Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы




Скачать 64.41 Kb.
НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы
Дата конвертации23.11.2012
Размер64.41 Kb.
ТипДокументы
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру

және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

МӘЛІМЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы 2010 жылдың 1 тоқсанында туризм, дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша, Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және дене шынықтыру мен спортты әрі қарай дамыту үшін бірқатар жұмыстар атқарды.

Спорт түрлерінен облыс бапкеркерлерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының М. Ауезов атындағы мемлекеттік университетімен 2010 жылдың 3 ақпанында меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта спорт түрлерінен оқу топтары жасақталуда.

Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» 05.01.2010 жылғы № 5 қаулысын орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарды. Осы тақырыпта 08.02.2010жылы № 77 басқарманың бұйрығымен «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын тойлау және оған дайындық бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспары» бекітілді. Осыған сәйкес, басқармаға бағынысты спорт мекемелері мен кәсіпорындарына жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатындаҰОС арадгерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесу ұйымдастыру үшін тапсырма берілді. Жеңістің 65 жылдығына арналған барлық спорттық-бұқаралық іс-шаралар облыстық және аудандық теледидар, газет беттерінде жарық көріп отыр.

Жоғары спорт шеберлері мен спорт резервін дайындау

Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынысты 1 олимпиада резервін дайындау орталығы, 1 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп-интернат, 14 мамандандырылған спорт мектептері, 5 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары, 1 «Ордабасы» футбол клубы» Акционерлік қоғамы бар.

Облыстағы спорт мамандарының жалпы саны 5358 адамды құрайды.

2010 жылдың 1 қаңтарынан 1 сәуіріне дейінгі аралықта облыс спортшыларының көрсеткіштері 44 спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 69 алтын, 40 күміс, 57 қола медальдарды иеленді. Халықаралық жарыстардан 15 алтын, 14 күміс, 17 қола медальдарды жеңіп алды.

2010 жылға арналған Қазақстан Республикасының спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарында Азия және Әлем чемпионаттарын қоспағанда, облыстағы дамытылып отырған 44 спорт түрі бойынша 1200-ден астам спорттық іс-шаралар бекітілген.

Материалдық-техникалық база

Облыста барлығы 3529 спорт ғимараттары тіркелген, оның 2772-і ауылдық жерлерде.

Оның ішінде 21 стадион, 1 спорт сарайы, 27 спорт кешендері, 18 жүзу бассейндері, 662 спорт залдары.

Ашық спорт ғимараттарының саны 2443, оның 2043-і ауылдық жерлерде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Құрылыс бойынша комитеті және Спорт комитетінің нормативтік талаптарына сәйкес, тұрғындарды қамтамасыз ету 01.01.2009 жылы келесі: стадиондармен – 50%, спорт кешендерімен – 11,9%, жүзу бассейндерімен – 8,4%, ашық спорт ғимараттарымен – 13,2%.

Облыстағы 2 429,5 адамның ішінен дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 176837 адамды құрайды. Облыс тұрғындарының санына бұл 7,3 %-ды құрап отыр.
Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға

әсер ететін негізгі тенденциялар

Дамудың оң тенденцияларымен қатар, облыс спортын дамытуды тежеп отырған проблемалар бар:

1. Материалдық-техникалық базаның және спорттық инфрақұрылымның төмен деңгейі

Облыстағы көптеген спорттық ғимараттар құрал-жабдықтарды сатып алуға, оларды тиісті деңгейде ұстауға қызығушылық танытпайтын коммуналдық немесе жеке меншікте. Қазіргі қызмет ететін спорттық ғимараттардың басым көпшілігі техникалық пайдалану жөніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттерге және жарыстар мен оқу-жаттығу үдерісін өткізу ережелеріне сәйкес келмейді.

Ауылда спортты дамыту проблемасы бәрінен бұрын материалдық-техникалық базаның жоқтығынан айрықша өткір болып тұр. Спорттық ғимараттардың ғана емес, сонымен бірге ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұратын жерлері мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық құрал-жабдықтың да жетіспеуі сезіледі.

Төмен деңгейдегі материалдық-техникалық база, сапалы спорттық құрал- жабдықтың болмауы спорт резервін жоғары деңгейде дайындауды ұйымдастыруға және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді. Халықтың тұрғылықты жері бойынша да жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншектер клубының желісі жеткіліксіз дамыған, қарапайым спорт алаңдары мен тұрғылықты жерлерде және бұқаралық демалыс орындарында спорт ғимараттары жоқтың қасы. Ауылда спортты дамыту проблемасы ерекше өткір болып отыр. Облыстың 8 ауданында ешқандай жүзу бассейндері жоқ.

2020 жылға дейін облыстың спорт саласында жүргізілуі тиіс құрылымдық реформалар:

- спорт мектептерінде жеке материалдық-техникалық базаның жоқ болуына байланысты 2013 жылы Шымкент қаласында әкімшілік ғимараттар мен спорт базаларының жанына халықаралық стандарттарға сай келетін спорттық-сауықтыру кешенін салу қажеттілігі;

- Қазақстан Республикасы Спорт комитеті бекіткен 2010-2015 жылдары жалпы білім беретін мектептерде олимпиадалық басым спорт түрлерінен мамандандырылған класстар ашу;

- 2015 жылы басым спорт түрлері бойынша спорт колледжін құру;

- ҚР Құрылыс комитеті бекіткен ауылдық жерлерді қамтамасыз ету нормативтеріне сәйкес, облыс аудандары мен қалаларында дене шынықтыру және спорт объектілерінің құрылысы;

- Тұрғылықты жайларда және демалыс орындарында халықты жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту үшін спорт ғимараттарының санын көбейту және оны пайдаланудың оңай жолдарын қарстыру;

- 2015 жылы ауылдарда балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің санын 15 бірлікке көбейту;

- тұрғылықты жайларда балалар мен жасөспірімдер клубы, дене дайындығының балалар мен жасөспірімдер клубы, қызығушылық бойынша дене шынықтыру –сауықтыру клубтары жүйесін көбейту арқылы жұмысты жаңарту.

Туризм

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында көптеген іс-шараларды жүзеге асыруда.

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында туристік ұйымдар мен туризм мамандары арасында өңірде туризмді дамыту мәселелері бойынша семинар өткізілді.

2010 жылдың 26-28 наурызы аралығында Бәйдібек ауданының Қапшағай көлінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына арналып, спорттық балық аулаудан облсы ашық чемпионаты өткізілді.

Бұқаралық спорт

2009 жылғы 18 желтоқсандағы №446 облыс әкімінің қаулысымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарын» орындау мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мүгедектерді салауатты өмір салтына тарту, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдандыру сияқты бірқатар жұмыстарын атқарды.

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру мақсатында балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу үшін «Спорт нашақорлыққа қарсы» және «Жастар нашақорлыққа қарсы» ұранымен барлық аудан, қалаларда үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында бұқаралық – спорттық іс-шаралар өтті.

Барлық спорттық-бұқаралық іс-шаралар балаларды спортқа баулу және бұзақылық пен қылмысқа қарсы мақсатта жүргізіледі.

Жалпы білім беретін орта мектептерде «Спорт нашақорлыққа қарсы», «Салауатты өмір салты» және «Темекінің өмірге зияндығы» тақырыптарында әңгімелер өткізілді.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы жасөспірімдерді нашақорлықтан қорғау мақсатында өткізген спорттық дене шынықтыру және сауықтыру іс- шараларына 3000-нан астам жасөспірімдер қатысты.

Дене шынықтыру және спорттық құралдармен мүгедектерді оңалту жұмыстары одан әрі өз жалғасын табады.

Қазақстан Республикасы Президентімен тікелей байланысты ұйымдастыру жөніндегі 2009 жылғы 18 қарашадағы іс-шара жоспарының 16 тармағы - Еліміздің қала және елді мекендерінде балалар мен жасөспірімдердің спортын дамыту бойынша

жұмыстарды күшейту туралы
Оңтүстік Қазақстан облысында дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны 166200 адам, оның ішінде 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер 125729 немесе 71,1% құрайды, 2008 жылмен салыстырғанда 8,5 мыңға немесе 5,1% өскен.

Ауылдарда 91156 балалар және оқушылар спортпен шұғылданады, яғни жалпы дене шынықтыру және спортпен айналусышылар санының 51,5 % құрайды.

Облыста балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында жұмыс істеп жатқан 55 БЖСМ, ОРМБЖСМ, ЖСШМ, ОДО және дарынды балалардың спорт мектеп-интернатында 27 олимпиадалық, 13 олимпиадалық емес, 8 ұлттық спорт түрлері және мүгедектер спорт түрлері бойынша 36580 адам спортпен айналысады. 2008 жылмен салыстырғанда 1,5 мың адамға артқан. Олармен 1120 оқытушы-жаттықтырушылар жұмыс істейді.

Жастарды спортқа тарту бойынша, спорт резервін және жоғары спорт шеберлігін дайындау бойынша жүргізілген жұмыстар төмендегідей нәтижелер берді. 2009 жылы 27 олимпиадалық спорт түрлері бойынша 7037 2-3 санатты, 966-1 санатты, 1132-спорт шеберлігіне үміткер споршылар дайындалды, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша 1980 2-3 санатты, 1395-1 санатты, 1692 – спорт шеберлігіне үміткер спортшылар дайындалды.

Республикалық және халықаралық жарыстардағы көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасына спорт түрлерінен облысымыздан 201спортшы жастар, 183 жасөспірімдер құрамасының сапына еніп отыр.

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы iconР/с Іс-шараның атауы
Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы 2012 жылдың 8-14 қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысында...
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы iconР/с Іс-шараның атауы
Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы 2012 жылдың 1-7 Қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысында...
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы iconШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылдың наурыз айына арналған спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру –сауықтыру іс-шараларының жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы iconҚызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстары
Облыста өткізілетін бұқаралық-спорттық және дене шынықтыру сауықтыру іс-шараларынының саны артып келеді, 2011 жылы 1440 іс-шараға...
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы icon«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Останай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының миссиясы және пайымдауы
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы icon«келісілген» ОҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы iconШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылдың қыркүйек айына арналған спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру ісшараларының жоспары
Жеңіл атлетикадан 1995-1996, 1997 ж т және одан жас жасөспірімдер және қыздар арасында ШҚО чемпионаты
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы iconШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылдың тамыз айына арналған спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру ісшараларының жоспары
Дзюдо күресінен 1994-1995, 1996-1997,1998-1999, 2000-2001 жж туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница