Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы




Скачать 283.45 Kb.
НазваниеПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Дата конвертации22.04.2013
Размер283.45 Kb.
ТипДокументы


Ф КГМА 4/3-07/02

ПП КГМА 4/02



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы


Тақырыбы: ЖРВИ вирусологиялық зерттеу әдістері. Аденовирусты инфекция. Вирустық гепатиттер. Құтыру, герпесвирусты инфекциялардың вирусологиялык зерттеу әдістері. АИВ-инфекция.
Микробиология пәні
051101 «Мейірбике ісі»

Курс II
Құрастырғандар: доц. Филатова Л.Г.

оқытушылар: Николаева А.Б., Қабдуова Ә.Қ.





Қарағанды 2009 ж




Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

«24» 03. 2009 ж. № 9 Хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. ________________ Ахметова С.Б.
Тақырыбы: ЖРВИ вирусологиялық зерттеу әдістері. Аденовирусты инфекция. Вирустық гепатиттер. Құтыру, герпесвирусты инфекциялардың вирусологиялык зерттеу әдістері. АИВ-инфекция.

Мақсаты: : Кең таралған ЖРВИ және ЖІВИ ,АИВ қоздырғыштарының биологиялық қасиеттерін оқыту. ЖРВИ, ЖІВИ-ң зертханалық диагностикасы. ҚР кейбір ЖРВИ төмендеу мәселесін иммунопрофилактика ( жоспарлы және жедел) жолымен шешуге болады.

Сабақ мақсаты:

Студент білуге тиіс:

- ЖРВИ қоздырғыштарының таксономиялық бірлігі, жіктелуі және биологиялық қасиеттері.

- Парагрипп, РС-инфекция, қызылша, паротит,қызамық,аденовирусты инфекция, атипті пневмония және т.б. лабораторлы диагностикалық әдістері

-Энтеровирусты инфекциялардың, вирусты гепатиттердің таксономиялық бірлігін,жіктелуін, биологиялық қасиеттерін, лабораторлық диагностика принциптерін.

- Ретровирустардың және рабдовирустардың таксономиялық бірлігін, жіктелуін, биологиялық қасиеттерін және лабораторлы диагностикалық принциптерін.

Студент істей алуға тиіс:

- ЖРВИ ауырған науқастан материал алу (мұрын-жұтқыншақтан жағын, жұғын-ізінділерін).

- экспресс-диагностика үшін жұғын-препарат дайындау

- люминесцентті микроскопта микроскопиялау

- вирус индикациясын анықтау үшін ТГАР қою

- науқастың жұп сарысуынан антиденені анықтау үшін ТГАР қою

- тауық эмбрионының аллантоистық қуысын зақымдау

- тышқанды вирус құрамды материалмен интраназальді зақымдау

- қауіпті топтағы» адам қанын тексергенде HBs-антигені және т.б.НВ маркерларының болуын ПГАР,ИФА,РИА нәтижелерін бағалап,есептеу.

- ИФА әдісі арқылы зерттелетін сарысуларда АИВ-ке қарсы антиденелерді анықтап нәтижелерін есептеу.Қорытынды жасау.
Лабораторлық жұмысты орындау түрі

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.ЖРВИ қоздырғыштарының таксономиясы.

2.Грипп вирусының жіктелуі,сипаттамасы, антигендік құрылысы,өзгергіштігі.

3.Парагрипп, РС-инфекция және аденовирусты инфекциялар қоздырғыштарына сипаттама.

4.Респираторлы вирустардың бөлінуі және идентификациясы

5.Респираторлы вирусты инфекциялардың лабораторлы диагностикалық принциптері.

6.Респираторлы вирусты инфекциялардың экспресс-диагностикасы.

7.Грипптің арнайы алдын-алуы және емі.

8. ИФА әдісі арқылы зерттелетін сарысуларда АИВ-ке қарсы антиденелерді анықтап, әрі қарай зерттеу әдістерін жоспарлау.

9.Жұғын-препарат дайындау (сұйық және тығыз қоректік орталардан)

10.Жұғынды қарапайым бояу әдісімен бояу.

11. Жұғынды күрделі бояу әдісімен бояу.

12.хаттама толтыру.
Тарату материалы

Грипп вирионының құрылысы.


Қазақстан Респубдикасындағы балаларды егу күнтізбесі





Жасы

Вакцина

Тууы

1

ай

2

ай

3

ай

4 ай

5

ай

6

ай

12 ай

18 ай

2 жас

3 жас

5 жас

6 жас

7 жас

11 жас

15-16 лет

БЦЖ

( туберкулезге қарсы)

VI*
























R 1

R2

R3

Гепатит В вакцинасы*

VI

V 2

V 3









V4











R 1





гепатит В вакцинасы*









V1


v2

V 3











R 1





АКДС

(көкжөтел,күл,

сіреспеге қарсы







V 1

V2



V3



R1















АДС-М

( күл және сіреспеге қарсы)

























V1





В 1

АДМ ( күлге қарсы)





























V 1



опв

( полиомиелитке қарсы)







V 1

V2



V3

R; R2




R3; R4





R5



R6

жкв

(қызылша

ға қарсы)






















V 1













R1







ЖПВ

(паротитке қарсы)

























V 1























Ескертпе:

*V1, V2, V3, V4 - вакцинация кезеңдері

R1, R2, R3, R4 - ревакцинация

** Вакцинацияның жылдам кестесі 0-1-2-12 гепатит В ауыратын науқастармен және анасы вирус тасымалдаушы болған балаларға ұсынылады.

Маңызды! Алғашқы егу өмірдің бірінші 24 сағатында жүргізіледі.

Студенттің өзіндік жұмысы:

1.Стерильді тампонмен бір-бірінен мұрын және аңқаның шырышты қабатынан жұғын алу. Құрамында 3-5 мл Хенкс ерітіндісі бар пробиркада араластырамыз ( немесе етті-пептонды сорпа 10% қалыпты сарысу, немесе стерильді физиологиялық ерітінді).

2.Аңқадан алынған жұғынмен тауық эмбрионының аллантоисын, амнион, хорионалантоистық қабықшаны және сарыуызды қабықшасын зақымдаймыз.

3.Студенттер тышқанды мұрын- жұтқыншақтан алынған жұғынмен интраназальді зақымдайды.

4.Аденовирусты диагностикумы бар КБР нәтижесі бойынша алынған қорытындыларды талқылау. Аденовирусты инфекциялардың серодиагностикасы бойынша қорытынды жасау. (де­монстрация).

5.Грипп вирусын және ГА вирусының титрін анықтау мақсатында АТР қою (кесте бойынша).

ГАР қою схемасы:

Вирусы бар сұйықтықты сұйылту

Сұйылтылмаған сұйықтық

1:2

1:4

1:8

1:16

Бақылау

I. Вирус құрамды сұйықтық

0,5

0,5

-

-

-

-

2. Физизологиялық ерітінді

-

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

3. 1% Эритроциттер суспензиясы

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

бөлме температурасында 30 минуттан кейін қорытындысын есептейді .

Бөлінген вирусты типирлеу және нәтижесін бағалау мақсатында ГАТР( кесте бойынша) қоямыз.
ГАТР қою схемасы:



Ингредиенттер

1

2

3

4

5

6

7

1:10

1:20

1:40

1:80

1:160

К

К

1

Физиологиялық ерітінді

-

0,25

0,25

0,25

0,25

0,25

0,25

2

Сарысу 1:10

0,25

0,25

-

-

-

0,25

-

3

Вирус 4АЕ

0,25

0,25

0,25

0,25

0,25

-

0,25

40-60 минут бөлме температурасында

4

1% эритроциттер қоспасы

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

Қорытынды:

Қалыпты сарысу

+

+

+

+

+

-

+

Иммунды сарысу

-

-

-

-

-

-

+

(+) - гемагглютинацияның болуы,

(-) - гемагглютинацияның болмауы.

Грипптің серодиагностикасы бойынша қорытынды жасау (ГАТР демонстра­циясы). Гриппозды диагностикуммен қойылғын ГАТР нәтижесі бойынша алынған қорытындыларды талқылау.

Вирустық гепатиттер.

Вирустық гепатиттер - жалпы клиникалық синдромдармен сипатталатын аурулар тобы - күрделі глобалді проблема. СНГ жыл сайын гепатит А 1 млн астам адам аурады. Ал гепатит В жұқтыратын санын айту қиын, 50 млн астам адамнан кем емес. ВОЗ мәліметтері бойынша дүние жүзінде гепатит В вирусын тасымалдаушылар саны 1 млрд. астам адам. Гепатит А адамның жұқпалы аурулар арасында экономикалық қатер келтіруде алдынғы орында келеді.

Алғаш рет инфекциялық гепатитті басқа да бауыр аурулар арасынан бөлек нозология екенін дәлелдеген орыс дәрігері С.П.Боткин, 1888 жылы. Сондықтан ауруды көп жылдар бойы Боткин ауруы деп атап келген. Инфекциялық гепатит фекальды-оральды жолмен жұқтырылады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сары қызбаға (желтая лихорадка) қарсы егкендер арасында жаппай адамдардың сарғаю байқалғандықтан, гепатиттің екі түрін ажыратқан. Біріншісін инфекциялық гепатит, ал парентералық манипуляцияда таралған гепатитті - сарысулық гепатит деп атады. Бірақ екі түрі де инфекциялық гепатитке жатады. 1947 жылы Мак-Каллум инфекциялық гепатитті - гепатит А, ал сарысулық гепатитті - гепатит В аталуын ұсынды. 1973 жылы БДСҰ (ВОЗ) осындай ауру аталуын заңдандырды.

1974 жылы гепатит А және В емес вирусы анықталған, ал 1977 жылы дельта гепатит вирусы табылды.

Гепатит В арнайы сақтандыруы. Гепатит В ауыр асқынулары дамытин болғандықтан және дүние жүзінде вирустасымалдаушылық кең таралғандықтан БДСҰ баланың бірінші жылында міндетті түрде вакцинация жүргізуін ұсынды. Екі типті вакцина ұсынылды:

Вирус тасымалдаушылардың плазмасынан жасалған вакцина;

Гендік инженерлік биотехнология арқылы дайындалған вакцина. Гепатит В беткейлік антигенің түзетін ашытқылардың рекомбинантты клондары қолданады. Вакциналардың эффективтілігі жоғары (егілгендердің 95% қорғайды). Вакцинациядан соң дамитын иммунитет 5-6 жылға созылады. Прививканың курсы 3 инъекция:

1-ші дозасы - нәрестеге туған соң бірден, перзентханада егіледі;

2-ші дозасы - 1-2 айдан соң;

3-ші дозасы - баланың бірінші жылдың сонында.

БДСҰ ұсынысы бойынша баланың бірінші жылында туберкулезге, полиомиелитке, гепатит В, қызылшаға, сіреспеге, дифтерияға, көкжөтелге қарсы вакцина егіледі.

Гепатит В науқастан адаммен қатынаста болғандарға НВV қарсы антиденелері бар гамма-глобулин енгізіледі.

ЖИТС-ке қарсы вакцина

АИВ-вакцинасын дайындау идеясы вирус ашылғаннан кейін бірден туды және де басындда ауыр мәселеге тірелген жоқ. Қоздырушысы белгілі, дақылданады, протективті эпитоптарға дейін оның антигендері анализденген, гендері клондалған және жоғары тазалықты вирусты материалдардың кезкелген саның жасауға «дайын». Қорыта айтқанда, қазіргі уақыттағы технологияға сүйене отырып, вакцинаны дайындау қиынға түспейді деп ойлаған. Бірақ ауыр еңбекпен өткізілген жылдар қоректі нәтижеге әкелген жоқ. Бірқатар сұрақтарды шешіп (соның ішінде, АИВ-туындыларының потенциальдық қауіптілігі жайындағы күмәнділікті ), оларда бәрі бір оңды нәтижеге деген сенімсіздік сақталмады.

Себептері бірнеше, және де қайталанбас үшін, жоғарыда айтып өткендерде сілтеуге болады. Бірнеше орында АИВ-тең жоғары антигендік өзгерісі, барлығынан бұрын др-20, суперкапсидті гликопротеиндермен ассоциацияланған ең жауапты (иммунодоминантты) эпитоптар бойынша. АИВ-инфицирленген шипанземен, жасуша дақылдарындағы вирустарды бейтараптау тәжірибімен, вакциналық (зертханалық бейімделген) штаммдарға қарсы протективті эффекттің клиникалық ("жабайы" немесе "далалық") изоляттардан қарсы қорғайтының дәлелдемейтінің көрсетті. Вакцинациядан кейін АИВ-ті жұқтырып алу мүмкіндігі туралы кездей-соқ байқауларда аз емес күмәнді тудырады. Бақыланған топтармен осы сандарды салыстыру үшін кең маштапты зерттеулер қажет, бірақ ұйымдасқан жоспарда осыны істеу оңайға түспейді. Толық айтқанда, АИВ- вакцинасының эффективтілігін тексеру үшін қиындықтармен қатар жүреді. АИВ инфекциясын (маймылдар мен мысықтар ЖИТСі ) келтіретін, эксперементті модельдер пайда әкеледі, бірақ бір қатар айқын шектеулері бар. Шимпанзелер АИВ-қа сезімтал, бірақ клиникалық түрде инфекция өзін көрсетпейді. Жасушалық дақылдарды зерттеу инфекцияның базистік заңдылықтарын оқуға мүмкіндік береді, алайда клиникалық шыңдықтан алыс болып шықты. Адамдарда тәжірибе жүргізу қатал этикалық мәселелермен сабақтаса жүреді.

Жұқтырудың әртүрлі әдістерінде вакциналарды унификациялау мүмкіндігі туралы сұрақ әлі шешілмеді. Масалы, қабақты антигендер негізіндегі вакциналар тамыр ішілік жұқтыру кезінде (шимпанземен тәжірибе жүргізгенде) вирустың тұрақтануын алдын-алады, бірақ шырышты қабат арқылы (жыныстық жолмен) жұқтырғанда протектівті эффекттің ұзақтығы мен оның беріктілігі сұрақ әлі шешілмеді. Антиденелер үшін тосқауыл ретінде ағзаға жасушалар (лимфоциттер, моноциттер) ішіне еңген вирус бола алады. Шырышты қабаттармен тері арқылы жұқтырғанда дендрит жасушалармен лимфоидты ұлпаларға тасымалданатын вирустармен байланысты қосымша маселелер пайда болады.

Вакцинаны дайындауда көптеген ұмтылыстар суперкапсидты антигендер оның ішінде gр-120, айналасында шоғырланған. Қазіргі замандағы вакциналогияның техникалық құралдарының бүкіл арсеналы қолданылды немесе қолданылуда, бұл: (1) рекомбинантты белоктар, әр түрлі генді-инженерлі жүйелерден алынған, (2) синтетикалық.

ЖИТС-вирусына қарсы вакцинаны дайындаудағы наразыландырған курьездердің бірі маймылдарды вакцинациялаумен байланысты болды. 1989жылы белсенсіздендірілген маймыл вирусынан (Siv, oтa Hrn.siwian-маймылдық) жасалынған "қарапайым" вакцинасының оң эфффектісі жайында хабар пайда болды. Протективті эффектісі Siv әртүрлі антигендік нұсқауларға таралып, тамыр ішілік және шырышты қабаттар арқылы жұқтырудан қорғады. Бірақ осы тез табыстың нәтижесінде пайда болған оптимизм тез тарап кетті, себебі поствакциналық қорғаныш вирусты компоненттермен емес, адамның Т-лимфациттерінің антигендерін иммунизациялауіен байланысты болды. Вакцинаны дайындауға және сынамалы жұқтыруда қолданылған Siv-ті адам қанының мононуклеарлар дақылынан алғантын, сондықтан олардың антигендері вириондардың құрамына қосылған. Адам жасушаларын маймыл жасушаларымен алмастырылған соң вакцина өз эффектісін жоғалтты.

Иммунодоминантты эпитоптарға ұқсас пептидтер (3) АИВ-гендерін тасушы векторлы вакциналар мысалы, env-, gog-, pol-гендер құрамды рекомбинантты поксвирустар,(4) қосымша АИВ-гендермен және бактериальді плазмидалар негізінде құрастырылған ДНК-вакциналар (олар "бірге тіршілік етіп", вирустық антигендерді синтезін инициирлеуін үміттенуде).

Соңғы жылдары вакциналардың иммогенділіктің жалғыз критерий ретінде саналатын антиденелерден алшақтау белгіленді. Бұл ең біріншіден жасушаішілік паразиттарға, соған қоса вирустарға қарсы вакцинацияға (егуге) жатады. Цитотоксикалық Т-лимфациттермен реализацияланатын, жасушалық иммунитетті стимульдейтің Т-эпитопты вакциналарға ынта пайда болды. Олардың АИВ-инфекциясында вирустың репликациясын болғыздырмай, вирусбейтараптайтын антиденелердің алдында пайда болуы алдында айтылды. Ең басында инфекцияны тоқтатып, Т-киллердің АИВ-бар клеткаларды толық өлтіретін қабілеттілігін дәлелдейтін мәліметтер бар.Ол туралы қауыпты топқа жататын адамдарды бақылау бойынша,АИВ –мен қайтадан қатынаста болғанда зақымдалмаған:кейбір жағдайларда серонегативтілігі анти-АИВ СD-8 Т-лимфоциттың болуымен біріккен.

Беткейлік гликопротеиндерден басқа, вириондардың ішкі белоктарында Т-эпитопты белсенділігі болады,және де регуляторлық пептидтер де ,үйткені олар репликация кезінде НLA-мен бірге зақымдалған клеткалардың беткейінде экспрессиялануы мүмкін. Т-эпитоптар антиденелер синтезін қоздыратын құрылымдарға қарағанда, консервативті болып келеді, яғни солардың негізінде жасалған вакциналар әмбебаптау болып келеді (яғни вирус өзгерістерінен тәуелсіз). Жалпы айтқанда,толыққүнді қорғауды қалыптастыру үшін әртүрлі біріккен АИВ-компоненттер қажет.Осымен байланысты:ең жақсы толық вириондардан (өлген немесе аттенуациялған) жасалған вакцина жумыс істеу керек.Сол және басқасы да тексерілді,бірақ қорытындылары үқсас болмады.Сондықтанда АИВ-ның алдындағы қорқыныш соншама жоғары,вириондық вакцинаны еңгузеде қауіптілік сезімін түдырыды.Осы себеппен,мысалы,nef-ген бойынша дефектті,АИВ-штамм негізінде жасалған тірі вакцинамен жүмыс баяу өтіп жатыр.Үміттейтін қорытындарға қарамастай,вирустық реверсия шансі энтузиазмді томендетеді.

Аса батыл ойлар тек қана алдын-ала сақтайтын емес,стерилдейтін иммунитетті индуцирлейтін немесе ең болмаса АИВ-репликацияны төмендететін инфекциялық процесстың басында болатындай,емдеу АИВ- вакцинаны жасауға мақсатталған. Басқаша,аггрессивті АИВ-персистенция фонында тез әлсіздейтін иммунитеттың салыстырмалы стабилизация фазасын жасанды узартуға мақсат қойылады.Бүл түралы көп күмән айтылды.Біріншіден,бүл иммундық жүйе бузылыстары қалпына келмейтін,антигендерге реактивтілігі жоқ, патологиясы күрделі науқастарды өлімнен сақтауға бағытталады. Егер пессимистық болжаудар орындалмаса,онда техникалық көз қарастан, терапевтикалық вакциналардың превентивті препараттардан айырмашылықтары болмайды.
Әдебиеттер

Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 1184 С.

Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 1998. – С.159-176.

Борисов Л.Б., Смирнова Л.Н. Микробиология // М: Медицина, 1996, уч.пособие., 192с.

Поздеев О.К. Медицинская микробиология: Учеб.для вузов /О.К.Поздеев; под ред. В.И. Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004.-768 с

Лабинская А.С. Микробиология с техникой микробиологических методов исследования // М: Медицина, 1968, 466с.

Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования / под. ред. М.О.Биргера // М: Медицина, 1973., 456с.

Красильников А.П., Романовская Т.Р. Микробиологический словарь –справочник // Минск: Асар, 1999. – 399с.

Стейнер Р., Эдельберг Э., Ингрэм Дж. Мир микробов // М: Мир. - 1979, Т.1. - 317с.

Определитель бактерии по Берджи (в 2-х томах)// М: Мир, 1997.
Бақылау

Сұрақтар:

1.ЖРВИ қоздырғыштарының таксономиясы.

2.Парагрипп, РС-инфекция және т.б.вирустар қоздырғыштарына сипаттама.

3.Респираторлы вирустардың бөлінуі және идентификациясы

4.Респираторлы вирусты инфекциялардың лабораторлы диагностикалық

5.Грипп вирусының жіктелуі,сипаттамасы,антигендік құрылысы,өзгергіштігі

6.Респираторлы вирусты инфекциялардың экспресс-диагностикасы.

7. Грипптің емі және арнайы алдын-алуы.

8. A,B,C,D,E,G гепатит вирустарына жалпы сипаттама, антигендік құрылысы, ағзада таралуы және патогенетикалық ерекшеліктері.

9. Гепатит вирустарының лабораторлы диагностикалық әдістері.А және В гепатиттерінің арнайы профилактикасы.

10.Құтыру вирусының биологиялық қасиеті, эпидемиологиясы, патогенезі, лабораторлық диагностикасы, арнайы профилактикасы.

11..ЖИТС туғызатын вирус. HIV - тің биологиялық қасиеттері, құрылысы мен репродукциясы.

12. АИВ-инфекцияның зхертханалық диагностикасының қазіргі уақыттағы әдістері.

13.АИВ - инфекциясы кезіндегі иммундық зақымданулардың ерекшеліктері. ЖИТС кезіндегі оппортунистік инфекциялар.

14.Эпидемиологиясы, патогенезі. АИВ- инфекция кезіндегі емдік және арнайы алдын алу препараттарын дайындауға негізгі бағыттары.


Тесттер:

1.Парагрипп вирустары жататын тұқымдастық:

А) Pіcornovіrіdae

В) Paramyxovіrіdae

С) Orthomyxovіrіdae

Д) Reovіrіdae

Е) Adenovіrіdae

2.Парагрипп вирустары жататын туыстық:

А) Pneumovіrus

В) Іnlluenzavіrus

С) Paramyxovіrus

Д) Morbіllіvіrus

Е) Rubіvіrus

3.Қызылша вирусы жататын тұқымдастық:

А) Pіcornovіrіdae

В) Paramycovіrіdae

С) Orthomycovіrіdae

Д) Reovіrіdae

Е) Adenovіrіdae

4.Қызылша вирусы жататын туыстық:

А) Pneumovіrus

В) Іnlluezavіrus

С) Paramyxovіrus

Д) Rubіvіrus

Е) Morbіllіvіrus

5.Коплик-Филатовтың дақтары қай аурудың белгісі:

А) қызылша

В) қызамық

С) грипп

Д) парагрипп

Е) паротит

6.Қызылшаның арнайы профилактикасы өткізіледі:

А) тірі вакцинамен (Л-16)

В) химиялық вакцинамен

С) анатоксинмен

Д) өлтірілген вакцинамен

Е) фагтармен

7.Қызылшадан кейінгі инфекциялық иммунитет:

А) тұрақты

В) тұрақсыз

С) салыстырмалы тұрақты

Д) стерильды емес

Е) өткізілмейді

8.Респираторлы-синцитикалық вирустын жататын тұқымдастық:

А) Pіcornovіrіdae

В) Paramyxovіrіdae

С) Orthomyxovіrіdae

Д) Reovіrіdae

Е) Adenovіrіdae

9.Респираторлы-синцитиалық вирустын жататын туыстық:

А) Pneumovіrus

В) Іnlluezavіrus

С) Paramyxovіrus

Д) Morbіllіvіrus

Е) Rubovіrus

10.Паротит вирусы жататын туыстық:

А) Pіcornovіrіdae

В) Orthomyxovіrіdae

С) Paramyxovіrіdae

Д) Reovіrіdae

Е) Adenovіrіdae

11.Паротит вирусы жататын туыстық:

А) Pneumovіrus

В) Іnlluenzavіrus

С) Paramyxovіrus

Д) Morbіllіvіrus

Е) Rubіvіrus

12.Паротит вирусы зақымдайды:

А) көк бауырды

В) бауырды

С) бүйректі

Д) қуықты

Е) шықшыт бездерді

13.Паротиттің арнайы профилактикасы өткізіледі:

А) тірі вакцинамен (Л-3)

В) химиялық вакцинамен

С) өлтірілген вакцинамен

Д) фагтармен

Е) өткізілмейді

14.Гепатит А вирусы қайсысына жатады:

А) Orthomyxjvіrіdae

В) Adenovіrіdae

С) Poxvіrіdae

Д) Pіcornovіrіdae

Е) Hepadnavіrіdaе

15.Гепатит В қоздырғышының тұрақтылығы:

А) төмен температура өлтіретін әсер берді.

В) қайнатуға шыдайды.

С) формалинге сезімтал.

Д)УФ сәулелендіргенде инфекциялық қасиетін жоғалтпайды.

Е) антибтотиктерге сезімтал.

16.Гепатит В-нің лабораториялық диагностикасына қолданылады:

А) клетка дақылына жұқтыру.

В) кері пассивті гемагглютинация реакциясы.

С) нейтралдау реакциясы.

Д) гельде преципитациялау реакциясы.

Е) ИФА.

17.В гепатитінде жедел инфекция көрсеткіші:

А) Нве -антиген.

В) бір мезгілде НВ және Нве антигені.

С) Нbs-антидене.

Д) Нвс-антидене.

Е) Нвс антигеніне қарсы Іg M.

18. Адамның иммунотапшылық вирусы тұқымдасына жатады

а) Retroviridaе

б) Reoviridaе

в) Picornaviridaе

г) Herpesviridaе

д) Adenoviridaе

19.Адамның иммунитет тапшылығы вирусының gag гені нені кодтайды:

а) синтезделген соң құрылымдық белоктарға бөлінетін полипротеинді

б) кері транскриптаза синтезін

в) қабықтың гликопротеиндерін

г) реттеуші және құрылымдық белоктардың транскрипция жылдамдығын жоғарлататын р16 белогын

д) АИВ-1-дің құрылымды белоктар гендерінің экспрессиясын белсендіретін р19 белогын

20.Адамның иммунитет тапшылығы вирусының роl гені нені кодтайды:

а) синтезделген соң құрылымдық белоктарға бөлінетін полипротеинді

б) кері транскриптаза синтезін

в) қабықтың гликопротеиндерін

г) реттеуші және құрылымдық белоктардың транскрипция жылдамдығын жоғарлататын р16 белогын

д) АИВ-1-дің құрылымды белоктар гендерінің экспрессиясын белсендіретін р19 белогын
Жауап кілттері: 1-В,2-С,3-В,4-Е,5-А,6-А,7-А,8-В,9-А,10-С,11-С,12-Е,13-А14-Д,15-Е, 16-Е, 17-С,18-А,19-В,20-Б.
Жағдайлық есептер

1.Зертханаға респиарторлы вирусты инфекцияға күдіктенген науқастан материал (мұрын-жұтқыншақтан жұғын) келіп түсті. Вирусты бөліп алу үшін қандай биологиялық жүйе қолдануға болады?

2.Күз-қыс айларында жедел респираторлы вирусты аурулардан өршу басталды, әр қалаларда тұратын, әртүрлі өнеркәсіптерде жұмыс істейтін жүздеген адамдар ауырды.

1) Ауру этиологиясын анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізуге болады?

2) Емдеуші дәрігер және дәрігер-эпидемиолог үшін алынған мәліметтер қандай қорытынды береді?

3) Осы ауруларды емдеу үшін антибиотиктер тағайындауға бола ма?

3. Бала-бақшада қызылшамен ауырған бірнеше балалар тіркелді.

1)Басқа балалар ауырмау үшін дәрігер қандай арнайы алдын-алу шараларын жүргізеді?

2)Клиникалық диагноз қою үшін вирусологиялық зерттеу жүргізу қажет пе?

4. Науқас конъюнктивит симптомымен екі апта бойы антибиотикпен емделген, бірақ

ешқандай жақсару белгісі болмаған,

1) Ауру этиологиясы қандай?

2) Қандай микробиологиялық зерттеу жүргізуге болады?

3) Неге антибиотикотерапия эффективті болмаған?

5. Аяғы ауыр әйелдің үш жастағы баласы қызамықпен ауырған.

1)Осы жағдайдың қауіптіліг қандай?

2)Қандай алдын-алу шараларын жүргізуге болады?

5.Стоматологқа науқас кандидозды стоматитпен, ауыз қуысында ұзақ уақыт жараның жазылимауына шағымданды. Диагностика барысында цитомегаловирусты инфекция, Candida туысының саңырауқұлағы, атипті микобактериялар анықталды. Алынған нәтиженің диагностикасын бағалау.Қандай қосымша зерттеулер жүргізуге болады?

6.Поликлиникаға науқас қызбамен,соңғы екі ай ішінде дене салмағының төмендеуіне,іштің өтуіне шағымданды. Қарау кезінделимфоаденопатия, ауыз қуысының кандидозы анықталды. Сіздің қорытындыңыз ?


Кезеңдері

Қанда HIV анти-денелердің және вирус бөлшек-терінің болуы

Созылмалы лимфоаденопатия

1 мл қанда Т4.лимфоциттердің болуы

Жоғары сезімталдықтың баяу типі

Молочница

Оппортнистикалық инфекция

0

-

-

>400

қалыпты

-

-

1

+

-

>400



-



2

+

+

>400



-

-

3

+

+/-

<400



-

-

4

+

+/-

<400

Жартылай немесе толық болмауы

нетена

-

-

5

+

+/-

<400

молочница

-

6

4-

+/-

<400

Жартылай немесе толық болмауы

+/-

+



Похожие:

Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Вакциналар. Жіктелуі, дайындау жолдары, әсер ету механизмдері. Иммундық сарысулар
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Коллоквиумды өткізу түрі – тәжірибелік дағдыларды бағалау, тесттер, ауызша сұрау, жағдайлық есептер
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Коллоквиумды өткізу түрі – тәжірибелік дағдыларды бағалау, тесттер, ауызша сұрау, жағдайлық есептер
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микроскопиялық әдіс. Жұғынды дайындау және оны микроскоптан қарау техникасы. Қарапайым...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Дезинфекция, стерилизация, асептика, антисептиканың микробиологиялық негіздері. Дезинфекция және стерилизация әффективтілігін...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Бруцеллез, сібір түйнемесі, оба, туляремияның микробиологиялық диагностикасы. Бөртпелі және қайталама сүзектер, мерез,...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Іріңді-қабыну ауруларының микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу кезеңдері. Патогенді және шартты-патогенді кокктар. Көкіріңді...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Реаниматологиямен лор, көз аурулар кафедрасының мәжiлiсiнде талқыланған және бекітілген
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы: сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстары, олардың түрлері және механизмдері
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Мақсаты: Асқазан-ішек трактысының секреторлық, моторлық және сіңіргіш қызметтерінің типтік бұзылыстарын игеру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница