«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ




Скачать 387.93 Kb.
Название«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
страница4/4
Дата конвертации23.11.2012
Размер387.93 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

23-бап.

АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАР

117.Қоғам өз аффилиирленген тұлғаларына осы тұлғалардың мәліметтер беру негізінде есеп жүргізеді.

Қоғам өз аффилиирленген тұлғалары туралы тізімді белгіленген тәртіппен бағалы қағаздар рыногына реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсынады.

118.Қоғамның Жалғыз акционері мен лауазымды тұдғалары Қоғамға өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты Жарғыны бекіту күнінен бастап 15 күн аралығында, сондай-ақ аффилиирленгендік туындаған шамада оның туындаған күнінен бастап 7 күн аралығында ұсынады

119.Егер бұрын Қоғамның лауазымды тұлғасымен немесе Жалғыз

акционерімен аффилиирленген тұлға ретінде көрсетілген адам аффилиирленген тұлға болуын тоқтатса, Қоғамның лауазымды тұлғасы немесе Жалғыз акционері осы мәселені Қоғамдға 5 күн ішінде хабарлайды.

120.Қоғамға оның аффилиирленген тұлғалары туралы ақпарат бағалы

қағаздар рыногына реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органымен бекітілген нысанға сәйкес ұсынылады.
24-бап.

ҚОҒАМДЫ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ

121.Қоғамды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заң

актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

122.Егер Қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда өз қызметін тоқтатса, оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акцияларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күші жойылуыға тиіс.

123.Қайта ұйымдастыру ерікті және мәжбүрлеп жүргізілуі мүмкін.

124.Мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заң

актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
25-бап.

ҚОҒАМДЫ ТАРАТУ ТӘРТІБІ

125.Қайта ұйымдастыру (біріктіру, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру)

жолымен Қоғам қызметінің тоқтатылуы және таратылуы:

        1. Жалғыз акционердің шешімі бойынша;

        2. сот шешімі бойынша;

        3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге негіздері

бойынша жүргізіледі.

126.Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім Қоғамның Жалғыз

акционерімен қабылданады.

127. Қоғамды мәжбүрлі түрде таратуды Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда, сот жүзеге асырады.

  • Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, .Қоғамды тарату туралы талапты мүдделі тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкін.

128.Соттың немесе Жалғыз акционердің Қоғамды тарату туралы

шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады.

Тарату комиссиясы Қоғамның таратылуы кезеңінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-әрекет жасау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады.

Ерікті тарату кезінде татару комиссиясының құрамына Қоғам кредиторларының өкілдері, Қоғамның Жалғыз акционерінің өкілдері, сондай-ақ Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес өзге де адамдар енгізілуге тиіс.

129.Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын

қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

130.Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде

орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.

131.Таратылатын Қоғамның кредиторлардың талаптары

қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін акционерлер арасында бөлуді тарату комиссиясы мынадай кезектілікпен жүзеге асырады:

        1. бірінші кезекте – Заңға сәйкес сатып алынуға тиіс болатын

акциялар бойынша төлемдер;

        1. екінші кезекте – жай акциялар бойынша есептелген және

төленбеген дивидендтерді төлеу.

Қалған мүлік осы санаттағы акционерлер арасында оларға тиесілі

акцилардың санына қарай бөлінеді.

Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптарына толық қанағаттандырылғаннан кейін қағаттандырылады.

132.Қоғамды тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін Қоғам заңды

тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын органға осы мәселе туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Орган Қоғамның таратылу процесінде тұрғандығы туралы мәліметті заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіміне енгізеді.

133.Қоғамды тарату туралы шешім қабылдаған орган немесе

Жалғыз акционер тарату комиссиясын тағайындайды және тарату мерзімі мен тәртібін белгілейді.

134.Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған Қоғамның

істері мен мүлкін басқару бойынша уәкілеттік ауысады. Тарату комиссиясы Қоғам атынан сотқа шығады.

135.Тарату комиссиясы Қоғамды тарату туралы және олардың

кредиторларының талаптарын қабылдау тәртібі мен мерзімі туралы бұқаралық ақпарат құралдың ресми органдарында жарияланым орналастырады. Бұл мерзім тарату туралы жарияланған күннен бастап екі айдан кем болмауға тиіс. Тарату комиссиясы кредиторларды анықтау және берешектерді алу жөнінде шаралар қабылдайды.

136.Кредиторлардың талап ету мерзімі өткеннен кейін тарату

комиссиясы Қоғам мүлкінің құрамы туралы мәліметті, кредиторлар қойған талаптардың тізбесі, сондай-ақ оларды қарастырудың нәтижелерінен құрайтын аралық тарату балансын жасайды.

Аралық тарату балансын мүліктің иесі немесе қоғамды тарату туралы

шешім қабылдаған орган бекітеді.

137.Егер Қоғамда бар ақшалар кредиторлардың талаптарын

қанағаттандыруға жетпесе, тарату комиссиясы Қоғамның мүлкін көпшілік сауда орындарында сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен сатуды жүзеге асырады.

138.Қоғам кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тарату

комиссиясымен аралық тарату балансына сәйкес оның бекітілген күнінен бастап қолданылып жүрген заңнамада белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізіледі.

139.Кредиторлармен есептесуді аяқтағаннан кейін тарату комиссиясы

тарату балансын жасайды, оны мүлік иесі немесе Қоғамды тарату туралы шешім қабылдалған орган бекітеді.

140.Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған

мүлік оны заңнамаға сәйкес бөлу үшін акционерлерге беріледі.

141.Қоғамды тарату аяқталған, ал Қоғам тұлғалардың мемлекеттік

тіркеліміне жазба түсірілгеннен кейін өз қызметін тоқтаған деп есептеледі.

26-бап.

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
142.Осы Жарғыда реттелмеген барлық мәселелер бойынша Қоғам

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне басшылық етеді.

143.Жарғы баптарының атаулары оның мағынасына әсер етпеуге тиіс.

144.Егер осы Жарғы ережелерінің біреуі жарамсыз деп танылса, бұл

басқа ережелердің қолданысына әсер етпейді.

Жарамсыз ереже құқықтық қатынаста рұқсат етілген мағынасы жақын басқа ережемен ауыстырылуы мүмкін.

145.Осы Жарғыға енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар

жазбаша ресімделеді, оған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеу мен қайта тіркеу (егер мұндай тіркеу және қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша талап етілсе) үшін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына беріледі және ол осы Жарғының құрамдас бөлігі болып табылады.


“Ақтөбе халықаралық әуежайы”

АҚ Басқарма Төрағасы Б.Қ.Аманбаев



1   2   3   4

Похожие:

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconМемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п
«электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» АҚ-ның корпоративтік
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconКелісілді: бекітілді: «kegoc» АҚ «Самұрық» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің
Осы «kegoc» АҚ дивидендтік (үлеспайдалық) саясаты туралы ереже (бұдан әрі-Ереже) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconАрыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов
Кті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconРезидент инженер
Маңғыстау облысындағы жолдардың учаскелерін жақсартады. Инвестициялық бағдарлама сондай-ақ, жоспарлау, жобаны басқару және активтерді...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconҚазақстан республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік және жергілікті басқару институты
«Мемлекеттік басқарудағы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар» курсының қысқаша сипаттамасы
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconТалон жүйесі бойынша бензин аи-95/96 (жжм) сатып алу-сату туралы № Үлгілік шарты астана қаласы 2009 ж
«Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-на меншіктену немесе сенімді басқару құқығымен дауыс құқығын беретін акциялардың елу және одан да астам...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы шешімімен
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) 2008-2010 жылдарға арналған Кадрлық саясаты (бұдан әрі – Кадрлық саясат) адами ресурстарды...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты
Жалпы ережелер
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ iconҰлттық Мемлекеттік саясат мектебі кешенді қабылдау емтиханының
Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы»...
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница