Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
страница3/5
Дата конвертации23.11.2012
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

ҚОРЫТЫНДЫ


Болашақ маманды оқытумен қатар оның жеке тұлғасын патриоттық тәрбиелеу студенттерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев тұлғасының өнегесінде студенттерді патриоттық тәрбиелеу моделінің маңызды функциясы болып табылады. Студенттерді тәрбиелеудегі жетекші роль университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына, ғалым-дарына тиесілі. Қазақстанда оқытушы ылғи да тәрбиеші болған, бірақ бүгінгі күні тәрбие аға ұрпақтан жас ұрпаққа тәжірибе мен баға қоятын пікірлерді бір мезгілде беру ретінде емес, ал оқытушылар мен студенттердің олардың бірлескен оқу және оқудан тыс қызметі саласындағы өзара әрекеттесуі және ынтымақтастығы ретінде түсіндірілуі мүмкін және түсіндірілуі тиіс.

Тәрбиелеу тұжырымдамасын іске асырудың маңызды шарттарына: тәрбиелеуге күш салудың нақты соңғы нәтижесіне – шығарылатын мамандар-дың сапасын жоғарылатуға бағдарлануды; студенттік ұжымдардың шығарма-шылық белсенділігіне сүйенуді; тәрбиелеу процесінде ынталандырудың, көтермелеудің және кінәлаудың, жастар туралы әлеуметтік қамқорлық проблемаларын шешу арқылы тәрбиелік әсер ету міндеттерін үйлестірудің икемді жүйесін тиімді пайдалануды; профессорлық-оқытушылар құрамының студенттермен тәрбиелеу жұмысындағы белсенді ұстанымын; кафедралардағы, факультеттердегі және университеттің басқа бөлімшелеріндегі тәрбиелеу жұмысын оңтайлы жоспарлауды жатқызу керек.

Патриотизм – Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ғасырлар бойындағы күреспен бекітілген, аса терең сезімдердің бірі, сондықтан куратор, педагог өзінің тәрбиеленушісінде берілген сезімді қаншалықты дамыта алса, тұтас алғанда біздің қоғам соншалықты біріккен және толерантты болады, сондықтан жалпы алғанда тәрбиелеу проблемалары, атап айтқанда патриоттық тәрбиелеу, соның ішінде педагогикалық өзін-өзі жетілдіру үшін маңызды, Отанға және оның құндылықтарына патриоттық көзқарас бойынша педагог-тардың жеке үлгісі әдісінің маңызды екені күмәнсіз.

Тәрбиелеудің дәстүрлі де, белсенді де түрлері мен әдістерін пайдалану студентке өзінің ынтасын айқындауға, бағалауға, «ойлауға» және әр түрлі проблемаларды шешуге шығармашылықпен қарауға және олар үшін жауапты болуға мүмкіндік беретін уақыт талабы болып табылады. Сонымен бірге, әдістемелік нұсқауларда ұсынылған ережелерді пайдалану оқытушының куратор сағаттарын жобалаудың шығармашылық процесін белсенділендіреді, педагогтың жұмысы қарқындырақ және қызықтырақ болады.

Әрине, студенттердің белсенділігі неғұрлым артық болса, олар үшін өздері дайындауға және өткізуге тікелей қатысқан оқиғалар соғұрлым аса маңызды болады. Сондықтан сәйкес шараларды ұйымдастыруға мүмкіндігінше көбірек студенттерді қатыстыру қажет.

Әдістемелік нұсқауларда ұсынылған дәстүрлі емес нысандар мен әдістерді пайдаланбаған педагогтардың олармен танысып, берілген бағытта алғашқы қадамдар жасап көретініне, ал оларды үнемі пайдаланушылардың өздерінің кәсіби қызметі үшін жаңа және пайдалы мәлімет таба алатынына сенімдіміз.
әдебиеттер

  1. Закон Республики Казахстан «Об образовании» // Казахстанская правда. – 2007. – 27 июля.

  2. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы: Учеб. пособие / Р.С. Пионова. – Мн.: Университетское, 2002. – 256 с.

  3. Лихачев Б.Т. Педагогика: Курс лекций / Учеб. пособие для студентов пед. учеб. заведений и слушателей ИПК и ФПК. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Юрайт-М,2001. – 607с.

  4. Сластенин В.А. и др. Педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, Е.Н. Шиянов; Под ред. В.А. Сластенина. – М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 576 с.

  5. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов н/ Д: Феникс, 2002.

  6. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности: Учеб. пособие /С.Д. Смирнов. – М.: Аспект Пресс, 1995.

  7. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для вузов в 2 кн./ И.П. Подласов. – М.: Владос. Кн. 1.: Общие основы. Процесс обучения. – 2001.

  8. Петрушенко Т.К. Современные тенденции в образовании и задачи патриотического воспитания: Учебно-методические материалы. – Санкт-Петербург, 2005.

  9. Педагогика / Под ред. П.И. Пидкасистого. – М., 1996.

  10. Харламов И.Ф. Педагогика. – М.: Гардарики, 1999. – 520 с.

  11. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвокасова З.М. Активные методы и формы обучения в высшей школе: Учебно-методическое пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 122 с.

А қосымшасы

РОЛЬДІК ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ

ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
«Ойын» сөзі куратор сағатының оқу спектаклі стилінде құрылады, оның сценарийі студенттердің жалпы алғанда қоғамдағы немесе жеке қоғамдық процестегі түсініктер болып табылады. Сабақтың ойындық сипаты тәрбиелеу үшін өзінің бай мүмкіндіктерін ашады. Пікірталаста, мысалы, қатысушылар өздерінің меншікті көзқарастары мен амалдарын түйістіреді. Рольдік ойында бұл тіпті міндетті емес: кез келген қоғамдық субъектінің ролін ойнап көрсетуге (ал ендеше, терең түсінуге де) болады. Бұл ерекшелік рольдік ойын үшін кез келген тақырыпты таңдауға мүмкіндік береді, оны зерделеу кезінде әлеуметтік күштер мен институттардың өзара әрекеттесуін, олардың мүдделерінің қарама-қайшылығын және байланысқандығын түсіну керек.

Келесі кезең – бұл студенттерді рольдік топтарға бөлу. Мысалы, «Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен міндеттері» тақырыбы бойынша (6-семестр), ол қоғамдық проблемалардың ауқымдарын қамтиды, оларға қатысушылар қалауы бойынша Қазақстан халқын қоғамдық топтарға нақты бөлуді елестетіп, бірнеше бөлікке («партияларға»), сондай-ақ олардың мүдделерін білдіретін саяси және әлеуметтік күштер мен мекемелерге бөлінеді. Олар осы немесе шартты атаулармен ұқсас болып аталуы мүмкін. Қатысушылар елестетуге тырыспай-ақ, өздерінің нақты ұйымдары мен партияларының ұстанымынан немесе жеке өзінің атынан сөз сөйлей алады. Бірақ сонда да ойында рольдер («партиялар») саны шамалы болуы тиіс – 6-7-ға дейін, басқаша айтқанда пікірталас түйінді қоғамдық қайшылықтарға және мүдделер мен іс-қимылдардың мүмкін келісімдеріне тоғыспаған, қиын шолу жасалатын болады.

Біздің нақты қоғам елестетілетін болғандықтан, оның «қаңқалық құрылымын» ескермеуге болмайды. Бұдан мынадай рольдер қажет болады:

    • Үкімет (немесе тұтас алғанда мемлекет);

    • капитал (немесе оның сипаттамалары, алуан түрлері);

    • жалданатын еңбеккерлер (немесе олардың жеке әлеуметтік топтары).

Ойынның маңызды және дамытушы бөлігі – бұл рольдік топтар бойынша жұмыс. Рольді әзірлеуді топ мүшелерінің біреуіне тапсырып, бұл сатыдан ешқашан өтіп кетуге болмайды. Бұл жағдайда топтағы қалған қатысушылар ойыннан шығарылады.

Ең алдымен, әрбір рольдік топ пікірталасқа арналған қысқаша (10 минутқа дейін) ауызша баяндама дайындайды. Егер топ өзінің ұстанымы туралы жазбаша құжатты (меморандумды) әзірлесе, жұмыс тиімділігі едәуір жоғары болады. Баяндама (ауызша немесе жазбаша) ерікті түрде құрастырылады, бірақ онда топ аралық дебаттар үшін бірыңғай кеңістікті қамтамасыз етуге көмек-тесетін, міндетті түрдегі мазмұнды сәттерді алдын ала белгілеу керек. Мысалы, берілген рольдік ойында осындай «өтпелі» сәттерді белгілеуге болады:

    • шаруашылықта және әлеуметтік қатынастарда қалыптасқан жағдайды бағалау;

    • Үкіметпен өткізілетін курсты, әр түрлі партияларды бағалау;

    • әрі қарай не жасау керектігі туралы ұсыныс;

    • берілген (сол немесе басқа рольдік топпен әзірленген) бағдарлама қандай әлеуметтік күштерге сүйене алады.

Сабақта келісілген құжатты құрастыру мақсатында дебаттар жүргізіледі.

Құжатты құрастыру – пікірталасты белсенділендіруге арналған себеп. Дебаттардың міндеті – жақталатын ұстанымын дәлелдеп үйрену, өзге ұстаным-дарды түсіну, олардың қолайлысын және саяси ымыраға кедергі келтірмейтінін ерекшелеп көрсете білу.

Қатысушылар ойында өзінің ұстанымын да жақтай алады, өзгенің ұстанымына да еліктей алады. Басты талап – мұны еліктеу аясын біліп, бұрмалануға жол бермей жасау.

Куратордың өзінің меншікті идеялық ұстанымы бола тұрып, дебаттарға қатысушылардың идеялық көзқарастарын емес (әрине, олар әр түрлі), идеологиялар мен бағдарламалардың мәнін түсінудегі кәсіби шеберлік деңгейін бағалайтын бақылаушы («спикер») ретінде қатысады.

Куратор рольдерді әзірлеу кезінде топтарға кеңес беруге дайын болуы тиіс. Сондай-ақ ол әдебиеттер тізімін ұсынады, онымен танысу рольдерге мазмұндырақ еліктеуге (ойнауға) көмектеседі.

Рольдік топтардың жұмыс процесінде жүргізуші (куратор, студент) рольдерді әзірлеу процесін қадағалауы және оның барысын тереңдету жағына қарай жеңіл бағыттауы тиіс. Жиі кездесетін келеңсіздік - рольдің өмірлік прототипіне тән сызықшаны, өзгешелікті табу және содан соң рольді мазмұнды ашу қажеттілігін ұмыту.

Куратордың дебаттар барысындағы міндеті – рольдің бұрмалануын кейінге қалдырмай, мәні бойынша түзету.

Аяғында дебаттардың және ойынның барлығының қорытындысын шығару талап етіледі. Мұнда біріншіден, рольді әзірлегенде және оны дебаттарда көрсеткенде мәнін нақты көрсеткені және мазмұнының толықтығы үшін мақтау маңызды. Кемшіліктерді қосымша ойлануды және ынтаны талап ететін сәттер ретінде ұсыну керек.

Рольдік ойынды ұйымдастырушыларға ұсыныстар:

  1. Рольдік ойын жоспарын мұқият әзірлеу қажет. Рольдерді әзірлеуге арналған әдебиеттерді немесе негізгі рольдерге арналған материалдар жинағын алдын ала дайындау. Топты талқылау кезінде дебаттарға арналған рольдік тосын сыйларды дайындау керек (бұл іс бір мезгілге дейін құпия болады).

  2. Рольдік ойындарды және ситуацияларды ойнау әдісін әдепті пайдалану. Рольдік ойындардың тиімділігі бастан кешіру жаңашылдығымен анықталады, сондықтан егер оларды әрбір ыңғайлы жағдайда қолданса, онда осы интерактивті технологияның құндылығы нөлге жақындайды.

  3. Топтарды шағын етіп құру керек, өйткені шағын топтың (10 адамға дейін) мүмкін қарсылығына қарсы тұру оңай болады.

  4. Рольдік ойынды өткізгенде көмекшілерді пайдалану. Олар басқа кураторлар, ал ең жақсысы студенттер болуы мүмкін.

Б қосымшасы

ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Іскерлік ойынды дайындау куратордан мұқияттылық пен жинақталған-дықты талап етеді. Егер ойынның міндетін оның өзі құрастырса, онда оның тәрбиелік мақсаттарын ойластыру тиіс. Егер ойын үшін дайын міндетті алса, ол өзінің іскерлік ойындарды жүргізу тәжірибесін және сол кездері болған күрделі эпизодтарды еске алып, оның мәнін ойыншы тарапынан да, жүргізуші тарапынан да түсінуге міндетті.

Ойын сипатталуы тиіс – бұл міндетті шарт. Ойынның шарттары мен мақсаттарын «дауыстап» беруге болады. Сипаттама даналары барлығы үшін жеткілікті болуы тиіс. Шрифт ұсақ болмауы тиіс.

Ойын ережелерін барлығы білетінінен, бірақ олардың бірдемесін ұмытып қалғанынан немесе дәл есінде сақтамағанынан бастаған мақсатқа сәйкес болады. Сондықтан іскерлік ойынға қатысушыларға іскерлік міндетті шешудің аса «тиянақсыз» сұрақтарын (түйіндерін) регламенттейтін құжаттардан үзінділер бар материалды тарату өте пайдалы болады. Бұл Конституциядан, заңдардан, нұсқаулардан, қаулылардан, жарлықтардан және т.с.с. үзінділер болуы мүмкін. Қатысушылардың таратылған материалдың барлығын өздерімен бірге алып кетуге рұқсат етуі дұрыс болады.

Іскерлік ойынның бірінші сатысы – міндетті әрбір қатысушыға дейін жеткізу. Басылып шығарылған мәтіннің әрбір қатысушыда болғаны дұрыс. Ережелерге қатысты келісіп алу керек: олар не ұқсас міндеттерді шешкенде нақты өмірде кездесетін ережелер, не қандай да бір ойындық өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы жүргізуші ерекше айтуы тиіс.

Екінші қадам – командалар құру. Командалар кез келген түрде құрылуы мүмкін. Олар өздеріне қандай да бір атауларды немесе нөмірлерді иеленуі мүмкін.

Командалардың жұмысы – үшінші кезең.

Куратор әрбір команданың өзін-өзі ұйымдастыруының сындарлы түрде өткенін қадағалауы және жұмыстардың басталуы міндеттің сәтті шешілуінен дәмелендіретініне көз жеткізу керек. Қатысушылардың біреуінің бастаманы өзіне алып, оның шешілуін барлық қалған қатысушыларға жүктеуіне жол берілмейді. Егер команданың өзінің әлі келмесе, мұндай қатысушыны куратор тоқтатуы тиіс. Сондай-ақ команданың бір бөлігінің тек қана көрермендер болмауын қадағалау керек.

Аз дегенде, әрбір команда міндетті шешудің өзінің амалдары мен әдістері туралы және шешімнің өзі туралы ауызша баяндама әзірлейді. Баяндама ерікті түрде құрастырылады. Баяндама түрін таңдау да – ойынның нәтижесі.

Баяндамаларды тыңдаған соң оларды бағалау, салыстыру қажет. Жарысу жанры қорытындылар шығаруды талап етеді. Бұл тәрбиелеу процесінің маңызды бөлігі.

Қорытынды шығарғанда бірнеше «номинацияны» анықтаған жақсы, бұл командалардың әрқайсысының табыстарын атап көрсетуге мүмкіндік береді. Табысты атап көрсетудің кемшіліктерді айқындауға қарағанда, өлшемсіз үлкен тәрбиелеуші әсері бар.

Егер уақыт жетіп жатса, онда қорытындылар шығару мен нәтижелерді талдау іскерлік ойын шеңберінде тәрбиенің екінші туры болуы мүмкін. Онда жетекшісінің – жюри төрағасының басшылығымен әрбір команданың өкілдерінен жюри құрылады. Жюри ойынның қорытындыларын «халықтың алдында» талқылай бастайды. Мұндай талқылау барысында табыстарды немесе кемшіліктерді атап көрсету басымдылығы қатысушылардың құнды потенциа-лына байланысты анықталады. Бірақ куратор жюридің таңдаған «әділ баға» критерийін бұзбай, олардың топтарының әрқайсысының табыстарын атап көрсетуге ұмтылады.

Табыстары үшін арнайы жүлделер (мысалы, кафедра оқытушыларының сыйға тартып, қолтаңбасы жазылған кітаптары) беру де жақсы болады.

Іскерлік ойынды өткізу кезінде міндеттің мазмұнына байланысты калькуляторлар, оқу тақтасы немесе сұлбалар мен формулаларды бейнелеуге арналған ватман, анықтамалықтар, заңдар мен нормативтік актілер мәтіндері қажет болуы мүмкін.

Іскерлік ойынды екі куратор-педагогтың күшімен өткізгені дұрыс болады. Ойынның кейбір сәттері әр түрлі функцияларды бір мезгілде орындауға, мысалы, келесі ойындық бұрылысты ойлап табуға және топты «ойындық тонуста» ұстап тұруға мәжбүр етуі мүмкін. Бірақ екі оқытушыға мұндай жағдайларсыз да, әсіресе командалардың жұмысын бақылағанда жұмыс жетеді.

В қосымшасы

БРЕЙН-РИНГ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 Дайындау кезеңі: брейн-рингті ұйымдастыру және өткізу үшін командаларды (әрқайсысында 6 адамнан) құру қажет.

Әрбір команда капитанын, команданың атауын таңдайды, алдын ала жарияланған тақырыптар бойынша бір-екі апта бойы куратор сағатына дайындалады.

2 Жабдықтарды дайындау:

  • 2 үстел, әрбір үстелдің жанында 6 орындықтан;

  • гонг;

  • секундомер;

  • командалар атаулары бар кестелер;

  • 2 ысқырғыш;

  • музыкамен сүйемелдеу;

  • куратор сағатының тақырыбы бойынша плакаттар, стендтер, кітаптар көрмесі.

3 Ойынның басталуы. Тақырыбын анықтау және студенттердің оның мазмұнына қызығушылығын ынталандыру.

2 Ойын ережелерін хабарлау: «Жеребе салған соң алғашқы жарысатын екі команда анықталады. Жеңілген команда келесі командаға орын береді. Ойын 6 ұпайға дейін жүреді. Сұрақты талқылауға 1 минут беріледі. Егер жауап дайын болса, команда дыбыстық сигнал береді де, оған жауап беру құқығы беріледі. Дұрыс жауап бермеген жағдайда осы сұраққа қарсыластары жауап беруі мүмкін».

3 Қазылар мүшелерімен таныстыру.

4 Сұрақтарды хабарлау. Алдын ала кем дегенде 50 сұрақ дайындау қажет (командалар санына байланысты).

5 Брейн-ринг аяқталған соң жюри қорытынды шығарады, жеңімпаздар марапатталады.

Г қосымшасы

«Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның мәдениеті» тақырыбына арналған

КУРАТОР САҒАТЫНЫҢ ҮЛГІЛІ ЖОСПАРЫ

(4-семестр)



Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Әскери-техникалық факультет

Кәсіптік оқыту және бастапқы әскери дайындық кафедрасы
ПО-08-02 тобындағы

азаматтық патриоттық тәрбиелеу бойынша

КУРАТОР САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның мәдениеті»

Куратор:

КО және БӘД кафедрасының

аға оқытушысы,

педагогика магистрі

Иванова А.А.
Қарағанды

2009

1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница