Қазтұтынуодағы




НазваниеҚазтұтынуодағы
страница3/6
Дата конвертации22.11.2012
Размер0.82 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6

2 . Саудадағы тауарлардың нақты өзіндік құнын қалыптастыру тәртібі.

Саудадағы тауарлардың өзіндік құны. Тауарлық қорлардың бағасы. Тауарлық қорларды бағалау және сатып алынған тауарлардың өзіндік құнын анықтау әдістері. №7 БЕС.

3 . Көтерме саудадағы тауарлық операцияларды ресми құжаттау.

Тауарларды жеткізу келісім-шарттары бойынша ресми құжаттау. Тауарларды тасымалдау операцияларын ресми құжаттау. Қолма-қол есептесудегі тауарларды ресми құжаттау. Сауда кәсіпорнындағы тауар және ыдысты сапасы және саны бойынша қабылдауды құжаттау. Шот-фактураларды толтыру және тіркеу тәртібі. Тауарларды сертификаттау. Жеткізуші ұсынған ілеспелі құжаттардағы тауарлардың саны мен сапасының сәйкессіздігіне байланысты тауарлардың қабылдауын құжаттау. Жеткізушінің ілеспелі құжаттары жоқтығынан немесе жауапты сақтауға қабылданған тауарлардың қабылдануын ресми құжаттау.

Көтерме саудадағы қабылданған тауарлар мен ыдыстың синтетикалық есебі. Жауапты сақтауға қабылданған тауарлар және ыдысты есепке алу. Сатып алынған тауарларға кеткен шығындарды есепке алу және оларды сатып алынған және сатылған тауарлардың нақты өзіндік құнына енгізу тәртібі.

Тауарларды жеткізу келісімдері бойынша сатуды ресми құжаттау. Саудадағы сатылған тауарлардың табыс сипаттамасы. Сауда әрекетінің тауарларды сатудан түскен табысын анықтауда есептеу әдісін қолдану. Тауарларды жеткізу келісімдері бойынша сатудың синтетикалық және аналитикалық есебі. Транзитті жүктеуді ұйымдастыру және ресми құжаттау.

4 . Бөлшектік саудадағы тауарлық операцияларды ресми құжаттау.

Халыққа сатылған тауарлармен есептесу шараларын ұйымдастыру. Саудада бақылау-кассалық аппараттарын қолдану. Сауда кәсіпорындарының қолма-қол ақшаларын тапсыру тәртібі және ресми құжаттау. Қолма-қол ақшаға сатылған тауарларды синтетикалық есепке алу.

Несиеге сатылатын тауарларды есепке алу және ресми құжаттау.

Бартерлік /тауармен алмасу/ операцияларын есепке алу және ресми құжаттау. Консигнация және комиссия келісімі бойынша операцияларды есепке алу және ресми құжаттау.

5. Тауарлық шығындарды есепке алу.

Тауар шығындарының түрлері. Тауар шығындарын тауарларды тасымалдау, сақтау және сатуда табиғи шығын нормасының аясында есепке алу және ресми құжаттау. Тауарларды сатуға даярлауда бос ыдыстың артық салмағын және шығындарды есепке алу және ресми құжаттау.

Сындырудан, ұрылғаннан, бұзылудан шығын болған және басқа тауарлық шығындарды есепке алу және ресми құжаттау.

6 . Тауарларды сақтау орындарында және бухгалтерияда есепке алу.

Тауарларды және бос ыдысты сақтау орындарында және бухгалтерияда есепке алу. Материалдық жауапты тұлғалардың тауар және ыдыстың нақтылығы және қозғалуы туралы есебінің мерзімі, құрастыру тәртібі және ұсынылуы. Бухгалтерияда материалдық-жауапты тұлғалардың тауарлық есебін тексеру, қабылдау және өндеу.

Бухгалтерияда тауар және ыдысты аналитикалық табиғи-құндылықтық есепке алуды ұйымдастыру. Есептік регистрлерінде сатып алынған тауарлардың нақтылығы және қозғалуы туралы мәліметті қалыптастыру тәртібі.
7. Сатып алынған тауарларды түгендеу.
Тауар және ыдысты түгендеу. Түгендеу мерзімі, өткізу тәртібі және ресми құжаттау. Тауар және ыдысты түгендеу қорытындыларын анықтау және есепке алу.

8 . Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктері.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы өзіндік өнімді өндіру және сатудың ерекшеліктері:

  • қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының тауарлық айналымының құрамын;

  • тауар, өнім және өзіндік өнімге бағаның құрылуын;

  • қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының операцияларын ресми құжаттау;

  • асхана және бөлімшелердің жартылай дайын өнімдерді және тәтті тағамдарды өндіру операцияларының есебі.

9 . Тауарларды сату шығындарын есепке алу.

Сауда жүйесіндегі тауар және қызметтерді көрсету шығындарының маңыздылығы. Шығындардың түрлерін жіктеу және олардың экономикалық маңыздылығы.

Саудада тауарларды сатудағы шығындарды синтетикалық және аналитикалық есепке алуды ұйымдастыру.

10. Саудадағы кірісті /пайданы/ есепке алу.

Сауда іс-әрекетінен түскен түсімді мойындау тәртібі. Түсімді есептеу әдісімен жүргізілетін қағида негізінде қалыптастыру ерекшеліктері.

Сауда іс-әрекетінен түскен барлық түсімді есепке алу. Есеп-шоттарды жабу үшін құжат толтыру. Қаржылық есепті ашу.

11. Шет елдеріне шығарылатын /экспорттық/ және шет елдерінен алынатын /импорттық/ тауарлық операцияларды есепке алу.

Экспорттық және импорттық операцияларды ұйымдастырудың негізгі шарттары. Кедендік баж төлемді анықтау әдістері.

Экспортттық операциялардың мазмұны және өткізу тәртібі.

Экспорттық операцияларды есепке алу және ресми құжаттау. Экспортер кәсіпорны жүзеге асыратын тауарларды экспорттауды есепке алу. Делдалдық кәсіпорын арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың экспортын есепке алу.

Импорттық операцияларын ұйымдастыру бойынша негізгі ережелер. Импорт операцияларының түрлері, олардың сипаттамасы.

Импорт бойынша алынатын тауарларды ресми құжаттау.

Импорт операцияларын есепке алу.

Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп

1.Қазақстан экономикасының салаларында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жалпы принциптері

Осы тақырыпты оқыған кезде өндірістік салалардың жалпы сипаттамасы және түрлеріне (ауылшаруашылық, құрылыс өндірісі, көлік шаруашылықтары) сипаттама беру керек. Сондай-ақ өндіріс түрлеріне: негізгі және көмекші; жеке дара , сериялы және жаппай, эксперименталды өндірістерге тоқтап кету керек.

2. Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп
Бұл тақырыпты оқыту алдында ауылшаруашылығының ерекшеліктерін және ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға олардың әсерін атап кету керек.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы мал басының есебі және құжаттық рәсімдеу сұрағында малды топтары бойынша есепке алудың қажеттілігін, әр топ бойынша есепті жеке жүргізудің маңыздылығын атап өткен жөн.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы өзге қорлардың есебі және құжаттық рәсімдеу: бұл сұрақта сатып алынған және өзі өндірген тұқым мен жем-шөптің есебін ерекше атап кету керек. Сондай-ақ, тыңайтқыштар мен биопрепараттардың есебіне назар аудару қажет. Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы қосалқы өндіріс өнімдерін өндіру шығындары мен үстеме шығыстарды бөлу және олардың есебі осы тақырыптың маңызды сұрағы болып табылады, яғыни үстеме шығыстар өзіндік құнға елеулі әсер етеді және өзіндік құнды дұрыс есептеуге өз үлесін қосады.

Дербес ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы шаруашылықта мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалатын шығындар есебі осы тақырыпты түсіндірген кезде мал топтары бойынша шығындарды есепке алудың маңыздылығын атап кеткен жөн. Әр топтың өзіндік құнын есептеу, бір бастың өзіндік құнын есептеу жолдарын мысал келтіріп оқыту керек.

Осыдан кейін қосалқы шаруашылық, кәсіпорындарындағы өнімдерін өндіруге жұмсалатын шығындар есебіне тоқталу керек.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы егін шаруашылығы өнімдерін өндеруге жұмсалатын шығындар есебі мал шаруашылығынан кейін қаралады және осы саланың да ерекшеліктерін еске түсірген жөн.

Келесі маңызды тақырып өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады, бұл сұрақты салалар бойынша жеке қарастыру керек.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау тәртібі, мұнда төлді, басқада өнімдерді жеке калькуляциялау қажеттілігіне тоөтап кеті керек.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы егін шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау тәртібі бұл сұрақта дәнді дақылдарды калькуляциялауды, көкөністерді, жеміс-жидектерді, көп жылдық өсімдіктерді калькуляциялады ұйрету қажет. Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы мал шаруашылығы және егін шаруашылығының дайын өнімдерінің есебі және құжаттық ресімдеу. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының кірістері және сатып алушылармен есеп айырысу есебі және құжаттық рәсімдеу сұрақтарында алдағы пәндерден алған білімдерін еске түсіріп оқыту керек.
3. Құрылыс ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп.

Аталған тақырыпты да мердігерлік құрылыс ұйымындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктерінен бастаған жөн.

Медігерлік құрылыс ұйымындарының орталық қоймаларындағы құрылыс материалдарының есебі және құжаттық рәсімдеу сұрақтарын «Қаржылық есеп 1» пәнімен байланыстырып оқыту керек, әсіресе құжаттық рәсімдеу сұрақтарын.

Медігерлік құрылыс ұйымдарының құрылыс алаңдарындағы объекті жанындағы қоймалардағы құрылыс материалдарының есебі және құжаттық рәсімдеуде құрылысқа тән ерекшеліктерге тоқтап кету керек. Медігерлік құрылыс ұйымдарының бухгалтериясындағы, қоймадағы, құрылыс алаңындағы құрылыс материалдарының аналитикалық есебін ұйымдастырудың маңыздылығын атап өткен жөн.

Медігерлік құрылыс ұйымдарының құрылыс техникаларын пайдалану шығыстарының есебі мен бөлу тәртібін оқыту кезінде «Басқару есебі» пәнімен байланыстыру керек, оқытушы аталған пәнде оқып кеткен материалды еске түсіруді талап етуі керек. Сондай-ақ құрылыс техникаларын пайдалану шығыстарының есебі мен бөлу тәртібінің халықаралық тәжірибесін қарастыған жөн.

Медігерлік құрылыс ұйымдарындағы үстеме шығыстардың есебі мен бөлу тәртібі, мұнда үстеме шығыстардың құрамына тоқтап кету керек.

Өндіріс шығындарының есебі және медігерлік құрылыс ұйымдарындағы көмекші өндіріс өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау мәселесін қарағанда оның ерекшеліктеріне тоқтап кету керек.

Медігерлік құрылыс ұйымдарындағы аяқталмаған құрылыс өндірісті бағалау және оның есебі сұрағында осы салада аяқталмаған өндірістің ай сайын өсіп отыратынын айту керек.

Шығындар есебі және медігерлік құрылыс ұйымдарындағы құрылыс- монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау.

4.Автокөлік кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп
Бұл тақырыпты осы саланың ерекшеліктерінен бастау керек. Содан-соң автокөлік кәсіпорындарындағы жанар- жағар майдың есебін және құжаттық рәсімдеу тәртібін қарастыру керек. Автокөлік кәсіпорындарындағы қосалқы бөлшектер мен агрегаттардың есебі және құжаттық рәсімдеу. Автокөлік кәсіпорындарындағы автокөлік шиналарының есебі және құжаттық рәсімдеу.

Автокөлік кәсіпорындарындағы үстеме шығыстардың есебі мен бөлу тәртібі сұрағында алдыңғы тақырыптар бойынша үстеме шығыстарды есепке алу және таратуды еске тісірту керек. Содаң-соң тақырыпты қараған кезде салыстырып ерекшеліктерге тоқтау керек.

Өндіріс шығындарының есебі және автокөлік кәсіпорындарындағы көмекші өндіріс өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау (жөндеу-механикалық цехтар).

Автокөлік кәсіпорындарындағы пайдалану шығыстарының есебі сұрағында олардың құрамын қарастыру керек, содан кейін есепке алу тәртібін берген жөн.

Кәсіпорындардың балансындағы автокөлік кәсіпорындарындағы пайдалану шығыстарының есебі бұл жерде осы кәсіпорындардың ерекшеліктерін атап өту керек, содансоң есебіне назар аударған

Автокөлік кәсіпорындарындағы кірістер мен олар үшін автокөлік қызметтерін көрсеткені үшін клиенттермен есеп айырысу есебі.
Салық есебі

1. Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны

Қазақстан Республикасының Салық Кодексі, оның құрылымы және мазмұны. Салық заңдылығының негізгі шарттары. Салық салудың қағидаттары. Салық есебі жекеше ақпараттық жүйе ретінде.Салық есебінің объектісі және пәні. Салық есебінің функциялары және міндеттері. Салық есебінің әдістері. Салық салынатын объектілерді анықтайтын әдістері. Салық есебінің арнайы тәртібі және әдістері. Салық төлеушінің есеп және салық есебінің саясаты.

Ажыратылған есептің түсініктемесі және оның жүргізу тәртібі.

2. Корпорациялық табыс салығына жалпы мінездеме. №12 ХБЕС “Табыс салығы”

Корпорациялық табыс салығы. Корпорациялық табыс салығының ставкалары. Салық салынатын субъектілері. Салық салу объектілері. Салық салатын табысты қалыптастыру барысындағы салық есебінің ережелері. Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі. КТС бойынша есепке тіркеу. №12-БЕХАС “Табыс салығы”.

3. Жылдық жиынтық табыстың есебі (ЖЖТ)

Жылдық жиынтық табысқа түсініктеме. Жылдық жиынтық табыстың құрамына кіретін табыстары және есебі. Жылдық жиынтық табысты түзету. Жылдық жиынтық табыстың ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі. Жылдық жиынтық табыс пен бухгалтерлік табысты салыстыру.

Кәсіпкерлік қызметтен түсетін (алынатын) табыстар және олардың түрлері.

Қызметтен, жұмыстан, тауарларды сатудан түсетін табыс және оны анықтау тәртібі. Салық салу мақсаттары үшін тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын анықтау қағидаттары. Үйлерді ғимараттарды, сонымен қатар амортизациялауға жатпайтын активтерді сату (өткізу) кезінде өзіндік құнынан алынатын (түскен) табыс.

Міндеттерді есептен шығарудан түсетін табыстар. Күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар. Борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша алынған өтемдер. Дивиденттер, сыйақылар. Меншікті жалға беруден түсетін табыстар. Оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі Сонымен қатар басқа табыстардың есебі.

4. Шегерімдердің түрлері және олардың есебі

Салық Кодекске сәйкес шегерімдерге жатқызылатын шығындар туралы түсініктеме. Шегерімдерге жатпайтын шығындар. Қызметтен, жұмыстан, тауарларды сатудан болатын шығындарды есептеу және есепке алу. Cалық салушы үшін қызметтің, жұмыстың, тауарларды сатудың өзіндік құнын табудың принциптері. Жинақы төлеу бойынша шығындарды және шегерімдерді анықтау. Шығындарды мөлшер (норма) шегіне сәйкес шегеріске жатқызу тәртібі қызмет бабындағы іс-сапарлар кезіндегі және өкілдік шығыстар бойынша сомаларын шегеру және мөлшерін (нормасын) табу. Сыйақы бойынша шегерімдерді анықтау. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдерді анықтау және есептеу. Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстарды шегеру. Ғылыми – зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе- конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдерді анықтау. Сақтандыру сыйақылар бойынша шығыстарды шегеру. Қорларға аударымдар бойынша шегерімдердің есебі, әлеуметтік сомаға жұмсалған шығындарды анықтау.

Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуінен шегерім.

5. Тіркелген активтер бойынша шегерімдерді есептеу мен есепке алу.

Тіркелген активтердің тіркелген активтер құрамы және түсініктеме. Тіркелген активтердің құны. Тіркелген активтердің амортизациялық шекті нормалары. Амортизациялық топтар бойынша тіркелген активтерді бөлу. Амортизациялық топтардың құндылық (бағалық) балансын анықтау. Тіркелген активтердің амортизациясын есептеу. Тіркелген активтер бойынша басқа да шегерістер. Оларды істен шығару, жалға беру және қайта бағалау нәтижесінде. ЖЖТ- тан шегерімге жататын амортизациялық аударымдарды есептеу. Амортизация және тіркелген активтердің басқа шегерістері бойынша ағымдағы салық есебін жүргізу және есептеу. Тіркелген активтерді жалға беру (алу), лизинг келісім- шарттары арқылы берілген (алынған) тіркелген активтер.

Тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдер тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер.

6. Басқа да шегерімдердің есебі.

Инвестициялық жобаның шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдармен байланысты шегерімдер. Салықтар шегерімі.

7. Салық салынатын табысты есептеу.(ССТ)

Салық салынатын табысты құру есебі. Салық салынатын табысты түзету. Таза табысты салық салынатын табысты салыстыру.Тұрақты айырмашылықтар, олардың пайда болу себептері және салық салынатын табысқа әсері. Уақытша айырмашылықтардың пайда болу себептері және олардың салық салынатын табысқа әсері.

8. Корпорациялық табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу

Корпорациялық табыс салығының міндетті төлемі және міндеттемелердің әдістері. Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеп шығару. Аванстық (алдын- ала) төлемдер сомасын есептеп шығарудың түрлері. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзімдері мен тәртібі. Номер 12 ХБЕС “Табыс салығы”. Уақытша және тұрақты айырмашылық сомаларынан корпорациялық табыс салығының эффектісін анықтау. Кейінге қалдырылған табыс салығын есептеу.
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазтұтынуодағы iconҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық

Қазтұтынуодағы iconҚазтұтынуодағы
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Қазтұтынуодағы iconҚазтұтынуодағЫ
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Қазтұтынуодағы iconҚазтұтынуодағы
Жаңа технологиялар және аралық оқыту бойынша проректор, п.ғ. д., профессор Ибышев Е. С
Қазтұтынуодағы iconҚазтұтынуодағы
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
Қазтұтынуодағы iconҚазтұтынуодағы
«Оқытушылар арасында оқу жүктемесін есепке алу және тарату» ақпараттық жүйесін құру
Қазтұтынуодағы iconҚазтұтынуодағы
Жоғары оқу орынында ақпараттық жүйе құру. «Студенттер үлгерімін есепке алу» ішкі жүйесі
Қазтұтынуодағы iconҚазтұтынуодағЫ
Бірінші проректор- оқу-әдістеме жөніндегі проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О
Қазтұтынуодағы iconҚазтұтынуодағЫ
Бірінші проректор- оқу-әдістеме жөніндегі проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О
Қазтұтынуодағы iconҚазтұтынуодағы
Бірінші проректор- оқу-әдістеме жөніндегі проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница