Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы




Скачать 230.86 Kb.
НазваниеАқтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы
Дата конвертации29.03.2013
Размер230.86 Kb.
ТипДокументы


Ақтөбе қалаcы әкімдігінің

2010 жылдың 28 қазандағы №3027

қаулысымен мақұлданды


Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2011-2015 жылдарға арналған болжамы

2010 жыл

КІРІСПЕ
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 – 2015 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі – Болжам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, тенденциялары мен басымдықтарын, әлеуметтік өлшемдерінің болжамдарын, нақты сектордың негізгі көрсеткіштерінің болжамын, 2011 – 2013 жылдарға арналған жергілікті бюджеттердің болжамдарын құрайды.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы - жергілікті атқарушы органдардың бесжылдық кезеңіне арналған Стратегиялық жоспарларын және үш жылға арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу үшін негіз болып табылады.

2011-2015 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалалық бөлімдердің қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жасады.

2009 ЖЫЛҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Экономикалық өсім

2009 жылы қаланың әлеуметтік –экономикалық негізгі бағыты ҚР Президентінің «Дағдарыстан — жаңару мен дамуға» Жолдауымен берілді, онда Елбасы негізгі басымдықтарды белгіледі: бюджеттік қаражаттарды қатаң үнемдеу, халықты жұмыспен қамту, қаржы саласында тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әрі қарай әртараптандыру, дағдарыстан кейінгі жоспарды әзірлеу.

Сондықтан, жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті дағдарыс салдарын азайту, оның тұрғындарға әсерін төмендету, әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.

Жалпы, қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар, соңғы жылдары экономиканы жаңғырту және әртараптандыру процесінде құрылған жаңа өндірістер мен жұмыс орындары, тұрғындардың тұрақты әлеуметтік өмір сүру деңгейі 2009 жылы қаланың ғаламдық қаржылық дағдарыстың әсеріне қарсы тұруына ықпалын тигізуде.

«Жол картасын» жүзеге асыру арқылы жұмыссыздықтың өсуін болдырмай, сонымен қатар оның деңгейінің біршама төмендеуіне қол жеткізілді.

Тұрғын үй-коммуналдық сала жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын қаржыландыруды ұлғайту олардың қызметін жақсартуға, жалпы өндірістік қызмет көрсету саласында құлдыраудың алдын алуға ықпалын тигізді.

2009 жылы қаланың экономикалық даму өлшемдері негізгі индикаторлардың елеулі өсуімен сипатталады.

Өнеркәсіптің нақты көлем индексі 100,5 %, ауыл шаруашылығы -104,6% құрады. Негізгі капиталдағы инвестициялар 1,0% өсті. Жергілікті бюджет кірістерінің болжамы 101,3% орындалды.

Номиналды орташа айлық еңбек ақы 4,6%-ға, жан басына орташа ақшалай кіріс 7,5%-ға көбейді.

Демографиялық көрсеткіштер оң серпінге ие, туудың өсуі және өлім деңгейінің төмендеуі белгіленді.

Жалпы, дағдарысқа қарсы саясаттың тиімді жүргізілуі дағдарыстан кейінгі қала экономикасының дамуы үшін қолайлы алғы шарттарды құрайды.
Инфляциялық процестер

Инфляциялық процестерді ұстап тұру бойынша жұмыстардың негізгі бағыты ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларының түрлерімен қамтамасыз ету, өнім өндіру бойынша жеке қуаттарымызды дамыту болды.

Қабылданған жүйелі шаралар нәтижесінде 2009 жылдың тұтыну бағалары индексі 105,8%, оның ішінде азық-түлік тауарлары -103,8%, азық –түлік емес тауарлары - 108,5%, ақылы қызмет- 106,0% құрады.

5 ірі көтерме-бөлшек сауда азық-түлік базарлары мен супермаркеттер, оның ішінде «Табыс» азық-түлік коммуналдық базары және 10 шағын коммуналдық базарлары салынды.

Қала мен аудандардың ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қатысуымен 43 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі болып, онда 146,8 млн. теңге сомасына ауыл шаруашылық өнімдері өткізілді.

Жүргізілген жұмыс тұрғындарды қамтамасыз етуді елеулі жақсартуға және негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге ықпал жасады.

ЖЖМ бағасының негізсіз өсуіне және дефицитті болдырмау жөнінде шаралар қабылданды.

Қала әкімдігі мен тұрғын үй-коммуналдық қызметін жеткізушілермен бірігіп жасалған жұмыс нәтижесінде бірнеше жыл бойы су, жылу, газға тарифтерді тұрақты сақтауға мүмкіндік берді.
Бюджет

2009 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке түсетін салық және басқа да төлемдер болжамы 101,3% орындалып, 10,2 млрд. теңгені құрады. 2009 жылы қала бюджетінің шығыс бөлігі 99,9% орындалды.

2008 жылмен салыстырғанда қала бюджетінің шығысы 30,% ұлғайып, 29,3 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде шығындардың негізгі бөлігі әлеуметтік саланы (29,8%) және тұрғын үй шаруашылығын (50,0%) дамытуды қаржыландыруға бағытталған.

Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап стипендия және бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысы 25% өсті.
Жұмыспен қамту

24304 жаңа жұмыс орны, соның ішінде «Жол картасы» бойынша 14628 жаңа жұмыс орны ашылды, 2697 әлеуметтік жұмыс орны, 2991 жұмыссыз кәсіби дайындықтан өтті, «Жастар тәжірибесіне» 2262 адам жіберілді, 18413 адам жұмысқа орналастырылды, 1004 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.

Толық емес жұмыспен қамтылу режимінде қызмет ететін кәсіпорындарға апта сайын мониторинг жүргізілді, жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін қосымша формалар пайдаланылды. Қызметшілердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға отыру жұмыс орындарын сақтауға ықпал етті.

Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар тіркелген жұмыссыздар санын төмендетуге мүмкіндік берді. Ол 2009 жылы 843 адамды құрады немесе өткен жылдан 102 адамға аз.

Тіркелінген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді тұрғындар санының 0,5%-н құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,4% - дан 6,0% дейін төмендеді.

Әлеуметтік әлжуаз топтағы тұрғындарды қосымша қолдау мақсатында жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың шешімдері бойынша өтемақылық төлемдер біршама өсті. Осылайша, 2009 жылдың ішінде жалпы сомасы 1386,6 млн. теңгеге әр түрлі жеңілдіктер және басқа да қосымша әлеуметтік төлемдер 90782 тұрғынға берілді.

Әлеуметтік әлжуаз топтағы тұрғындарды қолдау бойынша қосымша шаралар нәтижесінде аз қамтылған тұрғындардың үлесі 2008 жылғы 0,5%, 2009 жылы 0,4% төмендеді, бұл әлеуметтік төлемдердің төмендеуіне әкеліп соқты.
Негізгі капиталға салынған инвестиция

Соңғы жылдар ішінде негізгі капиталға тартылған инвестиция өсімінің тұрақты тенденциясы сақталып отыр.

Жалпы 2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 1,0% өсіп, 71,9 млрд. теңгені құрады.

Кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың негізгі капиталға тартылған өзіндік қаражаттары 163,9% өсті.

Дамытуға тартылған бюджет қаржысының 6,0%-ға өскені байқалды.

қаланың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы туралы
2010 жыл, сарапшылардың пікірінше, нарық субъектілері арасындағы шаруашылық қарым қатынастардың бір қалыпты және біртіндеп қалпына келу, экономикалық өсу сатысына өту жылы болып табылады.

2010 жылдың басынан бастап қала экономикасында оң серпіннің орын алуы байқалуда.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемдері үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегінде өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14,0% өсті.

2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бөлшек тауар айналымы 2009 жылдың сәйкес кезеңінен 25,5% артты.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2009 жылдың сәйкес мерзімінен 3,3%-ға артты.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция 46,0 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,8%.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша өндіріс, жұмыстар мен қызметтер көлемі 63,7 млрд. теңге құрады немесе өткен жылғы деңгейден 3,8%-ға артық.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21155 бірлікті құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда өсім 845 бірлік немесе 4,2% құрайды.

Кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 96560 адам құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда өсім 1058 адам немесе 1,0% құрайды.

Бағалау бойынша 2010 жылы экономика салаларында оң серпін сақталады.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2010 жылы болжам бойынша 10,0%. Өнеркәсіп өндірісінің және құрылыс көлемінің ұлғаюы көрсетілетін көлік қызметі көлемінің өсуіне ықпал етеді, ол бағалау бойынша 115,0% құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің) көлемі болжам бойынша 2,8%-ға өседі.

2010 жылы тұтынушылық сұранысты қалпына келтіру сауда көлемінің өсіміне ықпал етеді, ол бағалау бойынша 115,0% деңгейінде белгіленеді.

2010 жылдың аяғында инфляция 6,0-7,0% өлшемінде бағалануда.

2010 жылы болжам бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,5% құрайды.

2011-2015 жылдары экономика дамуының жағдайы және факторлары
Дамудың сыртқы жағдайы

Орта мерзімдік кезеңдегі Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы республикадағы және өңірдегі экономиканың сыртқы және ішкі даму жағдайларының факторларына тәуелді болады.

Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша 2010 жылдан бастап әлемдік экономиканың өсуі күтіледі. Үстіміздегі жылдың шілдесінде ХВҚ нақтыланған болжамымен 2010 жылы әлемдік экономика өсімі 4,6%, 2011 жылы – 4,3% құрайды.

Халықаралық сарапшылар 2015 жылға дейін әлемдік экономиканың орта есеппен 4%-ға өсуін болжап отыр.

Мемлекеттердегі қаржы жүйесіне сенімділікті қалпына келтірумен қоса дағдарысқа қарсы шараларды жалғастыру көтерілуді жеделдетуге ықпал ете алады.

Әлемдік экономиканың жандануы мен оның өсу қарқындарының артуы орта мерзімдік кезеңде ресурстарға әлемдік бағалардың өсуіне және сұраныстың артуына ықпал ететін болады.

Әлемде 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін мұнайды тұтыну жыл сайын 1,5-1,7% ұлғаятындығы күтілуде.

Республиканы дамытудың базалық сценарийі әлемдік қаржы және тауар нарықтарында жағдайдың тұрақтануын негіздейді.

2011-2015 жылдарда мұнайдың әлемдік бағасы орташа есеппен барреліне 65 АҚШ доллары деңгейінде болады.

Орта мерзімді кезеңде металға әлемдік баға 10-15% өседі.
Дамудың ішкі жағдайы

Дағдарыс кезеңінен кейін қала экономикасы дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне кіреді, ол өсуді қалпына келтіру кезеңі және экономиканың сапалы және теңгерімді өсуі кезеңінен тұратын болады.

Өсуді қалпына келтіру кезеңінде теңгерімді және сапалы өсу кезеңіне өту үшін негіз қалыптасатын болады.

Қала экономикасы орта мерзімді кезеңде әлемдік экономикалық жүйедегі үрдістерге, әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы коньюнктураға тығыз байланыста бола отырып дамиды.

2011-2015 жылдары әлемдік экономиканың жандануына және экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуына қарай өнеркәсіп өндірісінің өсуі қамтамасыз етіледі.

Қала экономикасы келесі ішкі факторлардың әсерінен дамитын болады.

Экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес салалардың дамуына қала экономикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (одан әрі – ҮИИДМБ) ықпал етеді.

Экспорталатын тауаларға сұранысты қалпына келтірудің және қолайлы баға коньюнктурасының аясында Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын іске асыру экономиканың өсуіне жақсы жағдай жасайды.

Өндірістің өсуі және сыртқы сауда көрсеткіштерінің ұлғаюы көрсетілетін көлік қызметтері мен сауда көлемдері секторларындағы өсуді қалпына келтіруге ықпал ететін болады.

Бұдан басқа, шағын және орта бизнес саласындағы экономикалық белсенділікті арттыруға «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын нақты сектордағы кәсіпорындарды сауықтыру және олардың қызметін ынталандыру шаралары ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, экономикалық дамудың одан арғы үрдісі көбінесе экономика секторларын мемлекеттік дағдарысқа қарсы қолдаудың жабылуы кезінде дамудың теңдестірілуін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу сипатымен анықталатын болады.

Банктердің ақша ұсынысының қажетті деңгейін және экономиканы несиелеу көлемін қамтамасыз ету экономиканың өсуін ынталандыратын фактор болып табылады.

Дағдарысқа қарсы шараларды (алдыңғы жылдардағы салымдар нәтижесіндегі инфляциялық қысым) іске асыру кезеңінде жиналып қалған ілеспе тәуекелдер және серпінді өсу кезеңіндегі (қарыз жүктемесі, экономиканың «қызып кетуі») экономикалық жүйеге тән тәуекелдер экономиканың дағдарыстан кейінгі қалпына келуі және өсуімен қоса жүретіні сөзсіз.

Дамудың ішкі әлеуетті толық іске асыру перспективада дағдарыстан кейінгі кезеңде нарықтағы бәсеке шиеленісіне дағдылану, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективадағы сынақтарға бейімделу үшін жеткілікті экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз етеді.

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМЫ
Қаламыздың 2011 – 2015 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуы 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айқындалған нысаналы индикаторларына қол жеткізуге ықпал етеді. Одан басқа Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы қыркүйекте Ақтөбе облысына сапары барысында берген тапсырмаларына сәйкес Ақтөбе қаласы ұзақ мерзімдік перспективада тұрғындарының саны 1 миллион адамға дейін перспективасы бар тұрғындар санын көбейтуге ұмтылады.

Мақсат – қала экономикасы мен инфрақұрылымын дамытудың тұрақты және теңгермелі өсімі негізінде тұрғындардың өсуі және тұрмыс сапасын көтеру үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Экономиканың тұрақты, сапалы және теңгерімді өсуін ұстау тек қана қолайлы макроэкономикалық ортада мүмкін болады. Өз кезегінде, орта мерзімді кезеңдегі экономика өсуінің теңгерімділігі мен тұрақтылығы шикізаттық емес секторды ішкі және де сыртқы сұраныстарға бағдарлау арқылы дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ақтөбе қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуға қол жеткізу тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға және қаланың мегаполиске айналуын қамтамасыз етуге қабілетті негізгі міндеттер мыналар болып табылады:

  • Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

  • Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру;

  • Өңірлік деңгейде өндіріс факторларын тиімді пайдалануды арттыру;

  • Қаланы дамытудан бұрын жүретін стратегияларды жүзеге асыру.

Қойылған міндеттерді орындау үшін ақша-кредиттік, фискалдық және құрылымдық, инвестициялық және салалық саясаттар құралдарын теңгерімді пайдалануды қамтитын, макроэкономикалық саясатты іске асырудың біртұтас жүйесін қалыптастыру қажет.

Қала экономикасын дамыту үшін орта мерзімді кезеңі экономиканы диверсификациялауға, қаржы секторын нығайтуға, іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, адам ресурстарын дамыту және индустриялық-инновациялық үдемелі дамуына ықпал етуге бағытталған теңгерімді саясат жүргізумен сипатталатын болады.

Экономикалық саясатының шешуші бағыттары дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық, тұрақты экономикалық өсу, гүлдену және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатты болуына қол жеткізу үшін адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту мен индустрияландыру арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Әртараптандыру шеңберінде экстенсивтік, шикізат жолы арқылы дамудан индустриялық-инновациялық дамуға өту жүзеге асырылатын болады. Инфрақұрылымдық саясат шеңберінде жүргізілген энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғырту экономиканы үдемелі әртараптандыру және шетел инвестицияларын қаламызға тартуға ықпал етеді.

Қаланың озып даму стратегиясы қала шаруашылығына бастырмалатқан инвестициялар есесінен қала инфрақұрылымының және әлеуметтік-мәдени ортасының сапасын арттыруда, оған қоса тұрғындардың қазіргі таңдағы санына емес, кейбір озумен - өсімге есептегенде. Бұл жағдайда елеулі көп еңбекті сіңіруді қажет ететін инфрақұрылымның даму бағдарламаларының өздері көп жұмыс орындарының жасалуына ықпал етеді.
Инвестициялық саясат

2011-2015 жылдары инвестициялық саясаттың алдында тұрған міндеттердің шешімі Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру негізінде шешілетін болады.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде облыста 134 инвестициялық жоба, оның ішінде жалпы соммасы 395,7 млрд.теңге құрайтын 54 жоба қала бойынша жүзеге асырылуда.

Елдің индустриаландыру картасы тізіміне кірген, қаланың ірі кәсіпорындарымен оларды жүзеге асыру бойынша жұмыс басталды. Ол жобалар:

- «ТҰҚ Казхром» АҚ инновациялық технологияларды қолдануымен жылына 270 мың тонна жоғарыуглеродтық феррохром өндіруді ұлғайту

- «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» АҚ әйнек-пластикалық құбырлар өндірісі зауытының 3-ші кезегін қосу және т.б.

Болжам жасалынған мерзімдегі бюджеттік инвестициялар қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарының негізгі проблемалық мәселелерін шешуге тартылатын болады.

Әлеуметтік салада арнайы «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды бастауға байланысты бала бақшалардың құрылысына инвестиция тарту, жаңа мектепке дейінгі мекемелердің ашылуы, авариялық және мектептегі оқушылардың көптігі сияқты мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасады.

Сол сияқты мемлекеттік-жеке әріптестік тетігі арқылы әлеуметтік объектілердің құрылысына жеке инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.

Коммуналдық шаруашылық саласындағы бюджеттік инвестициялар қазіргі уақытта әзірленіп жатырған ҚР 2020 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы масштабтық жаңарту салалық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.

Жұмыс жасап тұрған инженерлік желілердің және коммуналды шаруашылық объектілерді жаңғыртуға және реконструкциялауға; салынып жатырған тұрғын үйлерге инженерлік желілерді салуға және дамытуға; елді мекендерді сапалы және жеткілікті мөлшерде ауыз сумен жабдықтауға тартылатын болады.

Ақтөбе қаласының тұрғын үйлері мен қала маңындағы селолардағы жаңа құрылыстарды, аз қабатты құрылыстарды электр-газ-сумен жабдықтаудың алаңнан тыс және пәтерішілік желілерін салу жоспарлануда.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйлерді салуға, салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік желілерді салуға, сонымен қатар жалдамалы пәтерлерге қаржы қарастырылған.

Ақтөбе қаласының жаңа құрылыстарын, қала маңындағы ауылдардың аз қабатты құрылыстары және тұрғын үй алаптарын электр-газ-сумен жабдықтаудың алаңнан тыс және кварталішілік желілерінің құрылысы жоспарлануда.

Реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ уақытылы ұстау және ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен қолданыстағы автомобиль жолдарының желілері және жасанды ғимараттарды жақсы жағдайда сақтау бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Сонымен қатар сақталып отырған аймақтың инвестициялық қызығушылығын ескере отырып болжанатын кезеңде тартылатын инвестицияның жылдық өсімі 1,0-3,0% күтілуде.

Қаланың дамуынан бұрын жүретін стратегияларды жүзеге асыру бірінші кезеңде қаланың әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдарын дамытуға қаржыны белсенді салуды, кейіннен өнеркәсіптің күшті дамуы және қаланы дамытудың өзін-өзі қаржыландыру үлгісіне көшуі болатын оның инвесторлар үшін де, білікті мамандар үшін де тартымдылығын арттыруды болжайды.

Бірінші кезеңде: шамамен алғанда 2011-2017 жылдары қаланың инфрақұрылымы мен әлеуметтік саласын дамытуға жылына 50-55 млрд теңге көлемінде ірі қаржылар салу қажет. Жеке инвестициядан басқа негізгі бөлікті түрлі деңгейлі бюджеттерден қамтамасыз ету қажет. Олардан үлгілеу есептеріне сәйкес (қала тұрғындарының нормативтерге сәйкес өсуіне) жыл сайын 42-47 млрд.теңге және 8 млрд. теңгеге жуық қалада тұратындардың қамтамасыз етілу деңгейін нормативтік деңгейге жеткізуге.). Болашақта салынатын қаржы көлемдері халық өсімінің қарқынына сәйкес келуге тиіс.

Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерде қаланың инфрақұрылымын дамытуға арналған қаржыны бекіту үшін 2011-2012 ж.ж. қаланың Бас жоспарын түзету жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады, мұнда қаланың өндірістік күштерін аумақтық орналастыру белгіленеді.
2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік –экономикалық дамуының болжамы
2011-2015 жылдары өнеркәсіп өнімдерінің жыл сайынғы өсімі орташа есеппен алғанда 5,0-8,0%-ға өсетін болады деп болжам жасалынады.

2011-2015 жылдардағы негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі жылына орташа есеппен 1,0% өседі.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің өсімі 2015 жылы 33,3% құрайды.

Тіркелінген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2011-2015 жылдары жыл сайын 2,0-ден 3,8%-ға дейін өсетін болады.

ШОБ-те жұмыс істейтіндер саны 2011 жылы 99,9 мың адам, ал 2015 жылы 109,8 мың адам құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің) көлемі 2011-2015 жылдары орташа есеппен 2,0-4,0% өсетін болады.

Өнеркәсіп өндірісінің көбеюі құрылыс және көлік қызметтері көлемінің өсуіне ықпал ететін болады.

Құрылыс көлемінің өсу қарқыны болжам бойынша 2011 жылғы 1,0%-дан 2015 жылы 3,0%-ға дейін көбейеді.

Сауда көлемінің өсу қарқыны болжам бойынша 2011 жылғы 10,0%-дан 2015 жылы 12,0%-ға дейін көбейеді.

Орта мерзімді кезеңде әлемдік тауар нарығындағы бағалардың көтерілуі және өндіріс көлемінің артуы аясында экспорт көлемдері өсетін болады. Экономика кірістерінің өсуі импорттың ұлғаюына мүмкіндік туғызады.

Экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қолдау саясатын басымдықтар ретінде жүргізу сапаны тұрақты арттыру және халық өмірінің әлеуметтік стандарттарын жақсартуды көздейді.


Экономика және әлеуметтік сала дамуының 2011-2015 жылдардағы негізгі бағыттары
Өнеркәсіп

Өнеркәсіп секторында жұмыс жасап тұрған өндірістерді қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және қайта кескіндеу негізінде өндірісті әртараптандыру жалғастырылады.

Бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнім алу бойынша жаңа өндірісті ұйымдастыру. Өнімнің сапасы және өндірісті басқару менеджментінің халқаралық стандарттарын енгізу.

Орта мерзімді кезеңде экономиканың өнеркәсіп секторының теңгерімді өсуінің негізі болып инвестициялық процесті, сондай-ақ тұтынушылық белсенділігін ынталандыру болып табылады.

Осыған байланысты, өнімдерді әртараптандырумен экспорт секторларын дамыту және металургиялық өнеркәсіп технологиялық тізбесінің жалғасы негізгі бағыттың бірі болып табылады. Сонымен қатар, жаңа технологияны және химиялық өнеркәсіп және құрылыс индустриясы саласындағы инновациялық бағытын еңгізу.

2010 жылдан бастап қала үрдемелі индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

Бесжылдық кезеңдегі Бағдарлама аясында қала бойынша өңдеу саласының 30-дан астам объектісін іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар жаңа жоғары технологиялық өндірістер енгізілетін болады. Олар:

  • «SBS Steel» ЖШС – түйіршектелген шөген өндірісі жөніндегі металлургиялық кешен құрылысы;

  • «Батыс Калий» ЖШС – қайта өңдеу зауытын сала отырып, Жилянское калий тұзы кен орнын игеру;

  • «Велес Актобе» ЖШС - инфузиялық жүйелер шығаратын зауыт құрылысы;

  • «АЭМК «Жарық» ЖШС – темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысы;

  • «ТрейдИнтерКом» ЖШС – электр-техникалық жабдықтар өндірісі жөніндегі зауыт құрылысы және басқалары.

Жалпы, кәсіпорындарда өндірісті техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту, өндірісті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру, оның ішінде сапа менеджментінің жүйесін және еңбек қорларын тиімді пайдалану шараларын енгізу негізінен, еңбек өнімділігін ұлғайтуға ықпал ететін болады.
Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуына жыл сайын орташа есеппен 500,0 млн. теңге инвестиция салу жоспарлануда.
2015 жылға ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 33,3% өсті.

Қазіргі заманғы технология және өндірісті ұйымдастыру, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу арқылы алқаптардың және фермалардың өнімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасады.

Бұл өз кезегінде 2015 жылға астық алқаптарын 80% на ылғал ресурстарын сақтаушы технологияны енгізу есебінен қол жеткізіледі; тамшылатып ылғалдандыру және жылыжай пайдаланумен картоп, көкөніс өндірісі бойынша мамандандырылған шаруашылықтар құру.

2009 жылы азық-түліктің 23 түрі бойынша толық көлемде 16 түрі қамтамасыз етілді немесе 69,5% (осы уақытта 1 нан зауыты «Рамазан» ЖШС, «Туркуаз Эдибл Ойл Индастриес» ЖШС жаңа цехы, және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және азық-түлік өндіретін басқада объектілер салынды).

2010 жылы азық-түліктің 19 түрімен толық көлемде қамтамасыз ету күтілуде немесе 82,6%. Ол үшін ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлы түрде жаңалау және диверсификациялау және «Рамазан» ЖШС құс фабрикасын қайта жарақтандыру, 1500 тонна көкөніс өсіретін «Ізет» ЖШС жылыжайының құрылысы сияқты ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы құрылымдарының және тұрғындардың өндіру көлемдерін көбейту жоспарлануда.

Осылайша, 2015 жылы жоспарланған өндіріс көлемінің өсуі есебінен өз өндірісіміздің азық-түлікпен қамтамасыз ету 91,3%, ал 2020 жылы – 95,6% құрайды.
Шағын кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнестің дамуы мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады, себебі ол сала кәсіпкерлік қызметтің бәсекелі ортасын әзірлеуге және қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Кәсіпкерліктің қала экономикасына салымы жылдан жылға артуда, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны, қызмет ететіндер саны өсуде, шығарылатын өнім, қызмет және жұмыс көлемі өседі.

Жаңа технологияларды еңгізу есебінен шығарылатын өнімнің сапасы артуда.

Алдағы ортамерзімді кезеңде облыстың шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында барлық көздерден, оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру жалғасатын болады.

- Ірі кәсіпорындар айналасында сервистік компанияларды ашу, олар Үрдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ауқымында енгізілетін болады;

- Рұқсат ету процедураларын қысқарту, әкімшілік кедергілерді төмендету, «Бизнестің жол картасы - 2020» іске асыру;

- «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасы бойында жол бойғы сервистердің объектілерін дамыту.
Әлеуметтік қорғау

Жоспарлы кезеңде персоналдың жұмыспен қамтылуы, өндіріс көлемінің төмендеуін болдырмау бойынша ірі компаниялармен әлеуметтік серіктестіктің әртүрлі формаларын пайдаланып, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, кедейшілік пен жұмыссыздықты төмендету жөнінде иілгіш саясат жалғастырылатын болады.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмысқа орналастыру, жұмыссыздарды кәсіби дайындау және қайта дайындауға оқыту, қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды тарту, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру жөніндегі белсенді шаралары 2015 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 5% арттырмай ұстауға ықпалын тигізеді.

Қала тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа айлық ақшалай кірісімен анықталған кедейшілік шегінен төмен кірісі бар отбасыларына (азаматтарға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін, отбасының жан басына шаққандағы орта айлық ақшалай кірісімен анықталған азық-түлік себетінің құнынан төмен кірісі бар отбасыларда тұратын 18 жасқа дейін балаларға мемлекеттік жәрдемақылары; тұрғындардың аз қамтылған санаттарына және ең төменгі зейнетақысы бар зейнеткерлерге, ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге қосымша әлеуметтік көмекті қамтамасыз етуге ұсынылатын жыл сайынғы көмегі 2015 жылы көрсеткішті 4,0% дейін төмендетуге мүмкіндік береді (2009 жылы күнкөріс шегінен төмен кірісі бар тұрғындардың үлесі 6,0% құрады).
Білім беру

Қазіргі заманғы білім берудің бәсекеге қабілетті жүйесін одан әрі дамыту, нақты экономикалық жағдайларға бейімделгіш кадрларды дайындау және қайта даярлау мынадай міндеттерді іске асыру есебінен қол жеткізіледі, мәселен, жаңа мектептерді, балалардың мектепке дейінгі ұйымдарын салу, білім беру сапасын арттыру.

Жалпы білім беру мектептер жүйесі 2015 жылға дейін 11 бірлікке дейін өседі, соның ішінде: 2011 жылы – 4 бірлікке, 2012 жылы – 2 бірлікке, 2013 жылы – 1 бірлікке, 2014 жылы – 2 және 2015 жылы 2 бірлікке өседі.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Мемлекет Басшысының белгіленген міндеттері ауқымында жеке отбасылық балабақшалары және шағын орталықтары мемлекеттік мекемелерге балама болады.

2010 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 75,7% құрады. 2011 жылы балалардың мектепке дейінгі мекемелерімен қамтамасыз етуді 80% дейін жеткізу жоспарлануда.

Бұл міндетке жету мақсатында 17 балабақшаны (4740 орын) іске қосу жоспарлануда.

Соның ішінде 2011 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 3 бірлікке, 2012 жылы – 4, 2013 жылы – 5, 2014 жылы – 3, 2015 жылы – 2 бірлікке көбейеді.

Бұрынғы жекешелендірілген және берілген балабақшаларды қайтару, қалпына келтіру және салу, басқа ғимараттарды қайта жарақтандыру есебінен ашу, тұрғын үйлердің 1 қабаттарында ашу, жеке мектепке дейінгі білім беру орталықтарын дамыту, жалпы білім беретін мектептердің базасында мектепке дейінгі шағын орталықтарды ашу есебінен балабақшалардың желісін кеңейту жүргізілетін болады.

Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдар желісі 2015 жылға дейін 65 бірлікті және жалпы білім беретін мектеп жанында 19 мини-орталықты құрайды. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-тен 6-ға дейінгі 17,8 мың бала қамтылады.

Мектептен тыс ұйымдар желісі 2 бірлікке өседі: 2014 жылы Заречный елді мекенінде балалар және жасөспірімдер шығармашылық Орталығы (БжЖШО) салынады, 2015 жылы Жаңақоныс елді мекенінде БжЖШО салынады.
Мәдениет

Болашақтағы негізгі міндет - қазіргі заманғы мәдениетті дамыту және классикалық өнердің және халық шығармашылығының жақсы дәстүрлерін сақтау арқылы қоғамның рухани әлеуетін іске асыру болады.

Осы мақсатпен инфрақұрылымды дамыту және материалдық-техникалық базаны нығайту; ақпараттық және мәдени тұтастықты қамтамасыз етуде кітапханалардың ролін арттыру, кітапханаларды және кітапхана ісін жаңғырту; әуесқой халықтық шығармашылығын және кәсіптік өнерді дамыту; мәдени-бос уақытты және кітапхана мекемелерінің қызметін жақсарту және жетілдіру бойынша жұмыстың жаңа формаларын енгізу және т.б. жоспарлануда.

2011-2015 жылдардағы міндеттерді орындау үшін:

  • 4 мәдениет мекемелерін қалпына келтіру және ашу, олардың 3-і Мәдениет үйі мен 1-і Мәдениет сарайы, соның ішінде 1 типтік Мәдениет үйін мемлекеттік меншікке қайтару жоспарлануда;

  • Сазды селолық кітапханасын жаңалау;

  • қала мен жақын селолардағы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 2011-2015 жылдары 75,0 млн. теңге, мәдениет объектілерінің құрылысы мен күрделі жөндеуге 1346,0 млн. теңге жұмсау;

  • шығармашылық топтарды қосымша қатысушылармен толықтыру және ұжымдардың жұмыстарын сапалы жаңа деңгейге көтеру және т.б. жоспарлануда.


Спорт

Көпшілік спортқа тұрғындардың 30% тарту жөніндегі Мемлекет Басшысының алға қойған міндетін орындау мақсатында спорттық секцияларды жүйелі айналысатын оқушылар, жастардың санын ұлғайту көзделуде.

Бұл үшін тұрғылықты жерлерде балалардың аула, дене шынықтыру – сауықтыру клубтарын ашу жоспарлануда. Барлығы қала бойынша 2011 жылы – 1, 2015 жылы – 8 ашу жоспарлануда.

Ақтөбе қаласында «Мұнайшы» стадионын құрылысы басталды.

Нәтижесінде жаппай спортпен қамтылған тұрғындар саны 2015 жылы 148,9 мың адам немесе қала тұрғындарының жалпы санының 30,0%-н құрайды (2009 жылы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын тұрғындарды қамту 14,3% құрады).

-//-//-//-


Похожие:

Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы iconАқтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2011-2015 жылдарға арналған болжамы

Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы icon2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны
Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің 2012-2016 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі...
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы iconҚазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
...
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы iconАҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы
...
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы iconШарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша
Шарбақты ауданының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (одан әрі-Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы iconҚазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
Елдің 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы iconӨскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 2012-2014 жылдарға арналған шығыстардың болжамды көлемдері
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы iconАқтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері
Жылы біз қазіргі заманғы Қазақстан тарихындағы айтулы даталардың бірі – біздің тәуелсіздігіміздің 20-жылдығын атап өттік
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница