Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница8/9
Дата конвертации05.11.2012
Размер0.88 Mb.
ТипЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9



Глоссарий

Мұражай – адамның шығармашылық қызметінің белгілі туындылары немесе материалдық мәдениеттің ескерткіштері сақталатын ғылыми-ағарту мекемесі.

Қанжар – жезден, қоладаннемесе темірден жасалған 2 жүзді өткір шабу құралы.

Құмыра – мойны және құлағы бар биік дөңгелек бүйірлі ыдыс.

Қыш ыдыс – саздан, саз қоспаларынан күйдіріліп жасалған бұйым.

Мумия – іріп-шірімейтін етіп бальзамдалып тасталған мүрде.

Петроглиф – тасқа салынған сурет, жазу.

Протома – хауанның немесе мифологиялық жандының денесінің алдыңғы бөлігінің бейнесі.

Руна – тастарда және басқа заттарда салынған көне жазулар.

Ұштық - әдетте үшкір немесе қалпақ тәрізді болып келетін, бұйымның ұшына кигізетін зат.

Қиста – жұқа плиталардан тұратын, жерлеуге арналған тас жәшік.

Жәдігер, экспонаж – көрмеге, музейге немесе галереяға, экспонажға қойып, көпшілікке ұсынған сұңғат, кескіндеме, мүсін, сәнді өнер туындысы.

Тасты өңдеу – адамның өндірістік қызметінің анағұрлым сан қырлы және көне түрлерінің бірі.

Экспозиция - музейде және көрмелерде белгілі бір хронологиялық, тақырыптық т.б. жүйеде орналастырылған жәдігерлер.

Әйнектің үстіне салынған сурет – көркем керамикада фосфор, фаянс бұйымдарды күйдіріп, әшекейленгеннен кейін қылқаламмен не қаламұшпен жазу.

Багет – кариналарға, кескіндеме туындыларына, фотографияларға жақтау жасау үшін қажетті тегіс ағаш тақтай, пластина.

Барельеф – тегіс нәрсеге түсірілген мүсінді, фигуралары үстіне сәл ғана шығыныңқы тұратын бедерлі бейне.

Вернисаж – арнайы шақырылған меймандар қатысатын, көрменің салтанатты ашылуы.

Галерея - өнер туындыларын жұртшылыққа көрсету үшін қойылатын арнайы жабдықталған орын.

Бюст – адамның кеудеге дейінгі бейнесін мүсіндеп салу.

Лавис – нақыштау техникасы, металл тақтайда қылқаламмен қышқылды жағып сурет салу.

Люкаиа – күмбезге салынған терезе.

Мольберт - әртүрлі биіктіктегі картон, тақтай бекітілген, сұңғатқа арналған ағаш немесе металл станок.

Муляж – түпнұсқаның көшірмесі.

Мүсін – көлемді – кеңістік түріндегі, нақтылықтыңкөркемдік жаңартылуымен байланысты өнердің түрі.

Нобай – көбіне табиғи түпнұсқадан жылдам салынған сурет.

Рестовратор – мәдениет ескеркіштерін қалпына келтірумен айналысатын адам.

Эрмитаж - әлемдік мәдениет тарихындағы ірі музей.

Шпалер – желісі және өрнекті композициясы бар түксіз қабырға кілем.

Этюд – түпнұсқадан орындалған сурет, мүсін, әдетте үлкен туындының белгілі бір бөлшегі.

Экспозиция- музейде және көрмелерде белгілі бір хронологиялық, типологиялық, тақырыптық және т.б. жүйеде орналастырылған жәдәгерлер.

Акварель- сұңғат өнерінің бір түрі, әдеби суреттемелер мен новелллардағы лирикалық, жарқын образдар.

Авангардизм-өнердегі бағыт, бұрынғы мұрадан қол үзуге тырысу.

Көрме- көркем туыфндыларды, тарихи-мәдени құндылықтардың уақытша жұртшылықтың назарына қойылуы.

Кенеп- майлы бояумен кенепке салынған картина.

Кергіш- суретші кенепке сурет салғанда, жан-жағынан кергішке тартып қояды.

Кесіндеме- сурет өнерінің бояусыз сызық түрлері қолданылған тарауы, ақ қағазға қарандаш не көмірмен салынған сурет.

Кеуде мүсін- адамның кеудеге дейінгі бейнесін мүсінге салу.

Классика- сәулет стилі, әлемдік мәдениет үшін мәңгілік құндылығы бар, үлгілі керемет туындылар.

Классикалық сәулет- көне сәулеттің, сондай-ақ ежелгі сәулетке басты үлгі және көркем идеялар мен формаладың бастауы ретінде қараған өзге де дәуірлер сәулетіндегі стильдер мен бағыттардың жалпы атауы.

Мемориалды ғимараттар- маңызды тұлғалар мен оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын сәулет, бейнелеу және сәнді өнердің туындылары.

Маньеризм- Батыс Еуропа өнеріндегі стильдік бағытты білдіреді.

Мұнара- енінің көлемінен биіктігі анағұрлым бірнеше есе үлкекн құрылыс

Монументалды- сәнді мүсін, сәулет және табиғи ландшафтпен тығыз байланысты, синтетикалық өнер болып табылатын мүсіннің түрі.

Портрет- бейнелеу өнерінің нақты бір адамның немесе адамдар тобының сыртқы пішіні салынған жанры.

Мумтабель- ұшында дөңгелегі бар шағын ағаш таяқ.

Майолика- түрлі-түсті балшықтан жасалған қыш бұйым, үстіңгі жағы шыны тәріздес мөлдір немесе мөлдір емес құрамнан тұрады.

Қылқалам- суретшінің сурет салатын негізгі құралы.

Банкара- француздың жоғарғы сапалы хрусталь өндірісі.

Әдемі шыны- адам жасаған жасанды материал.

Жәдігер, экспонат- көрмеге, музейге, салонға экспозицияға қойып, көпшілікке ұсынған сұңғат, кескіндеме, мүсін, сәнді өнер туындысы.

Абстракталы өнер- затсыз өнер, модернум ағымы.

Авангард- 20 ғасыр өнерінде көркемдік мәнердің жаңа формаларын іздеген реализмнен қол үзген әр түрлі ағымдар.

Муляж- түпнұсқаның көшірмесі.

Эрмитаж- әлемдік мәдениет тарихындағы ірі музей.

Картина- сұңғат өнерінің шынайы терең ойды іске асыратын туындысы, көркемдік форманың мазмұнымен аяқталуымен айырықшаланады.

Коассицизм- 17-19 ғасырлар өнерінде көне үлгілерге ұқсауға негізделген стиль және бағыт.

Кілем- түрлі-түсті жүннен не жібектен мақта немесе кендір жіптен тоқылған түрлі-түсті бұйым.

Қазба- көне заттарды, ескерткіштерді іздеп табу мақсатында жер қыртысын қопарып іздейтін жұмыстар, сондай-ақ асы жұмыстар жүргізілетін жер.

Қыш ыдыс- саздан, саз қоспаларынан күйдіріп жасалған бұйым.

Мұражай, музей (грек.museion – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерд, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Абайдың жидебайдағы мұражай үйі – Семей қаласынан 180 км., аудандық орталық қарауылдан 25 км қашықтықта орналасқан. 1945ж ашылған.

Абайдың Семейдегі әдеби – мемориалдық мұражайы – (әнияр үйі) 1940ж ұйымдастырылған қордағы 13 мыңға жуық зат тақырыптық көрме залына топтастырылған.

Абай ескерткіші – 1960ж Алматы қаласында орналасқан (мүс. Х.Б.Наурызбаев, арх. И.И.Белоиерковский). Жалпы биіктігі 13,7м. Мүсін қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған.

Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының бір саласы.

Абдыра – үй жиһазы, сандықтың үлкен түрі.

Айбалта – жауынгердің жеке соғыс қаруы.

Айуан, айван – архитектурада шығыс сәулет өнеріндегі төбесі енселі, көп бағаналы галерея.

Айша Бибі кесенесі – 12 ғ-ғы саулет өнері ескерткіші.

Ақбикеш тас мүсіні – қола дәуірінің ескерткіші.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы - 1923ж құрлған мәдени – ағарту мекемесі.

Ақтайлақ Би кесенесі – 18 ғ-ғы сәулет өнерінің ескерткіші.

Ақтау обасы – қола дәуірінен сақталған Андронов мәдениетіне жататын ескерткіш.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – 1929ж құрылған, мәдени – ағарту мекемесі.

Алтай ескерткіштері – 18 ғ-дан зерттеле бастаған, көне дәуір есерткіші.

Алтайдың алтын адамы – б.з.б. 5-4ғ-ғы сақ дәуірінен сақталған ескерткіш.

Алтын адам – (б.х.б. 5ғ ) алтын пішімді сақ жауынгерінің мүрдесі.

Алтынсарин мұражайы - 1976ж Арқалық педагогикалық институты жанынан қоғамдық негізде ашылған ғылыми-мәдени мекеме.

Амангелді мұражайы – тарихи-құжаттық мәдени мекеме.

Арғанатты тас мүсіндері – түріктердің орта ғасырдан қалған ғұрыптық ескерткіш.

Арпаөзен таңбалы таспары – Арпаөзен петроглифтері – қола дәуірінен жартасқа таңбалданған суреттер.

Былқылдақ ескерткіші – қола дәуірінен қалған ескерткіш мекемесі. Барлығы 200-ге жуық ескерткіш.

Білге қағап ескерткіші – Орхон түркі жазба ескерткіштері ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі «мәңгі тас» қатарына жататын ескерткіш.

Ежелгі Тараз ескерткіштері – 1979ж 25 желтоқсанда ұйымдастырылған. 19 тарих және мәдениет ескерткіші бар.

Еңлік-Кебек ескерткіші – қос ғашық зираты басына қойылған ескерткіші.

Жамбыл мұражайы – ғылыми-мәдени мекеме. 1946ж Алматы облысы Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында ұйымдастырылған мұражай, қасында ақын кесенесі салтанат сарайы бар.

Жамбыл облысытық тарих-өлкетану мұражайы - Тараз қаласында 1931ж ашылған. 1978ж жаңа ғимаратқа көшірілген. Залдың жалпы аумағы – 1492м2. 30 мың нан астам экспонаты бар.

ҚР-ң мемлекеттік орталық мұражайы – Орталық Азиядағы ең ірі ғылыми мұрағаттың мәдени мекемесі. 1925ж Қазақ Өлкелік Орталық мұражайы болып құрылыған. 1929ж Алматы қаласына көшірілді. Қорында 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйым сақталған.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – мәдени-көрмелік және ғылыми мекеме. 1932ж алғашында политехникалық мұражай, 1938ж облыстық өлкетану мұражайы болып қайта құрылды. Қорында 134810 экспонат бар.

Атырау облыстық өлкетану мұражайы – мәдени-ағарту мекемесі. 1938ж құрылған. Мұражай экспонаттары палеолит дәуірінен қазіргі заманға дейігні Атырау өңірінің бай тарихын қамтиды.

Археология мұражайы – Қазақстандағы археологиялық қазбалардан табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме. Тарих, археология және этнография институтының жанынан 1973 ж ашылды.

Театр мұражайлары – театр тарихына байланысты құнды құжаттар мен материалдарды жинап сақтайтын ғылыми, мәдени-ағарту мекемесі.

Семей тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты – сәулет өнері ескерткіші. 19 ғ 50 жылдары қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында салынды. Қазан төңкерісінен кейін мұнда «Бостандық үйі», 1977ж облыстың тарихи-өлкетану мұражайы орналасты
«Мұражайтану» пәнi бойынша студенттер бiлiмiн бағалаудың

рейтингтiк жүйесi
Бағалау әрбір тапсырма нәтижесінің қорытындысы бойынша анықталады:

- аралық бақылау мен білім деңгейі, пәнді меңгере білуі;

- лекция басында және барысындағы бекіту сұрақтары;

- семинар сабақтарында негізгі түсініктер мен заңдылықтарды игеру;

- семинар (ОБСӨЖ) сабақтарында тәжірибелік тапсырмаларды орындауды игеру.
І. Рейтинг балдарын бақылау бойынша анықтау




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Балл қою

1


емтихан

Қорытынды бақылау

40

Аралық бақылау

5+5

Кезекті бақылау

50







Барлығы

100


Аудиториялық сабақтар төмендегідей анықталады:

лекция – 15 сағат;

семинар – 15 сағат;

барлығы – 30 сағат.
ІІ. Кезекті және аралық бақылау балдарын (30) анықтау:

Семестр бойынша 2 аралық бақылау өткізіліп, олардың әрқайсысына 30 балдан бөлінеді.
Аралық бақылаудың өткізілу кестесі:

Бақылау түрі

Формасы

Мерзімі

Жоғары балл

Тақырыптар

Аралық бақылау

Тест тапсырма-лары, тақырып-қа сәйкес тап-сырма

7 апта

5

1-7 оқу аптасы

Аралық бақылау

Кешенді тап-сырма, бақылау жұмысы

15 апта

5

8-15 оқу аптасы


ІІІ. Орындалған тапсырмаларға балл қою:
Тапсырма түрі:

- семинар (ОБСӨЖ) сабағында жауап берген кезде

- өте жақсы – 1 балл;

- жақсы – 0,7 балл;

- қанағ. – 0,5 балл;

- қанағатсыз. – минус 0,5 балл

- лекцияға қатысып, конспект болса – 0,2 балл;

- қосымша – 0,3-0,5 балл;

- баяндама – 1,0 балл;

- реферат – 1,5 балл;

- бақылау жұмысы – 0,3 балл;

- глоссарий – 0,2 балл;

- кроссворд құрастыру – 0,3 балл;

- студентік конференцияға дайындық – 1 балл;

- мерзімдік баспасөзге талдау жасау – 0,2 балл;

- лекция, семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса – 0,5 балл.

Семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса, студент кесте бойынша сол сабақтарды қатаң түрде өтейді.

Сабақ қалдырған студентке кезекті бақылау жұмысы тапсырған кезде, төменгі жағдайларға назар аудару керек:

  • егер студент себеппен сабақ қалдырған болса, оның өтелген сабағының бағалауы төмендемейді, мысалы студент «5» ке жауап берсе, баға сақталады.

  • егер студент себепсіз сабақ қалдырған болса, оның бағалау коэффициенті төмендейді: берілген тапсырма бір аптаның ішінде орындалса – 0,8 балл, келесі аптада орындалса - 0,6 балл, екі аптадан кейін орындалса – 0,4 балл, одан кейінгі орындалған тапсырмалар қабылданбайды.


Қорытынды бақылау тапсырмалары:

1. Бақылау жұмысына дайындық.

2. Бақылау тестісіне дайындық.

3. Глоссарийдың түсініктерімен жұмыс істеу.
ІV. Аралық бақылау тест, бақылау жұмысы, тақырыпқа сәйкес тапсырмалар ретінде оқытушының талабы бойынша өткізіледі.
Аттестация қорытындысы бойынша рейтинг балдарды анықтау:


Дұрыс жауап бергендегі %-тік көрсеткіш

Бағалау

55-60

5 (өте жақсы)

45-54

4 (жақсы)

30-44

3 (қанағат.)

0-29

2 (қанағатсыз.)


Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:


Балдар(%)

Бағаның әріптік жүйесі

Балдың

цифырлық

баламасы

Баға

95-100

90-94

А

А-

4.0 3.67

Өте жақсы

85-89

80-84

75-79

В+

В

В-

3.33

3.0

2.67

Жақсы

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

С+

С

С-

2.33

2.0

1.67

1.33

1.0

Қанағаттанарлық

0-49

Ғ

0

Қанагаттанарлықсыз


7. Курсты оқытудың талаптары
Студент ЖОО оқып жүрген кезінде төмендегідей талаптарды орындауға міндетті:

-Сабаққа кешікпей қатысу.

-Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.

-Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.

-Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)

-Сабақ үстінде артық сөйлемеу.

-Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.

-Сабаққа тиісті киіммен келу.

-Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)

-Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.

-Оқу процесіне белсенді қатысу.

-Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.

-Әрбір сабаққа міндетті дайындық:

-Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.

-Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.
Бақылау түрі мен формасына қарай балл қою:

1 ескерту. Семестр қорытындысы бойынша тиісті баға алып, 30 балл жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтихандағы тиісті баға 20 балл.

2 ескерту. Қалдырылған практикалық сабақтар орындалған жұмысты қорғау арқылы өтеледі.

Аралық бақылау сұрақтарының тапсырмалары
1 бақылау сұрақтары. Тест жұмысы.


1.Көне заттарды, ескерткіштерді іздеп табу мақсатында жер қыртысын қопарып істейтін жұмыстар, сондай-ақ жұмыстар жүргізілетін жер

2. Әлемдік мәдениет тарихындағы ірі мұражай қалай аталады?

3. Адамның шығармашылық қызметінің белгілі туындылары немесе материалдық мәдениеттің ескерткіштері сақталатын ғылыми-ағарту мекемесі қалай аталады?

4. Өнер туындыларын жұртшылыққа көрсету үшін қойылатын арнайы жабдықталған орын қалай аталады?

5. Арнайы шақырылған меймандар қатысатын, көрменің салтанатты ашылуы қалай аталады?

6. Көрмеге, мұражайға немесе галереяға, экспонажға қойып, көпшілікке ұсынған сұңғат, кескіндеме, мүсін, сәнді өнер туындысы?

7. Мұражайда және көрмелерде белгілі бір хронологиялық, тақырыптық т.б. жүйеде орналастырылған жәдігерлер қалай аталады?

8. Мұражай коммуникациясының актылы сызбанұсқасы.

9. Әліби Жангелдиннің мұражайы қандай сипатта жасалған?

10. Мәдениет ескерткіштерін қалпына келтірумен айналысатын адамды қалай атайды?

11. Торғайдағы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов атындағы мұражай қай жылы ашылды?

12. Шақшақ Жәнібек тарханның мұражайы қашан ашылды?

13.Петроглиф дегеніміз?

14. Тастарда және басқа заттарда салынған көне жазулар қалай аталды?

15. Муляж дегеніміз не?

16. Табиғи түпнұсқадан жылдам салынған сурет қалай аталады?

17. Түпнұсқадан орындалған сурет, мүсін, әдетте үлкен туындының белгілі бір бөлшегі қалай аталады?

18. Желісі және өрнекті композициясы бар түксіз қабырға кілем қалай аталады?

19. Картиналарға, кескіндеме туындыларына, фотографияларға жақтау жасау үшін қажетті тегіс ағаш тақтай, пластина қалай аталады?

20. Жаңа экспозицияны жасау тұжырымдамасын дайындаған кезде қандай міндет шешілуі тиіс

21. Экспозиялар жүйесінде бір бірімен байланысты қандай бөлімдер өз қызметтерін атқарады

22. Аймақтың қалыптасу тарихын және сол арқылы басқа экспозициялардың фундаментін қалайтын экспозиция жүйесінің бір бөлімі

23. Жаңа экспозицияны жасау тұжырымдамасын дайындаған кезде қандай міндет шешілуі тиіс.

24.Қай қалада 1930 жылы бүкіл Ресейлік мұражай съезі өтті:

25.Орталық мемлекеттік мұражайы нешінші жылы ҚР Орталық мұражайы деп аталды:

26.Тұңғыш ҚР. Президент мұражайы қай қалада орналасқан

27.Қазіргі мұражайлар қызметінің ең маңызды өлшемдерінің бірі

28.Мұражайдың жаңа түрлері қай ғасырдан бастап кеңінен тарай бастады

29.Мұражай ісін дамытудың әдістемелік базасы

30.Мұражайлар мен әлеуметтік орындардың тығыз байланысқа түсуінің арқасында мұражайдың қандай қызметінің мәні арта түсті
2 аралық бақылау сұрақтарының тапсырмасы.

Тест жұмысы

1.Мұражайды дамыту бағыттарын жүзеге асыру механизмі

2.Қоғамның жалпы білім деңгейінің артуына байланысты мұражай қандай жетістіктерге жетті

3.Астанадағы жазу тарихы мұражайы қай жылы ашылды

4.Қашан Қазақстан өлкетану мұражайы толығымен Алматы қаласына көшіп келді

5.Орталық мемлекеттік мұражай негізін қай қалада қалады

6.Мұражай күні қай күн болып есептеледі

7.«Эрмитаж» француз сөзінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді

8.Мұражай қазақ жерінде қашан пайда болды

9. Өлкемізде бірінші болып өлкетану мұражайы қашан ашылды

10.«КСРО дағы мұражай қоры туралы ереже» қашан қабылданды

11.Мұражайды фольклорлық этнографиямен тығыз байланыстырған академик кім?

12.Мұражай ісінің XX конференциясы 2000 жылы қандай қалада өтті?

13.1913 жылы Қазақстанда неше мұражай болды

14. «Қазақстан мұражайлары» журналы қай уақытта шықты

15.Орынбор губерниялық мұражайы қай жылы ашылды

16.ҚР.Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы қаулы қай жылы қабылданды

17.Реставрация дегеніміз не?

18.Нумизматикалық материалдар

19.Қай жылы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы республика бойынша 1 орынға ие болды

20.Рудный қаласында тарихи өлкетану мұражайы қай жылы ашылды

Қостанай қаласында тың терушілерге арналған ескерткіш қай жылы ашылды

21.Қостанайда Ы. Алтынсарин атындағы мемориалды мұражай қай жылы ашылды?

22.Торғайда 1984 жылы қандай мұражай ашылды

23. Муляж дегеніміз не?

24. Табиғи түпнұсқадан жылдам салынған сурет қалай аталады?

25. Түпнұсқадан орындалған сурет, мүсін, әдетте үлкен туындының белгілі бір бөлшегі қалай аталады?

26. Желісі және өрнекті композициясы бар түксіз қабырға кілем қалай аталады?

27. Картиналарға, кескіндеме туындыларына, фотографияларға жақтау жасау үшін қажетті тегіс ағаш тақтай, пластина қалай аталады?

28. Жаңа экспозицияны жасау тұжырымдамасын дайындаған кезде қандай міндет шешілуі тиіс

29. Экспозиялар жүйесінде бір бірімен байланысты қандай бөлімдер өз қызметтерін атқарады

30. Аймақтың қалыптасу тарихын және сол арқылы басқа экспозициялардың фундаментін қалайтын экспозиция жүйесінің бір бөлімі қалай аталады.


Рефератты жазу әдістемесі: Рефераттар даярлау. Реферат деген белгіленген тақырып бойынша ғылыми әдебиеттердегі концепцияларды қысқаша баяндау. Негізгі мәнісі деректерден маңыздыны белгілеп алып,оны қысқаша түрде баяндау.

Рефераттың көлемі 2 интервал арқылы жазылған 8 баспа беттен кем емес және 20 баспа беттен аз емес болуы керек. Рефераттың мәтіні үш бөлімге бөлінеді: кіріспеге, негізгі бөлімге және қорытындыға. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, негізгі мәселенің қысқаша сипаттамасының түйіні, жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, пайдаланған түп нұсқа деректердің мәнісін айқындау қажет. Негізгі бөлім бір-бірімен байланысты,тізбектелген
Реферат тақырыптары:

1. Мұражай және мұражай қызметінің дамуындағы жаңа тенденциялар.

2.Мұражайлардағы мәдени мұра

3.Орталық мемлекеттік мұражай.(ХХ ғ20-40 жж.)

4.Республикалық, облыстық мұражайлардың қалыптасуы

5.Тарихи-өлкелік мұражайлар ісінің тарихы

6.Мұражайдың жаңа тұжырымдамасын теориялық жағынан негіздеу

7.Мұражай қызметі бағдарламасын жетілдіру

8.Мұражай жұмысын ұйымдастыру, ғылыми және жобалы жүйенің дамуы.

9.Мұражай менеджментінің және маркетингінің дамуы

10.Мұражайлық іс-әрекеттің қорлық сақтаушылық және ғылыми-ақпараттық дамуы.

11.Экспозициялар жүйесінің дамуы.

12.Мектептік мұражайдың мақсаттары мен қызметі

13.Ресей аймағындағы ғылыми және оқу мұражайларының пайда болуы және қазақ мұражайларының пайда болуына тигізген әсері.

14.Түркістан аумағында жаратылыстану антропология қоғамының қызметтері.

15.Ресей географиялық қоғамының Қазақстан территориясында мұражайлардың пайда болуындағы үлесі.

16 .ҚР президерт мұражайы

17.Жетісу мұражайының қызметі .Пантусовтың үлесі.

18.Қостанай облыстық тарихи - өлкетану мұражайының тарихы.

19.Кеңес үкіметінң мұражай заттарын жинақтау мен сақтаудағы алғашқы шаралары.

20. Кеңес үкіметінң 1-ші кезеңдеггі тарихи мәдени мұраны қорғаудағы заңды құжаттары.

21. Орынбор мұражайының қызметі.

22.Абай атындағы әдеби мемориалдық мұражай

23.Ұлы Отан соғысынан кейінгі мұражай ісі.

24.1960-ж.ж. мұражайлар.

25.ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының қызметі.

26.Қазақстандағы мемориалды мұражайлар.

27.Халық аспаптар мұражайы.

28.Республикалық мұражайлардың қызметі.

29.ҚР –ның ұлттық мұражай қоры

30.Мұражай ісіндегі халықаралық байланыстар.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница