«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ




Скачать 387.93 Kb.
Название«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
страница1/4
Дата конвертации23.11.2012
Размер387.93 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ


2007 жылғы 13 маусымның

65-п бұйрығымен бекітілген


АҚТӨБЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ”

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ


ЖАРҒЫСЫ

Қазақстан Республикасы

1-бап.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


  1. Осы Жарғы «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі-Қоғам)

атауын, орналасқан жерін, қалыптасу тәртібі мен қоғам органдарының құзыретін, қайта ұйымдастыру және өз қызметін тоқтату шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа жағдайлаларын белгілейді.

  1. Қоғамның толық атауы:

мемлекеттік тілде:“АҚТӨБЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ” акционерлік қоғамы;

орыс тілінде: акционерное общество “Международный аэропорт Актобе”.

ағылшын тілінде: Join-Stock Company “International airport Aktobe”

Қоғамның қысқаша атауы:

мемлекеттік тілде: «АХӘ» АҚ

орыс тілінде: АО «МАА»

ағылшын тілінде: JSC “IAA”

  1. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері:

030003, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, әуежай.

  1. Қоғам қызметінің мерзімі шектелмейді.


2-бап.

ҚОҒАМНЫҢ ЗАҢДЫҚ МӘРТЕБЕСІ

  1. Қоғам акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық түрінде құрылған

заңды тұлға болып табылады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілері (бұдан әрі - заңнама), осы Жарғы және Қоғамның басқа да ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырады.

  1. Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік

негізінде жүзеге асырылады.

  1. Қоғамның дербес балансы, банкілік шоттары, сонымен қатар

валюталары, мемлекеттік және орыс тілдерінде толық атаулары көрсетілген мөрі бар, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге иеленеді және оларды жүзеге асырады, соттарда талапкер және жауапкер ретінде шығады.

  1. Үлгілері Қоғамның Директорлар Кеңесімен бекітілетін және

белгіленген тәртіппен тіркелетін Қоғамның тауарлық белгісі және символикасы, сондай-ақ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мөртаңбалары, фирмалық бланкілері және көрнекі сәйкестендірудің басқа да кұралдары бар.

  1. Қоғамның оқшауландырылған мүлкі бар, өз міндеттемелері бойынша

оған тиесілі мүлік шегінде ғана жауапты, оған тек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алу қолданылуы мүмкін. Қоғам өзінің жалғыз акционерінің міндеттемелеріне жауапты бола алмайды.

  1. Қоғам Заңнамада белгіденген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық

капиталдарына қатысуға құқылы.

  1. Қоғам өз қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік, орыс тілдерін

және қажеттіліктен басқа да тілдерді қолданады.

  1. Қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға

құқығына ие болады.
3-бап.

ҚОҒАМНЫҢ ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРІ

  1. Қоғамның жалғыз акционері – «Самұрық» мемлекеттік активтерді

Басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ.



4-бап

ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ


  1. Осы Жарғы Қоғамның құрылтай құжаты болып табылады.

  2. Барлық мүдделі тұлғалар Қоғамның жарғысымен заңнамада

белгіленген тәртіппен таныса алады.
5-бап.

ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МӘНІ


  1. Қоғам қызметінің мақсаттары:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық

стандарттарға сәйкес әуе кемелеріне, жолаушыларға тұрақты, қауіпсіз және тиімді қызмет көрсетуді, багажды, жүкті, почтаны өңдеуді қамсыздандыру;

  1. инфрақұрылымның жоспарлы және кешенді дамуы;

  2. құрылыстарды, құрылғылар мен техникалық заттарды түзу (дұрыс)

күйінде ұстау;

  1. сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету;

  2. табыс алу.

  1. Көзделген мақсаттарға жету үшін Қоғам келесі қызметтердің түрлерін

жүзеге асырады:

  1. азаматтық әуе кемелерді, жолаушыларды қабылдау, шығару және

оларға қызмет көрсету, багажды, жүкті, почтаны өңдеу, оларды тексеріп қарау және бақылау;

  1. әуеалаң, әуежай, аэронавигация объектілерін ұстау, жөндеу және

пайдалану;

  1. әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі, бақыланатын аймақта

бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету және өртке қарсы қамтамасыз ету;

  1. азаматтық әуе кемелерінің ұшуын жарық түсіру-техникалық

қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ, аэронавигация объектілерін энергиямен жабдықтау;

  1. азаматтық әуе кемелерін, әуежай объектілері мен қызметтерін

жанар-жағармай материалдарымен және арнаулы сұйықтықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау;

  1. пайдаланушыларға азаматтық әуе кемелерін және басқа да

тұтынушыларға арнайы автокөлік құралдарын ұсыну;

  1. әуежайларда және азаматтық әуе кемелерінде жолаушыларды,

экипаждарды тағаммен қамтамасыз ету;

  1. жолаушыларға, экипаждарға, халыққа азаматтық авиация

саласындағы қажетті деректерімен ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;

  1. мүлік пен персонал күзетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ көліктендіру

барысында;

  1. Заңнамада тыйым салынбаған негізгі мақсаттарды жүзеге

асыруға мүмкіндік жасайтын өзге қызмет.

  1. Қандай да бір қызмет түрін, сондай-ақ жоғарыда аталғандарды жүзеге

асыру үшін құзыретті органның рұқсаттамасы (лицензия, сертификат) не тіркеу және/немесе халықаралық органдардың рұқсаттамасы қажет болған жағдайда, Қоғам қызметтің осы түрін Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттамасы (лицензиясы, сертификаты) болған кезде жүзеге асырады.

6-бап.

ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


  1. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық

құқықтарға иеленеді және міндеттенеді.

  1. Қоғамның өзінің жалғыз акционерінің мүлкінен оқшауландырылған

мүлкі бар және оның міндеттемелеріне жауапты бола алмайды. Қоғам өз міндеттемелеріне өзіне тиесілі мүлкі шегінде ғана жауапты.

  1. Жалғыз акционер Қоғамның міндеттемелеріне жауапты емес және

оның акцияларының құны шегінде Қоғам қызметімен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа шығындарға тәуекел етеді.

  1. Қоғам өз атынан мәмілелер (келісім-шарттар) жасауы, мүліктік және

жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алуы және міндеттемелі болуы, сотта талапкер және жауапкер болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да іс-қимылдарды жүзеге асыруы мүмкін.

  1. Қоғам сақтық құжаттарын, технологияларды, «НОУ-ХАУларды» және

зияткерлік меншіктің басқа да объектілерін және басқа ақпаратты сатып алуы мүмкін.

  1. Қоғам бағалы қағаздарды шығарып, оларды тарата алады, бағалы

қағаздарды сатып алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіп бойынша өз қаржылық тәуекелдерін туынды қаржы құралдары арқылы сақтандырады.

  1. Қоғам Директорлар кеңесінің шешімімен заңнамалық актілерде

белгіленген тәртіп бойынша республикада және шетелдерде өздерінің филиалдары мен өкілдіктерін ашуға, жекеменшік мүліктерінің есебінен оларға негізгі және айналым қаражатын үлестеріп беруге және олардың қызметтерінің тәртібін белгілеуге құқылы. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі Қоғам теңгерімінде есепте тұрады.

  1. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында, Жарғыда және

Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өндіріс қызметін жоспарлау, қызметкерлерге еңбекақы төлеу, материалды-техникалық жабдықтау, әлеуметтік даму, кадрларды таңдау, қайта даярлаумен байланысты барлық сұрақтарды шешеді.

  1. Қоғам белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында

және оның шегінде орналасқан банкілер мен басқа қаржылық ұйымдарда ұлттық та, шетелдік те валюталарында есеп-шоттар ашады.

  1. Қоғам кепіл ретінде шығуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына

сәйкес қазақстандық та, шетелдік те заңды және жеке тұлғалардан теңге мен шетелдік валютада қарыз алуға және кредиттермен қолдануға құқылы.,

  1. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген

стандарттарға сәйкес Қоғамның барлық бөлімшелеріне орындауға міндетті нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді.

  1. Қоғам өз қызметі кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына

сәйкес баға мен тарифтердің мемлекеттік тәртібін қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.

  1. Қоғам белгіленген тәртіп бойынша өкілетті мемлекеттік органдарына

қаржылық, салықтық және статистикалық есептемелер береді.

  1. Қоғам қоршаған ортаны өз қызметі нәтижесінен пайда болған

қоқсықтар мен басқа да зияндылықтардан қорғау үшін жауапты.

  1. Қоғам қызметкерлер еңбегін қорғау мен Қоғам объектілерін өрт

қауіпсіздігінен сақтау үшін жауапты.

  1. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Жарғыда

көзделген басқа да құқытары мен міндеттері бар.

7-бап.

ҚОҒАМНЫҢ ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


  1. Қоғамның Жалғыз акционері:

1) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және осы Жарғыда көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға;

2) дивидендтер алуға;

3) Қоғамның қызметі туралы ақпараттар алуға, соның ішінде Қоғамның Жалғыз акционерімен немесе осы Жарғыда белгіленген тәртіп бойынша Қоғамның қаржылық есептемесімен танысуға, сонымен қатар Қоғамның аффилиирленген ұйымдарындағы қызметі туралы құпиялы ақпараттарды сұраныста белгіленген мерзімде немесе сұраныс түскен күннен бастап он күнге дейін алуға;

4) Қоғамның тіркеушісінен немесе номиналдық ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға жеке меншік құқығын растайтын көшірмелерді алуға;

5) Қоғамның директорлар Кеңесін сайлауға;

6) Қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулауға;

7) Қоғамды таратқан кезде қоғам мүлікінің бөлігін алуға;

8) заңнамада белгіленген тәртіп бойынша акцияларды немесе қоғамның басқа да акцияға айырбасталатын бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алуға;

9)Қоғамның Директорлар Кеңесіне заңнамаға сәйкес Жалғыз акционердің қарастыруына қосымша мәселелерді енгізуді ұсынуға;

10)Директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;

11) Аудиторлық ұйымның қоғамның аудитін өз есебінен жүргізуді талап етуге;

12)Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы жарғыға сәйкес басқа құқықтарды пайдалануға құқылы.

  1. Қоғамның Жалғыз акционері:

1) Заңда белгіленген тәртіппен акцияларды төлеуге;

2) Қоғам акцияларын ұстаушыларының тізілімін жүргізу үшін қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы Қоғамның тіркеушісін осы акционерге тиесілі акциялардың номиналды ұстаушысын он күн ішінде хабардар етуге;

3) Қоғам туралы немесе оның қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияларды құрайтын қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге;

4) оған тиесілі акцияларды сату жөнінде мәміле жасау ниеті туралы Қоғамға хабарлауға;

5) Қазақстан Республикасының Заңы мен өзге заңнамалық актілерде көзделген өзге міндеттерді орындауға міндетті.

  1. Қоғам мен тіркеуші осы Жарғының 36-тармақ 2)-тармақшасында

белгіленген талаптарды Жалғыз акционердің орындамауына жауапты болмайды.
8-бап.

ҚОҒАМНЫҢ АКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ


  1. Қоғам акциялары құжатсыз түрде шығарылады.

  2. Қоғам басқа бағалы қағаздарды шығаруға құқылы, сондай-ақ

айырбасталатын, оларды шығару, орналастыру, айналдыру және өтеу шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен белгіленеді.

  1. Қоғам Жалғыз акционердің шешімімен Қоғам қызметі үшін қаражат

тарту мақсатында облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар жекеменшіктерінің (иеленушілерінің) Қоғам басқаруда қатысу құқықтары жоқ

  1. Облигацияларды шығару тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы

қағаздар рыногы туралы заңнамасымен реттеледі.

  1. Акциялар мен облигацияларды шығарудың, олардың қозғалысының

және есепке алынуының заңнамада реттелмеген өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес оларды шығару туралы шешім қабылдау кезінде Қоғам Жалғыз акционерлерімен анықталады.

  1. Жай акциялар Жалғыз акционерге қарастыруға енгізілетін шешімдерді

қабылдау құқығын, Қоғамда таза табыс болған жағдайда дивиденттер, сондай-ақ Қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

  1. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуді

Қоғамның тіркеушісі ғана жүзеге асыра алады, ол Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Қоғамның және оның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.

  1. Қоғамның өзі сатып алған жекеменшік акциялары туралы мәліметтер

міндетті түрде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесіне енгізілуге жатқызылады.

  1. Акцияларды ұстаушылардың тізілім жүйесінен көшірмелер Жалғыз

акционердің қол қойылған және толық төленген акцияларға құқығын растайтын құжаттар ретінде жүреді.

  1. Қоғам өзі орналастырған акцияларды Қазақстан Республикасының

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңнамасында белгіленген жағдайларда ғана кепілге қабылдайды.

  1. Қоғам таратылатын бағалы қағаздарды сатып алу туралы хабарламаны

Жалғыз акционерге жазбаша түрде хабарлайды.
9-бап.

ҚОҒАМНЫҢ ОРГАНДАРЫ


  1. Қоғамның органдары:

1) жоғары орган – Жалғыз акционер;

2) басқару органы – Директорлар кеңесі;

3) атқарушы органы – Қоғам Басқармасы;

4) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылаудағы бағалауды, тәукелдерді басқаруды, корпоративтік басқарудағы құжаттарды орындауды жүргізетін орган – Ішкі аудит қызметі болып табылады.

Егер Қоғамның барлық дауыс беретін акциялары жалғыз акционерге тиесілі болса, акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді. Заңда және қоғамның осы Жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді мұндай акционер жеке-дара қабылдайды және жазбаша түрде ресімделуге тиіс.
10-бап.

ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРДІҢ АЙРЫҚША ҚҰЗЫРЕТІ


  1. Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер жатқызылады:

  1. Қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе

оны жаңа редакцияда бекіту;

  1. Корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған енгізілген

өзгертілер мен толықтыруларды бекіту;

  1. Қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;

  2. Қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе Қоғамның орналастырылмаған жарияланған акциялар түрін өзгерті туралы шешім қабылдау;

4-1) сонымен қатар олардың өзгертулерін, Қоғамның айырбасталымды бағалы қағаздар тәртібін және шарттарын анықтау

  1. Қоғамның директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік

мерзімін айқындау, Төрағасын және оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау;

  1. Қоғам Басқару Төрағасын сайлау және оның өкілеттігін мерзімінен

бұрын тоқтату;

  1. Қоғам аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;

  2. Қоғамның жылдық қаржылық есептемесін бекіту;

  3. Қоғамның есепті қаржылық жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін

бекіту;

  1. жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау

және Қоғамның бір жай акциясына есептегенде жыл қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшерін бекіту;

  1. Заңда көзделген жағдайларда Қоғамның жай акциялары бойынша

дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;

  1. Қоғамға тиесілі барлық активтерден сомасында жиырма бес және

одан көп процентті құрайтын активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне Қоғамның қатысуы туралы шешім қабылдау;

  1. Қоғам акцияларды заңнамаға сәйкес сатып алған кезде олардың

құнын айқындау әдістемесін бекіту;

  1. Жалғыз акционерге Қоғам қызметі туралы ақпаратын беру тәртібін

белгілеу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралын анықтау;

  1. Жалғыз акционермен белгіленген тәртіп бойынша 5 жылға

Қоғамның дамуының Стратегиялық бағыттарын бекіту;

  1. қызметтік жеңіл автокөліктерді бөлу нормативтері мен әкімшілік

ғимаратты орналастыру үшін аудан қалпын анықтау;

  1. қызметтік іс-сапарға жіберілетін қызметкерлер шығындарының

орнын толтыру тәртібі мен шарттарын анықтау;

  1. Қоғам қаражаты есебінен қызметкерлерге ұялы байланыспен

қолдану құқығын берген жағдайда шығындардың орнын толтыру лимиттерін, өкілеттік шығындар лимиттері мен өзге лимиттерді анықтау;

  1. шешім қабылдауы Заңда және осы Жарғыда Жалғыз акционердің

айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.

  1. Егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде

өзгеше көзделмесе, шешім қабылдау Қоғамның Жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, лауазымды адамдардың және қоғам қызметкерлерінің құзыретіне беруге жол берілмейді.

  1. Жалғыз акционер Қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелр

бойынша Қоғамның өзге органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.
  1   2   3   4

Похожие:

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconМемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п
«электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» АҚ-ның корпоративтік
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconКелісілді: бекітілді: «kegoc» АҚ «Самұрық» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің
Осы «kegoc» АҚ дивидендтік (үлеспайдалық) саясаты туралы ереже (бұдан әрі-Ереже) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconАрыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов
Кті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconРезидент инженер
Маңғыстау облысындағы жолдардың учаскелерін жақсартады. Инвестициялық бағдарлама сондай-ақ, жоспарлау, жобаны басқару және активтерді...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconҚазақстан республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік және жергілікті басқару институты
«Мемлекеттік басқарудағы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар» курсының қысқаша сипаттамасы
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconТалон жүйесі бойынша бензин аи-95/96 (жжм) сатып алу-сату туралы № Үлгілік шарты астана қаласы 2009 ж
«Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-на меншіктену немесе сенімді басқару құқығымен дауыс құқығын беретін акциялардың елу және одан да астам...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы шешімімен
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) 2008-2010 жылдарға арналған Кадрлық саясаты (бұдан әрі – Кадрлық саясат) адами ресурстарды...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты
Жалпы ережелер
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconҰлттық Мемлекеттік саясат мектебі кешенді қабылдау емтиханының
Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы»...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница