Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
страница1/5
Дата конвертации23.11.2012
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


А.М. Ғазалиев, О.В. Бакбардина, Т.П. Смолькина, В.В. Готтинг

ҚарМТУ-да СТУДЕНТТЕРДІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МОДЕЛІНІҢ

шеңберінде ендірілген куратор сағаттарын өткізу бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Қарағанды 2012


ӘОЖ – 355.233 (07)

КБЖ – 74.200.50я7

Ғ-13
Құрастырған авторлар:

Ғазалиев А.М. – х.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, ҚарМТУ ректоры;

Бакбардина О.В. – х.ғ.д., ТЖ жөніндегі проректор;

Смолькина Т.П. – п.ғ.к., ҚарМТУ-дың КО және БӘД кафедрасының профессоры;

Готтинг В.В. – п.ғ.к., ҚарМТУ-дың КО және БӘД кафедрасының доценті.

Пікір жазған:

Егоров В.В. – п.ғ.д., профессор, ҚарМТУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры.

Ғ–13 Ғазалиев А.М., Бакбардина О.В., Смолькина Т.П., Готтинг В.В. ҚарМТУ-да студенттерді партиоттық тәрбиелеу моделінің шеңберінде ендірілген куратор сағаттарын өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2009. – 61 б.

Әдістемелік нұсқаулар студенттермен куратор сағаттарын өткізгенде кураторларға көмек көрсетуге арналған. Нұсқауларда жоғары мектептегі тәрбие жұмысы теориясының жалпы мәселелері, патриоттық тәрбиелеу функциялары, әдістері мен түрлері баяндалған. Студент жастарды азаматтық тәрбиелеу бағыттарының бірі ретінде патриоттық тәрбиелеуге негізгі назар аударылған.

ӘОЖ – 355.233 (07)

КБЖ 74.200.50я7
 Қарағанды мемлекеттік


техникалық университеті 2009

КІРІСПЕ
«Бүгінгі күні Қазақстанның қоғамдық санасы сферасында

қандай да дүниетанымдық вакуум, патриотизм сезімдері

мен идеяларын тәрбиелеуге, жағымды әлеуметтік маңызды құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған сапалы идеологиялық жұмыстың жетіспеушілігі байқалады»

Н.Ә. Назарбаев
«Ешкім де кездейсоқ түрде жақсы адам болмайды»

Платон
«Егер ертеңгі күніңді ойласаңегін ек, егер 10 жылға бұрын ойласаңорман ек, егер де 100 жылға бұрын ойласаң

бала тәрбиеле»

Халық даналығы
 

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев бүгінгі күні бізге қоғамның әлеуметтік-демократиялық, конфессиялық, әлеуметтік-саяси құрылымының өзгеру, әр түрлі бұқара топтары құндылықтары мен дүниетанымының өзгеру процестерін терең ұғыну керек екендігін атап өтті. Президент бұл жұмысты Қазақстанның ғалымдарына жүктеу керектігін айтты: «Институттар жаңа тарихты, Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуын және дамуын, жаңа халықаралық рольді, біздің мемлекетіміздің мәртебесін зерделеумен және жан-жақты түсіндірумен, сондай-ақ патриотизм идеологиясын, біздің мемлекетіміздің жетістіктері үшін мақтанышты таратумен, біздің тәуелсіздігімізді насихаттаумен айналысуы тиіс… Басты назарды тарихи-мәдени мұрадан Қазақстанның қазіргі мәдениеті мен құндылықтарын дамытуға аудару керек, онсыз қоғам жан-жақты дами алмайды, біз әр түрлі мәдениеттердің ықпалына ұшырайтын жас ұрпақтан көз жазып қаламыз».1

Тәрбие мазмұнының қазақстандық компоненті 2006-2011 жылдарға арналған «ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында» нақты анықталған, онда тәрбиенің басым бағыттарының бірі қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады.

Патриотизм идеясы барлық уақытта да қоғамның рухани өмірінде ғана емес, сонымен бірге оның қызметінің барлық маңызды – мәдени, идеологиялық, саяси және басқа сфераларында ерекше орын алады. Қазір қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу туралы, осы ұғымның мағынасы неде, оның басты принциптері қандай екендігі туралы көп айтады. Бірақ патриотизм ұғымының өзінің өте терең, қиын бағаланатын мәні бар.

Патриотизм - (грек тілінен – атамекен, Отан) – Отанға деген махаббат, оның тағдыры үшін жауапкершілік сезімі, оның мүдделеріне қызмет көрсету және ішкі өмір сферасындағы және халықаралық аренадағы оның жетістік-теріне қызмет көрсетуге әзірлік және қабілеттілік. Отан сезімі – бұл қасиетті сезім. Кеңестік патриотизмде өскен және тәрбиеленген ұрпақ дәлме-дәл барлық посткеңестік мемлекеттерге қатысты заманалық өзгерістерді бастан кешіруде. Өзінің мемлекеттік құрылысы мен мемлекеттілігінің тұжырымдамасы бар жаңа мемлекеттер пайда болды. Қазақстан да ерекшелік емес. Қазіргі Қазақстанның көптеген жетістіктерін Президент Н.Ә. Назарбаевтың атымен, оның саяси ерік-жігерімен, дана көрегендігімен, жоғары патриоттылық сезімімен және Қазақстанды әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елінің қатарына кіруге қабілеті бар, экономикалық мықты, демократиялық мемлекет етуге деген орасан зор тілегімен байланыстырады. Осы міндеттерді іске асыру үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде студент жастарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасы өнегесінде патриоттық тәрбиелеу моделі ендірілді, ол мемлекет басшысымен белгіленген өз елінің лайықты азаматтарын қалыптастыру міндеттерін шешуге арналған.

Азаматтарды, соның ішінде студент жастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс әрі қарай жетілдіру мен дамытуды талап етеді. Бүгінгі таңда студенттерді патриоттық тәрбиелеу патриоттық сананы, соның ішінде мемлекеттік сананы қалыптастыру талаптарына, сондай-ақ өзінің атамекеніне адалдық пен шынайы берілгендік сезімін тәрбиелеуге, азаматтық борышын және негізгі конституциялық міндеттерін орындауға әзірлігіне толық жауап беруі тиіс.

Қазақстандық патриотизм – ерекше патриотизм, өйткені Қазақстанның көп ұлтты халқының олар үшін ортақ Отанға қатынасы туралы сөз қозғалып отыр. Қазақстандық патриотизм – бұл посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып алға шыққан және өзінің ауқымды өзгерістерімен шетелдік саясаткерлерді, мемлекет басшыларын ғана емес, сонымен бірге өзінің отандастарын да таң қалдырып, жаңа мемлекет құрып жатқан, өзінің Отанын мақтан тұтудың орынды негізі.

Қазіргі уақытта жасына, Отанына деген сүйіспеншілік сезіміне қарамастан, әрбір азаматтың бойында патриотизмді тәрбиелеу, жоғалтылған мемлекеттік сана-сезімді қалпына келтіру және осы идеологияны барлық жерде ендіру қажет. Мемлекеттік тұрғыдан ойлайтын адамның өз мемлекетінің заңдарын құрметтейтіні, оны аялайтыны және қорғайтыны белгілі. ҚарМТУ-да әзірленген патриоттық тәрбие моделі болашақ Қазақстанның интеллектуалдық элитасы - студенттердің бойында мемлекеттік сананы қалыптастыруға мүмкіндік береді. Патриоттық тәрбие моделі студент жастармен жұмыс істеудің тұжырымдамалық ресімделген идеяларының, түсініктерінің, көзқарастарының, нысандары мен әдістерінің жүйесі ретінде қоғамның мүдделерін, дүниетанымын және мұраттарын сипаттайды, Университеттің ғана емес, сонымен бірге еліміздің, біздің Отанымыздың, егеменді Қазақстанның дамуында маңызды анықтаушы роль атқарады.

ҚарМТУ-дың әрбір студенті ендірілген патриоттық тәрбиелеу жүйесінің және қалыптасқан сана-сезімінің арқасында қоғамға қажет мемлекеттік идеологияны іске асыруға мүмкіндік туғыза алады. Мемлекеттік сана және көзқарас халықтың тарихи сана-сезіміне, өз тарихын білуіне, ел тарихындағы жеке тұлғаның ролін зерделеуге негізделген, сондықтан студент жастардың ойларында халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, қазақстандық патриотизмнің негізіне жататын тарихи сана-сезімді қалыптастыру қажет. Өзінің ұлы ата-бабаларының даңқты тарихына қатыстылық және уақыттар байланысы, мемлекет алдындағы мыңдаған жылдар бойы сол немесе басқа шамада болып келген жауапкершілік әрбір студенттің – қазақстандық патриот-тың дүниетанымындағы мемлекеттіліктің мықты базасы болып табылады.

Патриотизм немесе мемлекеттік және тарихи сана студенттердің бойында кураторлардың тәрбиелеу жұмысының шеңберінде, студенттердің куратор сағаттарында алатын білімдерінің негізінде қалыптасады. Жоғары оқу орындарында білім алатын қазіргі заманғы жастардың болашақта қоғамның саяси, экономикалық және ғылыми элитасын құрайтыны туралы ұмытуға болмайды. Атап айтқанда осы жастар әлеуметтік-саяси және мәдени түрлендіру процестеріне басты қатысушылар болады. Студент жастардың қалай жеке бағдарлануына, оларға білім беру жүйесінің қандай әлеуметтендіруді ұсынуына және жастардың азаматтық санасында қазақстандық мәдениеттің, тарихтың, менталитеттің қандай құндылықтары қалыптасуына байланысты қазақстандық қоғам дамуының табыстылығы анықталатын болады.2

ҚарМТУ-да кураторлық жұмысты ұйымдастыруға, отандық тарихты және ондағы жеке тұлғаның ролін қосымша зерделеуге бағдарланған аудиториядан тыс шараларға маңызды көңіл бөлінеді. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: «Көп ұлтты жастарды өздерін Қазақстанның тарихымен, алдыңғы ұрпақтың маңызды өмірлік құндылықтарымен сәйкестендіруге үйрету керек. Жастарға нақты өмірлік бағдарлар беріп, оларды күмәнді идеялардың ықпалынан қорғау керек».

Атап айтқанда мақсатқа бағытталған тәрбие адамды өмірдегі басты рольдің бірі – азамат роліне дайындауы тиіс, ол азаматтық міндеттерді – елдің, ата-ананың алдындағы парыз сезімін, ұлттық мақтаныш және патриотизм сезімін, мемлекет Конституциясын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді, ел тағдыры үшін жауапкершілікті, мемлекеттің ұлттық және табиғи байлықтарына ұқыпты қатынасты көздейді.

Қазіргі Қазақстан қоғамының осы сәттегі даму жағдайы студент жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін жақсы алғышарттар тудырады. Патриотизмді, толеранттылықты және ұлттық келісімді қабылдау адамгершіліктің төмендеуі, «ұрпақты жоғалту» сияқты ұғымдарға, біреудің асырауында болушылық сезіміне қарсы тұрады және әлеуметтік парықсыздыққа, қылмыс пен нашақорлықтың өсуіне қарсы бағытталған, сондықтан Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу негізін қазақстандық патриотизм және ұлттық келісім құрайды.

Тәрбие – қоғам дамуының маңызды стратегиялық ресурсы. Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасуы жағдайларында тәрбиенің басты мақсаты жеке тұлғаны кәсіптік және әлеуметтік білікті, өзгеріп жатқан әлем жағдайларында шығармашылық пен өзін-өзі анықтауға қабілетті, азаматтылық пен патриотизмнің, жауапкершілік пен жаңаны құруға ұмтылыстың дамыған сезімдерін иеленген түрде қалыптастыру болады. Білім беру қызметі жүйесіндегі тәрбие міндеттерін шешудің басымдылығы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында айқын белгіленген. ҚарМТУ үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға, әлеуметтік, этикалық, мәдени, экологиялық аспектілерді есепке алып қоғамның проблемаларын ұғынуға, қоюға және шешуге қабілетті азаматты тәрбиелеуге, толерантты, адамгершілік жауапты, ұжымда оңай бейімделетін, бәсекелестік жағдайларында еңбек етуге әзір және өзінің туған білім ордасымен байланысты үзбейтін болуына барынша мүмкіндік туғызады.

Студентті шығармашылық, жан-жақты дамыған жеке тұлға, өмірлік ұстанымы белсенді азамат және қазіргі заманғы кәсіби шебер-маман ретінде қалыптастырудың маңызды шарты университеттің корпоративті мәдениетіне негізгі түрде қосылған тәрбиелеу жұмысының жүйесі болып табылады. Студент жастар тәрбиесі білім беру процесінің ажыратылмас бөлігі, осыдан, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес әрбір оқытушының, куратордың және ЖОО қызметкерінің кәсіби міндеті болып табылады.

Берілген әдістемелік нұсқаулар академиялық студенттер топтарының кураторларына тәрбие теориясының негіздерін өз бетімен зерделеуіне; университеттегі тәрбие жұмысының мәнімен, мазмұнымен және құрылымымен танысуына; студенттермен тәрбие жұмысының негізгі заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен түрлерін қарастыруына мүмкіндік береді. Берілген әдістемелік нұсқауларда академиялық топ кураторының ролі, тәрбиелеуде педагог-куратордың әсер ету түрлерін, сондай-ақ куратордың студенттерге әсер етуінің ұсынылатын механизмдері берілген. Әдістемелік нұсқауларға берілген қосымшада студенттер топтарымен тәрбиелеу жұмысында қолданылуы мүмкін болатын, куратор сағатының үлгілі жоспар-сценарийі және тәрбиелік іс-шараны талдау сұлбасы берілген.

Әрине, берілген әдістемелік құрал ЖОО-да тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі мәселелерінің шағын үлесін де тәмамдамайды, бірақ біз оның кураторларға студенттерді тәрбиелеудің тұтас жүйесінде практикалық көмек көрсететініне, сондай-ақ жас педагогтардың практикалық қызметте сәтті қолдануы мүмкін болатын, бастапқы әдістемелік құралды иеленуіне мүмкіндік беретініне сенеміз.

  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница