Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
страница2/5
Дата конвертации23.11.2012
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

1 ЖОО-дағы ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ

МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ



Патриоттық тәрбиенің не екенін және студенттер жеке тұлғасының патриоттық қасиеттерінің қалай қалыптасатынын анықтау үшін ЖОО-дағы тәрбие жұмысының жалпы ұғымдарын қарастыру қажет.

Тәрбиелеу қоғамдық құбылыс ретінде – өскелең ұрпақтың қоғамның өміріне, тұрмысқа, қоғамдық-өндірістік қызметке және адамдар арасындағы қатынастарға енуінің, кіруінің күрделі және қарама-қайшы әлеуметтік-тарихи процесі. Ол қоғамдық прогресті және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жоғары мектептегі тәрбие – ЖОО оқытушыларының, кураторларының, қызметкерлерінің студенттерде сенімдер, алынатын біліммен көзделген адамгершілік нормалар мен жалпы мәдени қасиеттер жүйесін қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмысы.

Тәрбиелеу процесі мақсатты кешенге сәйкес жүзеге асырылады (1-сурет), бірақ құрама бөліктердің жай ғана қосындысы болып табылмайды, олар өзара байланысқан, ЖОО тіршілік әрекетінде ширатылады, өзара әрекеттеседі, көбінесе бір-бірін толықтырады. Кураторлардың тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары: азаматтық-құқықтық, мәдени-адамгершілік, гуманитарлық-эстетикалық, экологиялық, дене тәрбиесі болып табылады. Берілген әдістемелік нұсқауларда Қазақстан азаматының қасиеттерін қалыптастыру негізі ретінде студенттерді патриоттық тәрбиелеуге негізгі көңіл бөлінген.


Мақсатты кешен:

міндеттер






Педагогтың, қоғамдық ұйымдардың тәрбиелеуші қызметі

Жеке тұлғаны қалыптастыратын студенттердің қызметі



әдістері, құралдары

мазмұны, пішіндері

Жеке тұлғаны қалыптастыру-дың негізгі компоненттері

Бағыттары

(құрама бөліктері)


Қызмет түрлері





Патриоттық,

саяси, адамгершілік, еңбек,

эстетикалық,

дене шынықтыру және т.б.


Қоғамдық-саяси, еңбек, көркем,

танымдық және т.б.



Нәтижесі: көзқарастары, сенімдері, сапалары, құндылықтары, қатынастары, қабілеттері



1-сурет – Тәрбие процесінің мақсатты кешені

2 ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Жастарды патриоттық тәрбиелеу қазіргі заманғы адамгершілік талаптарын есепке алатын, жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығы негізінде руханилықты қалыптастыру факторлары мен механизмдерін пайдалану арқылы тұтас, тәрбие процесі ретінде жүзеге асырылуы тиіс.

Педагогикалық ұғым ретінде патриоттық тәрбиелеудің мазмұнына үш елеулі белгі кіреді:

біріншісі – мақсатқа бағытталғандық, әлеуметтік-мәдени бағдар ретінде қандай да бір үлгінің, берілген жағдайда қазіргі Қазақстанның жетістіктері мысалында студенттерді патриоттық тәрбиелеудің бар болуы, олар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен, оның саяси ерік-жігерімен, дана көрегендігімен, Қазақстанды экономикалық мықты, демокра-тиялық мемлекет етуге деген орасан зор тілегімен тығыз байланысқан;

екіншісі – процесс барысының адамзаттың тарихи дамуының жетістіктері ретінде әлеуметтік-мәдени құндылықтарға сәйкестігі;

үшіншісі – ҚарМТУ студенттерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасы өнегесінде патриоттық тәрбиелеу Моделінің – ұйымдастырылатын ықпалдардың белгілі жүйесінің бар болуы.

ҚарМТУ-да патриоттық тәрбиелеу белгілі тәрбиелеу жүйесі арқылы жүзеге асырылады, оған студенттердің жалпы азаматтық және жалпы адамзаттық патриоттық идеяларды меңгеру мүмкіндіктерін есепке алу арқылы құрылатын мақсат-функциялар кешені; ҚарМТУ-дағы, ЖОО тыс және қоғамдық ұйымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы патриоттық тәрбиелеудің мазмұны мен түрлері кіреді.

Тәрбиелеу процесінде патриоттық тәрбиелеудің келесі мақсат-функция-ларын атап көрсетеді. Білім беру мақсаты-функциясы студенттерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестендіру проблемасын шешу принцип-терін, қазақстандық патриотизмді, Отан тарихы мен мәдениетін дамытудың тарихи алғышарттарын, қоғамды қайта құру мен жаңартудың жалпы адамзаттық және жалпы азаматтық патриоттық және саяси құнды бағдарларын ашудан тұрады.

Студенттермен жүргізілетін патриоттық жұмыстың тәрбиелік функциясы олардың мықты және қолайлы қоғамдық-азаматтық қызметке қосылуына қарай айқындалады. Атап айтқанда, осында студенттердің бойында патриотизм мен интернационализм сияқты жоғары сезімдер, сондай-ақ адамның туып-өскен жеріне жақындығы; ана тіліне деген құрметті көзқарасы; Отанның мүдделері жайындағы қамқорлық; азаматтық сезімдерді білдіру және Отанға адалдықты сақтау; оның әлеуметтік және мәдени жетістіктері үшін мақтаныш; оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау; Қазақстан Республикасының өткен тарихына және одан мұраға қалған дәстүрлерге құрметті көзқарас; өзінің еңбегін, күші мен қабілеттерін атамекеннің гүлденуіне арнауға ұмтылу сияқты жоғары сезімдер қалыптасады.

Студенттермен жүргізілетін патриоттық жұмысты дамытушы функция білім беру және тәрбие беру жұмысынан шығады. Патриоттық таным және қызмет патриоттық ойлау, әрбір қоғамдық маңызды фактіні, оқиғаны жаңа құрылған ой ұстанымынан ұғына білу қабілетін қалыптастырады.

Қазіргі әлемде қоғамдық және адамдардың жеке өмірінің бүкіл атмосфера-сы саяси ақпаратпен, қарама-қайшы нұсқаулармен, бағалармен, құнды бағдарлармен қаныққан. Олардың санасында саяси идеология БАҚ-тың ықпалымен түсіндіріледі. Бұл педагогтардан, ЖОО әкімшіліктерінен патриотизммен, фактілер мен оқиғаларды ұғынумен тығыз байланысқан саяси ақпаратты қабылдау ерекшеліктері білімімен қарулануды талап етеді.
3 КУРАТОРДЫҢ Тәрбиелеудегі РОЛІ.

КУРАТОРДЫҢ СТУДЕНТТЕРГЕ ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ
«Куратор» сөзі – латын тілінен (сиrаtor) шыққан, бұл қамқоршы дегенді білдіреді. Куратор – бұл студенттердің тіршілік әрекеті: тәрбиелеу, бос уақытын ұйымдастыру, еңбек етуі, әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелерін шешу үшін деканатпен тағайындалған оқытушы. Университетте куратор студенттермен бір мезгілде пайда болды және жоғары білім дамуының бүкіл тарихында іс жүзінде жалғасып келеді, онымен бірге оның міндеттері, мәртебесі, қызметінің мазмұны, студенттермен өзара қатынасының сипаты өзгерді. Тәжірибелі куратор болу үшін, арнайы әдістемелік әдебиеттерді оқу, басқа оқытушылардың тәжірибелерін зерделеу қажет. Сондықтан, біздің көзқарасымыз бойынша, студенттердің бойында патриоттық қасиеттерді қалып-тастыру кезінде куратордың оларға ықпал ету механизмдерін қарастыру қажет.

Тәрбиелеудегі ықпал – педагогтың функцияларын жүзеге асыру түрі, адамның жеке тұлғасының қандай да бір ерекшеліктерінің, оның тәртібі мен санасының өзгеруіне әкелетін, әлеуметтік өзара әрекеттесудің бірыңғай процесіндегі куратордың қызметі. Куратордың жеке-өзгеше ықпалы студенттерге олар әлі меңгермеген жеке тұлға белсенділігінің үлгілерін беруден тұрады, оларда оның жеке-психологиялық мінездемелері (мейірімділік, көпшілдік және т.б.) сипатталады. Куратордың функционалды-рольдік ықпалы – оның ролімен берілетін мүмкін тәртібінің тәсілдерімен байланысты функцияларын және студенттермен өзара әрекеттесуін жүзеге асыру түрі, нәтижесінде олар педагогтан әлеуметтік құндылықтарға және әрекеттерге үйренеді.

Бағытталған ықпал – бұл куратордың белгілі студенттерге немесе олардың нақты жеке қасиеттеріне, әрекеттеріне бағдарланған ықпалы. Бағытталмаған ықпалбелгілі объектіні көздемейтін ықпал. Тура ықпал куратордың өзінің ұстанымын және онымен байланысты студентке қоятын талаптарын тікелей айқындауы. Жанама ықпалтікелей ықпал ету объектісіне емес, қоршаған ортаға бағытталған ықпал.
4 СТУДЕНТТЕРДІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ
Куратор тәрбие процесінің мазмұнын белгілі нысандар арқылы іске асырады. Нысанбұл тәрбиелеу жұмысының сыртқы түрі, оның қабықшасы. ЖОО жағдайларында студенттерді тәрбиелеу жұмысының көпшілік (тақырып-тық кештер, спорттық шаралар, аумақты жақсарту бойынша шаралар), топтық (секциялар, үйірмелер, студиялар, клубтар), жеке (әңгімесулер, жеке тапсырма-лар) нысандары пайдаланылады (2-сурет). Көпшілік және топтық шаралардың жеке сипаты болады, ол әдістемелік мәдениет деңгейімен және шараларды ұйымдастырушылардың мүдделерімен анықталады.


НЫСАНДАР

Экскурсиялар, жорықтар


Мерекелер, кештер

Шоу-бағдарламалар

Не? Қайда? Қашан?

Брейн-ринг

Дөңгелек үстелдер

Қызықты, іскерлік,

рольдік ойындар

Қабырға газеттері

Конференциялар


Олимпиадалар

Кездесулер

Фестивальдар

Викториналар

Тренингтер

КТК және т.б.

Көрмелер

Конкурстар

2-сурет – Тәрбиелеу жұмысы нысандарының алуан түрлері

ЖОО-да студенттер, әсіресе жоғары курстарда, әр түрлі шараларды және қызметтің алуан түрлерін ұйымдастырушылар болады: қоғамдық-саяси, көркем, еңбек, спорттық, волонтерлік, туристік, экологиялық және т.б. Қызмет түрлерінің әрқайсысының өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны бар, олар арқылы және олардың іске асыру процесінде студенттерді – қызметке қатысушыларды тәрбиелеу жүзеге асырылады. Тәрбиелеуді ұйымдастырушы-ларға істің (қызметтің) мақсатын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелеудің мақсатын да ұсыну қажет, олай болмағанда қызметке қатысу не тәрбиеге қатысты бейтарап процесс болуы, не болмаса маңыздылығы күтілгеннен азырақ болуы мүмкін.

Куратор сағаттарын өткізудің кейбір түрлерін қарастырамыз.

Патриоттық тәрбиелеудегі рольдік ойын – тәрбиелеу процесінің тиімді маңызды нысандарының бірі, ол практикалық тәжірибені және өмірлік құнды патриоттық мақсаттарды дамытады.

Рольдік ойын үшін тақырыпты таңдау куратор сағаттарын өткізудің осы түріне тән, екі түйінді сөзбен алдын ала анықталады: «рольдік» және «ойын».

«Рольдік» деген сөз барлық қатысушылардың ерекшеленетін құрама бөліктерге бөлінетінін және тұтастығын, атап айтқанда ерекшеленетін және өз бетімен әрекет ететін бөліктердің өзара әрекеттесуімен қол жеткізілетін, қандай да бір құрылымды құрайтынын білдіреді. Өзара әрекеттесудің осындай типі қоғамдық процестерге тән. Сондықтан да рольдік ойын қоғамдық проблемалар мен әрекеттерді тәрбиелік меңгеру үшін жақсы келеді, бұл рольдерді ойындық үлестіру түрінде оқу тобын нақты қоғамға немесе жеке қоғамдық процеске ұқсастыруы, қоғамды немесе оның жеке процесін оқу түрінде қайталауы, көшірмелеуі, оған еліктеуі мүмкін.

Бұдан шығатын тұжырым: қоғам ойынын ойнау керек, тақырып «қоғамның өмірінен» болуы тиіс.

Мысал үшін рольдік ойындардың бірнеше тақырыбын келтіреміз (6-семестр):

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары.

  2. Зияткерлік меншік және оны қорғау.

  3. Студенттің құқықтары мен міндеттері.

  4. Құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік шаралары.

  5. Жастардың девианттық тәртібі және оның салдары.

  6. Еңбек заңдары және жас маман.

  7. Отбасы-неке қатынастарын реттеу туралы ҚР заңдары.

  8. Дін тұту мәселелерін реттеу бойынша ҚР заңдары.

  9. Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен міндеттері.

Рольдік ойындарды өткізу тәжірибесі қатысушылардың рольді мәні бойынша, мазмұнды әзірлеп қана қоймай, сонымен бірге олардың рольдерінің нақты кейіпкерлерін, өмірдегі нақты прототиптерін (Президентті, партиялар көшбасшыларын, атақты кәсіпорын директорын және т.с.с.) білдіреді. Оқытушы тарапынан мұнымен күресудің де, не оған көп назар аударудың да керегі жоқ. Бұл - ойынның эмоциялық құраушысы. Рольдік ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі А қосымшасында берілген.

Іскерлік ойын – тәрбие процесінің танымал және тиімді белсенді нысаны, ол төмендегілерді дамытады:

    • біріншіден, жинақталған теориялық және қолданбалы білімді, сондай-ақ практикалық тәжірибені еркін меңгеру және тікелей құрамдастыру дағдылары;

    • екіншіден, міндеттердің қойылымын түсіну және өз бетімен немесе командада оларды шешу жолдарын табу қабілеттілігі;

    • үшіншіден, кәсіби шеберлер командасында, яғни ұжыммен жұмыс істеу қабілеттілігі мен әдеті.

Іскерлік ойындар үшін тәрбие мәндеті түрінде баяндалған, нақты немесе арнайы құрастырылған жағдайлар келеді. Ойын ережелері мұндай міндеттер үшін нақты өмірде бар болатын шектеулер мен мүмкіндіктерді қайталайды (модельді болуы мүмкін).

Онда қатысушылар әр түрлі қоғамдық мүдделері бар қоғамдық субъектілерді білдіретін рольдік ойыннан ерекшелігінде, іскерлік ойында барлық қатысушылар бір қоғамдық мүдденің шеңберінде болады немесе олардың қоғамдық мүдделері айырмашылығының мағынасы жоқ. Олардың мүддесі – қойылған міндетті тиімдірек шешу. Іскерлік ойында – маманды ойнау керек, тақырыбы қандай да бір кәсіптік саладан болуы тиіс. Іскерлік ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі Б қосымшасында берілген.

Мысал үшін іскерлік ойынның бірнеше тақырыбын келтіреміз:

  1. Қазақстан халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) және Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша Кеңестің (АӨСШК) ролі (2-семестр).

  2. Еуразиялық идеясы және Қазақстан. Қазақстанның Шанхай ынтымақ-тастығы ұйымына қатысуы (2-семестр).

  3. Қазақстан – Болон конвенциясының талаптарын іске асырудың аймақтық көшбасшысы (2-семестр).

  4. Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясы. Қазақстандағы адам құқықтары (6-семестр).

В және Г қосымшаларында сәйкесінше «Қазақстанның қазіргі кезеңдегі мәдениеті» тақырыбына брейн-ринг және «XXI ғасыр көшбасшылары» ойынын өткізу ережелері берілген (4-семестр).

Студенттерді патриоттық тәрбиелеудің жалпы жүйесінде қоғамдық қайраткерлерді, Корпоративті Университет мүшелерін, ҚарМТУ-дың Ақсақалдар Кеңесін, жетекші ғалымдарды, ҰОС, Қарулы Күштер ардагерлерін, ҚарМТУ-дың Әскери кафедрасының өкілдерін шақыру ерекше орын алады, мысалы, «Қарулы Күштер қатарында қызмет ету – Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы және міндеті» тақырыбы бойынша (6-семестрде куратор сағаттарының күнтізбелік жоспары бойынша өткізіледі «Құқықтық тәрбиелеу негіздері»3). Куратор сағаттарын өткізудің мұндай нысаны оларды өткізудің ұйымдастыру-әдістемелік қатынаста тым күрделі болуына, оның тақырыптық және қисынды-ұйымдастырушылық бірлігінде белгілі мазмұнның айқындалуын талап ететініне қарамастан, студенттердің рухани сферасына бейнелі-эмоциялық ықпал етудің елеулі мүмкіндіктерін иеленеді. Бұл жан-жақты талқыланған сценарийді әзірлеуді болжайды, онда қойылған міндеттерді шешу үшін патриоттық тәрбиелеу құралдарын пайдалану жүйелілігі анықталуы тиіс. Куратор сағатын өткізу сценарийі Д қосымшасында берілген.
5 СТУДЕНТТЕРДІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Әдістерді анықтау үшін негіз ретінде ғалым-педагогтар тәрбиелік өзара әрекеттесу тәсілдерін таңдауда тәрбиеші-куратордың ұстанымына бағдар-ланады. Куратор мен студенттің арасында анықталатын бірқатар өзара әрекеттесуді атап көрсетуге болады: студенттің өз-өзіне, өзінің отбасына қатынастарының сипатына ықпал ету тәсілдері; оны құрдастарымен, жұмыс-тағы қызметкерлерімен қатынасу жүйесіне қосу; көзқарасты түзету тәсілдері, құнды мақсаттарды және тәртіп стилін өзгерту. Яғни тәрбиелеу әдістерінің бір мағыналы анықтамасы болмайды.

Сонымен бірге, студенттің қоғамға немесе өз-өзіне, қызметі тақырыбына немесе тәсіліне, басқа адамға немесе адамдардың тұтас тобына қатынастарын өзгертуге олардың ортақ бағытталғандығы айқындалған. Бұдан тәрбиелеу әдісі адамға ықпал етудің ғана емес, сонымен бірге өзара әрекеттесу құралдарының бірі болып табылатыны шығады.

Тәрбиелеу әдісі оны құраушы элементтерге (бөліктерге, тетіктерге) ыдырайды, олар әдістемелік тәсілдер деп аталады. Әдіске қатысты тәсілдер жеке, бағынышты сипатта болады. Олардың өзіндік педагогикалық міндеттері болмайды, берілген әдіс көздейтін міндетке бағынады. Әр түрлі әдістерде сол және бір әдістемелік тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Және керісінше, әр кураторда сол және бір әдіс әр түрлі тәсілдерден құралуы мүмкін.

Тәрбиелеу әдістері және әдістемелік тәсілдер өз арасында тығыз байланысқан, олар өзара ауысуы, нақты педагогикалық жағдайларда бір-бірін ауыстыруы мүмкін. Бір жағдайларда әдіс – педагогикалық міндетті шешудің өзіндік жолы ретінде, басқа жағдайда жеке тағайындалған тәсіл ретінде болады. Мысалы, әңгімелесу сананы, көзқарастар мен нанымдарды қалыптастырудың негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге ол патриоттық тәрбиелеу моделін іске асырудың әр түрлі кезеңдерінде пайдаланылатын, негізгі әдістемелік тәсілдердің бірі болуы мүмкін.

Сөйтіп, әдіске бірқатар тәсілдер кіреді, бірақ оның өзі олардың қарапайым қосындысы болып табылмайды. Сонымен бірге тәсілдер куратор жұмысы әдістерінің алуан түрлілігін анықтайды, оның педагогикалық қызметі-нің мәнеріне даралылық береді. Жоғарыдан тәрбиелеу әдістері – бұл куратор мен студенттердің жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешу бойынша бірлескен мақсатқа бағытталған қызметінің тәсілдері екендігі шығады.

Осы уақытқа қарай тәрбиелеу әдістерінің мәні мен жұмыс істеу заңдылық-тарын ашатын ауқымды ғылыми қор жинақталған. Оларды жіктеу ортақты және ерекшені, елеуліні және кездейсоқты, теориялықты және практикалықты айқындауға көмектеседі, және сонымен бірге олардың мақсатқа сәйкес және аса тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады, жеке әдістерге тән белгілердің тағайындалуын түсінуге көмектеседі.

Жоғарыда айтылғаннан тәрбиелеудің жалпы әдістерінің жүйесін ұсынамыз:

• жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістерін;

• жеке тұлғаның қызметін ұйымдастыру және қоғамдық тәртібінің тәжірибесін қалыптастыру әдістері;

• жеке тұлғаның қызметі мен тәртібін ынталандыру және мотивациялау әдістері;

• тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.

ЖОО жағдайларындағы олардың айрықша ерекшеліктерін нақтылап, тәрбиелеу әдістерінің мысалдарын келтіреміз. Берілген жұмыста біз В.А. Сластенин ұсынған тәрбиелеудің жалпы әдістерінің жүйесін ұстанатын боламыз.
Тәрбиелеу процесінің нақты жағдайларында әдістер күрделі және қарама-қайшы бірлікте болады. Мұнда жеке «жалғызданған» құралдар логикасының емес, ал олардың үйлесімді ұйымдастырылған жүйесінің шешуші маңызы болады. Әрине, тәрбиелеу процесінің қандай да бір кезеңінде сол немесе басқа әдіс азды-көпті оқшауланған түрде қолданылуы мүмкін. Бірақ басқа әдістермен сәйкесінше бекітпей, олармен өзара әрекеттестірмей ол өзінің тағайындалуын жоғалтады, тәрбиелеу процесінің көзделген мақсатқа қозғалуын баяулатады.

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.

Әңгімелесу – бұл сипаттамалық немесе әңгімелеу түрінде жүзеге асырылатын, басым көпшілігінде нақтылы материалдың жүйелі баяндалуы. Жеке тұлғаның патриоттық қасиеттерін тәрбиелеу кезінде берілген әдіс куратор сағаттарында Қазақстанның көрнекті адамдарының өмірбаяндық материалын баяндағанда, бейнелерді сипаттағанда, тарихи дәстүрлерді, ұлттық мәдениетті, қоғамдық өмір оқиғаларын және т.б. сипаттағанда кеңінен қолданылады. Әңгімелесуге тәрбиелеу қызметінің әдісі ретінде бірқатар талаптар қойылады: баяндау қисындылығы, жүйелілігі және дәлелділігі; нақтылық, бейнелілік, эмоциялылық.

Егер қандай да бір ережелердің (заңдардың, принциптердің, ережелердің, тәртіп нормаларының және т.с.с.) дұрыстығын дәлелдеу қажет болған жағдайларда әңгімелесудің көмегімен айқын және нақты түсіндіруді қамтамасыз ету мүмкін болмаса, түсіндіру әдісі қолданылады. Түсіндіруге берілген пікірдің ақиқаттылығын анықтайтын, қисынды байланысқан ой тұжырымдарын пайдалануға негізделген, баяндаудың дәлелдемелік нысаны тән. Көптеген жағдайларда түсіндіру студенттердің бақылауымен, тәрбиелеу процесін ұйымдастырушының оларға және керісінше сұрақтарымен үйлеседі және әңгімеге ұласуы мүмкін.

Сұхбат – бұл тәрбиелеу процесін ұйымдастырушының және студенттің белсенді өзара әрекеттесуінің сұрақ-жауап әдісі. Сұхбатта негізгісі – бұл студенттерді субъектімен көзделген тәрбиелеу процесінің мақсатына біртіндеп әкелетін сұрақтардың мұқият ойластырылған жүйесі. Сұхбатқа дайындалып, ол тәртіп бойынша, негізгі, қосымша, жетекші, нақтылаушы сұрақтарды көздеуі тиіс. Эвристикалық сұхбаттасу ережелері Е қосымшасында берілген.

Дәріс, әдіс ретінде, куратор сағаттарын өткізгенде көбінесе әңгімеге жақын болуы, сонымен бірге үлкен ақпараттық-танымдық сыйымдылығымен, қисын-ды құрылымдардың, бейнелердің, дәлелдемелер мен жалпылама қорытынды-лардың күрделілігімен ерекшеленуі тиіс.

Патриоттық тақырыптама бойынша дәрістердің өзгешелігі тақырыптың сипатынан, құрылым нысанынан, ғылыми және идеологиялық ақпараттың көлемінен, студенттердің бойында Отанды қорғауға әзірлікті қалыптастыру бойынша функционалдық мүмкіндіктерден айқындалады.

Дәрісті ақпараттық технологияларды пайдалану, бейне-дәрістер көрсету, электрондық презентациялар әзірлеу арқылы жүргізу мақсатқа сәйкес болады. «Қазақстан Республикасы және Біріккен Ұлттар Ұйымы»4 (2-семестр) тақырыбына ұсынылған үлгілі слайд-дәріс Ж қосымшасында берілген.

Сондай-ақ патриоттық тәрбиелеу әдістеріне пікірталастар мен диспуттар жатады, алайда оларды студенттердің танымдық және жалпы алғанда әлеуметтік белсенділігін ынталандыру әдістері ретінде қарастыруға болатынының негізі аз емес.

Танымдық дауласу жағдайлары, пікірталастар оларды шебер ұйымдас-тырғанда студенттердің назарын жеке тұлғаның патриоттық қасиеттерін дамыту проблемасы бойынша әр түрлі ғылыми көзқарастарға аударады, дәлелдеуге арналған әр түрлі амалдарды ұғынуға түрткі болады. Сонымен бірге егер студенттерге сол немесе басқа құбылыстың себептері туралы өз пікірлерін айту, қалыптасқан түсініктерге өзінің көзқарасын негіздеу ұсынылса, мысалы, «Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы отбасылық құндылықтардың ролі»5 тақырыбы бойынша (1-семестр), олар бір қарағанда кәдімгі пікірталас-тық емес сұрақтарды зерделеу кезінде де құрылуы мүмкін. Пікірталастың міндетті шарты – талқыланатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы пікірдің бар болуы. Әрине, пікірталаста соңғы сөзді куратор алуы тиіс, алайда бұл оның тұжырымдары – соңғы сатыдағы ақиқат дегенді білдірмейді.

Пікірталасты өткізу мұқият жоспарлануы тиіс, ал қатысушылар ол өткізілгенге дейін тақырыбымен танысуы, өзінің көзқарасын дәлелді түрде негіздеуі үшін, алғашқы деректер көздерінің жеткілікті санын зерделеуі тиіс.

Онда дегенмен қалыптасқан және ғылыми беделдермен қабылданатын шешім қабылдануы тиіс болатын пікірталастан ерекшелігінде, пікірталас патриоттық қызмет процесінде пікірлерді, бағаларды және нанымдарды қалыптастыру әдісі ретінде белгілі және түпкілікті шешімдерді талап етпейді. Диспут, пікірталас сияқты, бұрын ашылған заңдылыққа негізделген, ол мынадан тұрады: пікірлердің, әр түрлі көзқарастардың кездесуі барысында алынған білім ылғи да жалпыланғандықтың, төзімділіктің және икемділіктің жоғары өлшемімен ерекшеленеді. Диспут қалыптасатын жеке тұлғасы өмірдің мазмұнын ынтыға іздеумен, ештеңені сенімге қабылдамауға ұмтылумен, ақиқатты анықтау үшін фактілерді салыстыруды қалаумен сипатталатын студенттердің жас ерекшеліктеріне жақсы сәйкес келеді.

Диспут ұғымдар мен дәлелдерді талдауға, өз көзқарастарын қорғауға, оларға басқа адамдарды сендіруге мүмкіндік береді. Диспутқа қатысу үшін өз көзқарасыңды айту аз болады, қарама-қарсы пікірдің күшті және әлсіз жақтарын байқау, бір көзқарастың қателігін жоққа шығаратын және екіншісінің дұрыстығын растайтын дәлелдемелерді таңдау керек. Диспутты өткізу ережелері И қосымшасында берілген.

Алайда, диспуттар мен пікірталастардың студенттердің патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың тиімді құралы болып табылуына қарамастан, олар тым жиі өткізіле алмайды, семестрде 1 реттен жиі өткізілмеуі тиіс, өйткені аса мұқият дайындықты талап етеді.
Жеке тұлға түсіндіру мен сендіру құралдары ретінде сөз бен ойдың әсер етуі нәтижесінде ғана дамымайды. Басқа адамдардың тәртібі мен қызметінің жақсы үлгілері мен мысалдарының үлкен тәрбиелік мәні бар. Үлгі әдісі студенттерде биік ойлар тудыру, «өмірді кімге қарап жасау керек» деген игілікті мақсат-перспективаны анықтау үшін пайдаланылады. Үлгіге сүйену саналы сипатты болады, студенттер өздері таңдаған тұлғаның жеке қасиеттерін, ішкі қасиеттерін, кейде сыртқы мәнерлерін пайдаланады. Ежелгі Рим философы Сенека: «Жақсылыққа адамгершілік қағидалары арқылы жету қиын, мысалмен жету оңай» - деп пайымдаған.

Қоғамдық пікір. Бұл - студенттер ұжымы қызметінің әдісі. Қоғамдық пікір ұжымның дамуымен және қалыптасуымен бірге құрылады және ұжымның студенттің жеке тұлғасына әсер ету әдісі болып табылып, ұжымда жұмыс істейді. Әдетте берілген әдіс, студенттердің әдеттерін, әрекеттерін, пікірлерін анықтап, олардың тіршілік әрекетінде елеулі роль атқарады. Ол бағалау, шектеу және ынталандыру қызметтерін орындайды. Бірақ қоғамдық пікір кездейсоқ құрылмайды. Осы күрделі және нәзік процеске студенттер де, тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар да қатысады.

Сендіру. Сендіру әдісінің ролі патриоттық тәрбиелеу процесінің студент-тердің саналылығын дамытумен, олардың тәртіп ережелерін және қоршаған болмысты түрлендірудегі өзінің орнын түсінумен табиғи байланысты болуымен анықталады.

Патриоттық тәрбиелеу әдісі ретіндегі, процесі ретіндегі сендіруді және осы процестің нәтижесі ретіндегі, жеке тұлғаның тұрақты өмірлік ұстанымы ретіндегі сендіруді ерекшелеу қажет.

Жеке тұлғаның қоғамдық патриоттық мінез-құлқының қызметін ұйымдастыру және тәжірибесін қалыптастыру әдістері.

Үйрету әдісін қолдану кейбір педагогикалық шарттардың сақталуын талап етеді. Ненің меңгерілуі тиіс екендігі туралы анық түсініксіз үйрету мүмкін емес. Студенттерге іс-қимылдардың сол немесе басқа бейнесін белгілей отырып, оны аса қысқа және айқын ережеде білдіру қажет. Әрбір берілген уақыт бөлігіне олардан патриоттық тәртіп түрі қалыптасатын, минимум жеке іс-қимылдар ерекшеленуі тиіс. Тәрбиелеу процесін тәжірибелі ұйымдастыру-шылар патриоттық тәртіптің тәрбиеленетін түрінің үлгісін көрсетуге, оған оң көзқарасты құруға үлкен мән береді. Әдетті қалыптастыру үшін уақыт талап етіледі. Алдымен жасалатын іс-қимылдың дәлдігіне және сонан кейін ғана жылдамдығына қол жеткізу керек. Үйрету әдісі іс-қимылдың орындалуын бақылауды болжайды, ол студенттерге мейірбанды, мүдделі қатынасты, пайда болатын қиындықтарды айқындау мен талдауды, әрі қарай жұмыс істеу тәсілдерін талқылауды талап етеді. Студенттердің өзін-өзі бақылауын ұйымдастыру одан да маңызды болады.

Үйрету әдісі жаттықтыру әдісімен тығыз байланысты. Жаттығудың механикалық дағдыландырумен және тәртіптік психология: ынта-реакция-бекіту рухында жаттықтырумен ортақ ештеңесі жоқ.

Әдетте тәрбиелеудегі жаттықтыру әдісі деп студенттердің дұрыс тәртібінің, міндеттерді шешудегі дербестілік тәжірибесін жинақтауына, олардың жеке қасиеттерін, сезімі мен еркін дамытуға, жақсы әдеттерді қалыптастыруға, білім, сендіру және тәртіп, сөз бен іс арасындағы бірлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, күнделікті өмірді, оқыту процесін, қызметті ұйымдастыру жүйесін түсінеді.

Педагогикалық талап. Педагогикалық талап патриоттық тұлғаның дамуын басып озбай, сонымен қатар студенттің өз-өзіне қоятын талаптарына ауысуы тиіс. Талап оның алдында сол немесе басқа қызмет, мысалы, азаматтық парызын орындауға әзірлігі процесінде жүзеге асыруға тиесілі нақты міндет ретінде болуы мүмкін.

Кеңес беру. Бұл әдіс ЖОО-да айтарлықтай танымал және қолдануда қарапайым. Тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, оны студенттерге кеңес беру арқылы беруге талпынады. Бұдан басқа, кеңес беруді пайдаланып, оқытушы (немесе студенттер) жол-жөнекей, ығыр қылмайтындай, өзінің студенттердің қылықтарына, іс-қимылдарына, пікірлері-не өз көзқарасын жеңіл түрде білдіреді және осылайша оларды өзгертуге талпынады. Бұл кеңестердің ішкі мағынасын ұғыну және дараландыру үшін, олардың адресатпен қабылдануы өте маңызды.

Жеке тұлғаның қызметі мен тәртібін ынталандыру және мотивациялау әдістері.

Кез келген қызмет аса тиімді өтеді, егер жеке тұлғаның бар күшін салып белсенді әрекет ету, алға қойған мақсатқа табандылықпен жылжып, шарасыз қиындықтарды, қолайсыз жағдайлар мен басқа жағдайларды жеңу тілегін тудыратын, күшті, айқын, терең дәлелдер бар болса, сапалы нәтижелер береді. Қызметті мотивациялаумен оны ынталандыру тығыз байланысты. Ынталандыру – ойға, сезімге және іс-қимылға ояту, түрткі, күш беру. Студент тұлғасына патриоттық тәрбиелеу факторының әсерін нығайту және күшейту мақсатында ынталандырудың әр түрлі әдістерін қолданады, олардың арасында жарыс, көтермелеу, жазалау және т.б. аса кең таралған болып табылады.

Тәрбиелеу процесінде жарыс адамға салауатты бақталастыққа, басымды-лыққа, озықтыққа, өзін танытуға ұмтылу жоғары дәрежеде тән болуының күмәнсіз әлеуметтік-психологиялық фактісі есепке алынып, тәрбиелеу процесінің субъектісімен құрылады. Студенттерді еңбекте және қоғамдық қызметте ең үздік нәтижелерге жету үшін күреске қатыстыру артта қалушыларды озықтар қатарына шығарады, белсенділік, ынталылық, жаңашылдық, жауапкершілік және ұжымшылдық сияқты патриоттық қасиеттердің дамуын ынталандырады.

Көтермелеубұл студентті дұрыс, ынталы, шығармашылық қызметке сырттай белсенді ынталандыру, ояту әдісі. Ол студенттер табыстарының қоғамдық танылуы, марапаттау, олардың рухани және материалдық қажеттіліктерін кезекпен қанағаттандыру көмегімен жүзеге асырылады. Мақтау білдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ұлы тұлғасының өнегесін қолдануға шақыру – осының барлығы тәрбиелеу процесін ұйымдастырушы пайдаланатын әр түрлі тәсілдер.

Мәжбүрлеубұл студенттерге кінәсін мойындауды және өз тәртібін түзетуді қаламауына қарамастан, өз міндеттерін орындауға түрткі болатын шараларды қолдану. Ол сендіруге және патриоттық тәрбиелеудің басқа әдістеріне сүйенген жағдайда ғана педагогикалық дұрыс қолданылады. Мәжбүрлеуді ақылмен пайдалану керек, оған қызықпау және оны асыра пайдаланбау керек.

Ынталандыру әдістері. Олар мақұлдаудан, кінәлаудан, бақылаудан, өзін-өзі бақылаудан тұратын әдістер тобын білдіреді.

Барлық төрт әдіс те студенттердің қызметін, әрекеттерін, тәртібін ынталандыру мақсатында немесе керісінше, егер олар жағымсыз сипатта болса, оларды тоқтата тұру (рестимуляция) мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Әдістер қосымша болып табылады және тәрбиелеуді ұйымдастырушылар тарапынан әдепті қатынасты талап етеді.

Мақұлдау әдісі қызметтің, тәртіптің, студенттердің білдіретін патриоттық қасиеттері немесе қатынастарының дұрыс бағалануы туралы куәландырады, ол кураторлармен немесе студенттер ұжымымен беріледі. Әдіс студенттерде дұрыс эмоциялардың (сенімділіктің, қанағаттанудың, мақтанудың) пайда болуына мүмкіндік туғызады, олардың таңдаған ұстанымының дұрыстығын растайды. Ол мақтау, алғыс, грамотамен немесе құнды сыйлықпен марапаттау, газеттегі мақалалар, құрмет тақтасындағы фотосуреттер және т.б. түрінде қолданылуы мүмкін.

Кінәлау әдісі қызметті, тәртіпті, студенттердің білдіретін қасиеттері мен қатынастарын теріс бағалауды білдіреді, ол тәрбиелеуді ұйымдастырушылар-мен беріледі. Берілген әдісті қолдану студенттерде жағымсыз күйзелістер (ұялу, күйзелу, өкіну, сенімсіздік және т.б.) тудырады. Бірақ егер студенттер оқиғалар мен өз әрекеттерін сын тұрғысынан талдаса, тәртіп пен моральдың заңды нормаларына сәйкес келмейтін сол немесе басқа қасиеттерді жеңу жолдарын белгілесе, демек, әдіс сәтті қолданылған және мақсатқа қол жеткізілген.

Басқа реакция да болуы мүмкін: студенттер лайықсыз әрекеттеріне өкінбейді, өзіне талғампаз болмайды, өзінің тәртібін қайта қарастырмайды – бұл жағдайда кінәлау әдісі сәтсіз пайдаланылған деген тұжырым жасау керек. Бәлкім, әдістің барабар емес түрі таңдалған, студенттердің іс-қимылдарының себептері ескерілмеген, не болмаса олардың адамгершілігі қорланған, не болмаса жастардың болжанбайтын реакциясының басқа себептері болған шығар. Тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар өздерінің іс-қимылдарын мұқият талдауы, сәтсіздік себептерін және әдісті қолданудың басқа параметрлерін анықтауы қажет.

Кінәлау әдісі ескерту, түсіндіру, қайта сендіру, талқылау, сөгіс жариялау, жоғары оқу орнынан шығару түрлерінде іске асырылуы мүмкін.

Патриоттық тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзін бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.

Патриоттық тәрбиелеу процесін басқару оның нәтижелілігін сипаттайтын кері байланыссыз мүмкін емес. Бұл функцияны орындауға тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзін бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері көмектеседі.

Бақылау әдісі студенттер қызметі мен іс-әрекетінің барысын немесе нәтижелерін, олардың тапсырмалар мен міндеттерді орындауын тексеру мақсатында пайдаланылады. Берілген әдіс әңгімелесу, бақылау, жиналыста есеп беру, еске салу, қызметін бағалап жазбаша бұйрық беру, тестілеу түрінде берілуі мүмкін.

Негізгі бақылау түрлеріне мыналар жатады: студенттерді педагогикалық бақылау; патриоттық қасиеттердің тәрбиеленгендігін айқындауға бағытталған әңгімелесу; сұрақ-жауаптар (сауалнама, ауызша және т.б.); қоғамдық пайдалы қызмет нәтижелерін талдау; тәрбиеленушілердің патриоттық тәртібін зерделеу үшін жағдайлар жасау.

Өзін-өзі бақылау әдісін студент өзінің дамуын мен тәрбиесін ынталандыру немесе тексеру үшін өз-өзіне қолданады. Оны білдіру түрлері: ойлау, өз-өзін бақылау, өз-өзіне бұйрық беру, рефлексия, тестілеу.

Студенттердің тәрбиеленгендігі көрсеткіштері туралы олардың қызметтің барлық негізгі түрлеріне (Республика күніне, Конституция күніне, Жеңіс күніне арналған іс-шараларды, дөңгелек үстелдерді, диспуттарды және т.б. ұйымдастыруға) қатысу дәрежесі және осы қатысудың нәтижелілігі бойынша айтуға болады.

Патриоттық тәрбиелеу әдістерін оңтайлы таңдау және тиімді қолдану шарттары.

Тәрбиелеу процесін ұйымдастырушы практикалық қызметінде тәрбиелеу әдістерін таңдай отырып, әдетте тәрбиелеу мақсаттарын және оның мазмұнын басшылыққа алады. Осы міндеттерге байланысты, ол қандай әдістермен қарулану керектігін шешеді.

Әдіс өздігінен не жақсы, не жаман бола алмайды. Тәрбиелеу процесінің негізіне әдістердің өзі емес, олардың жүйесі салынады. А.С. Макаренко: - Ешқандай педагогикалық құралдың ылғи да өте пайдалы болып танылмайтыны, кейбір жағдайларда ең жақсы құрал міндетті түрде ең жаман болатыны туралы айтқан.

К қосымшасында куратор сағатын талдаудың үлгілі сұлбасы келтірілген.

1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница