3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау




Название3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау
страница1/7
Дата конвертации30.03.2013
Размер0.78 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ




3.1 Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын талдау



XXI ғасыр жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.

Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.

Теориялық талдау негізінде инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың қалыптасқаны анықталды [79]:

біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс ретінде қарастырған (Б.Твисс, Ф.Никсон, Б.Сантон, т.б.);

екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (Й.Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады [79].

Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация - өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.

Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.

Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолдары мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа иеленеді. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді.

Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.

ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.

Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады.

Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті.

Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық қор) ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру.

Қазіргі таңда Қазақстан венчурлік капиталы және тікелей инвестициялау ассоциациясы құрылып, оған 9 венчурлік қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі таңда 5 венчурлік қор 5,6 млрд теңге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр. Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлік қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер.

Венчурлік инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму деңгейінен өтеді (кесте 3.1).

Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.
Кесте 3.1 – Инновациялық компанияның даму деңгейлері




Деңгейлер

Мазмұны



Бизнес идеясы (seed stage)

Идеяны жобалау және оны саудалау. Сонымен қатар болашақ өнімнің үздік үлгілерін дайындау;



Бизнесті ашу (start-up stage)

Жобаны жүзеге асыру мақсатында жүйелі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастау;



Өсу деңгейі (expansion stage)

жаңа өндірістік қуаттылықты іске қосу және персоналдар санының өсуі;



Кеңею деңгейі (mezzanine stage)

нарықтың бір бөлігін жаулап алу және пайданың тұрақты болуы;



Өтімділік деңгейі (liquidity stage)

бизнестің нақты (реалды) нарықтық құнының қалыптасуы.
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау iconӘож 330. 34: 330. 341. 1 (574) Қолжазба құқығында
Республикасындағы ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі
3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау iconҚазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары Курстық жұмыс кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникацияның ерекшеліктері мен проблемаларына...
3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау iconИнновациялық дамуды аймақтық тұрғыдан зерттеу
Аймақтардың инновациялық әлуетін талдау үшін Қазақстанда шаруашылық жүргізудің объективті шарттарымен, ресурстық-өндірістік әлеуетімен,...
3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау iconҮгіт баспасөз материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4,6-тармақтарына және Қазақстан Республикасындағы 2001...
3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау icon1 Қазақстан республикасындағы еңбек нарығының даму тенденциясы
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама...
3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау iconЛекция конспектілері Дәріс 1 Экономикалық талдаудың негідері
Мақсаты: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың мәні және міндетін, экономикалық талдау ғылымына анықтама беру, оның негізгі мазмұнын...
3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау iconА. Ясауи атындағы ХҚту-нің магистранты
Осы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу қажеттілігін...
3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау icon4 ТҰРАҚты экономикалық Өсу – стратегиялық жоспарлау мақсаты 1 Стратегиялық жоспарлау және болжамдаудың мәні мен құрылымы
Инновациялық қызметті жоспарлау – сыртқы орта факторлары мен жағдайлар бойынша талдау жұмыстарының кешенді мақсатқа жету үшін баламаны...
3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау iconНегізгі бөлім Кәсіпорыннның экономикалық категориялары
Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы...
3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау iconМадыханова кундыз адилхановна қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сыртқы қарызды басқару стратегиясы: қаржы-экономикалық тетіктері және құралдары
Республикасындағы мемлекеттік сыртқы қарызды басқару стратегиясы: қаржы-экономикалық тетіктері және құралдары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница