2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары




Название2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
страница3/17
Дата конвертации05.11.2012
Размер1.78 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Басым жақтары:

1. 110 кВ және төмен қысыммен электр берілісі желілерінің жүйені құрайтын дамыған сұлбасы;

2. жылудың балама көздерінің недәуір ықтимал өнім берушілерінің болуы: гидроресурстар – 3,0 Гкал/сағ,;

3. 2015 жылға иеліктегі электр қуаттылықты 225 МВт/сағ. ұлғайту.

Әлсіз жақтары:

Электр желілерінің жоғары дәрежеде тозуы;

2. Өндіруші жабдықтың парктік ресурсын недәуір өңдеу, ол қолданыстағы электр станцияларымен электр энергиясын өндіру мүмкіндігін шектейді (жабдықтың тозуы 75 %-ға дейін).

Мүмкіндіктері:

1. Жаңа энергетикалық қуаттылықтарды енгізу есебінен қаланың энергетикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу;

2. Қаланың энергия балансына қалпына келтірілетін энергия көздерін енгізу;

3. Электр энергиясының нысандарын дамытуға инвестицияларды тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын көтеру бойынша шара қолдану.

Қауіп-қатерлер:

1. Иеліктегі және белгіленген қуаттылықтар арасындағы айырмашылықтың ұлғаюы және қолданыстағы электр станцияларындағы негізгі жабдықтардың істен шығуы;

2. Жабдықтың барынша тозуына байланысты қала тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасының төмендеуі.

Жылумен жабдықтау

Қаланы жылумен жабдықтау жалпы тұрақты жұмыс істейді, Сол жағалау (Ульяновская көшесі) және Промбаза (Геологическая көшесі) тұрғын аудандарын жылумен жабдықтау бойынша проблемалар бар.

Ульяновская көшесін жылумен жабдықтау дизель отынындағы қазандықпен жүзеге асырылады, Шығынның құны үнемі өсіп отырады және апаттық жаңдайларды болдырмау үшін жыл сайын қала бюджетінен екі млн. теңге мөлшерінде қаржы бөлінеді. Электр жылуын пайдалану және аталған тұрғын алқапты № 2 қазандыққа (Ө ЖЭО) қосу мәселесі бойынша бұрын әзірленген ТЭН тиімсіз екендігін және жобалардың тиімсіздігін көрсетті. Биылғы жылу беру маусымында аталған ауданды жылумен жабдықтау өзгеріссіз қалады,

Промбаза ауданы бойынша «Жылу жүйелері» АҚ № 3 қазандығына тұрғын ауданды қосу есебінен жыумен қамтамасыз ету мәселесі пысықталды. ТЭН орындалды, ЖСҚ әзірленуде.

Өскемен қаласында негізгі жылу энергиясын жеткізуші «Жылу жүйелері» АҚ кәсіпорны болып табылады. 1998 жылдан бері кәсіпорынды AES компаниясы «Иртыш Пауэр энд Лайт» ЖШС басқарады. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 339,5 км (екі құбырмен есептегенде) оның ішінде 5 %-ы ауыстыруды қажет етеді. Талап етілетін ағымдағы жөндеу – 100 %.

Қаланың орталық бөлігінде жылумен жабдықтау жүйесі ашық, сонымен бірге тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйесі тәуелді сұлба бойынша қосылған: жылу жүйесі – элеваторлық тораптар арқылы, ыстық сумен қамту жүйесі – тұйық және айналма, Тұтынушыларға жылу беруді реттеу – сапалы. Жылумен жабдықтаудың температуралық кестесі 115 0 С- қимамен 150/70.

Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Басым жақтары:

Қаланың жылу көздерімен жылу энергиясы өнімінің өсуі.

Әлсіз жақтары:

Жылумен жабдықтау желілерінің 100 % ауыстыруды қажет етеді.

Мүмкіндіктер:

Жылумен жабдықтаудың дәстүрлі емес көздерін дамыту перспективасы.

Қауіп-қатерлер:

Бәсекелестік ортаның дамымауы,

Елді мекендерді санитариямен, көріктендірумен және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету:

Қаланың аула аумақтарында шағын сәулеттік нысандарды орнату және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастыруға бюджеттен қосымша 60,0 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:

– асфальт-бетонды жамылғыны жөндеуге 40 млн. теңге (52 аула);

– шағын сәулеттік нысандарды дайындауға және орнатуға 20,0 млн. теңге (46 аула).

2009 жылы, мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауын (Жол картасы) іске асыру бойынша 2009 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-әрекет Жоспарын іске асыру шеңберінде Өскемен қаласында облыстық мәслихат шешіміне сәйкес қаладағы қалалық және аула ішілік аумақтарды жөндеу, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көркейту бойынша жұмыстар орындалды. 291 аула кеңістігі жөнделді.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Өскемен қаласында қалалық және аулаішілік аумақтарды жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге 551232 мың теңге бөлінді.

«Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 85 аула кеңістігін көріктендіру, 51 кварталішілік өтпе жолдар жөндеу, әр аулада құрамына жүгіру жолы, әткеншек, алтыбақан, сырғанақ, құм салғыш, екі орындық кіретін шағын сәулеттік нысандар кешенін орнату жоспарланып отыр. Аула аумақтарының және кварталішілік өтпе жолдардың асфальт-бетонды жамылғысын төсеу, жаяу жолдарды жөндеу, жиектеме тастарды жайластыру, жаңа тұрақтау алаңшаларын жайластыру және қолданыстағыларды жөндеу, подъездерге кіреберістерді асфальттау бойынша жұмыстарды орындау жоспарланып отыр. Аула аумақтарын жөндеуді тұтастай жүргізу жоспарлануда. Сметамен люк құрылымдарын ауыстырусыз құдықтарды көтеру бойынша жұмыстар көзделген. Жұмыспен қамту орталығы ұсынған кандидаттар санынан 606 жұмысшыны жалдау шарттың міндетті талабы болып табылады.

Өскемен қаласында және Өскемен қаласына әкімшілік қарасты Меновной ауылдық округінде жолдар мен көшелердің жалпы ұзындығы 756 км, оның ішінде 2010 жылы қалалық бюджет есебінен жүру бөлігінің алаңы 3651 мың м2 болатын 393 км жолдар мен көшелерге, алаңы 639 мың м2 болатын тротуарларға қызмет етіледі, оларда 35 көпір мен жол өтпелері, 56 су өткізгіш құбырлар, 65,7 км нөсерлік канализация желілері орналасқан.

Автожол саласын қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі мен 2000 жылға дейін оларды ұстаудың төмен деңгейде болуы Өскемен қаласының көшелері мен жолдары жағдайының нашарлауына әкеліп соқты.

Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты (Жол картасы) Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша 2009 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар Жоспарын іске асыру мақсатында қала көшелері мен жолдарын орташа жөндеуге 2356013,0 мың теңге бөлініп, игерілді, 42 км жолдар мен көшелер жөнделді. Келесі нысандарда орташа жөндеу орындалды: Тәуелсіздік даңғылынан Абай даңғылына дейінгі учаскедегі Бажов көшесі, Ворошилов көшесі, Спорт сарайы ауданында Үлбі өзені арқылы өтетін көпір алдындағы ауданда Үлбі өзені арқылы өтетін көпір алдындағы алаңнан Бажов көшесіне дейінгі учаскеде Тәуелсіздік даңғылы, Гагарин желекжолы, Мостовая көшесінен Севастопольской көшесіне дейінгі учаскеде Карбышев көшесі, Карбышев көшесінен Ертіс өзені арқылы өтетін көпір алдындағы алаңға дейінгі учаскеде Мостовая көшесі, Протозанов көшесінен Новаторов көшесіне дейінгі Мыза көшесі, Новаторов көшесі, Протозанов көшесінен Қазақстан көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр көшесі, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір алдындағы алаңнан Қабанбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде Қазақстан көшесі, Пионер аралы арқылы өтетін жол, Үлбі өзені арқылы өтетін көпір алдындағы алаңнан Қазақстан көшесіне дейінгі Орджоникидзе көшесі, Мыза көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде Протозанов көшесі, Тоқымашылар даңғылынан облыстық тері-венерологиялық диспансеріне дейінгі учаскеде Өтепов көшесі, вокзал маңындағы алаңшамен Лениногорская көшесі, Белинский көшесі, Гоголь көшесі, Қабанбай батыр көшесінен Промбазаға дейінгі және Северная көшесінен Кемежайға дейінгі учаскелерде Аблакеткаға баратын жол, Красин көшесі, Буров көшесі, Лихарев көшесі, Защита-Гавань айналма жолы, Орджоникидзе көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі Пермитин көшесі. Жұмыстар толық көлемде орындалды.

Өскемен қаласының жолдарын дамыту мәселесі қазіргі уақытта негізгі мәселелердің бірі болып табылады, оны шешпей облыстың әкімшілік орталығын тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту және оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Тұрғындарда жеңіл автокөлік санының күрт өсуі ерекше ықпал етеді. Өскемен қаласының аумағында жүк көлігі сияқты жеңіл автокөлік қозғалысы қарқындылығы да күрт өсті, қолданыстағы көше-жол желілерінің қажетті өткізгіштік қабілеттілігі жоқ. Қарбалас уақыттарда орталық көшелердің бірқатарында автомобиль кептелісі болады. Облыстық орталықтың көлік инфрақұрылымын дамытудың қаржыландыру көлемін ұлғайтусыз барлық осы мәселелерді шешу мүмкін емес.

Қолданыстағы жолдардың өткізгіштік қабілетін одан әрі ұлғайту, қала аудандары мен шағын аудандары арасында жаңа көлік байланысын құру, жүргізушілер мен жолаушылардың жолда тұру уақытын қысқарту, қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында, келесі инвестициялық жобаларды ұсынамыз.

Құрамына қосымша 4 жолақты автокөлік қозғалысын ұйымдастыру кіретін «ШҚО, Өскемен қаласының Крылов-Солнечный көшелері қиылысында Үлбі өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін қайта жаңарту» жобасы әзірленді. Осы нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы түзету 2008 жылы орындалды, мемлекеттік сараптаманың оңды қорытындысы бар, жоба Қазақстан Республикасы Сауда және индустрия министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Комитетінің бұйрығымен бекітілді. Салынып жатқан қалалық құрылыстарға байланысты қала орталығында кідіріссіз көлік қозғалысын басқа тәсілмен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Бұдан басқа, «Өскемен қаласындағы Спорт сарайы ауданында Үлбі өзені арқылы өтетін автожол көпірін қайта жаңарту» жобасын іске асыру қажет. Жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы, бекіту туралы бұйрық бар. Жобаны іске асырудың сметалық құны 396,46 млн. теңгені құрайды. 2011-2012 жылдары жоба іске асырылмаса, ЖСҚ түзету қажет, бұл бюджеттік қаражатты қосымша, негізсіз жұмсау.

Қазақстан көшесі қиылысындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірді жедел жөндеу қажет, көпірдің барлық элементтерінде имараттың көтергіштік қабілетіне кері ықпал ететін көп ақаулар мен бұзылулар пайда болған, беларқалардың иілуі жалғасып жатыр. Гавань кенті ауданындағы Үлбі өзені арқылы өтетін көпірдің және Защита жол өтпесінің техникалық жағдайы ауыр жағдайда деп бағаланады.

Пушкин көшесі қиылысында (Красин кенті) және «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ауданындағы Абай даңғылы қиылысында темір жол арқылы өтетін жол өтпесін салу қажет.

2007 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде Өскемен қаласының жол саласына арналған бюджеттік инвестициялардың жиынтық көлемі «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы қаражатын қосқанда, 031,59 мың теңгені құрады.
Жасанды имараттарды көлік-пайдалану жағдайы


Жалпы қолданыстағы авто-жолдың мәні

Көпірлер мен жол өтпелері

Су өткізгіш құбырлар

дана

ім

Пайдалану параметрлерінің талаптарына сай емес

%

дана

ім

әр түрлі ақаулықтары бар

%

Қала көшелері мен жолдары

31

2888,01

14

45

50




23

46

Жергілікті маңызы бар жол-дар

4

94

2

50

6




3

50

3. Көгалдандыру.

2009 жылы көшелердегі жасыл желектерді ұстау, орман саябағы аймағын ұстау, жаңа гүлзарлар жасау, ағаштарды кесу бойынша жұмыстарды орындауға 243,376 млн. теңге қарастырылған немесе 2008 жылға қарағанда 19,8 %-ға артық. 2165 ағашты әсемдеп қалыптап және жасартып кесу бойынша, қурап қалған 100 ағашты құлату, 230 ағаш отырғызу бойынша жұмыстар орындалды. Өскемен қаласының саябақтарын ұстау бойынша жұмыстардың сапасын жақсарту үшін «Саябақтар басқармасы» МКК құрылды. Осыған байланысты қалалық саябақтар мен скверлерді ұстауға бірінші рет 15,0 млн. теңге мөлшерінде қаражат жоспарланды.

2010 жылы Өскемен қаласының жасыл желектерін ұстауға 55,165 млн. теңге бөлінді. Аталған қаражаттар есебінен көгалдардағы және бөлу жолақтарындағы кездейсоқ қоқысты, түскен жапырақтарды жинау, бұтақтарды қырқу және қалыптап әсемдеп кесу, көгалдардағы шөптерді қолмен және шөп шапқышпен шабу, жол жиегіндегі және бөлу жолағындағы шөпті механикамен шабу, сонымен бірге 27 кепкен ағашты жинау, ағаш діндерін тазалау және түбір өскіндерді жою бойынша жұмыстар орындалуда. Өскемен қаласындағы орман-парктік аймақты ұстауға арналған шартқа сәйкес 21,71 млн. теңге мөлшерінде қаржы қаражаты бөлінді. Көрсетілген қаражатар есебінен алаңы 195 мың м2 болатын екі өткелмен өртке қарсы жолақтарды жасау, алаңы 585 мың м2 болатын өртке қарсы жолақтар тарту, өртке қарсы жолақтар бойындағы шөпті шабу, диаметрі 40 см дейінгі 164 түп қураған ағашты кесу, диаметрі 20 см дейінгі 280 түп қураған ағашты кесу, түбір өскіндерді жою (бұталардың түптерін) 32 қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу бойынша жұмыстар, отырғызылғандарды күту, ағаштарды қалыптап әсемдеп кесу, масалардан 3 рет залалсыздандыру бойынша жұмыстар орындалды. Қала парктері мен саябақтарын ұстауға 2010 жылы 15,0 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттар есебінен Өскемен қаласының парктерінде жаяу жолдар мен лотоктарды қоқыстан тазалау, жаяу жолды қолмен сыпыру, Комсомол аралындағы тұрақты және кірме жолды жуу, көгалдарды тазалау және қырқу, 72 қураған және апаттық жағдайдағы ағашты жинау, сонымен бірге қысқы кезеңде қалалық парктер мен саябақтар аумақтарын ұстау бойынша регламенттік жүмыстар орындалды.

Сондай-ақ 2010 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей VII өңіраралық ынтымақтастығының Форумына дайындалу шеңберінде Өскемен қаласы әкімдігінің «Қалалық парктер басқармасы» КМҚК 411,112 797 млн. теңге сомасына маршрут бойынша Өскемен қаласының аумағын көріктендіруге және көгалдандыруға шарт жасалды. Бөлінген қаражат есебінен жұмыстардың келесі түрлері мен көлемдері орындалды: біржылдық сиретілген көшеттерден жасалған біржылдық гүлзарларды ұстау – 30 834 шаршы метр, раушандардан жасалған көпжылдық гүлзарларды ұстау – 3 173 шаршы метр, біржылдық сиретілген көшеттерден жасалған жаңа гүлзарларды ұстау – 24 444,66 шаршы метр, раушандардан жасалған жаңа көпжылдық гүлзарларды ұстау – 968 шаршы метр, топырағын ауыстыра отырып, жаңа көгалдар жасау – 83 460,58 шаршы метр, жаңа суару су құбырын жасау – 44,27875*2000 шаршы метр, 0,5х0,5х0,4 топырақ кесегімен жапырақ тұқымдас ағаштар отырғызу – 289 дана, 0,8х0,8х0,5 топырақ кесегімен қылқан жапырақ тұқымдас ағаштар отырғызу – 25 дана, 0,5х0,5х0,4 топырақ кесегімен қылқан жапырақ тұқымдас ағаштар отырғызу – 199 дана, 255 дана бұта отырғызу, қолданыстағы 74 000 шаршы метр суару су құбырын ұстау, қызғалдақтар егу, 20 урна мен 20 орындық орнату, бетоннан жасалған қыш құмыралар дайындау, көгалдандыру үшін металдан жасалған құрылымдар дайындау, қыш құмыралар мен балкондарды көгалдандыру, ұсақ тастардан (қиыршықтастар) гүлзарлар жасау.

Сондай-ақ Форумға дайындалу шеңберінде 2010 жылы 5 жаңа субұрқақты орнату және жайластыру бойынша жұмыстар орындалды.

Сондай-ақ 33,390 млн. теңге сомаға қаланың қиылыстары мен орталық көшелерінде көріктендіру элементтерін орнату бойынша жұмыстар орындалды – 7 мүсін: «Қош келдіңіз», «Жылқылар», «Құлындар», «Маралдар», «Көше сағаты», «Ара», «Құс салу».

Сыртқы жарықтандыру желілері.

2009 жылы Самсоновка ауылын жарықтандыру бойынша жұмыстар орындалды, Совхозной көшесі бойынша 5 жарық көзі, Шоссейная көшесі бойынша 6 жарық көзі орнатылды; ОМҮ субұрқақ орналасқан алаңы жарықтандырылды, 28 жарық көзі орнатылды. Протозанов көшесі бойынша көшесін жарықтандыру қалпына келтірілді – 66 жарық көзі. Республика алаңындағы Абай ескерткіші мен Жеңіс даңғылындағы диагностикалық орталыққа сәндік жарық беру орнатылды. Бұдан басқа, «ШҚ АЭК» АҚ желілерін қалпына келтіргеннен кейін жеке секторларда Мирный кентінің, Красин кентінің көшелерінде, Щербаков және Голованов көшелерінде 86 жарық көзі қалпына келтірілді.

Қала тұрғындары көп баратын жерлерде сыртқы жарықтандыру желілерін ағымдағы және орташа жөндеу, ұстау бойынша, соның ішінде «ШҚ АЭК» АҚ желілерін қайта құрғаннан кейін жеке секторларда жарық көздерін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр.

Сыртқы жарықтандыру желілерін ұстауға 2010 жылы 98 041 мың. теңге, электр энергиясын төлеуге 42 303,172 мың. теңге бөлінген. Өскемен қаласында пайдалану режимінде 14544 жарық көзі бар, әуе және кабельді желілердің жалпы ұзындығы 657,38 км. Жарық көздерінің жануының іс жүзіндегі пайызы жеке сектор бойынша 91 % нормативке сәйкес, нормада 82 %, орталық көшелер бойынша 97,4 %, нормада 95 %.

Ағымдағы жылы Форумды өткізуге дайындалу бойынша Өскемен қаласының сыртқы жарықтандыру желілерін жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшін «ЦентрЭнергоЭкспертиз» ЖШС шарт жасалды. Қазіргі уақытта Базовая көшесінде 200 жарықтандыру тірегі, 378 кронштейн орнатылды, Пермитин көшесінде 21 жарықтандыру тірегі, 42 кронштейн орнатылды. Пограничной көшесінде 48 жарықтандыру тірегі, 48 кронштейн орнатылды. Крылов көшесінде 24 жарықтандыру тірегі, 24 кронштейн орнатылды. Меновной-Ахмер жолында 127 жарық-тандыру тірегі, 123 кронштейн орнатылды. Славский атындағы жағалау мен Протозанов көшесінде 347 жарықтандыру тірегі, 1388 кронштейн орнатылды. Үлбі және Ертіс өзендерінің жағалауларында 105 жарықтандыру тірегі мен 48 шамдалы орнатылды.

Қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру.

Автобустар мен шағын автобустар қозғалысын техникалық басқаруды ШҚО әкімдігінің «Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы» КМК орталық диспетчерлік қызметі жүзеге асырады. Диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді және әр автобус пен шағын автобустың желідегі қозғалысы бақыланады. Тәулігіне 9056 бақылау белгісі жүргізіледі. Ұзаққа созылған маршруттар бақылаудың соңғы пункттерінде ғана емес, аралықтағы пункттерде де белгіленеді. Екі жақты бақылаумен 92,6 % рейстер қамтылды. Диспетчерлік бақылаудың пайдаланылатын компьютерлік жүйесі барлық автобустар мен шағын автобустар қозғалысын тиімді бақылауға ғана мүмкіндік бермейді, «он лайн» режимінде және кез келген есеп беру кезеңінде орындалған қозғалыстар туралы кез келген мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұндайда жүргізуші-диспетчер арасындағы барлық келіссөздердің сөйлесу уақытын есепке алумен дыбыстық файлдарда тіркеледі.

Өскемен қаласында негізгі тасымалдаушы мәртебесі автомобиль көлігіне тиесілі.

2009 жылы автомобиль көлігімен 64678 мың жолаушы тасымалданды, ол 2008 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда 96,97 % құрайды. Автомобиль көлігінің жолаушы айналымы 76169 құрады, пкм (70,9 %).

Қазіргі уақытта Өскемен қаласы қоғамдық автомобиль көлігінің 64 маршрутымен, оның ішінде 15 шағын автобустар және 49 автобус маршруттарымен қызмет етіледі. Күн сайын қала маршрутына 338 автобус және 118 шағын автобус шығады.

2009 жылға қозғалыстың тұрақтылығы 95,82 % құрады.

Қаланың 7 елді мекенінің 6-ы тұрақты жолаушылар қатынасымен қамтылған (85,7 %).

Қала аумағында 526 аралық автобус аялдамаларының пункті мен 39 соңғы аялдама пункттері бар, ҚНжәнеЕ талаптарына оның 163 аралық және 7 соңғы аялдама пункттері сәйкес келеді. Жыл сайын аялдамаларды көріктендіру және оларды нормативтік талаптарға келтіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Тұрақты қала маршруттарында жұмыс істейтін жылжымалы құрамның 40 %-ы 5 жылды құрайды. 2013 жылы конкурс рәсімдерін өткізу кезінде 30% жылжымалы құрамды жаңарту жоспарланып отыр

Туындаған жағдайды бағалау SWOT-дауында көрсетілген:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconАқсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі 2008 жылға...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconТаблица на гос языке
«Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconЖалпы ережелер
Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мм тұрғын үй коммуналдық саясатын...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм

2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны 1 бөлім. Миссия және пайымдау 3 2 бөлім
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconХабарлаймын, түзету! Тапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
Тапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары iconРудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм мекенжайы: Рудный қ., Космонавттар...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница