БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы




НазваниеБҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
страница1/25
Дата конвертации23.11.2012
Размер3.05 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Жоба



БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ботақара 2010
МАЗМҰНЫ




Бөлім атауы

бет.

1

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


3


2

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


15


3

АЙМАҚ ДАМУЫНДАҒЫ КӨРІНІС


74


4

Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты КӨРСЕТКІШТЕР мен нәтиженің көрсеткіштері, бағдарламаДАҒЫ қойылған мақсаттарҒА қол жеткізу жолдары


80


5


ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

143


6


БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ


144



1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Атауы

2011 - 2015 жылдарға арналған Бұқар жырау ауданының даму Бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы .

Аймақтың негізгі сипаттамалары

Облыстың аумағы 14,6 мың. км 2 құрайды (Қарағанды облысы аумағының жалпы аумағы 3,4%). 01.01.2010 ж Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық бөлінісі 3 кентпен және 27 селолық округпен ұсынылған (4 ауылдық, 19 селолық округтармен және 4 селомен). 2010 жылдың 1 қаңтарына тұрғындар саны 59 577 адамды құрады. 2009 жылы ауданның өнеркәсіптік өндіріс көлемі 10690,8 млн.теңгені құрады. Өнеркәсіптің негізгі салалары тау-кен және өңдеуші өнеркәсіп салалары болып табылады.

Бағыттар

  • Өңір экономикасы

  • Әлеуметтік сала мен адами әлеует

  • Инфрақұрылымдық кешен

  • Аумақтық (кеңістіктік) құрылым

  • Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі

Бағдарламаның мақсаттары

Өндірістің экономикасын дамыту мақсатында :

  • Экономиканы модернизациялау және бәсекеге қабілетті өндірістердің дамуы негізінде өнеркәсіптегі құрылымдық қозғалыстар;

  • Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекелестігінің өсуі;

  • Бизнес-ортаны жақсарту;

  • Кәсіпкерлікті дамыту үшін оң жағдайлар жасау;

  • Бәсекелестікті дамыту.

  • Туристік инфрақұрылым құру;

  • Әлеуметтік сала және адамдық әлеует:

  • Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамытуды қамтамасыз ету үшін Бұқар жырау ауданының тұрғындарының денсаулығын жақсарту;

  • Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру және балалардың қызығушылықтарын заңмен қорғау;

  • Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі;

  • Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату;

  • Бұқаралық спортты, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыстарын және спорттың жоғары жетістіктерін дамыту;

  • Мемлекеттік тілді дамыту;

  • Мұрағат саласын дамыту;

  • Мемлекеттілік пен ұлттың бірлігін әрі қарай нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;

  • Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп орнатуды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын-алудың жүйесін дамыту;

  • Қылмысқа қарсы, оның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрімен, нашақорлар мен есірткілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау, құқық қорғау, қылмыстық қол сұғушылықтан азаматтардың заңды қызығушылықтары мен бостандықтарын, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Инфрақұрылымдық кешен:

  • Жол-көлік саласы мен байланыстың тұрақты дамуы;

  • Энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты дамуы;

  • Тұрғындарды тиісті сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.

Аумақтық (кеңістік ) құрылым:

  • Тұрғылықты пункіттердің жайлы өмір сүру жағдайын жасау;

  • Тұрғын –үйге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

  • Қала құрылысы жобаларын жүзеге асырудың тиімді механизімін құру;

  • Пайдаланушыларға жер ресурстары туралы ақпаратты бергенде оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету;

  • Ішкі тұрақтылықты қолдау;

  • Туристік инфрақұрылымды құру;

  • Техногендік авариялар, табиғи апаттардан келген залалдарды төмендету және тәуекелдерді төмендету бойынша жағдайлар жасау.

Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі:

  • Мәслихат аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылату;

  • Әкім аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылату;

  • Жергілікті деңгейде мемлекеттік басқару функциясын іске асырудың тиімділігін жоғарылату;

  • Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту;

  • Бюджетті орындау сапасын жоғарылату;

  • Аудан экономикасының сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

  • Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін кезеңдік енгізу.




Міндеттері

Өңір экономикасы:

  • Өнеркәсіптің басым секторларын дамыту, оларды әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілік деңгейін қамтамасыз ету;

  • Аймақ кәсіпорындарының кеткен қуаттылығының орнын толтыру;

  • Ауданның ірі және орта кәсіпорындарымен тауар жұмыс және қызметтің, қазақстандық мазмұнды арттыру бойынша іс-шараларды өткізу;

  • Ауыл шаруашылық жерлерін күтіп-баптаудың алдыңғы қатарлы, ғылыми –негіздемелік технологияларын ендіру;

  • Мал шаруашылығының өнімділігін арттыру;

  • Агроөнеркәсіптік кешенінің өңдеуші өнеркәсібі өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерімен, ақпараттық -әдістемелік көмек көрсету;

  • Туристік инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету, сондай ақ ішкі нарықта ауданның туристік имиджін жоғарылату;

Әлеуметтік сала және адами әлеует:

  • Әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту;

  • Негізгі әлеуметтік-маңыз бар аурулар бойынша жағдайды жақсарту;

  • Салауатты өмір сүру салтын енгізу идеологиясын қалыптастыру;

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін арттыру және мектепке дейінгі білім берумен ұсынылатын қызметтің сапасын жақсарту;

  • Мектепте білім беру қызметінің сапасын жақсарту;

  • Электрондық оқу жүйесін енгізу үшін жағдайлар жасау;

  • Педагогикалық кадрлардың кәсібилігі мен мұғалімдер кәсібінің мәртебесін арттыру;

  • Дамуы бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім алудың қолжетімді болуын қамтамасыз ету***;

  • Қараусыз, панасыз қалған, әлеуметтік жетімдікті болдырмау және жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілеріне отбасылық жағдай жасау;

  • Тұрақты жұмыстылықты қамтамасыз ету;

  • Тұрғындардың аз қамтылған қатпарларына әлеуметтік көмектің мекенжайлығы мен тиімділігін арттыру;

  • Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізу;

  • Мүгедектердің қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін жоғарылату;

  • Мәдениет пен өнер салаларын танымал ету;

  • Мәдениет саласының инфрақұрылымын дамыту;

  • Жалпы спортты және денешынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;

  • Аудан спортшыларының шеберлік деңгейін арттыру;

  • Мемлекеттік тілдің шоғырландыру және әлеуметтік-коммуникативтік функциясын кеңейту;

  • Ұлттық мұрағат қорын сақталуды, байытуды қамтамасыз ететін құрамды байыту;

  • Этника аралық және конфессия аралық келісімді нығайту және сақтау;

  • Елдің Стратегиясын дамытуды іске асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту;

  • Мемлекеттік ақпараттық саясатты электрондық және БАҚ басылымдары арқылы жүргізу;

  • Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында жастардың белсенділігін арттыру;

  • Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың бостандығы мен конститутциялық құқығын, денсаулығын, қауіпсіздік өмірін қажетті деңгейде қолдауды нығайту; қылмысқа қарсы әрекетті құрайтын алдын алу шараларын арттыру;

  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Қылмыспен күрес және қылмыскерлерді іздеу, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімділігін арттыру, қылмыстық істерден азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

Инфрақұрылымдық кешен:

  • Заманауый талаптарға сәйкес келетін, транспорт құралдарының қауіпсіз және кедергісіз жүруі үшін, автокөлік саласының инфрақұрылымы деңгейін арттыру;

  • Автобустық маршруттардағы ішкі аудандық көліктік хабарламаны ұйымдастыру;

  • Электроэнергетиканы дамыту;

  • Коммуналдық жүйелерді модернизациялау және дамыту;

  • Тұрмыстық қордың тиісті эксплуатациясын қамтамасыз ету;

Аумақтық (кеңістік) құрылғы:

  • Ауданның тұрғылықты пункттерінде өмірмен қамтамасыз етудің тиісті жағдайларын жасауға көмектесі;

  • Тұрғын үй қол жетімдігін қамтамасыз ету;

  • Өндірістік және өндірістік емес бағыттағы салынып жатқан нысандардың сапасын арттыру;

  • Елді мекендердің тиімді дамуы және аумақтарының салынуы;

  • Сандық есептің жақсартылуы, ауданның жер қорында және жер телімдері туралы мәліметтер жинағының қалыптастырылуы;

  • Аталған жер мониторингін пайдалану мен енгізуді жетілдіру;

  • Техногендік авариялардың, катастрофалардың және табиғи апаттардан тәуекелдерді төмендету және шығындарды кішірейту жөніндегі жағдайларды құру;

  • Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі:

  • Аудандық мәслихаттың жұмыс жағдайын жақсарту;

  • Мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсібилігі мен қызмет жағдайын жақсарту;

  • Аудан әкімі аппаратының қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету;

  • Электрондық форматтағы көрсетілетін әлеуметтік-маңызды қызметтердің санын арттыру;

  • Ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту;

  • Компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру;

  • Ақпарттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру және олардың қалыптасуына ықпал ету;

  • Жергілікті бюджет түсімдерінің атқарылу мониторингі ;

  • Шығындар бойынша жергілікті бюджеттің атқарылу мониторингі ;

  • Мемлекеттік сатып алулар процессі тиімділігін арттыру;

  • Бөлінген бюджеттік кредиттердің тиімді игерілуін талдау, оларды уақытылы және толық төлеу;

  • Мемлекеттік меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру;

  • Өңірдің дамуы үшін қауіп немесе мүмкіндік беретін аудандағы экономикалық факторлардың өзгеруіне уақытында назар аудару және анықтау;

  • Нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлауды енгізу;

  • Аймақтың бәсекеге қабілетті арнауларының қалыптасуы мен дамуына бағытталған, аймақтық саясаттың жүзеге асырлуын қамтамасыз ету, экономикалық қуатты аймақтарда экономикалық және еңбек ресурстарының бағытталуы.

  • Жергілікті атқарушы органдарға тең мүмкіндіктерді ұсыну, олармен мемлекетпен кепілдендірілген қызметтерді орындау үшін.



Іске асыру кезеңдері


I кезең – аралық (3жыл) – 2011-2013 жылдары –бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру.

II кезең – қорытынды (2 жыл) -2014-2015 жылдар- бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру

Нысаналы

индикаторлар

Өңір экономикасы:

  • Өнеркәсіптік өнім көлемдерін 43,3 % -ға 2015 жылға ( 2009 жылы – 12140,3 млн.тенге) арттыру;

  • Өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің артуы 35%-ға 2015 жылы ( 2009 жылы – 5531 мың.тенге);

  • Тау-кен өндірісі саласы көлемдерінің артуы 7,3 рет 2015ж

( 2009 жылы – 389,2 млн.тенге);

  • Көмір өндіру көлемін арттыру 1337 мың.тоннаға дейін (2009 жылы – 0 тонна);

  • Тау –кен өндірісі саласында еңбек өнімділігін арттыру 3 есе 2015 жылға ( 2009 жылы – 3114 мың.тенге);

  • Өңдеу өнеркәсібі өндірісін арттыру 24%-ға 2015 жылға ( 2009 жылы – 11736,2 млн.тенге);

  • Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігін арттыру 23% -ға 2015 жылы ( 2009 жылы 7596 мың.тенге);

  • Өндіріс көлемдерінің артуы және электрэнергиясы газ және судың 2,4 есе өсуі 2015 жылға ( 2009 жылы – 14,9 млн.тенге);

  • Өндірісте еңбек өнімділігінің артуы және электрэнергиясы, газ және су бөлінуі 134% -ға 2015 жылға ( 2009 жылы – 28381 тенге);

  • Негізгі капиталға инвестициялар көлемдерінің артуы 5,5%-ға 2015 жылға млн.тенге ( 2009 жылы –12600,7 млн. тенге)

  • Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сертификатталған менеджмент сапасын, кәсіпорындарының санын 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 2015 жылы 90%-ға арттыру (2009 ж деңгейіне);

  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарлардың үлесін сатып алудағы қазақстандық мазмұндағы 60%-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді 90%-дан жоғарылату 2015 жылға;

  • Ірі кәсіпорындар бойынша тауар, жұмыс және қызмет сатып алулар көлемдері бойынша көлемдердің артуы 2015 жылы 3199,2 млн.теңгеге дейін;

  • Тау-кен өндірісі саласында жұмыстылар санының өсімі 98%-ға, 2015 жылға;

  • Химиялық өнеркәсіп өндіріс көлемдерінің артуы млн.теңге, 31%-ға, 2015 жылға;

  • Жарылғыш заттар өндірісі көлемдерінің артуы 25%-ға, 2015 жылға;

  • Химия саласында жұмыстылар санын арту 1%-ға, 2015 жылға;

  • Химия өнеркәсібінде еңбек өнімділігінің артуы 22 %-ға, 2015 жылға;

  • Күріш -ұн тарту өнеркәсібі көлемдерінің артуы 47%-ға, 2015 жылға;

  • Күріш -ұн тарту өндірісі көлемдерінің артуы 28%-ға, 2015 жылға;

  • Тамақ өндірісі саласында жұмыстылар санының артуы 15%-ға, 2015 жылға;

  • Өңдеу өнеркәсібі саласында еңбек өнімділігінің артуы 25%-ға артуы;

  • 2015 жылы ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін 18,4 млрд теңгеге дейін арттыру (2009ж-16,3 млн теңге);

  • 2015 жылы аграрлық сектордың еңбек өнімділігін 2 есе немесе 1938,8 мың.теңгеге арттыру ( 2009 ж. – 842,8 мың. теңге );

  • 2015 жылы етті өңдеу үлесін 8% дейін арттыру (2009 ж. – 5,3%), сүт – 2,3 % (1,8%);

  • 2015 жылға аграрлық саланың экспорттық әлеуетін арттыру 2015 жылға 2,3 %-ға дейін, аудан экспортының жалпы көлемінде (2009ж-1,5 %);

  • Бөлшек тауарайналымының жеке көлемінің индексі 107,7 %-ға, 2015 жылға;

  • 2015 жылға сауда нысандарының саны 495 бірл.

  • Шығарылатын өнім көлемінің артуы (тауар, жұмыс, қызметтер) 2015 ж шағын және орта кәсіпкерлікте 25 млн.теңгеге;

  • Бизнесті жүргізу мен тізімге алуға байланысты, операциялық шығындардың төмендеуі (лицензиялар, консультациялар, сертификаттар) уақытша және қаржылық шығындарды қосқанда 2015 жылға %;

  • Әкімшілік белестерді қысқарту және кәсіпкерлік қызметті дамытуға қажет инфрақұрылым құру 2015ж 6 % кем емес;

  • Ішкі туризм көлемінің ұлғаюуы 12% жыл сайын 2008 ж көрсеткішінен және 2013ж 13829 адамды, 2015ж 17347 адамды құрайды;

  • Шығу туризмі көлемінің ұлғаюуы 10% жыл сайын 2008 ж көрсеткішінен және 2013ж 2 613 адамды, 2015ж 3 162 адамды құрайды (2008ж- 1 623 адам)

  • Әлеуметтік сала және адами әлеует:

  • 2015ж қарсаңында халықтың күтілетін өмір ұзақтығы 70 жасқа дейін арттыру (2009 ж-66,9жас);

  • 2015 ж жалпы өлім 6,7 дейн (2009 ж -7,2%);

  • Ана өлімі, 100 мың тірі туғандарға 2015ж– 0;

  • 2015 ж қарсаңында сәбилер өлімі 1000 мың тірі туғандарға 13 дейін (2009 жыл – 20,1);

  • 2013-2015жж балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен қамту - 100% (2010ж.-47,8%);

  • 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер үлесі 2015ж -(1,5,11 сыныптар) -100%, (2009ж-0%);

  • Кәсіби мектептердің жалпы санынан негізгі-математикалық бағыттағы мектептер үлесі (2009ж-0%) 2015 ж 1,7%;

  • Орта білім беру ұйымдарында электронды оқыту жүйесі пайдаланылады (2009ж-0%) 2015жылға 35,7%;

  • Мұғалімдердің жалпы санынан жоғарғы және бірінші дәрежесі бар жоғары білікті педогог жұмыскерлердің үлесі (2009ж 39%) 2015ж- 48,4%;

  • Қараусыз, панасыз қалған, әлеуметтік жетімдікті болдырмау және жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілеріне отбасылық жағдай үлесі 2015ж-6,4% (2009ж-1%);

  • 2015 жыл қарсаңында жұмыссыздық деңгейі – 4,9%;

  • Жұмысқа тұруға көмектесуге өтініш бергендердің санынан жұмысқа тұрғызылғандар үлесі 2015 жыл қарсаңында – 98 %

( 2009 ж. – 100%);

  • 2015ж қарсаңында еңбекке жарамды жастағы жұмысқа тұрғызылған этникалық репатрианттар үлесі – 52%;

  • Әлеуметтік қызметтегілердің жапы санынан арнайы әлеуметтік көмектің ұсынылуымен қамтылған тұлғалар үлесі, 2015ж 100%;

  • Мүгедектер мен ардагерлердің қызмет сапасымен қанағаттану деңгейі дәрежесі -100% -2015жылы (2009ж байқалмайды);

  • Мәдениет саласында тұтынушыларды қызмет сапасымен қанағаттану деңгейі (2009ж-30%) 2015ж-50%;

  • Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын барлық жастағы халықтың үлесін арттыру (2010 жылы -14 %) 2013 жылға 17%-дейін, 2015 жылы -22% дейін;

  • Ауданның мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындарының үлесі 2015 жылға 80 %

  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін игерген облыс халқының үлесі 2015 ж.- 9,5%;

  • 2015 жылы мұрағат ақпаратын пайдаланушылардың сұранысына оңтайлы жауаптар үлесі 2015 жылы 90%-ды құрайды ( 2009 жылы – 68%);

  • Мемлекеттің Стратегиялық дамуы мен мемлекеттік саясатты қоғамдық құрылымында қолдау деңгейі 2015 жылы 80% құрайды;

  • Азаматтық орта институттары мен мемлекет қарым қатынасын оң бағалаған тұрғындар үлесі 2015 ж 45% құрайды;

  • Отандық ақпараттық өнімдерге тұтынушылардың қажеттілік деңгейі 2015 жылға 40 % (2010 ж. –30 %) құрайды;

  • 14 –тен 29 жасқа дейінжастарға қатысты мемлекеттік саясатты халық арасындағы қолдау деңгейі 2015 жылы 7,2 балл (2009 жылы 7-ден 10 баллдық шкала бойынша);

  • 2015 жылы ішкі істер органдарына халықтың болжамдық деңгейінің сенімі 50% -дан төмен емес деңгейде (2009ж. – 50%);

  • Жалпы қылмысқа қарсы қатысты болжам деңгейі ( 10 мың. тұрғынға 2015жылы 84 (2009ж. – 79,8) артық емес.

  • Инфрақұрылымдық кешен

  • Транспорт қызметтерінің көлемі (млн.тонна), 2015 жылға -0,0244

  • Былтырғы жылға жүк тасымалдау көлемі (млн.тонна), 2015 жылға-103,4 %

  • Былтырғы жылға жолаушылар тасымалдау көлемі (млн.тонна), 2015 жылға-100,2 %

  • Былтырғы жылға жүк айналым көлемі өзгеруі, 2015 жылға-102,7 %

  • Былтырғы жылға жолаушылар айналым көлемінің өзгеруі, 2015 жылға-102,7 %

  • Жергілікті маңыздағы автожолдардың жөнделімі, мың.км, 2015ж-0,14

  • Былтырғы жылға еңбек өнімділігінің өзгеруі %, 2015ж-105%

  • Былтырғы жылға байланыс қызметінің нақты өзгеруі %, 2015ж-105%

  • Анықталған телефон байланысының тығыздылығы, бірл саны. 100 тұрғынға 2015ж-25,8%

  • Интернет тұтынушыларының тығыздылығы, бірл саны 100 тұрғынға, 2015ж-5,51

  • Ауылдық елді мекендердің үлесінің артуы олардың жалпы санына электр қуатымен қамылғандар 100% дейін 2015 ж (2009ж- 96,8%);

  • АЕМ орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жетімділіктің артуы 78% дейін 2015 жылға (2009ж-45%);

  • - Тұтынушыларды коммуналдық қызмет сапасымен қанағаттандыру деңгейі 51,5% кем емес 2015 жылға (2009 ж. - 48,3%).

  • Аумақтық (кеңістік) құрылғы:

  • Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына негіз құру, ауылдың өмір сүруге қолайлы жағдайын қамту;

  • 2015 жылы 1 адамға тұрғын үйді енгізу есебімен 0,08 ш.м. (2010ж. – 0,065 ш.м.);

  • 2015 жылы аэродинамикалық жұмыстар жолымен ауданның тұрғылықты пункттерінің ірі масштабты жоспарларын құру (100%);

  • Төтенше жағдайларға ұшыраған елді мекендерді сақтандыру құралдарымен жабдықтауды қамту, 2015 жылға 20%;

  • ТЖ түрлері бойынша мониторинг жүргізу;

  • техногендік авариялардың, катастрофалардың және табиғи апаттарда құтқарылған адамдар саны, құтқаруды талап ететін адамдардың жалпы санынан % 2015 жылға 100%;

  • Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі:

  • Мәслихат аппараттары көрсеткен қызмет сапасына депутаттардың қанағаттануы 100%;

  • Әкім аппараты көрсеткен қызмет сапасына жеке және заңды тұлғалардың қанағаттануы 90%;

  • Әкімнің аппараттары көрсеткен қызмет сапасына қанағаттануы 2015 ж – 90% (2009ж. – 70%);

  • Кадрлар кетуін төмендету 2015ж 7% дейін (2009ж-18%)

  • Электронды түрде көрсетілетін ақпараттық қызметтерді көбейту 38% (2015ж. – 360; 2009ж. – 259 );

  • Әйел өкілдерінің билікке қол жеткізуі 30% (2009 ж – 20%);

  • Әйелдердің орта жалақысынан ерлердің орта жалақысына қарым-қатынасы 2015ж 70% кем емес;

  • ИБ талаптарын сақтауда 50% -дан кем емес мөлшерді электрондық форматта көрсетілген әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтердің үлесін жеткізу;

  • Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін 2015 жылы 40% -ға дейін жеткізу;

  • Мемлекеттік қызмет көрсетуде мамандандырылған бағдарламалармен қамтамасыз етілген, жұмыс тәжирибесі бар мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің үлес салмағын 50- пайызға жеткізу.

  • 2015 жылы жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту үдерісінде облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігін өсіру деңгейі- 100%;

  • Қаражаттарды 100%-игерумен, бюджеттік бағдарламалардың жеке салмағы-100%;

  • Мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бюджеттік бағдарламалармен анықталған және уақытылы қайтарылған, тиімді пайдаланылған бюджеттік кредиттердің үлес салмағы 100% 2015ж ;

  • Заңды тұлғалар арасында, артық, пайдаланбайтын немесе мақсатында пайдаланылмайтын анықталған мүлікті жалға, немесе бәсекелестік ортаға беру (облыс әкімдігінің шешімінің негізінде)100% 2015 жылға 100%;

  • 2011-2015 жылдар арасындағы дәлізде тұтынушылық баға индексі 106-108%;

  • 2011 жылы нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қызметтеріне құқытық және әдістемелік база енгізу

  • 100%;

  • Нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесіне кезеңмен көшу – 2011 жылға - 100%.

Қаржыландырудың көзі және көлемі

Қаржыландыру көзі: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншікті қаражаты.

Қаржыландыру көлемі:

- 2011ж. 2713,1 млн. тенге:

республикалық бюджет -1005 млн. тенге;

облыстық бюджет - 394,2 млн.теңге;

жергілікті бюджет - 265,5 млн. тенге;

өз қаражаттары - 1048 млн.теңге;

-2012ж- 2608 млн.теңге:

республикалық бюджет - 556,1 млн. тенге;

облыстық бюджет - 48,2 млн.теңге;

жергілікті бюджет - 242,9 млн. тенге;

өз қаражаттары - 1760,8 млн. тенге;

- 2013ж. – 1761,1 млн. тенге:

республикалық бюджет - 1440,4 млн. тенге;

облыстық бюджет - 51,4 млн.теңге;

жергілікті бюджет - 244,3 млн. тенге;

өз қаражаттары - 25 млн. тенге;

- 2014ж. – 666,4 млн. тенге:

республикалық бюджет – 347,6 млн. тенге;

облыстық бюджет - 52,8 млн.теңге;

жергілікті бюджет - 220 млн. тенге;

өз қаражаттары - 46 млн. тенге;

- 2015ж. – 933,1 млн. тенге:

республикалық бюджет – 355,5 млн. тенге;

жергілікті бюджет 52,8 млн. тенге;

инвесторлар қаражаттары 229,8 млн. тенге;

қарыз қаражаттар 295 млн. тенге.

Барлығы: 8681,7 млн. тенге.


*- 2011-2015 жылдарға арналған бюджетте қарастырылған, қаржыландыру көздері мен көлемдері қаражат шегінде нақтылануы және өзгеруі мүмкін.

**- 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» балаларды мектепке дейінгі тәрбилену мен оқытуды қамтамасыз ету бойынша бағдарламаны іске асыру шеңберінде.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Похожие:

БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconАтауы Мәртөк ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы
Р президентінің 2010 жылғы 19 наурыз №958 «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық...
БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconЖоба тарбағатай ауданы ішкі саясат бөлімінің 2011 – 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы ақсуат ауылы 2010 жыл
Тарбағатай ауданы ішкі саясатын бөлімінің 2011 – 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасына жүргізілген мониторинг бойынша жалпы есеп
Бағдарламалық құжаттың деректемелері: Оңтүстік Қазақстан облысының даму 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама)...
БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconЗайсан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы зайсан қаласы
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін мемлекеттік саясатқа талда
БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconБҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы
Бұқар жырау ауданының 2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы
БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconБекітемін бұқар жырау ауданының әкімі Е. Нашаров бұқар жырау ауданының әкімі аппаратының
АӨК, селолық аймақтардың дамуы бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша кеңес (В. П. Лавриков)
БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы абай қаласы 2011 жыл мазмұНЫ
БАҒдарламаның алғА ҚОЙҒан бағыттарына қол жеткізу жолдары, НӘтиже көрсеткіштерінің мақсаттық индикаторлары, мақсаттары мен міндеттері,...
БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы төлқұжат
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2008 ж. 2008 ж. «БҰҚар жырау ауданының жастары – 2008-2010 Ж. Ж.»
Бұқар жырау ауданының әкімі Аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Нашаров А. Жүніспеков
БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы абай қаласы 2012 жыл мазмұНЫ
БАҒдарламаның алғА ҚОЙҒан бағыттарына қол жеткізу жолдары, НӘтиже көрсеткіштерінің мақсаттық индикаторлары, мақсаттары мен міндеттері,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница