Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы
страница1/19
Дата конвертации05.11.2012
Размер3.21 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 Қаулысы

(2010.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

2) «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

3) «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

4) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

5) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

6) «Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

7) «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

8) «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беруі» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2. ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2010 жылғы 20 ақпандағы

№ 140 қаулысымен

бекітілген

 

«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан

 шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

 1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) ресми құжаттарға - құжатқа қол қойған тұлғаның қолының түпнұсқалығына және оның өкілеттіктерін растап сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығына апостиль қою жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды. Апостиль қою құжаттарды дипломатиялық немесе консулдық заңдастыру қажеттілігінен босату мақсатында Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолдануға арналған апостилденетін құжаттардың түпнұсқалығы мен тиісінше ресімделінуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету:

«Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-баптары;

«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының 1 және 2-тармақтары;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы Бірыңғай қағиданы бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелуінің Тізілімінде № 1536 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығының 1, 2, 3, 4.1, 5, 7, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 20 және 23-тармақтары негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Талдамалық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық басқармасы көрсетеді.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес апостильденген құжаттарды беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:

1) құжаттарды қарау түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту бір сағаттан аспайды;

2) апостильденген құжаттарды беру кезінде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт мерзімі бір сағаттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген 0,5 айлық есептің көрсеткішті құрайтын мемлекеттік баж алынады. Түбіртек нысаны төлем жүргізілетін банктің қалауына қарай белгіленеді.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Комитеттің ресми сайтында (www.educontrol.kz) орналастырылған.

10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен аптасына бес күн көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау 9 00 -ден 11 00 -ге дейін жүзеге асырылады, құжаттарды беру 16 00 -ден 18 00 -ге дейін жүргізіледі. Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жүргізілмейді.

11. Құжаттарды қабылдау «Министрліктер үйі» ғимаратында, 11-кіреберісте, 839-кабинетте жүзеге асырылады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғимаратында А014 кабинетке апаратын пандус көзделген (11 және 12-кіреберістер аралығында).

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

12. Осы қызметті көрсету үшін - ресми құжаттарды апостильдеуге тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірмесі);

2) білім туралы құжаттар (түпнұсқа және көшірмесі);

3) мемлекеттік баж төленгендігі туралы түбіртек (түпнұсқа);

4) білім беру ұйымының растама-анықтамасы (түпнұсқа);

5) егер тұтынушы жеке өзі келе алмаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқа).

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған тұтынушылардың құжаттары «Апостиль қойылған құжаттарды тіркеу кітабында» тіркеледі.

Апостиль Қазақстан Республикасының білім және ғылым органдарынан, оқу орындарынан шығатын ресми құжаттардың түпнұсқасына ғана қойылады.

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш толтыру талап етілмейді.

14. Тұтынушылардың құжаттары Комитеттің талдамалық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысына тапсырылады (11-кіреберіс, 839-кабинет).

15. Тұтынушыға қажетті құжаттардың тапсырылғандығы туралы қолхат беріледі.

16. Қызмет көрсету нәтижесіне қолжетімділік тәсілі:

1) тұтынушының өзі келуі арқылы;

2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызметі арқылы.

Апостильденген құжат мына мекен-жайда беріледі: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс, 839-кабинет. Телефондары: (8-7172) 74-24-29; 74-24-30.

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар пакетінің толық болмауы негіз болып табылады.

Апостиль қоюдан бас тартылған жағдайда, өтініш берген адамға құжат қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде себептері көрсетіліп, дәлелді бас тарту жазбаша түрде беріледі.

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

18. Комитеттің қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышты атқару кезіндегі заңдылық;

3) сыпайылық;

4) толық ақпарат беру;

5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығын сақтау.

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

  

5. Шағындану тәртібі

 

21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған кезде тұтынушы Комитет төрағасының атына шағым жасай алады (тел: (87172) 74-23-49).

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанцияның қарауын қажет етсе, тұтынушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне жазбаша түрде шағым жолдай алады. Бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

22. Шағым жазбаша түрде почтамен не қолма-қол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің кеңсесі арқылы (Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс, 845-кабинет) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі арқылы (Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі 8, 11-кіреберіс, 801-кабинет) жұмыс күндері қабылданады.

23. Қабылданған шағымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шағымдар мен өтініштерді тіркеу журналында тіркеліп, заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

 

6. Байланыс ақпараты

 

24. Тұтынушыларды қабылдау осы Стандарттың 10-тармағына сәйкес Комитеттің белгіленген жұмыс кестесіне сай жүзеге асырылады.

25. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тұтынушы қосымша ақпаратты Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларынан; аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінен, сондай-ақ Комитеттің сайтынан (www.educontrol.kz) ала алады.

 

«Қазақстан Республикасының білім,

ғылым органдарынан және оқу

орындарынан шығатын ресми

құжаттарға апостиль қою»

мемлекеттік қызмет көрсету

стандартына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу

орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоятын басшылар

мен жауапты орындаушылардың байланыс деректері

 

Р/с



Лауазымы

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс, 919-кабинет

8 (7172) 74-23-49

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті талдамалық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар басқармасының бастығы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс, 839-кабинет

8 (7172) 74-24-29

3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті талдамалық және халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс, 839-кабинет

8 (7172) 74-24-30
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы icon514 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 мамыр №514 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы №85 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2010 ж., №13-14, 127-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1131 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы №211 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1532 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы №63 Қаулысы
Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы icon2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы №1048 Қаулысы
...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 31 желтоқсан №1745 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1722 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 5 сәуір №361 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница