Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама




Скачать 145.16 Kb.
НазваниеҚылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама
Дата конвертации23.11.2012
Размер145.16 Kb.
ТипДокументы


Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша

АНЫҚТАМА
мамыр 2011 жыл Ақтөбе қаласы
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған жоспар негізінде қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылар сот практикасы зерделенді.

Қылмыстық істерді қараған кезде сот сатыларымен жеке қаулылар шығару ҚР ҚІЖК-нің 59 бабының 4 бөлігінде, 387 бабында, 411 бабының 3 бөлігінде және 446-8 бабында көзделген.

Сот оған негіз болған кезде кеңесу бөлмесінде жеке қаулы шығарады, онда мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын іс бойынша анықталған заңның бұзылу фактісіне, қылмыс жасауға себепші болған және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін себептер мен жағдайларға аударады.

Жеке қаулы, сондай-ақ сот анықтау, алдын ала тергеу жүргізу кезінде немесе істі төменгі сот қараған кезде жіберілген, азаматтардың құқықтарын бұзу және заңның басқа да бұзылуы байқалған кезде шығарылуы мүмкін.

Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарын жекелеген азаматтардың өндірістегі немесе тұрмыстағы теріс мінез-құлқына немесе олардың қызметтік не азаматтық борышын бұзуына аударуға құқылы.

Сот, егер мұны қажет деп таныса, сот талқылауының материалдары бойынша, басқа да жағдайларда жеке қаулы шығаруға құқылы.

Ақтөбе облысының аудандық және қалалық соттарымен 2010 жылдың 2 жарты жылдығында 109 жеке қаулылар, 2011 жылдың 1 тоқсанында 26 жеке қаулылар шығарылған.

Жеке қаулылар шығарған соттар бойынша кесте келесі жағдайларды көрсетеді.

2010 жылдың 2011 жылдың

2 жарты жылдығы 1-ші тоқсаны
1.Ақтөбе қалалық №2-ші соты - 61 4

2.МАҚС - 16 6

3.Алға аудандық соты - 2 1

4.Айтекеби аудандық соты - 4 2

5.Байғанин аудандық соты - 3 0

6.Қобда аудандық соты - 0 0

7.Қарғалы аудандық соты - 2 2

8.Мұғалжар аудандық соты - 6 5

9.Мұғалжар аудандық №2 соты – 0 0

10.Мәртөк аудандық соты – 1 1

11.Ырғыз аудандық соты – 0 0

12.Ойыл аудандық соты – 0 2

13.Шалқар аудандық соты – 6 1

14.Хромтау аудандық соты – 6 1

15.Темір аудандық соты - 2 1
Барлығы - 109 26
Жоғарыда көрсетілген кестеге қарағанда 2010 жылдың 2 жарты жылдығында ең көп жеке қаулылар Ақтөбе қалалық №2-ші сотымен шығарылған – 61 жеке қаулы, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотымен – 16 жеке қаулылар шығарылған.

2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылардың саны 2010 жылдың 2 жарты жылдығымен салыстырғанда 3 есе аз шығарылған.

Жоғарыда аталған мерзімдер ішінде Ырғыз, Қобда, Мұғалжар аудандық №2-ші соттарымен бірде-бір жеке қаулылар шығарылмаған. Ал Ойыл аудандық сотымен 2010 жылдың 2 жарты жылдығында бірде-бір жеке қаулы шығарылмаған.

Аудандық және қалалық соттармен 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылардың 4 - прокуратура органдарының атына жолданған, 15 - анықтама және тергеу органдарының, 9 – басқа органдар атына жолданған.

2010 жылдың 2 жарты жылдығында шығарылған жеке қаулылардың 44 – прокуратура органдарының атына, 47 - анықтама және тергеу органдарының, 35 – басқа органдар атына жолданған.

Жеке қаулылар негізінен анықтама және тергеу органдарымен істі тергеу кезінде материалдық және процессуалдық заң талаптарын бұзу фактілері, жасалған қылмыстар бойынша дер кезінде шешім қабылдамау, соттардың еріксіз келтіру жөнінде қаулыларын орындамаулары, айыпкерлерді қамауға алуды санкциялау және қамауда ұстау мерзімдерін ұзарту жадығаттарын сотқа заңда белгіленген мерзімдерден кешіктіріп әкелулері бойынша, прокуратура органдарымен анықтама және алдын ала тергеу кезінде заңдардың орындалуына дұрыс қадағалау жүргізбеу, басты сот талқылауына уақытында келмеулері, төрағалық етушінің талабына бағынбау жөнінде, басқа да органдардың өз міндеттеріне ат үсті, немқұрайлы қараулары, білім беру мекемелерінің оқушылар арасында жеткілікті тәрбиелік жұмыстар жүргізбеу жөнінде шығарылған.

ҚР ҚІЖК-нің 449 бабының 1 бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген соттың үкімі мен қаулысы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сөзсіз орындалуға жатады.

Мысалы, Әйтеке би аудандық соты ҚР ҚК-нің 175 бабының 2 бөлігінің «б,в» тармақтарымен айыпталған Н.К.Конратбаевтың қылмыстық ісі бойынша жеке қаулы шығарған.

Сот, 15 желтоқсан 2010 жылы Қарабұтақ селосы, Былшық би көшесі №4-ші үй тұрғыны жәбірленуші А.Б.Бердалинді 20 желтоқсан 2010 жылы сағат 10-ға сотқа мәжбүрлеп әкелуге қаулы еткен. Қаулының орындалуы Әйтеке би аудандық ІІБ-не жүктелген.

Алайда, Әйтеке би аудандық ІІБ-нің жауапты лауазымды тұлғалары орындалуға міндетті соттың қаулысын назарға алмай, негізсіз орындамаған.

Сондай-ақ, орындалу барысы туралы сотқа хабарлауды қажет деп таппай, сот қызметкерлерінің бірнеше рет жасаған еске салуларына құлақ аспаған. Сөйтіп жоғарыда көрсетілген заң талаптарын өрескел бұзған. Кейін жәбірленуші А.Б.Бердалин ІІБ-нің көмегінсіз сотқа жеткізілген.

Сот, осы жіберілген заң бұзушылықтар бойынша Ақтөбе облыстық ІІД-нің назарын аударып жеке қаулы шығарған.

Мұғалжар аудандық сотымен 03 желтоқсан 2010 жылы ҚР ҚК-нің 175 бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен айыпталған Д.С.Қалдығұловтың қылмыстық ісі бойынша тергеуші С.Е.Айтымбетов істің тергеу мерзімін негізсіз созбалағаны үшін жеке қаулы шығарылған.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда қылмыстық іс 05 мамыр 2010 жылы қозғалған.

Қылмыстық іс алдын-ала тергеу өндірісіне 10 мамыр 2010 жылы қабылданып, тергеуші тек жеке тапсырма берумен шектеліп, тергеудің мерзімі аяқталған соң, яғни 05 шілде 2010 жылы қылмыстық істі өндірістен тоқтатып тастаған.

Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалған кезде бірінші жасалатын тергеу әрекеттері, яғни оқиға болған жерді қарау әрекеті тек 03 қараша 2010 жылы, яғни қылмыстық іс қозғалған уақыттан бірнеше айдан кейін ғана жүргізіліп, сол кезде үй иелерінен толық түсініктемелер алынғаннан кейін ғана қылмыстың беті ашылған.

Сөйтіп қиындық тудырмайтын қылмыстың тергелуі қылмыстық іс қозғалғаннан бастап негізсіз алты айға, ал қылмыс жасалып жәбірленушіден арыз түскен күннен бастап негізсіз он бір айға созылған.

Осы істің тергелу мерзімі негізсіз созбаланып заң бұзушылыққа жол берілген фактісі бойынша Мұғалжар аудандық прокурорың және аудандық ішкі істер бөлімі бастығының назарлары аударылып жеке қаулы шығарылған.

Мұғалжар аудандық сотының 14 қазан 2010 жылғы үкімімен М.Урынбаев ҚР ҚК-нің 257 бабының 1 бөлігімен айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан шектеліп сотталған.

Басты сот талқылауында қылмыстық істі қарау кезінде тергеуші және прокурор тарапынан төмендегідей кемшіліктер жіберілгені анықталған.

Сотталушы М.Урынбаев 18 ақпан 2003 жылғы сот үкімімен ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылуға сотталып, 13 қыркүйек 2004 жылы мерзімінен 1 жыл 4 ай 20 күнге бұрын шартты түрде босанып шыққан. ҚР ҚК-нің 77 бабының 3 бөлігінің «д» тармағының талабы бойынша М.Урынбаевтың соттылығы тек 13 қыркүйек 2010 жылдан кейін ғана жойылады. Алайда М.Урынбаев қылмысты соттылығы жойылмастан бұрын, 11 қыркүйек 2010 жылы қайталап жасаған. Бұндай жағдайда М.Урынбаевтың іс әрекетінде ҚК-нің 13 бабының 1 бөлігінің талабына сай, қылмыстың қайталануы бар болып табылады.

Алайда, алдын-ала тергеу органымен айыптау хаттамаларында М.Урынбаевтың әрекетінде ҚК-нің 13 бабының 1 бөлігінің талабына сай, қылмыстың қайталануы танылмаған.

Бұндай жағдайда сот өз тарапынан сотталушының жағдайын ауырлата алмай, М.Урынбаевтың әрекетінде қылмыстың қайталануын танымаған және оған ҚК-нің 59 бабының 2 бөлігінің талабына сай жаза тағайындай алмаған.

Аталған заң бұзушылық жол берілгендіктен және прокурор тарапынан нақтылы қадағалау жүргізілмегендіктен аудандық прокурордың және ІІБ-нің бастығының назарын аударып жеке қаулы шығарылған.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 02 шілде 2010 жылы ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлігімен айыпталған К.К.Смаиловтың қылмыстық ісі бойынша жеке қаулы шығарылған.

Алдын-ала тергеу органдары, яғни Ақтөбе қаласының ІІБ-нің ЖТБ-нің аға тергеушісі полиция капитаны З.Т.Албилекова осы іс бойынша 20 қантар 1996 жылы туылған М.Смаиловты куә қатарында сұраған.

ҚР ҚІЖК-нің 215 бабының 2 бөлігіне сәйкес, он алты жасқа дейінгі куәлар мен жәбірленушілерге айғақ беруден бас тартқаны үшін және керінеу жалған айғақ бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілмейді.

Алайда, тергеу органдары жоғарыда айтылған заң талаптарын өрескел бұзып, 16 жасқа толмаған куәдан жауап алғанда, соңғының жауапкершілігін ескертіп, қолхат алған.

Бұл заңның бұзылуын қадағалау органдары, яғни прокуратураның уәкілетті тұлғалары түзетуге шара қолданбаған.

Осындай заң бұзушылықтардың қайталанбауы үшін, сот өз жеке қаулысымен облыстық прокурор мен ІІД-ті басшысының назарын аударған.

Басты сот талқылауының басталуын кешіктіргені үшін және басты сот талқылауы аяқталмай төрағалық етушінің рұқсатынсыз сот отырысынан өз бетімен кеткені үшін прокурорлардың атына жеке қаулылар шығарылған.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 02 шілде 2010 жылы және Ақтөбе қалалық №2-ші сотымен 26 шілде 2010 жылы іске қатысушы прокурорлар Е.Тектегулов пен Н.Елтековке жеке қаулылар шығарылған.

ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлігімен айыпталған С.Ж.Шомбасовқа қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 25 қазан 2010 жылы сағат 10-ға тағайындалған.

Сот отырысының уақыты мен болатын орны туралы процеске қатысушылардың барлығына уақытылы хабарланған.

ҚР ҚІЖК-нің 317 бабының 1 бөлігіне сәйкес, прокурордың жеке айыптау істерін қоспағанда, мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатысуы міндетті.

Алайда, прокурор Е.Тектегулов ешқандай себепсіз сот отырысына 1 сағат 20 минутке кешігіп келген.

Ал, ҚР ҚК-нің 311 бабының 4 бөлігінің «г» тармағымен айыпталған қылмыстық ісін қарау кезінде, мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурор Н.Елтеков, іс бойынша өтетін куәлар бірнеше қиындықтар тудырып мәжбүрлеп алдыруларына қарамастан, істің қаралуы аяқталмай, төрағалық етушінің рұқсатынсыз, жұмыс уақытының аяқталғанын сұлтаулатып, сот отырысынан өз бетінше кетіп қалған. Сөйтіп, прокурор Н.Елтеков төрағалық етушінің талабына бағынбай, басқа процеске қатысушылардың көзінше сотқа сыйламаушылық көрсеткен.

Осыған байланысты соттармен прокурорлар Е.Тектегулов пен Н.Елтековке қатысты жеке қаулылар шығарылып, көрсетілген заң бұзушылықтар бойынша облыстық прокурордың назарын аударған.

Айыпкерлерді қамауға алуды санкциялау жөніндегі жадығаттарды қарау кезінде де соттармен заң бұзушылықтар анықталып жеке қаулылар шығарылған.

ҚР ҚІЖК-нің 150 бабының 4 бөлігіне сәйкес, тергеушінің, анықтау органының қамауға алуға санкция беру туралы өтінішін қолдау туралы прокурордың қаулысын, сондай-ақ оның негізділігін растайтын материалдарды прокурор ұстау мерзімі аяқталғанға дейін он екі сағаттан кешіктірмей сотқа табыс етуге тиіс.

24 желтоқсан 2010 жылы айыпкер М.С.Кульжанов ҚР ҚІЖК-нің 132 бабымен ұсталып, оны ұстау мерзімі 27 желтоқсан 2010 жылы сағат 11-39-да өтетін болған.

Алайда, Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары қолдаған, тергеушінің айыпкер М.С.Кульжановты қамауға алуды санкциялау туралы қаулысы сотқа 27 желтоқсан 2010 жылы түскен, яғни айыпкер М.С.Кульжановты ұстау мерзімінің уақыты 5 минут өтіп кеткеннен кейін түскен.

Сонымен қатар, зерделу кезінде соттармен негізсіз жеке қаулылар шығару фактілері де болғандығы анықталды.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 15 қараша 2010 жылғы жеке қаулысымен, ҚР ҚК-нің 259 бабының 3 бөлігінің «а,в» тармақтарымен сотталған Ж.Б.Алдешовтың қылмыстық ісі бойынша облыстық прокурордың және Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК-нің бастығының назары аударылған.

Сот жеке қаулысында өз тұжырымын келесі жағдайлармен негіздеген.

6 тамыз 2010 жылы Ж.Б.Алдешовке қарау жүргізу процессуалдық іс-әрекеті бейне таспаға жазылған. Алайда аталған бейнетаспа сотқа ұсынылғанымен іс бойынша айғақ зат ретінде танылмаған.

Сонымен қатар, сотқа ұсынылған Ж.Б.Алдешовтың айыпталушы ретінде берген жауабы жазылған бейнетаспа да іс бойынша айғақ зат ретінде танылмаған.

Бұдан басқа, есіркі зат героиннің 1,01 грамнан артық бөлігін сұрыптау және жою іс-әрекеттері жазылған екі бейнетаспа да іс бойынша айғақ зат ретінде танылмаған, бірақ сотқа ұсынылған.

Тергуші Д.Д.Шатаяков ҚР ҚІЖК-нің 121 бабымен қарастырылған, іс бойынша айғақ заттарды анықтауға, нақтылауға байланысты қойылатын талаптарды мүлде орындамаған деп тұжырым жасап жеке қаулы шығарған.

Алайда, соттың осы шығарған жеке қаулысын заңды және негізді деуге болмайды.

ҚР ҚІЖК-нің 121 бабына сәйкес, егер оларға қылмыс қаруы болды деп ойлауға негіз болса, немесе өзінде қылмыстың ізі сақталып қалса, немесе қылмыстық әрекеттің объектісі болса, сондай-ақ ақша мен өзге де бағалы заттар, қылмысты анықтауға, істің іс жүзіндегі мән-жайын белгілеуге, кінәлілерді табуға не айыпты жоққа шығаруға немесе жауаптылықты жеңілдетуге құрал болуы мүмкін басқа да заттар мен құжаттар заттай дәлелдемелер деп танылады.

Осы көрсетілген заң бойынша аталмыш бейнетаспалар айғақ заттардың қатарына жатпайды. Олар тергеу амалдарының бекітілмесі болып табылады, сол себепті оларды айғақ зат ретінде танудың қажеті жоқ.

ҚР ҚІЖК-нің 126 бабының 11, 12 бөлімдерінің талаптары бойынша, дәлелдемелерді бекіту үшін хаттамалар жасаумен қатар бейнежазбалар жүргізілсе, ол туралы тергеу іс әрекеті хаттамасында көрсетіледі және бейнежазба хаттамаға қоса тіркеліп беріледі.

Сондықтан, дәлелдемелерді бекіту үшін жүргізілген бейнежазбаларды айғақты зат ретінде танымаған деп келтірген соттың тұжырымы жоғарыда аталған заң талаптарына қайшы келеді.

Сонымен қатар, сот тәжірибесінде кейбір қылмыстық істерді қараған кезде анықтама, алдын ала тергеу органдарымен дәлелдемелерді бекіту үшін бейнежазбалар жүргізіледі, бірақ ол жөнінде хаттамаларда көрсетілмейді, іске тіркелмейді, іспен бірге сотқа берілмейді немесе сотқа басқа қылмыстық іс бойынша жүргізілген бейнежазбалар беріледі немесе бейнежазбалар жүргізілгенімен толық жүргізілмей хаттамалардың мазмұнына қайшы келеді, тағы да басқа заң сақталмайтын жағдайлар кездеседі.

Бұндай жағдайларда, тергеу әрекеттерін бекітудің сапасын арттыру мақсатында жеке қаулылар шығару қажет.

Апелляциялық сот сатысымен 2010 жылдың 2 жарты жылдығында 4 жеке қаулы шығарылған, соның ішінді 1 жеке қаулы судьяның атына, 1 жеке қаулы алдын-ала тергеу органының атына, 2 жеке қаулы прокуратура атына шығарылған.

2011 жылдың 1 тоқсанында 9 жеке қаулы шығарылған, соның ішінде 2 жеке қаулы судьялардың атына, 3 жеке қаулы алдын-ала тергеу органдарының атына, 3 жеке қаулы прокуратураның атына, 1 жеке қаулы қылмыстық атқару инспекциясының атына шығарылған.

Алға аудандық сотының 26 қантар 2011 жылғы үкімімен Т.Г.Алиев пен В.О.Смирнов ҚР ҚК-нің 179 бабының 2 бөлігінің «а,в,г» тармақтарымен әрқайсысы 5 жылға бас бостандықтарынан айырылып, тағайындалған жаза ҚК-нің 63 бабына сәйкес шартты болып есептеліп 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

ҚР ҚК-нің 52 бабына сәйкес, жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.

Алайда, сот, сотталушылар Т.Г.Алиев пен В.О.Смирновқа жаза тағайындағанда, олардың қоғамға қауіпті ауыр қылмысты беттеріне бет перде киіп, пышақ пен тапанша үлгісіндегі от тұтандырғышты қолданып, арақ ішкен мас күйлерінде, алдын-ала сөз байласып топ болып жасағандарын, сондай-ақ қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін жеткілікті ескермей тым жеңіл жаза тағайындаған.

Бұдан басқа, сотталған В.О.Смирнов сот залынан бостандыққа шыққаннан кейін, бірнеше күн өткесін қайталап ауыр қылмыс жасаған.

Апелляциялық сот сатысы жоғарыда аталған мән-жайларды ескеріп, сотталғандарға тым жеңіл жаза тағайындалғандықтан, соттың үкімін өзгертіп, Т.Г.Алиев пен В.О.Смирновқа нақты бас бостандықтарынан айыратын жаза тағайындаған.

Осы жаза тағайындау кезінде істі қараған төрағалық етуші судья А.К.Кабульдинов өз міндетеріне немқұрайлы қарап, әділ жаза тағайындау қағидасын бұзғандықтан, оған қатысты жеке қаулы шығарылып облыстық сот төрағасының назары аударылған.

Апелляциялық сот сатысында 2010 жылдың 2 жарты жылдығында жеке наразылықтар мен шағымдар бойынша 8 жеке қаулы қаралып, барлығы өзгеріссіз қалдырылған.

2011 жылдың 1 тоқсанында 10 жеке қаулы қаралып, 9 жеке қаулы өзгеріссіз қалдырылып, 1 жеке қаулының күші жойылған.

Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сот сатысының 22 ақпан 2011 жылғы қаулысымен Мұғалжар аудандық сотының 24 желтоқсан 2010 жылы шығарған жеке қаулысының күші жойылған.

Бірінші сатыдағы сот, ҚР ҚК-нің 177 бабының 1 бөлігімен айыпталған Г.Алгазинаның қылмыстық ісі бойынша жеке қаулы шығарып, онда Г.Алгазина жас өспірімдер тәрбиесімен айналысып жүріп қылмыс жасаған, бұл жағдай лицей басшылығының, мектеп қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы, салақ қарағанының салдары деп көрсеткен.

Сондай-ақ, соттың жеке қаулысында Г.Алгазинаның жұмыс орнының "Қандыағаш қалалық №8 лицейдің ММ-нің" басшылары қай заңның бұзылу фактісіне жол бергені көрсетілмеген және заң нормасына сілтеме жасалынбаған.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір қылмыс жасаған адам өзінің қылмыстық әрекеті үшін өзі жауап беруі тиіс.

Іс құжаттарына қарағанда, Г.Алгазина 2009 жылдың қаңтар айында Г.Мусафинаға Мұғалжар аудандық әкімшілігінде жұмыс жасайтын танысы арқылы тұрғын үй қорына үйдің кезегіне тіркетіп 2 бөлмелі пәтер алып беруге мүмкіншілігі бар екендігін айтып, сеніміне кіріп, пәтер алуға қажет құжаттарды жинақтап және 200 000 теңге ақша әкеліп беру керектігін айтқаны. 25 наурыз 2009 жылы Г.Мустафина, Г.Алгазинаға пәтер алуға қажет құжаттарды және 200 000 теңге ақшасын әкеліп бергені. Алайда, Г.Алгазина үкімет тарапынан пәтер алып беруге мүмкіншілігі болмаса да, Г.Мустафинаның сеніміне қиянат жасау арқылы, алаяқтық жолымен бөтен мүлікті ұрлап, жеке басына пайда көру мақсатында, Г.Мустафинаның 200 000 теңге ақшасын алдап, өз қажетіне жаратқаны көрінеді.

Мұғалжар аудандық сотының 24 желтоқсан 2010 жылғы қаулысымен Г.Алгазина жәбірленуші Г.Мустафинаға келтірілген зиянның есесін толтырып, татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.

Сонымен, жоғарыда келтірілген мән-жайлардан Г.Алгазинаның меншікке қарсы қылмысты жұмыс орнында жасамағаны, жасаған қылмысы үшін сотқа беріліп, жауаптылықтан ҚР Қылмыстық Кодексінде көзделген ақтамайтын негіз бойынша босатылғаны көрінеді.

Бұндай жағдайда, бірінші сатыдағы соттың жеке қаулысының күші жойылып, прокурордың жеке наразылығы қанағаттандырылған.

Соттармен шығарылған жеке қаулылар бойынша, мекеме басшылары мен лауазымды адамдардан жіберілген кемшіліктерге байланысты алынған шаралар жөнінде негізінен жауаптар заңда белгіленген мерзімдерде түскен.

Алайда, жеке қаулылар бойынша алынған шаралар бойынша жауаптар кешіктіріліп түскен немесе жауап мүлдем түспеген фактілері орын алғандығы да анықталды.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 14 қантар 2011 жылы ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлігімен айыпталған Ш.Б.Байсановтың қылмыстық ісі бойынша Ақтөбе қалалық прокуроры Ә.Т.Әділовпен жіберілген кемшіліктерге байланысты Ақтөбе облыстық прокурорының назары аударылып жеке қаулы шығарылған.

Сотқа, аталған жеке қаулы бойынша облыс прокурорының жауабы бір ай мерзімінен кешіктіріліп 27 сәуір 2011 жылы түскен.

Сонымен қатар, облыс прокуроры өз жауабында, Ш.Б.Байсановқа қатысты қылмыстық істі сотқа жолдау кезінде өз қызметінде қателіктерді жібергені үшін Ақтөбе қаласы прокурорының көмекшісі Г.Гусмановаға ескерту ретінде тәртіптік шара қолданылғанын көрсеткен.

Алайда, жеке қаулы Ақтөбе қалалық прокуроры Ә.Т.Әділовпен жіберілген кемшіліктер бойынша шығарылған болса да, оған қандай шаралар қолданылғаны көрсетілмеген.

Осы жоғарыда аталған сотпен 23 желтоқсан 2010 жылы ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігімен, 175 бабының 1 бөлігімен сотталған А.Даулетовтың қылмыстық іс бойынша жеке қаулы шығарылып, жеке қаулыны орыңдауға 02 ақпан 2011 жылы облыс прокурорына жолданған. Алайда, сотпен бірнеше рет ескертулер жіберілгенімен жеке қаулы бойынша жауап қазіргі күнге дейін түспеген.

Хромтау аудандық сотымен 01 желтоқсан 2010 жылы ҚР ҚК-нің 177 бабының 2 бөлігінің «б» тармағымен, 175 бабының 2 бөлігінің «а,б,в» тармақтарымен, 103 бабының 3 бөлігімен сотталған В.А.Волкогонның қылмыстық ісі бойынша жеке қаулы шығарылып, 22 желтоқсан 2010 жылы жеке қаулы Ақтөбе облыстық прокуроры мен Хромтау аудандық ІІБ-нің бастығына тисіті шаралар алу үшін жолданған.

Ақтөбе облыстық прокурорынан жеке қаулы бойынша жауап 22 ақпан 2011 жылы түскен, ал Хромтау аудандық ІІБ-нің бастығынан жауап қазіргі күнге дейін түспеген.

Осындай жеке қаулылар бойынша жауаптар мерзімімен кешіктіріліп түсу фактілері Ақтөбе қалалық №2-ші сотында және басқа аудандық соттарында да бар.

Жеке қаулылар шығару тәжірибесін зерделеу кезінде соттармен қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар негізінен заң талаптарына сәйкес шығарылатыны, алайда кейбір жағдайларда жеке қаулылар формалді түрде сапасыз шығарылатыны анықталды.

Қылмыстық істерді қарау нәтижесі бойынша соттармен жеке қаулылар шығару, ол қылмыстардың жасалуын алдын алу және болашақта заңсыздықты болдырмаудың бірде-бір құралы болып табылады. Сондықтан, келешекте де жеке қаулы шығару тәжирибесін жалғастырып, жеке қаулылардың сапасын арттырып, әр жеке қаулы заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуының тиімді құралы болуы тиіс.
Қорытынды мен ұсыныстар:
1.Анықтаманы зерделеу үшін және сот тәжірибиесінде пайдалану үшін барлық қылмыстық істер қарайтын соттарға жолдауға.

2.Анықтау, алдын ала тергеу жүргізу кезінде азаматтардың құқықтарын бұзу және заңның басқа да бұзылуы байқалған кезде тиісті шараларды қабылдауды талап етіп мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарларын аударып жеке қаулыларды шығаруды жалғастыру қажет. Сондай-ақ жеке қаулылар бойынша тиісті шаралар уақытында алынып отыруларын бақылауда ұстап отыру қажет.
Ақтөбе облыстық сотының

апелляциялық сот алқасы

орынд: судья М.Қосымбетов

тел:56-31-85



Похожие:

Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама iconҚаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама
Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасы негізінде 2009 жылдың 12 айында және 2010 жылдың 6 айында қаржы полициясының тергеуіне жататын...
Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама iconАтырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау
Тырау облыстық сотының ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында 2011 жылдың...
Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама iconҚарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың i-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі егін және мал шаруашылығы. Округ бойынша 117 шаруа қожалығы жұмыс істейді және 9 кәсіпкерлік түрі...
Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама iconҚарабұлақ ауылдық округінде 2011 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы
Оқушы саны – 436. Биыл мектепті 42 оқушы бітіріп, 2010-2011 ж ж оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 91 балды...
Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама iconАягөз ауданы және Семей қаласы бюджеттерінің орындалуына жүргізілген кешенді бақылаудың нәтижелері туралы хабарлама
Жоспарына сәйкес, 2012 жылдың 2-ші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясы 2010 жылдың 1-ші сәуірінен...
Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама iconДайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыс жасауда
Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама iconЖинақтап қорытындылау
Жамбыл облыстық сотының 25. 06. 2009 жылғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, осы жылдың екінші жартыжылдығының қыркүйек айында,...
Қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама iconКеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Алау,1 мәдениет үйі,1 байланыс бөлімі халыққа қызмет көрсетеді. округ аумағындағы 4 мектепте 454 оқушы білім алуда, олардың 189 –ы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница