Насихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың




Скачать 439.82 Kb.
НазваниеНасихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
страница1/4
Дата конвертации23.11.2012
Размер439.82 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
насихат жүргізушілерге көмекке

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан азаматтарының тұрмысын жақсартуды арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»

Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ

Ел басының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдаулары егеменді мемлекетіміздегі саяси дәстүрдің ажырамас бөлігі болып қала береді.

Олар белгілі мерзімге арналған бағдарламалық құжат қана емес, алға қойылған міндеттерді орындау және тәуелсіздік кезеңіндегі еліміздің дамуына жасалған талдау болып табылады.

Сөз бастамас бұрын Ел басының өткен жылғы мен осы жылғы Жолдаулары арасындағы логикалық байланысына аудиторияның назарын аудару қажет.

Өткен жылғы Жолдауда мемлекетіміздің әлемнің бәсекелестікке мейлінше қабілетті 50 елінің санатына енуіне дайындалу бойынша нақты қадам болып табылатын алдағы онжылдыққа арналған міндеттер айқындалды.

Биылғы Жолдау осы міндеттерді жүзеге асырудың сөзсіз жалғасы және нақты жоспары болып табылады. Еліміздің дәл осынау тарихи кезең барысындағы дамуының жыл сайынғы жаңа қадамының бастамасы ретінде, ол экономикадағы, қоғамдағы және саясаттағы барлық үрдістерге өзіндік реңк, серпін береді. Осы ретте Президент «Қазақстан азаматтарының тұрмысын жақсартуды арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жаңа Жолдауға атау берген саясатқа сенім артты. Сөзсіз ол қуатты интеллектуалдық және инновациялық әлеует арқалаған маңызды саяси құжат.

Насихаттаушы Елбасының әрбір Жолдауында мемлекет дамуының деңгейі ескерілетіндігін атап өтуі қажет.

Биылғы Жолдау әлемдік экономика коньюктурасының нашарлауын ескере отырып әзірленген. Аудитория құрамына байланысты халықаралық операцияларды АҚШ долларымен жүзеге асыратын барлық әсер еткен, АҚШ-ғы қаржылық ипотекалық дағдарыс туралы айтуға болады.

Бұл қазіргі кезеңдегі қазақстандықтардың шешуі тиіс барлық міндеттеріне өз ықпалын тигізеді.

Тек қана экономикалық өсім қарқынын сақтай отырып қана алға жылжуға болады.

Президент рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді ету міндетін және қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді шешуге жұмылдыру қажеттігін атады.
Оның ішінде мұнай және тау-кен – металлургиясы салаларын қоса алғанда өндіруші сектор сияқты басым бағыттар да бар.

Металлургияны жаңа сапалы технологиялық деңгейде дамыту және әлемдік металлургиялық нарықтағы позициясын нығайту үшін «Самрұқ» холдингі құрамында ұлттық тау-кен-металлургиялық компаниясын құру керек. Оның басты міндеті - тау-кен металлургиясы саласының бәсекеге қабілеттілігін тиімді дамыту және арттыру. Бұл үшін оған қазіргі тау-кен металлургия компаниялары акцияларының мемлекеттік пакеттерін, сондай-ақ сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, қара және түсті металдардың барланған кен орындары қойнауын пайдалану құқығын беру қажет.

Бұл тау-кен металлургиясы шоғырланған, ғылымы дамып келе жатқан біздің облысымызға да қатысы бар.

Біздің облысымыздан тау-кен металлургиясы компаниясын құруға өндірістік кәсіпорындармен қатар, жаңа технологиялар салаларында ғылыми еңбектері бар химия-металлургия институты, «Казчерметавтоматика» кенді кешенді игеру мәселелері институты қатысады. Соның арқасында металл ренийін (1 кг құны АҚШ-тың 2500 долларды құрайды) өндіріп алуға, осмии, сондай-ақ машина жасауда қолданылатын әртүрлі маркалы болат өндірісін қайта бастауға болады. Басқаша айтқанда құн салығы жоғары өнім алынады.

Ішкі резервтерді дамытуды экономиканың негізгі секторларын озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету, оның ішінде электр энергетикасын дамыту, қуат жинақтаушы және экологиялық таза технологиялар енгізу арқылы қол жеткізу қажет.

Әлеуметтік-экономикалық дамудағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі алға сүйреуші жаңа өндіруші қуат көздерін енгізу, жылу қуат беруші көздердегі және инженерлік коммуникациялардағы құрал жабдықтарды жаңарту және қайта құру болып табылады. Бұдан әрі осының барлығы біздің облысымызда қалай шешілуде және қалай шешімін табатыны жайында мысалдар келтіруге болады.

Экономиканы және тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі міндеттер арасында Президент Балқаш ЖЭС құрылысын атап өтті.

Облысымыздың жылу қуаты Қазақстандағы ең ірі кешен болып табылады, оның құрамына 10 электрстанция, 4 ірі, 32 электр тораптық компаниялар мен кәсіпорындар енеді. Қазіргі уақытта электрстанциясы орташа есеппен 1541 МВт электр қуатын өндіреді. Дефицит өсу тенденциясы бағытында 592 МВт құрады.

Қуат көзімен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2007 жылы Қарағанды облысының энергетикасын дамытудың 2015 жылға дейінгі аймақтық бағдарламасын әзірлеп, бекітті. Бұл бағдарлама электрстанцияларды техникалық жарақтандыру, жаңарту және жаңа қуат көздерінің құрылысын салу бойынша кешенді шараларды орындауды көздейді. Ол облысымыздың электр және жылу қуатын тұтынушылығын қанағаттандырып, өңірдің дамуына оң ықпал тигізеді.

Электрлік қуаты – 660 МВт және жылу қуаты – сағатына 1000 Гкал Қарағанды ЖЭО-4 құрылысын салу шешімін тапты. Қазіргі уақытта құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде, Бұқаржырау ауданының Үштөбе елді-мекенінде құрылыс жүргізілетін жер учаскесі анықталды. Станцияға жоғары деңгейлі автоматтандырылған және өндірістік процесстердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қазіргі заман технологиялары қолданылған жетекші әлемдік өндірушілердің құрылғылары орнатылады.

Облыста Жезқазған өңірінде жаңа энергия көзін, Приозерск қаласында шағын-ЖЭО-ны салу, Шахтинск ЖЭО-ның қуатын кеңейту көзделуде.

Қарағанды қаласында «Қарағанды Жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ЖЭО-3-ті қайта құру жөніндегі жобасы қазандық пен турбинаны монтаждау арқылы жүзеге асырылуда, ол станцияның электр мүмкіншілігін 220 мВт және жылу қуатын сағатына 200 Гкал-ға арттыруға мүмкіндік береді..

Теміртау қаласында меншік иесі «ГЕФЕСТ» көмір кәсіпорындары ассоциациясы ҚарГРЭС-1-ді қалпына келтіру және электрді өндіру қуатын 240 мВт дейін жеткізу бойынша ұзақ мерзімдік инвестициялық жоба табысты жүзеге асырылуда.

«Қазақмыс» корпорациясы Қарағанды ГРЭС-2-де станцияны қайта құрып, қуаттылығын 55 мВт-қа арттыру бойынша жобаны жүзеге асыруда, жұмыстың аяқталу мерзімі 2008 жыл.

2007 жылы облыстық және жергілікті бюджеттерден 22 селолық елді-мекендерде тоқтаусыз орталықтандырылған электрмен қамтамасыз етуді қалпына келтіру үшін электрқуатын беруші желілер құрылысына және қайта құруға, ЖЭҚ әзірлеуге қаржы бөлінді.

Президент өз Жолдауында электрмен қамтамасыз ету тиімділігі электрді үнемдеу мен тиімді қолдануға да байланысты келетінін ерекше атап өтті.

Қазіргі уақытта облыста энергетика ресурстарын тиімді және үнемдеп пайдалануға бағытталған энергияны үнемдеудің кешендік аймақтық бағдарламасы әзірленуде.

Облысымызда энергияны үнемдеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін жұмсалған жылу, электр қуатын, су және газды есепке алу құрылғылары орнатылуда. Автоматтандырылған жылу пункттерін орнату кең таралуда.

Табиғи монополиялар субъектілерінің қолданыстағы инвестициялық бағдарламалары энергия өндіру және тасымалдау деңгейіндегі техникалық шығындарды азайтуға бағытталғандықтан негізінен кәсіпорындардың энергияны үнемдеуге арналған кешендік бағдарламасы болып табылатынын атап өту керек.

Мысалы, электр тораптарындағы электр қуатын жоғалтудың нормативтік деңгейі 17%-ды құрап отырған «Қарағанды Жарық» компаниясы 2012 жылға шығынды жартылай азайтатын инвестициялық бағдарлама әзірледі.

Қайтадан жұмыс істей бастаған энергия көздерін пайдалану мәселесі де көкейтесті мәселелердің біріне айналуда. ПРООН-мен бірлескен жоба шегінде облыста 18 жел агрегаттары орнатылды, сондай-ақ ауылдық аудандарды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін желдің күшін зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Осы мезетте әрбір тұрғын электр қуатын, газды және отынды үнемдеп пайдалануды үйренуі қажет. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсеткен міндеттерге және энергиямен қамтамасыз ету саясатына сәйкес болады.

Транспорттық (жол) коммуникация дамуының маңызы республика үшін әрқашан жоғары болып қала береді. Өткен жылдарда республикалық маңызы бар жолдардың құрылысы және қайта салу бюджеттен ақша бөлу есебінен жүргізілді. Қазір қаржылық салада жағдай қиындап отыр. Қаржыларды толық көлемде әлеуметтік бағдарламаларды орындауға жұмсау көзделіп отыр.

Бұл қуат көздерін сақтау және Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттеріне сәйкес болды.

Сондықтан бюджетке түскен салмақты жеңілдету мақсатында Астана-Бурабай, Астана-Қарағанды, Алматы-Қапшағай, Алматы-Хоргос, сондай-ақ Үлкен Алматы айналма автокөлік жолдарының құрылысы және қайта салынуы концессиондық негізде жүргізіліп, онымен жүріп-тұру үшін жүргізушілер келешекте ақы төлейтін болады. Бұл өркениетті елдердің практикасынан алынған. Жолдардың иелері болады, олар оның жағдайына жауап береді.

Президент Жолдауында атап өткен тікелей біздің облысымызға қатысы бар міндеттердің бірі «30 корпоративтік көшбасшылар» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруды Ел басы экономиканың шикізатсыз секторын дамытумен байланыстырды. Бүгінгі күні «серпінді» аталуға үміткер 100-ден астам жоба пайда болды.

Бұл отыздың ішіне біздің облысымыздың бірден-бір екі жобасы енді. Бірінішісі – металлургиялық кремний және екіншісі – сорттықпрокат өндірісі зауыттары. Бұл кәсіпорындар салынып жатыр, және алғашқы өнімдерін үстіміздегі жылда көрсетеді. Аталған серпінді жобаларды жүзеге асыру өңір үшін ғана емес, сонымен бірге мемлекетіміздің экономикасы үшін маңызды жобалар болып табылады.

«30 корпоративтік көшбасшылар» бағдарламасы мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесуін тұрлаулы жаңа деңгейге шығаруы қажет.

Президент өз сөзінде, осы жұмыстар арқылы жергілікті атқарушы органдар қызметінің бағаланатынын атап өтті.

Облыс экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін индустриалдық-инновациялық бағыттағы жаңа өндірістерді ашу бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. 2007 жылы 12–і ашылса, 2008 жылы осындай 19 кәсіпорын іске қосылғалы тұр. Оның ішінде: құрғақ тәсілмен алынатын пенополистирилден, құрғақ әдіспен цементтен жасалатын құрылыс материалдары өндірісі, бірігіп мұнай мен құрамында мұнай бар өнімдерді терең қайта өңдеу кешенінің құрылысы, химия өндірісін ұйымдастырумен және т.б.

Ауыл шаруашылығын дамыту туралы сөз қозғай келе, Президент бірінші ретте «Ауылдарымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді»,- деп атап өтті.

Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар әлеуетті ескерер болсақ, агроөнер­кәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиіс.

Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жал­пы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды.
Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті.

Президент елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиістігін айрықша атап өтті. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді әрі экспорттық әлеуетке ие.

Ерекше назар маңызды тамақ өнімдерін мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант және басқаларды өндіруді ынталандыруға аударылмақ. Одан әрмен барлық күш-жігерді ауыл шаруашылығының өнімдерін экспортқа шығаратын секторларға бағыттау қажет. Бұл жерде үлкен экспорттық әлеуетке ие мал шаруашылығы саласы да бар.

Біздің облысымыздың өндірістік болғанына қарамастан, аграрлық өнеркәсіп кешенінің дамуы мәселелеріне де үнемі көңіл бөлінеді.

Жанар-жағар майдың, тұқымның және басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың бағасын арзандатуға мемлекет пен жергілікті билік органдары тарапынан қаржы бөлу арқылы аграрлық өндірісті қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығының жаппай өнім өндіру көлемі жылдан жылға артып келеді. Соңғы жылдары ол 2 есеге, ал инвестициялық құйылымдар – 2,5 есеге өсті.

Дәнді-дақылдарды және оның басқа да түрлерін өңдеуде ылғал сақтаушы технологияны және жоғары сапалы техниканы қолдану бидай дақылдары өндірісін 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 159 мың тоннаға көбейтуге мүмкіндік берді.

Мал шаруашылығын дамытуды қолдау бағдарламасы бойынша бөлінген мемлекеттік қаржылар мал шаруашылығы өнімдерін 40-50 пайызға өсіруге септігін тигізді. 2007 жылғымен салыстырғанда 2008 жылға бөлінген қаржы 64%-ға көбейтілген.

Насихат жүргізуші тыңдаушыны ауыл шаруашылығы, оның өнімінің жоғары рентабелді бола алатынына сендіруі қажет. Ол үшін Қарағанды облысында бәсекелестікке қабілетті мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сыртқы нарықты игеру үшін үлкен мүмкіншіліктер бар.

Ветеринария жүйесіне халықаралық стандарттарды енгізу бойынша жұмыс өрістетілуде. Ветеринарлық шаралар Халықаралық эпизоотикалық бюросының жер жануарларының санитарлық кодексіне сәйкес жүзеге асырылуда.

Азық-түлік кәсіпорындары өндіретін өнімдердің көлемі артып келеді.

Сүт және сүт өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар өнім сапасын арттыруға көп мән беріп, техникалық қайтадан жарақтану мен кәсіпорынды жаңартуда. Қайта өңдеуші кәсіпорындарда ИСО сапасының менеджмент жүйесі енгізілуде.

Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді арттырумен қатар, маңызды азық-түлік өнімдерінің өндірісін ынталандыруға ерекше назар аудару қажет.

Алайда, қазірдің өзінде облысымыз бидай, ет және картофель тәрізді негізгі азық түрлері бойынша өзіндік сұранысты қамтамасыз етуде, сонымен бірге, олардың белгілі бір бөлігін экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. Ағымдағы жылы Қарағанды облысы экспортқа 49,5 мың тонна ұн және 19,8 мың тонна бидай шығарды.

Өткен жылы өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 506 мың тонна астық өндірді. Осы астықтан қалалар мен аудандарда азық-түлік қорының, сондай-ақ бірінші сортты нан бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті мөлшерде 48 мың тонна көлемінде тұрақты қор жасалды.

Облыстың барлық санаттағы шаруашылықтары тұрғындардың жылдық тұтыну мүмкіндігінің жартысын құрайтын көлемде 58,1 мың тонна көкеніс өндірді. Жемістердің және көкеністердің жетпеген кейбір түрлері шекаралас мемлекеттер мен еліміздің оңтүстік өңірлерінен кейінгі екі жылдағы «Жасыл керуен» схемасымен жеткізілетін азық өнімдері есебінен толықтырылады. Осы кезең аралығында 3000 тоннадан астам жеміс пен көкеніс тасымалданды. Осы бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасын табады.

Жолдауда макроэкономикалық саясат басымдықтарына, мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатеріне жүйелі және шұғыл әрекет етудің пәрменді механизмдерін қалыптастыру шараларына көп мән берілген. Бұл шаралар Қаржылық бақылау агенттігін нығайту, Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі салық жүйесін тиісті міндеттерге сәйкестендіру және жаңа Салық кодексін әзірлеуді көздейді. Экономиканың тиімділігі мен бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз етудегі ерекше миссияны орындау Ел басының тапсырмасымен бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттікке жүктелген.

Президент инфляциямен күресті күшейтуге баса назар аударды

Өткен жылы облыста инфляциялық процестерді ұстап тұру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді, оның нәтижесінде азық-түліктер мен тауарлардың бағаларын коммуналдық қызметтер тарифін тұрақтандыруға қол жеткізілді.

Биылғы жылы қажетті азық-түліктің бағасын тұрақтандыру және жеке-бөлшек сауданы ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттің резервтік қорында және аудандар мен қалалар бюджеттерінде шамамен 2 млрд. теңге көлемінде қаржы жинақталған. Олар ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне, азық-түлікті өңдеу, сақтау және тұтынуды ұйымдастыруға, тауар өндірушілерді жанар маймен, тұқыммен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге, қажет болған жағдайда азық интервенциясы үшін азық-түлік сатып алу үшін пайдаланылады. Мысалы, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің бағасы күрт өскен жағдайда барабар шаралар қабылдау үшін ағымдағы жылы коммуналдық кәсіпорындарға 800 млн. теңге қаржы бөлу көзделген, оның ішінде облыстық бюджеттен «Агро-Консалтинг-К» АҚ үшін 500 млн. теңге және Қарағанды қаласының бюджетінен «КарагандаАгроЦентр» ЖШС үшін 300 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күнгі экономикалық міндеттерді, халықтың әл-ауқаты мәселелерін шешу Қазақстандағы қазіргі заманғы саяси жүйені дамытусыз, қазақстандық мемлекеттілікті, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырусыз мүмкін емес.

«Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан әрі де саяси және мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін жетілдіру жолымен жүре беретін боламыз. Тәуелсіздіктің 16 жылы ішінде біз қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде, қазақстандық біртұтастық пен жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыруда өз моделі­мізді жүзеге асырдық. Бұл — біз мақтануға құқылы және бәріміз ұқыптылықпен сақтауға міндетті қазақстандық “ноу-хау” – деп атап өтті Президент. Этносаралық бітім мен келісімді нығайту процесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқаруы қажет. 2007 жылы Президенттің ұсынысы бойынша Ассамблея конституциялық мәртебе және жаңаша өкілеттікке ие болды.

Ұлттық-мәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіру мәселелерімен жергілікті жерлерде облыс әкімі басқаратын Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеялары айналысады.

Біздің облысымыздың көпұлттылығын (100 ұлттың өкілі мекендейді) айта кету керек, сондықтан әртүрлі ұлттар арасындағы келісімді нығайту биліктің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Біздің облысымызда 71 ұлттық-мәдени орталықтар құрылған. Олардың жұмыстары біздің облысымызда әрбір қазақстандықтың өзінің ұлттық мәдениеті қайнарына ұмтылуы, тілін, ата-бабаларының салт-дәстүрлерін үйренуге құқықтары облысымызда қалай іске асырылуы олардың жұмыстарынан көрінеді.

Алайда, олар өз мәдениетімен шектеліп қалмай, басқа да мәдени орталықтармен тығыз байланысып, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Осы жерде өз өңірлерінің ҰМО жұмысынан мысал келтіре кетуге болады.

Мейлінше белсенді ұлттық-мәдени бірлестіктердің жұмысын қолдау үшін жыл сайын тапсырылатын облыс әкімінің гранты тағайындалған.

Тыңдаушылардың назарын саяси жүйені дамытуға қатысты мәселеге аудару қажет. Кейбір оппозициялық басылымдарда Н.Ә.Назарбаев жаңа Жолдауында одан әрі демократиялану мәселесінде ешқандай уәде бермеді деп жазуда.

Біріншіден, Ел басы Жолдауының міндеті уәде беру емес, мемлекет, оның органдары жұмысына жалпы бағыт беру, жекелеген мәселелер бойынша нақты шараларды жариялау.

Екіншіден, мемлекетіміздің саяси өмірін одан әрі демократияландыру бағдарламасы 2007 жылғы Жолдауда, Президенттің басқа сөйлеген сөздерінде аталып өтілген.

Елбасы демократияландыру идеясын одан әрі дамыта отырып, саяси жүйені дамыту процесіндегі саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да азаматтық қоғам институттарының басты рөлін атап өтті.

Партиялар қоғамның мейлінше белсенді бөлігін біріктіреді, онда маңызы бар интеллектуалдық күштер топтастырылады, саяси элита қалыптасады. Партиялық механизмдер қоғамның нығаюына және тұрғындарды қоғамдық процестерге кеңінен тартуға мүмкіншілік жасауы қажет.

Президент үстемдік етуші «Нұр Отан» партиясы моделін мемлекетіміздің даму кезеңіндегі саяси жүйесінің тиімді түрі ретінде қарауды ұсынды. (2008 жылғы 17 қаңтарда партия көшбасшысының «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі отырысындағы материалдарды пайдалануға болады).

Біздің өңіріміз келетін болсақ, әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар азаматтық қоғам институттарымен бірлесе отырып шешуде. Бұл процесс екі жақты.

Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасуы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа, азаматтық қоғам дамуының 2006-2011 жылдарға арналған мемлекеттік тұжырымдамасын жүзеге асыруға негізделген.

Үкіметтік емес ұйымдардың ұсынысы ескереріле отырып, «Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2007-2009 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы» әзірленген. Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 106 миллион 636 мың теңге бөлінді.

Облысымыздың қалалар мен аудандар әкімдіктері үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында 2008 жылы 35 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Нақтырақ айтар болсақ, жастармен жұмыс желісі бойынша 2007 жылы үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп көптеген жобалар жүзеге асырылды, олардың басты мақсаты жастарда белсенді өмірлік позиция, салауатты өмір салтын сақтай білуді, тұрмыстық мәселелерді дұрыс шешуге қалыптастыру.

Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Президент маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырады.

Ел басы нақты міндеттерді атады: «Құқық қорғау және сот жүйесі қазақстандықтардың құқықтарының әділ де тиімді қорғалуын, бизнеске заңсыз араласуды болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл саладағы басым бағыт – жазалаушы іс-әрекет емес, құқық бұзушылықтарды абайлату мен олардың алдын алу болуға тиіс».

Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. Бағдарламада қарастырылған шараларға сәйкес барша мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуі және оның алдын-алу бойынша шаралар қолдануы қажет.

Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте облыстық ұйымдар жанындағы «Нұр Отан» арнаулы кеңестерінің маңызы зор екендігін атап өтті. Облысымызда осындай қоғамдық кеңес жұмысын бастап кетті.

Ерекше назарды азаматтар мен ұйымдар құқықтарының жер қатынастары, тұрғын үйді үлестіру, шағын кәсіпкерлікті қолдау салалары тәрізді әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша сақталуын аудару қажет.

Жолдаудың аталған тарауын талдау барысында Ел басының Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінің материалдарын пайдалануға болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызын айта келе Президент: «Мен бұл мәселені көтеруімнің себебі, Қазақстандағы жағдайдың өзге мемлекеттермен салыстырғанда нашар болуынан немесе әртүрлі сипаттағы рейтингтердің кезең сайын жариялануының мені мазалауынан емес, сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекелестікке қабілеттілігін төмендетуінен, қоғамдағы демократиялық бастамаларға кедергі келтіруінен, адамдардың құқық және адамгершілікке деген сенімін, ең соңында – билікке сенімін жоғалтуға апаруатындықтан» - деп атап өтті.

Біз БҰҰ 2003 жылғы 31 қазандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Тұжырымдамасын бекітуді көздеп отырмыз және біз сыбайлас жемқорлықтың азайюына бағытталған өте қатаң және тиімді шаралар қолданамыз. Бізге сыбайлас жемқорлық көрсеткіштері төмен Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Австралия, Жаңа Зеландия елдеріне бағыт ұстануға болады.

Сыбайлас жемқорлықпен және парақорлықпен барлығымыз бірігіп, ел болып күресу қажет және күресу керек. Мен айтқандай «Нұр Отан» партиясы бұл істе алдыңғы қатарда болуы қажет. Менің сөздерім басқа да азаматтық қоғам институттарына, барлық ел азаматтарына арналады.

Сыбайлас жемқорлық айқындықты жек көреді – сондықтан барлығымыз айқындыққа қол жеткізіп, заңсыз кірісі бар тұлғаларды анықтауымыз қажет, мемлекеттік қызметте жүріп бизнеспен заңсыз айналысушыларды заңдылықтарда көрсетілген жауапкершіліктерге тарту қажет. Бұқаралық ақпарат құралдарының сынын назарға алып, фактілерді тексеріп, жауаптарын жариялау керек».

Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс.
  1   2   3   4

Похожие:

Насихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың iconАсубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың
Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халық...
Насихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың iconБолашақТЫҢ іргесін бірге қалаймыз! Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 28. 01. 2011ж
Насихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың icon«бекітемін» Арқалық қаласының әкімі Т. ТӨлеубаев қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын насихаттау бойынша...
Насихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың iconҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті стипендиаттарының иегерлері-магистранттармен кездесуінде сөйлеген сөзі. 30. 09. 2011ж
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті стипендиаттарының иегерлері-магистранттармен кездесуінде...
Насихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың iconТарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Ауданда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» -атты Жолдауын аудан тұрғындары...
Насихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың iconҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 28. 01. 2011ж
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 28. 01. 2011ж
Насихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың iconҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан ғалымдарының форумында сөйлеген сөзі. 01. 12. 2011ж
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан ғалымдарының форумында сөйлеген сөзі. 01. 12. 2011ж
Насихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың iconҚазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын...
Насихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың iconҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылу
Насихат жүргізушілерге көмекке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың iconҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмыстардың есебі
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмыстардың есебі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница