Қазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген




Скачать 102.76 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген
Дата конвертации17.04.2013
Размер102.76 Kb.
ТипДокументы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ

Мұрағат директоры

В. Шепель

БЕКІТІЛГЕН

«23» мамыр 2008 ж.
«Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі стандарты


  1. Жалпы ережелер




  1. Осы стандартты жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сипаттағы сұрау салулардың дұрыс және уақтылы орындалуын ұйымдастыруға жәрдемдесу мақсатымен Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты әзірледі.

  2. Мұрағаттық анықтама – заңды күші бар және сұрау салу мәселесі туралы құжаттық ақпараты бар, іздестіру деректері көрсетілген мұрағаттың ресми құжаты (әрі қарай – мемлекеттік қызмет көрсету).

  3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: дәстүрлі қағаз негізінде және Кепілді орталық растаған электронды сандық қол қою (ЭСҚ) бар болған жағдайда электронды.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар» Заңының 15 бабының, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізінде жүргізіледі.

  5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны мұрағаттық анықтаманы беру болып табылады.

  6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көретіледі (одан әрі – өтініш берушілер).

  7. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының анықтама столында құжат тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұсынылады. Қызмет көрсетудің мерзімі қосымша зерделеу немесе мұрағат басшысы, не өкілетті тұлға тексеру қажеттігі туған жағдайларда ғана 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла алады, бұл туралы өтініш иесіне үш күннің ішінде хабар беріледі.

  8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  9. Мемлекеттік қызмет көрсетілу тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының веб-беттерінде htt://www.aprk. kz белгісінде, анықтама столындағы үлгілер көрсетілген ақпарат тақтасында орналасқан.

  10. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты көрсетеді, мекен-жайы: Алматы қ. Достық даңғылы 87 б.

телефон 8(7272)64-68-62; факс 8(7272)64-68-21.

Азаматтарды қабылдау уақыты:

Әр күні 8.30.–7.30., үзіліс 12.00–13.00, демалыс күндер – сенбі, жексенбі.

  1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының қажетті құжаттардың үлгілері мен тізбелері көрсетілген қабырға қағазымен жабдықталған анықтама столында көрсетіледі.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш иесі мына құжаттарды ұсынады:

1) өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен қоса өтініш;

2) үшінші адам туралы дербес деректері бар мәлімет алу үшін қосымша өтініш иесінің өкілеттігін растайтын құжаттар ұсынылады №1 қосымшаны қара.

  1. Өтініш жазу бланкін Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының анықтама столының жұмысшылары береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының веб-беттерінде орналастырылған (№2–9 қосымшаны қара).

  2. Толтырылған өтініш, сондай-ақ осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының анықтама столына ұсынылады.

  3. Мемлекеттік қызмет алуға қажетті барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініш иесіне өтініш қабылданғаны туралы талон беріледі, онда Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты, өтінішті қабылдаған жұмысшының лауазымы, фамилиясы және инициалы және қабылданған күні, уақыты көрсетіледі (№10 қосымшаны қара)

  4. Мұрағаттық анықтама өтініш иесіне жеке қабылдау барысында немесе почта, не электронды почта арқылы жіберіледі.

  5. Өтініш иесі осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбайынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады.

Сұрау салуды орындауға қажетті құжаттар жоқ болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады.


  1. Жұмыстың қағидалары




  1. Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының қызметі мынадай қағидаларға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығының сақталуы;

2) қызметтік парыздың орындалу кезіндегі заңдылықтың сақталынуы;

3) сыпайылық;

4) жинақталып қорытылған және толық ақпараттың ұсынылуы;

5) ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.


  1. Жұмыстың нәтижелері




  1. Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты жұмысының нәтижелері осы стандарттың №11 қосымшасына сәйкес оның сапасы мен қол жетімділігінің көрсеткіштерімен өлшенеді.

  2. Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалылығы мен қол жетімділігінің мақсатты көрсеткіштерін жыл сайын арнайы құрылған мамандар тобы бекітеді.




  1. Шағымдану тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына мін тағылған жағдайда Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты директоры атына шағым түсіріледі.

  2. Шағым почтамен, электронды почтамен немесе Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының Құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр жұмысы басқармасы арқылы тікелей қабылданады.

  3. Қабылданған шағым жеке адамдар өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағым заңда бекітілген мерзімде қаралады. Қаралған шағым нәтижелері туралы өтініш иесіне жазбаша түрде почтамен немесе электронды почтамен хабарланады.


№ 1 қосымша
Сұрау салуды ресімдеуге қажетті құжаттардың

ТІЗБЕСІ


  1. Өтініш

  2. Куәлік көшірмесі

  3. Еңбек кітапшасының көшірмесі

  4. Нотариус растаған сенімхат

(егер сұрау салу басқа адам арқылы ресімделсе)
№ 2 қосымша
ҮЛГІ

ҚР Президенті Мұрағатының директоры

В. Н. Шепель мырзаға

Алматы қ. Гагарин даңғылы 206, 17 пәтер тұрғыны

Иванова Мария Филипповнадан

Телефон:2492186

Өтініш
Менің Қазақстан Компартиясы ОК Баспасында 1978 ж. қаңтарынан 1983 ж. қыркүйегіне дейін 5 санаттағы теруші ретінде жұмыс істеген кездегі еңбек өтілім туралы мұрағаттық анықтама беруіңізді сұраймын.
(1980 ж. дейін фамилиям Кравцова болды)
22 қаңтар 2008 ж.

Иванова

№ 3 қосымша
ҮЛГІ

ҚР Президенті Мұрағатының директоры

В. Н. Шепель мырзаға

Алматы қ. Гагарин даңғылы 206-д 17 пәтер тұрғыны

Павл Иванович Филиппенкодан

Телефон:2492186
Өтініш
Менің Қазақстан Компартиясы ОК Автогаражында 1980 жылдан 1985 жылға дейінгі жүргізуші ретінде жұмыс істеген кездегі еңбек ақы туралы мұрағаттық анықтама беруіңізді сұраймын.

22 қаңтар 2008 ж.

Филиппенко

№ 4 қосымша
ҮЛГІ

ҚР Президенті Мұрағатының директоры

В. Н. Шепель мырзаға

Жамбыл қ. Абай көшесі 6, 52 пәтер тұрғыны

Құнғожаева Роза Маратқызынан

Телефон:181456

Өтініш
Менің Қазақстан Компартиясы ОК Баспасында 1965 ж. қаңтарынан 1983 ж. қыркүйегіне дейін директор орынбасары қызметінде істеген әкем Ахметов Марат Әлиұлы туралы өмірбаяндық анықтама беруіңізді сұраймын.

20 сәуір 2008 ж.

Құнхожаева


№ 5 қосымша
ҮЛГІ

ҚР Президенті Мұрағатының директоры

В. Н. Шепель мырзаға

Алматы қ. Жароков 66 көшесінің тұрғыны

Петров Василий Макаровичтан

Телефон:248592


Өтініш
ҚР Президентінің 1994 ж. 21 қыркүйектегі «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін атқарған шұғыл қызмет әскери қызметкерлерін запасқа босату туралы және 1994 ж. қазан-желтоқсан айларында азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының көшірмесін беруіңізді сұраймын.

20 ақпан 2008 ж.

Петров

№ 6 қосымша
ҮЛГІ

ҚР Президенті Мұрағатының директоры

В. Н. Шепель мырзаға

Алматы қ. Зеленая 25 көшесінің тұрғыны

Шмитке Ирина Эрнестовнадан

Телефон:2747785

Өтініш
Менің Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын оқып бітіріп, диплом алғанымды растайтын анықтама беруіңізді сұраймын.

10 ақпан 2008 ж.

Шмитке

№ 7 қосымша
ҮЛГІ

ҚР Президенті Мұрағатының директоры

В. Н. Шепель мырзаға

Алматы қ. Достық 185-16 даңғылының тұрғыны

Сабырбаев Самат Жәнібекұлынан

Телефон:2646839


Өтініш
Менің 1991 ж. мамыр айында Қазақстан ЛКЖО ОК-ң Құрмет грамотасымен марапатталғанымды растайтын анықтама беруіңізді сұраймын.

10 қазан 2008 ж.

Сабырбаев


№ 8 қосымша
ҮЛГІ

ҚР Президенті Мұрағатының директоры

В. Н. Шепель мырзаға

Бишкек қ. Строительная 26 көшесінің тұрғыны

Ахметов Талғат Смаилұлынан

Телефон:445036


Өтініш
Алматы қ. Калинин ауданының Бостандық ауданы болып қайта аталғаны туралы мұрағаттық анықтама беруіңізді сұраймын.

16 мамыр 2008 ж.

Ахметов


№ 9 қосымша
ҮЛГІ

ҚР Президенті Мұрағатының директоры

В. Н. Шепель мырзаға

Алматы қ. Жандосов 42 көшесінің 36 пәтер тұрғыны

Рысқұлова Мадина Әлиқызынан

Телефон:445036

Өтініш
Менің КОКП мүшелігіндегі есепке алу карточкамды беруіңізді сұраймын. Қазақстан Компартиясының Әуезов аудандық комитетінде 1980 жылдан есепке алынғанмын.
16 мамыр 2008 ж.

Рысқұлова

№ 10 қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ

Талон № _____________
Өтініш берілген күні және уақыты ____________________________
өтініш берушінің аты-жөні ___________________________________
Өтінішті қабылдаған жұмысшының аты-жөні _________________
Сұрау салудың орындалу мерзімі _____________________________
Мұрағаттың анықтама столының телефоны 264-68-62__________


№ 11 қосымша




Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері



Көрсеткіштің мөлшерлік мағынасы


Көрсеткіштің жыл сайынғы мақсаттық мағынасы

Көрсеткіштің есеп беру жылындағы ағымдық мағынасы

1

2

3

4

1. Уақтылығы










1.1. Көрсетілетін қызметтің құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде ұсынылу жағдайларының % (үлесі)


95



95%

90%

1.2. Кезекте 40 минуттан аспаған уақытта қанағаттандырылуды күтетін тұтынушылардың % (үлесі)

95%

95%

90%

2. Сапасы










2.1. Қызмет көрсету барысының сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

95%

90%

2.2. Лауазымды тұлғаның құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайларының % (үлесі) (құрастырылған есептеу, есеп айыру)

95%

95%

90%

3. Қол жетімділігі










3.1. Қызмет көрсету сапасы мен қызметтің ұсынылу тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

95%

90%

3.2. Тұтынушылардың құжатты дұрыс толтырған және бірден тапсырған жағдайлардың % (үлесі)

95%

95%

90%

3.3. Интернет арқылы алынатын ақпараттың қызмет % (үлесі)










4. Шағымдану барысы










4.1. Қызметтің осы түрін тұтынушылардың жалпы саны бойынша негізді шағымдардың % (үлесі)


01,%

0,1%




4.2. Белгіленген мерзімде қаралып, қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі)


95%

95%




4.3. Осы шағымдану тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)


95%

95%




4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)


95%

90%




5. Сыпайылық










5.1. Жұмысшының сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)


90 %

90 %




Похожие:

Қазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген iconҚазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты
Республикасының мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорында сақталатын құжаттар бойынша)....
Қазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген iconҚазақстан республикасы Президентінің мұрағаты тұлғалар туралы құжатты жинақтарды жеке тектік қорлар негізінде дайындау жөніндегі жадуал
Р пм мемлекеттік сақтауға қабылданған жеке тектік қорлардың құжаттары ҚР Ұлттық мұрағат қорының бір бөлігі болып табылады және саяси,...
Қазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген icon№ исх: 1399 от: 30. 11. 2011 Қазақстан Республикасы
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген...
Қазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген iconҚазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы1 сәуірдегі №1180 Жарлығына қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің
Отаны-Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді
Қазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген iconЖарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен...
Қазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген iconТабысы туралы декларация Рахимбергенов Еркін Мағауияұлы, департамент директоры
Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі...
Қазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан республикасы президентінің МҰРАҒаты мұрағат директоры В. Шепель бекітілген icon2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына және Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница