Курмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі




Скачать 89.37 Kb.
НазваниеКурмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі
Дата конвертации22.11.2012
Размер89.37 Kb.
ТипДокументы
Курмин ауылының әкімі М.Ж. Тулькинның ауылдың

2011 жылғы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары

бойынша тұрғындар алдындағы есебі
Құрметті жолдастар!
Жаңа дәуір 1991 жылдың желтоқсанынан басталады. Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіздіктің сын сағаттарында нар жүгін мойымай көтеретін қажырлы қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастады. Елбасымыз ұлтының үмітін ақтап, елді ел қылды дербес, егеменді Қазақстан мемлекетінің негізін қалады, іргелі мемлекет құрды. Ең бастысы, мұның бәріне жанжалсыз, жағалассыз жасампаздық арқылы жетті. Бұндай жетістік бірлікті елі, білікті төрі, ең бастысы, дана басшысы бар қоғамның ғана қолынан келеді. Тәуелсіз елдің адамдары арасында абыржушылықтар, уақытша күйзелістер мен дағдарыстар кездеспей қоймады. Демек, тәуелсіздігіміз елге де, Елбасына да үлкен сын болды. Елбасымыздың даналығының көрегендігінің арқасында көптеген қиыншылықтарды жеңе біліп, бүгінде Егеменді еліміз дамып келе жатқан мемлекет ретінде дүние жүзіне танылуда, соның айғағы дуние жүзілік ЭКҰҒ – саммитінің өтуі араға жыл салдырып бұрынғы қираған кеңес мемлекеттерінің басын қосып Россия, Беларусия, Қазақстан кеден одағын құру сонымен қатар Евро – Азия кеңістік экономикалық одақ құру – бұл тікелей біздің Елбасымыздың еңбегі, Тәуелсіз Қазақстанның жеңісі екені айғақ. 2011 жыл, елді мекен бойынша біршама жұмыстар атқарылған жыл болды. Елбасының Қазақстан халқына «Дағдарыстан дамуға атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Елді мекендегі кезек күттірмейтін мәдени – әлеуметтік нысандар 2010-2013 ж. арасындағы «әлеуметтік – экономикалық дамудағы комплексті жоспарда айқындалды.

Атап айтқанда Курмин селолық округі бойынша біршама игі мәселелер өз шешімін таппақ. Біріншіден – елді мекен тұрғындарының тұрмыстық жағдайын көтеру, яғни елді мекенде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуге жағдай жасау, мектептің материалды – техникалық жабдықтарын жаңарту мектеп оқушыларының білім деңгейін көтеру.

Халыққа медициналық жалпылама көмек көрсетуЕлді мекеннің бір қалыпты дамуын қамтамасыз ету, халықты еңбекпен қамту, жұмыссыздықтыңалдын алу, мәдени шараларды жүргізу, құқық бұзушылыққа жол бермеу. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, сонымен қатар, елді мекенді көркейту, таза сумен қамтамасыз ету, санитарлық – экологиялық ахуалды сақтау, мал өнімдерін көтеру, шағын және орта бизнесті дамыту, күрделі инвестициялық жобаларға бастама беру белгіленген.

2010-2030 жылдар

аралығындағы әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді жоспары бойынша біздің елді мекенде - мәдениет үйі мектеп жанында балалар орталығын салыну жоспарланған.

Көше жолдарының ескі су құбырларының жөнделуі, көше жарықтануы, елді мекендегі Агрофирма Құс фабрикасының мардымды жұмыс атқаруы, кіші және орта бизнестің ықпалды дамуы межеленген. Сонымен қатар осы жоғарыдағы мәселелерді түпкілікті орындауда, аудан, облыс, республика бюджетінен ауқымды қаржы қарастырылған атап айтқанда, мектепке күрделі жөндеуге 2012 жылға – 25 млн теңге, мектеп жанындағы шағын орталық ашуға – 17 млн 200 мың теңге бөлінген.

Денсаулық сақтау - тарапына – 1 млн 200 мың теңге әртүрлі мединациналық дәрі- дәрмекпен қажетті құрал сатып алуға, сонымен қатар жанұялық амбулатория ғимаратын салу көзделіп отыр.

Мәдени салада – аудандық бюджеттен көркем өнерпаздар үйірмесіне 500 мың көлеміне киім-кешек және жабдықтар алу межеленген.

Cонымен қатар кітапханадағы кітіп қарын көбейтуге келесі жылға 100 мың теңге және газет журнал жас оқырмандар жазылымына 150 мың теңге бөлінбек

Ауыл шаруашылық саласында.

Құрма құс фабрикасында жаңа технология енгізіп асыл тұқымды құс басын көбейту мен оның жұмыртқалау басымдылығын арттыру. Былтырғы жылы ірі қара сиыр малының аналық басы (224 болып) сақталып отыр бұл дегеніміз келесі жылыда 180-200 бас төл алынатына сенім береді.

Тұрғындар малға жем шөптің қорын жеткілікті көлемде түсірін алды. Шөптің бағасы былтырғы бағамен бірдей , тұрақтылығы сақталды.

Құнарлы жем біршіма арзандады. Биыл астық мол болды жем әлі де болса арзандайды деген үміттеміз.

Мал жайылымы тапшылығы бар дей тұрғанымен ұқыптап жерді пайдаланса мал басын асырауға мүмкіндік бар.

Ірі қара мал сәуір айынан 1 қарашаға дейін дала бағылымында.

Бүгінгі күнде 500 ірі қара малы бірдейлендіру жүйесіне енгізілді.

Ірі қара малынан 2 рет, қой ішнара 400 бас қойдан бруцеллезге қан алынды. Саралау қортындысы бойынша 42 бас ірі қара бруцелез ауруыны оң нәтиже беріп сарып ауру анықтылды. Ауру малдарды 5 күн ішінде Қарағанды қаласына ет өнімін өңдеу орындарына өткізілді. Қораларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Одан тысқары сібір жарасына, 650 бас ірі қара 1100 бас қой ешкі, 100 бас жылқы және туберкулезге 650 ірі қара малы егілді.

Елді мекенді көркейту – көше жарығын жандандыруға – 2013 жылы 3 млн 900 мың теңге, көше тазалығына - 150 мың теңге, және де көше жолдарын жөндеуге 2013 ж – 10 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылмақ
Құрметті ауылдастар!
Елді мекеді көркейту халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуда биылғы жылы ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда,көршілес кәсіпорын Дорстрой – LTD директоры Алекбаев В.Ж. – өз мекемесінің есебінен 65 тонна асфальт бөліп 190 метр жол бойына төсеніш салып жөндеп берді,

Жұмсаған мердігерлік қаржысы - 870 мың теңге. ЖШС «АгрофирмаҚұрма» - басшылығы директоры Якимов А.А – полицияға арналған үйді жөндеуден өткізді. Мердігерлік жұмсаған қаржысы - 920 мың теңге, сонымен қатар ескі су құбырларын жаз бойы 17 жерден жөндеу жұмыстарын жүргізді және де құс фабрикасының байырғы зейнеткерлеріне атаулы көмек көрсетуде. Жеке кәсіпкер Нығматулина М.З. – отбасы төмен азаматтарға көмірден өз қаржысы есебіненкөмек көрсетті. Құрма елді мекенінде орналасқан жеке кәсіпкерлер, Тумабаев А.А., Лиясова Н., Волощук С.Л., Закиров Х.А., Байбатырова К., Абдимомынов Е, Харченко И., Дуанбеков А., Ансарова Ф, Мырзабаев Т., Турарова Л., Шин Р.С өз шама шарқына байланысты жағдайы төмен отбасыларына жыл бойы атаулы қызмет атқаруда. Осы азаматтардың барлығына көпшілік атынан рахмет айтқым келеді.

Құрметті ауылдастар!, бүгінде ауылымызда кіші бизнестің дамуы арқасында еңбекке тұрғындардан 165 адам тартылса, мемлекеттік мекемелерде 102 адам қызмет атқаруда, сонымен қатар Құрма құс фабрикасында – 250 адам және Қарағанды қаласы мен төңіректерінде 172 адам жұмыс атқарады, яғни ауыл тұрғындары толықтай жұмыспен қамтылған. Елді мекен толықтай электр жарығымен, телефон байланысымен қамтамасыз етілсе, бүгінде Мегалайн жүйесіне қосылып тұрғындар интернетқызметтерін пайдаланып отыр сонымен қатар былтыр елді мекен бойынша 31 спутниктік теле антеннасына қосылса, бүгінде оның саны 45-ке жетті. Көптеген тұрғындар байырғы терезелерді пластикалык терезелерге ауыстырып көптеген тұрғындар электр жарығын үнемдейтін лампаларды жарық көзіне айырбастауда.

Құрметті ауылдастар! Бүгінгі таңда ауылдық әкім аппараты мамандары, ИСО -9000- стандарттарына сәйкес жүйелі жұмыс атқарып ел тұрғындары өздеріне байланысты тұрмыстық сұрақтарына дәлме-дәл тұжырымды жауап алуда. Бүгінде ауыл тұрғындары салық комитетіне қарыз емес, сонымен қатар тұрғын үй иелері тұрмыстық жәрдем ақы алуда. Аппараттық кеңестер, құжаттар айналымы дер уақытында беріліп өткізілуде. Сонымен қатар Топар кентіндегі №2 халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының жұмысын ауылда ұйымдастыру арқасында елді мекендегі 92 азаматпен азаматшаларды кәмелетке толу, жекешелендіру номерлері мен тіркеуге алу, тіркеуден шығару, қайталама куәлік алу жұмыстарын ұйымдастырып ауыл тұрғындарының уақытымен қаржысын үнемдеуге ықпалын тигізді.2011 жылдың 01 желтоқсанына 18 жасқа дейінгі балалары үшін отбасылық жәрдем ақы алуға өтініш білдіргендер саны 7. Отбасындағы балар саны 19. Төленген жәрдемақының жалпы сомасы 95,8 мың теңге.

Адрестік әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіргендер саны 4, алушылар саны 14 адам . Төленген жәрдемақының жалпы сомасы 186,4 мың теңге.
Әкім аппаратының халыққа қызмет атқаруындағы маңызды мәселелердің бірі тұрғындарды азық түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда барлық жеке кәсіпкерлермен меморандум жасалып күнделікті қажетті азық түліктің тиісті шеңберден асып қымбат бағамен сатылуына жол бермеу және қысқы қажетті тағамдар көкөніс, орамжапырақ, картоп, сәбіз, пиаз т.б. бау – бақша өнімдерін арзан бағамен халыққа сату ақырғы 3-4 жылда дұрыс жолға қойылған соның айғағыбиылда Астро – Агро ЖСШ серіктестігі директоры Шимпф А.Я. – ауыл тұрғындарын огород өнімдерімен толықтай қамтамасыз етті. Ағымды жылда «2020 – жұмыспен қамту бағдарламасы» бойынша әкім аппараты біршама жұмыс атқарды.

Бірінші бағыт бойынша - кәсіптік оқыту және қайта оқыту арқылы жұмысқа орналастыру, осы бағыт шеңберінде – 2 азаматша іс тігу мамандығы бойынша Қарағанды қаласында - 3 айлық курстан өтіп сертификат алды. Екі мектеп түлегі мерзімі 2 жыл 10 ай Қарағанды техникалық колледжінің – таулы электр жүйелерін жетілдіру мамандығы және Мичурин техникалық колледжінінде автокөлік жөндеуші мамандығы бойынша «Қарағанды облысы Абай ауданының жұмыспен қамту орталығы» ҚММ жолдамасымен оқып жатыр. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша: шағын несие туралы өз ісін кеңейту немесе ұйымдастыру мақсатында ауылдық округтен Қарағанды қаласында 7 – адам оқып жатыр.

Әкім аппараты мамандарының қатысуымен Абай ауданы Әділет Басқармасында 2010 жылғы 30 желтоқсанында №8-9-96 тіркелген, оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы қаулысын іс жүзіне асыру барысында, арнайы оқу бітірген 6 түлек ЖШС «Құрма – Агрофирмасында» - Абай аудандық еңбекпен қамту ММ арқылы жұмысқа орналысып бүгінде өз біліктіліктерін арттыруда.

Құрметті ауылдастар!

Жалпы 2011 жылдың қартындысы бойынша халыққа қызмет атқаруда біздің аппарат тарапына тұрғындар арасынан оқыс реніш байқалмады, себебі тұрғындар қандай мәселемен келседе шама шарқымызға қарай пайымды іс атқардық. Бүгінгі таңда Құрма селолық округіне 3 ауылды мекен құрамына енеді.

Спасск елді мекені бойынша – барлық тұрмыстық әлеуметтік жағдай толықтай шешілген бұл мектеп оқушыларын орталыққа тасымалдап оқытуы, тұрғындардың және әскери азаматтардың Қарағандыдан Спасскіге қатынауы қайтуы, бүгінде Қарағанды қаласының №3 автопаркінің 111-автобус маршруты қызметыарқылы ұйымдастырылған.

Жұмабек елді мекені бойынша көшелерді жарықтандыру, көше жолдарын жөндеу, жарылған су құбырларын жөндеуге уақытылы көмек көрсету, қыс кезінде қар тазалау және ауылға электромонтер – электрик болғанын қалайды.

Құрма елді мекені бойынша.

Бүгінгі таңдағы күрделі мәселелердің бірі елді мекенде бала бақшасы мен мәдениет үйінің болмауы. Мал бағынға жер көлемінің жетпеуі, малдарды суару тапшылығы.

Елді мекенде 9,3 км су құбыры тартылған су құбырлары 40-50 жыл бойы күрделі жөндеусіз халыққа қызмет атқарып келеді.

Бүгінгі таңда сол ескірген су құбырлары тозығы жетіп жарылып қолайсыз жағдай жасауда, бір ғана мысал 2011 ж.- бойы елді мекен бойынша 17 жерден жарылып «Құрма Құс фабрикасының» көмегімен жөндеуден өтуде. Су құбырлары ауыл әкімінің балансында, келешекте жеке тұлға құзырына өтуі ықтимал, сонымен қатар көшелердің жолдары ешқандай сын көтермейді жөндеу жұмыстары қажет. Көше жарығы бір ғана көшені қамтыған, келешекте барлық көшеге жарық көздерін жүргізу жоспары тұр. Елді мекенде байланыс, пошта, кітапхана, жанұялық амбулатория әкімшілік ғимаратты тұрғын үйлерге орналасқан, яғни бүгінгі талапқа сай емес, аталмыш мекемелерге келешекте заманға сай ғимараттар өте қажет. Аудан басшылары тарапынан біздің елді мекенге көмектері орасан зор жоғарыда айтылған кемішіліктерді жоюға әрдайым қолдау білдіруде, келешекте біздің елді мекенде жаңа жобамен мектеп салынбақшы, яғни ескі мектепке мәдениет үйі, әкімшілік т.б. – мекемелер орналастыру арқылы елді мекендегі байырғыдан өз шешімін таппай отырған күрделі мәселер өз шешімін таппақ. Алда тұрған міндеттің бірі, жұмыссыздықты ауыздықтау, елді мекенде бруцеллез, туберкулез аурулары індеттеріне жол бермеу, қоғамдық тәртіп бұзушыларымен іс әрекет атқару, халықтың әлеуметтік деңгейін көтерушағын және орта бизнесті дамыту т.б.

Құрметті ауылдастар! 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл толып отырғаны өзімізге белгілі. Міне, биылғы жыл осы жиырма жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді бағамдап, болашағымызға бағыт сілтеп, әлемдік кеңістіктердегі биік белестерге жетелеген тарихи жыл болып отыр. Дуние жүзінде көрініс тапқан соңғы оқиғалар Тәуелсіз жас мемлекетіміз ұстанған бағыттың дұрыстығын, Елбасы саясатының көрегендігін күн санап дәлелдей түседі осы орайда бізде, ауыл тұрғындары мемлекет ұстанған бағыт бойынша абыройлы қызмет атқаруға белсенділік танытып Тәуелсіз мемлекетіміздің ырғақты дамып көркейуіне өз үлестерімізді қоспақшымыз.

Сонымен қатар 15 қантардағы мәжіліс облыс, аудан депутаттарын сайлауға ұйымшылдық танытып бір ауыздын дауыс бердіңіздер. Күні кеше ғана Елбасының Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауын тыңдадыныздар. Бұл жолдау Қазақ мемлекетін, Қазақстан халқын оның тұрмыстіршілігін арттыруда өз үлесін қоспақ. Үндеуде саяси – экономикалық тұрғыда Қазақстан халқына оның тұрмыстық жағдайына әл ахуалын жақсартуға зор үлес қосылмақ Аталған жолдауда бүгінгі мақсаттарды анықтап, болашақтағы дамуға жол салынды. Оның ішінде жұмыспен қамту бағдарламасы, қол жетімді баспана, өңірлерді дамыту, келешекте мемлекетті басқаратын білімді басқарушылар кластерін дайындау, білім мен денсаулық сапаларын көтеру, газ мұнай салалардынын халыққа қызмет атқаруы, тұрақтылық пен береке, ел бірлігі яғни барлық сала толық қамтылған. Осы тұрғыда бізде өз елесімізді қосып еліміздің көркейуіне ат сапасымыз, көптеген қиыншылықты жеңе білдік алдымызда жарқын болашақтын биігіне жетуімізге көміл сенеміз зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Похожие:

Курмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі iconАқбастау ауылдық округі әкімі Б. М. Оразбековтың ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайлы есеп баяндамасы

Курмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі iconАқтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері
Жылы біз қазіргі заманғы Қазақстан тарихындағы айтулы даталардың бірі – біздің тәуелсіздігіміздің 20-жылдығын атап өттік
Курмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі iconКеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер!
Себебі,кез-келген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ең бір өткір мәселерін тұрғындар нақ осында қозғайды. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы...
Курмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі iconҚұрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы»
Ақтөбе қаласының әкімі А. Б. Мұхамбетовтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары...
Курмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі iconСайрам ауданының әкімі Уалихан Қайназаровтың 2011 жылдың әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы бойынша есебі
Еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған 20 жыл ішінде ғасырларға бергісіз даму жолынан өтті
Курмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Курмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі iconҚала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Елбасының Жарлығына сәйкес әкімдердің ел алдындағы есеп берулері жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқаны өздеріңізге жақсы...
Курмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
Курмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі iconӘлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылға арналған даму келешегі туралы есебі
...
Курмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі iconКішкенекөл селолық округінің әкімі – Сейтуаров Азамат Көшербайұлы: Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница