2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің




Скачать 303.1 Kb.
Название2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
страница1/4
Дата конвертации23.11.2012
Размер303.1 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4

2008 жылғы « 28 » мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігінің

2008 жылғы « 6 » маусымдағы №276 Қазақстан Республикасы


Көлік және коммуникация министрлігімен

бірлескен бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын жүргізу

ТӘРТІБІ


Астана 2008

Мазмұны


1

Жалпы ережелер ………………………………………………………

3

2

Жолаушыларды санақтан өткізуге дайындық ………….................

4

3

Санақ жүргізу. …………………………………..............

5

4

Деректемелердің құпиялылығын қамтамасыз ету……………...

8



  1. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» қаулысына сәйкес (бұдан әрі - ҚРҮҚ) Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы (бұдан әрі – санақ) 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурызға дейінгі кезеңде өткізіледі.

2. Санақ құжаттамаларын толтыру 25 ақпанның жергілікті уақыты бойынша сағат 8.00-де басталып, 10 күн бойы (6 наурызға дейін) жалғасады.

3. Халық санағының басталу уақыты 2009 жылдың 24 ақпанынан 25 ақпанына қараған түнгі 00 сағат 00 минут болып белгіленеді, яғни санақ басталғаннан кейін туған балалар және осы уақытқа дейінгі өлген адамдар санақ құжаттарына енгізілмейді.

4. Санаққа тұрақты тұрып жатқан және елдің уақытша жоқ азаматтары, шетел азаматтары, санақ болып жатқан күні Қазақстан Республикасы аумағындағы азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.

5. ҚРҮҚ бекіткен, Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын жүргізудің іс-шаралар жоспарының 12 тармағын орындау мақсатында теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарында санақты ұйымдастыру және жүргізу бойынша іс-шараларды жергілікті атқару органдары жүргізеді.

6. «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі - СА) және оның аумақтық органдары теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарында халық санағын ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмыстарға жалпы басшылықты жүзеге асырады.

7. Теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарында жүргізілетін санаққа мынадай адамдар жатқызылады:

1) 2009 жылдың 24 ақпанынан 25 ақпанға қараған түні жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минуттен 3 сағат 00 минутке дейін теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарында барлық бағыттар бойынша пойыз, ұшақ, өзен және теңіз көліктерін, рейстер мен маршруттар арасындағы жол ұзақтығы кесте бойынша 4 және одан көп сағат құрайтын алыс сапарға шығатын (мемлекетаралық, облысаралық және облысішіаралық желілер), автобустарды күтіп отырған (шетел азаматтарын қоса есептегендегі) жолаушылар;

2) барлық теміржол вокзалдарына келіп жеткен пойыздардың, әуежайларға келіп қонған ұшақтардың, автобус стансаларына (вокзалдарына) келіп тоқтаған алыс сапарлық автобустардың және өзен мен теңіз вокзалдарына келіп жеткен өзен мен теңіз көліктерінің, қолдарында санақтан өткендігі жөнінде анықтамасы жоқ (шетелдіктерді қоса есептегендегі), олардың осы жерде түсіп қалуы мен әрі қарай жол жүруіне қарамастан жолаушылар.

8. Теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарында санаққа жатпайтын адамдар:

1) жолаушыларды шығарып салушы адамдар;

2) бастапқы және соңғы пункттер арасындағы жол ұзақтығы кесте бойынша 4 сағаттан кем уақыт құрайтын пойыз, ұшақ, автобус, өзен және теңіз көліктерін күтіп отырған жолаушылар;

3) тұрақты мекенжайында мәлімет беретін адамның жоқтығынан санақтан өтпей қалу қаупі бар екенін мәлімдеуі мүмкін тұлғалардан тыс (бұларға бақылау фишкалары толтырылады) пойыз, ұшақ, өзен және теңіз көліктерінің қызметшілері, автобус жүргізушілері;

4) темір жол вокзалдарының, әуежайлардың, аэровокзалдардың, автобус стансаларының (вокзалдарының), өзен және теңіз вокзалдары мен вокзал маңындағы үй-жайлардың (дәмхана, шаштараз және т.б.) жұмыскерлері мен қызметшілері;

Бұл адамдардың барлығы өздерінің тұрғылықты жерлерінде санақтан өткізіледі.

9. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік статистика органдарына әкімшілік көздерінен деректеме алуға жәрдем береді.
2. Жолаушыларды санақтан өткізуге дайындық
10. Аумағында темір жол вокзалдары, әуежайлар, аэровокзалдар, автобус стансалары (вокзалдары), өзен және теңіз вокзалдары орналасқан аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) жергілікті атқарушы органдар өздерінің өкілеттіліктеріне сәйкес олардағы санаққа дайындалу және санақты өткізу жұмыстарына жәрдемдеседі. Жергілікті атқарушы органдар:

1) басшылық құрам арасынан санаққа жауапты адамдарды тағайындайды;

2) басқаруындағы аумақтарда теміржол вокзалдарының, әуежайлардың, аэроокзалдардың, автобус стансаларының (вокзалдарының), өзен және теңіз вокзалдарының басшыларын 2008 жылдың 1 желтоқсанына дейін аудандық (қалалық) статистика бөлімдеріне пойыз бен ұшақтардың, алыс сапар қатынасындағы автобустардың, өзен және теңіз көліктерінің олардың рейсі мен бағыттары, келу және қозғалу уақыты, қосымша беріліп отырған 1-СП нысаны бойынша орын саны көрсетілген тізімдерін тапсыруды міндеттейді;

11. Теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарында санаққа дайындалу және жүргізу үшін жауапты облыстық, Астана және Алматы қалаларының Статистика департаменттерінің басшылары болып табылады. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының Статистика департаменттерінің басшылары санақ басталмас бұрын 3 айдан кешіктірмей вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктерін мыналармен қамтамасыз етеді:

1) тиісті нұсқаулар мен қажетті санақ құжаттамаларымен (3С және 4И нысанындағы санақ парақтары, бақылау фишкалары мен санақтан өткендігін растайтын анықтамалар);

2) нұсқаманың өтуіне және нұсқаушы-бақылаушылар мен есепшілердің білімдерін СА–нің оқытып-үйрету жоспары мен бағдарламасына сай бақылау.

12 Аудандық (қалалық) статистика бөлімдерінің басшылары:

1) пойыз бен ұшақтардың, алыс сапар қатынасындағы автобус бағыттарының, өзен және теңіз көліктерінің рейс нөмірлерінің тізімдері негізінде аудандық және облыстық маңызы бар қалалар бойынша санақтың ұйымдастырушылық жоспарларының тиісті нысандарын анықтайды;

2) вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктеріндегі санақ жүргізуші кадрлардың негізгі персоналмен нұсқама жүргізгенге дейін білімдерін тексереді. Санақ жүргізу тәртібін меңгермеген адамдар санақ жұмыстарына жіберілмейді және дереу алмастырылуға жатады.

13. Теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарындағы вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктеріндегі есеп учаскелері кестедегі рейстер мен бағыттар бойынша күнделікті жөнелтілетін жолаушылар саны 25-тен кем болмаған жағдайда ғана құрылады. Бір есепшіге жүктелім нормасы орта есеппен 50 адам болу керек. Егер жолаушылар саны 25 адамнан кем болатын болса, онда оларды санақтан өткізу осы пунктер орналасқан аумақ учаскелерінің есепшілеріне жүктеледі.

14. Вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктеріндегі нұсқаушылық учаскелері 5 есеп учаскесі болған жағдайда ғана ұйымдастырылады.

15. Есепшілер мен нұсқаушы-бақылаушылар қоры қажет мөлшерде жергілікті жағдайға байланысты ұйымдастырылады. Қордағы нұсқаушы-бақылаушылар мен есепшілер нұсқаушылық учаске жанындағы санақ жұмыстарына алдында бекітілген нұсқаушы-бақылаушылар мен есепшілер ауырып қалған немесе жұмыстан шығып кеткен жағдайларда қатысады.

16. Нұсқаушы-бақылаушының қойын дәптері нұсқаушы-бақылаушы қолына вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктерінде табыс етіледі. Есепшілерге қойын дәптері берілмейді.

17. Вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктеріндегі алдын-ала аралау және бақылама аралау шаралары жүргізілмейді.
3. Санақ жүргізу
18. Ереженің 7 тармағының 1, 2 тармақшаларында көрсетілген адамдар вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктерінде есепшілермен санақтан ақпанның 24-нен 25-не қараған түні жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минуттен бастап 03 сағат 00 минутке дейін өткізілулері тиіс.

19. Ақпанның 24-нен 25-не қараған түні жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минуттен бастап 03 сағат 00 минут аралығында пойызбен, ұшақпен, алыс сапар қатынасындағы автобустармен, өзен және теңіз көліктерімен жол үстінде келе жатқан жолаушылар рейске шықпас бұрын алдын-ала вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктерінде санақтан өтулері тиіс.

20. Санақтан өткендігі туралы мәлімдеген, бірақ қолдарында санақтан өткендігін растайтын анықтамалары жоқ жолаушылардан басқа барлық көрсетілген адамдар (3С немесе 4И нысандары бойынша) санақ парақтарына жазылады. Осы адамдарға бақылау фишкалары толтырылып, қолдарына санақтан өткендігі туралы анықтама берілуге тиіс.

21. Вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктеріндегі санақ жүргізу барысында мұқаба парақтың (№ 1-а нысаны) мекенжайлық бөлігінде немесе бақылау фишкасында теміржол вокзалы, әуежай, аэровокзал, автобус стансасы (вокзал), өзен және теңіз вокзалы орналасқан облыстың, ауданның, қалалық немесе ауылдық елді мекеннің атаулары көрсетіледі. Санақ парақтарындағы көшенің атауы, үй және пәтер нөмірлері жазылатын орындарда теміржол вокзалының, әуежайдың, аэровокзалдың, автобус стансасының (вокзалының), өзен немесе теңіз вокзалының атаулары жазылады.

22. Мұқаба парақтың тиісті жолдарында есепшінің санақтан өткізген адамдарының саны қойылуға тиіс. Мұқаба парақтың нөмірі ретінде есеп учаскесінің нөмірі қойылады.

23. Санақтан теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарында өткен тұлғаларға 2П нысанындағы санақ парағы толтырылмайды.

24. Санақ парақтарының 3С немесе 4И нысандары немесе бақылау фишкалары бойынша сұрақтарға берілген жауаптар 2009 жылғы халықтың ұлттық санағын өткізу тәртібі туралы және санақ құжаттамасын толтыру туралы нұсқаулыққа сәйкес жазылады. Егер отбасы басқа жерге қоныс аудармақ болса, санақ санақ парақтарына үй шаруашылығының кез келген ересек мүшесінің жазылуынан басталып, содан кейін қалған мүшелерінің жазылуымен жалғасады.

25. Вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктерінде санақтан өткен барлық адамдар уақытша тұратын тұрғын болып есептеледі. 3С нысанындағы санақ парағының бұл сұрағына «уақытша тұрады» деген белгі қойылады. 3С нысанындағы санақ парақтарына «уақытша тұрмайды» деген белгісіз жазбалар жасалады:

1) басқа жерге тұрақты тұру үшін қоныс аударушылар және олардың асырауындағы адамдар;

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарынан босағандар.

26. Теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарында өткізілетін санаққа жауапты адамдар мен нұсқаушы-бақылаушылар санақ жүріп жатқан уақытта күту залдарын, ана мен бала бөлмелерін, билет кассаларының және т.б. үй-жайларын дүркін-дүркін аралап, жолаушылардан санақтан өткен-өтпегендігі туралы сұрау арқылы анықтап отырулары керек. Егер жолаушының санақтан өтпегендігі анықталған болса, оларды вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктеріне баруларын сұрайды, мұнда оларды есепшілер санақтан өткізеді.

27. Дербес есеп учаскелері ұйымдастырылатын теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарында 2009 жылдың 25 ақпанында 3 сағат 00 минуттен 20 сағат 00 минутке дейін теміржол вокзалдарына пойызбен, әуежайларға келіп қонған ұшақтармен, автобус стансаларына (вокзалдарына) алыс сапарлар қатынасындағы автобустармен және өзен және теңіз көліктерімен өзен және теңіз вокзалдарына келіп жеткен жолаушылардың санақтан өткен-өтпегендігін тексеретін есепшілердің кезекшілігі ұйымдастырылады. 2009 жылдың 25 ақпанында жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минуттен 3 сағат 00 минутке дейінгі уақыт аралығында рейсте немесе маршрутта болған, ешқандай жерде санаққа алынбаған жолаушылар санақ парақтарына жазылады.

28. Дербес санақ учаскелері ұйымдастырылатын ірі теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарында барлық санақ жүргізіліп жатқан мен бақылама аралау кезеңге (2009 жылдың 19 наурызына дейін қоса есептегенде) санақтан өтпеген адамдарға бақылау фишкаларын толтыру мақсатында есепшілердің кезекшілігі ұйымдастырылады. Вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктері туралы ақпарат хабарландыру тақталарында жарияланады немесе радио арқылы хабарландырылады.

29. Вокзал маңындағы үй-жайлардың тұрақты пунктерінде санақ жұмыстары аяқталғаннан кейін есепшілер «Атқарылған жұмыстар актісін» жасайды (бұдан әрі - Акт):

1) Актінің сол жақ жоғарғы бұрышының мекенжайлық бөлімінде реквизиттер: санақ бөлімдерінің, нұсқаушылық, есеп учаскелерінің нөмірлері және облыс, аудан мен елді мекен атаулары көрсетіледі.

2) Актінің «Жиыны» деген жолы тиісті бағандар бойынша толтырылады. «Жиыны» жолына есепшінің жасаған бақылама аралау қорытындысы толтырылмайды.

3) санақтан өткізілген жолаушылар саны олардың жүрген аумағындағы елді мекен қорытындыларына енгізіледі.

30. Егер теміржол вокзалдарында, әуежайларда, аэровокзалдарда, автобус стансаларында (вокзалдарында), өзен және теңіз вокзалдарында дербес есеп учаскелері ұйымдастырылмаса және санақты олар жүрген аумақтың есепшісі жүргізсе.

31. Теміржол вокзалдарының, әуежайлардың, аэровокзалдардың, автобус стансаларының (вокзалдарының), өзен және теңіз вокзалдарының есепшілері «Атқарылған жұмыстар актісін» жасап болғаннан кейін барлық санақ материалдарын (санақ парақтарын, бақылау фишкаларын, Актілерді) нұсқаушы-бақылаушыға басқа материалдармен қоса өткізеді.

32. Егер есепшілер санақ парақтарына белгілерді бұлыңғыр етіп қойса, нұсқаушы- бақылаушы оларға жіберілген олқылықты түзеуге тапсырма береді, тіпті ол мүмкін болмаған жағдайда, барлық деректемелерді ескі парақтан жаңа санақ парағына көшіруді талап етеді.

33. Деректемелері жаңа параққа көшірілген санақ парақтары жойылмайды, сызып тастау арқылы есептен шығарылып, нұсқаушы – бақылаушы қолына басқа материалдармен қоса тапсырылады.

34. Теміржол вокзалдарының, әуежайлардың, аэровокзалдардың, автобус стансаларының (вокзалдарының), өзен және теңіз вокзалдарының дербес нұсқаушылық учаскелердің нұсқаушы-бақылаушылары есепшілерден санақ материалдарын қабылдап алып және санақ парақтары мен әрбір есеп учаскесі бойынша жасалған Актілердің толтыру тәртібінің дұрыстығын тексергеннен соң, «Жиыны» деген бағанды Актідегі бақылама аралауды есепке ала отырып, толтырады. Одан кейін, деректемелерді нұсқаушылық учаскесі бойынша жиынтық Актінің тиісті тарауларына көшіріп, № 9 нысан «Нұсқаушы-бақылаушының есебі» бойынша есеп жасайды. Мұның өзінде әрбір есеп учаскесі бойынша деректемелер Жиынтық Актінің жеке жолына жазылады, ал одан кейін теміржол вокзалдарының, әуежайлардың, аэровокзалдардың, автобус стансаларының (вокзалдарының), өзен және теңіз вокзалдарының тұтастай нұсқаушылық учаске бойынша қорытындылары шығарылады.

35. Жиынтық Актісі мен № 9 нысан бойынша есеп жасағаннан кейін теміржол вокзалдарындағы, әуежайлардағы, әуежай вокзалдарындағы, автобус стансаларындағы (вокзалдарындағы), өзен және теңіз вокзалдарындағы нұсқаушы-бақылаушылар 2009 жылдың 13 наурызында барлық материалдарды тиісті аумақтың аудандық (қалалық) статистика бөлімінің басшысына тапсырады.

36. Толтырылмаған және істен шыққан санақ құжаттамасы аудандық (қалалық) статистика бөлімдеріне қайтарылып беріледі.

37. Халық санағына қатысты материалдар теміржол вокзалдары, әуежайлар, аэровокзалдар, автобус стансалары (вокзалдары), өзен және теңіз вокзалдары орналасқан аумақтың статистика органдарының мұрағаттарына сақтауға өткізіледі.
4. Деректемелердің құпиялылығын қамтамасыз ету
38. Санақ қызметкерлеріне санақ парақтарында жазылған мәліметтердің мазмұнын жария етуге тыйым салынады. Санақ парақтарындағы жазбалар бекітілген бағдарлама бойынша халықтың саны мен құрамы жайында жиынтық деректер алу үшін ғана пайдалануға жатады.


  1   2   3   4

Похожие:

2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің icon2008 жылғы «28» мамырдағы №74 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
Республикасының Қорғаныс министрлігі объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын жүргізу
2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің icon2008 жылғы «28» мамырдағы №76 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын жүргізу
2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің icon2008 жылғы «28» мамырдағы №72 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында 2009 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын жүргізу
2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының м а. 2011 жылғы «21» қыркүйек №263 бұйрығымен бекітілген 007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары»
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде серверлік жабдықтың...
2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы 2011 жылғы 15 наурыз №73 Астана қаласы
...
2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының 2011 жылғы «23» қыркүйек №267 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде дербес компьютерлерді...
2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы 2011 жылғы 2 тамыз №211 Астана қаласы
Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы №233 Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік...
2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының 2011 жылғы «15» шілде №192 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде серверлік жабдықтың...
2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының
Статистикалық көрсеткіштер жіктелімінің және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ақпараттық-талдамалық жүйесінде оларға...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница