Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы




НазваниеҚарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы
Дата конвертации02.04.2013
Размер62.3 Kb.
ТипДокументы
Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы
2007 жылғы санэпидқызмет органдары мен ұйымдары қызметінің қорытындыларын тыңдап және талқылағаннан кейін МСЭҚ департаментінің Алқасы қызметтің органдары мен мекемелерінің іс-әрекеті ҚР «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» Заңымен байланысты міндеттерді атқару екенін атап өтіп; «ҚР денсаулық сақтау саласын 2005-

2010 ж.ж. реформалау және дамыту» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қарағанды облысы аумағында санэпидсалауаттықты қамтамасыз ету жұмыстарын да жалғастырды.

Есептік мерзім ішінде алдын алу және індетке қарсы кешенді шаралар жүзеге асырылды, осыған сәйкес облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейде болды, ал кей көрсеткіштер бойынша оларды жақсартуға қол жеткізілді.

● Бюджет қаржысы 100% игерілді.

● Өңдірілген айыппұлдар 2460-тан 4438 дейін өсті.

● Вакцинаға бағынышты инфекциялар : дифтерия, сіреспе, коклюш, полиомиелит, қызылша оқиғалары тіркеуге алынған жоқ.

● 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жіті ішек инфекциялары

10,8 %, «А» вирусты гепатиті 14%, «В» вирусты гепатиті 26,8%, жіті дизентерия 22,3%, ал сальмонеллез 17,0% төмендеген.

● Туберкулез ауруын 6,5% төмендеткізуге қол жеткізілді.

● Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету сапасының санитарлық-химиялық көрсеткіштері (2006 жылғы 1,8%-дан 2007 жылы 0,8%) мен микробиологиялық көрсеткіштер (2006 жылы 0,6%-дан 2007 жылы 0,3%-ға) бойынша алынған қанағаттанарлықсыз сынамалар пайызы төмендеген.

● Санитарлық талаптарға сай келмейтін емдік-профилактикалық ұйымдардың пайызы 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,3%-дан 3,2%-ға төмендеген.

● Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту 75,4% құрап отыр.

● Санитарлық талаптарға сай келмейтін нысандардың үлестік салмағы 3,5%-дан 1,0%-ға төмендеген.

● Кәсіби уланулар тіркеуге алынған жоқ.

Өткізілген кешенді шаралар 2007 жылы Қарағанды облысы халқының тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз етті.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бойынша санэпидқызметтің 2008 жылға арналған негізгі міндеттері
1.«ҚР денсаулық сақтау саласын 2005-2010 ж.ж. реформалау және дамыту» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.

2.Ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру:

I. «Қызылшаның элиминациясы, қызамық ауруын, туа біткен қызамық синдромы және эпидемиялық паротитті азайту» 2010 жылға қызылшаны және туа біткен қызамықты жоюды қамтамасыз ету;

II. «ҚР вирусты гепатиттердің алдын алу»;

III. «Диарея ауруларының алдын алу»;

IV. «Иммунопрофилактика».

3.«Қарағанды облысының аумағында 2008-2010 жылдары халықты адамға қауіпті қан сорғыш жәндіктер мен кенелерден қорғау шаралары» кешенді жоспарын жүзеге асыру.

4.Дифтерия ауруын біржолғы оқиғалар деңгейінде ұстау, аурулардың ауыр формалары мен олардан қайтыс болудың алдын алу.

5.ЕПБ инфекциялық бақылау жүйесін жетілдендіру және облыс ЕПБ денсаулық стандарттарына сәйкестендіре отырып, АІИ стандарттарының орындалу сапасына жасалатын қадағалауды жақсарту.

6.Облыстағы паразитоздарға жасалатын эпидмониторингті жетілдендіру.

7.Безгек ауруы бойынша облыс халқы арасында салауаттықты қамтамасыз ету мақсатында сапалы эпидемиологиялық-энтомологиялық қадағалау жасау.

8.Облыс аумағын карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың, сонымен қатар құс тұмауының туындауы, енгізілуі және таралуынан қорғау бойынша кешенді шаралар ұйымдастыру және жүзеге асыру.

9.Бруцеллез ауруына басты назар аудара отырып, халықтың зоонозды инфекцияларды жұқтыруының алдын алу мақсатымен санитарлық-ветеринарлық ережелердің сақталуына жасалатын эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіру.

10.Күйдіргінің, туляремияның және тағы басқа инфекциялардың табиғи ошақтарында АҚИ ауруларын болдырмау үшін кешенді шаралар ұйымдастыру.

11. «2007-2008 жылдары Қарағанды облысында туберкулезбен күресу» туралы Аймақтық бағдарламаны іске асыру.

12.ВИЧ/СПИД күресу мәселелеріне жетекшілік етуді жүзеге асыру.

13.Нысаналардың құрылысы мен қайта салыну кезеңдерінде ескертпелі санитарлық қадағалаудың тиімділігін арттыру. Санитарлық нормалар және ережелерді бұзған нысандарды пайдалануға бермеу.

14.Халық денсаулығының жағдайына зиянды факторлардың кері әсерін болдырмау үшін нысан ішінде салынған нысандарға қадағалауды күшейту.

15.Қолданылатын және шығарылатын полимерлік және асбестқұрамды құрылыс материалдары мен құрылғыларына ескертпелі санитарлық қадағалау жасау.

16.Келесі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына қадағалау жасау:

- «Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдардағы ауылдық аумақтарын дамыту»;

- «2004-2010ж.ж. ауыз су»;

- «2004-2010ж.ж. Балқаш-Алакөл бассейнін тұрақты дамытуды қамтамасыз ету».

17.Облыстың тұрғын жерлерінің сумен қамтамасыз етілуін бақылау, қанағаттанарлықсыз анализдер бойынша уақтылы шаралар қолдану, сумен таралу факторына байланысты ӨІИ және ВГА халықтың топтасып ауруын болдырмау.

18. Шаруашылық субъектілерінен кәріз жүйелерін және кәріз жүйелерінің тазартқыш құрылғыларының үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етуді, су таратушы құрылғыларының жұмыстан шыққан бас құрылғыларын жөндеуді талап ету, ауылдық жерлердегі және кіші қалалардағы кәріз жүйелерінің жұмысына басты назар аудару.

19.Шаруашылық субъектілері мен жергілікті атқару органдарынан тұрмыстық қатты қалдықтарды көму полигондарын санитарлық талаптарға сәйкестендіруді талап ету.

20. № 289 21.03.03ж. ҚР Үкіметінің Қаулысына, 16.11.98ж. № 4153 ҚР Президентінің Жарлығына, «Йодталған ас тұзының басқа да йодтың құнарландырылған қосындыларымен, тағам өнімдерінің сапасына, өндірілуіне, сақталуына, енгізілуі және сатылуының тәртібі мен ережелері туралы» ҚР ДСМ 18.08.04ж. № 641 бұйрығына сәйкес халық арасында йод-темір тапшылығының алдын алу жұмыстарын жасау.

21.Халық арасында тағаммен улану және ЖІИ алдын алу мақсатында тағам өнімдерін шығарумен, сатумен айналысатын кәсіпорындарға қадағалауды күшейту. Малдың шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға, сүт зауыттарына, СТФ, БСА, шұжық цехтарына басты назар аудару. Облыс аумағына енгізілетін тағамдар сапасына қадағалауды күшейту.

22.Базарларды санитарлық нормаларға сәйкестендіруге шаралар қолдану, базарларды қажетті деңгейде тоңазытқыштармен қамтамасыз етілуін, материалдық-техникалық базасының жақсартылуын талап ету.

23.Тағам өнімдерін шығарумен және сатумен айналысатын нысаналармен байланысты тағаммен улану және топтық инфекциялық ауруларының алдын алуға шаралар қолдану.

24.Азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау және оны қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйлердің ішіне салынған тағам нысандарына жасалатын қадағалауды күшейту.

25.Мектептердің, мектеп-интернаттардың, МДМ, КМ, колледждердің, ЖОО-ның санитарлық-гигиеналық жағдайларына бақылау жасау.

26.Балалардың ауыру себебін анықтай отырып, балалар мен мектеп оқушыларының ауруына талдау жасау және анықталған патологиясы бойынша сауықтыру. Тексерістер негізінде нысандарға шаралар жоспарларын рәсімдеу.

27.Жазғы маусымда жұмыс істеу үшін демалыс орындарының уақтылы дайын болуына қадағалау жасау.

28.Оқушылардың ыстық тамақпен әсіресе ауылдық мектептерде қамтылуын көбейте отырып, ұйымдастырылуына жасалатын қадағалауды күшейту.

29.Білім беру нысандарымен байланысты (мектептер, мектеп-интернаттар, МДМ, жабық балалар мекемелері) тағаммен улану және жаппай инфекциялық ауруларды болдырмау үшін шаралар қолдану.

30.Ағымдағы заңға сәйкес жұмыс орындарының аттестациясын толық көлемде еңбек жағдайын жақсарту бойынша нақты шаралар жасай отырып өткізу, өндірістік кәсіпорындары жұмыскерлерінің соматикалық және кәсіби ауруларына мониторинг жасау.

31.Халықтың денсаулығына беретін ЭМӨ және басқа да физикалық факторлардың кері әсерін төмендету мақсатында «Қоршаған ортаның физикалық факторларына мемсанэпидқадағалауды күшейту туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 19.04.2001ж. № 17 бұйрығының орындалуын бақылау.

32.Облыстың егінді алқаптарында пестицидтердің қолданылуына, облыстың ауылдық жерлерінде өсетін өсімдік өнімдеріне және ҚР оңтүстік өңірлерінен әкелінген өнімдерге, көшетхана мен жылыжайларда өсетін ерте пісетін көкөністерге қатаң бақылау жасау, аталған өнімдердің ерте көктемгі маусымда сынамаларын алу жиілігін арттыру.

33.Халық қолданатын тауарлар, балалар ассортиментіне, шығарылатын полимер материалдарына, химиялық заттар сапасына қадағалау жасау.

34.МСЭҚД және оның аумақтық құрылымдық бөлімшелерін одан әрі материалдық-техникалық жабдықтау (жаңа талаптарға сай келетін компьютерлік техника сатып алу).

35.Бір жерлік шеңберден аспайтын желі жасау.

36.МСЭҚД электрондық құжат айналысын енгізу.

37.Зертханалық зерттеулер сапасын арттыру және жаңа заман талаптарына сай жоғары технологиялы санитарлық-эпидемиологиялық сараптау әдістерін енгізу.

38.Қарағанды облысының қала және аудан орталықтарындағы санитарлық-эпидемиологиялық сараптау ұйымдарын жетілдірудің III кезеңін аяқтау.

39.Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.

40.Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау мекемелері, МСЭҚ департаменті мамандарының біліктілік деңгейі мен кәсіби дайындықтарын арттыру.

Похожие:

Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы iconҚарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2011 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Алқасы
Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қр заңын, басым бағыттарды және...
Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы iconҚарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2011 жылғы 9 ай бойынша жұмыс қорытындысының Алқасы
Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қр заңын, басым бағыттарды және...
Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы iconҚарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің алқасы
Алқа мүшесі болып табылады. Олар Алқа отырысында тұрғын халық арасында қалыпты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі...
Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы iconҚарағанды облысы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарындағы өзгерiстер туралы
Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 7 желтоқсандағы n 27/05 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының III сессиясының...
Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы iconВакцина инфекцияға одақтас емес Аурулардың алдын алу шаралары емдеуге қарағанда арзан түсетіні дәлелденген ақиқат. Аурулардың және адам өміріне зиянды жағдайлардың алдын алу – Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің басты жұмысы болып
Аурулардың алдын алу шаралары емдеуге қарағанда арзан түсетіні дәлелденген ақиқат. Аурулардың және адам өміріне зиянды жағдайлардың...
Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы iconСолтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету 20
Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы icon«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы»
Шығыс Қазақстан облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарлықтай деп бағалануда
Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы iconҚарағанды қаласының мектептерінде өткізілген 2010 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің
Бт бойынша қаланың орташа баллы 82,86, былтырғы 2009 жылмен салыстырғанда 7,36 балға өсті (2009 жылы – 75,50 б., 2008 жылы – 73,23...
Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы icon«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы»
«Облыс аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және жұқпалардың таралуының алдын алу бойынша шаралар туралы»
Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы iconҚарағанды облысы Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарындағы өзгерiстер туралы
Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 13 маусымдағы n 17/03 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының VIII сессиясының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница