ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі




Скачать 475.87 Kb.
НазваниеОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі
страница4/5
Дата конвертации22.11.2012
Размер475.87 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

«ШЕҢБЕР БОЙЫНША ДОПТЫ БЕРУ»

Дайындық Ойыншылар шеңберді айнала, қолсозым қашықтық арасында тұрады да бірінші және екінші нөмірлерге саналады. Бірінші нөмірдегі – бір топ, екінші нөмірдегілер – екінші топ. Қатарда тұрған екі ойыншы капитан бап таңдап алып, қолдарына доп ұсынады.

Бейнелеу. Капитанның белгісі арқылы, допты шеңбер бойынша – бірі оңға, ал бірі солға өзіне ең жақын тұрған ойыншыға лақтырады. Допты капитанның өзіне айналып келмегенінше айналдырады. Шеңбер бойынша допты ең тез айналдырып үлгерген топ жеңген болып есептеледі. Допты қағып алып капитандар көкке көтереді. Ойынды осылайша бірнеше рет қайталауға болады.

Ереже 1) Доп өзінің ең жақын ойыншысына міндетті түрде лақтырылады. Әр бір қатыса алмай қалған ойыншы үшін, топ ойып балдарын алады;

  1. Егер де доп ауада бір біріне соғылып қалса, онда ойыншылар, олар соғылған лақтырудан соң, допты ұстап алады да өз орнынан қайта тұрып, ойынды жалғастырады;

  2. Ойынды тез аяқтап үлгерген және айып балдары төмен ойыншылар тобы жеңіске жетеді.



«СЕКІРТПЕ ЖІБІН ҰСТАП АЛ»

Дайындық Алаңға секіртпе жібін әкеліп қояды. Жіптің екі бірдей ұшына қарама қарсы келіп екі ойыншы тұрады. Жіптің ұштары ойыншылардың табандарының арасында болуы тиіс.

Бейнелеу Басқарушы, олар дәл қайталауға міндетті бірнеше қозғалыс түрлерін көрсетеді. Бір мезетте ол белгі береді.(ысқырады) Ойыншылар осы кезде тез үңіліп, қарсыласының табан астындағы секіртпе жібін, суырып алуға тырысады. Ойынды бірнеше рет қайталуға болады.

Ереже Кім тез арада қимылдап ойынды аяқтайды, сол жеңген болып есептеледі.


«КІМ ЕҢ БАЙҚАМПАЗ ЖӘНЕ ЕПТІ»

Дайындық. Ойыншылар шеңбер жасай айнала тұрады.

Бейнелеу Оның ортасына ұстаз келіп тұрады да, ойыншылардың кез-келгеніне допты лақтырады. Ол ойыншы бопты қағып алып оны сол мезетте ұстазға қайтаруы тиіс. Сол кезде доп ұсынылған ойыншының оң жақ және сол жағында тұрған ойыншылар, ойыншыға жақын тұрған қолдарын көтеруі тиіс. Ойын осылай 4-5 мин жалғасады.

Ереже. 1) Қатысушы допты ұстап алмаса, қолын кеш көтерсе, басқа қолын көтеріп қалса; Әр бір қателік үшін ойыншыларға айып балдарын тағады.

2) Ойын аяқталысымен ұстаз бір айып балы бар ойыншының қолын көтеруді ұсынады, содан кейін 2,3 және т.с.с

«ҮШ ЖАРАТЫЛЫС»

Дайындық Ойыншылар шеңбер жасай айнала тұрады, ал ойын басшысы қолында добы бар ортасына келіп тұрады.

Бейнелеу Ұстаз «Жер», «Ауа», «Су» деген сөздердің бірін дауыстап, допты кез-келген бір ойыншыға лақтырады. Допты қағып алушы аталған жаратылысқа тән құс, жануар және балық түрлерінің есімдерін атап, допты қайтарады. Мысалы: басқарушы «Су» жаратылысын таңдады. Ойыншы осыған қатысты кез-келген балық түрлерінің бірін атауы тиіс: шортан, алабұға, боя және т.с.с «Жер» жаратылысын таңдаса, ойыншылар әртүрлі жануарлардың бірі: ит, мысық, сиыр деп және т.б атай беруі керек. Ал «Ауа» жаратылысын таңдаса, құс атауларын тізімдеп шығу керек: бүркіт, қарлығаш, торғай және т.с.с

Ереже. 1) Ойын шартын бұзған ойыншы айып балын алады.

2) Ең төмен айып балын алған ойыншы жеңген болып есептеледі

«ЕКІ ШЕҢБЕР АЙНАЛЫМЫ»

Дайындық Ойыншылар екі шеңбер түзіп тұрады: бірі- ішкі, екіншісі – сыртқы. Екі шеңбер бір-біріне қарама қарсы айналып қозғалады.

Бейнелеу . Белгі бойынша бәрі тоқтайды, ішкі шеңбердің ойышыларының бәрі, сыртқы шеңбердің ойыншылары отыра қалғанша оларды қолымен ұстауға тырысып бағады. Ұсталғандар ішкі шеңберге келіп тұрады да, ойын ары қарай жалғасады.

Ереже. Ойын ішкі шеңберде 5-6 ойыншы қалған кезде өз мәресіне жетеді.

«БІЗДІ ЕШКІМ ЕСТІМЕЙДІ ЖӘНЕ КӨРМЕЙДІ»

Дайындық Ойыншылардың бірі – бастап жүруші, жерге байланған көзбен отырады. Ал қалған ойыншылар одан 15-20 қадам жерде орналасады.

Бейнелеу Басқарушы ұсынған ойыншы бастап жүргізетін ойыншыға ақырындап жақындайды. Бастап жүруші аяқ дыбысынан немесе шудан оның қай тұстан келе жатқанын айтуы керек. Егерде бір мезетте ойын бастап жүруші бағытты дұрыс тапса, онда ойыншы оны ауыстырады, ал таппаса онда ойын әрі қарай жалғаса береді.

Ереже Ойыншылардың қайсысы бастап жүрушіге өте жақындап келіп, оның иығына қолын тигізсе жеңген болып саналады.
7.2 Орташа қарқындылықта

«БОМБАРДИРЛЕР»

Дайындық Ойыншылар жеңбер жасай айнала тұрады.

Бейнелеу . Допты бір-біріне көкке лақтыру арқылы береді. Допты қабылдау кезінде қателік жіберген және дұрыс бағытқа жібермеген ойыншы шеңбердің ортасына келіп отырады. Допты шеңбер бойынша жүргізіп жатқан ойыншылардың бірі, қатты ұру арқылы отырғанға соғады. Ойыншылардан келген доптың иесі ойынға қайта енеді. Егер де ойыншы допты тигізе алмаса, отырғандардың қатарына өзі де келіп қосылады.

Ереже Ойыншыларды «ату» отырғандардың бірі допты қолымен қағып алғанға шейін жалғасады, ал шеңбер ортасына серіктесінің қолына допты лақтырған ойыншы келіп отырады.

«КҮН МЕН ТҮН»

Дайындық Алаң ортасында оған көлденең бір метр арақашықтықта екі параллелді сызық түсіріледі, ал олардан 10-12 м параллелді түрде екі жағынан «үйшік» сызығы сызылады. Ойыншылар бірдей екі топқа бөлінеді, олар өзінің ортақ сызығына қатарласып келіп, өзінің «үйлеріне » қарама қарсы бет бұрады. (яғни, арқа түйістіріп тұрады) Ойыншылады жақтауы бойынша да орналастыруға да болады. Жеребие бойынша бір топ – «КҮН», екінші – «ТҮН»

Бейнелеу Басқарушы ортақ сызықтың ортасына келіп, аяқ астынан «КҮН» деп дауыстайды. Осы кезде «ТҮН» тобының ойыншылары өзінің «үйлеріне» жүгіреді, ал «КҮН» тобының ойыншылары олады қуып жетуі тиіс. Әрбір ұсталған ойыншы үшін «КҮН» тобына ұтыс балы қосылады. Соден кейін ойыншылар қайтадан ортаға келіп арқа түйістіріп тұрады. Басқарушы ойынды қызықты әрі аяқастынан қылу үшін, қатаң тәртіппен емес, қалауынша қандай да бір топты атауы керек. Осылайша басқарушы бір немесе басқа топты атай отыра, ұтыс баллдарын санап ортақ есепті жариялайды. Ойынды ең көп бал жиған ойыншылар жеңеді.

Ойынды күрделендіру мақсатында: белгі берер алдында басқарушы әртүрлі қимылдарды топқа қайталатады. Мысалы: қолдарын жоғары көтеру, түсіру, отырғызу және т.б содан кейін аяқ астынан «КҮН» немесе «ТҮН» деп айғайлау керек.

Ереже 1) Басқарушы «КҮН» немесе «ТҮН» деп дауыстамағанынша ешкімге «үйіне» жүгіруге рұқсат жоқ;

2) Қуу және ұстау тек сызыққа шейін ғана рұқсат етіледі;

3) Ұсталған ойыншылар ойынға басқалармен теңесе қатыса алады.

«ОЙЫН БАСТАУШЫҒА ДОПТЫ БЕРМЕУ»

Дайындық Ойында бастап жүргізуші ойынның басында алаңның ортасында болады, ал ьқалғандары өзі қалаған аймақта оған жақын орналасқан.

Бейнелеу Ойыншылар бір-біріне допты ойын бастаушының қолы тимес үшін көкке лақтырады. Бастаушы алаңда айнала допты ұстау үшін жүгіреді. Егерде ойыншылардың лақтырған добын ойын бастаушы қағып алса, онда оның орнына, лақтырған доптың иесі келіп ауысады. Ойын бастаушы ойыншының орнына келіп басқалармен теңесе ойынға кіріседі. Ойын барысында (5-8мин) бір де бір рет бастаушымен ауыспаса сол ойыншы жеңімпаз деп саналады.

Ереже 1) Еденнен тигеннен соң, допты көкке лақтыру керек;

2) Доп тиген ойыншы, қолын көтеріп «Мен бастаушымын» деп дауыстауы керек;

3) Кез-келген ойыншы, бастаушы болған басқа ойыншыдан ұшып кеткен допты қағып алуға немесе ұстап алуға құқылы, және ойынды жалғастырады.
«АҢШЫЛАР МЕН ҮЙРЕКТЕР»

Дайындық Ойыншылар екі топқа бөлінеді – «Аңшылар» және «Үйректер». Аңшылар шеңбер сызық бойының сыртында немесе арнайы сызылған сызық бойында екіге бөлініп айнала тұрады. «Үйректер» шеңбер ішінде орналасады, ал «аңшылар» шеңбер сыртындағы өз орындарында тұрады.

Бейнелеу «Аңшылар» щеңберге кірмей, шеңбер ішіндегі «үйректерді» «ату» үшін доппен тигізуге тырысады. «Үйректер» боптан қашады. Доп тиген «үйрек» ойыннан шығып кетеді. Шеңбер ішінде бір де бір «үйрек» қалмаса (немесен 2-3 қалса) ойыншылар орындарымен және рөлдерімен ауысып ойын әрі қарай жалғасады. Ойынды қай топ қарсылас топтың «үйректерін» тез уақытта атып үлгерсе жеңімпаз деп саналады.

Ереже 1) «Аңшыларға» сызықтан шығып кетуге болмайды.

2) Денесінің қандай да бір жеріне доп тисе, сол «үйрек» «ұрылды» деп есептеледі.

3) Егер де доп шеңбер ортасында қалса, шеңбер ішіндегі кез-келген ойыншы, оны «Аңшыларға» беруі керек.

4)атылған құстар топтар ауыспағанша ойынға қатыспайды
«Шеңберде екі-екіден шайқасу»

Дайындық. Жерде диаметрі екі метр бірнеше шеңбер сызылады. Ойыншылар құрамында төрт-алты адам бар топтарға бөлінеді де, шеңбердің шетінен бір-біріне қарама-қарсы екі сапқа бөлінеді.

Бейнелеу Оқытушы ортаға(шеңберге) әр топтан бір ойыншыны шақырады. Олар бір яғын көтеріп,бір қолымен тізесінен ұстайды, ал екінші қолын арқасының артқы жағында ұстайды. Осындай тұрыста шайқасушылар(жүргізушінің белгісімен) бір аяқта секіріп,бір-бірін иығымен және денемен шеңберден тысқа қарай итереді немесе қарсыластың екінші аяғын түсіру үшін барын жасайды. Женген ойыншы өз тобына ұпай әкеледі. Ортаға шыққан екінші жұп дәл алдынғылар сияқты шайқасады. Ойын ойыншылардың бәрі ортаға шықпайынша жалғасады. Ұпайлары басым түскен топ жеңіске етеді.

Ереже:1) екінші аяғын түсірген немесе шеңберден аттап өтен ойыншы жеңіледі.

2)егер ойын барысында екі ойыншы бірдей шеңберден аттап өтсе,жеңіс ешімге берілмейді. Ойынды келесі жұп жалғастырады.

3) Ойыншылар ойынды тек оқытушының белгісінен ғана бастайды.

4)екінші аяғын түсірген немесе арқаның артқы жағыннан қолын алған және т.б істеген ойыншы жеңілген деп саналады.

«Шеңбер бойымен тарту»

Дайындық. Алаңда бірі екіншісінің ішінде орналасқан екі шеңбер сызылады.Ойыншылар құрамында саны бірдей екі топқа бөлінеді: бір топ шеңбердің ішінде,екінші топ сыртында орналасады.Ойыншылар бір-біріне бет-бетімен тұрады.

Бейнелеу Шеңбердің сыртынан тұрған ойыншыларға қарсыласын сыртқа қарай,ал ішіндегілер керсінше оларды ішке қарай тарту керек. Ойын 1-2 минуттан шағын ғана шайқастар түрінде өтеді. Ортасына немесе ішке қарай тартылып кеткен ойыншылар ойыннан шығады.

Ереже.1)қарсыласын тек қолынан немесе белбеуден ұстап тұрып тартуға болады.

2)4-6 шайқастан кейін ойыншылар саны басым түскен топ,жеңіске жетеді.


«Допқа жүгіру»

Дайындық. Ойыншылар құрамында 8-10 адам бар топтарға бөлінеді де, тізбекке тұрады. Қолында добы бар оқытушы рет-ретімен саналған екі топтың арасында тұрады.

Бейнелеу Оқытушы допты алға қарай лақтыра отырып, кезкелген бір нөмірді атайды,мысалы: «жеті». Осы нөмірлі екі топтың ойыншылары допқа жүгіреді. Допты бірінші иеленген ойыншы өз тобына ұпай әкеледі. 10 ұпаймен алға шыққан топ жеңіске жетеді.

Нұсқалар: ойынды допты жерге соққысымен лақтыруға, гимнастикалық отырғыштарға отырып, және уақытқа(ұпайлары басым түскен топ жеңіске жетеді) өлшеп өткізуге болады.

Ереже: топ ойыншыларына орындарын ауыстыруға болмайды.
«Допты аяқ астында өткізу»

Дайындық. Бірнеше топтың ойыншылары бірбіріне паралеллді, тізбектерге түзейді. Тізбектегі ойыншылар бір-бірінен бір жарым қадам аралығында орналасады. Тізбектің алдыңғы ойыншыларына доптан беріледі.

Бейнелеу Оқытушының белгісімен алдыңғы ойыншы допты, артқы жағындағы аяқтарын жан-жаққа қойған ойыншыларының аяқ астынан жібереді. Қолына добы түскен соңғы ойыншы тізбектің оң жағымен жүгіріп өтіп, алға тұра қалады да, доп қайтадан аяқ астымен бір-біріне беріле бастайды. Ойын, басында алда тұрған ойыншы орынға тұрмағанша жалғасады. Орынға тұрғасын,допты жоғары қарай көтеріп,топтары мәреске жеткендігін көрсетеді. Ойынды бірінші аяқтаған топ ұпайға иелнеді де,жеңімпаз атанады.

Ереже.1)допты тек өзінің көршіне ғана беруге болады.

2)доп айналып басқа жаққа дөңгеленіп кетсе,доптың алдында тұрған ойыншы оны әкеліп,ойынды тоқтаған жерден жалғастырады.

3)соңғы ойыншылар алға тұрған сайын,бүкіл тізбек жарты қадамға артқы жаққа жылжып отырады.

4)ұпайлары басым түскен топ жеңіске жетеді.
«Шаршы бойындағы жүгіріс»

Дайындық.Төрт гимнастикалық отырғыштан шаршы құралады. Әрқайсысына бір-бірден ойыншы тұрады. Екеуі бір топтын,екінші екеуі екінші топтын өкілдері(қарсыластар бірлеп бір-бірінен кейін орналасқан).

Бейнелеу Оқытушының белгіснен кейін ойыншылар сағат тілшісіне қарама-қарсы,отырғышты айнала отырып, қарсыласын қуып жүре бастайды. Қарсыласқа бірінші жеткен ойыншы,тобына ұпай әкеледі. Келесі топ ойынды дәл осылай жалғастырады. Ұпай сандары басым түскен топ жеңіске жетеді.

Ереже:ойын оқытушының белгісінен кейін ғана басталады.
«Шенбер бойымен доптарды қуу»

Дайндық. Араларына жайылған қол сиятындай етіп, бір-екіге саналған ойыншылар шеңбер бойымен орналасады. Бірінші нөмірлер-бір топ,екіншілері-екінші.Бір-біріне жақын тұрған ойыншыларды капитандар етіп жариялап,бір-бір доптан береді.

Бейнелеу Белгіден кейін капитандар допты бере бастайды,біреуі оң,екіншісі сол жаққа қарай,яғни бірінен кейін. Доп капитанға жетпейінше лақтырылады. Добын өз шенберден бірінші өткізген топ жеңіске жетеді. Допты алғасын,капитандар қолдарын жоғары қарай көтереді.Ойынды бірнеше рет өткізуге болады.

Ереже:1)допты тек өзіне жақын тұрған топтас көршіне беруге немесе лақтыруға болады. Бір ойыншыны аттап қалдырса,айыптық ұпай беріледі.

2)егер екі топтың доптары бір-біріне соғылса,онда екі топтың ойыншылары доптарды қайтадан алып,орындарына оралып,ойынды жалғастыру керек.

3) жеңіске, допты шеңбер бойымен бірінші өткізген және айыптық ұпайлары жоқ топ жетеді.



    1. Жоғары белсенділікті


«Жүйрік үштіктер»

Дайындық. Ойыншылар үштен шеңбер бойымен бір-бірінің артынан орналасады. Алдыңғы үштіктер қолдарынан ұсталып,ішкі шеңберлер құрайды. Екінші және үшінші нөмірлер қолдарыан ұсталып,үлкен сыртқы шеңбер құрайды.

Бейнелеу Ойын жүргізушінің белгісімен, ішкі шеңбердің ойыншылары оңға қарай жүгірсе,сыртқы шеңбердің ойыншылары-солға. Екінші белгіден кейін,ойыншылар қолдарын жіберіп,өз үштіктеріне оралады. Әр кезде шеңберлер басқа жаққа қарай ауысады.

Ереже:1)ең тез жиналған үштіктің ойыншылары,жеңіс ұпайын алады

2)ойын4-5 минут өткізіледі. Ең көп ұпай санын жинаған үштік, жеңіске жетеді.

«Жаңа орынға»

Дайындық. Ойыншылар 2-3 топқа бөлініп,бір-бірден бірінің артында тізбекке орналасады. Оларға 15-20 м қашықтықта бір сызық сызылады.

Бейнелеу Ойын жүргізушінің белгісімен,әр тізбектің бірінші және екінші нөмірлі ойыншылары бір-бірін қолдарынан ұстап,сызықтын артқы жағына қарай жүгіреді. Бірінші нөмірлер сызықтын артқы жағында қалады,ал екінші нөмірлер орындарына жүгіріп,үшінші нөмірдің қолынан ұстап,сызыққа қарай қайта жүгіреді.Енді екінші нөмірлер сызықтың артқы жағында қалып қояды,ал үшінші нөмірлер орындарына қарай төртінші нөмірмен жүгіру үшін қайта оралады,т.с.с. Жаңа орынға бірінші болып ауысқан топ жеңіске жетеді,яғни сызықтың артқы жағына бірінші жеткендер.

Ереже:1)ойын,ойын жүргізушінің белгісімен басталады

2)ойыншылар міндетті түрде бір-бірін қолдарынан ұстау керек

1   2   3   4   5

Похожие:

ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын...
ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі iconУнтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі iconАмренова ажар қамарбекқызы
Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі iconДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі icon«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі»
«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- бөлім) спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру...
ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
ЖӘндіктердің дене қҰрылысын бөлшектеп көрсететін деректі көрнекті қҰрал жасау әдістемесі
ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница