2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары




Название2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
страница1/17
Дата конвертации05.11.2012
Размер1.78 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы әкімдігінің

2011 жылғы ____________

№ __________қаулысымен

бекітілген


2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

стратегиялық жоспары
«Өскемен қаласының ТҮКШ,

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімі» ММ бастығы _____________________ Ж.Б. Баирханов

Келісілді: «ШҚО энергетика және коммуналдық-- шаруашылық басқармасы» ММ _____________________ А.С. Шерубаев «ШҚО жолаушы көлігі және

автомобиль жолдары басқармасы» ММ _____________________ Д.А. Гариков

Өскемен қаласы, 2011 жыл

Стратегиялық жоспардың мазмұны


  1. Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің міндеті мен пайымдауы

2. Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларын дамыту тенденциялары

3. Стратегиялық бағыттар, мақсат, міндеттер және нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші мен іс-шаралар

3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсат, міндеттер және нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші мен іс-шаралар

3.2. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

бөлімі» ММ стратегиялық мақсаттарының мемлекеттің мақсаттарына сәйкес келуі

4. Функционалдық мүмкіндіктерін дамыту

5. Ведомствоаралық өзара әрекеттестік

6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар

7.1. Бюджеттік бағдарламалар

7.2. Бюджеттік шығындар жиынтығы.

1 бөлім. Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің міндеті

қаланың тіршілік қарекетінің инженерлік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мен қызметін ұйымдастыру әрі қамтамасыз ету;

халық және бюджеттік сала мекемелері алатын коммуналдық қызметтер сапасының болашақта өсуі мен деңгейін тұрақтандыру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;

қалалық шаруашылыққа коммуналдық қызметтерді сенімді әрі кідіріссіз жеткізуді қамтамасыз ету;

мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алуды, ұстауды, сақтауды және бөлуді қамтамасыз ету;

қаланың коммуналдық меншігіне болашақта тапсырумен иесіз мүлікті, қараусыз қалған жылжымайтын тұрғын үй мұлкін анықтау

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сатуды қамтамасыз ету;

мемлекет пен жолдарды пайдаланушылардың мүддесінде тұрғын үй қорын техникалық пайдалануға беру және жөндеу саласында жолдарды қалпына келтіру, жөндеу, пайдалану және дамыту мәселелерін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

Өскемен қаласында қолайлы қоршаған орта жасау және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін өткізудің және көгалдандырудың, санитарлық жағдайдың, көркейтудің қажетті деңгейімен қамтамасыз ету;

қаланың көгалдандыру нысандарының, жол-көпір шаруашылығының және қаланың жасыл келбетінің сақталуын қамтамасыз ету;
Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің

пайымдауы

Өскемен қаласын дамытудың Бас жоспарын іске асыру

Көрсетілетін коммуналдық қызметтердің деңгейін және тұрғын үй қорын ұстау сапасын арттыру.

Меншік түрінен тыс коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарымен қала халқына жеткізілетін коммуналдық қызметтер саны мен сапа мониторингін жүзеге асыру.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында коммуналдық қызметтерді көрсету, нарықтық қатынастарды жүзеге асыру, серіктестікті дамыту нарығындағы бәсекелестікті дамытуға ықпал ету.

Коммуналдық меншіктегі электр және жылу, канализация жүйелерінің, тазалау, кәріз жүйелерінің, сумен жабдықтау нысандарын қалпына келтіруді және жөндеуді ұйымдастыру.

Қалалық автомобиль жолдарын қалпына келтіруді, жөндеуді және ұстауды ұйымдастыру, қалалық аумақтарды санитарлық ұстауды қамтамасыз ету; қанғыбастарды жерлейтін және жерленген жерлерді ұстау; көшелерді жарықтандыру жүйелерін ұстау және жарық беру; қалалық аумақтарды көркейту және көгалдандыру.

Тұрғын үй ғимараттарын ұстау мәселелерінде пәтер иелері кооперативтерімен және жайлардың иелерімен ұйымдасқан түрде ықпал ету.

Тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу, мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, барлық меншік түрінде анықталған бос пәтерлердің сақталуы бойынша шаралар қабылдау, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың кейбір санаттарына баспана беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

Апатты жағдайдағы және ескі үйлерді бұзуды ұйымдастыру.

Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысу, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол саласындағы бірыңғай техникалық саясатты жүргізу.
2 бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларын дамыту тенденциялары
Телекоммуникация

Өскемен қаласы бойынша кезектіліктің жойылуына байланысты 2009, 2010 жылдары телефонмен қамту ағымдағы сұраным бойынша тоқтаусыз орнату әдісімен жүргізіледі.

Мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алуды, ұстауды және сақтауды қамтамасыз ету

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің негізгі міндеттерінің бірі коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорын мақсатты пайдалану мониторингін жүзеге асыру, мемлекеттік, иесіз және бос қалған үйлерді анықтау және есепке алу, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жаңадан салынған үйлерді және коммуналдық меншікке берілген босатылған үйлерді бөлу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын қатаң сақтау, кезекте тұрған азаматтардың арасында мемлекеттік тұрғын үй бөлу болып табылады.

2010 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке 567 адам тірокелді, табысы аз азаматтарға 67 пәтер бөлінді, бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік қызметшілерге 12 пәтер, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1 пәтер, 17 қызметтік пәтер бөлінді.

Тұрғын үй қорын техникалық пайдалану және жөндеу

Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламасына сәйкес, бар тұрғын үй қорын ұстау және пайдалануға жататындарды қамтамасыз ету мақсатында, кондо-миниум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды іске асыру үшін Өскемен қалалық мәслихат сессиясының 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 6/9 шешімімен тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы қолданыстағы Ережеге өзгертулер енгізілді:

­­­– тұрғын үй көмегін алуға құқығын анықтау кезінде жеңілдік пайдаланушы тұлғалардың аясы кеңейді;

– әлеуметтік нормалар шегінде (1 шаршы метрге 10-нан 20-ға дейін) тұрғын үйді ұстауға шығындар мөлшерін ұлғайту;

– тұрғын үй көмегін алушыларға кондоминиум нысандарына күрделі жөндеу жүргізуге шығындардың орнын толтыру механизмі мен құжаттардың тізімі анықталды.

Тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар отбасылар 100 % кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеу бойынша шығындардың орынын толтыру құқықтарын бөлісті. Шығындардың орынын толтыру үй тұрғындарының жалпы жиналысының (жалпы жиналыстың шешімінен үзінді) хаттамасы, кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеудің жеке түрлерін жүргізу шарты (көшірме), атқарылған жұмыстар актісі (көшірме) бар болған кезде қайтарылады. Қазіргі уақытта тұрмысы төмен азаматтарға коммуналдық қызметтер шығыны отбасының жиынтық кірісінен 10 %-ды құрайтын азаматтар жатады.

2008 жылға кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге өтемақы 93 тұрғын үй көмегін алушыға 1,9 млн. теңге сомада тағайындалды, 14 тұрғын үйге жөндеу жүргізілді.

2009 жылы тұрғындардың күшімен суық сумен, ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне, 24 тұрғын үйдің жылу жүйелеріне, 6 тұрғын үйдің шатырына, 3 тұрғын үйдің қасбетіне жөндеу жүргізілді.

Тұрғын үй-коммуналдық саланы жақсарту үшін мемлекеттік қолдау (бөлінбейтін ортақ мүлікке күрделі жөндеу жүргізу үшін демеуқаржы (шатыр, жалпы үйлік инженерлік желілер, лифтілер және т.б.) немесе жергілікті бюджет қаражатынан оларды жөндеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру мүмкіндігі үшін оларды коммуналдық меншікке ауыстыру қажет.
Лифт шаруашылығы.

Көп қабатты үйлердегі қанағаттандырылмайтын жағдай лифт шаруашылығы.

Өскемен қаласында 195 биік тұрғын үйде 508 лифт орнатылған, оның ішінде: 420 лифт жұмыс істейді, мамандандырылған ұйымдармен немесе кооперативтермен өз бетінше қызмет көрсетіледі, 81-і ұзақ уақыт пайдаланылмайды және бөлшектеп таратылған.

Қалада лифтілермен қызмет көрсетумен келесі мамандандырылған ұйымдар шұғылданады: «ЛИФТЭК» ЖШС (директоры – К.В. Зиновьев, 205 лифтіге қызмет көрсетеді), «Лифтсервис» ЖШС (директоры – В.Р. Матюнин, 32 лифтге қызмет көрсетеді), «ПНП» ПК (директоры – Е.Д. Родичев), 85 лифтге қызмет көрсетеді, «ЭРА» ЖШС (директоры – А.В. Солдатов), 3 лифтге қызмет көрсетеді. Сегіз пәтер иелерінің кооперативі өз лифттеріне өз бетінше қызмет етеді (157 лифт).

158 лифт 25 жылдан астам пайдаланылуда, қызметтің нормативті мерзімін өтедәді.

Пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты (37 жыл) ауыстыруды қажет ететін лифтілер саны:

2011-21 лифт.

26 лифт бұрыңғы жатақханаларда, оның ішінде 18-і Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалау органдарымен есептен алынды, 8 лифт бөлшектеп таратылды, жетілдіруге жатады.

Бір лифтіні күрделі жөндеу бойынша жұмыстар 6,3 млн. теңгені құрайды. Лифт жабдықтарын жөндеу бойынша жалпы шығындар 0,5 млн. теңгені құрайды.

Қаланың коммуналдық меншігіне барлығы 27 лифт қабылданды, олардың күрделі жөнделуіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 2007-2009 жылдары лифт жабдықтарын толық ауыстырумен 9 лифті жөнделді.

2010 жылы 17 лифті жөнделді, бұл мақсатқа қала бюджетінен 110 млн. теңге бөлінді.

Қалада лифтілерге қызмет көрсету бойынша қызметтер рыногында басым жағдайды «ЛИФТЭК» ЖШС иеленеді.

Қолданыстағы диспетчерлік байланыс отыз жылдан астам уақыт бұрын салынған және апатты жағдайда. Байланыстың сапасы техникалық жағынан ғана ескірген жоқ, уақытша факторлар мен ауа-райы жағдайларының салдарынан күнделікті бұзылу күтілуде.

Қаланың сол жағалау аудандарының (ЖМК) лифтілері диспетчерлік және орталықтандырылған апатты тәуліктік қызметі жоқ жекелеген кәсіпорындармен қызмет етіледі. Аталған аудандағы жаңа тұрғын үйлердің кең өріс алған құрылысы осы мәселелермен кездеседі.

Қалада лифт шаруашылығының сақталуы және сапалы қызмет етілуі үшін диспетчерлік байланыстың бірыңғай орталықтандырылған жүйелерін енгізу қажет. Жұмыстардың шамамен алынған құны 90,0 млн. теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сатуды қамтамасыз ету.

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағ-дарламасын іске асыру шеңберінде 4023 азаматтан өтініш түсті, несиелік пәтермен 1204 азамат қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2841 адам өтініш берді, оның ішінде «баласы бар жас отбасылар» санатына 660 өтініш беруші, «мемлекеттік қызметші» санатына 1225, «мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлері» санатына 374 өтініш беруші, «мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері» санатына 582 өтініш беруші жатады. Өскемен қаласында 31.12.10 ж. жағдай бойынша 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 281 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ алынған мәліметтерге сәйкес Өскемен қаласында 2010 жылдың аяғына дейін ҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде келесі тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру жоспарлануда:

– 19-тұрғын ауданның 1 шағын ауданындағы 1 позицияның монолиттік тұрғын үйі (2009 жылдан өткен) (81 пәтер);

– 19-тұрғын ауданның 1 шағын ауданындағы 4 позицияның монолиттік тұрғын үйі (70 пәтер);

– 16-тұрғын ауданның «Металлург» кентіндегі Ә. Молдағұлова көшесі бойынша 1 позицияның тұрғын үйі (60 пәтер);

– 16-тұрғын ауданның «Металлург» кентіндегі Ә. Молдағұлова көшесі бойынша 2 позицияның тұрғын үйі (60 пәтер);

– 22-тұрғын ауданда тұрғын үйлер кешенін салу (38 үй);

– Островский көшесі, 16 мекенжайы бойынша 20 пәтер сатып алынды.

Іс жүзінде келесі тұрғын үйлер пайдалануға берілді:

– 19-тұрғын ауданның 1 шағын ауданындағы 5 позицияның монолиттік тұрғын үйі (2009 жылдан өткен) (81 пәтер);

– 16-тұрғын ауданның «Металлург» кентіндегі Ә. Молдағұлова көшесі бойынша 1 позицияның тұрғын үйі (60 пәтер);

– 16-тұрғын ауданның «Металлург» кентіндегі Ә. Молдағұлова көшесі бойынша 2 позицияның тұрғын үйі (60 пәтер);

– 22-тұрғын ауданда тұрғын үйлер кешені (12 үй)

– Островский көшесі, 16 мекенжайы бойынша 20 пәтер

Сонымен бірге «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ алынған мәліметтерге сәйкес Өскемен қаласында 2011 жылы ҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде келесі тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру жоспарлануда:

– 19-тұрғын ауданның 1 шағын ауданындағы 4 позицияның монолиттік тұрғын үйі (70 пәтер);

– 19-тұрғын ауданның 1 шағын ауданындағы 5 позицияның монолиттік тұрғын үйі (2009 жылдан өткен) (81 пәтер);

– 19-тұрғын ауданның 1 шағын ауданындағы 3 позицияның монолиттік тұрғын үйі (2010 жылдан өткен) (70 пәтер);

– 22-тұрғын ауданда тұрғын үйлер кешенін салу (43 үй + 2010 жылдан өткен 26 үй).
Сумен қамту

Өскемен қаласында сумен қамту және су тарту қызметтерін жеткізуші-кәсіпорын болып Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» және «Жаңа Согра» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары табылады. Су құбыры желілерінің тозуы 70 %-дан 100 %-ға дейін.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансында:

– 476,1 км су құбыры желісі; - қуаты 216 мың м3/тәул. болатын 8 бастоған;

– Су құбырының белгіленген өндірістік қуаттылығы 462,4 мың м3/тәул;

– 1-ші сатыға көтергіш 57 сорғы станциясы;

– 63 су тартқыш сорғы станциясы;

– 1229 өрт гидранты;

– 138 су бөлетін колонка бар.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Жаңа Согра» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансында:

– 40,579 км су құбыры желісі;

– 2 бастоған бар.

Қазіргі уақытта қаланы сумен жабдықтау жер асты суларының 10 бас тоғаннан – Северо-Атаман, Төменгі-Согра, Октябрьский, 3-ші шағын аудан, Пионерский, Аблакетка, Лесозаводской, Элеваторный, Береговой және Солнечный бас тоғандарынан жүзеге асырылады.

Северо-Атамановский, Төменгі-Согра бастоғандары (бастоған имараттарының солтүстік кешені) – Атамановский аралы мен Абай даңғылында орналасқан, 1952 жылдан бастап пайдаланылуда. Имараттың орташа тозуы 64 %. Бастоған Өскемен қаласының Солтүстік торабындағы кәсіпорындарын және қаланың 56340 тұрғынын сумен қамтамасыз етеді.

Бастоғанның құрамына мыналар кіреді:

– бірінші сатыға көтергіш сорғы станциясы – 18 бірлік, бастоғанның арал жақ бөлігінде орналасқан, дуалмен қоршалған, санитарлық қорғаудың бірінші аймағының шекарасы аралдың жағалау сызығы болып табылады;

– екінші сатыға көтергіш сорғы станциясы – 2 бірлік, Төменгі-Согра бастоғанының аумағында орналасқан;

– таза су резервуарлары – 4 бірлік, судың жалпы көлемі 12 000 текше метр;

– хлоратор, Төменгі-Согра бастоғанының аумағындағы жеке тұрған ғимаратта орналасқан. Хлорлы су ТСҚ тікелей беріледі. Хлораторда «ALDOS» фирмасының жабдығы орнатылған.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconАқсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі 2008 жылға...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconТаблица на гос языке
«Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconЖалпы ережелер
Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мм тұрғын үй коммуналдық саясатын...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм

2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны 1 бөлім. Миссия және пайымдау 3 2 бөлім
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconХабарлаймын, түзету! Тапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
Тапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconРудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм мекенжайы: Рудный қ., Космонавттар...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница