Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар




Скачать 98.45 Kb.
НазваниеГазды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар
Дата конвертации17.04.2013
Размер98.45 Kb.
ТипДокументы




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау

комитетінің

2010 жылғы «2» шілдедегі

№ 17 бұйрығымен келісілген

Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша

әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ережелер
1. Осы әдістемелік ұсынымдар газды тазарту қондырғыларына таралады.

Әдістемелік ұсынымдар радио белсенді заттардың тастамасы бар, көлік құралдарының және агрегаттардың газды тазарту қондырғыларына қолданылмайды.

2. Газды тазарту қондырғысы - өнеркәсіптік көзден келіп түсетін газды бөлуге немесе ауаны ластайтын заттарды зиянсыз түрге айналдыруға арналған құрылғылардың, құралдардың және аппаратуралардың кешені.

Ұсталатын немесе зиянсызданатын заттың агрегаттық жағдайына байланысты қондырғылар газ тазартатын және шаң ұстайтын болып бөлінеді.

3. Газды тазарту аппараты - ауаны ластайтын заттарды зиянсыздандыру немесе ұстаудың іріктеу үрдісі жүзеге асырылатын қондырғы элементі.

Газды тазарту әдістері бойынша аппараттар келесіге бөлінеді:

1) құрғақ механикалық шаң ұстағыштар (гравитациялық, құрғақ екпінді және ауыстырмалы);

2) сулы шаң ұстағыштар (екпінді, көбікті, тығыздау), скрубберлер (механикалық, соққылық - екпінді, бос, кигізілген, орталықтан тепкіш), Вентури скрубберлері және сол сияқты;

3) өнеркәсіптік сүзгілер (тармақты, талшықты, қалталы, түйірлі, импульсті кері үрлеу, ультрадыбыспен қалпына келтіру, механикалық және дірілмен сілкіп қағып тастау және тағы сол сияқты);

4) электрлі шаң ұстағыштар (құрғақ, сулы электрсүзгілер және сол сияқты);

5) газ тәрізді қоспалардан (сору, сіңіру және т.б.) газды сорбционды (химиялық) тазарту аппараттары;

6) газ тәрізді қоспалардан газды термиялық және термокаталды тазарту аппараттары (жағу пештері, каталды реакторлар және сол сияқты);

7) басқа тазарту әдістерінің аппараттары.

4. Газды тазарту қондырғыларын пайдалану кезінде қондырғының жұмыс тәртібін сипаттайтын негізгі көрсеткіштері бар құжаттар жүргізіледі (тиімді режимнен ауытқу, анықталған бұзылушылықтар, жеке агрегаттардың істен шығу жағдайлары немесе барлық қондырғының істен шығуы және сол сияқты).

5. Газды тазарту қондырғылары олардың техникалық жағдайын бағалау үшін ұйымның басшысымен тағайындалған комиссиямен тексеруге жатады.

Тексеру нәтижесі бойынша акт жасалады және қажет болған жағдайда анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар әзірленеді.

Акт қондырғы куәлігіне қоса тігіледі.

6. Газды тазарту қондырғылары қондырғының шынайы жұмыс көрсеткіштерінің жобалық көрсеткіштерге сәйкестігіне тексеру жасау, жобалау талаптарына сәйкес жылына кем дегенде бір рет жүргізіледі, сондай-ақ келесі жағдайларда да жүргізіледі:

1) технологиялық жабдық өзгертілген режимде 3 айдан артық жұмыс істеген немесе оны жаңа тұрақты жұмыс режиміне ауыстырған жағдайда;

2) салу мерзімі аяқталғаннан кейін, монтаждау, қайта монтаждау, газды тазарту қондырғыларын күрделі жөндеуден кейін.

Тексеру нәтижелері актімен рәсімделеді және қондырғының куәлігіне енгізіледі.

Газды тазарту қондырғыларының жұмыс көрсеткіштері ұйымның жобалық талабына сәйкес келмеген жағдайда қондырғыны қалпына келтіру, оны қайта жаңарту немесе алмастыру үшін қажетті шаралар қолданылады.

7. Газды тазарту қондырғылары өшірілген жағдайда технологиялық жабдықты пайдалануға жол берілмейді.

8. Технологиялық агрегаттардың өнімділігін қолданыстағы газды тазарту қондырғыларының қуатын сәйкесінше арттырмай жоғарылатуға жол берілмейді.

9. Құрамында жоғары мөлшерде жанатын (жарылуға қауіпті) құрамдас бөліктері бар, газды тазартуға арналған қондырғыларды пайдалану кезінде жарылыс пен өрттің алдын алу мақсатында, белгіленген газ қысымының көрсеткіші мен құрылғылардың созылмалығын қалыпта ұстауды, коммуникациялар мен аппараттардың дұрыс үрлеп тазартылуын қамтамасыз ету қажет. Ашық отын көздерін қоршауды және технологиялық регламент талаптарының сақталуын қарастыру қажет.

10. Құрамында жоғары мөлшерде улы құрамдас бөліктері бар, газды тазартуға арналған қондырғыларды пайдалану кезінде құрылғылардың созылмалығын қамтамасыз ету, қажетті жағдайларда газдан сақтау құралдарын қолдануды және технологиялық регламент талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет.

11. Газды химиялық белсенді немесе түрпілі құрамдас бөліктерден тазартуға арналған қондырғыларды пайдалану кезінде қорғаныс бүркеулерінің бүтіндігін және металл құрылымдары мен жабдықтардың бүлінуінің жоқ екендігін бақылау қажет.

2. Газды тазарту қондырғыларын жөндеу
12. Қондырғыны жөндеу қалдырылған технологиялық агрегатта жүргізіледі.

13. Газды тазарту сенімділігі мен тазарту деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін газды тазарту қондырғыларын жетілдіру бойынша шаралар, негізінен, күрделі жөндеулер жүргізу кезінде орындалады.

14. Газды тазарту қондырғыларына ағымдағы және күрделі жөндеулер, техникалық басшымен бекітілген жоспарлы – ескерту жұмыстарының кестесіне сәйкес жүргізіледі.

3. Құрғақ механикалық шаң ұстағыштарды

пайдалану және күтім жасау
15. Шаң ұстағыштарды жұмысқа жіберместен бұрын келесіге көз жеткізу қажет:

1) шаң ұстағыштардың корпусы, шанаптар, люктер, фланцты құрамалар созылмалы;

2) жинаушы шанаптардағы шаңның деңгейі шекті рұқсат етілген мөлшерде;

3) шаңды кетіру механизмдері және оны тасымалдау құралдары түзу және жұмысқа дайын;

4) жөндеу жұмыстары аяқталған, шаң ұстағыш түзу және пайдалануға дайын (люктер жабылған, басқыштары жөнделген, шет заттар алынған);

5) бақылау және автоматтандыру құралдары бар және түзу.

16. Пайдалану кезінде:

1) газдың ағуына (қысыммен жұмыс істеген кезде) немесе ауаның жарамайтын сулануына (сұйылту кезінде) жол бермей, шаң ұстағыштар мен коммуникациялардың созылмалылығына бақылау жасау;

2) шанаптардан ұсталған шаңды дер кезінде алу және оның тасымалдануын қамтамасыз ету;

3) шаңның жиналуы және шаңды тазалау жүйелерінде шаңның нығыздалуына және цементтелуіне жол бермеу, ол үшін қарастырылған әдістерді, соның ішінде қондырғылардың барлық желілерінің қызу деңгейін газдың «өсу нүктесінен» жоғары қалыпта ұстау әдісін пайдалану;

4) реттеу құрылғылары болған жағдайда шаң ұстағыштардың тиімді жұмыс режимін қамтамасыз ету.
4. Сулы механикалық шаң ұстағыштарды

пайдалану және күтім жасау
17. Сулы механикалық шаң ұстағыштарда:

1) жерді суландыратын сұйықты беруді бақылау үшін шығынды өлшеу құралы және манометрлер;

2) қалдықты алу кезінде ауаның сулануын жою үшін гидроқақпа бар.

18. Сулы механикалық шаң ұстағыштарды іске қосу алдында келесіге көз жеткізу қажет:

1) аппараттардың гидроқақпаларындағы судың немесе басқа суландыратын реагенттің деңгейі оңтайлы шекте;

2) суландыру және қалдықты тазалау жүйесі түзу және жұмысқа дайын;

3) суландыратын сұйық берілген;

4) жөндеу жұмыстары аяқталған, құрылғылар, механизмдер және аппаратуралар түзу және пайдалануға дайын;

5) бақылау және автоматтандыру құралдары бар және түзу.

19. Пайдалану кезінде:

1) газдың, суландыратын сұйықтың ағуына немесе рұқсат етілмеген суландыруға жол бермей, сулы механикалық шаң ұстағыштардың және коммуникациялардың созылмалығына бақылау жасау;

2) сулы механикалық шаң ұстағыштардың жұмысының оңтайлы сулы режимін, сондай-ақ тұрақты түрде олардан қолдық пульпаларын алуды және оны арнайы орынға тасымалдауды қамтамасыз ету;

3) жұмыстың тиімді газды режимін қамтамасыз ету;

4) қолда бар жабдықтың суландыратын сұйықты қалпына келтіру (сәулелендіру, салқындату, реагенттермен өңдеу және сол сияқты) және қалдықты жою бойынша тиімді жұмыс режимін қамтамасыз ету;

5) құрылғыларда қалдықтың жиналуына немесе оның құбыр желілерінде және кері сумен қамтамасыз ету жабдықтарында қалып қоюына жол бермеу, ол үшін қарастырылған әдістер мен құралдарды пайдалану;

6) сулы механикалық шаң ұстағыштардан кейін орнатылған тамшы ұстаушылардың жұмысын бақылау.

20. Суландыратын сұйықты беруді ажырату тек газдың тазартылуға түскенінен кейін жүзеге асырылады.

5. Өнеркәсіптік сүзгілерді

пайдалану және күтім жасау
21. Іске қосу алдында келесіге көз жеткізу қажет:

1) өнеркәсіптік сүзгілердің сүзу элементтері бекітілетін жерлерде сенімді нығыздалған, өзгермеген, ақаулары жоқ және пайдалану шарттарына жауап береді, осы элементтердің сүзу беткейінің тазалығы шекті рұқсат етілген мөлшерде;

2) сүзу элементтерінің қалпына келтіру жүйесі және шаңды тазалау жүйесі түзу және жұмысқа дайын;

3) жөндеу жұмыстары аяқталған, өнеркәсіптік сүзгі түзу және пайдалануға дайын;

4) бақылау және автоматтандыру құралдары бар және түзу.

22. Пайдалану кезінде:

1) өнеркәсіптік сүзгінің гидравликалық қарсыласына бақылау жасалады;

2) тазартылатын газдың температурасы белгіленген шектерде ұсталып отырады;

3) өнеркәсіптік сүзгілердің сүзу беткейлерін қалпына келтіру бойынша қолда бар қондырғылардың және шаңды жою және шаңды тасымалдау бойынша қондырғылардың жұмысының тиімділігі мен қажетті кезектілігін қамтамасыз етеді.

6. Электр шаң ұстағыштарды

пайдалану және күтім жасау
23. Электр шаң ұстағыштарды іске қосу алдында келесіге көз жеткізу қажет:

1) тежегіш және сыртқы электродтар өзгертілмеген, дұрыс тегістелген, беткейінде пайдаланылған өнімнің қалдықтары жоқ, электрод аралық қашықтықтар рұқсат етілген шекте орналасқан;

2) құрғақ электр сүзгілерінің сілку механизмдері және сулының суландыру жүйесі реттелген және қалыпты жұмыс істейді;

3) электр сүзгісінің тораптары және механизмдері майлау картасына сәйкес майланған;

4) электр сүзгісінің изоляторларында көзге көрінетін жарықшақтар жоқ, оңашалайтын қораптардың жылытулары (булы немесе электрлік) қалыпты жұмыс істейді;

5) корпустың жылу өткізбеуі бұзылмаған;

6) бақылау және автоматтандыру құралдары бар және түзу;

7) электр сүзгілерінің корпусы, шанаптар, люктер, фланцты құрамалар созылмалы;

8) жөндеу жұмыстары аяқталған, электрмен қоректендірудің қосымша құрылғыларын және агрегаттарын қоса алғанда, электр сүзгілері түзу және жұмысқа дайын.

24. Электр сүзгісінің жұмыс істеуі кезінде:

1) тиімді мөлшерде электр режимінің (тоқ шамасы, кернеу), газды және шаңды қысымның (жұмыс аймағындағы газдың жылдамдығы, гидравликалық қарсыласу, аппаратқа кіре берістегі шаңның көлемі және шоғырлануы), тазартылатын газдың температурасының сақталуына бақылау жасау;

2) электр сүзгісінің сыртқы тораптарына кезеңдік тексеру жүргізу және анықталған бұзушылықтарды жою;

3) шаңды сілку және шаңды түсіру жүйесінің қалыпты жұмысын бақылау, электродтарда және шанаптардың күйлеулерінде (құрғақ электр сүзгілері үшін) шаңның тұрып қалуына немесе электродтарды суландыру және жуу (сулы электр сүзгілері үшін) режимін бұзуға жол бермеу;

4) ұсталған шаңды (пульпаны) дер кезінде алу және оны белгіленген орынға тасымалдау қажет.

7. Газды сорбционды тазарту аппараттарын

пайдалану және күтім жасау
25. Аппараттарды (сору немесе сіңіру) іске қосу алдында келесіге көз жеткізу қажет:

1) жөндеу жұмыстары аяқталған, аппараттар түзу және жұмысқа дайын;

2) сұйық немесе қаты сорғыштарды дайындау, тарату, жою немесе қалпына келтіру жүйесі түзу және жұмысқа дайын;

3) жүйедегі қолданылатын сорғыштың саны мен сапасы белгіленген нормаға сәйкес;

4) бақылау және автоматтандыру құралдары бар және түзу;

5) химиялық қорғау бар және қалыпты жағдайда.

26. Сору және сіңіру аппараттарының жұмыс істеуі кезінде:

1) газдың немесе сіңірушілік сұйықтың ағуына жол бермей, аппараттар мен коммуникациялардың иілімділігіне бақылау жасау;

2) аппараттардың оңтайлы гидравликалық және газды жұмыс режимін қамтамасыз ету, сорғыш сапасының белгіленген қалпына келтіру және бақылау тәртібін сақтау;

3) ұсталған өнімдерді жүйелі түрде жою және белгіленген жерлерге тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, аппараттардың жұмыс беткейінде қалдық пен шаңның жиналуына жол бермеу;

4) жабдықты пайдалану бойынша технологиялық регламенттер талаптарын сақтау.

8. Газды термиялық және термокаталды тазарту аппараттарын пайдалану және күтім жасау
27. Аппаратты іске қосу алдында келесіге көз жеткізу қажет:

1) аппараттар түзу және жұмысқа дайын;

2) жылытқыш және тазарту газын беру үшін орнатылған жабдық және газ құбырының жүйесі түзу және жұмысқа дайын, барлық желілер мен қондырғы жалпы ауада тапталған;

3) тазартылатын газ пешіне жеткізу үшін орнатылған жабдық және құбыр желісінің жүйесі түзу және жұмысқа дайын;

4) катализатордың саны мен сапасы нормаға сәйкес;

5) жанарғыда жылытқыш газының жануы тұрақты өтеді, түтіндік газдарды әкету қалыпты қамтамасыз етіледі;

6) бақылау және автоматтандыру құралдары бар және түзу.

28. Жұмыс кезінде:

1) тазартылатын газда бар, ауаны ластайтын заттарды жағудың оңтайлы режимін және жабдықты пайдалану бойынша технологиялық регламентке сәйкес жарылыс қауіпсіздігі шарттарын қамтамасыз ету;

2) қолданылатын катализаторлардың жағдайына бақылау жасау, оларды дер кезінде қалпына келтіру мен ауыстыруды қамтамасыз ету;

3) ауада жүйені жұмыс көрсеткіштеріне дейін қыздыру жүргізу қажет.

____________________


Похожие:

Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар iconАуыл шаруашылығы іріктемесінің дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар
Ауыл шаруашылығындағы іріктеме дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар бас жиынтық сипаттамасының негізгі аспектілерін және талдаудың...
Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар iconКәсіпорындар іріктемесінің дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар Астана, 2011 жыл Кіріспе
Кәсіпорындар іріктемесінің дизайны бойынша әдістемелік ұсынымдар бас жиынтық сипаттамасын, іріктеме сапасының сипаттамасы мен талданатын...
Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар iconҰңғымаларды цементтеу бойынша әдістемелік ұсынымдар Жалпы ұсынымдар
Кейбір жағдайларда ғана (ұңғымада асқынулар болғанда) ұңғыманы түнгі уақытта цементтеуге рұсқат беріледі
Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар iconБұрғылау сорғылар мен олардың орауларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар
Бұрғылау қондырғысы бақылау-өлшеу аспаптарымен, манометрлермен, салмақ индикаторымен, амперметрмен, вольтметрмен және басқалармен...
Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар iconСорғылық-компрессорлық құбырларды және құбыр өткізгіштерді парафин қабаттарынан тазалау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Абатынан булы жылжымалы қондырғылар (бұдан әрі бжқ) көмегімен, сағалық жылытқыштарды, парафиннен ажыратуға арналған агрегаттарды...
Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар iconГазлифті пайдалану кезінде жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Мұнай өндірудің газлифтік тәсілі орташа дебитті және табиғи газ көзі болған кезде жоғары дебитті ұңғымаларда басым болады
Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар iconКөпірлі және төрттағанды крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша краншыларға (машинистерге) арналған әдістемелік ұсынымдар
Тікелей кран жолына тірелетін крандар көпірлі деп аталады. Жүкқарпығыш органның түріне бойынша көпір түріндегі крандар ілмекті, грейферлі,...
Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар iconБұрғылау кезінде түсіру көтеру операцияларын жүргізу кезіндегі әдістемелік ұсынымдар
Түсіру көтеру операциялары өндірісі кезінде пайдаланылатын жабдық дайындаушының монтаждау мен пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес...
Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар iconШахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша (бұдан әрі-агб) методикалық ұсынымдар мыналарға қолданылады
Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар icon«Сенім телефонының» жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер
Осы ұсынымдар «Сенім телефонының» (бұдан әрі – Сенім телефоны) бала құқықтарының бұзылу фактілері бойынша жұмыс тәртібін ұйымдастыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница