Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті




Скачать 245.02 Kb.
НазваниеҚазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті
Дата конвертации23.11.2012
Размер245.02 Kb.
ТипДокументы


ISO 9001:2001


ҚАЗАҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР АКАДЕМИЯСЫ

Құқықтану ФАКУЛЬТЕТІ


Тел. 279-95-82, 279-27-30 (ішкі.___)

E.mail: kaz_atso@mail.ru

atso@ atso.kz

«БЕКІТЕМІН»

ОӘЖ проректоры

З.ғ.к., проф. Бегалиев Е.Н..

________________

Оқу бағдарламасы (Syllabus)
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Мамандығы – 5В030100 - құқықтану
Оқу нысаны: сырткы


Барлығы – 2 кредит

__________

Курс – 2

Семестр – 3

Дәрістер – 5 сағат

Тәжірибелік, семинарлық,

лабораториялық сабақтар – 5 сағат

МБ саны – 1




СОӨЖ – 5 сағат




СӨЖ – 75 сағат




Емтихан – 3 семестр

Еңбек ауқымдығы – 90 сағат



Алматы 2011

«Мемлекет және құқық теориясы мәселелері» пәнінің оқу бағдарламасы құқықтану мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және білім берудің қисынды үлгісі негізінде құрастырылған
Оқу бағдарламасын құрастырған з.ғ.к.,доцент Адилова К.А.
_______________ Адилова К.А.

«____»________________ 2011 ж.
Қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасының мәжілісінде талқыланған

«26» тамыз 2011 ж. Хаттама № 1
Қылмыстық құқықтық пәндер каф. меңгерушісі________Нурсалиева Г.
Қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасының ОӘБ ҰСЫНЫЛҒАН

«25» тамыз 2011 ж. Хаттама № 1
Қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасының ОӘБ төрағасы

____________ т.ғ.к. Абдуллина А.Т.

ҚазЕжӘҚА ОӘК мақұлданған

«31» тамыз 2011 ж. Хаттама № 1

ОӘК төрағасының орынбасары ________________проф. Бегалиев Е.Н.


1. Оқытушы туралы мәлімет

Доцент з.ғ.к. Адилова Күлтай Ағытаевна, мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы пәндері бойынша маманданған.

2. Байланыс ақпараты: 110 ауд., тел. 87011411838, 87772296038

3. Пән сипаттамасы

Пәннің мақсаттары:1. Нақты құқықтық пәндерді тиімді меңгерудің, олардың жалпы құқық теориясымен өзара арақатынасын түсінудің, бүкіл құқықтық пәндерге тән мәселелерді бірдей түсінудің қажетті шарты болып табылатын жалпықұқықтық түсініктер мен санаттар жүйесінің білімдерін студенттерге беру.

2. Студенттердің кәсіби дүниетанымының негізін қалыптастыру, құқықтық құбылыстарды талдауда олардың пайда болуы мен дамуының нақты себептерін көруге, құқықтық құбылыстар мен процестердің белгілерін, сыртқы қасиеттерін олардың ішкі заңды байланыстары мен бағыныштылығына сәйкес дұрыс әдістемелік тұрғыдан бағалау шеберлігін дамыту.

Пәннің міндеттері:

  • құқықтық санаттар мен түсініктерді терең тану және меңгеру

  • қисынды ойлауды дамыту

  • құқықтанудың негізгі институттарымен таныстыру

  • нормативтік құқықтық актілерге түсіндірме беру, талдау жасау және оны қолдану дағдыларын беру.

4. Оқудың соңғы нәтижелері.

Оқудың соңғы нәтижелері Осы курсты игеру нәтижесінде тыңдаушы: Білуге тиісті:

  • құқықтық санаттар мен түсініктерді;

  • құқықтанудың негізгі ұғымдарын, институттарын;

  • құқықтың негізгі қайнар көздерін;

Жасай білуге тиісті:

  • заңға түсіндірме беру, талдау жасау және логикалық тұжырымдар жасау;

  • берілген сұрақтар бойынша ғылыми іздеу жасап, ғылыми қорытынды шығару;

  • тәжірибелік жағдайлар бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қолдана отырып шешім шығару.


5.ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ:



Пәндердің аталуы, олардың тараулары (тақырыптары)

1

Философия

2

Логика

3

Саясаттану

4

Мемлекет және құқық теориясы


6. ПОСТРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ:



Пәндердің аталуы, олардың тараулары (тақырыптары)

1

Конституциялық құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық және б.д. құқық салалары

2

Қолданбалы құқықтық пәндер

3

Тарихи құқықтық пәндер


7. Пән мазмұны



Тақырыптары

Сағат саны

лекция

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

1

Мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен қызмет етуінің мәселелері.

1

-

1

-

2

Құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың тарихи дамуы.

1

-

-

15

3

Мемлекет пен жеке тұлғаның арақатынасы мәселелері

1

-

-

15

4

Қазіргі заң ғылымындағы құқықты түсіну мәселелері.

1

-

1

-

5


Құқықтың қайнар көздері.

Құқықшығармашылық және заң техникасы.

-

1

-

15

6


Құқық жүйесі. ҚР құқықтық жүйесі. Қазіргі заманғы құқықтық жүйелер

-

1


-

15

7

Құқықтық қатынастар

-

1

1

-

8

Құқықты жүзеге асыру мәселелері.

-

1

1

-

9

Құқықты түсіндіру (талқылау)

-

1

1

-

10

Құқық, мемлекет және адамзат қоғамының әлемдік проблемалары

1

-

-

15




Барлығы

5

5

5

75


7.1. Дәрістердің тақырыптық жоспары



Дәріс тақырыптарының аталуы

Тақырыптардың мазмұны

Сағат саны

1

Мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен қызмет етуінің мәселелері.


Мемлекет теориясының негізгі мәселесі – мемлекеттік биліктің мәні мәселесі. Биліктің түсінігі және негізгі түрлері. Биліктің субъектілері мен объектілері. Мемлекеттік билікті орталықтандыру мен орталықсыздандыру. ҚР мемлекеттік аппаратын ұйымдастыру мен қызмет етуінің конституциялық қағидалары.

1

2

Құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекет туралы көзқа-

растардың тарихи дамуы.


Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары және ҚР Конституциясында олардың енгізілуі. ҚР құқықтық мемлекетті құрудың тәжірибелік мәселелері. Азаматтық қоғам: түсінігі, азаматтық қоғамның негізгі элементтері, оның құқықтық мемлекетпен арақатынасы және өзара байланысы. ҚР Президентінің қазақстандық қоғамды саяси жаңғырту мәселелері туралы 2005ж. жолдауы.

1

3

Мемлекет пен жеке тұлғаның арақатынасы мәселелері


«Адам», «тұлға», «азамат» санаттарының өзара байланысы. Адам және азамат құқықтарының мазмұны. Адам және азамат құқықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің атқаратын ролі. Субъектінің құқықтық мәртебесі. Бірінші буын құқығы, екінші буын құқығы, үшінші буын құқығы. ҚР Конституциясында көрсетілген негізгі құқықтар мен бостандықтарды жіктеу.

1

4

Қазіргі заң ғылымындағы құқықты түсіну мәселелері.

Құқық күрделі көпжоспарлы әлеуметтік құбылыс ретінде. Құқықтың функциялары мен қағидалары. Құқықтық норма - әрекет етуші құқықтың негізі, оның басқа әлеуметтік нормалардан айырмашылығы.

1

5


Құқық, мемлекет және адамзат қоғамының әлемдік проблемалары


Адамзаттың ғаламдық проблемалары ұғымы мен түрлері. Ғаламдық проблемаларды шешудегі мемлекет пен құқықтың атқаратын ролі. Мемлекет, құқық және экология. Судың ластануы. Топырақтың ластануы. Жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жойылуы қаупі. Мемлекет, құқық және халық. Демографиялық проблемалардың мәні және оларды шешуде мемлекет пен құқықтың ролі

1







Барлығы

5



7.2. Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары



Тақырыптар

аталуы

Тақырыптардың мазмұны

Сағат саны

1


Құқықтың қайнар көздері.

Құқықшығармашылық және заң техникасы.

Құқықтың қайнар көздері және оның түрлері. ҚР нормативтік құқықтық актілері, олардың иерархиясы және заңды күші.

Құқықшығармашылық: түрлері мен қағидалары. Заң техникасы, оның құқық шығармашылығы мен құқықты жүзеге асырудағы мәні.

1


2

Құқық жүйесі. ҚР құқықтық жүйесі. Қазіргі заманғы құқықтық жүйелер



Құқық жүйесінің түсінігі, оның қоғамның құқықтық жүйесінен айырмашылығы. Құқық салалары, ішкі тармақтары, құқықтық институттар. Материалдық және процессуалдық құқық. Жеке және жария құқық. Ұлттық және халықаралық құқық. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына жалпы сипаттама. ҚР құқық шығармашылығы субъектілері. ҚР құқықтың қайнар көздері. ҚР Конституциясының үстемдігі қағидасы. ҚР халықаралық шарттардың ратификациялануы. Құқықтық жүйе және құқықтық семья түсінігі. Құқықтық семьяның түрлері. Англо-саксондық құқықтық семья. Романо-германдық құқықтық семья. Мұсылмандық құқықтық семья.

1

3

Құқықтық қатынастар


Құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, түрлері. Құқық субъектілері, олардың түрлері. Құқық қабілеттілік. Әрекет қабілеттілік, құқық субъектілік. Заңды фактілердің түсінігі, жіктелуі және құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі мен тоқтатылуындағы заңды фактілердің мәні.

1

4

Құқықты жүзеге асыру мәселелері.


Құқықты жүзеге асырудың түсінігі және оның нысандары. Құқықты қолдану оны жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде. Құқықты қолданудың қағидалары. Құқыққолдану процесінің сатылары. Құқыққолдану актілері және олардың түрлері.

1

5

Құқықты түсіндіру (талқылау)



Түсіндірудің ұғымы және түрлері. Түсіндірудің тәсілдері мен тәжірибелік мәні. ҚР Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының құқық нормаларын түсіндіруінің ерекшеліктері. Түсіндіру актілері және олардың құқық қолдану актілері мен нормативтік құқықтық актілерден ерекшелігі. Құқықтың уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғаларға қатысты әрекет етуі. Заңдағы қайшылықтар мәселелері және оларды шешу тәсілдері. Құқықтағы олқылықтар және оларды жою жолдары.

1







Барлығы

5


7.3. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары




СОӨЖ тақырыптарының аталуы

Сағат саны

1

Мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен қызмет етуінің мәселелері.

1

2

Қазіргі заң ғылымындағы құқықты түсіну мәселелері.

1

3

Құқықтық қатынастар

1

4

Құқықты жүзеге асыру мәселелері.

1

5

Құқықты түсіндіру (талқылау)

1




Барлығы

5


8. Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар

8.1. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары



СӨЖ тақырыптарының аталуы

Сағат саны

1

Құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың тарихи дамуы.

15

2

Мемлекет пен жеке тұлғаның арақатынасы мәселелері

15

3

Құқықтың қайнар көздері.

Құқықшығармашылық және заң техникасы.

15

4

Құқық жүйесі. ҚР құқықтық жүйесі. Қазіргі заманғы құқықтық жүйелер

15

5

Құқық, мемлекет және адамзат қоғамының әлемдік проблемалары

15




Барлығы

75


8.2. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жоспары.



СӨЖ тақырыптарының аталуы мен тапсырма мазмұны

Әдебиет

тер

Ұсыныстар

Бақылау түрі

Өткізу мерзімі

1

Құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың тарихи дамуы.


1-3,5,

7-10

Құқықтық мемлекет туралы ежелгі заманғы және қазіргі кездегі белгілі

ғалымдардың пікірлерін оқып, талдау.

Реферат

1-3

2

Мемлекет пен жеке тұлғаның арақатынасы мәселелері


2,5,6-10

Тұлғаның құқықтық мәртебесіне сипаттама беру. НҚА сүйене отырып мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығын көрсету

Эссе

4-6




Құқықтың қайнар көздері.

Құқықшығармашылық және заң техникасы.


1-3,5,

7-10

Нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР заңын оқып танысу. ҚР Парламентінің құқық шығармашылық қызметіне сипаттама беру

Глоссарий

7-9

4

Құқық жүйесі. ҚР құқықтық жүйесі.

Қазіргі заманғы құқықтық жүйелер


2,5,6-10

ҚР құқықтық жүйесіне сипаттама беру


Жазбаша есеп

10-12

5

Құқық, мемлекет және адамзат қоғамының әлемдік проблемалары


1-3,5,

7-10

Тақырып бойынша әлемдік проблемаларды шешу жолдарын көрсетіп өзіндік тұжырым жасау

Пікір сайыс

13-15


9. Кеңес беру уақыттары:

10. Межелік бақылау кестесі: [РК 1 – 7-ші апта, РК 2 – 15 апта].

11. Әдебиет тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

  1. *Қопабаев Ө.Қ., С.Өзбекұлы Мемлекет және құқық теориясы, Алматы, 2007ж.

  2. Сапарғалиев Ғ. С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. А., 2007ж

  3. *Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық; Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Тәуекелов А.Н., Мұқтарова А.К.; А. 2008ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 1995ж.

  2. *Булгакова А. Мемлекет және құқық теориясы. А.,2001. б.2-4.

  3. *Дархамбаева А.Д. Мемлекет және құқық теориясы. А.,2004.

  4. *Құдайбергенов У.Д. Мемлекет және құқық теориясы. А., 2000.

  5. Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері.А.,2001.

  6. *Ағдарбеков Т.А. Мемлекет және құқық теориясы., А., 2001.

  7. *Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері.,А,Жеті Жарғы, 2003.

  8. *Қазақтың ата заңдары. 10 томдық жинақ. А.,Жеті Жарғы. Академик С.Зимановтың жетекшілігімен.

  9. *Общая теория права: Учебник для юридических вузов. / Под общ. ред. А.С. Пиголкина - М.: Изд-во МГТУ

  10. *Хропанюк В. Н. Теория государства и права. М., Отечество, 1993, гл. VII

  11. Чистое учение о праве Гаиса Кельзена. Сборник произведений. М., 1986 г.

  12. Явич Л.С. Сущность права. Л., 1986 г.

  13. Алексеев С.С. Философия права. М., 1997.

  14. Гегель Г.В. Философия права. М., 1990. Аристотель. Афинская демократия. М., 1996.

  15. Материалисты Древней Греции. М., 1955.

  16. Алексеев С.С. Философия права. М., 1997.

  17. Нерсесянц В.С. Философия права. М., 1999.

  18. Локк Д. Избранные философские произведения. М., 1960.

  19. Монтескье Ш.А. Избранные философские произведения. М., 1955.

  20. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. М., 1984.

  21. Кант И. Соч.т.4.

  22. Гегель Г.В. Философия права. М., 1990.

  23. Гоббс Т. Левиафан. М., 1936.

  24. Шершеневич Г.Ф. Общая теория права. М., 1910.

  25. Чистое учение о праве Гаиса Кельзена. М., 1986.

  26. Монтескье Ш.А. О духе законов. Избранные произведения. М., 1996.

  27. Ницше Ф. Избранные произведения. М., 1993.

  28. Аннерс Э. История европейского права. М., 1994.

  29. Гулиев В.Е., Рудинский Ф.М. Демократия и достоинство личности. М., 1991.

  30. Мюллерсон Р.А. Права человека: идея, нормы, реальность. М., 1991.

  31. Придворнов Н.А. Достоинство человека как основа права и демократической государственности. // Общая теория государства и права. Академический курс. / Под ред. М.Н.Марченко. М., 1998. Гл.13.

  32. Эбзсев Б.С. Конституция. Демократия. Права человека. М., Черкесск, 1992.

  33. Люшер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М., 1993.

Нормативтік әдебиеттер:

  1. Қазакстан Республикасынын Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл

  2. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы

  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167 Кодексi

  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 Кодексi

  5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 27 желтоқсан 1994 жылы қабылданған.

  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 411 Заңы

  7. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексi

ИНТЕРНЕТ ҚАЙНАР КӨЗДЕР

www.zakon.kz.

www. mingust. kz.

12. Оқытушы талаптары:

Лекция сабақтарына қойылатын талаптар:

10 минуттан көп емес уақытқа лекцияға кешігіп келген студенттерге сабаққа кіруге рұқсат беріледі. 10 минуттан артық кешігіп келген студенттер лекцияға кіргізілмейді. Лекция кезінде ұялы телефондардың өшірілуі немесе үнсіз режимге қойылуы талап етіледі.

Тәжірибелік сабақтарға қойылатын талаптар:

Семинарға кешігіп келген студенттер сабаққа жіберіледі, бірақ алдын-ала берілген семинар тапсырмаларын орындаған болса, балдарын жоғалтпайды. Ауырып қалған жағдайда сабаққа келе алмаған студент (медициналық мекеменің тиісті растайтын құжаты болған жағдайда), көрсетілген офис-сағаттарда дайындалып сабақ айтуға құқығы бар. Жұмысын орындау нысаны менің тарапымдан анықталады. Семинар әртүрлі нысанда жүргізілуі мүмкін (есеп шығару, ауызша сұрақ-жауап, ойын, баяндама). Семинарды өткізу нысаны студенттерге алдын ала ең аз бір апта бұрын менімен хабарланады. Студент жүйелі түрде сабаққа келіп тұруға; Семинарды орындау барысында белсенді түрде қатысып отыруға; белгіленген уақытта семинар бойынша берілген тапсырмаларды орындауға міндетті.

СОӨЖ сабақтарына қойылатын талаптар:

СОӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тәртіппен уақытында қабылданады. Себепсіз өз аптасында тапсырмаған студенттерден өз аптасында тапсырмаған СОӨЖ қабылданбайды. Егер СОӨЖ сабағы жоспарланған күні объективті себептерге байланысты (демалыс, мейрам күндеріне келуі т.б.) өткізілмесе келесі аптадағы СОӨЖ сабағында кезектегі тақырыппен бірге тапсырылады.

СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар:

Студенттер СӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша жазбаша нысанда дайындалады. Оқытушының офис сағаттарында қорғайды. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол тақырыпқа байланысты менің тарапымнан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап етіледі.

Аралық бақылауға қойылатын талаптар:

Аралық бақылау жазбаша (сұрақтарға жазбаша нысанда жауап беру) нысанда болады. Бақылау кезінде ұялы телефондардың, дыбыс және көрнекі ақпарат тасымалдайтын құралдардың (МП3, МП4, плэйер т.б) жабық болуы талап етіледі және кез келген сырттан алынған көмек анықталғанда студенттің аралық бақылау жұмысына 0 (ноль) балл беріледі.

Сырттан алынған көмек болып есептелінетін мән-жайлар: біреумен сөйлесу (екеуіде балл ала алмайды), телефонмен сөйлесу, телефон және басқа дыбыстық, көрнекі ақпарат тасымалдайтын құралдарды ашық ұстауы, қысқа ақпарат парақшаларын (шпаргалка), кітап, кодекс, басқа да заңнамаларды пайдалану.

13. Баға критерийлері: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білімді өлшеу негізінде жүзеге асырылады. Оқушылардың білімін өлшеу пәннің оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек. Оқушылардың білімін өлшеуіштер түрлі түрлерде жасалады: бақылау сұрақтары, билеттер, тесттер (ашық, жабық, аралас, сәйкесінше, эссе және басқалары) лабораториялық, есепті-кестелік, курстық және т.б. жұмыстар тапсырмалары.

Оқушылардың білімін өлшеу құралдары ретінде баға шкаласы шығып отыр. Баға шкаласы баллды-рейтингтік әріптік жүйеге негізделген.

Оқушылардың білімдері, қабілеттері және өкілеттіліктері бақылаудың барлық түрлері бойынша туры пропорционалды қатыстығы бар баллды-рейтингтік әріптік жүйенің бағаларымен анықталады.

«Өте жақсы» бағасы (А, и А-). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты толық меңгергенін көрсетсе және қателер жібермесе, уақтылы орынды бақылау мен лабораториялық жұмыстарды дұрыс орындап, олар бойынша есепті өткізсе, дұрыс ойласа, уақтылы қатесіз коллоквиумдарды және үй тапсырмасын орындаса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, өзі қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, бағдарламалық жадығатты өзінше жүйелендіре білген жағдайда қойылады.

«Жақсы» бағасы (В+, В и В-). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты 75%-дан төмен емес меңгерсе және жауап беруде ауыр қателер жібермесе, уақтылы орынды бақылау мен лабораториялық жұмыстарды дұрыс орындаса және оларды қағидалық ескертулерсіз өткізсе, уақтылы қағидалық қатесіз коллоквиумдарды және үй тапсырмасын орындап өткізсе, оқытушының нұсқауымен қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, қағидалық емес қателерді жіберсе немесе студенттің өзімен кейін жөнделген қағидалық қателер жіберсе, бағдарламалық жадығатты оқытушының көмегімен жүйелендіре білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасы (С+, С., С-, D+, и D). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты 50%-дан төмен емес меңгерсе, бақылау мен лабораториялық жұмыстарды орындау барысында оқытушының көмегіне жүгінсе, коллоквиумдарды өткізу барысында қағидалық емес қателер жіберсе, ғылыми жұмыста бәсеңдесе,қытушы көсеткен әдебиетпен шектелсе, бағдарламалық жадығатты жүйелендіруде қиналғанда қойылады.

«Қанағаттанғысыз» бағасы (F). Бұл баға егер студент бағдарламамен қарастырылған негізгі жадығатты білуде жекелеген білімсіздікті танытса, пәннің бағдарламасының жартысынан көбісін меңгермесе, жауаптарында қағидалық қателер жіберсе, бастапқы, аралық, соңғы бақылау нысандарымен қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаса, бағдарламамен қарастырылған барлық негізгі әдебиетті зерделенбеген жағдайда қойылады.

Пәннің оқу бағдарламасын оқушымен меңгеру деңгейінің соңғы бағасы бастапқы және соңғы бақылау бағаларын ескере отырып кумулятивті әдіспен анықталады.

Соңғы баға оқушы өту рейтингісінен де, соңғы бақылауданда жақсы бағаларға ие болса ғана есептеліп шығарылады.

Өту рейтингісін есептеу барысында міндетті түрде бастапқы, шектік бақылау, есептік-кестелік, курстық жұмыстардың (жобалардың)бағалары ескеріледі.

Бастапқы жетістіктерді бағалары бастапқы және аралық бақылау бағаларынан құрастырылады. Аралық бақылау оқу пәнінің ірі тарауларын (модульдерін) зерделгеннен кейін өткізіледі.

Жетістіктердің бастапқы бақылауы бастапқы бағалардан тұрады: семинарлық және тәжірибелік сабақтарда алынған бағалар, орындалған лабораториялық жұмыстар, үй тапсырмалары, өзіндік жұмыстары тапсырмаларынан алынған бағалар.

Соңғы баға Сбаға пән бойынша келесі формула бойынша анықталады (1):

Р1 + Р2

Сбаға = ---------------------- × 0,6 + Э × 0,4, (1)

2

Бұл жерде:

Р1 – 1 рейтинг бағаның пайыздық мазмұны;

Р2 - 2 рейтинг бағаның пайыздық мазмұны;

Е – емтихандық бағаның пайыздық мазмұны.

Төртбаллды жүйе бойынша сандық баламаға сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдың сандық баламасы

%-дық мазмұн

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанғысыз





Ф РСМК КазАТиСО 714-03. Оқу бағдарламасы(Syllabus). Басылым 3-і: өзгертілген және толықтырылған

Похожие:

Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы әлеуметтік гуманитарлық факультеті
«Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-жұмысы (Syllabus) бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы әлеуметтік гуманитарлық факультеті
Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 050301 «Құқықтану» мамандығына арналған Қазақстан Республикасының білім...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті iconЕҢбек және әлеуметтік қатынастар қазақ академиясы әлеуметтік ғылым және қҰҚЫҚ факультеті
«Криминалистика» пәнінің оқу бағдарламасы(Syllabus) білім берудің типтік оқу жоспары және логикалық моделі құқық тану мамандығы бойынша...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті iconҚазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы әлеуметтік ғылым және қҰҚЫҚ факультеті
«Прокурорлық қадағалау» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы білім берудің типтік оқу жоспары және логикалық моделі құқық тану мамандығы...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті iconҚазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті
Аталмыш пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындаудың әдістемелік нұсқаулары теориялық және тәжрибелік сабақтарға беріле отырып студенттердің...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті iconҚазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы әлеуметтік ғылым және қҰҚЫҚ факультеті
«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінің оқу бағдарламасы(Syllabus) білім берудің типтік оқу жоспары және...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті iconПӘН: мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы алматы 2011 Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті
Аталмыш пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындаудың әдістемелік нұсқаулары теориялық және тәжрибелік сабақтарға беріле отырып студенттердің...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті iconАлматы 2011 Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті
В методических указаниях по выполнению заданий срс по дисциплине История государства и права Республики Казахстан даются задания...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті iconАлматы 2011 Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті
В методических указаниях по выполнению заданий срс по дисциплине История государства и права зарубежных стран даются задания к теоретическим...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті iconҚазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы әлеуметтік-гуманитарлық ПӘндер факультеті
Оқу бағдарламасы (Syllabus) «Саясаттану» пәнінің Қр мжмбс «5В030100-заңтану» мамандығы типтік оқу жоспары, «саясаттану» пәнінің типтік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница