Қала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев




Скачать 67.23 Kb.
НазваниеҚала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев
Дата конвертации23.11.2012
Размер67.23 Kb.
ТипДокументы
Қала басшылары қызметін атқарғандар
Жүніс Әбуғалиев
«Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағын алғандардың бірі, бұрынғы біздің жерлесіміз. Бұл құрметті атақ оған Балқаш қаласында көп жыл еңбек етіп, қаланың өркендеуіне, өндіріс орындарының қарқынды табысқа жетуіне, әлеуметтік жағдайына үлкен үлес қосуына байланысты берілді.

Жүніс Әбуғалиұлы 1942 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін еңбекшілер депутаттары Балқаш қалалық Кеңесі атқару комитетінің финанс бөлімінде инспектор болып еңбек жолын бастады. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң 1946 жылы Балқаш кен-металлургия техникумына оқуға түсіп, оны бітіргеннен кейін 1949 жылдан 1951 жылдың қазан айына дейін Қоңырат руднигінде бұрғылау - қопару жұмыстарының технигі және смена инженері болып жұмыс істеді. 1954 жылдың қазанынан 1955 жылдың қарашасына дейін Ж. Әбуғалиев Балқаш кен-металлургия комбинатына теміржол транспорты цехында еңбекті ұйымдастыру және жалақы бюросының бастығы болып қызмет етті. Ол 1955 жылдан бастап Балқаш қалалық партия комитетінің өнеркәсіп - транспорт бөлімінде нұсқаушы болды. 1958 жылы СОКП Орталық Комитет жанындағы Жоғарғы партия мектебіне оқуға жіберілді. 1962 жылы ол «Прибалхашстрой» тресі парткомы хатшысының орынбасары болып сайланды. Ж. Әбуғалиев 1965 жылдың сәуірінен қалалық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Ол кейін қалалық партия комитетінің хатшысы болып сайланды, ал 1973 жылдың наурыз айынан бастап 15 жыл бойы зейнеткер болғанша қалалық партия комитетінің бірінші хатшылығына сайланып отырды. Осы кезеңдерде ол өндіріс орындарының құрылыс саласының, мәдени-тұрмыстық ұйымдардың, әлеуметтік мекемелердің жұмысына тікелей араласып, олардың зор табысқа жетуіне ықпалын тигізе білді. Өзінің іскер басшы екенін көрсетті. Оның еңбегін үкімет пен партия дұрыс бағалап, марапаттап отырды. Сондықтан болар, Жүніс Әбуғалиев үш бірдей Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері болды. Онымен қоса үш медальмен, екі рет Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Ж. Әбуғалиевқа 1976 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығы берілді. Ол екі рет (1980, 1985 жылдары) Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Сондай-ақ, Қазақстан Коммунистік партиясының съездеріне төрт рет делегат болып сайланды. 20 жыл бойы облыстық партия комитетіне мүше болды, 24 жыл қалалық Кеңестің депутаты болды.

Саналы ғұмырының отыз жылын Балқашқа арнаған Жүніс Әбуғалиұлы бұл күнде Алматы қаласында тұрады.

1993 жылы Жүніс Әбуғалиұлы Әбуғалиевқа «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дереккөзі: Жаңабекұлы С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары [Мәтін]: Тарихи-өмірбаяндық очерк – Почетные граждане города Балхаша [Текст]: Историко-биографический очерк. – Балхаш, 2000. – 152 с.

Липовка Николай Иванович
Н.И. Липовка 1919 жылы Қазан каласында шаруаның отбасында дүниеге келген. Бұл Азамат соғысы жүріп жатқан кез еді. Оңтүстік-батыс майданға жұмысқа шаруалар алынған кезде оның әкесі де солардың қатарында кетеді. Кейінірек, 1921 жылы бүкіл Ресейді, әсіресе Волга жағалауын аштық жайлаған қиын-қыстау кезенде олар Белоруссияға қоныс аударады. Оның балалық шағы осы жерде өтеді. Витебск облысы Борковичи станциясындағы орта мектепті аяқтаған соң біраз уақыт "Новое Бураково" колхозында еңбек етеді. Одан әрі Орел қаласына көшіп барып, жеңіл өнеркәсіп облыстық басқармасына техникалық хатшы болып жұмысқа тұрады.

1939 жылы Н.И. Липовка өмірінде күрт өзгеріс болады: ол тоғыз жыл әскер қатарында болып, осы жылдар ішінде қызыл әскер, полктің және саяси жетекшінің орынбасары, әскери-саяси училищенің курсанты, гарнизон бастығының саяси жағынан орынбасары, дивизия саяси бөлімі редакциясының инструкторы сияқты жұмыстарды атқарады.

Оның жұмысы соғыс аяқталған соң да Польшада әрі қарай жалғаса береді. Н.И. Липовканың әскери қызметі жеңіске қол жеткізгеннен кейін Молдавия ормандарында жүргенде, тек 1946 жылы ғана аяқталады. Мемлекеттік қауіпсіздік бөлімінің аға лейтенанты Н.И. Липовка әскер қатарынан денсаулығына байланысты III топтың мүгедегі ретінде босатылады. Бұдан кейін оның өмірінде жаңа, бейбіт заман басталады.

Өзін осынша жыл күтіп жүрген Александра Геннадьевнамен тағдырын қосып, оның Балқашта тұратын туыстарына баруға бел буады. Содан бері арада 59 жыл өткен екен. Балқаш — олардың екі ұлдарының туған жері.

— 11 жыл атқару комитетінің хатшысы болып қызмет еттім, - дейді Николай Иванович, - Маған өз-өзімді табу үшін не көмектесті дейсіз ғой, біріншіден, әскер деп ойлаймын, ал бәрінен де бұрын "Горком университеті" шығар. Біздің жұмысымыз халықпен тығыз байланысты болды. Адамдар үшін еңбек еттік, олардың әр өтініші, еңбекшілердің хаты, арызы — бәрі де біздің Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды жақсартудың жолын табуға итермелейтін.

Бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізу, әдісін табу — міне, осы қасиеттер басшыға тән болу керек. Бұлар Н.И. Липовканың бойынан табылар қасиеттер еді. Оның тағы бір ерекшелігі — өзі қабылдаған шешімге деген оның жауапкершілігі болатын.

— Алдыңа мақсат қойдын ба, — дейтін Николай Иванович, — оны орындап шыққанша дамыл таппа.

"Горком университеті" туралы айтар болсақ, Н.И. Липовка терең саяси ғылым иесі болған еді. Оны аткарған кызметтерінің өзі көп нәрсені аңғартып тұрған жоқ па. Қалалық партия комитетінің лекторы, мыс зауыты парткабинетінің меңгерушісі, металлурия цехының парторгы, қалалық партия комитеті үгіт және насихат бөлімінің кеңесшісі, партия кітапханасы саяси ағарту кабинетінің және қалалық партия кабинеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі...

Николай Ивановичтің көл жағалауындағы балқаштық майдангерлерге арнап қойылған мемориалды ашуда қалалық комиссияның төрағасы болғанын әркім біле бермейді. Талай уақыттан бері жыл сайын балқаштықтар Жеңіс күні мерекесінде осында келіп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыстан оралмаған жерлестерді еске алатын осы қасиетті орынды ашуда майдангер Н.И. Липовканың еңбегі ерен. Басқа да толып жатқан жақсы істерін есепке алмағанның өзінде осы бір жағдайдың өзі-ақ оның есімін "құрметті азаматтар" қатарына енгізуге жетіп жатыр.

Партия-кеңес органдарындағы көп жылғы жемісті, риясыз еңбегі мен қаланың экономикалық, мәдени және әлеуметтік-тұрмыстық дамуына қосқан қомақты үлесін ескере отырып, қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі қала әкімі мен қалалық мәслихат алдына Липовка Николай Ивановичке «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс жасады.

Осы шешім қабылданған қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі президиумының отырысында Н.И. Липовка туралы жақсы пікірлер аз айтылған жоқ.

Олардың қатарында көп жыл бірге жұмыс істеген әріптестері де, басқа да пікір айтушылар көп болды.

Солардың бірнешеуі мыналар:

Т.Т. Нұраш, білім беру ісінің ардагері: «Маған жұмыс барысында Н.И. Липовкаға көп жағдайда кездесуге тура келді. Бұл өзі өте адамгершілігі мол, әрқашан көмегін көрсетуге әзір тұратын адам. Мен бұл адамды құрметті азамат атағын алуға әбден лайық деп санаймын, оны қаланың бәрі таниды».

Л.К. Зиборова, ТЭЦ ардагері, «Құрметті энергетик»:

«ТЭЦ партия ұжымының хатшысы қызметін қызметін атқарған кезімде, әр түрлі сайлау кампанияларына қатысқанымда Николай Ивановичтен бірнеше мәрте кеңес сұрадым, 10 жылдан астам Халық депутаттары қалалық кеңесінің атқару комитетінің хатшысы болып қызмет атқарған оның бұл тұрғыда тәжірибесі мол еді. Сондықтан да оның көмегі нақты, ал ең бастысы нәтижелі болатын».

О.Ж. Сәрсембаев, қалалық атқару комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары, ардагер: «Мен бірнеше жыл Николай Ивановичпен қатар жұмыс істеу бақытына ие болған жанмын. Оны еңбекқор, жоғары кәсіби маман, Балқаштың нағыз патриоты ретінде танимын. Құрметті азамат атағын беру оның 85 жасқа толғалы отырған шағында үлкен марапат болар еді».

Николай Иванович қала тарихында айтулы із калдырған, өзімен иық тіресе жүріп бірге істеген адамдар туралы әркез ілтипатпен еске алады. Олар Кенбаев, Максименко, Чернявский, Гуляев, Буравов, Вдовин, Юрченко, Әбуғалиев және басқалар. Ал өзі туралы: «Мен де басқалар сияқты, барлық өзімнің замандастарым сияқты өмір сүрдім» деп айтады. ...Осы пікірінен бір ауытқып көрген жоқ. Қандай қарапайым сөздер. Ал шындығында олардың үлесіне халық тағдырындағы ең ауыр кезең — соғыс жылдары тиіп еді.

Николай Иванович Липовка адамдармен қарым-қатынас жасауда ерекше қасиетке ие. Оның бойында адамды өзіне тартып тұратын қасиеті бар, онымен әрбір кездесу онын тағдырында жаңа бір бет ашады, демек ол қала тарихында да жаңа бет болмақ. Өз бастамасымен деректі «қала төлқұжатын» құрады. Онда сонау 1937 жылдан бастау алатын деректер бар. Бұл Балқаштың еш жерде жоқ ерекше энциклопедиясы. 1980-85 жылдар аралығында құрастырылып, машинамен терілген, санаулы ғана таралымда шыққан энциклопедия.

Дереккөзі: Жаңабекұлы С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары [Мәтін]: Тарихи-өмірбаяндық очерк – Почетные граждане города Балхаша [Текст]: Историко-биографический очерк. – Балхаш, 2000. – 152 с.

Похожие:

Қала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев iconОбщественно-политическая литература
Жүніс, Қ.Ә. Таяу Шығыстағы жанжалдарды реттеу мәселелері: оқу құралы / Қайрат Әлішер-ұлы Жүніс; әл-Фараби атын. ҚазҰУ. Алматы: Қазақ...
Қала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев iconК74. 03 Ә19 Әбуғалиев М. Өлімді жеңген өмір [Мәтін] / Әбуғалиев М., 1984. 78 б. К74. 03
Байдельдинов В. Н. Ақ ордасы білімнің шығыстағы [Мәтін] / Байдельдинов В. Н., 2002. 157 б
Қала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев iconҚазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
Қала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев iconҚазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және
Қала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев iconҚазақстан Туристік Ассоциациясы (ҚТА) Қазақстан Республикасында 1999 жылдан бері өз қызметін атқарып келе жатыр
Алдаберген Исаевқа, сонымен қатар семинар кеңестің лекторлары, Қазақстан туристік ассоциациясының, Байқоңыр қаласының сала мамандарына,...
Қала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев iconАстана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы
«Республикалық маңызы бар қала, астананың бюджетінен қаржыландырылатын ішкі істер атқарушы органының қызметін қамтамасыз ету» деген...
Қала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев icon2005 жылғы 10 наурыздағы кезекті сессияның
Осы қағида қала аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін...
Қала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев iconКатонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы
Катонқарағай ауданының сәулет-қала құрылысы саласын дамыту жоспары сәулет-қала құрылысының қызметі мен механизмінің мемлекеттік саясаттың...
Қала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев iconІшкі саясат бөлімінің 2012 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары Қаңтар айы
Оған аудан әкімі Серік Зинабекұлы арнайы қатысып, қала тұрғындарын жаңа 2012 жылмен құттықтады. Қала мөлтек аудандарындағы сырғанақтарды...
Қала басшылары қызметін атқарғандар Жүніс Әбуғалиев iconОңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумақтарында құрылыс салу Ережелері туралы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница