АҚПараттық хат құрметті әріптестер!




Скачать 50.21 Kb.
НазваниеАҚПараттық хат құрметті әріптестер!
Дата конвертации23.11.2012
Размер50.21 Kb.
ТипДокументы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 2012 жылдың 17-18 мамырында университеттің 55 жылдығына арналған «Жоғары білім жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары: тәжірибесі мен болашағы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференцияның жұмысы On-Line режимі арқылы көрсетіледі.

Конференцияда келесі бағыттағы секция жұмыс істейді:

  • жоғары білім жүйесіндегі инновациялық оқыту әдістері;

  • модульдік білім бағдарламаларын қалыптастырудың жаңа жолдары;

  • оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын (мобильділігін) іске асыру тетіктері;

  • ел экономикасының аграрлық секторы үшін мамандарды даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция материалдарын жинақ түрінде баспадан шығару үшін 2012 жылдың 15 сәуіріне дейін мына мекенжайға: 010011, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62 үй, 611 кабинет, Тіркеуші кеңсесінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөліміне төмендегі құжаттарды жіберулеріңізді сұраймыз:

  • конференцияға қатысу туралы өтініш (1 қосымша бойынша);

  • талапқа сай әзірленген, көлемі 5 беттен аспайтын мақаланың мәтіні;

  • үйымдастырушылық жарна төленгені туралы түбіртек (мақала авторының аты-жөні көрсетілген түбіртектің көшірмесі)

Мақаланың құрылымы мен ресімделуі:

1. ӘОК (УДК)

2. Автор(лар)дың аты - жөні, тегі*

3. Автор(лар)дың жұмыс орны**

4. Мақаланың атауы

5. Мақала тіліндегі 3-5 сөйлемнен тұратын аннотация

6. Кілттік сөздер (5-6 сөз/сөз тіркесі)

7. Мақаланың толық мәтіні:

- кіріспе;

- зерттеу материалдары мен әдістемесі;

- ғылыми-әдістемелік жұмыстың негізгі нәтижелері;

- алынған деректерді талқылау және қорытынды.

8. Әдебиеттер тізімі

9. Мақала тілінен басқа екі тілдегі (10-15 жолдан кем емес) резюме.

* Автор(лар)дың аты-жөні индекс арқылы әрқайсысының жұмыс орнымен бірге көрсетіледі – Витавская А.В.1, Пономарева Н.И.2, Алтынбаева Г.К.3

** Автор(лар)дың жұмыс орны – Алматы технологиялық университеті 1, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы 2, Рудный индустриалдық институт 3.

Мақала мәтіні MS Word редакторында, 14 өлшем (14 pt), 1 жол аралық интервалы, Times New Roman шрифті; қазақ тіліндегі мәтіндер үшін 14 өлшемдегі KZ Times New Roman немесе Times New Roman шрифтімен теріледі. Жоғарғы және төменгі жағы - 2 см.; сол жағы - 3 см.; оң жағы – 1,5 см. Тегістеу: жол ендігі бойынша (автоматты түрде орындалатын тасымал орнатылуы қажет). Азат жолының шегінуі 1,25.

Сол жақ жоғары бұрышында ӘОК жазылады. Келесі жолға автор(лар)дың аты-жөнінің бірінші әріптері, тегі, одан төмен жолға мекеме, ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекеті (шетелдік авторлар үшін) көрсетіледі. Одан кейінгі жолдың ортасына бас әріптермен мақаланың атауы беріледі.

Формулалар. Қарапайым ішкі жолды және бір жолды формулалар арнайы редакторлардың көмегінсіз символдармен терілуі тиіс (Symbol, Greek Math Symbols, Math-PS, Math A Mathematika BTT шрифтерінен арнайы символдарды пайдалануға рұқсат беріледі).

Кестелер мәтін ішінде беріледі. Кестелердің нумерациясы мәтінде оларға сілтеменің берілу ретіне қарай қойылады. Кестенің нөмірленген атауы жолдың сол жағы бойынша тегістеліп, жай шрифтпен теріледі (мысалы, 1-кесте).

Суреттер мәтін ішінде орналасады. Суреттердің нумерациясы мәтінде оларға сілтеменің берілу ретіне қарай қойылады. Суреттің нөмірленген атауы жолдың сол жағы бойынша тегістеліп, жай шрифтпен теріледі (мысалы, 1-сурет). Суреттің атауы суреттің астында жазылады.

Мәлімет үшін: Ұйымдастыру комитетінің талапқа жауап бермейтін, конференция тақырыбына сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кеш жөнелтілген мақалаларды жарияламауға құқығы бар.

Жинаққа кірмеген мақалалар авторларға қайтарылмайды.

Конференцияға қатысушылар үшін ұйымдастырушылық жарна 3000 теңгені құрайды.

Жарна төмендегі есепшотқа «Жоғары білім жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары: тәжірибесі мен болашағы» атты конференцияға деген белгімен жіберіледі:

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62

РНН 620 300 249 590

БИН 070 740 004 377

Банк: АРФ АО №119900 «Народный сберегательный Банк Казахстана»

ИИК KZ446010111000037373

БИК HSBKKZKX, Код 16

Конференция On-Line режимінде өтілетін болғандықтан, жоғары оқу орындарының қажетті техникалық жағдайлармен қамтамасыз етулерін өтінеміз.

«Жоғары білім жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары: тәжірибесі мен болашағы» атты видеоконференцияға қосылу үшін келесідей іс-шаралар жасау керек:

  1. Интернетке 512-1024 кбит/с жылдамдықтағы тікелей байланысты ұйымдастыру керек

  2. видеоконференцияға кез келген терминалдық құрал-жабдықты және батыс өндірушілерінің MCU қосуға болады:

  • видеотелефондар,

  • видеотерминалдар, видеожүйелер, конференц-жүйелер (Терминал Polycom),

  • веб - камерасы бар ДК, ноутбуктер немесе нетбуктер (Polycom PVX).

  • Видеосерверлер (MCU).

Дербес компьютерге қойылатын талаптар:

- 256 MB RAM (512 ұсынылады);

- DirectX 9.0b, Windows Media Plaver 9.0, 100 MB HDD;

- Монитор кемінде SVGA мүмкіндігімен;

IP қолжетімділігі (кемінде 64 кб/с): LAN, Cable, DSL.
Байланыс телефондары:

8(7172) 317562 – Алпыспаева Ғалия Айтпайқызы;

8(7172) 302198 - Әлжаппарова Жұмагүл Қабдүлмәлікқызы;

8(7172) 317533 – Саметова Гүлмира Сейітбекқызы.
E-mail: galpyspaeva@mail.ru

alzhapparova@mail.ru

Sametova_Gulmira@mail.ru

1 қосымша
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі «Жоғары білім жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары: тәжірибесі мен болашағы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға өтініш

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,

Астана, Қазақстан
17-18 мамыр 2012 жыл
Тегі______________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты _______________________________________________________
Мекеме ___________________________________________________________
Лауазымы _________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі ___________________________________________________
Ғылыми атағы _____________________________________________________
Баяндама атауы ____________________________________________________
Секциясы, бағыты__________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________
Байланыс телефондары______________________________________________
E-mail ____________________________________________________________

Похожие:

АҚПараттық хат құрметті әріптестер! iconАҚПараттық хат құрметті әріптестер !

АҚПараттық хат құрметті әріптестер! iconАҚПараттық хат құрметті әріптестер!

АҚПараттық хат құрметті әріптестер! iconАқпараттық хат Құрметті әріптестер!

АҚПараттық хат құрметті әріптестер! iconАқпараттық хат Құрметті әріптестер!

АҚПараттық хат құрметті әріптестер! iconАҚПараттық хат құрметті әріптестер!
«Әдебиет» сөзі, төменде қолданылған әдебиеттер тізімі; формулалар Microsoft Equation формулалар редакторында орындалуы тиіс
АҚПараттық хат құрметті әріптестер! iconАқпараттық хат Құрметті әріптестер!
Конференцияда баяндаманың екі түрі болады: ауызша және постер. Ұйымдастырушы комитет баяндама түрінің соңғы таңдау құқығын өзіне...
АҚПараттық хат құрметті әріптестер! iconАқпараттық Хат 1 Құрметті әріптестер!
РЖҒҰА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор ажар ахметқызы жұбанованың 70-жылдық мерейтойына арналған «Биотехнологиялық...
АҚПараттық хат құрметті әріптестер! iconАҚПараттық хат құрметті әріптестер!
Баяндама мәтіні 6 бетке дейін Microsoft Word редакторында Times New Roman, 14 шрифтімен, әр жол аралығы-1, Ф4 форматы, жол жиегі:...
АҚПараттық хат құрметті әріптестер! iconҚұрметті Серік Сұлтанғазыұлы! Құрметті Ләззат Қайдарбекқызы! Құрметті әріптестер!
Адамзат капиталының құрамында білім үлесі 60 пайыз құрайды. Осыған байланысты Білім беру ортасының сапасымен қоғам сапасы анықталатынын...
АҚПараттық хат құрметті әріптестер! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница