«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»




Скачать 96.49 Kb.
Название«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
Дата конвертации23.11.2012
Размер96.49 Kb.
ТипДокументы
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесінің

шешімімен бекітілген

2011 жылғы 11 мамырдағы

№47 хаттама

«Самұрық-Энерго» АҚ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Астана қаласы

Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» АҚ Экологиялық саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздікті қамсыздандыру заңнамасына, Қазақстан Республикасы мойындаған халықаралық құқық және халықаралық шарт ережесі нормаларына, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты рационалды пайдалану саласындағы негізгі құжаттарға сәйкес әзірленген.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі - Қоғам) жылу және электрлік энергияның өндірісін, көмір тіліктерінің тау массасын өндіруді, электр энергиясын бөлуді және өткізуді жүзеге асыратын еншілес және тәуелді ұйымдары (ЕТҰ) бар, бұл ЕТҰ өндірістік әрекетінің қоршаған ортаға атмосфералық ауаға ластаушы заттарды тастау, ластаушы заттарды су объектілеріне лақтыру, өндіріс қалдықтарын орналастыру, сондай-ақ шу, жылу, діріл, электрмагниттік алаңдардың теріс әсерін қоса алғандағы ықпалын анықтайды.

Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы, сондай-ақ Қазақстанның электр энергиясы нарығының Ресеймен және Орта Азия мемлекеттерімен интеграциялануы компания қызметіндегі экологиялық басымдықтың күшеюін алдын ала белгілейді.

Қоғамның Экологиялық саясаты Қоғамның қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті ұзақ мерзімге қамтамасыз ету саласындағы қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттерін, принциптерін, мақсаттарын анықтайды.

Қоғам ЕТҰ өндірістік объектілерінің әсеріне ұшыраған аудандардағы қоршаған орта жағдайына және тұрғындардың денсаулығына жауапкершілікті жүктейді.

Қоғамның қоршаған ортаға экологиялық әсерінің деңгейін анықтайтын маңызды экологиялық аспектілер:

  • түрлі пайдалы отындарды пайдалану тиімділігі (тас және қоңыр көмір);

  • отынды жағу кезінде атмосфераға көмір күлінің, күкірт оксидінің, азот пен көмірсутектің, мазут күлінің тасталуы және тазарту жабдығының тиімділігі;

  • қатты отын және алтын қожды материалдарды сақтау және тасымалдау кезінде атмосфераға ұйымдастырылмаған лақтырулар;

  • парник газдарының тасталуы;

  • жерге жақын орналасқан жерүсті және жерасты су объектілері үшін қауіпті болып табылатын алтын қож материалдарын және басқа да өнеркәсіптік қалдықтарды үйінділерде орналастыру және қайта пайдалану;

  • жабдықты салқындату және басқа да өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктер үшін су ресурстарын пайдаланудың елеулі көлемі, айналма және қайталама су қолданысының пайдалану деңгейі;

  • өндірістік алаңдар территориясынан су дайындау қондырғыларынан қалдық сулардың, майланған және мазуттанған ағындардың, гидрокүлжою жүйелерінен артық сулардың, мазут қазандар мен ауажылытқыштарынан шайынды сулардың, химиялық шаю және жабдықты консервациялаудан ерітінділердің, жылу берілісі мен қазандық бөлімдерінің гидрожинауларынан ағынды сулардың, беткейлік және жерасты ағындардың түзілуі және табиғи су объектілеріне келіп түсуі;

  • суды пайдаланған кездегі балық қорына келтірілген әлеуетті зиян;

  • технологиялық бұзушылықтар, қалыпты өндіріс объектілеріндегі – май жинақтау жабдықтарындағы, химиялық реагент және мазут қоймаларындағы, көмір қоймаларындағы, гидротехникалық құрылғылардағы өрттер кезінде қоршаған ортаның ластануының әлеуеттік қаупі;

  • жерді өндірістік объектіге, техникалық сумен қамсыздандыру жүйесіне, көмір, мазут, алтын қож қалдықтарын сақтау үшін алу.


Қоғамның экологиялық саясатының негізін қалайтын принциптер:


  • адамның қолайлы қоршаған ортаға конституциялық құқығын мойындау;

  • ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік артықшылығын есепке алу;

  • Қоғамның қолданыстағы ЕТҰ экологиялық мониторингі нәтижелерінің ашықтық және қолжетімділігі, жаңа объектілерді жобалау және салу кезіндегі электр энергетика кәсіпорындарының қоршаған ортаға әсерін бағалау рәсімдері шеңберінде өткізілетін зерттеулер процесі кезінде барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесу;

  • Қазақстан Республикасы өңірлерінде электр энергетикасын дамыту кезіндегі қоршаған ортаның қорғанысын қамтамасыз етуге жауапкершлілік;

  • энергия тиімділігі, электр және жылу энергиясын өндіріс, тасымал, бөлу және тұтыну кезеңдеріндегі бастапқы энергетикалық ресурстарды рационалды пайдалану;

  • бастапқы энергия ресурстарының диверсификациясы, соның ішінде қалпына келетін энергия көздерін пайдалану есебінен;

  • экологиялық саясаттың ғылыми негізделуі және электр энергетикасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердің дамуы;

  • қолданыстағы жабдық жұмысынан экологиялық залалды төмендету бойынша ісшараларды салыстыру жөніндегі қолданыстағы ең жақсы технологияларды енгізу артықшылығы (техника-экономикалық негіздеуді есепке ала отырып);

  • экологиялық артықшылықтарды есепке ала отырып даму сценарийінің көпнұсқалылығы негізінде басқарушылық және инвестициялық шешімдер қабылдау;

  • жоғары табиғатты қорғау құндылығы бар аумақтар мен акваторияларда мемлекеттік билік органдарының арнайы шешімі негізіндегі ерекше жағдайлардан басқа өндірістік қызметті жүргізу;

  • өндіріс қалдықтарының түзілуін қысқарту және оларды экологиялық қауіпсіз пайдалану;

  • экологиялық теріс әсерлерді жою бойынша шараларға алдын алу шараларын қабылдау артықшылығы;

  • экологиялық таза және энергетикалық тиімді технологияларды пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ энергетика объектілерінің экологияға және климат өзгерісіне әсерін зерттеуге жәрдемдесу;

  • экологиялық ақпараттың ашықтылығы және қолжетімділігі, барлық мүдделі тараптарды орын алған апаттар, олардың экологиялық салдары және оны жою жөніндегі шаралар туралы дереу ақпараттандыру;

  • қоғамның ЕТҰ өндірістік объектілері қызметінің жануарлар және өсімдіктер әлеміне теріс әсерін барынша азайту.


Қоғамның экологиялық саясатының мақсаты, міндеттері мен негізгі бағыттары
Қоғамның экологиялық саясатының мақсаты экологиялық қауіпсіздік деңгейін көтеру, сенімді және экологиялық қауіпсіз өндірісті, көлік пен энергия бөлінісін, табиғи энергия ресурстарын пайдалануға кешенді амал болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету келесі міндеттердің шешімі негізінде іске аспақ:

  1. Қоғамның ЕТҰ қоршаған ортаға теріс әсерін азайту.

    1. Атмосфераға тасталымдар көлемін азайту:

- азот оксидтері;

- қатты бөліктер;

- күкірт оксидтері;

1.2. Ластайтын заттардың су объектілеріне тасталуын қысқарту.

1.3. Жылу және су электр станцияларының су ресурстарын тиімді пайдалануы.

1.4. Өндірістік қалдықтардың түзілуін қысқарту.

1.5. Алтын қож қалдықтарын пайдалануды өсіру.

1.6. Үлестік тасталымдардың, ластаушы құралдардың шартты отын тоннасына (кг/т.ш.о) немесе шығарылатын өнім бірлігіне (кВтч, Гкал) келетін қалдықтарын азайту.

1.7. Электр желілеріндегі шығындарды қысқарту.
1-міндетті шешудегі негізгі бағыттар:

  • Технологиялық қайта қарулану және ескірген жабдықты ақырын эксплуатациядан шығару, электр энергиясын өндіру, тасымалдау, бөлу кезінде қолданыста бар прогрессивті технологияларды енгізу;

  • Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу технологиялық процесін жетілдіру;

  • Реактивті қуатты өтеу құрылығыларын енгізу жолымен желідегі электр энергиясы шығынын азайту және электр жинау жөніндегі шаралардың іске асуы;

  • Жылумен қамсыздандырудың тиімділігін өсіру жөніндегі іс шаралардың жүзеге асуы;

  • Өндіріс қалдықтары түзілуін қысқарту және олармен қауіпсіз қатынасты қамтамасыз ету, қалдықтарды өңдеу жөніндегі шараларды іске асыру;

  • Дәстүрден тыс және алпына келетін энергия көздерін дамыту;

  • Су энергетикасы үшін су қоймасы ағынын реттеу;

  • Су объектілерінің ластануының алдын алу және СЭС эксплуатациясы кезінде биологиялық ресурстардың сақталуы;

  • Жылу электр станцияларында энергетикалық көмірді өртеудің жаңа технологиясы, түтін газдарының күкірт және азотты тазартудың қазіргі уақыттағы әдістері.

  1. Электр энергиясының қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуды қамтамасыз ететін жағдайлар мен механизмдерді құру.

2-міндетті шешудің негізгі бағыттары:

2.1. қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық және өзге де талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету, техникалық регламенттер мен стандарттар әзірлеуге қатысу. Бұл үшін:

  • экологиялық заңнаманы энергетикалық кәсіпорындар үшін ЕО заңнамасымен үйлестіру мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге белсенді қатысу;

  • Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңында белгіленген техникалық регламент тәртібін әзірлеу және қабылдау;

  • Энергетика саласындағы ұлттық экологиялық стандарттарды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау және ұйым стандарттарын әзірлеу.

2.2. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, ISO 14001 халықаралық стандарты талаптарын ескере отырып экологиялық менеджмент жүйесін енгізу саласындағы компанияны басқару жүйесін жетілдіру.

Экологиялық менеджмент жүйесін корпоративтік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі және Қоғамда қызмет етуші қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлшегіне айналуы тиіс. Оны құру үшін келесіні қамтамасыз ету қажет:

  • қолданыстағы электр энергетика кәсіпорындарының экологиялық аудитін тұрақты өткізу;

  • өнеркәсіптік және экологиялық тәуекелдерді бағалау, оларды төмендету, олармен мегзелген өтемақылар бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыруды жүргізу;

  • теріс экологиялық салдарларға әкелетін апаттық жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі шараларды қабылдау;

  • мақсатты экологиялық көрсеткіштерді есепке ала отырып, шаруашылық қызметті жоспарлау, оларға жетуді бағалау және бақылау;

  • энергия объектілерін қызмет көрсететін, өндірістің өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлердің біліктілігін көтеру;

  • экологиялық мониторинг жүргізу, экологиялық есептілік құру;

  • экологиялық тәуекелдерді басқару, оларды азайту бойынша шаралар әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ олармен келтірілген шығындарды өтеу;

  • ластайтын заттардың қоршаған ортаға тасталуын қысқартуды ынталандыратын экономикалық механизмдерді әзірлеу және енгізу;

  • Қоғамның ЕТҰ объектілерінде жұмыс жүргізетін мердігерлердің Қазақсан Республикасында қабылданған өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы стандарттарды сақтауы;

  • қажеттілігі бойынша қоғамның экологиялық саясатын қайта қарау, түзету және жетілдіріу.




  1. Өнеркәсіптік процестер мен өнімдердің атмосфераға, суға және топыраққа теріс әсерін төмендету үшін жағдай жасау, экономикалық әлеуетті, жұмыс орындары мен қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қоғамның ЕТҰ кәсіпорындарының ықпалы аймағында тұратын қызметкерлер мен халықтың денсаулығын нығайту.


3-міндетті шешудің негізгі бағыттары:

Табиғатты қорғауды басқару жүйесін экологиялық мәселелерді шешудің тиімді механизмі ретінде құра отырып:

  • өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық заңнамасы және қолданыстағы ішкі стандарттар талаптарына сәйкес жүзеге асыру;

  • экологиялық және экономикалық тұрғыдан жақсы деп табылған технологияларды іздестіру және енгізу, өндірістік процестерді тиімдендіру, әлеуеттік апаттық жағдайларды анықтау және алдын алу жолымен қоршаған ортаға әсерін азайту;

  • шығарылатын өнім бірлігіне жұмсалатын энергия ресурсының қолданылуын және лақтырулар көлемін қысқарту;

  • баламалы нұсқаларды қарастыра және экология-экономикалық тұрғыдан тиімді жобаларды таңдай отырып кез келген күтілген шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу;

  • кәсіпорынның қоршаған ортаға ықпалын азайтуға және экологиялық менеджмент жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған экологиялық көрсеткіштерін бақылау;

  • қызметкерлерді олардың экологиялық сауаттылығы мен ақпараттануы деңгейін нығайтуға септесетін бағдарламалар бойынша оқыту. Біліктілігін арттыруға және қоршаған орта жағдайы мен қоғам денсаулығына жеке жауапкершілігін тәрбиелеу үшін тиімді негіз құру. Табиғатты қорғау қызметінің нәтижелерін барлық қызметкерлердің жұмысын бағалауға қосып, нәтижелеріне сәйкес марапаттау;

  • жақын аумақтардағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында санитарлық-қорғаныс аймақтарын көркейту жөніндегі іс-шараларды жүргізу.


Қорытынды ережелер
Қоғам қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тиімді қызмет ететін халықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, ғылыми және білім мекемелерімен жемісті ынтымақтастықты қолдауды көздейді.

Экологиялық саясатты жүзеге асыру:

  • Қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге;

  • Электр энергиясының сыртқы және ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға;

  • Қоғамның ЕТҰ капитализациясын және олардың инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға;

  • Қоғамның әлеуметтік жауапкершілік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Похожие:

«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына,...
«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты
Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы шешімімен
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) 2008-2010 жылдарға арналған Кадрлық саясаты (бұдан әрі – Кадрлық саясат) адами ресурстарды...
«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ
Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже І. Жалпы ережелері «Самұрық-Энерго»
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір...
«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже І. Жалпы ережелері
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница