25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы»




Скачать 55.24 Kb.
Название25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы»
Дата конвертации23.11.2012
Размер55.24 Kb.
ТипДокументы
25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер » газетінің беттерінен шолу
«Мектеп тынысы» айдарынан
Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын”

2011 жыл несімен есімізде қалды?..

Тәуелсіздіктің биылғы жылы елімізге қандай шашу шашты?.. Осы сауалға жауап беру үшін, өткен жылдың тарих беттерін ақтардым. Бұл жыл тәуелсіз еліміздің тарихына алтын әріппен тізбектелетін жетістіктері мен жемістері мол оқиғаларға толы болды. Ендеше, өткен жылдың беттерін ақтарып, көз салайық. Біріншіден, Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдық асуы қорытындыланды. Екіншіден, абыройымызды асқақтатып, тұғырымызды биіктеткен VІІ Қысқы Азияда ойындарының қос астанмыз – Алматы мен Астанада өтті, үшіншіден, халқы қолдаған Елбасының кезектен тыс Президенттік сайлауының өтті, төртіншіден , Қазақстан, Ресей, Белоруссия елдері арасындағы Кедендік Одақтың құрылуы, бесіншіден, индустриялық- инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асты, алтыншыдан, еліміздің Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етті. «Ұлт денсаулығы – ұрпақ денсаулығы» демекші, жетіншіден, 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік “Салауатты Қазақстан” бағдарламасының жүзеге аса бастауы сияқты оқиғалар тарих беттеріне тізілді .

Қорыта айтқанда, “ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын” демекші, қоян жылы тәуелсіздігімізге табысты, елімізге елеулі, жерімізге жемісті жыл болғаны баршаға аян. Ендеше, ескі жылды ризашылықпен шығарып салып, жаңа жылды игі бастамалармен, жаңа жетістіктермен қарсы алайық, ағайын!

Жақышева Әсем,

9“ә” сынып оқушысы.

sng_046
«Арманы асқақ азат ел»

атты Тәуелсіздіктің 20 жұлдызды күніне арналған

салтанатты кеш жайында ойлар

15 желтоқсанда мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 20 жұлдызды күніне арналған «Арманы асқақ азат ел» айдарымен қалалық қорытынды кеш өтті. Салтанатты кеш барысында түрлі қойылымдар ұсынылып, әсем әндер шырқалып, әр ұлттың биі биленді. Кеште орындалған әрбір ән азаттығымызды асқақтатып, әрбір би қимылы тәуелсіздігімізді қанаттандырып, айтылған сөздер шаттығымызды шарықтатып, ұлттық рухымызды қуаттандыра түскендей болды.

Бұл кештің мазмұны терең, айтары ерен болды десек те болады. Кешке қаламыздың : №17, 22,42,21,4,39,29,14,41, 9,19,35, 16, 12, 2, 34,24, 30, 28,25 мектептерінің ұжымдары мен шәкірттері белсене қатысты. Кеште «Атамекен», «Тарих», «Ата Заң», «Мемлекеттік тіл», «Білім», «Ғылым»,«Дәстүр», «Ауыл», “Азаматтық қоғам»,«Алтын теңге» , «Шаңырақ» , «Мәдениет», «Сергектік» , «Денсаулық» , «Болашақ» ,«Серпін», «Бейбітшілік кіндігі», «Келісім», «Менің Қазақстаным», «Отан» атты 20 жұлдызды күндер тоғыстырылды. Салтанатты кеш көпшілікке биік рух, патриоттық сезім, жүректеріне жылылық сыйлап,

Биік ұста тәуелсіздік жалауын,

Бірлік, достық, бейбітшілік - қалауым.

Мерейлі жыл – жиырма жылдығың құтты болып,

Бақ кетпесін әр үйіңнен, қазағым!

Жұлдыздарың маңдайыңда жарқырап,

Шығар шыңын биік болсын әрдайын!!! деген тілекпен өз мәресіне жетті.

Жұмасанова Әсем,

9”ә” сынып оқушысы.


«Білгенге маржан» айдарынан:
Ұлу жылын қалай қарсы алған жөн?” болжамдар мен кеңестер айдары
Жаңа жылды 31 желтоқсанда тойлау қанымызға сіңіскен дәстүрлі мерекеге айналғаны қашан. Мереке сәніне айналған шыршаны безендіріп, дастархан мәзіріне ерекше көңіл бөліп, сыйлықтар дайындайтынымыз жат нәрсе емес. Үлкен-кішіміз небір өзгерістерге сеніп, арман-тілектеріміздің орындалатына ниет білдіріп, Жаңа жылға зор үміт артатынымыз баршаға аян. “Жаңа жылды есіктен қалай енгізсең, күнделікті тірлігіңде солай өрбиді” дегенді желеу етіп, Жаңа жылды әркім өзіндік ниетпен қарсы алғысы келеді. Сондай Жаңа жылдық ырымдар туралы мынадай қызықты мәліметтерді атап өткіміз келеді. Мәселен, Жаңа жылды көңілсіз, ақшасыз қарсы алуға болмайды –мыс. Осы күні біреумен ренжісуге, біреуден қарыз алуға, ескі киіммен қарсы алуға болмайды дейді. Ең бастысы – Жаңа жылдық дастархан мәзірі де ерекше болуын талап етеді. Мысалы, Ұлу жылын қарсы алар кезде дастарханның көркін еттен жасалған тағамдар келтіру керек дейді. Балық пен теңіз өнімдерін ұмытпаған жөн деп ескертеді. Сондай-ақ ас мәзірінің құрамына асқабақты қосқан жөн деп ырымдалады. Ұлу жылы ерекше түс – сары екен. Туған –туысқа, құрбы-құрдасқа арналған сыйлықтар Ұлудың не айдаһардың бейнесімен суреттелуі керек деп санайды. Қорыта айтсақ, Жаңа жыл ырымшыл мереке десек қателеспейміз. Әрине, ырымға сенетін де бар, сенбейтіндер де бар.

Алайда, 2012 – Ұлу жылы баршаңызға бақыт, ырыс, береке, құт әкелсін демекпіз.

Табылды Дария,

Темірболат Жадыра,

6 “б” сынып оқушылары.

«Іңкәр сезімнен шыққан сөз» айдарынан:
Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,

Және жылап өледі, өзгені де жылатып.

Жылайтыны туарда - жамандар бар қинайтын,

Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.

Қ. Мырзалиев.

Биыл әдебиет пен мәдениет саласы үшін ауыр жыл болды. Нақты айтқанда, еліміз дана да дара арыстарынан айрылды. Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Мырза әлі дүние салды. Сондай-ақ халық жазушысы, сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиев көз жұмды. Мәдениет және қоғам қайраткері, жазушы Әзілхан Нұршайықов та дүниеден өтті. Халқымыздың сүйікті әншісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланова да бізден мәңгілікке кетті. Еліне елеулі, халқына қалаулы жандардың есімі ел есінде мәңгілікке қалатыны сөзсіз. Өлең-жырдың майталмандары жас ұрпаққа таусылмас мұра, өшпес із қалдырды.

Ақын-жазушыларымыздың жырларын сүйіп оқитын оқырман қауым біздің мектепте де баршылық. Сол шәкіртеріміздің шығармаларын көпшілік назарына ұсынамыз.
Қадір ағама
Өмірді өлеңменен өре білген,

Жырымен жүректерге жылу берген.

Қазақтың данасы еді Қадір аға,

Жырлары жақын еді әрбір жанға.
Қазақтың қара өлеңін шарықтатқан,

Халықтың ішіндегі сырын тапқан.

Жүрегінің түбіне кір жасырмай,

Қалың елмен ақтарыла сырласқан.
Жұлдызы жыр көгінде шұғылалы.

Әр сөзінен өмірді ұғынамын.

Сырласып өлеңіңді оқығалы,

Жүрегіңнің жылылығын сезінемін.

Тұманбай ақынға

Қазақ деген халықтың баласы еді.

«Қазақтың мен құлымын» деген еді.

Саф алтындай ақындық өнерімен

Халқының сүйікті ұлы бола білді.
Шығандай шың басынан көрінеді.

Ақынның өшпес мұра – өлеңдері.

Мәңгілікке мирас боп қала берді,

Жұбататын жабырқаған көңілдерді.

Құлыбай Мадина,

9 «ә» сынып оқушысы.
Аңыз әнші
Әні мен сәні жарасқан.

Тамсана халық қарасқан.

Әнші Роза апамдай,

Болам деп бәрі таласқан.
Аты аңызға айналған,

Бұлбұл әнші атанған

Роза апайдың есімін

Білмейтін жан қалмаған.
Жұлдызың сөнбес әншісің.

Құлақтан кетпес дауысың.

Барлығы сүйіп тыңдайтын

Қадірлі аса сен жансың.
Әлжанова Айнагүл,

5 «д» сынып оқушысы.

Похожие:

25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы» iconОблыстық білім беру басқармасының Дене тәрбиесінің аймақтық оқу-практикалық орталығы халық Өнері тоғЫЗҚҰмалақ Әліппесі- мектеп бағдарламасында
Авторы:Қасымханова Роза Мухамедиярқызы – Майқайың кентінің №1 жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру мұғалімі
25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы» icon«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»
Жаттарында көрсетілген) негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары (бұдан...
25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы» iconТарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан
Аудандық білім беру бөліміне қарасты 50 мектеп, оның ішінде 1 гимназия–интернаты, 36 орта мектеп, 2 негізгі мектеп 11 бастауыш мектеп...
25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы» icon№41 орта жалпы білім беретін мектеп бекітемін мектеп директоры
Бағдарламаны жасақтағандар: №41 орта жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдері
25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы» iconКҮнтізбелік-тақырыптық жоспар арнаулы курс информатика
Оқу ісінің меңгерушісімен №25 орта жалпы отырысында Ахмежанова Г. Н. білім беру хаттама № мектебінің директоры
25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы» iconСатып алынатын тауар түрлері Қысқаша сипатама
«Тохта жалпы орта білім беретін мектеп» мм бағалы ұсыныстар арқылы мектеп окушыларына жаз айларында жолдамалар алуга мемлекеттік...
25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы» iconСатып алынатын тауар түрлері Қысқаша сипатама
«Ленин жалпы орта білім беретін мектеп» мм бағалы ұсыныстар арқылы мектеп окушыларына жаз айларында жолдамалар алуга мемлекеттік...
25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы» iconЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты
Білім беру мақсаты оқушыларға уаққыт талабына сай білім беру, алған білімін қоғам игілігіне жұмсай алатындай іскерлік қалыптастыру...
25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №651 бұйрығы «Білім туралы»
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың...
25 жалпы орта білім беру мектебінің «Қаламгер» газетінің беттерінен шолу «Мектеп тынысы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы № қаулысымен бекітілген
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница