Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің




НазваниеҚазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
страница1/6
Дата конвертации23.11.2012
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6


ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы

Президенті Әкімшілігі Басшысының

2010 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 01-39.147 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің

(қаржы полициясының) 2011-2015 жылдарға арналған

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ


Астана, 2010 жыл
1-тарау. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

агенттігінің (қаржы полициясының) миссиясы мен пайымы
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) миссиясы қоғамдық қатынастардағы сыбайлас жемқорлық және ел экономикасындағы қылмыстылық деңгейін төмендету болып табылады.

Агенттіктің пайымы - мемлекеттік аппараттың жүйелік сыбайлас жемқорлықтан арылуы, азаматтардың, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерінің экономикалық құқық бұзушылықтардан сенімді қорғалуы.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

қызметінің тиісті салаларының ағымдағы ахуалын талдау және даму үрдістері


    1. 1-стратегиялық бағыт. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға ықпалын тигізетін

себептер мен жағдайларды жою арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін тиімді күзету және қорғау

Бұл бағыт кездейсоқ таңдалмаған, ол сыбайлас жемқорлық және экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің бірі болып табылатын еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарынан туындады.

2.1.1 Реттелетін саланың немесе қызмет саласы дамуының негізгі өлшемдері

Қаржы полициясы органдары қызметінің негізгі бағыты заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметі, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметiн, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметi болып табылады.

2009 жылдың қорытындысы бойынша қаржы полициясы органдары барлығы 10 293 қылмыс тіркеді, оның ішінде былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 11%-ға өсті (3 006-дан 3 336-ға дейін), сондай-ақ сотқа жіберілген қылмыстық істердің саны 8%-ға өсті (7 350-ден 7 929-ға дейін). Көлеңкелі экономиканың ең қауіпті бөлігі - бұл заңсыз сектор, оның қоғам мен экономикаға әсері заңды құрылымдар мен салалар арқылы әрекет етіп, ол өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа ықпал етеді. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды ашу 20,5%-ға өсті (2 564 -тен 3 087-ге дейін). Экономикалық қылмыстар бойынша істердің сотқа жіберілуі 13%-ға ұлғайды (4 305-тен 4 869-ға дейін). Мынадай фактілер бойынша анықталған қылмыстар: заңсыз жолмен табылған ақша қаражатын немесе өзге мүліктерді заңдастыру 2,6 есеге (40-тан 104-ке дейін), акциз алымының маркаларын қолдан жасау және пайдалану 2,3 есеге (29-дан 67-ге дейін), заңсыз банкроттық (35-тен 54-ке дейін), өкілеттікті теріс пайдалану (57-ден 88-ге дейін), жалған кәсіпкерлік (360-тан 560-қа дейін), кредитті заңсыз алу және оны мақсатсыз пайдалану (83-тен 121-ге дейін) - әрқайсысы 1,5 есеге, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс 57%-ға (14-тен 22-ге дейін), заңсыз кәсіпкерлік 41,5%-ға (461-ден 652-ге дейін), салықтық қылмыстар 30,5%-ға (691-ден 903-ке дейін), сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иелену немесе ірі мөлшерде ысырап ету 27,5%-ға (333-тен 424-ке дейін) және экономикалық контрабанда 8%-ға (145-тен 157-ге дейін) өскені тіркелді.

Тәжірибе көрсеткендей қаржы полициясы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысындағы тиімді буын болып табылады. Қазіргі кезеңде экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес елдің құқық қорғау және бақылаушы органдарының аса маңызды міндеті болып табылады. Алайда, бұл қылмыстарға тек қылмыстық-құқықтық және әкімшілік шаралармен ғана қарсы тұру мүмкін емес. Сондықтан өзара байланысқан экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, насихаттық және басқа да міндеттер кешенін іске асыру қызметтің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

2.1.2 Негізгі проблемаларды талдау

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құруды, инвестиция тарту процесін тежеп, демократиялық мемлекеттің қоғамдық және саяси институттарына теріс әсер етеді, елдің болашағына елеулі қатер төндіреді.

Қылмыскердің өздері мен пиғылдарын аша отырып, оларды анықтау, қылмыстардың жолын кесу шараларын қолдануға және қылмыскерлерді қылмыс жасаған орында ұстай білуге жұмыс істеуді Мемлекет басшысы 2008 жылғы 25 қаңтарда Бас прокуратурада өткізілген құқық қорғау органдары басшыларының кеңесінде атап өткен.

Осылайша, 2009 жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау көрсеткіші 1 413-тен 1 486-ға өсті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істердің сотқа жіберілуі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға (1 109-тен 1 282-ге) өсті. Парақорлық фактілері 39%-ға (307-ден 426-ға), оның ішінде пара алу – 24,5%-ке (158-ден 197-ге), пара беру - 54%-ға (139-дан 214-ке) көбірек анықталды. Сонымен қатар, сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иемдену және ысырап етумен байланысты жемқорлық көріністері 5%-ға (351-ден 368-ге) көбірек ашылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі бес басым бағыт: мемлекеттік сатып алу, жер пайдалану саласындағы, салық қызметі, кеден және жол полициясы органдарындағы тіркелген қылмыстардың саны 34%-ға (493-тен 662-ге) өсті. Анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жалпы санынан бұл қылмыстардың үлесі 44,5%-ын құрайды.

Аталған көрсеткіштер қаржы полициясы органдары жұмысының жанданғанын, тергеуге дейінгі және тергеуалды тексерістер жүргізу сапасының артқандығын айғақтайды. Сонымен қатар аталған мән-жай лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауы соңғы жылдары жүйелі сипатқа ие болуына байланысты болып отыр.

Қылмыстың алдын алу, атап айтқанда экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға алғышарттар тудыратын себептер мен жағдайларды жою мақсатында Агенттік өз беделін және азаматтық қоғамның қаржы полициясы органдарының қызметіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ жұртшылықтың сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне жеккөру сезімін туғызуға жағдай жасау жұмыстарын жандандырды.

2.1.3 Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресті қамтамасыз ету кешенді сипатқа ие, себебі ол әлеуметтік өмірдің көптеген құбылыстары мен көріністеріне байланысты болады. Бұл мәселені шешуге ықпал ететін сыртқы факторлардың әртүрлі болуына байланысты мемлекеттің экономикалық дамуы, әлеуметтік-саяси жағдай, жұртшылықтың құқықтық санасының деңгейі өзекті мәнге ие. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде жұртшылықтың құқықтық түсінігін арттыру мәселесі бойынша өкілді және атқарушы билік органдарымен, бақылаушы және басқа да құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ қоғамдық құралымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру қажет.

Ішкі факторларға: қылмыстық көріністің әрбір фактісіне уақтылы және жедел ден қою жөніндегі жұмыстың сапасын арттыру және әдістерін жетілдіру; ғылымның және тәжірибенің жаңаша жетістіктерін, құқық бұзушылықтарды анықтау мен жоюдың озық әдістері мен тәсілдерін енгізу жатады.

2-стратегиялық бағыт. Экономикалық құқық бұзушылықтардың және сыбайлас жемқорлықпен байланысты бұзушылықтардың зардаптарын жою

2.2.1. Реттелетін саланың немесе қызмет саласы дамуының негізгі өлшемдері

Қаржы полициясының қызметі экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтауға және алдын алуға ғана емес, аталған жұмыстың түпкі нәтижесіне қол жеткізуге, атап айтқанда, жасалған қылмысты жазасыз қалдырмауға және құқық бұзушылықтың салдарларын жоюға да бағытталған. Осыған байланысты, Агенттік экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар келтірген залалды толық өтеуді қамтамасыз етуге және заңның үстемдігі мен оның алдында баршаның теңдігі принциптерін бұлжытпай іске асыруға ұмтылады.

2.2.2 Негізгі проблемаларды талдау

Өндірісте аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залалдың мөлшері – 218,7 млрд. теңгені, бас тартылған материалдар бойынша - 27,3 млрд. теңгені құрады. Өндірілген залалдың мөлшері 186,2 млрд. теңге, оның ішінде өндірісте аяқталған қылмыстық істер бойынша - 159,4 млрд. теңге, бас тартылған материалдар бойынша - 26,8 млрд. теңге. Бюджетке 69,9 млрд. теңге (34,3%), азаматтарға - 43,7 млрд. теңге (23,4%) және шаруашылық субъектілеріне – 78,4 млрд. теңге (42,1%) қайтарылды.

Жоғарыда келтірілген ақпаратты негізге ала отырып, Агенттік қоғамды экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстардан сенімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қаржы полициясы органдары қызметінің тиімділігін арттыру жұмыстарын тұрақты негізде іске асырады.

Кінәлінің әрбір қылмыс үшін жазаға тартылу тиістілігі туралы қағида Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған барлық Жолдауларының арқауына айналған, ол қағиданы қаржы полициясы қатаң ұстанады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар салдарынан азаматтардың, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің нұқсан келтірілген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру және материалдық залалды толық өтеуді қамтамасыз етуге аса назар аудару қажет.

2.2.3 Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар ел экономикасының дамуы кезеңінде бастан кешірген өзгерістерге байланысты (қаржы дағдарысы және т.б.).

Ішкі факторлар мемлекет қаражатын ұрлау фактілерін анықтау және олардың жолын кесу әдістерін, атап айтқанда экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау нәтижесінде жол берілген залалды толық өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды үнемі жетілдіру түрінде сипатталады.

Агенттік Стратегиялық жоспарды жүзеге асыруды еліміздің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында (Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары) айқындалған міндеттерге сәйкес, оның ішінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасында 2005-2015 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының талаптарын сақтай отырып жүргізетін болады.


3-тарау. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері,

нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер,

нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелерінің көрсеткіштері

1-стратегиялық бағыт. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға ықпалын тигізетін себептер мен жағдайларды жою арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін тиімді күзету және қорғау




1.1-мақсат. Қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту,
адал кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы алғышарттар жасау




Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 001, 004, 005, 007, 003




Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

(2009)

Ағымдағы жылғы жоспар

(2010)

Жоспарлы кезеңде




2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексін көтеру

«Транспаренси интернэшнл» рейтингі

орын

120

105

102

99

96

93

90




Құқық қорғау органдары арасында қаржы полициясы органдарының сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету (төмендеу оң деп бағаланады)

МҚА зерттеулері бойынша құқық қорғау органдары арасында сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингі

орын

3

3

3

3

3

3

2




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Заңсыз төлемдер мен паралар фактілерін азайту және жолын кесу (2010 жылда енгізілген жаңа көрсеткіш)

БЭФ Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштері

орын

есептел-

меді

93

90

87

84

81

78




Нысаналы индикаторларға жету жолдары, құралдары мен әдістері




1.1.1-міндет. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен уақтылы жолын кесудің тиімді жүйесінің дамуы мен қалыптасуы




Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

(2009)

Ағымдағы жылғы жоспар

(2010)

Жоспарлы кезеңде




2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.




* Тіркелген қылмыстардың жалпы көрсеткішіндегі дайындалу мен жасалу сатысында алдын алған қылмыстардың үлесі (ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қысқарту туралы үкімдер мен қаулылар бойынша) (өсім оң бағаланады)

статдеректер

(1-М және 3-К нысанды ведомстволық статистикалық есеп)

%

есептел-

меді






















Қылмысты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар шығарылған, аяқталған қылмыстық істердің үлесі

ішкі есепке алу

(ұсынымдар)

%

25

30

35

38

40

42

43




Тікелей нәтижелер көрсеткіштерге жетуге бағытталған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі




2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.




Құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы актілерді (ұсыныстарды) дайындау және енгізу

Х

Х

Х

Х

Х




Құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында, сондай-ақ қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мен қылмыстық си­паттан арылту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру. Ғылыми-зерттеу жұмысы, экономикалық құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің озық тәжірибесін зерделеу, мамандарды шетелде оқыту

Х

Х

Х

Х

Х




1.1.2-міндет. Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамның белсенді қатысуына жәрдемдесу, ел азаматтарының бойында сыбайлас жемқорлыққа деген жеккөру сезімін қалыптастыру




Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

(2009)

Ағымдағы жылғы жоспар

(2010)

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі




2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.




Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет және көлеңкелі экономика және саласында қоғамдық ұйымдармен жасалған ынтымақтастық туралы келісімдер саны

ішкі есепке алу

(келісімдер)

бірлік

6

8

10

10

11

12

12




Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау бойынша жүргізілген ауқымды акциялардың саны

ішкі есепке алу

(акциялар)

бірлік

11

14

18

18

19

19

20




Тікелей нәтижелер көрсеткіштерге жетуге бағытталған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі




2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.




Қаржы полициясы органдарының қызметі туралы хабарлау (әдебиет, БАҚ жарияланымдары, ақпарат, бейнежазбалар, буклеттер және т.б.)

Х

Х

Х

Х

Х




1.1.3-міндет. Өтініштер мен арыздарды уақтылы және толық қарауды қамтамасыз ету, қылмыстарды жасыру фактілерін жою




Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

(2009)

Ағымдағы жылғы жоспар

(2010)

Жоспарлы кезеңде




2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.




Барлық арыздардың жалпы санындағы қайта келіп түскен арыздар үлесі

статдеректер

(2-ЗС нысанды ведомстволық статистикалық есеп)

%

7

6

5

5

5

5

5




Жалпы келіп түскен арыздардың жалпы санындағы белгіленген мерзімнен тыс қаралған арыздардың үлесі

статдеректер

(2-ЗС нысанды ведомстволық статистикалық есеп)

%

0,25

0,23

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2




Тікелей нәтижелер көрсеткіштерге жетуге бағытталған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің iconҚазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
Аржы полициясы 2009 – 2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есебі
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің iconБізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде
Айвар Боданов, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының...
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің iconҚазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы
Р сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралың Заңға сәйкес лауазымды тұлға туралы ұғым
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі №267-1
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі №267-1
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі №267-1
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің iconҚызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының 2012 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі атқарған жұмыстары жайлы
Атап айтқанда, басқармада 2012 жылдың 10 қаңтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңнамасын орындау бағытындағы мекеменің іс-шаралар...
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларының негізгі талаптары туралы жадынама Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларының негізгі талаптар
Егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмау
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын және Қазақстан Республикасының мемлекет қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін орындау бойынша...
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің iconҚазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Республикасының Заңдарында, басқа заңнамалық актілерде регламенттелген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница