Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер




Скачать 75.24 Kb.
НазваниеҚостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер
Дата конвертации23.11.2012
Размер75.24 Kb.
ТипДокументы
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ережелер.
    1. Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасындағы байқау- азаматтық бастамалар мен үкіметтік емес сектордың дамуын қолдайтын мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған.

    2. Байқау өткізілу шартын, мақсат, міндетін, өткізілу кезеңін, номинацияларға талап, қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттау мен мадақтау реттіліктері аталмыш ережеге сәйкес болады.


    3. Байқау Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық Альянсымен өткізіледі.


2. Байқаудың мақсаты мен міндеті.
2.1. Байқау мақсаты – облыстың әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда үкіметтік емес сектордың жетістігін насихаттау, жылдың үздік ҮЕҰ анықтау.
2.2. Байқау міндеті:

- Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарының кәсіби және шығармашылық өсуі үшін ынта қалыптастыру;

- Әлеуметтік мәселелерді шешуде азаматтық қоғам институтының қоғамдық белсенділік деңгейін арттыру;

- Қостанай облысындағы азаматтық қоғам институты қызметінің позитивті имиджін қалыптастыру.

3. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу реттілігі.
3.1. Байқау 4 кезеңнен тұрады:

1-ші кезең – Байқауға қатысамын деп ниет білдірген қатысушылардан өтінім жинау – 2012 жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін;

2-ші кезең - Байқаудың әр номинациясы бойынша номинанттарды іріктеу – 2012 жылдың 1 қарашасынан 8 қарашаға дейін;

3-ші кезең –үкіметтік емес ұйымдардың шығармашылық жұмысының тұсау кесері– 2012 жылдың 12 қарашасынан 16 қарашасына дейін;

4-ші кезең –2012 жылдың желтоқсан айының алғашқы он күндігінде облыс әкімінің азаматтық қоғам институты көшбасшыларымен өткізетін жыл сайынғы кездесуінде қорытынды шығару мен жеңімпаздарды марапаттау.

3.2. Өтінімдер бағасын беру мен әр номинация бойынша байқау жеңімпаздарын анықтау байқау комиссиясының құзіретінде. Олардың қатарында облыстық маслихат депутаттары, азаматтық қоғам институтының көшбасшылары, қоғамдық пікір көшбасшылары, мемлекеттік орган, бұқаралық ақпарат құралдары мен бизнес өкілдері. Байқау комиссиясының құрамы Қостанай облысы әкімдігінің тұсындағы ҮЕҰ-мен қарым-қатынас Кеңесінің төрағасымен бекітеледі.

3.3. Байқау комиссиясы анықталған талаптар негізінде үкіметтік емес ұйымдар, бастамашылық топтар, байқауға қатысушы-сарапшылар ішінен әр номинация бойынша номинанттарды іріктеп, әр номинациядан жеңімпаздарды анықтайды.
Жетекшілері байқау комиссиясының мүшесі болып табылатын үкіметтік емес ұйымдар байқауға қатыспайды.
3.4. Номинанттарды іріктеу талаптары:

- Байқауға қатысу өтінімін Ережеге сәйкес қажетті құжаттарды сипаттап, қосымша бекітіп беру;

- үкіметтік емес ұйым – байқауға қатысушы қызмет көрсететін, аймақ үшін әлеуметтік маңызы бар жобаның болуы;

- аталмыш әлеуметтік жоба жүзеге асатын тұрғын халықты максималды тұрғыда қамту;

- жобадан алынған нәтижелердің тұрақталығы;

- жүзеге асқан жобалар қызметінің әлеуметтік маңызы;

-арнаулы топтың сұранысына, шын мәніндегі қажеттіліктерге жобалардың әйкестігі;

- үкіметтік емес ұйым қызметі жайлы баяндайтын мақалалар немесе теле бағдарламалардың болуы;

-ұйым жұмысының жүйелілігін көрсетуге мүмкіндік беретін, үкіметтік емес ұйым қызметі (оперативті және стратегиялық) жоспарының болуы;

- әлеуметтік маңызы бар жобаға еріктілерді тарту;

- Үкіметтік емес ұйымның қоғамдық кеңес, комисси, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар ішіндегі топтар жұмысына қатысуы;

- Байқау комиссиясы назарға ала алатын үкіметтік емес ұйымдар жайлы қосымша ақпарат (өзге де ҮЕҰ және ұйымдармен қызметтес болу, бенефициарийлер мен өзге де тұлғалардан алынған марапаттар мен сыйлықтардың болуы).
3.5. Байқау комиссиясының отырысы оның мүшелерінің жартысы қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі. Шешім дауыс беру арқылы шығарылады.

Байқау комиссиясының шешімі оның мүшелерінің жеке көзқарастары жазылатын хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға байқау комиссиясының төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды.

3.6. Үкіметтік емес ұйымдардың шығармашылық жұмысының тұсау кесерінде байқау номинанттары өз қызметтері жайлы шығармашылық есеп береді. Байқау қатысушысының талғамына сәйкес шығармашылық есеп көзбен шолу арқылы, аудио қостау, таратылым материалдары, сонымен қатар өзге жағдайда бола алады(концерттік бағдарлама, театрландырылған шоу және т.б). Шығармашылық есептің қортындысы әр номинация бойынша байқаудың жеңімпазын біржола анықтау үшін байқау комиссиясымен қаралады.

3.7. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі облыс әкімінің азаматтық қоғам институты көшбасшыларымен өткізетін жыл сайынғы кездесуі аясында, арнайы ұйымдастырылған Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасындағы байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатында өткізіледі. Байқау жеңімпаздары диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.
4. Номинациялар мен байқауға қатысу шарттары.

4.1. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Жылдың үздік ҮЕҰ» номинациясы

Аталмыш номинацияға үкіметтік емес секторда бір жылдан астам уақыт бойы келесі бағыттар бойынша қызмет істеп келетін үкіметтік емес ұйымдардан өтінім қабылданады

- «Жастар мен балалармен жұмыс істейтін үздік ҮЕҰ» - өскелең ұрпаққа шығармашылық, әскери-патриоттық, саяси және экономикалық тәрбие беретін жұмыстағы жетістік үшін, жасөспірімдер арасында өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру, олардың шығармашылық дарындарын дамыту, жастар мен балаларды аймақтың қоғамдық өміріне тарту.

- «Құқық қорғау аясындағы үздік ҮЕҰ» - азаматтардың мүдделері мен құқығын қорғау нәтижелілігі аясындағы тұрғындар, кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы құқықты мәдениетті дамытқандағы, Қазақстан республикасының заңнамасын жетілдіру жұмысына белсенді қатысқандағы жетістіктер үшін.

- « Салауатты өмір салтын насихаттау аясындағы үздік ҮЕҰ» - тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы бойынша жетістіктер үшін, аталмыш бағыт бойынша әр санаттағы тұрғындармен нәтижелі жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, салауатты өмір салты шеңберіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді ат салысқандағы жетістіктер үшін.

- «Қазақстандық елжандылықты қалыптастырудағы облыстағы үздік ҮЕҰ» - экологиялық ағарту ісіне және қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін; әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға тарту, әрі Қостанай облысының табиғи байлықтарына аса ыждағаттылықпен қарауды насихттағаны үшін.

- «Облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстағы үздік ҮЕҰ» - мүгедектер құқының және мәселесінің ілгері басуына қосқан септігі үшін, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету арқылы азаматтық белсенділігін қамтамасыз еткені үшін, рәі олардың әлеуметтік бейімделуін ұйымдастыру арқылы мүгедектер жайындағы қалыптасқан ойға тойтарыс бергені үшін.

- «Азаматтық бастамаларға қолдау білдірудегі үздік ҮЕҰ» - азаматтық бастамаларды тұрғындар арасында насихаттау жұмысына қосан үлесі, аймақтағы үрлі мәселелерді шешу үшін бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруда тиімді әдіс тәсілдерді пайдаланғаны үшін.

- «Этнос аралық қарым қатынастар айналасындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы үздік ҮЕҰ» - мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру жұмыстарына қосқан үлесі, ел бірлігін нығайтқаны, қазақстандық қоғам құндылықтарының бағалануына қол жеткігені, ұлттық мәдениеттердің сақталуы мен дамыту жұмыстары, Қазақстан ұлттарының тілдерін өркендеткені үшін.

- «Гендрлік және отбасылық демографиялық саясатты жүзеге асырудағы үздік ҮЕҰ» - қоғамдық саяси, әлеуметтік экономикалық өмірдегі әйелдердің белсенділігін арттыру жұмыстары үшін, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтан ұрпаққа салт-дәстүрді сақтау, Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 ж.ж. гендрлік тепе-теңдік саясатын жүзеге асырудағы белсенділігі үшін.

Тапсырыста тамаша бастама тарихын көрсетуге болады, өзіндік жеке тұрақтылықтың құпиясы, маңызды жетістіктер, ұйымдарда жұмыс істейтін адамдар маңыздылығын, мемлекеттік мекемелердегі, бизнес айналадағы, БАҚ әріптестерінің маңыздылығын көрсетуге болады.

Марапаттуға екі ұйымнан артық емес жеңімпаздар ұсынылады.

2) «Ең үздік жоба, әлеуметтік акция» номинациясы

Бұл номинация бойынша тапсырыстар Қостанай облысы ауқымында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырған үкіметтік емес ұйымдардан қабылданады.

Тапсырыста міндетті түрде жобаның жасақталу тарихын, жобаның сипатталуын, мақсатты топты көрсету керек. Ең бастысы жобаның тұрақтылығына және Қостаай облысы тұрғындарына әлеуметтік мңыздылығына назар аудару керек. Сондай-ақ, БАҚ жарияланған материалдары, қызметтің қызығын көрген нақты тұрғындардың хаттары, фото бейнематериалдары бар қосымшалар болса құба-құп.

Марапаттауға 3 жоба ғана ұсынылады.

3) «Ең үздік азаматтық бастама» номинациясы

Бұл номинация бойынша тапсырыстар заңды тіркелмеген, ҚР азаматтарының ниетерімен құрылған, әрі Қостанай облысында тұратын бастамашыл топтардан қабылданады.

Тапсырыста міндетті түрде бастамашыл топтың құрылу тарихын, бастаманың мағынасын, қандай мәселелерді шешкені мен қандай нәтиже болғанын, әрі мемлекеттік мекемелердегі, кәсіпкер және БАҚ-ғы әріптестердің маңыздылығын көрсету керек.

Марапаттауға екі бастамашыл топ қана ұсынылатын болады.

4) «Кәсіби сарапшы» номинациясы

Бұл номинация бойынша марапаттауға үкіметтік емес ұйымға жобаны жүзеге асыруда, ұйымды құруда, әлеуметтік маңызды жобаның дамуына нағыз сарапатамалық көмек көрсеткендер ұсынылады.

Қостанай облысында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардан тапсырыстар қабылданады. Тапсырыста сарапшымен қарым –қатынас және ҮЕҰ сарапшының көрсеткен нақты көмегі көрсетілуі тиіс. Міндетті түрде мына құжаттарды да қосу керек: келісімшарттар, ұысыныстар, методологиялық қосымшалар.

4.2. Тапсырыстар міндетті түрде номинацияға сай болуы тиіс, қосымшада әріптестерінің екіден аспайтын пікірлері болады.

4.3. Конкурстық комиссия егер тапсырыстар талапқа сай болмаса, әрі сапасыз қалыпта ұсыныслған жағдайда марапаттау рәсімін жүргізбеу құқына ие.

4.4. Конкурс қатысушылары үкіметтік емес ұйымдар ғана бола алады:

- белгіленген жобалар бойынша осы конкурстың жеңімпаздары;

- конкурстық комиссия мүшелері;

- байқау ұйымдастырушылары.

Приложение


Қостанай облысы ҮЕҰ арасындағы байқауға қатысу үшін

ӨТІНІМ

1. Байқау қатысушысы(Т.А.Ж., немесе ұйым атауы)

_____________________________________________________________

2. Туылған күні мен жылы, тіркеу

_____________________________________________________________

2. Номинация_________________________________________________

3. Жоба атауы, акциялар

_____________________________________________________________

4. Байланыс телефоны_________________________________________

6. Мекен-жай______________________________________________________

Өтінімге Ережеде ескерілген еркін түрдегі сипаттау, қосымша бекітіледі.
Өтінім мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қостанай қ-сы, 1 Мая к-сі, 151,

№10 кабинет (Жаринова Елена Васильевна, тел. 54-48-40)



Похожие:

Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер iconІ. Жалпы ережесі Бұл байқауды өткізудің мақсаты
Нзм мектептерінің 7-9 сынып оқушыларының арасында өтетін «Космостық галерея» конкурсының ережесі
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер iconЕреже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер
Бұл ереже байқаудың мәртебесі, мақсаты мен міндеттерін, өтілу мерзімі мен тәртібін, байқауға қатысу жағдайын, қорытындысы мен марапатталуын...
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер icon«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам»
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі бақ) өкілдерінің арасында өткізіледі. Байқаудың...
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер iconРегламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
«Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты»...
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін katev халықаралық қоғамдық қорының V «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу ережелері
Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін katev халықаралық...
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер iconҚостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесінің дербес құрамы
«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы, төрағаның орынбасары
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер icon«Облыста волонтерлік қозғалысты дамыту жолдары» атты облыстық дөңгелек үстел 2009 жылы 28 қазан күні Мақсаты
Мақсаты: Қоғамды еріктілер тобының қызметіне назар аударту, аймақтағы үкіметті және үкіметтік емес ұйымдардағы еріктілер қозғалысының...
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер icon«Қазақстан республикасындағЫ Ғылыми ұйымдар мен жоғАРҒы оқу орындарындағы ең Үздік жас ғалымдар кеңестеріне» жарияланған байқау ережесі
Осы ереже байқаудың тәртібі мен байқаудың өтетін мерзімін анықтап, Қазақстан Республикасындағы ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарынан...
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер iconҮкіметтік емес ұйымның атауы
«Алматы облысының Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі Қазақстан қауымы» қоғамдық бірлестігі
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер iconБір негіз әдісімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы Хаттама Қостанай облысы әкімдігі мәдениет Басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы»
Басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» мм-нің Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 115-үйдегі ғимаратын ағымдағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница