Өскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны




НазваниеӨскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны
страница2/6
Дата конвертации17.04.2013
Размер0.59 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6


Бұдан әрі ауыл шаруашылығы өнімдерін кешенді қайта өндеу, малдардың санын және өнімділігін, дәнді дақылдардың түсімділігін ұлғайту шараларын іске асыру, сондай-ақ, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану есебінен табиғи-климаттық жағдайлардан тәуекелдер азайтылады, бұл өңірдің агроөнеркәсіп кешенінен пайда түсімін тұрақты негізге қоюға мүмкіндік береді .

Шағын кәсіпкерлік. Соңғы үш жылда шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындар саны бойынша өсу байқалады, бірақ сонымен қатар өсу қарқынының 101,9 ден 102,9% төмендеу үрдісі бар. Бұл ретте жұмыс істейтін кәсіпорындар саны тұрақты сипатта емес. Осылайша 2009 жылы олардың саны 5,2%-ға, 2010 жылы –1,3%-ға артқан, 2011 жылы 9,1%-ға өсуі күтіледі. Қалыптасқан жағдай негізінен көптеген делдал субъектілердің жабылуы немесе қызметінің тоқтауымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, жұмыс істейтін кәсіпорындардың үлесі салыстырмалы түрде төмен мәнге ие және тіркелгендер санынан 60%-дан азғана асады (5 сурет пен 4 кестені қараңыз), ол үш жылда барлығы 9,5 пайыздық тармаққа ғана өскен.

5 сурет

2009-2011 жылдары тіркелген және жұмыс істейтін кәсіпорындар санының өзгеру, сондай-ақ, тіркелгендер санында жұмыс істейтіндер үлесінің динамикасы


4 кесте

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2009-2011 жылдардағы даму көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

р/с



Көрсеткіштің атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Үш жылдағы өсім

1.

Тіркелген кәсіпорындар саны, бірлік

6760

6927

7130

370

2.

Өткен жылға қарағанда өсім деңгейі, %

101,9

102,5

102,9

104,4

3.

Жұмыс істейтін кәсіпорындар саны, бірлік

4292

4236

3850

442

4.

Өткен жылға қарағанда өсім деңгейі, %

105,2

98,7

90,9

89,7

5.

Тіркелгендер санындағы жұмыс істейтін кәсіпорындар үлесі, %

63,5

61,2

54,0

-9,5 п.п.

Айта кетерлік жайт, жұмыс істейтін кәсіпорындардың шамамен 47,5%-ы көлік құралдарын сату және жөндеу саласында, 12,6% - құрылыс саласында, 8,2% - өнеркәсіп саласында және 7,9% - ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді.

Бұл орайда соңғы жылдары қызмет ету салалары үлес салмағының тұрақты өсу немесе төмендеу үрдістері байқалмайды.

Негізгі капиталға инвестиция. Соңғы үш жылда негізгі капиталға инвестиция динамикасы көрсеткендей 2010 жылы инвестиция көлемі 2009 жылға қарағанда 6,5%-ға ұлғайғаны байқалады. 2011 жылы 2010 жылдың деңгейіне қарағанда 10,4%-ға өсу күтілуде (6 сурет пен 5 кестені қараңыз).

6 сурет

Негізгі капиталға инвестиция көлемінің 2009-2011 жылдардағы өзгеру динамикасы



5 кесте

Негізгі капиталға инвестицияның 2009-2011 жылдардағы өзгеру

динамикасы

р/с




Көрсеткіштің атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл (бағалау)

Үш жылдағы өсім

1.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі, млрд. теңге

67,8

65,2

72

4,2

2.

Өткен жылға қарағанда өсім деңгейі, %

98

91,5

110,4

106,2


Бұл орайда егер 9 айда жалпы көлемде шетел инвестицияларының үлесі 3,9-тен 3,4%-ға дейін, кәсіпорындардың меншік қаражаттары есебінен инвестициялар үлесі 73-ден 68,7%-ға дейін төмендесе, бюджет қаражаттарының инвестициялар үлесі тұрақты өсуде және 2011 жылдың 9 айында 10,4%-ден 20,1 % құрады, қарыз қаражатының үлесі 4,9-дан 7,6%-ға дейін ұлғайды.

Тұтыну бағаларының индексі. Қарастырылып отырған кезеңде тұтыну бағаларының индексі 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 11,8 пайыздық тармаққа, соның ішінде азық түлік тауарлары бойынша – 14,9, ақылы қызметтер бойынша – 1,5 пайыздық тармаққа, азық түлік емес тауарлар бойынша 19 пайыздық тармаққа ұлғайды. 2010 жылы тұтыну бағаларының индексі бойынша өңір көзделген дәлізге жеткен жоқ ол 108,8%-ды құраған болатын, бұл өткен жыл деңгейінен 4,4 пайыздық тармаққа жоғары (7 сурет пен 6 кестені қараңыз). 2011 жылдың қорытындылары бойынша тұтыну бағаларының деңгейі 106,5%, соның ішінде азық түлік тауарлары бойынша– 114%, азық-түлік емес тауарлар бойынша – 102%, халыққа қызмет көрсету – 103,5% жетуі мүмкін.

7 сурет

Тұтыну бағалары индексінің 2009-2011 жылдардағы өзгеру динамикасы



6 кесте

Тұтыну бағалары индексінің 2009-2011 жылдардағы өзгеру динамикасы


р/с




Көрсеткіштің атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Үш жылдағы өсім

1.

Тұтыну бағаларының индексі, %

Осының ішінде

104,4

108,8

106,5

119,7

азық-түлік тауарлары %

100,9

108,9

114

123,8

азық-түліктік емес тауарлар, %

108,9

107,7

102

118,6

ақылы қызметтер

103,4

109,9

103,5

116,8


Соңғы үш жылда тұтыну бағаларының индексі 19,7%-ға, соның ішінде, азық түлік тауарларына - 23,8%-ға, азық түлік емес тауарларына - 18,6%-ға, ақылы қызметтерге – 16,8% -ға ұлғайды.

Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі әкелінетін тауарлар жолындағы көптеген делдалдардың болуы және сатушылардың тарапынан бағалардың негізсіз жоғарылатылуы болып табылады, бұл еліміздің басқа өңірлеріне де тән.

Сауда. Қарастырылып отырған кезеңдегі сауда саласындағы қызмет көлемінің тұрақты өсу қарқыны бар, 2010 жылы бөлшек тауарайналымы бойынша 146,5 млрд. теңге және көптеп сату тауарайналымында 330,5 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылға қарағанда сәйкесінше 23,1 және 10,6%-ға өсіп отыр. 2011 жылы бөлшек тауарайналымы көлемі 9,1% өседі және 159,9 млрд.теңге құрайды, көптеп сату тауарайналымы - 5,9% өсіп, 350 млрд. теңге құрайды. Сонымен қатар, жылдар бойынша өсу қарқыны тұрақты сипатта емес (8 сурет пен 7 кесте), бірақ, сонымен қатар үш жылда бөлшек тауарайналымы жалпы алғанда 1,4 есе ұлғайды.
8 сурет

Бөлшек және көптеп сату тауарайналымы көлемдерінің

2009-2011 жылдардағы өзгеру динамикасы


7 кесте

Сауда саласы көрсеткіштерінің 2009-2011 жылдардағы өзгеру динамикасы




р/с

Көрсеткіштің атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Үш жылдағы өсім

1.

Бөлшек тауар айналымы, млрд. теңге

118,8

146,5

159,9

41,1

2.

Өткен жылға қарағанда өсім деңгейі, %

108,4

123,3

109,1

134,6

3.

Көтерме тауар айналымы, млрд. теңге

298,9

330,5

350

51,1

4.

Өткен жылға қарағанда өсім деңгейі, %

92,1

110,6

105,9

117,1

Көлік. Көлік саласында қарастырылып отырған кезеңде тұрақты өсу үрдісі байқалады (9 сурет пен 8 кестені қараңыз).
9 сурет

Көлік көрсеткіштерінің 2009-2011 жылдардағы өзгеру динамикасы

9 кесте

Көлік көрсеткіштерінің 2009-2011 жылдардағы өзгеру динамикасы


р/с

Көрсеткіштер атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Үш жылдағы өсім

1.

Жүк айналым көлемі, млн.ткм

76,5

121

125

48,5

2.

Өткен жылға қарағанда өсім деңгейі, %

71

158,1

103,3

163,4

3.

Жолаушы айналымы көлемі, млн.қкм

545,4

539

580

34,6

4.

Өткен жылға қарағанда өсім деңгейі, %

98,1

98,8

107,6

106,3


2011 жылдың сегіз айының қорытындысы көрсеткендей, ағымдағы жылы қол жеткізілген өңір экономикасының даму қарқыны сақталуда, атап айтқанда өнеркәсіп өнімі 312,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың деңгейінен 47,4% артық, ал табиғи көлем индексі – 122,7% құрады. Өндеу өнеркәсібінде өсу 124,7% құрады.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 17,7%-ға ұлғайды, ал табиғи көлем индексі 110%-ды құрады, тұрғын үйді пайдалануға енгізу көлемі 2,6 рет ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы 101,1%-ды құрады.

Шағын кәсіпкерліктің тіркелген кәсіпорындарының саны 3,4%-ға ұлғайды, соның ішінде жұмыс істейтіндер саны 8,5%-ға азайды, олардың ішінде белсенділер саны 0,5%-ға артқан.

Тұтыну бағаларының индексі 104,1% құрады. Бөлшек тауарайналымы көлемі 11,8%.

Алдын ала бағалау бойынша 2011 жылы өнеркәсіп өнімін 2010 жылдың деңгейіне қарағанда 37,5%-ға өсумен 417 млрд. теңгеге дейін, соның ішінде тау кен өнеркәсібі мен карьерлерді дайындауда өсумен 0,7 млрд. теңгеге дейін, ал, өңдеу өнеркәсібінде 41,4%-ға өсумен 380,3 млрд. теңгеге дейін, энергия және сумен қамтуда 8,3% өсумен 36,4 млрд. теңгеге дейін жеткізу күтіледі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 15,6%-ға өсумен 3,7 млрд. теңгеге дейін, негізгі капиталға инвестиция 10,2%-ға өсумен 72 млрд. теңгеге дейін, көлік қызметінің өсуі 106,8%, бөлшек тауарайналымы – 9,1%, көптеп сату - 5,9%-ға дейін жеткізіледі, тұтыну бағаларының индексі 6,5%-дан асырылмайды.
3. Экономиканы дамыту факторлары және шарттары
3.1. Дамудың сыртқы шарттары

Әлемдік экономиканың 2009 жылғы құлдырауынан кейін халықаралық ұйымдардың экономикалық белсенділіктің бірте-бірте жоғарылауы туралы болжамы расталды. Сонымен қатар, әлемдік экономиканың құлдырауын ХВҚ барынша терең деп бағалағандықтан көтерілу де сәйкесінше баяу болады деп күтіледі. Сонымен бірге елдердегі қаржы жүйесіне сенімділікті қалпына келтірумен қоса дағдарысқа қарсы белсенді шараларды жалғастыру көтерілуді жеделдетуге ықпал ете алады.

Әлемдік экономиканың жандануы мен оның өсу қарқындарының жоғарылауы орта мерзімді кезеңде сұраныстың артуы және ресурстарға әлемдік бағалардың өсуіне ықпал ететін болады.

Аталған үрдіс өңір үшін маңызды болып табылады, себебі оның экономикасының базалық саласы түсті металлургия болып табылады, одан шығарылатын өнімдер (қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс, титан, магний және басқа) сыртқы нарыққа түгелдей дерлік экспортталады.

Әлемдік бағалардың түсті металдарға өзгеру динамикасын талдау көрсеткендей, егер 2009 жылы баға алтынға 2,8%-ға, күміске - 29,4%, мысқа - 54,3%, қорғасынға - 49,3%, мырышқа - 56,6%, титанға - 56,4% және магнийге – 37,2%-ға төмендесе, ал, 2010 жылы баға: алтынға - 28,8%, күміске – 53,9%, мысқа - 28,7%, қорғасынға - 93,1%, мырышқа - 2,1 есе, титанға – 2,4 есе және магнийге – 14,4% жоғарылады және 2011 жылы да өсу қарқыны бар.

Сонымен қатар экономикалық жағдайдың жақсаруына қарамастан әлемдік экономиканың өсуін баяулатуы мүмкін бірқатар шектеулердің сақталуы жоққа шығарылмайды.

2011 жылдың 18-19 ақпанында экономикасы дамыған жетекші елдердің және нарықтары қалыптасып келе жатқан елдердің қаржы министрлері мен орталық банк өкілдерінің қатысуымен Парижде өткен 20 тобының кеңесінде әлемде экономикалық көтерілу болып жатса да бұл біз көргіміз келген көтерілу емес, өйткені ғаламдық экономикалық өсудің қалпына келуі кезінде ол елдер мен ел ішінде біркелкі жүрмейді деп атап көрсетілді.

Осылайша, әлемге тек ғаламдық экономикалық дисбалансты жойып қана қоймай, сондай-ақ, жалпы тұрғындардың жалпы әл-ауқатын жоғарылатуға мүмкіндік беретін тиісті экономикалық көтерілуді қамтамасыз ететін саясаттың нақты күшті шараларының қабылдануы талап етіледі.
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Өскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны icon2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны
Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің 2012-2016 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі...
Өскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
Өскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Өскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
Өскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны iconҚазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
...
Өскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны iconЖамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы
Жамбыл ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Өскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны iconҚазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
Елдің 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Өскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны iconШығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Республикасының Бюджет кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Өскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны iconАқтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2011-2015 жылдарға арналған болжамы

Өскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны iconАқтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 – 2015 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі – Болжам) Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница