Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы




Скачать 124.86 Kb.
НазваниеПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Дата конвертации28.03.2013
Размер124.86 Kb.
ТипДокументы


Ф КГМА 4/3-07/02

ПП КГМА 4/02



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы


Тақырыбы: Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микроскопиялық әдіс. Жұғынды дайындау және оны микроскоптан қарау техникасы. Қарапайым және күрделі бояу

әдістері: Грам, Гисс, Бурри, Нейссер, Ожешко.
Микробиология пәні
051101 «Мейірбике ісі»

Курс II
Құрастырғандар: доц.м.а, Ахметова С.Б.

оқытушылар: Котенева Е.Н.,Қабдуова Ә.Қ.



Қарағанды 2009 ж




Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

«24» 03. 2009 ж. № 9 Хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. ________________ Ахметова С.Б.
Тақырыбы: Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микроскопиялық әдіс. Жұғынды дайындау және оны микроскоптан қарау техникасы. Қарапайым және күрделі бояу

әдістері: Грам, Гисс, Бурри, Нейссер, Ожешко.

Мақсаты: Жұғын-препаратты дайындау техникасы, оларды бояу және микроскопиялау базалық рутинді әдістемені жүргізу үшін қажет.Күрделі бояу әдісін игеру, құрылымдары-ның жеке химиялық құрамын және құрылысын анықтау үшін керек.

Сабақ мақсаты:

Студент білуге тиіс:

-Бактериологиялық зертхана құрылысын және онда жұмыс істеу ережелерін

-Микроскоп құрылысын және микроскопия әдістерін

-Жасуша компоненттерінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтау.

Студент істей алуға тиіс:

- Жұғын-препарат дайындап, қарапайым бояу әдісімен бояу

- Құрылымын анықтау үшін жұғын препаратты күрделі әдіспен бояу

-Препарат микроскописяын иммерсионды жүйені пайдалана отырып, микроскопиялық суретін сипаттау.
Лабораторлық жұмысты орындау түрі

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Жұғын-препарат дайындау (сұйық және тығыз қоректік ортада)

2.Жұғынды қарапайым бояу әдісімен бояу

3.Жұғынды күрделі бояу әдісімен бояу

4.Жұғын-препаратты микроскопиялау

5. Хаттама толтыру
Тарату материалы
Қарапайым бояу әдістері: Қарапайым бояу әдісінде тек бір ғана бояу - сулы фуксин (1-2 мин) немесе метилен көгін (3-5 мин) қолданамыз.
Күрделі бояу әдістері әртүрлі химиялық құрамы бар бірнеше бояулармен бояу қатарын қолдану, яғни нәтижесінде бактериялық клетканың құрылымдарын ажыратуға болады.
Грам әдісімен бояу

Бояу этаптары.

Жұғын-препаратты генцианвиолетпен бояу (2 мин, фильтр қағазы арқылы);

Бояу фильтр қағазын алып тастау, қалған бояуды төгу;

Жұғын-препаратты Люголь ертіндімен бояу (1 мин);

Люголь ертіндісін төгіп тастау және 96% спирттің бірнеше тамшысын тамызу (30-40 сек, шыныны сәл қозғау);

Спиртті сумен жақсылап шайып тастау;

Сулы фуксинмен бояу (2 мин);

Сумен жақсылап шайып тастау, фильтр қағазымен құрғату;

Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйе көмегімен микроскоптан қарау.

Барлық бактериялар Грам әдісімен боялуы бойынша бөлінеді: грам оң сия көкфиолет түсте және грам теріс – қызыл түсте. Осылай боялу қабілеті бактерияның химиялық құрамына байланысты.Грам оңды бактериялар клетка қабырғасында ароматты және күкіртті аминқыш-қылдары жоқ, липидтер аз, ал грам теріс бактерияларда, керісінше, аталған заттар көп мөл-шерде кездеседі. Сонымен қатар, грам оңды бактерияларда рибонуклеин қышқылының магний тұздары бар, олар грам теріс бактерияларда жоқ. Осы заттар генцианвиолет, йодпен және белоктармен бірге тұрақты химиялық комплекс құрайды, спиртпен түссіздендіргенде жойылмайды. Грам теріс бактерияларда бұндай комплекс құралмағандықтан, спиртпен жыл-дам түссізденеді. Бірақ спиртпен өндеу уақытын шектеу қажет, берілмен уақыттан көп түс-сізденсе комплекс бұзылуы мүмкін. Сондықтан келесі сулы фуксин бояу түсін қабылдайды. Ал егер берілген уақыттан аз спиртпен түссіздендірілген болса грам теріс бактерияларды ажырату қиынға соғады.
Волютин қосындыларын бояу

Волютин — бұл нуклеин қышқылының туындысы – сақталудағы қоректі зат. Қоректі зат ретіндегі майлар, гликоген және волютин маңызды роль алады. Осы қосындыларды микроскопияда ажыратып алғашқы болжамды диагноз қоюға болады, мысалы, дифтерия ауруында. Волютин дәндерін айқын Нейссер әдісімен бояғанда көруге болады.

Бояу этаптары:

1.Жұғын-препаратты Нейссердің сіркесу қышқылды сия көгімен бояу (2-3 мин);

2.Сумен шайып тастау;

3.Люголь ертіндісімен бояу (30 сек);

4.Бояуды төгіп тастау және везувинмен бояу (1 мин);

5.Жұғын-препаратты жақсылап шайып фильтр қағазымен кептіру.

6.Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйемен микроскоптан қарап, талдау

Клетка цитоплазмасы қышқыл реакцияда болғандықтан сілтілі везувин бояуын қабылдайды және сары түске боялады. Волютин дәндері цинк ацетатын тығыз байланыстырғандықтан — қоныр-сия көк түсте, тіпте қара болады.
Романовский-Гимзе бойынша бояу

Күрделі бояу әдісіне жатады және мүшелерден алынған жұғын-препараттарды және қан препараттарын бояуға қолданады, сұйық фиксаторда бекіген соң. Бактериялық клетканың ядролық элементтерін және волютин дәндерін анықтау үшін қолдануға болады. Бояу үшін 1 мл суға бір тамшы алынады, рН - 7,2.

Бояу этаптары:

1.Петри ыдысына жұғын-препаратты төмен қаратын салу керек, және препарат шыныға жабыспау үшін астына зат қою керек;

2.Шетінен бастап бояуды құу керек, көпіршік шықпау керек (1-24 мин);

3.Сумен шайып тастау (рН 7,2) және фильтр қағазымен кептіру.

Жас клеткалардың протоплазмасы сия көк-фиолет түске боялады, ядролық элементтері -қызыл-фиолет түс алады. Енді аз уақыт қышқылмен өндегенде бояуды қабылдаған микробтық клеткалар түссізденбейді. Осылай қышқылға тұрақты бактерияларды тұрақсыз бактериялардан ажыратуға болады. Қышқылға тұрақты бактерияларды қосымша Циль-Нельсен әдісімен бояу қажет.

Ожешко әдісімен спораларды бояу


Бояу этаптары:

1.Фиксацияланбаған жұғын-препаратқа 0,5% хлор қышқылы тамшысын тамызады да оттың үстінде бу шыққанға дейін қыздырады (2- 3 мин);

2.Қышқылды құйып тастап, сумен шайып тастау керек, кептіреді;

3.Оттың үстінде фиксациялайды;

4.Циль-Нельсен әдісімен бояу (споралар – қызыл түсте, ал вегетативті формалары – сия көк түсте). Толық жетілген спора бояуды өте қиын қабылдайды, себебі қабықшасы еш нәрсе өткізбейді. Грам әдісімен бояғанда спора түзеуші дақыл бояуды тек микробтық клетканың вегетативтік бөлігі боялады, ал спора түссіз. Оның қабығының өткізгіштігі ыстық тұз қышқылымен өңдегеннен кейін немесе қыздырумен жүретін бояудың концентрирленген ерітіндісін қолданған кезде бірден жоғарылайды. Бояуды қабылдаған спора қышқылмен қайта өңдеу барысында, вегетативті клеткалар бірден бояуын жоғалтқан кезде түссізденбейді.

Спораларды бояу

Бактериялардың кейбір түрлері клетка ішілік (эндогенді) споралар түзеді. Вегетативті клеткалардан ерекшелігі оларда бос судың мөлшері аз болады, сонымен бірге липидтер мен кальцидің құрамы жоғары болады.

Бактерияларда капсуланы анықтау



Кейбір микробтарда өзінің денесінің беткейінде клеткалық қабырғасының айналасында көлемді шырышты қабатты өндіретін қасиеті бар, оны капсула деп атайды. Капсуланың құрамына ең бастысы полисахсридтер (пневмококк) кіреді, бірақ кейбіреулерінің құрамында полипептидтер болады (сібір язвалы таяқша). Капсулалардың консистенциясы гель тәрізді, соған байланысты тірі бактериялардың микроскопиясы кезінде олар нашар көрінеді. Оларды анықтау үшін негативті бояуды қолданады. Барлық айтылған әдістер позитивтіге жатады, өйткені оларды қолданған кезде микробты клеткалар боялады. Негативті әдістерде бояғыш бактерия айналасындағы кеңістікті толтырады, нәтижесінде олар қара фонда ашық бөлшектер болып көрінеді.
Бурри-Гинс әдісі бойынша капсуланы анықтау

Тәсілі:

Шыны затына аздаған капсулалық дақылды және ерітілген (1:9)

туштың тамшысын араластыру; жұқа жұғын дайындау;Ауада кептіру және бактерио-скопирлеу. Қара фонда түссіз капсулалар жақсы көрінеді.Бурри-Гинс бойынша модификациялауға конгорот бояуымен фонды құру, 5% тұз қышқылы ерітіндісінде бекіту және сулы фуксинмен қосымша бояу жатады.Нәтижесінде – жалпы фон- қара түсті, капсулалар- түссіз, бактерия денесі-қызыл.

Хаттама толтыру кесте үлгісі:

Хаттама №___ Күні:____________

Тақырыбы: ____________________________________________________

Зерттеу материалы: (тексерілетін материалды көрсету, қолданатын бактерия дақылы және т.б.).

Зерттеу жолы: (этаптары бойынша көрсету, зерттеу этаптарын альбомға түсіру)

Қорытынды нәтижесі: (микроскоптан қараған суретті салу, иммунологиялық реакцияларды, бөліп алынған дақылдың биологиялық қасиеттерін көрстеу, сурет салу).

Қорытынды
Әдебиеттер

1.Жалпы микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасы-ның профессорлары Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы. 2006. – 176 б.

2.Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

3.Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 1184 С.

4.Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 1998. – С.159-176.

5.Борисов Л.Б., Смирнова Л.Н. Микробиология // М: Медицина, 1996, уч.пособие., 192с.

6.Поздеев О.К. Медицинская микробиология: Учеб.для вузов /О.К.Поздеев; под ред. В.И. Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004.-768 с

7.Лабинская А.С. Микробиология с техникой микробиологических методов исследования // М: Медицина, 1968, 466с.

8.Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования / под. ред. М.О.Биргера // М: Медицина, 1973., 456с.

9.Красильников А.П., Романовская Т.Р. Микробиологический словарь –справочник // Минск: Асар, 1999. – 399с.

10.Стейнер Р., Эдельберг Э., Ингрэм Дж. Мир микробов // М: Мир. - 1979, Т.1. - 317с.

Определитель бактерии по Берджи (в 2-х томах)// М: Мир, 1997.
Бақылау

Сұрақтар:
1. Бактериялардың торша қабырғасының ерекшеліктері. Грам әдісі бойынша бояу этаптары мен механизмдері.

2. Капсула, оның ерекшеліктері. Бурри-Гинс әдісі бойынша бояу.

3. Спора және спора түзу. Спораларды Ожешко әдісі бойынша анықтау. Нейссер әдісі бойынша волютин дәндерін анықтау.

4.Жұғын-препаратты дайындау техникасы. Жұғынды бекіту,тағайындалуы, бекіту тәсілі.
Тест тапсырмалары:

1. Биологияда негізгі таксономиялық бірлікті табыңыз:

А) түр

В) туыстастық

С) тұқымдастық

D) қатар

Е) класс

2. Бактериялар қай патшалыққа кіреді:

А) Eucariotae

В) Vira

С) Enterobacteriaceae

D) Procariotae

Е) Nocardia

3. Прокариот клеткасы эукариот клеткасынан айырмашылығы:

А) рибосомасы жоқ

В) клетка ішілік мембранасы жоқ

С) плазматикалық ішілік қосындылары жоқ

D) ЦПМ жоқ

Е) клетка қабырғасы жоқ

4. Procaryotae патшалығына кіреді:

А) микоплазма

В) қарапайымдылар

С) ДНК-геномды вирустар

D) микроскопиялық саңырауқұлақтар

Е) РНК-геномды вирустар

5. Бір-біреуден клеткалар (0,2-10,0 мкм) немесе шоғырлануы, организмдік емес, клеткалық қасиеті бар. Генофоры цитоплазмадан ядролық мембранамен бөлінбеген. Қоректік заттарды молекулалық түрінде сіңіріледі. Тыныс алуы цитоплазматикалық мембранамен байланысты. Клетка ригидті клетка қабырғасымен қапталған. Ненің сипаттамасы берілген:

А) өсімдіктер

В) жануарлар

С) бактериялар

D) саңырауқұлақтар

Е) қарапайымдылар

6. Микросокпияда иммерсиялық жүйені қолдану мақсаты:

А) микросокптың көру қабілетін күшейтеді

В) сәулелер қисындауын төмендетеді

С) иммерсиялық майдың сәуле өткізу коэффициенті шыныдан сәуле өту коэффициентіне тен

D) иммерсиялық майдың сәуле өткізу коэффициенті ауадан сәуле өту коэффициентіне тен

Е) иммерсиялық майдың сәуле өткізу коэффициенті 1,52 тен

7. Прокариоттардың белгілері:

А) рибосомалар цитоплазмада кездеседі

В) митохондриі бар

С) 1 хромосома

D) зигота және гаметасы бар

Е) бір сызықты хромосома

8. Эукариоттардың белгілері:

А) митохондриі бар

В) 1 хромосома

С) гамета және зиготасы бар

D) бір сызықты хромосома

Е) сақиналы хромосома

9. Сәулелі микроскоптың көру қабілетін есептеу үшін білу қажет:

А) препарат пен фронтальды линза арасында ортаның қисаю көрсеткіші

В) препарат ортасынан түсетін сәуле мен объективтің оптикалық өсі арасындағы бұрыш

С) сәуле толқындарының ұзындығы

D) дұрыс жауап жоқ

Е) барлық варианттар дұрыс

10. Сәулелі микросокптың көру қабілеті:

А) 0,02 мкм

В) 0,2 мкм

С) 20 нм

D) 2 мкм

Е) 0,2 мм

11.Торша қабырғасын анықтау әдісі:

а) Грам

в) Циль-Нильсен

с) Бурри-Гинс

д) Ожешки

е) Романовский-Гимзе

12. Спораны анықтау әдісі:

а) Грам

в) Циль-Нильсен

с) Ожешки

д) Бурри-Гинс

е) Романовский-Гимзе

13. Капсуланы анықтайтын әдіс:

а) Грам

в) Циль-Нильсен

с) Ожешки

д) Бурри-Гинс

е) Романовский-Гимзе

14.Нуклеоидті анықтайтын әдіс:

а) Грам

в) Циль-Нильсен

с) Ожешки

д) Бурри-Гинс

е) Романовский-Гимзе

15.Грам теріс диплококктарды көрсетіңіз:

а) пневмококк

в) стафилококк

с) менингококк

д) тетракокк

е) стрептококк

Жауаптар кілттері: 1-А, 2-D, 3-В, 4-А, 5-С, 6-А,С,Е; 7-А,С; 8-А,С,D; 9-Е, 10-В,11-А, 12-С, 13-Д,14-Е,15-С
Жағдайлық есептер

1.Студент жұғын-препаратты дайындау алдында заттық шыныға дистиллденген су тамшысын тамызып, оған тәуліктік дақылдық агарды салды, кептіріп, жұғынды сулы фуксинмен бояды. Микроскоптан көрген кезде бактериялар табылған жоқ.Себебін көрсетіңіз.

2.Студент жұғын-препаратты дайындау алдында заттық шыныға дистиллденген су тамшысын тамызып, оған тәуліктік дақылдық агарды салды, кептіріп,оттықта бекітті. Микроскоптан көрген кезде бактериялар табылған жоқ.Себебін көрсетіңіз.

3.Студент жұғын-препаратты дайындау алдында заттық шыныға дистиллденген су тамшысын тамызып, оған тәуліктік дақылдық агарды салды, кептіріп, бекітіп,қарапайым әдіспен бояды. Микроскоптан көрген кезде бактериялар табылған жоқ.Себебін көрсетіңіз.


Похожие:

Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Вакциналар. Жіктелуі, дайындау жолдары, әсер ету механизмдері. Иммундық сарысулар
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Коллоквиумды өткізу түрі – тәжірибелік дағдыларды бағалау, тесттер, ауызша сұрау, жағдайлық есептер
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Коллоквиумды өткізу түрі – тәжірибелік дағдыларды бағалау, тесттер, ауызша сұрау, жағдайлық есептер
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Дезинфекция, стерилизация, асептика, антисептиканың микробиологиялық негіздері. Дезинфекция және стерилизация әффективтілігін...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Бруцеллез, сібір түйнемесі, оба, туляремияның микробиологиялық диагностикасы. Бөртпелі және қайталама сүзектер, мерез,...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Іріңді-қабыну ауруларының микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу кезеңдері. Патогенді және шартты-патогенді кокктар. Көкіріңді...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: жрви вирусологиялық зерттеу әдістері. Аденовирусты инфекция. Вирустық гепатиттер. Құтыру, герпесвирусты инфекциялардың...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Реаниматологиямен лор, көз аурулар кафедрасының мәжiлiсiнде талқыланған және бекітілген
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы: сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстары, олардың түрлері және механизмдері
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Мақсаты: Асқазан-ішек трактысының секреторлық, моторлық және сіңіргіш қызметтерінің типтік бұзылыстарын игеру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница