Қазақстан Республикасының Заңы




НазваниеҚазақстан Республикасының Заңы
страница15/16
Дата конвертации23.11.2012
Размер2.51 Mb.
ТипДокументы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

15-тарау. Мемлекеттік мүлікті есепке алу, мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі, оны бағалау

және мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын бақылау

 

196-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алу және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі туралы жалпы ережелер

1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу мемлекеттік мүлікті бақылау және тиімді пайдалану мақсаттары үшін жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу туралы деректер мемлекеттік мүліктің тізіліміне енгізілуге тиіс.

2. Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұл­ғалардың басқару тиімділігінің мониторингі мем­ле­кет­тің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамта­масыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Осы тараудың қағидаларында Қазақстан Рес­публикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністердің мемлекеттік мүлкін есепке алу тәртібі, мемлекеттік мүліктің тізілімін түзудің және оның жұмыс істеуінің негізгі принциптері, сондай-ақ есепке алу объек­тілерінің құрамын, тізбесін, олар туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және өзекті ету тәртібін айқындайды.

Есепке алу объектілері туралы мәліметтерді өзекті ету мемлекеттік мүліктің құрамы туралы нақты, объективті және оған барабар ақпаратты есепке алу деректерінде көрсетуге мүмкіндік беретін жаңарту, толықтыру, өзгерту және өзге де іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады.

 

197-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алудың түрлері

1. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімі нысанында бірыңғай орталықтандырылған есепке алу­ды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Осы Заңның 210–212-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті ведомство­лық есепке алуды мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері туралы мәліметтерді беретін тиісті саланың уәкілетті органдары жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүлік­тің түрлері бойынша – республикалық және ком­муналдық мүлікті бөлек есепке алу, ал жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша облыстық және аудандық коммуналдық мүлікті бөлек есепке алу жүзеге асырылады.

Осы Заңның 17-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін коммуналдық мүлікті есепке алуды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.

 

198-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алудың және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі мониторингінің объектілері

1. Мемлекеттік мүлік тізілімінің есепке алу объектілері:

1) мемлекеттік заңды тұлғалар және оларға бекітіліп берілген мүлік;

2) жер пайдаланудағы жер учаскелері;

3) акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктес­тіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестері;

4) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері;

5) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік құқығы объектілері;

6) мемлекеттік материалдық резерв;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларында айқындалған мемлекеттік мүліктің өзге де түрлері (санаттары) болып табылады.

2. Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектілері туралы деректер осы объектілерді сипаттайтын мәлі­меттер болып табылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектіні басқа объектілерден айырып тануға мүм­кіндік беретін жеке сипаттамаларын көрсете оты­рып, есепке алу объектісінің сипаттамасын қамтуға тиіс.

3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мемлекеттік мүлікті есепке алуды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

4. Осы тараудың қағидалары мемлекеттік немесе жергілікті қазынаны құрайтын мүлікке қолданыл­май­ды. Бұл мүлікті есепке алу Қазақстан Республика­сы­ның Бюджет кодексінде және Қазақстан Республика­сының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алуды тиісті саланың уәкі­летті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

6. Реквизициялау тәртібімен мемлекетке өткен мемлекеттік мүлікті есепке алу Қазақстан Республика­сы­ның Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі монито­рин­гінің объектілері:

1) мемлекеттік кәсіпорындар;

2) мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қоса алғанда, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқару­шы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;

3) мемлекеттік мүліктің құрамына кіретін, оның ішінде сенімгерлікпен басқарудағы, жалдаудағы, кон­цес­сиядағы мүліктің барлық түрлері болып табылады.

 

199-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін мәліметтер

1. Мемлекеттік мүліктің тізілімінде мемлекеттік мүлікті есепке алу объектісі бойынша мынадай мәліметтер:

1) объектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін оның сипаттамасы;

2) объектінің белгілі бір мемлекеттік емес заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға шартқа сәйкес тиесілігі немесе бекітіліп берілуі туралы мәліметтер;

3) объектінің баланстық құны;

4) мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтарымен салынған ауыртпалықтың болуы туралы мәліметтер және ауыртпалықтар салу түрі;

5) объектінің күтіп ұсталуына немесе сақталуына жауапты тұлғалардың реквизиттері;

6) объектіге құқықтардың туындау және тоқтатылу негіздері, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік мүлікке құқықтарды міндетті түрде тіркеу жағдайында – объектіні және (немесе) оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы мәлі­меттер көрсетіледі.

2. Есепке алу объектілері үшін мемлекеттік мүлік­тің тізілімінде көрсетілетін қосымша мәлімет­тердің құрамына мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық бас­қарушы хол­динг­тердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компания­лардың даму стратегиялары мен даму жос­парлары және олардың орындалуы туралы есептері кіреді.

Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектілері үшін мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін қосым­ша мәліметтердің құрамы мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында айқындалады.

3. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне мәліметтердің сапалы және уақтылы ұсынылуы үшін мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдарының басшыла­ры жауаптылықта болады.

 

200-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу

1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мемлекеттік мүлікті басқаруға және оның сақталуына бақылау жасауға байланысты шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін пайдаланады.

2. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алу тіркеу және ақпараттық мақсаттарды жүзеге асыруға арнал­ған және оның құқық белгілеушілік немесе құқық куәландырушылық мәні болмайды.

3. Мемлекеттік мүліктің тізілімін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құқықтық кадастр деректері, сондай-ақ жер ресурстарын басқару, мемлекеттік статистика, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығын реттеу және қадағалау, бәсекелес­тікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органдардың және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мәлімет­тері базасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәр­тіппен қалыптастырады және жүргізеді. Бұл деректер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысанда, көлемде және кезеңділікпен мемлекеттік мү­лік жөніндегі уәкілетті органға берілуге жатады.

4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу кезінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана дең­гейіндегі республикалық және коммуналдық мүлік объек­тілері бөлек есепке алынуға жатады.

Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ком­муналдық мүлкі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алынуына жатады.

5. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесі кіреді. Мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекет қатысатын заңды тұлғалар­ды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, қайта тіркеу, атауларын өзгерту мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алынуға жатады.

6. Мемлекеттік заңды тұлғалар есепке алу объектілері деректерінің мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілуін, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген бірыңғай мерзімде, бірың­ғай әдістеме және деректер пішімі бойынша мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік мүлікті түгендеу мемлекеттік мүліктің нақты бар екенін анықтауды, сондай-ақ ескерілмеген және бекітіп берілмеген мемлекеттік мүлікті анықтауды және оны одан әрі мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп беруді қамтамасыз етуге тиіс.

7. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері мемлекетке тиесілі.

8. Мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін пайдалану­шы­лар болып табылады. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қол жеткізуді мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы қамтамасыз етеді.

9. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор:

1) мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеуді, енгізуді және жаңғыртуды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізудің техника­лық және бағдарламалық құралдарының үздіксіз жұ­мыс істеуін қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын құ­руды, оның жұмыс істеуін және техникалық сүйе­мел­денуін қамтамасыз етеді;

4) мемлекеттік мүліктің тізілімін пайдаланушы­ларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;

5) мемлекеттік мүліктің тізілімін пайдалану­шы­лардың мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

6) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы мемлекеттік органдарға консультациялық және прак­ти­калық көмек көрсетеді;

7) мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүзеге асыру кезінде техникалық жобаларды басқару функциясын жүзеге асырады;

8) мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алу объек­тілері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

9) мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің оларға қатысты мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функциясын жүзеге асырады.

10. Мемлекеттік мүліктің тізілімін қалыптастыруға және жүргізуге арналған шығыстарды қаржыландыру тиісті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

201-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі

1. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу:

1) тізілімге есепке алу объектісі туралы деректерді енгізу;

2) есепке алу объектісі туралы деректерді өзекті ету;

3) есепке алу объектісін тізілімнен алып тастау арқылы жүзеге асырылады.

2. Объектіні мемлекеттік мүліктің тізіліміне қосу осы Заңның 199-бабында көзделген мәліметтерді тізілімге енгізуді білдіреді.

3. Есепке алу объектісіне мемлекеттің құқықта­рының тоқтатылуына байланысты оны тізілімнен алып тастаған кезде осы объектіні байқау тоқта­тылады.

Есепке алу объектісін бір мемлекеттік органның басқаруынан екіншісіне беру, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беру есепке алу объектісін тізілімнен алып тастауға негіз болып табылмайды.

Мемлекеттік мүліктің тізілімінен алып тасталған есепке алу объектісі туралы деректер тізілім деректері базасының мұрағатына ауыстырылады.

4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағи­даларын, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға мемлекеттік мүліктің тізілімінен мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

202-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару тиiмдiлiгiн бағалау және мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын бақылау

1. Мемлекеттік мүлікті басқару тиiмдiлiгiн баға­лауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындай­тын тәртіппен жүзеге асырады.

Бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республи­касының Үкіметіне мемлекеттік мүлікті басқару тиiм­дiлiгi туралы жылдық есеп ұсынылады.

2. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалар мүлкінің сақталуына және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың даму жос­парының орындалуына бақылау жасауды тиісті сала­ның уәкілетті органы және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланы­луын бақылауды және артық, пайдаланылмаған не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қоюды, республикалық мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, коммуналдық мүлікке қа­тысты жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жылда бір рет жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік басшылықты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

 

16-тарау. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалау

 
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Похожие:

Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы
Р заңы (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Заңы iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі n 2464 Конституциялық заңы
Ескерту. Тақырып өзгердi, кiрiспе алынып тасталды Қазақстан Республикасының 1999. 05. 06. N 375 Заңымен
Қазақстан Республикасының Заңы icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
Республикасының халықаралық шарттарын өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру
Қазақстан Республикасының Заңы iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
Қазақстан Республикасының Заңы iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Республикасының экономикасы мен азаматтардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница