«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік




Скачать 192.59 Kb.
Название«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік
Дата конвертации05.11.2012
Размер192.59 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «__» желтоқсандағы

№ _____ қаулысымен

бекітілген

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік

қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет), Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11, 922-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жарым-жартылай автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 21 қаңтарындағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және оны алу бойынша қажетті құжаттар туралы толық ақпарат:

«Электрондық үкіметі» веб – порталында: www.e.qov.kz;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында: www.minfin.kz, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті бөлімінде;

ХҚКО интернет ресурсында: www.con.gov.kz. орналасады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:

1) Комитет және ХҚКО арқылы:

оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу туралы жазбаша растауды жіберу (беру), сондай-ақ оның деректерін оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізу;

тіркеуден бас тартқан жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып дәлелді жауапты жіберу (беру);

тіркеу туралы өтініште көрсетілген өзгерістерді деректерге енгізіп, жазбаша жауабын немесе түсіндіруін жіберу (беру);

оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыратын тұлғаны тіркеуден алып жазбаша жауабын немесе түсіндіруін жіберу (беру)болып табылады;

2) порталда:

ЭЦҚ куәландырылған оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу туралы жазбаша растауды жіберу (беру), сондай-ақ оның деректерін оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізу;

тіркеуден бас тартқан жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып ЭЦҚ куәландырылған дәлелді жауапты жіберу (беру);

ЭЦҚ куәландырылған тіркеу туралы өтініште көрсетілген өзгерістерді деректерге енгізіп, жазбаша жауабын немесе түсіндіруін жіберу (беру);

ЭЦҚ куәландырылған оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыратын тұлғаны тіркеуден алып жазбаша жауабын немесе түсіндіруін жіберу (беру)болып табылады;

6. Мемлекеттік қызмет оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар жеке кәсіпкер - жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет тұтынушы осы Стандарттың 10-тармағында көзделген қажетті құжаттардың Комитетке түскен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі;

2) ХҚКО арқылы тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алған кезде құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

3) ХҚКО арқылы тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет:

1) Комитетпен күнделікті түскі сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін үзілісімен сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет алу үшін алдын-ала жазылудың қажеті жоқ, жеделдетілген қызмет көрсетуі көзделмеген.

2) тұтынушының мекен-жайы бойынша ХҚКО ғимаратында дүйсенбіден сенбіні қоса, жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда келесі тиісті жұмыс мерзімімен: дүйсенбіден жұма кундері түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00 аралығында көрсетіледі.

Қабылдау жеделдетілген қызметсіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

3) веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет тұтынушының «жеке кабинетінде» тәулік бойы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Комитетке немесе ХҚКО келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 қазанында №7309 тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылы 28 қазанында қабылданғын №545 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтінішті;

  2. жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;

  3. жоғары заң және (немесе) экономикалық білімі туралы дипломдарының көшірмелерін;

  4. сырттай байқау әкімшісінің, оңалтушы, конкурстық басқарушылардың қызметін жүзеге асыру бойынша даярлықтан өткендігін растайтын, білім беру ұйымы берген құжаттың көшірмесін;

  5. еңбек қызметін, оның еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

  6. өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша, ұсынылғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтаманы;

  7. өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша ұсынылғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамаларды.

Комитет және ХҚКО құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларымен бір мезгілде не құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

Тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерге өзгерістер енгізу кезінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 қазанында №7309 тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылы 28 қазанында қабылданғын №545 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтініші ұсынылады.

Тіркеуден алу кезінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 қазанында №7309 тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылы 28 қазанында қабылданғын №545 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтініші ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:

  1. ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтініш нысанындағы сұрау;

2) сырттай байқау әкімшісінің, оңалтушы, конкурсты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру бойынша даярлықтан өткендігін растайтын, білім беру ұйымы берген құжаттың электрондық өтінішке қоса тіркелген сканер көшірмесі;

3) еңбек өтілін растайтын құжаттардың электрондық өтінішке қоса тіркелген сканер көшірмесі;

4) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша ұсынылғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамаларының электрондық өтінішке қоса тіркелген сканер көшірмелері;

5) жоғары заң және (немесе) экономикалық білімі туралы дипломдарының көшірмелерінің өтінішке қоса тіркелген сканер көшірмелері.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын мәліметтерін ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар түрінде Комитет немесе ХҚКО тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің нысандары келесі интернет-ресрустарында орналастырынады: www.e.qov.kz.; www.еlicense.kz; www.minfin.kz «Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті» бөлімінде

Тұтынушылардың ХҚКО мемелкеттік қызметті алу үшін белгіленген өтініштердің нысандары күту залында орналастырылған арнайы тіреуде, және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мелекеттік кәсіпорының интернет-ресурсында орналасады: www.con.gov.kz .

11. Құжаттарды қабылдау осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша немесе осы Стандарттың 2 қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша жүзеге асырылады.

ХҚКО құжаттарды қабылдау оперциялық залда «кедергілік» ақылы қызмет көрсетіледі.

Тұтынушының портал арқылы жолдануында, өтініші «жеке кабинет» арқылы жіберіледі. Өтініш Комитетке автоматты түрде жолданады.

12. ХҚКО арқылы жолданғанда тиісті құжаттарды тапсырған кезде тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы келесі деректері көрсетілген қолхат беріледін:

сұраныстың қабылданған күні мен нөмірі;

мемлекеттік қызмет сұраныс түрі;

қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;

құжаттардың қабылданған күні (уақыты) және орны;

құжаттарды рәсімдеу мақсатында өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің фамилиасы, аты және әкесәнің аты;

тұтынушының фамилиасы, аты және әкесәнің аты, лауазымды өкілдің фамилиасы, аты және әкесәнің аты және олардың байланыс телефондары.

13. Дайын құжаттарды тұтынушыға немесе оның сенімхат тапсырылған өкіліне Комитетке, ХҚКО жеке берілген уақытта қолма-қол, немесе портал арқылы «жеке кабинетінде» беріледі.

ХҚКО дайын құжаттарды тұтынушыға «терезе» арқылы ХҚКО қызметкерімен қол-хат негізінде ішінде көрсетілген мерзімде беріледі.

Егер тұтынушы белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін алуға жолықбаса, ХҚКО олардың сақталуын бір ай мерзім сақталуын қамтамасыздандырып, кейін Комитетке жолдайды.

14. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негізі болып:

1) осы Стандарттың 10-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесінің ұсынылмауы;

2) тұтынушының Заңның 9-бабының 5 тармағымен орнатылған талаптарына сәйкес келмеуі;

3) тұтынушыға қатысты оның аталған қызмет түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот актісінің болуы;

4) тұтынушы Заңның 9-бабының 8-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша бұрын тіркеуден алынуы.

Осы тармақшаның ережелері Заңның 9-бабының 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бұрын тіркеуден алынған тұтынушыға үш жыл ішінде қолданылады;

5) тұтынушының заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы;

6) тұтынушы сот тәртібімен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған жағдайлары;

7) электрондық ақпараттық ресур тұтынушысына қатысты кіруге шектелуі таралып және сұраныстағы электрондық ақпараттық ресурсқа өтінішті жіберген тұлғаның кіруге құқығымен иемденбеуі;

8) тұтынушы сұраған электрондық ақпараттық ресурсымен имеденбеуі, және оған кімнің иелігінде екендігі белгісіздігі;

9) сұраныстың мәнісін анықтаған кезде тұтынушы тұлғаның электрондық ақпараттық ресурстың қайсысын тапсыруын өтініш беріп отырғанын керегін былады.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген бас тарту жағдайын қоспағанда, Комитет мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы тұтынушыға бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша хабарлайды.

Осы Стандарттың 10-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда, Комитет тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша хабарлайды.

Осы Стандарттың 10-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда, ХҚКО құжаттарды қабылдамайды.

Құжаттарды қабылдамаған жағдайда, ХҚКО тұтынушыға жетіспейтін құжаттары көрсетілген қол-хат беріледі.

15. Комитеттің оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғаларды тіркеуден алуы:

1) тіркеуден алу туралы өтініш беру;

2) Заңның 9-бабының 12-тармағының 1) тармақшасында және (немесе) Заңның 41-1-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір жыл ішінде бірнеше рет шеттетілген;

3) еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан шеттетілген жағдайларды қоспағанда, Заңның 9-бабының 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және Заңның 41-1-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттетілген;

4) тіркеу кезінде оның дұрыс емес мәліметтер ұсыну фактісі анықталған жағдайларда жүргізіледі.

Тіркеуден алынған тұлғаға мұндай шешім қабылданған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарлама тапсырылады (жіберіледі).

3. Жұмыс қағидаттары
16. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалары өз қызметінде адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік міндетін атқару барысында заңдылықты сақтау және сыпайылық, жеткілікті ақпарат беру қағидаларына, және ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етуне негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері
17. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі
19. Тұтынушы уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Комитеттің мемлекеттік және еңбек тәртібінің сақталуына жауапты құрылымдық бөлімшесінен (87172) 71-83-79, 71-76-98 телефондары арқылы не мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11, кабинет № 808 кабинеттен ала алады. Комитеттің күнделікті жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсанындағы Заңымен белгіленген мереке күндері.

ХҚКО уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу үшін, тұтынушы ХҚКО басшылығына жолығады.

Комитет немесе ХҚКО уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты келесі «Электрондық үкіметінің» сall-орталық (1414) телефондары арқылы немесе осы Стандарттық 2 қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар және телефондар арқылы ала алады.

20. Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған сатыда қарауды талап етсе, тұтынушы шағымды жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің (бұдан әрі – Министр) атына жібере алады.

21. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Министрдің немесе оны алмастыратын адамның атына шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесеэлектрондық түрде (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсы: www.minfin.kz, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті бөлімінде) немесе 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы,11, № 105- кабинет, телефон 8 (7172) 71-77-60 мекенжайы бойынша, заңмен көрсетілген жағдайларда немесе қолма-қол жұмыс күндері Комитет немесе ХҚКО канцеляриясы арқылы қабылданады.

22. ХҚКО уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдары ХҚКО басшылығына немесе басшылығнда орналасқан Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялық министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетіне жолданады. ХҚКО басшыраның мекен-жайлары мен телефондары осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген, Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің осы Стандарттың 25-тармағында көрсетілген.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Қолма-қол қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалар өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі.

Тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Комитеттің қызметкерінен: 8 (7172) 71-85-35 телефоны арқылы алуға болады.

Тұтынушының шағымды ХҚКО арқылы тапсырған уақытта, қолма-қол болсын, пошта арқылы болсын оның қабылданғанын растауы болып, оның ХҚКО немесе «ХҚКО»РМК тіркеуі (штамп, кіріс нөмірі және тіркелуі шағымның екінші данасында немесе ілеспе хатта қойылады) табылады.

Тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымның қаралу нәтижесі бойынша тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

Портал арқылы жолданған уақытта электрондық үндеудің портал арқылы жолдағаннан кейін тұтынушыға «жеке кабинет» арқылы Комитетте өңделу барысында жаңаландырылатын шағымы туралы ақпарат қол жетімді болады (жеткізілу белгісі, тіркеу, орындау, қарасытырылу немесе қайтару туралы жауабы).

25. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсы: www.minfin.kz, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті бөлімінде алуға болады.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялық министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 14 кіре-беріс, интернет-ресурс e-mail: kagu-con@mci.gov.kz и «Электрондық үкіметтің» Call-центр нөмірі 1414.

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандартына 1 қосымша

   

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тің нормативтік мәні


Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні


Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

100







2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

85







3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)


80







3.2. Ақпаратқа электронды түрде қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)

100







4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)



90







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың  %-ы (үлесі)

100








________________________

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандартына 2 қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары


Р/с




Орталықтардың атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚО»

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі,

189 а-үй

8 (7162) 40-10-76

8 (7162) 40-10-63

2.

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО»

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

8 (7132) 56-57-87

3.

«Алматы қаласы бойынша ХҚО»

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б-үй

8 (7282) 24-15-06
8 (7282) 24-41-33

4.

«Атырау облысы бойынша ХҚО»

Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23-үй

8 (7122) 21-34-67

5.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО»

Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 а-үй

8 (7232) 78-42-36

8 (7232) 28-94-67

6.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша № 2 ХҚО»

Семей қаласы, 408 квартал, 21-үй

8 (7222) 33-57-97

8 (7222) 33-55-93

7.

«Жамбыл облысы бойынша ХҚО»

Тараз қаласы, Абай даңғылы,

232-үй

8 (7262) 56-90-01

8 (7262) 46-00-28

8.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО»

Орал қаласы, Жамбыл көшесі,

81/2-үй

8 (7112) 23-68-81

8 (7112) 28-25-27

8 (7112) 28-29-14

9.

«Қарағанды облысы бойынша ХҚО»

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі,

7-үй

8 (7212) 41-63-10


10.

«Қостанай облысы бойынша ХҚО»

Қостанай қаласы, Таран көшесі,

114-үй

8 (7142) 53-44-84

8 (7142) 53-25-56

11.

«Қызылорда облысы бойынша ХҚО»

Қызылорда қаласы,

Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е-үй

8 (7242) 23-07-16

12.

«Маңғыстау облысы бойынша ХҚО»

Ақтау қаласы, 15 ш/а, 67 б-үй

8 (7292) 42-23-11

8 (7292) 42-23-12

13.

«Павлодар облысы бойынша ХҚО»

Павлодар қаласы, Павлов көшесі,

48-үй

8 (7182) 33-47-35

8 (7182) 70-42-01

14.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚО»

Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй

8 (7152) 33-12-57

15.

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚО»

Шымкент қаласы,

Мәделі Қожа көшесі, нөмірсіз

8 (7252) 30-06-79

8 (7252) 21-09-00

16.

Алмалы аудандық бөлімі

Алматы қаласы,

Бөгенбай батыр көшесі, 221

8 (727) 378-09-09

17.

Әуезов аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51-үй

8 (727) 247-16-27

18.

Бостандық аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Алмагүл ш/а, 9а-үй

8 (727) 396-37-00

19.

Жетісу аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Төле би көшесі,

155-үй


8 (727) 330-72-43


20.

Медеу аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Марков көшесі,

44 -үй

8 (727) 239-65-52

21.

Алатау аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ш/а, Жанқожа батыр көшесі, 24

8 (727) 395-36-10

22.

Алматы аудандық бөлімі

Астана қаласы, Мирзоян көшесі,

25-үй

8(7172) 61-84-11

23

Есіл аудандық бөлімі

Астана қаласы, Сауран көшесі,

7-үй

8 (7172) 50-13-70

24

Сарыарқа ауданы бойынша бөлімі

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

8 (7172) 32-46-97

Похожие:

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік icon«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы»

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік iconТҮсiндiрме жазба
«Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды...
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік iconОңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және шеттету қағидасы
Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және шеттету тәртiбiн белгiлейдi және оңалту, конкурстық...
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік icon«Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы»
Есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы №396 бұйрығына өзгертулер...
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік iconЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
«су айдындарында және (немесе) учаскелерінде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің»,...
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік iconЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
«су айдындарында және (немесе) учаскелерінде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің»,...
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік iconБекітілді «Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу – жұмыс табуға ықыласы бар және жұмысқа орналастырып, кейін оларды есепке қоюға жәрдемдесуге...
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік icon«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Емлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тізбесі, мекенжайы мен жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген...
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік iconБанкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйым құруға немесе иемденуге, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымды банктің құруына немесе иемденуіне, банктің және (немесе)
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік icon6. Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебелері бар қоғамдық бірлестіктерді Қажеттік құжаттардың тізбесі
Мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілеттік берген адам жеке басын куәландыратын құжатын, заңды тұлғаның құжаттарын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница