Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница17/19
Дата конвертации05.11.2012
Размер2.42 Mb.
ТипЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Бақылау сұрақтары:

1.Өзбек атауы қайдан шыққан?

2.Өзбек атауы қай ғасырда кездеседі?

3.Өзбектер шежіре бойынша қалай аталған?
Әдебиеттер

23. Тақырыбы: Түрікмен үлтының қальштасуы мен мәдениеті(XV—XVIII ғ, бірінші жартысы)

Мақсаты:

Жоспар

  1. Түрікмен үлтының қалыптасуы

2. Түрікмен халқының мәдениеті




Қазіргі Түрікмен жерін адам баласы төменгі палеолит дәуірівде мекеңдей бастаған. Көне яеолит (б.з.б. VI мың жыдцықта)— джейтун мөдениеті түрікмен жерінде болған Копетдаг тау баурайындағы жазықтан Джейтун, Чопан-Тепе, Бамй, Чагылды, Монджуклы т.б., ежелгі қоныстардың қшідықтары табылған. Ол дәуірдегі рулық қоғамда түрікмен халқы егін егу, мал өсіру, аң аулаумен шұғылданған.

Энолит дәуірінде Түрікменияда ану мәдениеті болды. Ондағы елді мекен қалдықтары Копетдагтың солтүстік тармақтары мен Теджсн өзені сағасынан табылған. Бүл түста Түркменияда диканшылық пен мал шаруашьшығы кең оріс алды, бүрынгыдай тек арпа, бидай ғана емес, жүзім, кара бидай, сүлы т.б., дақылдар өсіретін болды. Қала типтес қоныстар салына бастады.

Түрікмен хадқының тарихы ерте кездегі Орта Азияны мекендеген халықтар тарихымен тығыз байланысты. Б.з.б. I мьщ жылдықтың орта шенінде Түрікмен жерінде экономикасы жақсы өркендеген облыстар Маргиана мен Парфия болды.

Каспий теңізінің оңтүетік-шығыс жағалауында Гиркания облысы болды да, Солтүстік жағыңдағы далалы аймақтарды Массагет және Дах көшпелі тайпалары мекендеді, Б.з.б. VII— VI ғасырларда Маргаана Бактрияньщ, ал Парфия мен Гиркания Индия мемлекетінің қүрамына кірді.

Б.з.б. VI—IV ғасырларда бүл облыстар Ахмен өулеті мемлекетінің қол астында бодды. Б.з.б. IV ғасырдьщ аяғында Турікмения жерін Алексаңдр Македонский жаулап алды, б.з.б. III ғасырдың орта кезінде тау бөктеріндегі аймақта Парфия патшалығы паңда болды, Парфия патшасьшыңрезиденциясы (түрағы) Ниса қапасы болды. Б.з.б. 224 жылы Сасани әуле-тінен шыққан варсы патшачары Парфия натшаяығъш талқан-дап, оңтүстік Түрікменияның жерін басып алды.

Біздің заманымыздьщ I ғасырының орта шенінде Арші маңыңда Хуящ тайпасы пайда болғаннан кейін үзақ жыддар ішінде жергілікті тайпалар соларға сіңісіп кетті.

Солтүстік Түрікмения жер аумағында халықаралық шығу тарихыңда Алан тайпасы маңызды орын адды, V ғасырдың ортасығща Түрікменияның кептеген жерін Эфтачит тайпасы жаулап алды.

Диканшыдықпен айналысқан аймақтарда феодалдық қатынастар VI ғасырға дейін пайда болды да, кеп үзамай-ақ ол даладық аудандардағы зсөшпелі тайпалар арасына да тарадды. Түрікменияның оңтүсяікжөне шығыс аймақтарында мақта, астық дақылдары, көкөніс-жеміс. жүзім өсірілетін болды. Мерв, Ниса, Абивердте жібек шаруашыдығы еріс ала бастады. Ерте феодалдық дәуірдің өзінде-ақ Мерв хадықаралық сауда орталығына айнадды1.

VI ғаеырдың орта кезіңде Эфталиттер мемлекетін Түркі кағандығы жаулап алды. Түрікмения жеріндегі жергілікті көшпелі халықтар түркі тіддес тайпаларға бағынышты болды. Қағандық ыдырағаннан кейін түркі тайпалары Каепий бойындағы далалық аймақта және Дахистанда өз алдына дербес ел болды да, оны жергілікті ақсүйектер басқарды. VII ғасырдың Орта шенінде Түрікмения жеріне арабтар басып кірді, 716 жылы Араб Хадифаты оның оңтүстік бөдігін
Каспий теңізінен бастап Амудария жағалауына дейін басып алды. Түрікменияның жергілікті халқының басым көпшідігі ислам дініне кірді.

ГХ—XI ғасырларда Сырдарияның төменгі және орта ағысын бойлай жөне Каспий теңізінің солтүстігі мен шығыс аймақтарына түркі тілдес Оғыз тайпасы келіп қоныстанды, олардың бірсыпырасы VIII ғасырда ислам дінін қабьгддаған.

1040 жылы Селжук әулетінеи шыққан көсемдердің басшылығымен оғыздар Түрікмения жеріне келіп орьш тепті. Сөйтіп оғыздар түрікмен халкының қалыптасу негізіне крсымша себеп болды. Олар жергілікті түрғындармен аралаеып түрікмен атанып кетті.

Түрікмениялық Селжук мемлекеті қүрамына кіруі елдің экономикалық жағдайьш жақсартьш, феодалдық қатынастың одан әрі оркендеуіне себепкер бодды. Феодаддық қатьшастың дамуы арқасывда ірі феодал-әмірдер пайда болды да, олар Селжук әулетіне қарсы шыға бастады. Мелик шахтьщ балалары империяны бірнеше иеліктерге бөлген кезде Санжар сүлтан қазіргі Түрікмен республикасы жерінде дербес мемлекет қүрды, астанасы — Мерв (Мары) қачасы болды. Бүл мемдекет түрікмен халқының жерінде қүрылған түрікмендердің үлттық мемлекеті еді.

Санжар 1118—1157 жыдцары оз мемлекетін нығайтып, феодалдық бытыраңқылыққа қарсы күрес жүргізді. Бірақ 1141 жылы Қарақытайлардан жеңіліс тауып, Орта Азиядағы билігшен айырылды. Л57 жылы Санжар олімінен' кейін Түрікмен мемлекеті өмір сүруін тоқтатты2, Сонымен бірғе 1158 жылы кедшеді оғыздар" мея Хорасан буқарасынъщ қөтеріліске шығуы Селжук-Түрікмен мешгекетін қудатып тындьт3.

XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында Турікмения жер аумағы Хорезм шахтарыньщ қол астында болды, ал 1219— 1.221 жыддары оны ІЯынғыс ханньщ әскері басьш алды.

Түрікмен тайпаларының негізгі көпшілігі Каспийдін Шығыс жағалауына және Узбой аңғарына барып паналады. Түрікмения жерін Алтын Орда, Шағатай ұлыстары жоне Хулагу мемлекеті бөлісіл алды. Түрікмсндер Адтын Орда хаңдарына т.б. монғол билеп-төетеушілеріне қарсы талай рет көтеріліс жасады.

XIII—XIV ғасырларда турікмен халқының кальштасуы одан әрі өрістеді. Оның негізін қалағандар Солтүстік Турікменияны және Үстіртгі коныстанған түрікмен тайпа-лары (Сзлыр, Языр, Алил) бодды.

Хулагу мемлекеті қулаған соң (ХГУғасырдың ортасы) жоне Алтын Орда әлсірегеннен кейін (ХІУғасырдың 60-жылдары) Түрікмения жеріңде жартыдай төуелсіз бірнеше феодаддық иедіктер пайда болды. Буларды XIV ғасырдың 70—80-жылдары Темір өз мемлекетіяе қосьш алды. XVI ғасырда Темір мемлекеті кулады. XVI—XVII ғасырларда Түрікмения жерінің біразы Хиуа жөне Бұхара хандыктарының, қалған бөдігі Иранның қол астында болды.

XVI ғасырда Амударии суының Сарықамые ойпатына кұйылуы тоқтаи қадды, Осының салдарынан ол маңда егін щыкпай, жергіяікті тұрғыңдар онтүстікке қоныс аударды дз, астық егуге жарамды Ахал, Атек, Мерв, Атрек жөне Гюрген аймақтарын иелевді. Тайпадардың жиі қоныстанбай, бытырап жүруі салдарынан түрікмендер XV—XVII ғасырларда оз аддына жеке мемлекет қүра алмады.

Санжар сүлтан мазары — Орта Лзия сәулет енерінің көне Мервтегі (Түрікмен республиісасы) тамаша сскерткііш (XII ғ.). Селжук султаны Санжардын қабіріне сәулетші Мүхаммед Атсызүлы туршзған ескерткіш текшеленіп келген астыңгы нензден (27x27) цилиндр пішінді арқаяы бар.-.бші мен кумбезден куралады. Жалпы биіктігі 30 м-деи астаМ онын сом түғырьш барабандағы арқалы галереялар жеңіддете тускен. Санжар
султан мазиріз -қүрылыс Оолшектерінін гармониялық уйдесімдіяігімен және пропорциялық дэлдігімен ерекшеленеді. Бсдерлі кірпіш қадауы, кыш сылакка тусірілген геометряядык жөда когеріс орнекинтерьеріядегі накышты жазулар еекерткішке ерекше көрік береді.

XVI ғасырдың 50жылдарында оні устік-багыс Түрікмения турғьщдары Аба Сердардың басшылышмен Иран оюмшілігіне қарсы котеріліске шығып, Хиуа әскерінің көмегімен шаһ әскерін 3 рет талқаңдады1.

XVI—XVII ғасырларда Орта Азияда екі хаңдық: Хиуа және Бүхара хандығы болды. Біріншіеі Амударияньщ төменгі ашсы бойывда орналасып, Турікмеиияның біраз бөлігін қосьш аяды. Екіншісі. — Маураннаһр мен Ферғана аяқабы еді. Оның оңтүстік шекаралары Мерв алқабына дейін жетгі.

Турікмеңдердің көпшілігі мал шаруашылығымен, сонымен бірге Копетдагтьщ тау бөкгерлеріңде, Каслий теңізі маңында жоне Хорезм оазисіңде егіншЫклен айналысты.

XVI ғасырда Турікмен — Орыс байланысы дами бастады. Орые — Түрікмен сауда орталыш Астраханжөне Маңқыстау түбегівдегі жеке тубекгер болды.

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдьщ басында турікмендердің біразы Ресей жеріне көшті де, кейіннен олар солтүстік Кавказға барып қоныстанды (Ставрополь турікмендері).

ХУІГ ғасырдың соңывда қазіргі турікмендер Түркмения-ньщбарлықаймақтарына қоныстегггі. Іргелі таішшіары; Тске. Жаумыт, Ерсары, Гоклан, Салыр, Сарық, Чаудар бодды. XV— XVII ғасырларда Түрікмёяняда феодаддық қурылыс устсмдік етті2,

Турікмендердің тілі туркі тілінің огыз тобына жатады, Турікмендердің дінге сенушілері — мусылман-суииттер.

Сонымен, Түрікмен халқының улт больш қалыптасуына оғыздардан басқа Сақ, Дай, Массагет, Сармат, Алаи хайпаларьшьщжоне ежелгі Мардазн, Парфия туршвдаръшьщ да ықпалы болды.

2) Түрікмен халқының мәдениеті.

Б.з.б. мыңыншы жылы осы күнгі турікмен жерінде еішшшікпен шугылданған тургыңдар тау-кен ісі, мегаллургия, керамика өндірісі гидротехника саласындағы техникалъгқ білімге ие болған. Олардьщ аспан шырақтарының қозғалысы, уақытты санау жуйесі, біршама математикалық ережелер жайьщда тусініктері болған3.

Б.з.б. I мыңыншы жылдың ортасынан бастап Мүргаб өзенівде ірі плотиналар мен бөгендер пайда бодды, жер суландырудың курделі жүйесі салынған. Соңғысы туралы IX—X ғасырда араб географтары жер суландырудьщ ең сенімді жүйесі ретінде жазды. Грек және Рим ғалымдарының еңбектерінде (Геродот, Страбон) Түрікменияның суланды-ратын жерлері аса қүнарлы аймақ ретінде сипатталады. Түрікмения жер аумашн Птоломей картаға түеірген. IX—XI ғасырда Орта Азия Шыгастың ғылыми орталықтарының бірі бодды. Осы уақытта Түрікменияның Орта ғасырлық қалача-рыңца (Мерв, Гурганджа, Ниса т.б.) астрономиялық обсер-ваторші, «Данаяық үй кітапханалар болды'.

Орта Азия ғалымдары басқа халықтардың мәдениетіне (соның ішінде Араб мәдениетіне) өз үлесін қосты.

Орта ғасырлық шығыстың ірі ғалымдары Мүхаммед ибн Мүса әл-Хорезми (IX ғ.), Әбу әл-Марвази, Әл-Хабаш, Әл-Хасиб (VIII—IX ғ.), Әбу Райхан Мүхаммед Бируии (X—XI ғ.), Ан-Насауи (XI г.), Әл-Хазани (XII ғ.) болды.

йбн Сина (X—XI ғ.), Омар Хаиям (XI—XII ғ.), Ас-Самани (XII ғ.), Яқут (XII—XIII ғ.), Әл-Джурджа (XII г.), Мүхаммед әл-Джагмини (XIII ғ.). Кази-Заде ар-Ру-мидің аттары Түрікменияның орта ғасырлық қалаларымен байланысты. Солтүстік Хорасан қаяаларының (Мерв, Дан-данхан, Ниса) атты жоғары сортты жібек, зығыр мен мақта маталарын және кілем тоқумен даңққа бөленді2.

XVI—XVII ғасырлар аралығында Түрікмен тарихына арнадған еңбектер араб, парсы тшдерінде жазыяған (Сама-ни, Нөсеви, йбн өл-Аеир, Рашид-ад-Дин, Абдуразақ Самаркавди, Мирхонд т. б.). XVII ғасырдағы Хиуа ханы Әбшғазының «Түрікмендер шежіресі» т. б. болды.

Түрікменияда архитектура мен бейнелеу онері дамыды, түрікмен хатқы — коне мәдениеттің мүрагердері.

Оңтүстік турікмен жер аумағывда бертінгі неолит дөуірі (б.з.б. VI—V мың жылдық) түрғындарының шағын баспаналары (Геоктөбе ауданыңдағы Песенжик төбе) ашьглды. Неолит дәуіріңде

өрнекті керамикалық ыдыстар жасалына бастаған. Энолиттік қоныстар ішінара геометриялық ернектермен (Ясытөбе, Аму-І) безендірідді.

Б.з.б. I мыңжылдықтың бірінші жартысында қалалар мен қамалдар (Мервтегі Әркқала) бой көтерді. Б.з.б. VI—IV ғасырларда қалалар қалың қабырғалы болды. Ал IV ғасырдың аяғынан бастап оңтүстік түрікмен аудаиында Шығыс- эллинистік мәдениеттщ жергілікхі түрлері дамыды, солтүстік аудандардың өнері ежелгі Хорезм көркем мәдениеті арнасында қанат жайды,

V-—VII ғасырларда ерте феодаддык дәуір мөдениеті өрбіді. Көптеген бекіністер, екі қабатты қамалдар (Мервтегі Қызылқала) салынды. Діни құршыстардан Харобакашук мешітінің қаддығы еақталғаіҒ.

Түрікмен халқының әдебиетіне келетін болсақ, ол эпосшқ шығармалар мен ертеплерге ете бай. XVI ғасырда бірнеше шығармадан (12 жыр) қүрадған «Китаб Дөдөм Коркуд» («Қорқыт ата кітабьшан») жарыққа шықты.

Түркі хапықтарына ортақ бүл мүрада ертедегі сол ха-лықтардъщ әдет-ғүрпы мең: діни сенімдері (шаманизм мен қоса ислам діні) және Кавказ, Азия еддерінің эпостық дәс-түрлері бейнеленген. Оньщ сюжеттік элементтері «Кероғлы» («Көрүғды», XVI ғ.) эпосында да бой көреетеді. Хияали Чағатай (XVI ғ.), Мырза Бархудар Түркмен (XVII ғ.). Ақын Азади (1700—1760 ж.) шығармаларын шағатай тілівде жазды.

Турікмен халқы музыка өнерінің ежелгі ескерткіштеріне бай, олар б.з.б. III—II ғасырларға жатады. Парфиян патша-лығынын астанасы — Ниса қатасының орнынан музыкалық аспапта ойнаушы бейнеленген риктан табьшды. Турікмен халық аспаптарының кейбір түрлері эллинистік дәуірлерден белгілі. Турікмен жерінде туркі тілдес тайпалардың келуімен түрікмен халқының қалыптасуына орай VI ғасырдан бастап түрікмен музыкасының негізі қаланды.

XII—XIII ғасырдьщ басында өрістеген турікмен музыкасы XIV ғасырда Түрікмен фольклорыңла халык жөне халықтық-кәсіпқойлық шығармашылық ерекшеленді. Халық ән өнері бір дауысты болыи келеді. Оның қүрамына той (жар-жар), бесік жырлары, кыздардың лирикалық эндері және еңбек әндері енеді. Зікір жанры ерекше көзге түседі.

Түрікмендер көнтеген музыка аспаптарын жасады. Олар: дуптар, гаджан (ішекті), дшіли-тюидук, гопуз (үрлемелі) т.б,

Қорыта кедгенде, Түрікменияда оғыздардың келісімен кемеддеиген орта ғасырлар кезеңінде (әсіресе XI—XII ғ.) феодалдық мәдениет гүлдене түсті. Мықты бекіністі қала салу ісі дамыды. Қала қорғаны сьготынан керуен сарайлар, сауда орьщдары, түрғын үй (Мервтегі Сүлтан қала, Хорезмдегі Мешеди-Мисриаи, Шаһ-Сенем қалашықтары) бой көтерді. Дөңгелек жобада керуен сарай және сағана салу кең етек алды. Хорасандағы Орталық күмбезді (Санжар Сүлтан сағанасы), портат-күмбезді (Серахштағы Әбу-ая-Фазыл)
Бақылау сұрақтары:

Әдебиеттер
24. Тақырыбы: Осман империясы.

Мақсаты:

Жоспары:

1.Түркілердің Кіші Азияға келіп орналасуы және түрік ұлтының қалыптасуы.

2. Осман империясының тарихы.
«Түркия тоғыз ғасыр бойы Еуропада тұрып келеді. Түріктер әуелде Андолыда тамыр жайды да, кейін бұл олардың басты қоныс - өрісіне айналды

Анадолының өзі - ежелгі өркениет ошағы. Археологиялық қазбалар өркениет дамуының алғашқы қауым мен қола дәуірінен бастап, оның кейінректегі дамыған сатыларына дейінгі күллі кезеңдерінің болғанын дәлелдеп, дәйектеп береді. Кіші Азияда, Анадолыда пайда болған Хеттер мемлекеті ең ескі мемлекет болып табылады. Оның өмірі онша ұзақ болмаса да, артына әжептәуір мәдени із қалдырды. Ол құлағаннан кейін Анадолы ұзақ уақыт өз тәуелсіздігінен айырылады. Оның жері ұдайы: әуелі парсылардың, сонан соң грек – римдердің жортуыл – жорығынан көз ашпады».

Византияда империя құралған соң ғана оның тәуелсіздігі қалпына келтірілді, бірақ батыс, шығыстың жортуыл-жорықтары бір толастамады.

Түріктердің алғашқы ата қонысы Анадолы жерінде 1071 жылы Маласкрет шайқасынан кейін пайда болды. Сұлтан Осман 1299 жылы жаңа мемлекеттің негізін тап осы арада қолайды. Алғашқы кезде ол шағын ел болды, ал Византия империясы әлсіреген сайын оның иелігіндегі жерлер де кеңейе түседі. Хеттер сияқты түріктер де Анадолының Саяси және моральдық бірлігін нығайтуға көп көңіл бөлген. Кіші Азиядағы түріктер түркі тілінде сөйледі. Түріктің көпшілігі мұсылман – суннит дінін ұстайды. Түріктің этникалық құрамы, негізінен екі топтан: селжуктар кезінде ХІ-ХІІІ ғасыр аралығында Орта Азия мен Ираннан Кіші Азияға қоныс аударған түркілердің көшпелі тайпаларынан (негізінен Оғыздар мен Түрікпендер) және Азияның тұрғын халқынан құрылған. Түріктің біраз бөлігі Кіші Азияға Балқан арқылы (уздар, печенгтер) өтті. Түріктің тарихы жайында ежелгі жазба деректердің ең құндысы – армян деректері. Мовсес Хоренацидің (V ғ). «Армян тарихы» мен VII ғасырдағы армян «Географиясында» Түрік тайпаларының Кавказ сырты мен Кіші Азияның шығыс аймағына қоныс аудары жазылады. Мовсес Каган – катвацтың «Агван тарихында» сувер мен хазарлардың Кавказ сыртымен, Кіші Азия халықтарымен қатынасы баяндалған. ХІ-ХІІ ғасырлардағы армян жазбаларында оғыздар түркімендердің селжук шапқыншылығы кезінде Кіші Азияға өткені жазылан. Сонымен қатар түрік жайында араб, иран, грузин, түрік тілінде жазылған шығармалар өте көп. Әсіресе Селжук мемлекетінің тарихы жайындағы Ибн-Биби еңбегін, монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңді көрсететін Ақсарай жылнамасы – Түрік ұлтының қалыптасуын айқын көрсететін еңбектер. Бұған қоса Осман тарихнамасының алғашқы шығармаларының бірі – Языджиоглу Али жазған «Оғызнама» немесе «Селжукнама». Бұл шығармада Рашид-ад-Диннің еңбегі пайдаланған. Түркі тайпаларының құрамы, орналасуы жайында түрік тарихшысы А.Р.Алтынайдың Осман империясының архив құжаттарын пайдаланып жазған еңбегінде құнды деректер бар. Түрік құрамы жайында Еуропа саяхатшысы Г.Рубрук пен Марко Поло жазбаларында құнды деректер бар. Ф.Демирташ Осман империясының ХV-ХVІІІ ғасырлардағы архив құжаттарынан Кіші Азиядағы Түркімен тайпалары туралы мол дерек тапқан. Мұнда Махмуд Қашқари, Рашид –ад-Дин, Әбілғазы жазбаларындағы тайпа атауларының бәрі кездеседі. Оғыз – түркімен тайпасынан өзге қарлұқ, қыпшақ, чигиль (шігіл), ұйғыр, аққойлы, Агачері, Күман, Хазар т.б. тайпалар да аталады. Түрік этногенезінің қалыптасуына әр кезеңдерде Араб, Күрт, Рум (Рим) т.б. халықтарының да қатысы болды. ХІV-ХVІ ғасырлардағы Түрік жорықтарына байланысты олар Балқан мен Кипрге енді. Түрік халықтарының қалыптасуы шамамен ХV ғасырда аяқталады.

Түріктердің құрамында түрік, түрікмен, тахтадж, абдал, зейбек т.б. этнографиялық топтар бар. Бұлардың біраз бөлігі көшпелі, жартылай көшпелі болып тіршілік етеді, басым көпшілігі малшы болды. Өзгелері отырықшылыққа айналады.

Шыңғыс хан әскерлерінің Түркістанды жаулауға келе жатқанын естіген Сүлейман есімді бір әскер басы басқа халықтарымен бірге өз жақындарын ертіп көшіп кетеді. Сүлеймен өзеннен өтіп бара жатып, ат –матымен суға кетеді. Оның Ерторғыл атты ұлы қалады. Әкесінің сапарын ары қарай жалғастырып, Рум тарапынан жүріп кетеді.

Ерторғыл өз серіктерімен күндердің күнінде бір тау аңғарына келіп жетеді. Осы жерде екі әскер қарама –қарсы ұшырасып қалды. Қарсы жолыққан әскер соғыста жеңіліп келе жатқандықтан, бұларды көріп тағы да қашуға әзірленеді. Сол сәт Ерторғылдың оларға жаны ашып, жаралыларына көмек көрсету үшін керуеннің алдына шығып тоқтады. Кімнің пайдалы, кімнің зиянды екенін ойлап жатпастан, әлсірей келе жатқан әскерлерге көмек көрсетеді. Соның арқасында жеңіліп қашып келе жатқан жақ қайта күш жинап, жеңіп қуып келе жатқандарға қарсы соғысып, оларға күйрете соққы береді. Алғашқы соғыста жеңілгендер – селжук түркілері, ал қуғыншылар монғол – татарлар еді. Осындай себеппен әлсіздері әлділерді жеңіп шығады.

Өздеріне көмек көрсетіп, жаудан құтқарғаны үшін селжук түркілері әсіресе, олардың патшасы Ғиясаддин Көксары Ерторғыл мен оның серіктерін адал дос ретінде қабылдап, оларға Анкара жақтан қоныс береді. Түріктер өздеріне берілген жерге орналасып, малын бағып, тішілік етеді. Әр уақыт селжук түріктерімен бірге жорыққа аттанып, оларға қызмет көрсетеді. Сөйтіп Селжук мемлекетінің біраз өмір сүруіне септігін тигізеді.

Осы селжук түркілері Константинопольдік румдерге шабуыл жасап, Константинополь қаласын тартып алып, астана етеді де, Селжук өкіметі атты Түрік мемлекетін құрады.

Бұлардың басқа Иран селжуктері атты тағы бір түрік өкіметі бар еді. Осман мемлекетінің негізін құрушы Түркия сұлтандарының атасы Осман хан осы Ерторғылдың ұлы болатын. Ерторғыл 1281 жылды қайтыс болды.

Осман хан түрік шейхтарының ішіндегі ең бір сыпайы, білімді кісісінің Малхатун атты қызына үйленеді. Осы әйелден атақты Орхан сұлтан туады. Осман хан осы ұлы Орхонның басшылығымен Бурса қаласын басып алады. Жеңістің соңынан Осман хан халыққа соңғы өсиет, аманаттарын айтып, қайтыс болады. Өзінің тәж – тағының Бурсаға көшірілу және оның астана болуы керектігін сол өсиетінде айтып кетеді.

Бурса қаласының османдықтар тарапынан басып алынуы әлемдегі ұлы оқиғалардың бірі болды. Сол себепті Осман түріктердің даңқы шығып, беделі артты, іргелі үлкен мемлекеттердің қатарына енді. Бурса қаласы ол кезде әсем қала болған. Дәл осы гүлденіп тұрған шағында ол исламның орталығы болды, Осман түріктерінің астанасы осында ауысты.

Осман хан жігерлі, заманына лайық білімдар, көрген, дүниеге қызықпайтын қанағатшыл, діндар адам болған. Оның өте кедейлікте өмір сүргеніне жұрттың көзі қайтыс болған кезінде әбден жетеді. Артына қалдырған ешқандай жеке дүние – мүлкі болмаған.

Осман хан 1326 жылы 20 шілдеде 70 жэасында қайтыс болды. Қабірі Бурса қаласындағы Манастыр деп аталатын орынға жерленген.

Түрік халқының қалыптасуы мен мемлекетінің нығаюында түркі тілі шешуші рөл атқарады.

Түрік (ескі аты – Осман тілі) – түрік халқының тілі. Түркиядан басқа Жерорта теңізі мен Балқанға тараған. Бұл тілде 60 миллондай (1992 ж) адам сөйлейді. Ол түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Негізгі екі диалектілік топқа: Батыс немесе түрік –дунай тобына және адакалий, адрионополь, босния, македон диалектілері мен Шығыс Анатолия (айдын, измир, карман, конии, сивас) диалектілерін біріктірген топқа бөлінеді. Қазіргі түрік әдеби тілінің негізгі болған Анкара говоры мен Кипр диалектісі де шығыс Анатолия тобына кіреді. Түрік тілінде жалпы түркі тілдеріндегі сияқты фонетикасындағы дауыстыларда сингармнизм заңы, дауыссыздарда ассимиляция заңы сақталған.

Түрік тілінің негізгі сөздік қоры түркі тілдерімен негізгі сөздік қоры түркі тілдерімен төркіндес. Қазіргі түрік әдеби тілінің нормасы ХХ ғасырдың 30—50 жылдарында орнықты.

Алғашқы жазба ескерткіштері ХІІ ғасырға жатады. Жазу ісінде 1928 жылға дейін араб алфавитін қолданады. 1928 жылдан бастап латын алфавтінде көшті.

Түркі халқының қалыптасуы мен нығаюында түркі тілі орасан зор рөл атқарғаны туралы Мұстафа Кемәл Ататүрік былай деді : «Түркия мемлекеттің құрған – түркі халқы, түрік ұлты. Түрік ұлты деген сөз - түркі тілі деген сөз. Түркі тілі – түрік ұлтының қасиетті қазынасы. Өйткені, түрік ұлты өткендігі шексіз бақытсыздықтардың ішінде өзінің адамгершілігінің, дәстүрінің, естеліктерінің, мүдделерінің, қысқасы, бүгін өзін ұлт ретінде қалыптастырған барлық қасиеті тілінің арқасында сақталғанын көріп отыр. Түркі тілі - түрік халқының жүрегі, ақыл –ой».

Қорыта келгенде, Түрік мемлекет ХІV ғасырда Кіші Азия жерінде ұйымдасты. Бұл әскери – феодалдық мемлекет болды. ХІV-ХVІІ ғасырдың І жартсында оның жер аумағы кеңейеді, бұдан бұрын ежелгі заманда және ертедегі орта ғасырларда түрлі мемлекеттік бірлестіктердің – Хетт патшалығының, Мидияның Ахемен әулиеті билеген мемлекеттің, Александр Македонский державасының, Селвк әулиеті билеген мемлекеттің, Цонтий патшалығының, Пергаманың, Римнің (ежелгі), Византияның, Коний сұлтандарының тағы басқа мемлекеттердің құрамына кірді.

Түріктер Византияның Анатологиядағы соңғы иеліктерін 1326 жылы Бурсаны (Түріктің алғашқы астанасы болған) алды.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница