Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі




НазваниеҚазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі
страница1/7
Дата конвертации23.11.2012
Размер0.98 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАНАТЫН ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН БАҒАЛАУ БОЙЫНША

Әдістемелік ұсыныстар

АСТАНА, 2010

Жалпы ережелер: Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобаларының әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау бойынша осы әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі - әдістемелік ұсыныстар) Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобаларының әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларына бағалау өткізу процесін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде әзірленетін заңнама актілерінің жобаларын қоспағанда, нақты айтсақ, конституциялық заңдардың жобалары, кодекстер, заңдар, заң күшіне ие Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары жатады.

Әдістемелік ұсыныстар екі бөлімнен тұрады: I-бөлім: Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобаларының әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалаудың Паспортын толтыру бойынша ұсыныстар ( бұдан әрі - Паспорт). II-бөлім: Қазақстан Республикасы заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау процесінде логикалық-құрылымдық әдістің ережелері мен рәсімдері және оны тәжірибелік пайдалану ұсыныстары (бұдан әрі - логикалық-құрылымдық әдістің ережелері мен рәсімдері). Паспорт басқа қажетті құжаттармен бірге: - Қазақстан Республикасы заң жобаларына (бұдан әрі – заң жобалары) экономикалық сараптама жасайтын ұйымға;

- заң жобаларын келісілу кезінде мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынылады;

- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредитацияланған бірлестіктеріне.

Осы әдістемелік ұсыныстарда келесі ұғымдар пайдаланады: Заң жобасы – заңды күші бар Республика Президентінің кодексі, заңы, жарлығы.

  • Заң жобасын әзірлеуші – заң жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар мен азаматтар.

  • Заң – маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағымен, ескерілген негізқұраушы принциптер мен нормаларды бекітетін, Қазақстан Республикасының Парламентімен, ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабы 3) тармақшасымен ескерілген жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентімен қабылданатын нормативтік құқықтық акт.

  • Норматитвтік құқықтық актілерҚА) – құқықтық нормаларды орнататын, олардың әрекетін өзгертетін, тоқтататын немесе уақытша тоқтататын референдумде не уәкілетті органмен немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасымен қабылданатын жазбаша ресми құжат.

  • Әлеуметтік-экономикалық салдарлар - материалдық және материалдық емес ресурстарды, өндірісті тарату және тұтыну, тауарлар мен қызметтерді шығару, тарату, ауыстыру және тұтынуда қатынастардың бірлестігін айқындайтын салдарлар.

  • Әлеуметткі-экономикалық көрсеткіштер– әлеуметтік-экономикалық салдарларды айқындайтын нақты статистикалық көрсеткіштер.

  • «Әлеуметтік-экономикалық оңтайлылықтың» критерийлері – қоғамдық өндірістің ғана емес, қоғамның мәдениет, денсаулық сақтау, өндірістік емес ортаның басқа да салалары сияқты «экономикалық емес» кіші жүйелерінің қызмет ету нәтижелерін айқындайтын экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да көрсеткіштер мен ерекшеліктер.

  • Заң шығару саласы – құқық теориясындағы ұлттық заңдылық жүйесінің негізгі құрылымдық элементі, біртекті қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілердің бөлек тұрған тобы.

  • Экономика саласы – өндірілетін өнімнің, технологиялардың және қанағаттандыратын қажеттіліктердің жалпылығына ие кәсіпорындар мен өндірістіердің жиынтығы.

  • Құқық нормасы нормативтік құқықтық актіде қалыптастырылған, бірнеше рет пайдалануға арналған және нормативтік-регламенттеуші жағдайдың шеңберінде барлық тұлғаларға таратылатын әрекет етудің жалпықабылданған ережесі.

  • Республикалық бюджет – осы Кодекспен анықталған салымдар есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтанған ақша қоры.

  • Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеті, астаналар, ауданның бюджеті (облыстық маңызы бар қала).

  • Бюджеттен тыс қаржы көздерінысаналы бағыты бар және мемлекеттік бюджетке кірмейтін мемлекеттің ақша қаражаты.

  • Ұлттық ҚорҚазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі шотында қаржылық активтер ретінде, сондай-ақ материалдық емес активтерді есепке алмағанда басқа меншік ретінде жинақталған мемлекеттің активтері. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын, қаржылық активтерді және басқа да меншікті жинау, экономиканың мұнай секторы мен жағымсыз сыртқы факторлар әсеріне тәуелділігін азайтуды қамтамасыз етуге арналған.

  • Кәсіпкерлік – меншік түріне байланыссыз тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қажеттілікті қанағаттандыру арқылы таза пайда алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу құқығына негізделген азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамашылық әрекеті. Кәсіпкерлік әрекет кәсіпкердің атынан, соның тәуекелімен және жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

  • Болжамдау - болжамдарды әзірлеу процесі.

  • Болжамнысанның болашақтағы мүмкін болатын жағдайы және (немесе) жүзеге асырылудың балама жолдары мен мерзімдері туралы ғылыми негізделген талқылау.

  • Жоспарлауболашақта мақсатарды, міндеттерді және әрекеттерді қоюмен байланысты қызмет түрі.

  • Қысқа мерзімді кезеңмакроэкономикада бір жылдан аз уақыт.

  • Орта мерзімді кезеңэкономикада 1 жылдан астам және 5-7 жылға дейінгі кезең.

  • Ұзақ мерзімді кезең - экономикада 5 жылдан артық кезең.

  • Табыстарэкономикалық объектілердің (жеке тұлға, отбасы, кооператив, фирма, мемлекет және т.б.) экономикалық әрекет нәтижесінде алатын ақшалай немесе таза күйіндегі қаражат.

  • Шығыстар (шығындар) – ақша қаражатынын, басқа мүліктің жұмсалуы нәтижесінде экономикалық табыстарды азайту;

  • Тікелей шығыстар (шығындар) – заң жобаларын іске асырумен тікелей байланысты шығыстар.

  • Жанама шығыстар (шығындар) – заң жобасын іске асырумен тікелей байланыссыз, бірақ оны сүйемелдейтін шығыстар.

  • Тәуекел  — жағымсыз салдарларының болуымен ерекшеленетін аяқталуы белгісіз жағдайдың сипаттамасы.


I-бөлім: Паспорттың құрылымы.

Заң жобасын бағалау паспорты заң жобасын әзірлеушімен толтырылып, келесі тараулардын тұрады (1 Қосымша Паспорт нышаны):

1. Жалпы ақпарат

1.1. Әзірлеуші

1.2. Заң жобасының атауы

1.3. Құқықтық реттеу нысаны

1.4. Әрекет ету саласы

1.5. Заң жобасының түрі

1.6. Заң жобасының әрекеті

1.7. Заң жобасының заңдылық пен экономиканың қосымша салаларына сәйкес келуі

1.8. Заң жобасы нормаларының ақпараттылық коэффициенті

1.9. Заң жобасы нормаларының белгісіздік коэффициенті

2. Заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

3. Әлеуметтік-экономикалық салдарлар

4. Пайдалар мен табыстарды талдау

5. Қаржыландыру көздері

6. Қорытындылар
Паспорттың 1-тарауы: «Жалпы ақпарат». Паспорттың осы тарауында әзірлеушнің заң жобасына оның әрекет ету аясын анықтау, қалыптасқан жағдайды талдау және мәселелерді анықтау, заң жобасының нысаналы тобын анықтау, болашақта қажет жағдайды ұсыну, оған қол жеткізу үшін қажет стратегияларды таңдау бөлігінде өткізген талдауының нәтижелері көрсетіледі.

1.1. «Әзірлеуші» кіші тарауында заң жобасының әзірлеушісін көрсетіп кету қажет.

1.2. «Заң жобасының атауы» кіші тарауында заң жобасының атауын көрсетіп кету қажет.

1.3. «Заң жобасының мақсаты» кіші тарауында заң жобасының мақсатын көрсетіп кету қажет.

1.4 «Құқықтық реттеу нысаны» кіші тарауында заң жобасының құқықтық реттелу нысанын, яғни осы заң жобасымен реттелетін қоғамдық қатынастардың жиынтығын көрсетіп кету қажет.

1.5. «Заңнама саласы» кіші тарауында зерттелетін заң жобасының реттеуіне түсетін заңнама саласын көрсету қажет.

Заң жобасын заңнаманың белгілі бір саласына жатқызу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1378 қаулысымен бекітілген заңдылық салаларының сыныптамасын пайдалану қажет. (Әдістемелік ұсыныстарға 2-қосымша).

Көрсетілген сыныптамада белгілі бір саланың (кіші саланың) болмауы жағдайында, оны қажет ақпаратпен толықтыру керек.

1.6. «Заң жобасының түрі» кіші тарауында заң жобасының келесі критерийлермен сәйкес түрін көрсетіп кету қажет:


Заң жобасының түрі

Сипаты

Өз бетінше:

Маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді; Қолданыстағы түзетудің 50%-дан астамын өзгерту қажеттілігі және т.б.

Өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді:

заңдардың атауын көрсетіп кету

Өзгерістерді енгізеді:

заңдардың атауын көрсетіп кету

Толықтыруларды енгізеді:

заңдардың атауын көрсетіп кету

Басқа заңды жоюға қояды:

заңдардың атауын көрсетіп кету

1.7. «Заң жобасының әрекеті» кіші тарауында кестеде заң жобасының уақыт, кеңістік және тұлғалар бойынша әрекетін көрсетіп кету қажет.

Заң жобасының әрекеті

Сипаты

Уақыт бойынша:




Кеңістікте:




Тұлғалар бойынша (нысаналы топ):




Заң жобасының уақыт бойынша әрекеті. «Сипаты» бағанында келесілерді көрсетіп кету қажет:

  • күшіне енеді;

  • пайдалануға беріледі;

  • заңды күшін жояды;

  • кері күшке ие;

  • әрекетін сақтау қажет.

Заң жобасының кеңістіктегі әрекеті.

Заң жобалары нормативтік құқықтық актілерде немесе оларды пайдалануға беру актілерінде басқасы ескерілмеген жағдайда өзінің әрекетін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратады. Осы кіші тарауда заң жобасының төмендегідей етіп нақтылау қажет («Сипаты» бағаны):

  • халықаралық;

  • мемлекетаралық;

  • ұлттық (ҚР барлық аумағында әрекет етеді);

  • өңірлік (ҚР аумағының жартысында әрекет етеді).

Заң жобасының тұлғалар бойынша әрекеті (нысаналы топ).

Заң жобаларының әрекеті Қазақстан Республикасында бекітілген заңнама актілерімен және халықаралық шарттармен ескерілген жағдайларды есепке алмағанда, азаматтар мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ оның аумағында орналасқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға таратылады.

Бірақ осы кіші тарауда заң жобасының әрекеті қандай тұлғаларға (тұлғалар тобына) таратылатынын нақтылап, бір немесе бірнеше нысаналы топты көрсетіп кету қажет.

Мысалы, нысаналы топты келесі критерийлер бойынша топтастыруға болады («Сипаты» бағаны):


мемлекетке тиістілігі бойынша:


  • Қазақстан Республикасының азаматтары;

  • азаматтығы жоқ тұлғалар;

  • шетел азаматтары;

  • аумақтан тыс тұлғалар (дипломаттар).

білімі бойынша:


  • мектеп жасына дейінгілер;

  • оқушылар;

  • ЖОО студенттері;

  • ЖОО-нан кейінгі білім (көрсетіп кету қажет).

әлеуметтік қорғау бойынша:


  • зейнеткерлер;

  • мүгедектер;

  • жағдайы нашар азаматтар;

  • көпбалалы отбасылар;

  • басқалары.

тіркеу үлгісі бойынша:


  • заңды тұлғалар;

  • жеке тұлғалар.

халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі бойынша:


  • жұмыспен қамтылған халықтың саны;

  • жеке жұмысы бар халық;

  • жұмыссыздар.

көші-қон бойынша:

  • сырттан көшіп қонушылар;

  • ішкі көшіп қонушылар.

тұрғын үй-коммуналдық жағдайлар бойынша:

  • жеке сектор;

  • кондоминиум.

тұрғылықты жері бойынша:


  • қала тұрғындары;

  • ауыл тұрғындары.

еңбек әрекеті бойынша:

  • еңбекке қабілетті;

  • еңбекке қабілетсіз.

еңбек әрекетінің түрлері бойынша:

  • мемлекеттік сектор;

  • бизнес сектор;

  • қоғамдық сектор.

басқа критерийлер бойынша



Егер ұсынылған тізбеде заң жобасы нысаналы тобының белгілі бір түрлері көрсетілмесе, әзірлеуші әзірленетін заң жобасының әрекеті таратылатын нысаналы топтың басқа түрін көрсетуі тиіс.

1.8.«Заң жобасының заң шығару мен экономиканың көршілес салаларымен сәйкестігі» кіші тарауында зерттелетін заң жобасының заң шығару мен экономиканың көршілес салаларымен сәйкестік (байланыс пен әсерін) дәрежесін сипаттау қажет.

Мысалы, «Заңнаманың көршілес салалары» - «Сәйкестігін сипаттау» бағанында заңнаманың барлық көршілес салаларын көрсету қажет. Экономиканың қосымша салаларымен ұқсас жағдай. Экономиканың қосымша саласын таңдау үшін Экономикалық әрекет түрлерінің жалпы сыныптамасын (ЭӘЖС) таңдау қажет.

1.9. «Заң жобасы нормаларының ақпараттылық коэффициенті» кіші тарауы заң жобасындағы нормалардың жалпы санына қатысты жаңа ақпараты бар заң жобасы нормаларының қатысын ұсынады. Заң жобасы нормаларының ақпараттылық коэффициентін есептеу үшін келесі формуланы пайдалану қажет: Кинф. = Nнов. / Nобщ., мұндағы: Nнов – жаңа ақпараты бар нормалардың саны; Nобщ. – заң жобасындағы нормалардың жалпы саны. «Қолданыстағы редакция» бағанында Заңның қолда бар редакциясын көрсетіп кету қажет, «ұсынылатын редакция» бағанында – заң жобасының редакциясы ұсынылады. «Саны» бағанында нормалардың санын көрсетіп кету қажет. Норманың құрылымдық бөлігін (бөлім, тармақ, бап, тарау) әзірлеуші өзі жеке анықтайды. Бұл ретте құрылымдық бөлім заң жобалары нормаларының белгісіздігін анықтауда есепке алынатын құрылымдық бөліммен бірдей болуы тиіс.

Қорытындыда заң жобасы нормалар ақпараттылығының сапалы сипаттамасы және қабылданатын жаңалықтар көрсетілуі тиіс.

1.10. «Заң жобалары нормаларының белгісіздік коэффициенті» кіші тарауы реттелмеген диспозициялары, анық емес тұжырымдамалары, белгісіз терминдері, жоқ құжаттарға сілтемелердің болуы немесе қолданыстағы құжаттарға сілтемелердің болмауы, әр түрлі түсіндірілетін сөздер мен фразалары бар заң жобасының нормаларына қатыстылығын байқатады. Заң жобасы нормаларының белгісіздігін есептеу үшін келесі формуланы пайдалануға болады: Кнеопр. = (Nдис. + Nнеч.форм. + Nтерм. + Nссыл. + Nпр.) / Nобщ., мұндағы: Nдис. – реттелмеген диспозициялары бар нормалардың саны; Nнеч.форм. – тұжырымдамалары анық емес нормалардың саны; Nтерм. – белгісіз терминдері бар нормалардың саны; Nссыл. - жоқ құжаттарға сілтемелердің болуы немесе қолданыстағы құжаттарға сілтемелері жоқ нормалардың саны; Nпр. - әр түрлі түсіндірілетін сөздері мен фразалары бар нормалардың саны; Nобщ. - заң жобасындағы нормалардың жалпы саны. «Қолданыстағы редакция» бағанында Заңның қолда бар редакциясын көрсетіп кету қажет, «ұсынылатын редакция» бағанында – заң жобасының редакциясы ұсынылады. «Саны» бағанында нормалардың санын көрсетіп кету қажет. Норманың құрылымдық бөлігін (бөлім, тармақ, бап, тарау) әзірлеуші өзі жеке анықтайды. Бұл ретте құрылымдық бөлім заң жобалары нормаларының белгісіздігін анықтауда есепке алынатын құрылымдық бөліммен бірдей болуы тиіс.

Қорытындыда заң жобасы нормалар ақпараттылығының сапалы сипаттамасы және көрсетілген нормалардың әрекетке қалай әсер ететіні ұсынылуы тиіс.

2-тарау. «Заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі»: Осы тарауда зерттелетін заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін сипаттау қажет. Нақты айтатын болсақ, олар Қазақстан Республикасының 2030 және 2020 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспары, ел басының Қазақстан халқына жолдауы және уәкілетті органның стратегиялық жоспары.
3-тарау. «Әлеуметтік-экономикалық салдарлар»:

Осы тарау әзірленетін заң жобасына логикалық-құрылымдық талдау жасау негізінде заң жобасының әлеуметтік-экономикалық салдарларына өткізілген бағалаудың нәтижелері енгізілетін кестені (логикалық кестені) құрайды (бағандарды толтыру нұсқаулығы бар 1-кестені қараңыз).

Осы кестеде заң жобасын әзірлеуші заң жобасының қабылдануы нәтижесінде қандай мақсаттарға қол жеткізіледі, ол қалай іске асырылады, қажетті қаржылық қамтамасыз ету, қандай нәтижелерге қол жеткізіледі және олар қалайша өлшенетінін, қандай тәуекелдер мен қосымша жағдайлар пайда болатынын көрсетеді. «Әлеуметтк-экономикалық көрсеткіштердің болжамды тізбесі» 3-қосымшада зерттелетін заң жобасының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау барысында пайдаланатын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мысалдары көрсетіледі. Көрсеткіштердің ұсынылған мысалдары пайыздық, құндық және сандық көріністе ұсынылған. Заң жобасын әзірлеуші көрсеткіштердің осы тізбесін заң жобасын реттеу нысанына қатысты толықтыра алады. Көрсеткіштерді таңдаудың әлдеқайда нақты критерийлері берілген әдістемелік ұсыныстардың «Логикалық-құрылымдық әдістің ережелері мен рәсімдері және Қазақстан Республикасы заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау барысында оны тәжірибелік пайдалану бойынша ұсыныстар» ІІ-бөлігінде сипатталған. «Логикалық кестенің мысалы: Әлеуметтік-экономикалық салдарларды талдау» 4-қосымшада Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану аясында әлеуметтік-экономикалық салдарларды талдаудың логикалық кестесі ұсынылған. Берілген мысалдағы логикалық кестенің ішінде осы Әдістемелік ұсыныстарда бұрын сипатталған баламалы бағаналар тұр, бірақ зерттелетін заң жобасының стратегиялық мақсатының, міндеттері мен нәтижелерінің иерархиясы жоғарыдан төменге қарай берілген. Заң жобаны әзірлеуші орган өзінің қалауы бойынша логикалық кестені толтырудың екі баламалы нұсқасының біреуін пайдалана алады. Шартты мысал: Мемлекеттік орган ҚР «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңын Ұлттық қордың қаражатын пайдалану тетігін ауыстыру бөлігінде және бірінші заң жобасымен бекітілетін тетік негізінде үш жылдық кезеңге Ұлттық қордан кепілді трансферттің мөлшерін орнататын ҚР «Ұлттық қордан ортамерзімді кезеңге кепілді трансферт туралы» Заңын әзірлейді.

1-кесте

Заң жобасының стратегиялық мақсаты: заң жобасы қол жеткізуге өз үлесін қосатын мемлекеттің стратегиялық мақсаты

Заң жобасының міндеттері

Міндеттердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Нәтижелер

Нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті әрекетер мен ресурстар

Жорамалдар мен тәуекелдер

Заң жобасын пайдаланудың нақты нәтижесі (нысаналы топтың пайдасы)

«Мақсатқа қол жеткізгенімізді қалай білеміз?» деген сұраққа жауап беруге көмектеседі. Саны, сапасы мен уақыты, басты мақсаты туралы ақпараты көрсетілуі тиіс.

Заң жобасын қабылдаудан күтілетін нәтижелер

«Нәтиже алынғандығын қалай білеміз?» деген сұраққа жауап беруге көмектеседі. Саны, сапасы мен уақыты, басты мақсаты туралы ақпараты көрсетілуі тиіс.

Негізгі іс-шараларды(әрекеттерді) көрсету және заң жобасының жоспарланатын нәтижелеріне қол жеткізу үшін ретін ұсыну

«Заң жобасының нәтижелері – заң жобасының міндеттері — стратегиялық мақсат» байланысына әсер ететін жорамалдар мен тәуекелдер (жобамен бақыланбайтын факторлар)

1-міндет

1-нәтиже

...

...

Қорытынды:

Нысаналы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер арқылы қойылған міндеттер мен нәтижелер бойынша жалпы шолу жасау

Ақпарат көздері:

Ақпарат көздері, оны жинау әдістері, есептіліктің түрі (кім ұсынады, ұсыну жиілігі)

4-тарау: «Табыстар мен шығыстарды талдау». Осы тарауда зерттелетін заң жобасын қабылдау нәтижесінде белгілі бір нысаналы топтың табыстары мен шығыстарын есептеп шығару қажет. Кең ауқымды түсінікте табыстарды сандық және сапалық көріністе бағаланатын зерттелетін заң жобасын қабылдаумен байланысты белгілі басмыдықтар мен игіліктерді алу деп түсіндіруге болады (қосымша табыс, пайда, нысаналы топтың өмір сапасын жақсарту және т.б.). Кең мағынадағы табыстарға балама ретінде, шығыстар деп әр түрлі нысаналы топтарға жағымсыз әсер ететін зерттелетін заң жобасының реттеуінің салдарлары есептеледі (мемлекеттік және жеке сектор қызметтерін алу үшін шығыстарды көбейту, нысаналы топтың өмір сапасын нашарлату және т.б.).

Пайдалар мен шығыстарды талдау әдісі (ПШТ) заң жобасының салдарларын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді және «әлеуметтік-экономикалық оңтайлылық» критерийіне жауап беретін мемлекеттік саясатты әзірлеуге бағытталған. ПШТ зерттелетін заң жобасының реттеу әсерінің нәтижелерін максималды түрде ақша бірлігінде көрсетуге арналған. Пайдалар мен шығыстардың сандық бағалаулары сапалық бағалауларына қарағанда әлдеқайда жақсы болып келеді. Сонымен қатар, кейбір маңызды пайдалар мен шығыстар (мысалы, тұлғаның құқығын қорғау) сандық бағалау жасау немесе ақша түріне ауыстыру үшін қиындық тудырады. Сондықтан есептелмейтін пайдалар мен шығыстарға мұқият зерттеу жасап отыру қажет. Салдарларға сандық бағалау жүргізіле алмаса, осындай есептелмейтін салдарлармен бірге сапалы талдауды кеңейтіп, толықтыра алатын қол жетімді сандық ақпаратты ұсыну қажет.

Екі бірдей есептеуге жол беруге болмайды, өйткені кейбір факторлар басқа әлдеқайда сыйымды критерийлерде орналасуы мүмкін.. Мысалы, реттеу белгілі бір ауданда қоршаған ортаны жақсартуға бағытталса, осы аудандағы үйдің бағалары экологиялық қалыпты ауданда өмір сүру талабымен байланысты артатын болады. Жылжымайтын мүлік құнының артуын қоғамның жақсарған денсаулығына қатысты бағалау қайталама есептеу болып табылады, жылжымайтын мүлік құннң артуы қоғам денсаулығын көрсететін жағдайда ғана байқалады. Осы мәселеден бас тарту үшін, мүлік құнына салынған қоғамның денсаулығын жақсартатын әсерлерді алып тастау қажет. Сонымен қатар, шығыстарды есептеуде өзгерістердің салдарларын ескермейтін талдау, осы реттеудің барлық спектрін қамти алмайды. ПШТ талдауын жүзеге асыруда пайда болатын тұрпатты қателерге келесілер жатады:

  • ПШТ пайдалар мен шығыстарды ақша түрінде көрсетуге ұмтылғандықтан, орындауға жеңіл болатын пайдалар мен шығыстарға шоғырлану талабы пайда болады. Бұл ретте ақша түрінде көрсетуге қиындық тудыратын немесе тудыру мүмкіндігі жоқ пайдалар мен шығыстар ескерілмейді. Осылайша, заң жобасының жеңіл «ақшаға ауысатын» салдарлары ақшаға ауыстырылмайтын маңызды салдарларға басымдық көрсетпейтініне назар аудару қажет. Заң жобасының реттеу әсерінің әр түрлі балама әдістерін қарастырған жағдайда ақша қатынасында пайдалар мен шығыстарды есептеу қияндық тудыратынына қарап қана басты баламаларды алып тастауға болмайды.

  • Екі еселенген есеп жүргізу тек қана бір пайдалар есептелгенде ғана жүргізіледі. Мысалы, Алматы қаласы шағынаудандарының бір тұрғыны үшін оң нәтижені метро станциясы ашылғаннан кейін уақыт қатынасында есептеуге болады (минуттар, сағаттар). Зерттелетін нысаналы топтың уақытты азайту барысында үнемдейтін уақыты, «а» пунктінен «б» пунктіне қозғалуға кеткен уақыттан аз болады. Сонымен қатар, осы шағынауданда метро ашылғаннан кейін мүліктің әлеуетті қымбатауын да атап кетуге болады. Бұл ретте осы екі бағалауды, яғни бір нәтишенің бір бағалауларын қосуға болмайды: бірінші бағалау – тікелей салдарлар, ал екінші бағалау – жанама салдарлар.

  • Заң жобасын қабылдағанда және қабылдағаннан кейін пайда болатын өзгерістерді ескермей, зерттелетін заң жобасын қабылдау нәтижесінде пайда болатын өзгерістерді ғана қарастыру қажет.

ПШТ зерттелетін заң жобасын реттеуге байланысты барлық пайдалар мен шығыстарды есептеуде және анықтауда байқалады. Осындай әдіс кезінде реттеумен бірге жүретін жалпы пайдалар жалпы шығыстармен салыстырылады және қорытынды оң болса, реттеу жүзеге асырылған болып есептеледі. Осы әдістің логикалық негіздемесі ресурстардың шектелгенінен көрінеді, олар қоғамның пайдасын асыру үшін максимады түрде есептелуі тиіс. Реттеу шешімдері жағымды және жағымсыз әсерге ие, осы әдіс шешімді қабылдау процесінде жалпы әлеуметтік мүдделердің назарға алынуын ескереді.

  • Нысаналы топ:

«Заң жобасының тұлғалар бойынша әрекеті (нысаналы топ)» 1.6-тарауында заң жобасы әрекетінің қандай тұлғаларға (тұлғалар тобына) таратылатынын нақтылап, бір немесе бірнеше нысаналы топты анықтау қажет.

Осы тарауда зерттелетін заң жобасын қабылдаудан пайдаларды немесе шығыстарды ала алатын нысаналы топты анықтау қажет.

Мысалы, білім беру бойынша нысаналы топ үшін (мектеп жасына дейінгілер, оқушылар, ЖОО студенттері және т.б.), тікелей пайда деп мектепке дейінгі, мектеп және студенттік орындардың артуын, оқыту төлемінің азаюын айтуға болады.

Әр түрлі нысаналы топтарға арналған заң жобалары шығыстары мен пайдаларының ашық тізбесі «Заң жобаларының реттеу әсерінің пайдалары мен шығыстарының мысалы» 5-қосымшада ұсынылған.

  • Халық:

Берілген кіші тарауда зерттелетін заң жобаның қабылдануынан жанама пайдалар мен шығыстарды алатын халықтың қалған барлық топтарын көрсету қажет.

  • Кәсіпкерлер

Кәсіпкерлер үшін пайда ретінде өндірістік және мүліктік шығыстардың азаюы, заңнаманы сақтау үшін шығыстарды және уақытты азайту, бизнес-ахуалды, экономикалық тұрақтылықты және бизнестің болжамданатынын жақсартуды жатқызуға болады.

Кәсіпкерлер үшін шығыстарға өндірістік және мүліктік шығыстардың артуы, заңнаманы сақтау үшін қаржылық шығыстардың артуы, саяси және әкімшілік шығыстар жатады.

6-қосымша – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен жасалған «Нормативтік құқықтық актіні пайдалануға енгізумен байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығыстарының артуын және (немесе) азаюын нақтылайтын, есептеулерді жүргізу бойынша Әдістемелік ұсыныстарды» көрсетеді.

7-қосымша – жүйелік өтеудің салықтық есептеулерін алмастырған жағдайда пайдалар мен шығыстардың талдау мысалын көрсетеді

5-тарау: «Қаржылық қамтамасыз ету» Осы тарауда заң жобасын енгізуге, заң жобасының стратегиялық мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізуге, сондай-ақ жоспарланатын әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті барлық қаражат пен шығыстарды (адами, материалдық, қаржылық) көрсетіп кету тиіс. Мысалы, мемлекеттік органдардың шығыстарына келесі қаржылық шығыстар жатады: -заңның әзірленуімен, келісілуімен және күшіне енуімен байланысты шығыстар; - заңның орындалуына бақылау жүргізумен байланысты шығыстар; - санкцияларды орнатумен байланысты шығыстар; - нарықты зерттеу және талдаумен байланысты шығыстар; - персоналды оқытуға кететін шығыстар; - заңнаманы зерттеуге кететін және басқа да шығыстар. Заң жобасының мақсаттарына қол жеткізумен байланысты табыстарды арттыру немесе азайтуды есептеп шығару қажет. Мысалы, бюджетке келесі салымдардың түсуін күту: салықтық, салықтық емес, негізгі капитал мен трансфертті сатудан түсетін салымдар және т.б. Осылайша, республикалық, жергілікті бюджеттердің, Ұлттық қордың және (немесе) бюджеттен тыс қаржы көздерінің әзірленетін заң жобасын әзірлеуге қажетті қаражатын есептеп, бұл есептеулер қысқа, орта және ұзақмерзімді кезеңге жасалуы тиіс. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарының (ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар) қаражаты тартылу нәтижесінде, Паспорттың осы тарауында осындай қаражаттың көлемін көрсетіп кету қажет. Егер заң жобасының қабылдануы республикалық және жергілікті бюджетке, Ұлттық қорға салымдардың азаюын, мемлекеттік органдардың ақылы қызметтерді ұсынудан түсетін салымдарды, сондай-ақ заң жобасын пайдаланудың шығыстарын ескеру қажет.

6-тарау: «Қорытындылар»

Осы тарау қобылданатын заң жобасы әрекеттерінің әлеуметтік-экономикалық салдарларына өткізілген бағалау бойынша талдаулық қорытындыға ие болуы тиіс.

Міндетті талап – осы тараудың барлық тармақтарының толтырылуы.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығы
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1116 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі...
Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа Экономикалық даму және технологиялар министрлігі сауда министрлігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының...
Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі iconҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Экономикалық даму және сауда министрлігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес...
Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2010 жылғы 22 шiлдедегi №126 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік...
Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – ұзақ мерзімді келешекке халықтың...
Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі
Осы ереже Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне (бұдан әрі Министрлік) мемлекеттік тұрғын үй қорынан...
Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес БҰйырамыз
Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі iconҚазақстан Республикасы
Азақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы №45 бірлескен бұйрығына
Қазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі icon2011 жылғы «27» қыркүйек №348 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница