Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері




НазваниеКүлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері
Дата конвертации29.03.2013
Размер19.3 Kb.
ТипДокументы
1. Төл мереке қарса- ңында көңіл-күйіңіз қандай?

2. Жадырап келе жатқан биылғы көктемнен не күтесіз?

Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері:

– Көктемнің осылай жарқырап келуі маған жақсы көңіл күй сыйлады. Наурыздың әр күнінің өзі мереке ғой. Жан-жақта тұратын балаларым, немере-шөберелерім қоңырау шалып, қал-жағдайымды сұрап жатыр. Мереке қарсаңында келетіндерін айтты. Әкімдіктегілер де аналар мерекесімен жыл-сайын құттықтайды.

Құдайға шүкір, балаларым өздерінің маған деген сүйіспеншіліктерін сөзбен де, құшақ-құшақ гүл шоқтарымен де білдіріп жатады. Осының бәрі көңіл ғой. Жаңа ғана далаға шығып, зейнетақымды алып келдім.

Көктемде болатын төл мерекелерге орай келіндеріме, немере-жиендеріме аналық, әжелік мейірімімді сеуіп, шын көңіліммен сыйлықтар жасасам деймін. Жаны жақсылықты қалайтын кез-келген адам секілді, мен де еліміздің амандығын, береке-бірлігін, ұрпақтарымыздың өсіп-өнгенін қалаймын.

Люда Ырымхан, Ақкөл ауданы Қырыққұдық ауылының тұрғыны, ардақты ана:

–Наурызда ата-бабаларымыз бір-біріне «ақ мол болсын» деген тілек айтқан. Алла тілегімізді қабыл етіп, наурыздың алғашқы күні қорадағы сиыр бұзаулап, қой төлдеп, біз де молшылыққа кенеліп жатырмыз. Күні кеше Ақбота есімді ортаншы қызымның туған күнін отбасымызбен жақсы көңіл-күйде атап өттік. Ана үшін баласының жастан-жасқа есейіп, ер жеткенінен, оның қызық-қуанышын бірге бөліскеннен артық бақыт жоқ. Аллаға шүкір, сегіз баланың ардақты анасымын. Тәрбиелі- өнегелі ұл-қыздарды дүниеге әкелгенім үшін мемлекетіміздің «Алтын алқасымен» де марапатталдым.

Көктемнің шуақты күндері өзім секілді аналарға, қыз-келіншектерге, отбасының тірегі болып отырған ер азаматтарға Алланың нұры жауып, жүздері шаттыққа толсын деп тілеймін.

Ақбөпе Ысмайылова, Сандықтау аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар ісі жөніндегі маманы:

–Жалпы, менің ойымша, көктем – табиғатқа жаңа тыныс, жаңа леп әкелетін мезгіл. Көктемнің алғашқы айы – наурыздың бірінші күндері-нен-ақ көтеріңкі көңіл күйдемін. Өйткені, аналарымыздың, қыз-келіншектердің мейрамы, күн мен түн теңесіп, жаңа күн басталатын 22-ші Наурызымыз да күн санап жақындап келеді. Туған жерім Сандықтау табиғатының көктемдегі бейнесі көз тартарлықтай. Осының өзі күнделікті жұмысыма күш-қуат сыйлап, көңіліме нұр ұялатады. Адам мен табиғаттың тығыз байланыста екендігі көптің аузында текке айтылып жүрмесе керек. Ендеше, барлық жерлестерімді көктем мерекесімен, ақжаулықты аналарымызды келе жатқан 8-ші наурыздарымен құттықтап, отбастарына бақыт пен денсаулық тілегім келеді.

Сауалнаманы жүргізген Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Похожие:

Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері iconВыписка о награждении многодетных матерей подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа» постановляю
Матерей, родивших и воспитавших семь и более детей, наградить подвеской «Алтын алқа»
Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері iconҮзінді Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы
Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Алтын алқа» алқасымен наградталсын
Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері iconҮзінді Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы
Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Алтын алқа» алқасымен наградталсын
Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері iconКөп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы Қаулы етемін: Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Алтын алқа»
Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Алтын алқа» алқасымен наградталсын
Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері iconСәпия тілеспаева, «Алтын алқа» иегері
Алланың жердегі үйі мешітіміздің еңселі болып, бой көтеруіне белсене ат салысса екен дейміз. Қоғамымыз ден алып жатқан түрлі бұзақылықтардан...
Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері iconАҚпарат (Катонқарағай ауданы бойынша жұмсалған қаражат – 715 642 500 теңге) Новополяковка ауылдық округі
«Алтын Алқа», «Күміс алқа» марпатталған аналар, аз қамтылған отбасылар, 1-2 топ мүгедектерге тегін отын тарату
Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері iconА-3/488 от 14. 03. 2011 года Көкшетау қаласы аумағында абаттандыру бойынша іс-шараларды
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Көкшетау...
Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері iconКөкшетау қаласында 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізімі
Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жанындағы «Тазалық» шаруашылық...
Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері iconСабақтың тақырыбы: Ермахан Ыбырайымов. Сабақтың мақсаты
...
Күлзейнеп Мұхамбетжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері iconХабарландыру
Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, «Көкшетау қаласының дене тәрбиесі және...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница