Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі




НазваниеҰлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі
Дата конвертации23.11.2012
Размер31.4 Kb.
ТипДокументы
Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп бастауыш сыным мұғалімі Б.Н. Бекжанованың 3 «В» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты.

Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз!

Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Дәстүрімізге айналған Ұыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтап: дендеріңізге саулық , жан ұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге тек бақыт сыйласын.
Бірінші бастаушы:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған,

Мына біз бар!
Екінші бастаушы:

Естімеген естіңдер!

Тыңдамаған тыңдаңдар!

Наурыз тойы басталды!
Мұғалім:

Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен,

Жолықсын қариялар жас күнімен.

Үлгі алсын жас ұрпақтар, той бастайық.,

Ежелгі ата-баба дәстүрімен

Ақынның шарықтасын асқақ әні,

Көтеріп жұрт көңілін тастағалы.

Ағайын жолыменен бұрынғының .

Отырмыз осы тойды бастағалы.
Бірінші бастаушы

Шапағатын аямай,

Бұл жақта аспан.

Жадырайды әр адам,

Мұң шақпастан.
Екінші бастаушы

Ой, ағайын келіңдер!

Бүгін бізде –Наурыз той

Қызықтаңдар көріңдер!
Мұғалім: Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінің Нау-жаңа, рыз- күн деген сөздерінен шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген.

Ал, қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден- жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден – наурыз айы, үшіншіден – ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні –ұлыс күн» деп атаған.

Мұғалім:

Жаңа жыл келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

(Жаңа жыл кіреді, шашу шашылады)

Екінші бастаушы

Қош келдің тауық жылы

Біз сені көптен күттік

Келгеніңе өте қуаныштымыз,

Кел, қонағымыз бол төрлет.

Тауық жылының сөзі : Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және мерекенің қонақтары! Мен сіздерді бүгінгі қуанышты құттықтаймын . Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, еңбекте жеміс, оқуда озат болуды тілеймін!

Ата-ана:Үйді тазарту, яғни аластау рәсімін көрсетеді.

Ән: «Наурыз-думан». Ортаға жас бишілер шығады. Би: «Айгөлек».

Мұғалім:

Уа, жараңдар, жараңдар,

Бәрің бері қараңдар.

Сіздер үшін жасалған,

Тоқсан түрлі тағам бар!

Қымызбен шұбат бар.

Қымзда дәрі, қуат бар,

Қымыран мен саумал бар,

Сусындауға келіңдер!

Міне, балалар көрдіңдер ме, мұнда не бір түрлі тағамның аттарын естіп жатырмыз. Қазақтың киелі астарының бірі-ет, наурыз көже, қазы-қарта , сүт, ірімшік, май, қатық, құрт, жент екен. Бұл тағамдарлың өздеріне тән ерекшеліктерімен қатар, тіл үйірер дәмі де бар. Бізде Наурыз мерекесіне арналып, наурыз көже дайындалады. Оған 7 түрлі тағамның түрін салады. Ет, қатық, арпа, тұз, су, қамыр, сүт жатады. Наурыз көже ішкен адам жақсылыққа кенеліп, бәле жаладан алыс жүреді екен.

Ән: «Берекелі, мерекелі дастарқан».

Мұғалім: Халықтық салттар да өте көп. Бала шыр етіп дүниеге келген күнінен еңкейіп қарт болған шағына дейін тойлар тойланып, салттар сақталады. Ол салттарға бала дүниеге келгенде: азан шақырып ат қою, баланы бесікке бөлегенде бесік тойы, одан әрі баланың жүрер шағында тұсау кесері, мектепке алғаш қадам аттағанда жасалатын тіл ашар тойы т.б. көптеген салттар бар. Соған орай қазір сіздерге бесікке салу және тұсау кесер салтын көрсетеміз.

Ән: «Шілдехана –бесік той»

Мұғалім:

Уа жаратқан, жарылқа

Бақ дәулетін алмас қыл

Ала ауызды алмас қыл

Ниеттерің ақ болсын

Ниеттерің пәк болсын

Мұраттарын асыл қыл!

Жүрген жерін жасыл қыл!

Ата-аналар ішінен бата –тілек күтеміз.

(Ата-ана сөз айтады.)

Мұғалім: Ата-аналар, сіздерге де көп рахмет! Осы ашық тәрбие сағатымызға уақыт бөліп келіп атсалысқандарыңызға үлкен алғасымызды білдіремін. Ендігі орындалар ән өздеріңізге арналады.

Ән: «Cағындым әже».

Похожие:

Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі iconБілім беру мекемелері басшыларына !!! Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында «Нұр шашқан – Наурыз»
Маи қызметкерлерінің арнайы сүйемелдеуі қамтамасыз еткен жағдайда қатыстыруға болады. Сонымен қатар, бұл іс-шараны Ұлыстың ұлы күні...
Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі iconЖүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі. Жауынмен қара жер көгереді
...
Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі iconСұраныс бойынша әдебиеттер тізімі: Наурыз мейрамы Абсалықова М. Ұлыстың ұлы күні қай елде қалай
Жанболатұлы, Молдабек. Наурыз тойы отбасынан басталады [Мәтін] / М. Жанболатұлы // Семей таңы. 2009. 19 наурыз
Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі icon«Тұсау кесер» салты. І-жүргізуші
«Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем...
Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі icon16. 03. 2010 жыл 5 «ж» сыныбының «Қош келдің Әз, Наурыз!» атты лездемесінің сценарийі
Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді халайық! Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар...
Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша «Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары
«Киелі жерге саяхат», «Наурыз аруы-2011» «Жігіт сұлтаны-2011» ұлттық көкпар, қыз қуу байқаулары
Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі icon«Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз!»
Мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын,...
Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі iconҰЛыстың Ұлы күні – наурыз мерекесі баршамызғА ҚҰт береке, бақыт әкелсін, АҚ мол болсын!
Геосаясат: хрестоматия / әл-Фараби атын. ҚазҰУ; құраст. Ә. С. Балапанова, Ә. С. Қайдарова. Алматы: Қазақ ун-ті, 2010. 298 б
Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі iconБюллетень издается «Центром поддержки нпо-астана»
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Көктемнің бұл шуақты мерекесінде сіздерге бірлік пен береке,...
Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі icon«Нұр жауған – Ұлыстың Ұлы күні» Мақсаты
Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница