«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры




Скачать 265.47 Kb.
Название«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры
страница1/2
Дата конвертации23.11.2012
Размер265.47 Kb.
ТипДокументы
  1   2
«БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару

академиясының ректоры

_______________ Ә. Ахметов

«___» _________ 2006 ж.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына 2006-2007 оқу жылына 6N0510 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ
Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже
1. Мемлекеттік және жергілікті басқару институтындағы қабылдау емтихандарының бағдарламасы мынадай үш пәннің блогынан тұрады: «Экономика негіздері», «Менеджмент негіздері», «мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет негіздері».

2. Бағдарлама 6N0510 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаға үміткерлердің жоғары кәсіби білім беру оқу жоспары аясында оқылатын базалық экономикалық пәндердің іргелі негіздерін білуін, сондай-ақ осы білімдерін теориялық және қолданбалы экономикалық міндеттерді шешуде қолдана білу дағдыларын қарастырады.

3. Бағдарламаға тек мынадай:

а) жоғары кәсіби білім берудің оқу жоспарындағы негізгі пәндер бағдарламаларының мазмұнына сәйкес келетін;

б) ұсынылатын оқу және әдістемелік әдебиеттерде, нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ кітапханаларда бар ғылыми басылымдар мен жарияланымдарда баяндалған проблемалар енгізілді.

4. Екі пән - «Экономика негіздері», «Менеджмент негіздері» бойынша емтихан тест түрінде жүргізіледі (көпшіліктің таңдаған сұрақтары бойынша). Емтихан тапсырмасы 5 жауабы бар 30 сұрақтан тұрады (оның ішінде тек бір жауабы дұрыс).

«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет негіздері» пәні бойынша емтихан ауызша түрде өткізіледі.

5. 6N0510 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаға үміткерлер берілген тақырыпқа эссе жазуға тиіс (бірнеше тақырыптан оқуға түсушінің таңдауы бойынша, эссе тақырыптары қоса беріліп отыр).
Қабылдау емтиханына қойылатын негізгі бағдарламалық талаптар
1-БӨЛІМ. ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ
Мазмұны

1-тақырып. Базалық экономикалық ұғымдар

2-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеу тетігі

3-тақырып. Тұтынушының мінез-құлқы

4-тақырып. Нарықтық экономикадағы кәсіпорындар

5-тақырып. Салалық нарықтық құрылымдар

6-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы

7-тақырып. Жалпы тепе-теңдік және әл-ауқат экономикасы

8-тақырып. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

9-тақырып. Жұмыссыздық және ақшаның құнсыздануы

10-тақырып. Ұлттық табыс. Экономикалық цикл. Экономикалық өсім

11-тақырып. Ақша және банктер

12-тақырып. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты

13-тақырып. Халықаралық экономика
1-тақырып. Базалық экономикалық ұғымдар

Қажеттіліктер және игіліктер. Пайдалылық. Экономикалық игіліктер. Экономикалық таңдау. Ұтымды мінез-құлық қағидаттары. Трансакциялық шығындар. Қоғамның өндірістік мүмкіндіктері және экономикалық өсім. Баламалы шығындар. Меншік құқығы және экономикалық жүйелер типтері. Дәстүрлі, жоспарлы, нарықтық, аралас экономика: салыстырмалы талдау. Кіріс пен шығыс айналымы. А. Смит нарықтың «көрінбейтін қолы» туралы.
2-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеу тетігі

Сұраныс және сұраныстың шамасы. Жеке және нарықтық сұраныс. Ұсыныс және ұсыныстың шамасы. Нарықтық тепе-теңдік шарттары.

Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Түйіскен икемділік: толықтырушылық және ауыстырушылық. Баға жөніндегі ұсыныстардың икемділігі. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі икемділік. Кесіндідегі икемділік және нақты икемділік.

Салыстырмалы статистика. Тепе-теңдіктегі өзгерістер. А. Маршалл мен Л. Вальрас бойынша тепе-теңдік.

Бағаны реттеу: тікелей және жанама. Жанама реттеу: салық салу және субсидиялау. Салық ауыртпалығын бөлу және қоғамдық шығындардан түсетін пайда. Сұраныс пен ұсыныстың салық ауыртпалығын бөлуге немесе өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы пайдаға ықпалы. Артық салық ауыртпалықтары мен факторлары, оны анықтайтындар. Бағаға бақылау жүргізу: шекті және нормативті бағалар. Бағаның жоғарғы және төменгі шегі: тауар нарығындағы тапшылық және артылғаны. Көлеңкелі нарықтың жұмыс істеуі.
3-тақырып. Тұтынушының мінез-құлқы

Нарықтық экономикадағы тұтынушы. Тұтынушының мінез-құлқын зерттеудің негізгі алғышарттары. Пайдалылықты барынша көбейту. Тұтынушының артықшылық беруі. Артықшылық беру түрлері. Пайдалылық қызметі және енжарлық қисығы. Тұтынудағы ауыстырудың шекті нормасы. Бюджеттік шектеулер. Номиналды және нақты табыс. Тұтынушының тепе-теңдігі. «Табыс-тұтыну», «баға – тұтыну» қисығы. Табыс және ауыстыру тиімділігі. Слуцкий теңдеуі. Энгель қисығы.

Анықталған артықшылық беру тұжырымдамасы және оның тұтынушылық таңдау теориясындағы рөлі. Тұтынушы мінез-құлқы теориясын экономика теориясының, маркетингтің, экономикалық саясаттың басқа бөліктерінде пайдалану.

4-тақырып. Нарықтық экономикадағы кәсіпорындар

Өндіріс процесі және өндіріс факторлары. Өндірістік қызмет, оның түрлері. Өндіріс процесінің жалпы, орташа және шекті өнімдері. Изокванттар. Техникалық ауыстырудың шекті нормасы және ауыстыру икемділігі. Изокосттар. Барынша аз шығын шығару қағидаты. Техникалық және экономикалық тиімділік. Ауқымнан қайтарым. Өндірістік қызмет және техникалық прогресс.

Іскер кәсіпорындар типтері. Фирмалардың ұйымдық құрылымдары. Корпоративті, серіктес, жеке фирмалар. Фирманың мақсатты қызметтері және нарықтық стратегия. Корпоративті меншік: бақылау және басқару.

Кәсіпорынның пайдасы. Экономикалық пайда. Нөлдік пайда ұғымы. Пайданы барынша көбейту. Фирманың экономикалық және бухгалтерлік шығындары. Жалпы, орташа және шекті шығындар. Фирманың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдеріндегі шығындары. Тұрақты ауыспалы шығындар. Кәсіпорындардың залалсыздық шегін анықтау.

Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есеп, талдау және аудит. Қаржы есептілігінің мазмұны мен құрылымы. Пайда мен залал туралы бухгалтерлік баланс, есеп.

Ішкі еңбек нарығы. Кадр саясаты: жалдау, іріктеу, ілгері жылжыту, оқыту, босату. Еңбекті нормалау. Еңбек өнімділігі. Еңбегі үшін марапаттау жүйелері мен түрлері.
5-тақырып. Салалық нарықтық құрылымдар

Жетілген бәсекелестік: саланың тепе-теңдігі. Саланың сұраныстың өзгерісіне қарай бейімделуі. Шығындары өсіп отыратын, тұрақты және кеміп отыратын салалар.

Таза монополия. Монополиялық билік факторлары. Фирмалардың салалық нарыққа кіріп-шығуындағы кедергілер. Стратегиялық және стратегиялық емес кедергілердің сипаттамалары. Фирма-монополистің тепе-теңдігі. Қайта бөлу әсері және монополияның әлеуметтік бағасы. Баға белгілеудегі кемсітушілік: шарттары, нысандары, салдарлары.

Өктемдік. Өктемдік жағдайындағы стратегиялық өзара іс-қимыл. Шамаланатын (болжамданатын) нұсқалар. Өктемдік модельдері (типологиясы және мазмұны): А.О. Курно, Ж. Бертран модельдері. Сөз байласу және картельдер, картельдік келісімді бұзуды ынталандыру. Стратегиялық іс-қимылды модельдеу кезінде ойын теорияларын пайдалану. Кәсіпорынның нарықтық стратегиясын қалыптастыру және стратегиялық шешімдер қабылдау әдістері.

Монополистік бәсекелестік. Өнімді көлбеу және тік саралау.

Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке туралы экономикалық теориясы.

Фирманың нарықтық билігінің көрсеткіштері. Нарықтық шоғырлану және монополиялық билік. Шоғырлану теориясы, шоғырлану индексі.
6-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы

Өндіріс факторлары нарығында сұраныс тудыру ерекшеліктері. Өндіріс факторының шекті өнімі және шекті табыстылығы. Сұраныстың бағалық емес факторлары. Өндіріс факторына баға бойынша сұраныстың икемділігі.

Еңбек нарығы. Еңбекке жеке және нарықтық ұсыныс. Табыс және ауыстыру тиімділігі. Резервтік жалақы және жұмыс туралы шешім қабылдау. Әлеуметтік-демографиялық топтардың жұмыс ұсыну ерекшеліктері. Жұмыс ұсынуға салықтың және әлеуметтік трансферттердің ықпалы.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі еңбекке сұраныс. Ауқым мен ауыстыру тиімділігі. Өндіргіш сұраныс заңдары мен еңбекке сұраныстың икемділігі. Еңбектің өзара бірін-бірі толықтыратын және өзара бірін-бірі алмастыратын түрлеріне сұраныс және өндіріс факторлары. Еңбек нарығы мен игілік нарығының құрылымы әр түрлі болған жағдайдағы еңбекке сұраныс: монопсония, монополия. Адам капиталы теориясы. Адам капиталына салынатын жеке және фирмаішілік инвестициялар, жалпы және арнайы адам капиталы. Еңбек нарығында білім беру туралы дабыл қағу. Адам капиталы теориясындағы демографиялық фактор.

Номиналды және нақты жалақы. Жалақыдағы өтемақы айырмашылықтар. Еңбек нарығындағы кемсітушілік. Жұмыс күшін жұмылдыру. Фирмааралық жұмылдыру. Еңбек көші-қоны. Еңбек нарығының сегменттілігі және қосұдайылығы.

Капитал нарығы. Табиғи және ақша капиталы. Капитал және ссуда (қарыз) пайызы. Заем қаражаттарына сұраныс және ұсыныс. Жетілген бәсеке жағдайындағы проценттік мөлшерлеме. Нақты және номиналды пайыздық мөлшерлеме. Дисконттау қағидаты.

Капитал нарығы құралдары. Мемлекеттік орта мерзімді және ұзақ мерзімді құнды қағаздар. Корпоративті құнды қағаздар, олардың түрлері. Өндіргіш қаржы құралдары: форвардтар, фьючерстер, опциондар және олардың түрлері. Құнды қағаздарды иеленушілердің табыстары, олардың түрлері. Тәуекел ұғымы және инвестиция салу барысындағы тәуекел түрлері. Құнды қағаздың түпнұсқалық (инвестициялық) құны ұғымы, факторлар, онарды анықтайтындар. Құнды қағаздар бағамы және сұраныс пен ұсыныс тетігі. Қаржы құралының табыстылығы және оның түрлері. Табыстылықтың пайыздық мөлшерлемеден айырмашылығы. Пайыздық мөлшерлеменің уақытша құрылымы. Табыстылық қиғаштығы және оның капитал нарығын талдаудағы рөлі.

Заемдік (қарыздық) құнды қағаздар нарығы, оның құрылымы мен қатысушылар. Акциялар нарығы, оның құрылымы мен қатысушылар. Қор биржасы, оның элементтері мен қызметтері. Құнды қағаздардың биржадан тыс саудалау ерекшеліктері. Биржалық және биржадан тыс өндіргіш қаржы құралдары.

Табиғи ресурстар нарығы. Табиғи ресурстар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Жер рентасы және жердің бағасы. Жер нарығын реттеу әдістері.

Ақпарат нарығы. Ақпараттық тауар ерекшелігі.

Өндіріс факторларының бәсекелес нарығындағы тепе-теңдігі. Өндіріс факторларының табыстары мен фирмалардың шығындары.
7-тақырып. Жалпы тепе-теңдік және әл-ауқат экономикасы

Жалпы және жеке тепе-теңдік. Эджуорт диаграммасы. Вальрас заңы. Жалпы тепе-теңдікке қол жеткізу шарттары. Өндірістегі, айырбастағы және шығаруқұрылымындағы тиімділік. Өндірістік мүмкіндіктер қиғаштығы, түрлендірудің шектік нормасы.

Қоғамның әл-ауқаттылығы қызметтері. Тиімділік және әділдік.
8-тақырып. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

Қоғамдық өндірістің алғашқы теориялық жүйелері (физиокарталар, К.Маркс).

Ұлттық шоттар жүйесі: негізгі тұжырымдамалары, анықтамалары және жіктелімі. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ). Жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ). Шығындар мен табыстар бойынша ІЖӨ есебі. Ағындар мен қорлар. Соңғы және аралық өнім. Жалпы нақты табыс. Қосылған құн салығы. Таза (ішкі) өнім, ұлттық табыс, жеке табыс және нақты табыс. Ұлттық жинақтау, инвестициялар, түпкілікті тұтыну көрсеткіштері.

Номиналды және нақты көрінісіндегі ІЖӨ. Баға индекстері. ІЖӨ дефляторы және тұтыну бағасының индексі. Жекелеген тауар түрлеріне орташа баға есептеу және олардың динамикасына талдау жасау. Өндіруші бағасының индексі.

Салааралық баланс моделі. В.Леонтьевтің «шығын-шығару» әдісі. Тікелей және толық шығындар коэффициенттері.
9-тақырып. Жұмыссыздық және ақшаның құнсыздануы

Экономикалық белсенді және экономикалық енжар халық. Еңбек ресурстары: сан және құрам көрсеткіштері.

Жұмыссыздық: анықтау және өлшеу проблемасы. Жұмыссыздық көрсеткіштері: деңгейі, ұзақтығы, кіру, шығу. «Қор-ағындар» моделі. Жұмыс іздеу теориясы және фрикционды жұмыссыздық. Оукен заңы. Өтпелі экономикадағы өндіріс динамикасы мен жұмыспен қамту арасындағы өзара байланыстар ерекшелігі.

Инфляция табиғаты және оның себептері. Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы, олардың өзара әрекет етуі. Ашық және жабық (басып-жаншылған) инфляция. Инфляциялық күту және инфляция спиралі. Өтпелі экономикадағы құнсыздану процесінің ерекшеліктері. Гиперинфляция тетіктері мен салдарлары. Инфляцияны өлшеудің статистикалық әдістері.

Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық салдарлары.

Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі Филлипс қиғашы.
10-тақырып. Ұлттық табыс. Экономикалық цикл. Экономикалық өсім.

Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Жиынтық сұраныс және оны өзгертетін факторлар. Жиынтық ұсыныс және оны өзгертетін факторлар. Макроэкономикалық тепе-теңдік шарттары.

Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың классикалық макроэкономикалық моделі. Үнемдеу және инвестиция қызметтері. Классикалық макроэкономикалық теорияның маңызы және шектеулілігі.

Кейнстің макроэкономикалық моделі. Тұтыну және үнемдеу қызметтері. Тұтынуға және үнемдеуге орташа және шекті бейімділік.

Кейнс моделіндегі тепе-теңдік. Кейнс кресі және «таралып кету-инъекциялар» моделі. Автономды шығындар мультипликаторы. Үнемшілдік парадоксы. Жиынтық шығарылымның әлеуетті деңгейі, инфляциялық және рецессионды құлдырау.

Инвестициялар қызметі. Кейнстік көзқарас. Неоклассикалық модель. Инвестициялар және құнды қағаздар нарығы.

Экономикалық дамудың циклдылығы. Іскерлік (өнеркәсіптік) цикл, оның фазалары. Циклдылық себептері. Н.Д. Кондратьев циклдары.

Экономикалық өсу ұғымы. Экономикалық өсу көрсеткіштері. Экономикалық өсуге ықпал ететін факторлар. Кобба – Дугластың өндірістік қызметтері және экономикалық өсу факторларының есебі. Экономикалық өсу модельдері. Харрода – Домара моделі. Экономиканың стационарлық күйі. Үнемдеу және өсу. Капиталдың қорлануы, капиталмен қорлану деңгейі. «Алтын ереже». Халықтың өсуі. Технологиялық ілгерілеу. Экономикалық өсу моделінің еларалық айырмашылықтары.
11-тақырып. Ақша және банктер

Ақша табиғаты және олардың түрлері. Өтімділік. Ақшаның әр алуан түрлері.

Ақша ұсынысы. Ақша массасының құрылымы, ақша агрегаттары. Ақшаның қазіргі заманғы түрлері. Банк жүйесі. Орталық банк, оның экономикадағы қызметтері. Коммерциялық банктер және олардың қызметтері. Коммерциялық банктің негізгі енжар операциялары. Коммерциялық банктің негізгі белсенді операциялары. Банк тәуекелі және олардың түрлері. Коммерциялық банктің өтімділігі. Орталық банктің коммерциялық банктердің тәуекелі мен өтімділігін реттеудегі рөлі. Ресей банк жүйесінің ерекшелігі.

Ақша айналымын реттеудегі орталық банктің рөлі. Резервтік талаптар. Ашық нарықтағы операциялар. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі. Ақшалы мультипликатор. Нақты және номиналды ақша массасы.

Ақшаға сұраныс. Ақшаға сұраныстың әр түрлі тұжырымдамалары. Ақшаның сандық теориясы: айырбасты теңестіру және кембридждің теңестіру. Ақша айналымының жылдамдығы. Ақшаға сұраныстың кейнстік қызметтері.

Ақша нарығы құралдарының түрлері және олардың табыстылық көрсеткіштері. Қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздар. Депозиттік және жинақтау сертификаттары. Коммерциялық қағаздар және вексельдер. Банк акцепттері. Қысқа мерзімді банкаралық несиелер, олардың түрлері және ақша нарығындағы рөлі. Ақша нарығын ың бағасын белгілеу.

Ақша нарығы. Ақша нарығы теңдігінің шарттары, және оларды өзгертетін факторлар.

Экономиканың нақты және ақшалы секторларының өзара іс-қимылы.
12-тақырып. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты

Экономикадағы мемлекеттің рөлі мен қызметтері. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері. Әр түрлі мектептерді (неокейнстік, монетаризм, неолиберализм) түсіндірудегі мемлекеттік реттеудің рөлі.

Макроэкономикалық пропорцияларды мемлекеттік реттеу. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеу. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. Циклділікке қарсы саясат. Экономикадағы экономикалық өсу мен прогрессивті құрылымдық ілгерілеуді ынталандырудың мемлекеттік саясаты. Экономикадағы мемлекеттік бағдарламалау.

Фискальдық саясат. Мемлекеттік бюджет. Тауарлар мен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу, олардың жиынтық шығарылымға ықпалы. Мемлекеттік сатып алулар мультипликаторы. Әлеуметтік төлемдер (трансферттер), олардың жиынтық шығарылымға ықпалы. Трансферттер мультипликаторы. Салықтың мәні, қызметтері және түрлері. Салық салу қағидаттары. Салық мультипликаторы. Бюджет теңгерімділігі мультипликаторы. Дискрециондық және дискрециондық емес фискальдық саясат. Автоматты (құрылмалы) стабилизаторлар. Фискальдық саясаттың тиімділігі. Ығыстыру тиімділігі. Лаффер қиғашы. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Ресей салық жүйесінің ерекшеліктері. Мемлекеттік бюджет статистикасы.

Ақша-несие саясаты: мақсаты және негізгі құралдары. Қымбат және арзан ақша саясаты. Ақша-несие саясатының тиімділігі және оның өтпелі экономикадағы ерекшеліктері.

Кейнс теориясы және монетаризм ақша-насие саясаты мен фискальдық саясатың салыстырмалы түрдегі тиімділігі туралы. Бейімді және өнімді күту теориясы. Күтудің макроэкономикалық саясат нәтижелеріне ықпалы.

Мемлекеттік меншік, оның қазіргі экономика жүйесіндегі рөлі. Мемлекеттік кәсіпкерлік ерекшеліктері, мемлекеттік кәсіпорындар қызметін реттеу. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу.

Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеу.
13-тақырып. Халықаралық экономика

Сыртқы сауда теориясы: абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар, Хекшера-Олин. Сыртқы саудадан түсетін ұтыс және оны бөлу. Сыртқы сауданың өндіріс факторлары иеленушілері табыстарына ықпалы. Экономиканың даму типіне қарай елдің сыртқы саудадағы ұстанымы. «Голланд ауруы»мен «күйретуші өсудің» тиімділігі.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты. Үлкен және кіші ашық экономикадағы импорт бажы. Оңтайлы импорт тарифі. Импорт бажының нақты деңгейі. Отандық өндірушіні қорғау жөніндегі баламалы шаралар. Экспорттық субсидия және өтемақылы импорт бажы. Демпинг және демпингке қарсы іс-шаралар. Еркін экспорттық шектеулер.

Өндіріс факторлары халықаралық ауыстыру.

Номиналды және нақты валюта бағамдары. Ұзақ мерзімді келешектегі валюта бағамын болжамдау. Валюталарды сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі.

Төлем теңгерімі. Девальвацияның сауда теңгерімі мен ұлттық табысқа ықпалы. Тіркелген валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік: жиынтық сұраныс дилеммасы, рөлдерді бөлу ережесі, стерильдеу, «ойын шарты», капиталды толық жұмылдырған жағдайдағы ақша-несие және бюджет саясатының тиімділігі. Еркін айналымдағы валюта бағамы режиміндегі ішкі тепе-теңдік. Іштей және сырттай естен тану жағдайындағы тіркелген және еркін айналымдағы валюта бағамдарының салыстырмалы артықшылықтары.

Жаһандық демографиялық проблема. Демографиялық жарылыс және демографиялық дағдарыс, олардың әлемдік экономикаға әсері.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Макконелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс. Т.1,2 М .:Республика,1992

  2. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика М., 1994

  3. Вериан Х.Р. Микроэкономика. Промежуточный уровень. М.: ЮНИТИ,1997

  4. Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский Л.И. Макроэкономика.СПб.,1997.

  5. Шерер Ф.М.,Росс Д. Структура отраслевых рынков. М.: ИНФРА-М,1997.

  6. Вурос А., Розанова Н. Экономика отраслевых рынков М.: ТЕИС,2000.

  7. Экономика труда и социально-трудовые отношения/Под ред.Г.Г. Меликьяна, Р.П. Колосовой. М.: Изд-во Моск. Ун-та,1996.

  8. Замков О.О., Толстопятенко А.В., Черемных Ю.Н. Математические методы в экономике. М.: ДИС, 1997.

  9. Линдерт Х.Л. Экономика мирохозяйственных связей. М.: Прогресс,1992.

  10. Экономическая статистика/ Под ред. Ю.Н. Иванова. М.:ИНФРА-М,1999

  11. Гальперин В.М., Игнатьев С.И., Моргунов В.И. Микроэкономика. СПб.: Экономическая школа. Т.1. 1994: Т.2. 1998.

  12. Эренберг Р., Смит Р. Современная экономика труда. М.: Изд-во Моск. Ун-та, 1996.

  13. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. 4-е изд. М.: Финансы и статистика, 2000.

  14. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит: Учебник. 2-е изд. М.: ИНФРА-М,2000.

  15. Алимбаев А.А. Государственное регулирование экономики: Учебное пособие.- Караганда, 1999.

  16. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег.- М.: Экономика, 1966.

  17. Б.А.Мукашева, Л.О.Демушкина. Государственное регулирование экономики: теория и практика.- Учебное пособие/ Под общ. ред. д.э.н. А.С.Серикбаева.- Астана: Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан, 2004- 204 с.

  18. Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы).- Учебное пособие.- Алматы: Экономика, 1998 г.

  19. Государственное регулирование рыночной экономики: Учебник для вузов/ Под общей ред. Кушлина В.И.: Москва, РАГС, 2005.- 834 с.

  20. Каренов Р.С. Основы Государственное регулирование рыночной экономики.- Алматы:Билим, 1999.

  21. Ходов Л.Г. Основы государственной экономической политики: Учебник.- М.:БЕК, 1997.


2-БӨЛІМ. МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ
Мазмұны

1-тақырып. Мемнеджменттің мәні мен қағидаттары

2-тақырып. Менеджмент мектептері мен тұжырымдамаларының эволюциясы және оның шетелдердегі даму үрдістері

3-тақырып. Ұйым басқару нысаны ретінде

4-тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

5-тақырып. Басқарудың ұйымдық құрылымы

6-тақырып. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету
  1   2

Похожие:

«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры icon«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры icon«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша білім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры icon«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында кәсіптік бағдарламалар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры icon«келісілген» Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, алты апталық курстарда, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры icon1. Сот оқуы стратегиясының паспорты
Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты,...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының 2009-2010 жылдарға арналған «6N0301 Құқықтану» мамандығы бойынша түсуге арналған арнайы емтихан бағдарламасы
Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының 2009-2010 жылдарға арналған «6N0301 Құқықтану» мамандығы бойынша...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры iconҚабылдау емтиханы туралы жалпы ереже
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына 2009–2010 оқу жылына 6N0510 «Мемлекеттік...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры iconҚазақстан республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік және жергілікті басқару институты
«Мемлекеттік басқарудағы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар» курсының қысқаша сипаттамасы
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры iconДиссертация туралы ереже астана, 2008
Магистрлік диссертация туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан...
«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры icon«бекітемін» Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры
Анартаева мария ұласбекқызы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница