Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі




Скачать 62.96 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі
Дата конвертации23.11.2012
Размер62.96 Kb.
ТипДокументы



Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының

2011 жылғы «___» _______ № _____ бұйрығымен бекітілген


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің

балалардың құқықтарын қорғау

басқармасы туралы

ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы.

2. Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы (бұдан әрі-басқарма) өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңнамаларды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да құқықтық нормативтік актілерді, Министр мен Төрайымның бұйрықтарын, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың штаттық санын, құрылымын Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасы бекітеді.

4. Басқарманың құрамы:

1) басқарма бастығы (1бірлік);

2) бас сарапшы (3 бірлік);

3) сарапшы (1 бірлік);

2. Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары және құрылымдық бөлімшелерінің құқықтары мен міндеттері
Міндеттер: Факультативтік хаттамаға сәйкес Бала құқықтары туралы Конвенция ережелерін, Бала құқықтары жөніндегі комитеттің ұсыныстарын, Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық нормативтік құжаттарды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндамаға ұсыныстар әзірлеу;

2) «Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы» конвенцияның факультативті хаттамасының орындалуы жөнінде ақпарат дайындау;

3) «Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы» конвенцияның факультативті хаттамасының орындалуы жөнінде ақпарат дайындау;

4) «Халықаралық Еңбек Ұйымның «Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы» № 138 және «Балалардың еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы» № 182 Конвенцияларының орындалуы жөнінде ақпарат дайындау;

5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерді, мақалаларды, баяндамаларды, анықтамалар дайындау;

6) Республикадағы балалардың жағдайы туралы зерттеу жүргізу, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жайын мүдделі министрліктер мен ведомстволар, жергілікті атқару органдары, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және басқармалары берген мәліметтер негізінде талдау;

6. Міндеттер: балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, жергілікті атқару органдармен, министрліктің, комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;

Функциялары:

1) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру, оқушыларды мектепке тасымалдау, панасыздықтың, құқық бұзушылықтың, бала еңбегінің ең нашар түрлерінің, нашақорлықтың профилактикасы жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамаларының орындалуын бақылау;

2) сабаққа қатыспайтын балалардың, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастару, оқушыларды мектепке тасымалдау, әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге бөлінген қаржы шығыстарына мониторинг және талдау жүргізу;

3) панасыздыққа, қараусыздыққа, құқық бұзушылыққа, балаларға қатысты зорлыққа және бала еңбегін пайдалану, балалар мен жастар арасындағы суицид, адам саудасы, порнография, нашақорлық, токсикоманияның және балалар арасында жағымсыз әрекеттердің пайда болуына ықпал етуші жағдайлар мен себептерді анықтау;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы материалдарын, жетекшілік ететін мәселелер бойынша республикалық кеңестер, семинарлар, конференцияларды ұйымдастару;

5) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін үйлестіру және бақылау;

6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;

7) басқарма құзыретіне кіретін балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Комитет шығаратын нормативтік құқықтық актілердің жобасыларын әзірлеу;

8) министрліктер және ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың өмірде қиын жағдайға душар болған балалар туралы Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік статистикалық мәліметтерін пысықтау;

9) Басқарма туралы бекітілген Ережелерге сәйкес басқарма мамандарының атқаратын қызметтерін бекітуге дайындау және ұсыну.

8. Құқықтары мен міндеттері

Басқарма өз функцияларын және негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:

1) балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асыруға қатысуға;

2) балалар өмірінің әлеуметтік және құқықтық кепілдігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша құжаттарды зерделеу және талдауға;

3) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін бақылау және зерделеу;

4) басқарма өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін мүдделі министрліктерден, ведомстволардан, жергілікті атқару органдардан, министрліктің және комитеттің бөлімшелерінен, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардан қажетті анықтамаларды және басқа да мәліметтерді сұратуға;

5) жетекшілік ететін сұрақтары бойынша ұйымдардан, азаматтардан келіп түскен арыз, өтініш, ұсыныстарды қарауға;

6) балалар құқықтарын қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау мен қоғамдық пікірді қалыптастыру бойынша зерттеу, ақпараттық, консультативтік және ағарту жұмыстарын ұйымдастыруға қатысуға;
3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

8. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасының Президентінің актілеріне, басқа да Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерге сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажетті құзыреттілікке ие.

9. Басқарманы конкурстық негізде лауазымға тағайындайтын және қызметтен Төрайым бұйрығымен босатылатын бастық басқарады.

Басқарма бастығы басқарма қызметіне басшылық жасайды және функциялардың жүзеге асырылуына, міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді.

10. Басқарма бастығы:

1) өз қызметінде басқармадағы жалпы басшылықты жүзеге асырады және басқарма құзыреті шегінде функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауап береді.

2) басқарма қызметі туралы Ереже әзірлейді және бекітуге ұсынады;

3) басқармадағы мамандардың лауазымдық міндеттерін бекітеді;

4) Комитеттің регламентіне және басқа да заңнамалық құқықтық актілерге сәйкес Басқармадағы іс-қағаздар жұмысын жүргізуді ұйымдастырады;

5) Министрліктің, Комитет басшысының жұмыс жоспарларындағы тапсырманы көрсетілген мерзімінде орындаумен қамтамасыз етеді;

6) бала құқықтары мәселесі бойынша еңбек шарттарының жақсаруы, мамандардың біліктілік іскерліктері мен орындаушылық жауапкершіліктерінің артуын қамтамасыз ететін шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

7) Комитеттің басшысына Басқарма құзыреті шегінде бала құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық жұмыстардың тиімділігін арттыру, заң бұзушылықтардың себебі мен оны жоюда заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

8) Министрдің, Вице-министрдің, Комитеттің төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын, өкімдерін басқарманың құзыреті шегінде уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;

9) Комитет басшылығына мамандарды көтермелеу және тәртіптік шара қолдану туралы ұсыныс енгізеді;

11. Мамандардың өкілеттілігі Басқарма қызметінің мақсат және міндеттерімен, нақты лауазымдық міндет және құқық- Басқарма бастығы бекіткен лауазымдық нұсқаулық арқылы анықталады.

12. Басқарма бастығы, басқарманың мамандары Комитеттегі балалардың құқықтарын қорғау жұмыстарына, берілген Ережедегі және лауазымдық нұсқаулықтағы міндеттемелерді уақытында және сапалы орындауға бекітілген заңнамалық тәртіп бойынша жауапты.


Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі icon«22» қыркүйектегі №77-Ө бұйрығымен Бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Атырау облысының «Балалардың құқықтарын қорғау департаменті»
Республикасы Білім және және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті төрағасының 2009 жылғы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі iconМезгілі: 25. 11. 2008 ж. Тапсырыс беуші: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мм
Тапсырыс беуші: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысының...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі iconМерзімі: 27 шілде 2009 ж. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мм, Қостанай қаласы, Амангелді, 93Б үй
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысының...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі iconЖихаз жөндеу қызметтері баға ұсыныстары сұранысы арқылы сатып алулардың қорытындысы бойынша шешім
...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі iconАстана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі iconНәтижелері туралы Хаттама №1 04. 2010 ж. Ақтөбе қаласы
«ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі басқармасы туралы ережесі
Республикасы Конституциясын, заңнамаларды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да құқықтық нормативтік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі iconМемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру 04. 12. 2009г г. Актобе Тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: Қр білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ақтөбе облысы Балалардың құқықтарын қорғау...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы
Оқушыларға бала құқықтарын оқыту ресурсы Бала құқықтары туралы конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница