38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі




Название38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі
Дата конвертации23.11.2012
Размер47.2 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2011 жылғы «9» ақпандағы

_38 бұйрығына

1-қосымша


«Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу

ережесі
1.Жалпы ереже
1. Осы Ереже «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібін анықтайды.

2. Конкурс ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Республикалық төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында басшылық құрамның біліктіліктерін арттыру курсы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.

3. Конкурс төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту мазмұнын жаңғырту, басшылық құрамды даярлау, оқыту мен білім беру үрдісін ұйымдастыру технологияларының жаңа нысандарын қолдау, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органды қызметкерлері кәсіби шеберліктерін өсіру бойынша шығармашылық қызметті дамытуға бағытталған.
2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
4. Конкурстың мақсаттары мен міндеттеріне төмендегілер қатысты:

1) талантты қызметкерлерді анықтау;

2) төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында оқыту беделін арттыру;

3) төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында оқыту мәселелерінде озық тәжірибені тарату.
3. Конкурс қызметкерлерін қалыптастыру
5. Конкурсқа функционалдық міндетіне халықты оқыту, төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаныс саласындағы басшы құрамды және мамандарды даярлау кіретін Министрлік аумақтық органдарының кез келген қызметкері қатыса алады.

6. Конкурсқа қатысуға үміткерлерді ұсынуды Министрлік аумақтық органының басшысы жүргізеді.

7. Конкурс қатысушыларының іссапар шығыстарын Министрліктің аумақтық органдары өзіне алады.
4. Конкурсты өткізу тәртібі
8. Конкурстың екі кезеңі белгіленеді:

1) Конкурстың бірінші кезеңі екі немесе үш тақырып бойынша әдістемелік ұсыным әзірлеу жөніндегі тапсырманы орындаумен өтеді (тапсырмалар мен талаптар алдын ала Министрліктің барлық аумақтық органдарына жіберіледі);

2) Конкурстың екінші кезеңі әдістемелік ұсыным ретінде әзірленген өзінің бір тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізумен жүргізіледі. Қатысушылардың құрамы мен санын Конкурстың бірінші кезең қорытындылары негізінде конкурстық комиссия айқындайды.
5. Конкурстық комиссияны құру
9. Конкурсты ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету және жүргізу үшін конкурстық комиссия құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі бекітеді.

10. Конкурстық комиссия 5 адамнан тұрады.

11. Конкурстық комиссия:

1) үміткердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негізінде қатыстырмауға;

2) қандай да бір қызметкер қандай да бір үміткерге қатысты лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланған жағдайда қатысушының нәтижелерін нөлге теңеуге құқылы.

12. Конкурстық комиссия:

1) Конкурсты өткізу туралы хабарламаның бұралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;

2) Конкурсты жүргізу кезеңдерін, талаптары мен конкурстық тапсырмаларды бағалау өлшемдерін белгілейді;

3) Конкурс қатысушыларын бағалап, айқындайды.

13. Егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе конкурстық комиссияның шешімі қабылданды деп есептеледі.

14. Конкурстық комиссияның шешімдері төраға қол қоятын хаттамамен рәсімделеді.
6. Конкурстық тапсырмаларды бағалау

өлшемдері
15. Конкурстың бірінші кезеңінде конкурстық тапсырмаларды бағалау өлшемдеріне мыналар:

1) ұсынылған материалдардың білім және әдістемелік құндылықтары;

2) тақырыпты ашу толықтығы жатады.

16. Конкурстың екінші кезеңінде конкурстық тапсырмаларды бағалау өлшемдеріне мыналар:

1) өзінің кәсіби қызметінде инновациялық ойын талдай, хабарлай, айқындай және қабылдай білуі;

2) білімнің әртүрлі көздерін тыңдаушылармен қолдануды ұйымдастыра білуі;

3) тыңдаушыларды тыңдай, ести және ұстанымдарын түсіне білу, оларға бірдей және педагогикалық мақсатқа сай ден қою;

4) әрбір оқушыны талқылауға қоса білуі;

5) пікірталастарды жүргізе білуі;

6) жалпы және кәсіби білімдарлық;

7) жұрт алдына сөз сөйлеу мәдениеті;

8) аудиториямен өзара іс-қимыл жасаса білуі жатады.
7. Конкурс жеңімпаздарын анықтау және көтермелеу
17. Конкурстық комиссияның тізімдік құрамның жартысынан көбі дауыс берген қатысушы конкурс жеңімпазы болып есептеледі.

18. Конкурс Жеңімпазына диплом және құнды сыйлықтар ұсынылады.
_______________________________________


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2011 жылғы «__»______

№ _______ бұйрығына

2-қосымша

«Төтенше жағдайлар және Азаматтық

қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсының конкурстық комиссиясы құрамы


подполковник Ысқақов Мейрам Қабденұлы

- Азаматтық қорғаныс департаментінің директоры, конкурстық комиссиясының төрағасы

Мельников Евгений Николаевич

- «Республикалық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттыру курстары» РМҚК директоры

подполковник Әкімбаев Ернар Жұмагелдіұлы

- Азаматтық қорғаныс департаменті Азаматтық қорғаныстың және халықты оқытудың іс-шараларын жоспарлау басқармасының бастығы


Вафина Тальмира Кадыровна

- «Республикалық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттыру курстары» РМҚК оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы

Сақтағанов Айдарбек Амангелдіұлы

- Азаматтық қорғаныс департаменті Азаматтық қорғаныстың және халықты оқытудың іс-шараларын жоспарлау басқармасының бас сарапшысы

Похожие:

38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі iconТөтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту жүйесінің дамыту келешегі туралы
Төтенше жағдайлар саласында басшы құрамды және халықты дайындау сапасын жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар...
38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі icon2011 жылдың 01 қыркүйегіне Қарағанды облысы бойынша бос әкімшілік лауазымдар туралы ақпарат
Жезқазған қ. Тж басқармасы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы
38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі iconҚаралатын күні мен уақыты Соттың А. Ж. Т. Іс бойынша тараптар
«Қр төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақтоғай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі»...
38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі icon2010-2011 оқу жылындағы «Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша есеп
Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып 2010-2011 жылғы оқу жылында қаланың жалпыға бірдей...
38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі icon«Үздік сынып жетекшісі 2010» Қалалық конкурсын өткізу ережесі
«Үздік сынып жетекшісі» қалалық конкурсын ( бұдан әрі Конкурс) қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы орта білім беру жүйесіндегі...
38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі iconКонкурсын өткізу туралы хабарландыру «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 11 қарашадағы...
38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі iconТеррористік акт қауіпі кезіндегі халықтың іс-әрекеті бойынша жаднама
Бұл жаднама Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің АҚ және тж саласында басшы құрамдардың біліктілігін арттыру Республикалық...
38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі iconАтырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл
Улысымен «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімі» болып құрылып, облыс әкімиятының 2006 жылдың 14 қаңтардағы...
38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі iconТөтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, төраға орынбасары (келісім...
38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі iconОрта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс)
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница