2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары




Название2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
страница2/17
Дата конвертации05.11.2012
Размер1.78 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Октябрьский бастоғаны – 1958 жылдан бастап пайдаланылуда. Бастоған қаланың Үлбі ауданын, 33131 адамды сумен қамтамасыз етеді.

Бастоғанның құрамына мыналар кіреді:

– бірінші сатыға көтергіш сорғы станциясы – 8 бірлік, санитарлық қорғау аймағының бірінші белдеуі ұңғыманың жан-жағынан 50 м., периметр бойынша бастоғанда т/б қоршау бар;

– екінші сатыға көтергіш сорғы станциясы;

– таза су резервуары – 2х500 текше метр;

– хлоратор, екінші сатыға көтергіш сорғы станциясының ғимаратында орналасқан. Хлорлы су ТСҚ тікелей беріледі.

Қазіргі уақытта екінші сатыға көтергіш сорғы станциясы сорғы ғимараты мен жабдықтардың жағдайы, қуаттылығы бойынша талаптарды қанағаттандырмайды. Бастоғанды қайта жаңарту жобасы әзірленді, бірінші кезек: сорғы станциясынан қаланың таратқыш желілеріне дейін су бұру және екінші сатыға көтергіш сорғы станциясын салу. Құрылыс жүргізілген жоқ. Бастоғанды жер бедерінен жоғары орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындардың жер асты суларымен ластанудан қорғау үшін арал жақ бөлігінде ұңғыма бастоғанын жобалау және салу қажет.

3-ші шағын аудан – 1978 жылдан бастап пайдаланылуда. Бастоған 3-ші тұрғын ауданды, 10559 адамды сумен қамтамасыз етеді. Бекітілген су қоры жоқ, құрамындағы нитраттары мен кермектілігі бойынша СаНЕменН талаптарына сәйкес келмейді.

Бастоған судың сапасы бойынша СаНЕменН талаптарына жауап бермейтіндіктен, сот шешімі бойынша жабыға жатқызылған.

Пионер бастоғаны – Пионер аралында орналасқан, 1965 жылдан бастап пайдаланылуда. Бастоған қаланың Октябрь ауданында 33131 адамды сумен қамтамасыз етеді.

Бастоғанның құрамына мыналар кіреді:

– бірінші сатыға көтергіш сорғы станциясы – 12 бірлік, санитарлық қорғау аймағының бірінші белдеуі СНменЕ талаптарына сәйкес келеді, жағалау бөлігі қоршалған;

– екінші сатыға көтергіш сорғы станциясы – 3 бірлік, 2-еуі бастоғанның арал жақ бөлігінде орналасқан, 1-еуі бастоған шегінен 1 км шығарылды;

– таза су қоры – 2 бірлік, судың жалпы көлемі 2 000 текше метр, бастоған шегіндегі сорғы станциясының жанында орналасқан;

– хлоратор - 2 бірлік, екінші сатыға көтергіш сорғы станциясының ғимаратында орналасқан. Хлорлы су ұңғымаға және су тартуға тікелей беріледі.

Бастоған қайта жаңартуды талап етеді. Қайта жаңарту қажеттілігі хлорлау кезінде хлормен тиісті байланыстың жоқтығынан туындады, қайта жаңарту жобасы 1991 жылы орындалды. Қайта жаңартуға екінші сатыға көтергіш сорғы станциясын, ТСҚ, Хлоратор, ТП салу кіреді.

Аблакетка бастоғаны – 1997 жылдан бастап пайдаланылуда. Бастоған Аблакетка ауданын, 5584 адамды сумен қамтамасыз етеді.

Бастоғанның құрамына мыналар кіреді:

– бірінші сатыға көтергіш сорғы станциясы – 3 бірлік;

– екінші сатыға көтергіш сорғы станциясы – 1947 жылы салынған;

– таза су резервуары – жоқ;

– хлоратор, екінші сатыға көтергіш сорғы станциясының ғимаратында орналасқан. Хлорлы су ұңғымаға тікелей беріледі.

Қазіргі уақытта бастоған, екінші сатыға көтергіш сорғы станциясы, ТСҚ, хлоратор, ТП құрылысы жүргізілуде.

Лесозаводской бастоғаны – 1959 жылдан бастап пайдаланылуда. Бастоған «Аблакетка», Промбаза, Лесозавод аудандарын, 3679 адамды сумен қамтамасыз етеді.

Бастоғанның құрамына мыналар кіреді:

– бірінші сатыға көтергіш сорғы станциясы – 4 бірлік, бастоған периметр бойынша қоршалған;

– екінші сатыға көтергіш сорғы станциясы – 1974 жылы салынған;

– таза су қрезервуары – 2 бірлік, жалпы көлемі 1000 текше метр;

– хлоратор, жеке тұрған ғимаратта орналасқан. Хлорлы су ТСҚ тікелей беріледі.

Көктемгі су тасқыны кезінде бастоған нөсер суы мен тасқын су басқанда зақымданды. Нөсер суын бұрып әкету үшін канал салу қажет.

Элеваторный бастоғаны – 1974 жылдан бастап пайдаланылуда. Бастоған Сол жағалау ауданын, 28902 адамды сумен қамтамасыз етеді.

– бірінші сатыға көтергіш сорғы станциясы – 9 бірлік, санитарлық қорғау аймағының бірінші белдеуі барлық бастоған ұңғымасын орналастыру аймағын қамтиды, солтүстік шекара Ертіс өзені жағалауынан өтеді;

– екінші сатыға көтергіш сорғы станциясы – 1974 жылы салынған;

– таза су резервуары – 2 бірлік, жалпы көлемі 4000 текше метр;

– хлоратор, жеке тұрған ғимаратта орналасқан. Хлорлы су ТСҚ тікелей беріледі.

«Береговой» бастоғаны – Өскемен қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде, Ө ТМК өнеркәсіптік аймағынан оңтүстікке қарай, Үлбі өзенінің жоғары жайылмасының оң жағалауында орналасқан, бастоған 1993 жылы пайдалануға берілді, орташа тозу 40 %.

Солнечный кентінің бастоғаны – Глубокий ауданы Солнечный кентінің солтүстік-батысында орналасқан. 1975 жылдан бастап пайдалануға берілді, орташа тозу 60 %.

Суды негізгі тұтынушылар болып 6 ірі кәсіпорын (Ө ТМК АҚ, Согра ЖЭО, ПКФ «Титан» және басқалар) табылады – 74 бірлік шағын кәсіпорындар және жеке кәсіпорындар, кенттер тұрғындары – 8972 адам.

Қаланың Сол жағалау бөлігінде инфрақұрылымның дамуына және қарқынды құрылысына байланысты Жаңа Өскемен бас тоғанын салу және дамыту қажет.

Қаланың су құбыры желісінде ауыз судың, өртке қарсы және өндірістік сумен жабдықтаудың бірыңғай жүйелері бар. Су құбырлары желісінің ұзындығы 512,279 км-ді құрайды.


Атауы

100 % астам тозған

80 %-дан 100 %-ға дейін тозған

50 %-дан 80 %-ға дейін тозған

50 %-ға кем тозған

Барлығы,

км

Су құбыры

184 км

94 км

95,6 км

138,7 км

512,279 км




36 %

18 %

18 %

27 %




50 %-дан астам желі 20-40 жылдан артық пайдаланылуда, қанағаттанарлық жағдайда емес және ауыстыру қажет. 2006 жылға су құбырлары жүйесінде 605 жұлыныс, 2007 жылға 578 жұлыныс болған. Бірінші кезекті жөндеуге жататын желілердің мөлшері 83,043 км.

5 қабаттан жоғары көп қабатты тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету арттырғыш сорғы станцияларынан жүргізіледі, олардың саны 68 дана. Құбырлар мен жабдықтардың нормадан тыс тозуының салдарынан АСС қайта құру қажет,

Қазіргі уақытта қала шегіне жататын жеке шағын аудандар мен елді мекендерде су құбырлары жоқ. Халық құдықтардағы және тасып әкелетін суды пайдаланады.

Бұл шағын аудандар: Северный кенті, Үлбі кенті, Ескі Согра, 23-ші шағын аудан, Ахмер, КСМ, Әуежай ж әне басқалар.

2009 жылы Жол картасы бағдарламасын іске асыру шеңберінде сумен қамту желілерін жөндеуге 270,1 млн. теңге бөлінді, оған ұзындығы 17 км сумен қамту желілері, 8 жоғарылатқыш сорғы станциясы жөнделді, 123 ысырма ауыстырылды.

Су құбырларын салу және қайта жаңарту үшін 4088,119 млн. теңге, соның ішінде жобалық-іздестіру жұмыстарына 169,9 млн. теңге қажет.

Су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту бойынша жұмыстарды орындау тозудың жоғары дәрежесі бар 83 км желілерді қалпына келтіруге, Меновной ауылдық округінің ауылдарын, Әуежай және КСМ аудандарын, Үлбі кентін, 23-ші тұрғын ауданды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша «Өскемен Водоканал» және «Жаңа Согра» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарымен 3,0 км канализация желілерінің су тарту нысандарын ағымдағы жөндеу орындалды, 19 КСС жөнделді, КСС-17-ден Ертіс өзені арқылы өтетін дюкер өтпесіне дейінгі канализациялық қысым коллекторын қайта жаңарту жүргізілді, жалпы сомасы 270 140 мың теңге.

Тұрғындарды орталықтандырылған сумен қамтумен қамтамасыз ету 2009 жылы 98,9 %-ды, соның ішінде ауыл тұрғындары 69,5%-ды құрайды.

Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Басым жақтары:

  1. Жер асты тұщы суларының қоры жеткілікті деңгейде;

  2. ауыз суға жоғары қажеттілік;

  3. сумен қамтудың қолданыстағы жүйелерінің болуы;

  4. пайдаланудың әрекет ететін қызметінің болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. жер асты тұщы суларының бар қорларын жеткіліксіз пайдалану;

  2. негізгі өндірістік қорлардың ескіру процесі оларды жаңартудан гөрі анағұрлым ілгері қарқынмен жүруде;

  3. сумен қамтудың жаңа жүйелерін салуда және қолданыстағыларды қайта жаңартуда мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі;

  4. жұқпалы аурулардың пайда болу қаупі.

Қауіп-қатерлер:

1. Ұңғымаларды пайдалану режимінің бұзылуы нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, иесіз ұңғымалар санының көбеюі, жер асты суларының техногендік ластануы;

2. физикалық тозу себебінен жабдықтың істен шығуы мүмкін, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету қаупі;

3. ұзақ уақыт бойы пайдалану нәтижесінде сумен қамту нысандарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

4. апаттың көбеюі, тәулік бойы судың болмауы.

Мүмкіндіктер:

  1. жер асты тұщы суларының жаңа көздерін игеру;

  2. қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

  3. сумен қамту жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, суды тазалауға және су дайындауға шығындардың артуы;

  4. материалдық-техникалық базаларды жабдықтау жолымен пайдалану қызметін жетілдіру.



Су тарту

«Өскемен Водоканал» МКК қалаға су тарту 14,25,27,30,31 КСС бас сорғы станциясына ағындар арынды коллекторлармен тасымалданатын торапты және аудандық сорғы станцияларының өз бетімен ағатын канализацияларының құбыр желісі жүйелерімен жүзеге асырылады. Қаланың оң жақ жағалау бөлігінің бас сорғы станциялары КСС 14, 25 бас сорғы станциясына КСС 17 ағындыларды тасымалдайды, одан 2 Ø 1020 мм қысым коллекторы және Ертіс өзені арқылы өтетін дюкерлік өткел бойынша ағындылар Сол жағалау тазарту имараттарына келіп құйылады, Аблакетка кентінің канализациялық ағындылары КСС 27-ден Ертіс өзені арқылы өтетін дюкерлік өткел 2Ø530 мм бойынша КСС 30 келіп құйылады. Қаланың сол жағалау бөлігінің ағындылары тікелей КСС 31-ден 2Ø630 мм қысым коллекторы бойынша тазарту имараттарына тасымалданады, «Өскемен Водоканал» МКК балансында барлығы 30 канализациялық сорғы станциясы бар. Сорғы станцияларындағы жабдықтың тозығы жеткен, оны ауыстыру қажет.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансында:

– 411,4 км канализация желілері, соның ішінде 64,7 км сорғы канализациясы;

– 32 канализациялық сорғы станциясы;

– қуаттылығы 137,0 мың м3/тәул. канализациялық тазарту имараттары бар.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Жаңа Согра» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансында:

– 27,539 км канализация желілері;

– 4 канализациялық сорғы станциясы;

– канализациялық тазарту имараттары бар.

«Жаңа Согра» МКК сутарту канализациялық сорғы станциясына өздігінен ағатын канализацияның құбыр желілері жүйесімен жүзеге асырылады, одан ағындылар қысым коллекторларымен тазарту имараттарына тасымалданады. Канализвациялық желілердің ұзындығы 27,539 км құрайды, тозығы жеткен.

«Өскемен Водоканал» МКК толық биологиялық тазалаудың канализациялық тазарту имараттары кешені Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында, Өскемен қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. «Жаңа Согра» МКК кәсіпорнының тазарту имараттары «Жаңа Согра» кентінің аумағынан тыс, Өскемен қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Тазарту имараттарының жобалық өнімділігі 10 мың м3 /тәул.

Ағынды сулар механикалық, биологиялық тазартудан өтеді, заласыздандырылып, Ертіс өзеніне жіберіледі.

Қазіргі кезде қолданыстағы кешеннің ғимараты апатты жағдайда, қазіргі заманға сай және тиімді технология жоқ, бүгінгі күні маңызы бар бірқатар техникалық және технологиялық мәселелер қарастырылмаған:

  1. ақаба суларды биогендік элементтерден тазалау көзделмеген (нитраттар мен фосфаттар);

  2. тазарту имараттарынан тұнбаларды жою немесе көму мәселесі шешілмеген;

  3. тұнбаны механикалық сорғыту үшін жобамен ұсынылып отырған жабдық энергия сыйымдылықты және мәңгілік емес;

  4. жобамен ұсынылып отырған залалсыздандыру – 1,5 мг/л қалдық хлорымен хлорлау. 28.06.04 ж. № 506 «Жер бетіндегі суды

ластанудан қорғау» СаНЕменН сәйкес су қоймасына жіберілетін ақаба суларда хлордың болуы 0-ге тең болуы тиіс.

Сондықтан ТЭН және болашақта өнімділікті 150 000 м3/тәул дейін арттырумен тазарту имараттарын кеңейту жөнінде жетілдіру жобасы қажет.

Сутарту желілерін қайта жаңарту және салу 45 км канализация желілерін қалпына келтіруге, Ертіс және Үлбі өзендеріне құйылатын ағындылар сапасын қамтамасыз етуге, КСС 17, КСС-25-тен КСС-17-ге дейін қысым коллекторын, КСС-14-тен КСС-17-ге дейінгі коллекторды қалпына келтіруге, бірінші және екінші тұндырғыштарды жөндеуге мүмкіндік береді.

2008 жылы жергілікті атқарушы органның төтенше резервінен 17 сорғы станциясынан Куратов көшесіне дейінгі коллекторды ауыстыруға байланысты туындаған төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша жұмыстарды төлеуге қала әкімдігінің резервінен шұғыл шығындарға 35.0 млн. теңге бөлінді, канализациялық коллектор құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтауға облыстық бюджет қаражатынан қосымша 100.0 млн. теңге бөлінді (96,224 млн. теңге игерілді). Куратов көшесінен Революционная көшесіне дейінгі учаскеде коллектор салу бойынша жұмыстар орындалды, КСС № 14-тен КСС № 17-ге дейін («Рахат» дүкенінен) КСС-17-ге дейінгі учаскеде қосымша құрылыс жұмыстары орындалды, ұзындығы 266 метр.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша «Өскемен Водоканал» және «Жаңа Согра» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын-дарымен жалпы сомасы 174 761 мың теңгеге сумен қамту нысандарының 16,9 км су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Басым жақтары:

Қала тұрғындарын сутарту қызметтерімен қамтамасыз ету 2007 жылмен салыстырғанда 4 % ұлғайып, 01.01.2010 жылға 59,3 % құрады.

Әлсіз жақтары:

82,0 % канализация қанағаттанарлықсыз жағдайда, ауыстыруды қажет етеді.

Мүмкіндіктер:

Тұрғындардың сутарту қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін жақсарту мақсатында канализация желілерін, сутарту нысандарын жөндеу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру.

Қауіп-қатерлер:

Канализация желілері, сутарту нысандарын жөндеу бойынша жобалардың мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландырылуы, ол қала тұрғындарының санитарлық-экологиялық әл-ауқатына жағымсыз әсер етеді,

Электрмен жабдықтау

Қазіргі уақытта Өскемен қаласын және маңындағы аумақтарды электрмен жабдықтаудың негізгі көзі «AES Өскемен ГЭС» ЖШС, белгіленген қуаттылығы 331,2 МВт, «AES Өскемен ЖЭО» АҚ, белгіленген қуаттылығы 241,5 МВт және «AES Согра ЖЭО» ЖШС болып табылады, белгіленген қуаттылығы 50 МВт. Электр энергиясы өнімділігінің жылдық көлемі 2965,0 млн. кВт сағ. тұтыну көлемі шамамен 4332,0 кВт сағ., соның ішінде облыс бойынша «Қазмырыш» АҚ тұтынуы 2837,0 млн. кВт сағ.

Өскемен қаласының тұтынушыларын энергиямен жабдықтауды «ШҚ АЭК» АҚ Өскемен аймағы, «ШҚ АЭК» АҚ Сол жағалау аймағы жүзеге асырады. Жыл сайын кәсіпорынның қаражат есебінен энергиямен жабдықтау нысандарын қайта жаңарту және жөндеу бойынша жұмыстар жоспарланған және жүргізіледі.

– бүгінгі күні азаматтардың әл-ауқаты жағдайының өсуіне байланысты энергияны тұтыну өсті, ол электр энергиясы берілетін қосалқы станциялардың жүктемесіне әсер етеді.

Сонымен бірге бүгінгі күні электр энергиясының белгілі бір тапшылығы байқалады, ол жаңа өндірісті пайдалануға енгізгенді есепке ала отырып, ұлғаяды, өз кезегінде онсыз да жоғары тарифтерге ықпал етеді.

2009 жылы қаланың энергетикалық кешенді кәсіпорындарымен 2989,7 млн. кВт сағ. электр энергиясы және 3845,3 мың Гкал жылу энергиясы өндірілді, ол электр энергиясы бойынша алдыңғы жылғы деңгейінен 0,7 % және жылу энергиясы бойынша 1,9 % жоғары. Сонымен қатар бүгінгі күні электр энергиясының белгілі бір тапшылығы байқалады.

«ШҚ АЭК» АҚ Өскемен филиалы 104 мың тұрмыстық абоненттерді, 3,5 мың заңды тұлғаларды қамтамасыз етеді, белгіленген қуаттылықпен 240,9 МВА трансформаторлық қосалқы станцияға, 1382 км электр желілеріне, оның ішінде 875,3 км кабель желілеріне қызмет көрсетеді.

Қаланың Сол жағалау бөлігін дамыту қосымша қосалқы станцияларды, электр берілісі желілерін салу қажет. Электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін одан әрі құрылысты есепке ала отырып, жобалық қуатты анықтау үшін қаланы электрмен жабдықтау сұлбасын аумақтық дамуды есепке ала отырып, түзету көзделген.

Төмендету себептері:

– Бұхтарма су қоймасының толуының азаюына байланысты Өскемен ГЭС электр энергиясын өңдеуді 13%-ға төмендетті;

– қолданыстағы энергия-жылу нысандарын жетілдіру бойынша АЭС компания кәсіпорындарымен инвестициялық міндеттемелердің орындалмауы.

Туындаған жағдайды бағалау мынаны көрсетеді:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconАқсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі 2008 жылға...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconТаблица на гос языке
«Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconЖалпы ережелер
Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мм тұрғын үй коммуналдық саясатын...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм

2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны 1 бөлім. Миссия және пайымдау 3 2 бөлім
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconХабарлаймын, түзету! Тапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
Тапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconРудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм мекенжайы: Рудный қ., Космонавттар...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница