«Тарихи география» пәні бойынша




Название«Тарихи география» пәні бойынша
страница10/27
Дата конвертации21.11.2012
Размер1.67 Mb.
ТипДокументы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

Лекцияның тақырыбы. Тарихи география және дүние жүзі елдерін топтастыру және типке бөлу


(1 сағат)

Жоспар:

    1. Дамушы елдер тобы.

    2. Дамыған елдер тобы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.

2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.

3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.

4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.

5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.

Қосымша:

6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973

7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж

Лекцияның мәтіні.
Дамушы елдер топтарына берілген саяси – экономикалық анықтамалықтардың мінездемелерінде – социалистік бағыттағы елдер туралы сипаттама ескерілмегенмен, жалпы салыстырмалы түрде 1970- 80 жж. олардың саны дүние жүзі бойынша 20- дан астам болатын (негізінен олар – Азия мен Африка елдері). Қазір бұл елдердің көпшілігі социалистік бағыттың болашағының жоқ екенінен, әрі өздерінің саяси - әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлар келіспеушілігінен, социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық экономикасының құлдырауынан, азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік агрессияның өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі, т.б. елдерден берілетін қаржы – экономикалық және басқадай көмектің (әскери, техникалық т.б.) қысқартылуынан, көптеген осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер әлемнің саяси картасында іс жүзінде жоққа тән.

Кейбір көрсеткіштері жағынан ірі дамушы елдер - Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндістан дамыған елдер деңгейіне шамамен жақындайын деп қалды. Ал, 1970- 80 жж. бастап Азияның жаңа индустриялы елдері – Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Сянганның ( Гонконг) экономикалары өте қарқынды өркендеді. Соңғы жылдары Малайзия мен Таиланд елдері де тез қарқынмен даму үстінде. Осы мәселелерден, жалпы саяси – идеологиялық және әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес үйлестіріліп алынған дүние жүзі елдерінің жіктелу типологиясы шартты түрде екендігі көрініп – ақ тұр.

Мемлекеттерді әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарап, олардың тұрғындарының материалдық және әлеуметтік қажеттерінің қанағаттандырылу дәрежесі бойынша саралау барынша ден қоюға лайық. Мемлекеттердің белгілі бір саралау тобына жататынын анықтайтын сенімді көрсеткіштер мұндайда азық – түлік өнімдері мен ең қажетті өнеркәсіп тауарларының жан басына шаққанда орта есеппен қанша өндірілетіні, тұрғындардың қолайлы тұрғын үймен және көлік қызметімен қаншалық қамтамасыз етілгендігі, медицина қызметінің сапасы, азаматтардың білім деңгейі және т.б. бола алады.

Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі дүние жүзі елдерінің арасында әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің көп ұқсастығы тән көптеген мелекеттер топтарын көруге болады. Көбінесе мелекеттердің дамыған және дамушы деген екі түрін ғана саралайды.

Дамыған мемлекеттер қатарында ең алдымен мына мемлекеттерді атау керек: АҚШ, Канада, Батыс Еуропа елдері, Жапония, Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Израиль. Бұл елдерге нарықтық қатынастар дамуының кемел деңгейі тән, атап айтқанда монополиялар мен мемлекеттің күшін біртұтас механизм етіп біріктірген мемлекеттік – монополистік капитализм кемел дамыған. Дүниежүзілік саясат пен экономикадағы рөліне қарай бұл елдерді екі топқа бөлуге болады.

Олардың бірінші тобы басты басты елдер жетілігін құрайды:АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада. Олардың көшбасшы болып отырған себебі аумағы мен халқының саны көптігінен емес, дүниежүзілік саясат пен экономикада үлкен рөл атқаратынынан, еңбек өнімділігі жоғары болуынан, ғылым мен техниканы дамытудағы талассыз табыстарынан. Егер тарихқа “ үңілсек”, өнеркәсібі дамыған басты – басты елдердің көпшілігі таяуда өткен уақытта ірі – ірі отарлық империялардың иелері болғаны, олардың талай пайда тауып келгені анықталады.

Бұл сектордың қалған елдері екінші топтағы құрайды. Бұл мемлекеттер ( Австрия, Бельгия, Дания, Нидерланды, Швеция және т.б.) көбіне “ үлкен жетілік “ елдерінің экономикалық және саяси қарым – қатынастарында байланыстырушы буын ретінде көрінеді. Сонымен қатар бұл топтағы кейбір елдер дүниежүзілік сауда мен саясатта әжептеуір елеулі шептерге ие.

Дүние жүзінің дамыған елдерінің арасында жаңа индустриялық елдер деп аталатын, осы таяу кезде – ақ дамушы елдерге тән экономикасы болған елдердің алатын орты айрықша ( Сингапур, Корея Республикасы, Аргентина, Бразилия және т.б. ). Оларға тән ерекшелік - жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім деңгейі біршама биік, еңбектің индустриялық түрлері дамыған, экономикасының салалық құрылымы біршама өркендеген, өңдеуші өнеркәсіп бұйымдарын экспортқа шығарады, жұмыс күші арзан. Оларда нарықтық қатынастар дамушы елдердегіге қарағанда неғұрлым толысқан деңгейде.

Бұрынғы КСРО республикалары мен Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігін де әдетте дамыған елдер қатарында атайды. Алайда ғылыми – техникалық прогрестің қарқыны мен экономиканың тиімділігі жөнінен артта қалғандығының байқалуы бұл елдер халқының тұрмыс дәрежесі құлдыратты, сөйтіп соңғы жылдары олардың дамыған елдер деген дәрежелерін едәуір төмендетіп жіберді. Тек батыл реформалар ғана бұл елдерді әлеуметтік – экономикалық өрлеуге жеткізуі мүмкін.

Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттердің саны ең көп түрі – дамушы елдер. Бұлар негізінен Азиядағы , Африкадағы, Латын Америкасы мен Мұхит аралдарындағы бұрынғы отарлар. Оларға тән ортақ белгілер бұрын отар болғаны және соған байланысты кедейлігі ғана емес. Сонымен қатар саяси дербестік пен экономикалық тәуелділік арасындағы кереғар қайшылық, шаруашылықтың капитализмге дейінгі түрлерінің сақталуы, экономикасының аграрлық – шикізаттық және минералдық – шикізаттық сипаты, дамыған индустриялы елдерге берешек орасан көп борш ( 1 трлн. доллардан астам) және басқа ортақ белгілер тән.

Дамушы елдер - өтпелі түрдегі мемлекеттер; олардағы қоғамдық – экономикалық қатынастар интенсивті трансформация сатысында. Осыған байланысты олар үшін саяси және әлеуметтік – экономикалық дамудың болашақтағы жолын дұрыс таңдау проблемасы ерекше маңызды.

Сонымен, қазіргі заманғы дүние жүзінің көптеген елдерінің ерекшеліктерін жете білу үшін олардың қай түрге жататынын білген жөн. Елдердің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша саралануы неғұрлым маңызды болмақ.

10-лекция.

Лекцияның тақырыбы. Тарихи география және мемлекеттердің саяси-географиялық (геосаяси)
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

Похожие:

«Тарихи география» пәні бойынша icon«Рекреациялық география» пәні бойынша
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
«Тарихи география» пәні бойынша iconФ со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту...
«Тарихи география» пәні бойынша iconБАҒдарламасы «философия» пәні бойынша
Философияның мәдени-тарихи алғышартары. Философияның негізгі кезеңдері мен басты бағыттары
«Тарихи география» пәні бойынша iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау” пәні бойынша “050114” – “Тарих” мамандығының 4- курс студенттерінің білімін бақылауға
«Тарихи география» пәні бойынша iconГеография бойынша шпаргалкалары География ғылымы зерттейді. В жердің табиғатын, халқын, оның шаруашылығын. «География»
А жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде кішірейтілгенін көрсететін шама
«Тарихи география» пәні бойынша iconСтуденттерге арналған пән бағдарламасы Нысан
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
«Тарихи география» пәні бойынша iconСтуденттерге арналған пән бағдарламасы Нысан
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
«Тарихи география» пәні бойынша iconЛекция: 34 сдж: 22 Практикалық (семинар) сабақтар: 34 Құрастырған: ассистент Зоржанова А. А. Жетісай-2005 ж
Геология және палеография ” пәні бойынша 050116 География мамандығының студенттері үшін әзірленген
«Тарихи география» пәні бойынша iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Метеорология және климатология” пәні бойынша 050116-«География» мамандығының студенттерінің білімін бақылауға арналған
«Тарихи география» пәні бойынша iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тмд-ы елдерінің экономикалық және әлеуметтік георафиясы» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының студенттерінің білімін бақылауға...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница