жүруді,

Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді.

Кісілерге мирас ата сөзі ғой,

Ата сөзі ұқсаң - құттың көзі ғой.

Ей ақылды! Өкпе-сорға шалдырма!

Сақтап атты, ашуға бой алдырма!

Өкінерсің ренішті істе сен

Адасарсың қызбалықпен істесең.

Ренішті істің соңы - өкініш...

Ерге керек төзімділік күш-қайрат,

Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап,

Жомарттық һәм салмақтылық қажетті,

Білімділік, ақылдылық қажетті.

Барлық іске зерек болса, парықтап,

Ала білсе өз керегін анықтап,

Сонда толық болар ісің, пішінің,

Білімді асты жейді баппен пісіріп...

Біраз нәрсе кісінің қас-дұшпаны,

Білсе оларды өзін қинап қысқаны.

Бұның бірі - тілдің жалған айтқаны,

Бұдан басқа - айтқан сөзден қайтқаны.

Үшіншісі - шарапқа аңсар ауғаны,

Шәксіз - текке өтер өмір қалғаны,

Тағы бірі жүгенсіз іс-қылығын,

Сүймес ешкім, алған жанды шырығын.

Енді бірі - зымияндық бықсыған,

Кісі үйін түтіндетіп тықсырған.

Және бірі: ашулы тіл - у, ашық...

Бұлар жетсе, бір-бірімен қосылып,

Одан Құт, Бақ безер аулақ жосылып.

Жақсы күнде жабар жаңа бір тілек,

Жаман күнде мұңмен сөнер біртіндеп...

Білім құнын біліктілер біледі,

Білікті тек ақылды ұғып жүреді.

Асыл-дара, кім жарысар, таласар!...

Ессіздіктен тек жауыздық туады,

Ал жауыздық ізгілікті буар...

Ізгі іс - елдің мақтаны,

Тек ессіздер сөйлеп, сөгіп жатқаны.

Достық үшін құшақ жайса мәрт-жігіт,

Кісімсініп, біреу жасар әккілік.

Ұсақ-түйек кінәмшілдік - бір қайғы, [54]

Асыл ердің ақ ниетін былғайды.

Кең бейілі күйкілік пен өкпеге ерік бермейді...

Ізгілік - Оң; Ессіздік - Сол; Жүгің - Ар

Мехнат, жапа, күйініш, көз жасы

Бұлар жамандықтың жолдасы.

Рахат, Даңқ, Қуаныш, һәм Салтанат -

Ізгі ниет еншілейтін мархаббат.

Қызмет қылмас, қалтыраған сараңға,

Қапаланып, қор боларсың аранда.

Сауал берсе - шеш тіліңді - жасырма!

Сұрамаса - ділмарсыма, тасынба!

Ақылды адам қарын бақпас, ой бағар,

Жан семіртер, ой семіртер, ойланар.

Тән семіртер - нәр ауыздан сіңеді,

Жан семіртер - сөз құлақтан кіреді.

Жүйелі сөз - ұлылық, ессіз сөз - жер түбіне жіберер.

Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл.

Қожа Ахмет Иасауи шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізін екі жүйеге – Ізгі, Сұрлы (зұлымдық) деп жіктесек, Жүсіп Баласағұни шығармашылығына ондай әдісті қолдана алмаймыз. Оның басты себебі Ізгілік пен Зұлымдық жайы бәйіттердің мәтінінде үнемі қайшылықта рет тәртібімен келіп отырады. Мұнда метафора, метонимия, сарказм, кейіптеу т.б. троптық түрлері аталған қасиеттерді сипаттауға басты қызмет атқарып отырады. Еңбегіміздің негізгі мақсаты әдістер мен амалдардың генезисін данышпандардың еңбектері арқылы саралау болғандықтан, біздер әдебиеттің қисынына терең бойлай талдауды мақсат етпейміз. Әрине мүлдем тоқталмауға тағы да болмайды, себебі, әдебиет ғылымын меңгермеген адам дидактиканың пәлсапалық негізін шығарып, оны парадигма деңгейіне жеткізе алмайды.

Ж. Баласағұнның «Құтты білігін» тек ел басқарған өз заманының хандары, бектері, не әкімдеріне ғана емес, әлемдегі адамзат үшін дидактиканың пәлсапалық негізі деп қабылдаған орынды. Бұған тереңірек көз жеткізу мақсатында тағы да шығармадан үзіндіге көңіл бөлейік:
Қор толғанша кара шашың ағарар,

Тәнім тозар, ой мен жылдар жаңарар!
Диалектика

Жатқан – тұрар,

Жанған – сөнер,

Не істесең де,

Толық толса,

Тола-толса жіңішкеріп

Жазыл жазың

Эпитет

көтерілген – жығылар,

шаршаған – тынығар,

толық істе бүгіл ер,

жіңішке өзі-ақ үзілер!

Ай қалды,

Кәрлі қысқа айналды!

Метафора


Келтірілген мысалдардан байқағанымыз, мәңгіліктің жоқтығы, адамның төзімділігі мен сабырлылығы және салихалылығының өзі аталған сипаттамаға бағынышты екендігіне көз жеткізеді. Жүсіп Баласағұни отбасы ішіндегі бала тәрбиесінің Ізгілікті мазмұнына ерекше тоқталып өткен:

Болса кімнің қатыны һәм ұл-қызы,

Ол байғұстың тыныш болмас ұйқысы!

Ұл-қызды ата көрде тыныш жата алмас,

Атасының атын ұл-қыз атамас!

Жапа қылды, алды дүние құтымды...

Ата жолын көрген бала тегінде,

Төзе алады ауырға да, жеңілге.

Жаны жұмсақ - қапты ұстаған баланың,

Жарық жүзі атауменен ананың.

Қолдан ерте шығарсаңыз сіз егер,

Ұлдан қайыр жоқ, үмітіңізді үзе бер!

Кім ұл-қызын шолжандатса бетімен,

Тартар күйік, ет кескендей етінен.

Бейбастақ қып өсірсе ұлдың қылығын,

Кінәлі әке, жазығы жоқ ұлының.

Құдай кімге берсе инаят, ықылас,

Екі дүниеде құт ұялап, ұмытылмас.

Кім құдайды шын пейілмен жақтасын,

Пәле, қайғы ашпас оның қақпасын!

Отбасындағы дидактиканың пәлсапалық негізін келтірілген бәйіттердің тұжырым-түйінінен аңғарамыз.

Бұдан байқағанымыз не? Ол - әдістер мен амалдардың жалаң өмір сүре алмайтыны. Әдіс пен амал белгілі субстанцияға қызмет етеді. Ол субстанция адамның кәсіп меңгерудегі мақсат-мүддесі мен ұстанған жолына тікелей бағынышты. Сондықтан да зиялы мен наданның, Ізгілікті мен зұлымның, ғалым мен пенденің арақатыстық қайшылығы ажыратылса жіктеліп, оның әр сападағы болмысын тани, сезіне алатын субъектілер қоғамға қажетті. Мұндай талаптар сонау ежелгі Түркі жұртынан басталғанын, қала берсе, б. ғ. д. V ғасырда әлемдік иерархияда пайда болғанын алдыңғы сипаттамалар мен топшылауларымызда атап өттік.

Бабамыздың асыл қазынасы ретінде ментальді, эфирлі, ғарыштық қуат көздері қандай жағдайларда ашылмақ деген мұратын бәйітінің мәтінінен табамыз:

Жұрт алдында аузыңды бақ, лепірме,

Кісі үйінде көз қадірін кетірме.

Бастарда ойлан, сайла тілдің шырынын,

Қысыр сөзге қышымасын иегің,

Тұз-дәміңді бөліс, жаса қайырым,

Кешіре сал, көрсең кісі айыбын.

Шарап ішпе арамнан бой тасала,

Пасық болма, зинақорлык жасама.

Ішімдіктен мал-дәулетің шашылар,

Зинақордың ар-ұяты ашылар!

Ажал келмей, сарп қылмай күшіңді,

Ақылға сап, тындырып ал ісіңді.

Ізгілікпен кәрі-жастың күйін біл,

Сөз ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Қай істе де қайсарлықтан айныма...

Елге түзу заң түз, ұқсын бір-бірін...

Тый нәпсіңді, сорың содан түбінде.

Сұғанаққа сырыңды ашып таратпа!

Опасызды есігіңнен қаратпа!

Ұл әкенің арқасында жаралар,

Ана қарнын тек бірнеше ай паналар.

Кісі қанын төкпе, мүлкін алмағын...

Өзге үшін құрбан болма тектен-тек,

Текке күйме, бағаңды біл, кеткенше!

Кісілерге тіл тигізбе, жерлеме,

Зәрлі сөз -өрт, өртке түссін ел неге?!

(риторикалық сұрау)

Бек, қызыққа құмарланба, шаттанба,...

Қос жиһанға билік еткің келсе егер,

Бес нәрседен қашық жүрсең, ел сенер.

1. Зорлық қылма, 2. араласпа арамға,

З.қанын төкпе, кек сақтама адамға,

4. Шарап ішпе, 5. азғындыққа салынба.

Бұлар бетті қор етеді.

Бек, баянды болсын десең бектігің,

Сен үнемі ісін істе тектінің...

Нәсіп көріп алма қарғыс, назаны,

Зұлым заңмен боларсың ел мазағы.

Өзіңді бақ, қиялыңа алданба,

Өз тегіңді білмеу - қорлық жалғанда.

Адам естен басқаны білімімен алады,

Білім, оқу-тоқуды еңбегімен табады.

Тұтас болса ағайынның арасы,

Ала алмайды жәдігөйдің жаласы.

Біліктілер тек өзіне сенеді,

Білікті мен бірлікті ер жеңеді!

Даңқ қонбай жатып ұшырма,

Ұя баспай үріксе, қайтпас құсың да.

Күні құрсын өркөкірек, кердеңнің,

Өзін көрмей, өзгелерден терген мін.

Ақымаққа қонған бақыт тоналар,

Қалай келсе, солай ұшып жоғалар!

Ар намыстың садақасы қайран жан.

Бұл дүние рақаты - еңбекте,

Түгел алғың келсе, жердің ырысын.

Таза болсын сөзің, ойың, жұмысың.

Дүниені кеткің келсе басқарып,

Шындық үшін от кеш, қалма жасқанып!

Бәйіттен топтамамен берілген үзінділер сипаттың түрлеріне қарай екшеліп, модельге салынған. Мәтінді меңгерудің бір әдісі - ол алға ұстанған мұрат-мүддеңнің айқымдылығын нақты құру. Әдіс-әрекетсіз, іс-қимылдың ретінсіз, оның жолының нәтижеге апаратын өлшемінсіз дәрменсіз, тек сөз жүзінде сөйлеу деңгейінен шыға алмайтын категория. Сол себепті әдістің өзі дидактиканың пәлсапалық негізінен туады және өрбиді. Өрбу - іс-қимылға қатысты үрдіс. Өрбу -дамудың шыңы, даму - ширату үрдісі. Міне, бұл әрекеттер - тек ойлау әрекетінің соңғы өнімі. Соңда кез-келген әдіс қисындық ұғымнан тұрып, оны тәжірибеге жету үшін, меңгеруге тиісті нысаналы автордың мұратының денгейінде талдай отырып, қабылдаушы субъектіге жеткізудің іс-қимылының алгоритмін шығарады. Бұл - өзекті мәселе. Осы операцияны данышпан бабаларымыз өздерінің, субъектілерінің шеңберінде талдау, жинақтау, жалпылау, жалқылау, зерттеу, зерделеу, бара-бар ұқсастық белгісін табу, салыстыру, қайшылығын айқындау т.б. әдістердің тиімдісін дидактиканың пәлсапалық негізіне шоғырлаңдыра алған. Бұған дәлел жоғарыда толық берілді деп есептейміз. Бір бәйіттің өзін әр түрлі реңде меңгерген 90-жылдардың аяғы мен 2000 жылдың басында перцептивті әдіспен қабылдау деңгейі екі түрлі сипатта екеніне мән бере талдап өттік.
1.3 в. Бұхар шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
Бұхар жырау шығармашылығының парадигмалық сипаты

Оқыту әдісі дегеніміз - оқушылар мен мұғалімнің білімді меңгеру жолындағы шығармашылык бірлескен тәсілі.

Дидактика оқушының өз ынтасын, ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұсынады. Басқаша айтқанда, әр оқушының ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттырып отыруы үзіліссіз процесс болуы керек.

Әдебиет - оқушылардың ішкі сезімін, эстетикалық талғамын туындылардың жанрларына қарай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қиялдарын дамытуға түрткі болар нысан.

Әдебиетті оқыту әдісін оның құралдарынан ажырата қараймыз. Әдіс тек әрекетпен тікелей байланысты. Ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт.

Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты.

Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістің жекелеген бөлімдерін амал деп айтамыз. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз.

Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізеді деген әдіс-тәсілдерді тандап алуы қарастырылады.

Ізденістің қарқынды (интенсив) амалдары мазмұн ретіне алгоритміне бағынады. 5 - 7-сынып аралығында оқушыларды, біріншіден, кітаппен жұмыс істей білу әдісіне машықтаңдыру әрекеті көзделеді.

Оқу техникасын сақтай отырып, оқығанын қатар түсіну керек.

Ол үшін темеңдегі әрекет әдістері жүргізіледі:

1) тақырыпты анықтау, өз-өзіне сұрақ қою, есеп беру;

2) материалды ынтамен оқу, оны бөлімдерге бөлу, оқығанды жоспарға .түсіру;

3) сұрақтарға жауап беру;

4) өз мысалдарыңды келтіру.

Мәтінмен жұмыс істеу оның мазмұн-құрылымына байланысты.

Көркем әдебиет мазмұны кейіпкерлердің іс-әрекетімен тұтастықта беріледі.

Екінші орында әдебиет қисынынан мағлұмат беру әдісі өткізіледі.

Көрнекілік әдісі. Демонстрация. Схема, таблица, сурет, диапозитив, диафильм.

Байкау әдісі. Оқу мақамы, жазу қарқыны сияқты әдістер 5-7-сыныптарда жиі қолданылады. Себебі оларсыз керкем шығарманың оқиғаларын, кейіпкерлер арасыңдағы қарым-қатынасын, олардың мінездерін көз алдына елестете алмайды. Осындай қабілеттілікті дамыту үшін, нақтылықтан дерексіз ойды тудыру үшін көрнекіліктің жоғарыда аталған түрлері пайдаланылады.

Тәжірибешілік әдіс. Тәжірибешіліктің өтілу барысы пәннің мазмұнына тікелей бағынышты. Мұның өзі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, темендегі талаптарды орыңдау арқылы жүзеге аспақ.

- алдымен оқушыға жаттығу жұмысының мақсатын, орыңдау ережесін алдын-ала ескертуі;

- жаттығудың мақамдарын үнемі өзгертіп отыруы;

- жаттығудың жүйелілігі.

Жаттығу жұмысы әдебиет сабағында мәтіннің тақырыбын, мұратын, мазмұн-қүрылымын, кисынын меңгеруге машықтандырады.

Мақсатты жаттығулар оқушының дағдылары ұшталғанда ғана жүргізіледі.

Жагтығу жұмысының тиімділігі санатты оқушының өз-өзін бақылау әрекеті болғанда жоғары дәрежеге жетеді.

9-сыныпта оқудың мақамы да өзгереді. Оқушылар ауыз әдебиетінің әр түрлі жанрларымен танысып, қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихы бойынша жеке шығармаларды бағамдауға бағыт алады.

Бұхар жырау Қалқаманұлы - әдебиетте бірнеше ғасыр жалғасын тапқан жыраулық дәстүрдің шебері, шешен, өз дәуірінің саяси ахуалына ықпал ете алған тарихи тұлға. Бұхар есімі XVIII ғасырдағы қазақ халқының тағдырындағы шешулі шақта үш жүздің басын біріктіре алған, ел тәуелсіздігінің сақталуына күш салған, қазақ хандарының ішіңдегі даңқтысы Абылай атымен қатар аталынады.

Бұхар өз шығармаларына дәуірінің келелі мәселелерін арқау етеді. Жырау «Қалденменен ұрысып» деп басталатын толғауында Абылай бастаған қазақ батырларының жоңғар әскерлерімен болған ұрысын:

Қалден хаңды қашырып,

Шөп салған жерін бұздырып,

Ұрысты қатты қыздырып, ...

деп бейнелеген. «Мұнда 1726 жылы Бұланты өзені бойыңда жонғарларға берілген алғашқы соққы суреттелген», - дейді Ә. Қоңыратбаев. Толғау жыраудың өзі куә болған Абылай ханның ерлік істерін жырға қосқан.

Бұхар жыраудың ақылдылығы мен көріпкел, сәуегейлігі туралы сан алуан аңыз-әңгімелер бар. Бұл жөнінде М.Ж. Көпеев: «Заманындағы сыншылар ол кісіні «көмекей әулие» дейді екен. Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді де отырады екен. Қара сөз жоқ, аузынан шыққан сөзінің бәрі жырлаумен шығады екен», - деп жазады.

Бұхар шығармаларын ел аузынан жинап, қағазға түсіріп, ұрпақ жадына қалдырған Мәшһүр Жүсіп Көпеев болатын. Кейін Қазақстанның әр тарапынан әлденеше адамдардың «Бұхардың айтқан сөздері» деп айтып, жазып тапсырғандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының қолжазба қорында кездеседі.

Бұхар мұрасы - жыраулар әдебиетіндегі тақырыптық жағынан бай, мазмұны терең, құрылысы күрделі туындылар. Үздік шығармаларының бірі – «Бірінші тілек тілеңіз» толғауында жырау адам өмірінің мәнін, әр адамның өзіне тілейтін жақсылықтарын ел тыныштығымен байланыстырып, тілек-баталардың ең алдыңда бейбітшілікті қояды. Сонымен қатар халықтың тұрмыс-тіршілігі де көрініс береді, аласапыран заман, берекесі кеткен ел, күнде «жау келділеп» тұрған мазасыздық кезең, адамның мінез-құлқы, әдет-ғұрып, дәстүрі де суреттеледі.

Бұхар, сөз жоқ, діншіл. Оның он бір тілегінің ең біріншісі - Құдай каламайтын іске аяқ баспау:

«Бірінші тілек тілеңіз,

Бір Аллаға жазбасқа!»

Бұхардың діншілдігі жай тақуалық емес. Ол «Құдайдың бір, пайғамбардың хақ» екендігіне шын көңілімен сенген жан. Алайда Бұхардың дінге қатысты өлеңдерінде фәнидің баянсыздығы, бақидың рахаты жайыңда ештеңе ұшырата алмаймыз. Соған карағанда, мемлекет қайраткері Бұхар діннің құрал ретінде, таза пайдалылық жағынан ғана қараған сияқты.

«Тілек» өлеңі бүгінгі биоинформация ілімімен сәйкес келеді. Бұрынғы бабаларымыз өздерінің бақытын микрокосмостан тілеу арқылы құра білген:

1. Бір Аллаға жазбасқа.

2. Тіліне еріп азбасқа.

3. Үшкілсіз көйлек кимеске (Ақіреттік киім).

4. Төрде төсек тартып жатпасқа.

5. Бес уақытта бес намаз, біреуі қаза қалмасқа.

6. Ардақтаған аяулың Тегіннен тегін олжа болмасқа.

7. Желкілдеген ту келіп, Сонан сасып тұрмасқа.

8. Жертұлданып тұрмасқа.

9. Төреңіз тақтан таймасқа, Тоқсандағы қарт бабаң Топқа жаяу бармасқа.

10. Анаң бір аңырап қалмасқа.

11. Ардақтап жүрген бикешің Жылай да жесір қалмасқа. Жаттығу жұмысы.

Аталған кілтті тармақтардың алдыңғы сыңарларын ойлап көріңдер. «Ай не болар күннен соң» өлеңі толғауға жатады. Толғаудың жырдан ерекшелігі - пәлсапалық ой өрнегі.

Бұл толғаудың түйіні:

«бәйшешек - қурай,

қамқа тон - шүберек,

кең сарай - мортық,

қарт бабаң - жаңылар,

бикешің - тіркеусіз о да қайтар,

арба-жүре алмас,

Құбылыстағы сары атан-қом жасамас ...»

Қарама-қайшылықты сурет. Антитеза. Окушылардың жоғары деңгейіне толғаудың қалған жолдарын ойлау тапсырмасы беріледі. Орта деңгейіне кітапты пайдалану, ал өте төмен деңгейге жаттату тапсырмасы беріледі.

Бұхар жыраудың оқушыларды даму өрісіне бағдарлайтын «Қорғанды шаһар қаласын» атты толғауыңдағы мына бір жолдар:

Ауылда адам бар болса,

Ауыл ала болмайды.

Ел иесі құт болса,

Халқы ала болмайды.

20 жасыңыз - бұлақтай,

30 жасыңыз - лақтай,

40 жасыңыз - құр аттай,

50 жасыңыз - ел екен.

60 жасыңыз - қайғылы күн екен.

80 жасыңыз - тұман түн екен.

90 жасыңыз - олжадан басқа жоқ екен.

Қалып қойған сөздерді ойлап табыңдар? Қандай сөздер қайталанады? (Фигура)

«Қайғылы - мұңлы күн», «Тұман», «Түн», «Ел» деген сөздер неге жатады? Абылай жырының түйіні, жыраудың соқталы тұлғалығын айқыңдайтын көрінісі:

«Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма,

Орыспенен соғысып,

Басына мұнша көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба.

Күніне меңдей жырлайтын

Тоқсан үште қария

Енді де саған табылмас ...»

Бұл тармақтардан етістіктің бұйрық райы Бұхардың Абылайға өктем сөйлейтінін, аз халқының орыс баскерлерінен қырылып қалмау жағдайын ойлайтын тереңдігін дәлелдейді. Осы көрініс - Бұхар атамыздың жыраулардың ішіндегі шоқтығы биіктігін дәлелдерлік құбылыс.

Бұхар жыраудың айтуға тыйым салынып келген бір қыры-орыс отаршылдығына қарсы қажырлы күресі дер едік. Ол шұрайлы қоныс, шүйгіңді жерлерді біртіндеп басып алып, сол мекеңдерге бекіністер сала бастаған отаршылдардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырды, тіпті сол кіңдік кесіп, кір жуған ата қонысты тастап, бұрынғы Асан Қайғы айтқан Жиделібайсынға қоныс аудару қажет деп тапты. Жырау туған халқының сол тұстағы ауыр халін былайша сипаттайды:

Шүршітпенен құлақтас ...

Ортасында ұйлығып,

Кетпейін десе жері тар,

Кетейін десе алды-артын

Қоршап алған кәпір бар.

Ұйлыққан қойдай қамалып,

Бүйірінен шаншу қадалып,

Сорлы қазақ қалды, ...

Бұхардың көрегендігі мен кемеңгерлігі, алдын болжағыш білгірлігі оның әйгілі «Ханға жауап айтпасам» деген толғауынан анық аңғарылады. Мұңда ол Асан Қайғының «Қилы-қилы заман болар, Қарағай басын шортан шалар» деген жұмбақ сөзінің мәнін ашуға байланысты болашақ орыс боданындағы жұрттың, әсіресе, жастардың жай-күйі қаңдай болады деген күрделі мәселені жан-жақты қамтып суреттейді. Жырау алдағы сол заманды бейнелегенде адамның рухани күйреп азып-тозатынын, аяусыз қырылып, зобалаңға ұшырайтынын тап басып сипаттайды.

Кеңестік дәуірде Бұхар жыраудың бағдарлама ауқымында, оқу нысанында қалуының себебі жырларының астарлы мағынасын түсінбеушілік еді.

Қазіргі, өз тәуелсіздігімізді алып, әдебиетімізді жаңа қырынан тани бастаған заманымызда оқушыларға қазақ халқының ұлы тұлғаларының шығармаларын жүректеріне ұялата білу, ұстаздардың ең басты мәселесінің бірі деп санаймын. Қазақ балаларын тек өз ана тілінде сусындатып, әдебиетімізден нәр алдырсақ, бұл әдебиетіміздің болашағы үшін ғана емес, сонымен қатар қазақ елінің болашағы, тірегі үшін де керек қажеттілік.

Парадигма - шығарманың маңызына жаңа пәлсапалық көзқарас. Олай болса, Бұхар жырау шығармашылығындағы ізгілік пішіні барлық арнаға қызмет көрсетіп, өміршеңдігін жоймайды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту iconЕ. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку
Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы
Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту icon7 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары 1 Қазақстанда ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ қызметінің басты мақсаты елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыруға, соның ішінде жоғары технологиялық...
Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту iconОқушы қабілеті дегеніміз
Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте...
Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту iconПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені «Ағылшын тілі»
Бүл бағдарлама жоғары оқу орнымен қатар, мектепте оқытылатын шет ел курсы мен жоғары оқу
Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту icon«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы
«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің...
Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту iconОрта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар
Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікті өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады....
Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту iconТлебалдина Нұргүл Қазанбаевна Жүсіпбек Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері

Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту iconЛекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Семинар сабағы: 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы” пәні бойынша 050102- “Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі”мамандықтарының...
Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
«Білім берудегі акт» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту...
Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница