Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
страница4/5
Дата конвертации23.11.2012
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның мәдениеті
Куратор сағатының мақсаты:

Тәрбиелік – студенттердің өз Отанының мәдениетіне және өз халқына деген жоғары сезімдерін қалыптастыру, оның тарихының маңыздылығын сезіну.

Оқытушылық – өз Отанының тарихы, мәдениеті бойынша білімді жалпылап қорыту, тереңдету және бекіту.

Дамытушылық – саяси ойлау қабілетін қалыптастыру, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.

Міндеттері:

1. «Отан», «мәдениет», «азамат», «патриот» ұғымдарының мәнін ашу.

2. Азаматтық мақтаныш сезімін қалыптастыру.

3. Студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруына мүмкіндік туғызу.

Материалдық-техникалық жабдықтау: мемлекеттік рәміздер бейнелен-ген плакаттар, Қазақстан мен Астананың сәулеттік ғимараттарының иллюстрациялары мен фотосуреттері, Қазақстан Президентінің және мемлекеттік қайраткерлерінің портреттері, жеңімпаздарға арналған грамоталар. Тақтаға турлардың аты және викторинаның тапсырмалары жазылған плакаттар ілінген.

Өткізу түрі: «XXI ғасыр көшбасшылары» ойыны.

Куратор сағатының уақыт бойынша құрылымы (50 минут):

1. Ұйымдастыру сәті – 3 минут.

2. 1 тур – Бәйге (15 минут).

3. 2 тур – Кедергі (17 минут).

4. 3 тур – Мәре (12 минут).

5. Қорытынды шығару (3 минут).

Куратор сағатының барысы

Ұйымдастыру сәті. Куратор викторинаны өткізу ережелерін, алдағы жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айтады.

Бірінші тур – Бәйге

Бірінші тур тестілеу түрінде өтеді. Қатысушыларға жауаптарының нұсқа-ларымен бірге 10 сұрақ беріледі. Әрбір сұраққа ойлануға 5 секунд беріледі. Берілген сұраққа бір топ жауап бере алады. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 балл.

Сұрақтар:

1. Сфрагистика деген не?

а) монеталар туралы ғылым

б) елтаңбалар туралы ғылым

в) тулар туралы ғылым*

2. Қазақстанның Туын жасаған кім?

а) Шәкен Ниязбеков*

б) Мұқан Төлебаев

в) Латиф Хамиди
3. Қандай тарихи ғылым әр түрлі елдердің елтаңбаларын зерделейді?

а) геральдика*

б) фитонимия

в) антропонимика

4. Қазақстанның мемлекеттік символдары қайда сипатталған және оларды ресми пайдалану тәртібі?

а) энциклопедияда

б) конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің жарлығында*

в) тарих бойынша оқулықтарда

5. ҚР мемлекеттік елтаңбасы мен туының эталоны қайда сақталады?

а) БҰҰ-да

б) Қазақстанның әрбір ұйымында

в) ҚР Президентінің Резиденциясында*

6. ҚР Тәуелсіздігі күнін азаматтар ... атап өтеді

а) 30 тамызда

б) 25 қазанда

в) 16 желтоқсанда*

7. О. Сүлейменовтің «Жер, адамға тағзым ет» поэмасы кімге арналған?

а) Әуезовке

б) Гагаринге*

в) Олжас Сүлейменовке

8. Астананың көшірілуіне байланысты қалада оны көгалдандыру бойынша жұмыстардың маңызды көлемі орындалды. Астананың символы қандай ағаштар болуы тиіс еді?

а) жөке, емен, үйеңкі

б) қайың, терек, шырша*

в) емен, шетен, терек

9. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін ... жариялады:

а) 1991ж.*

б) 1992ж.

в) 1993ж.

10. Мемлекетпен құрылған холдингтік компания қалай аталады?

а) Самрұқ*

б) Испат-Кармет

в) Транс-Ойл

Куратор 1 турдың қорытындысын шығарады.

Екінші тур – Кедергі

Куратор – Бір кітапта Қазақстанның құрылуы туралы таңқаларлық аңыз бар: «Құдай дүниені жаратқан күндері аспан мен жерді, теңіздер мен мұхит-тарды, барлық елдерді, барлық материктерді жарыққа шығарды, ал Қазақ-стан туралы ұмытып кетіпті. Тек соңғы минутта ғана есіне түседі, ал оған материал қалмаған. Ол жылдам ғана Америкадан бір шөкім, Италияның құр-тақандай бөлігін, Африка шөлінің бір бөлігін, Кавказдың бір жолағын қамтып, олардың барлығын қосып, Қазақстанға тиесілі орынға әкеліп жабыстырды».

Бұл аңызға сенбеу мүмкін емес, өйткені біздің таңғажайып елімізде барлығын: тәңір лағынет айтқандай, мәңгі жалаңаш болып тұратын, сусыз шөл даланы да және көркем тауларды да, жағасы көрінбейтін теңізбен шағылысатын көк аспанды да, тамаша рухтандыратын ормандарды да табуға болады. Қазақстан шынында да Еуразияның этнографиялық зертханасы. Қазақстанның өзгешелігі мынада: дамыған ел ретінде де (халықтың жалпыға міндетті сауаттылығы, ғылыми-зерттеу сферасының кең желісі, ғарыштық зерттеу), дамушы ел ретінде де (бұл экономиканың шикізаттық бағытталғандығы, көптеген аудандардың экологиялық ластанғандығы, шетелдік инвестициялар-дағы және жаңа технологиялар импортындағы қажеттілік) ерекшеліктерді иеленеді. Осының барлығының жиынтығы біздің әлемдік қауымдастықтағы орнымызды, Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясын анықтайды.

«Кедергі» деп аталатын екінші турда Сіздерге география, тарих, экология, саясат, спорт, этнос, символдар және белгілер, Қазақстан және әлемдік қоғам сияқты бағыттар бойынша сұрақтар ұсынылатын болады.

Бірінші турда жеңген топтың сұрақты бірінші болып таңдау құқығы бар, сұрақты ойлануға 15 секунд беріледі, уақыт өткен соң жауаптар қабылданады. Егер қатысушылар сұраққа жауап бере алмаса, онда сұрақ жауап беруге әзірлігі туралы бірінші болып сигнал берген екінші топқа ауысады. Келесі сұрақты бірінші турдың қорытындылары бойынша екінші топ таңдайды. Әрбір дұрыс жауап үшін 10 балл есептеледі.
География

  1. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекараласады (Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Түркіменстан)?

  2. Қазақстанның аумағы қандай? (2 млн. 717 мың кв. км.)

  3. Қазақстанда неше облыс бар? (14)

  4. Қазақстан аумағының көлемі бойынша әлемде нешінші орынды алады? (9)

  5. Қазақстанда қанша адам тұрады? (15 млн. адам)


История

  1. Археологтар «Алтын адамды» қайдан тапты? (Есіктен)

  2. Томирис патшайым қай тайпадан болған? (Сақ)

  3. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылған? (XV ғасыр)

  4. Құрамына Ә. Бөкейханов және оның серіктері кірген партия қалай аталған? (Алаш)

  5. Қазақстанның жаңа әнұраны алғаш рет қашан орындалды? (2006 жылғы 11 қаңтар)


Экология

  1. Қай қаланың ауданында ядролық полигон орналасқан? (Семей)

  2. Мысық тұқымдас аң, Қазақстанның эмблемасы, Қызыл кітапқа енген (Барыс).

  3. Қазақстандағы құрып бара жатқан теңіз қалай аталады? (Арал)

Қазақстан және әлемдік қауымдастық

  1. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің егемендігі туралы жариялады. Егемендік деген не? (Тәуелсіздік)

  2. Қазақстанның тәуелсіздігін неше мемлекет мойындады? (120-дан астам)

  3. Әлемнің көптеген елдерінде тұратын қазақтардың этникалық Отанын атаңыз? (Қазақстан)

  4. Дүние жүзінде Қазақстанның шекарасынан тыс қанша қазақ тұрады? (14 млн.)

  5. Қазақтардың бүкіләлемдік съезі қалай аталады? (Құрылтай)


Саясат

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құрылым қандай? (унитарлық)

  2. ҚР Конституциясына сәйкес Президент қандай мерзімге таңдалады? (5 жыл)

  3. Президенттің соңғы сайлауы қашан болды? (2005 ж. 5 желтоқсан)

  4. Қазақстанда қандай білім тегін? (барлық білім беру сатылары)


Спорт

  1. Қазақстандағы атақты спорттық мұз кешені қалай аталады? (Медеу)

  2. Олимпиада ойындарының туында қай түсті дөңгелек Азияның символын білдіреді? (көгілдір)

  3. Ежелгі қазақстандық кенттер қазбаларында археологтар қандай ойынның фигураларын тапты? (тоғыз-құмалақ)


Этнос

  1. Түйе сүтінен дайындалған қазақтардың сүйікті сусыны? (шұбат)

  2. Ақындардың сайысы қалай аталады? (айтыс)

  3. Қазақстанның қай халқында "бигос" тамағы бар? (поляктарда)


Символдар және белгілер

  1. Қазақстанның ресми Елтаңбасының түсі бойынша орындалуында неше түс бар? (екі – алтын және көгілдір)

  2. Қазақстанның ресми Елтаңбасының түсі бойынша орындалуында неше түс бар?

  3. Әнұран қандай әнге жатады? (салтанатты)

  4. Мемлекеттік символдардың қайсысында шаңырақ бейнеленген? (Елтаңбада)

  5. ҚР қазіргі әнұранының бастапқы сөздерінің авторы? (Шәмші Қалдаяқов)


Куратор 2 турдың қорытындысын және екі турдағы ортақ баллды шығарады.

Үшінші тур – Мәре

Берілген турда студенттерге фольклорға, мәдениетке және сәулет өнеріне қатысты сұрақтар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 5 балл есептеледі. Жауап беруге әзірлігі туралы бірінші болып сигнал берген топ жауап береді.


  1. Қандай тағам қазақтардың ұлттық тағамы болып табылады, бұл қандай тамақ? (Ет тағамы - бесбармақ)

  2. Қандай ұлттық салт туралы сөз болып отыр?

Ғасырдан да көне бұл дәстүр –

Той жасаса дәстүрі ғой халқымның

Теңге, кәмпит шашу қылып шашады!

Солға – сәттілік, оңға – табыс шашады,

Тілек айтылып, шашу шашылып жатады.

Шашу шашып думандатқан халықпыз,

Қадір тұтқан салты мен дәстүрін! (Шашу)

  1. Гүл - Наурыз символы? (Қызғалдақ)


Фольклор

  1. Қазақ ертегілерінің танымал әзілқой кейіпкері қалай аталады? (Алдар-Көсе)

  2. Қазақтың суырып салма әншісі қалай аталады? (Ақын)


Сәулет өнері

  1. Ғимараттарды жобалау және тұрғызу өнері қалай аталады? (Сәулет өнері)

  2. Оңтүстік Қазақстан аумағында орналасқан сәулет өнерінің осы ескерткіші 600 жыл бұрын салынған, биіктігі 40 метр? (Қожа Ахмед Яссауи кесенесі)

  3. Бұл ғимарат Алматыда 1999 жылы салынған. Құрылысқа Түркиядан, Италиядан, Чехиядан шеберлер қатысқан. Оның орталық залында бір мезгілде 2200 адам намаз оқи алады (Орталық мешіт).

Куратор 3-турдың қорытындысын және үш тур бойынша жалпы баллды шығарады.
Қорытынды шығару

Куратор – Сонымен, бұл тур соңғы тур болды. Жюри соңғы баллдарды есептегенше, қатысушылардың бір-бірінің қолын алып, алғыс білдіруіне мүмкіндік береміз. Сөз қорытынды шығару және грамоталарды тапсыру үшін жюриге беріледі.
Қосымша сұрақтар

  1. Теңіз көліне құятын ең ірі өзенді атаңыз? (Нұра)

  2. Қазақстанның қандай су қоймасында итбалықтар бар? (Каспий теңізі)

  3. Қарағанды облысының аумағындағы осы ең ежелгі қаланың аты қазақтың бас киімінің атауынан шыққан? (Қарқаралы)

















Д қосымшасы

«ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ҚАТАРЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТУ –

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ

ҚАСИЕТТІ БОРЫШЫ ЖӘНЕ МІНДЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАМАЛЫҚ КУРАТОР САҒАТЫН

ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ СЦЕНАРИЙІ

(6-семестр)
Көрнекті тұлғаларды шақыру арқылы тақырыптамалық куратор сағатын өткізу кезіндегі негізгі өзгеше ерекшеліктер көсемсөзділік, деректі-көркем бейнелілік, нақты көрсетілген сюжеттің бар болуы, «дыбыс шығарушы ортаны» пайдалану болып табылады.

Куратор сағатын ынталы топ дайындайды және өткізеді. Оның мүшелері-нен жүргізуші таңдалады. Ол күтпеген үзілістерді толтыруға дайын, аудито-рияның көңіл-күйі мен мүддесін қолдай білуі, иллюстрациялық материалды сауатты пайдалануы, өтпелі әрекеттің барлық компоненттерінің логикалық жүйелілігіне қол жеткізуі, композициялық бірлікті қамтамасыз етуі тиіс. Ол материалдың мазмұнын мерзімінен бұрын зерделеуі, студенттердің мүдделерімен және ұсыныстарымен танысуы тиіс.

Сөз сөйлеушілерді алдын ала белгілеу, оларға идеялы-теориялық түпкі ой туралы айту, олардың сөйлейтін сөзінің үлгілі мазмұнымен танысу, тақырыпты білдірудің көрнекті және көркем құралдарын таңдау маңызды. Аудиторияның декорациялық-көркем безендірілуі, әсерлі хабарландыру, эмблеманы, плакат-тарды, көрнекті құралдарды, электрондық слайдтарды және т.б. ұсынуға болады. Сондай-ақ фоножазбаларды алдын ала дайындау, қажетті бейне-материалдарды тапсыру мақсатқа сәйкес болады.

Осындай куратор сағатының тиімділігін жоғарылатудың маңызды шарты оған аудиторияның қатысуы болып табылады. Келушілерді белсенділендірудің біршама тәсілдері бар, мысалы, проблемалы ситуацияларды жасау, қатысушы-лармен диалог жүргізу.

Берілген куратор сағаттарын жүргізудегі қиындық мұндай кездесудің маңызды дайындықты талап етуінен тұрады. Шақырылғандардың тақырып бойынша эмоциялы, сенімді түрде, айқын айта білуі қажет, яғни егер сөйлеу-шілер қызықсыз, солғын, инертті, және де регламентті бұзып сөйлейтін болса, аудиторияда қызықсыз болады және мақсатқа қол жеткізілмеген болады. Сондықтан қонақтармен алдын ала әңгімелесу, оларға өздері кездесетін аудиторияның ерекшеліктері туралы айту, қандай жолмен олардың назарын өзіне аударуға болатынына кеңес беру керек. Студенттермен де сөйлесу пайдалы: қонақтарда қызығушылықты ояту, олардың рухани бейнесін ашу, негізгі педагогикалық мақсатты анықтау, оны іске асыру құралдары.
Қарулы күштер қатарында қызмет ету – Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы және міндеті

тақырыбына арналған тақырыптамалық куратор сағатының

сценарийі

(6-семестр)
1. Дайындық студенттердің мұраттарын және олардың Отанды қорғау проблемаларына көзқарасын айқындаудан, әдебиеттерді, берілген шарада айтылатын өлеңдерді, әндерді, шолуға арналған кітаптарды, фильмдерді, слайдтарды, жазбаларды іріктеу мен зерделеуден, қатысушылар шеңберін анықтаудан; бөлмені безендіруден тұрады.

2. Куратор сағаты музыкалық бастамамен ашылады. Сонан соң жүргізуші кіріспе сөзде қатысушыларды мемлекеттің әскери доктринасының мазмұнымен таныстырады, өзінің азаматтық және әскери парызын абыроймен орындаған батырлардың аттарын атайды.

3. Студенттердің ерлік деген не, оған апаратын жол қандай, батырлық әрекетті кез келген адам жасауға қабілетті ме екендігі туралы пікірталасы.

4. Қатысушыларға әскери тақырыпқа әдеби-музыкалық композицияны тыңдау ұсынылады. Әдеби-музыкалық композиция әскери жылдардың деректі киношежіресінің кадрларымен иллюстрацияланады.

5. Шақырылғандарға сөйлеу үшін сөз беріледі, сонымен бірге олардың сөйлеген сөзінің студенттердің сөйлеген сөздерімен ұштасуы қажет.

6. Кездесу қорытындыларын шығару, барлық қатысқан адамдарға алғыс сөздер айту, қонақтарды жаңа кездесуге шақыру.
Е қосымшасы

«НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ТАРТУДЫҢ

АЛДЫН АЛУ»

ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ӘҢГІМЕ ЖҮРГІЗУ

ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ СЦЕНАРИЙІ

(7-семестр)
Әңгіменің негізіне қоғамдық өмірдің сол немесе басқа жақтарының азаматтық, патриоттық, әлеуметтік, адамгершілік немесе эстетикалық мазмұнын ашатын фактілері салынуы тиіс. Осындай оң немесе теріс фактілер ретінде белгілі тұлғаның, атап айтқанда ҚР Тұңғыш Президентінің қызметі немесе моральдық ереже сөзінде бекітілген, оның жеке қасиеті болуы мүмкін. Жеке эпизодтар мен фактілерді беру түрі әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ол міндетті түрде студенттерді ойлауға жетелеуі тиіс, олардың нәтижесі сол немесе басқа әрекеттің артында тұрған жеке тұлғаның белгілі сапасын айырып тану болып табылады.

Әңгімелесу оның тақырыбын негіздеуден басталады, ол студенттерді ойланылған іс емес, өмірлік маңызды іс ретінде алда тұрған талқылауға дайындауы тиіс.

Әңгімелесудің негізгі кезеңінде тәрбиелеу процесін ұйымдастырушы талқылауға арналған материалды, мысалы, «Қазақстан Республикасының Президенті тұлғасының қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы ролі. Студент топтарының кураторларына көмек ретінде /ҚР ҰҒА академигі А.М. Газалиевтің редакциялығымен. – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2009» жинағынан береді, сонан соң сұрақтарды студенттер өздерінің пікірлерін еркін айта алатындай, дербес тұжырымдар мен жалпылап қорытуға келетіндей етіп қояды.

Қорытынды сөзде куратор барлық айтылғанды қорытындылайды, олардың негізінде өзінің пікірі бойынша, талқыланатын проблеманың аса оңтайлы шешімін құрайды, әңгімелесу нәтижесінде қабылданған студенттердің тәртібі мен қызметі практикасындағы норманы бекіту үшін әрекеттердің нақты бағдарламасын көздейді.

Сонымен қоса, әңгімелесу мазмұнына арналған материал көздері сондай-ақ студенттердің эссесі, олардың сауалнамалық сұрақтарына жазбаша жауаптары болып табылады.

Әңгімелесуді құрастыруда шаблонға және трафаретке жол берілмейді. Әңгімелесудің тәрбиелік нәтижелілігіне қол жеткузі үшін композициялық жаңалықты және әрбір әңгімелесу материалының мазмұнын құрастыруға шығармашылық амалды қамтамасыз ету маңызды. Бұл әрбір нақты жағдайда студенттердің әңгімелесуді қабылдаудың жаңалығын және оған тұрақты қызығушылықты білдіреді.

Ең жалпы түрде патриоттық әңгімелесу құрылымында келесі компоненттерді атап көрсетуге болады:

1. Әңгімелесу тақырыбын анықтау және студенттердің оның мазмұнына қызығушылығын ынталандыру.
2. Талқыланатын тақырыптың қоғамдық маңыздылығын және оның жастардың патриоттық қалыптасуы үшін жеке маңыздылығын негіздеу.

3. Тақырыптың негізгі сұрақтарын тізбекті түрде ашу:

а) қарастырылатын патриоттық ұғымды анықтау;

б) көрнекті адамдардың өмірі мен қызметінің фактілеріне, проблеманың жеке аспектілерін иллюстрациялау мақсатында қоршаған өмірден алынған мысалдарға жүгіну;

в) талқыланатын тақырыпқа байланысты ұжымдағы істердің жағдайын талдау;

г) жұмысты жақсарту немесе студенттердің тәртібі бойынша нақты ұсыныстар, кеңестер;

4. Әңгімелесу қорытындыларын шығару.

Кез келген басқа тәрбиелеу шарасының басталуы сияқты, әңгімелесудің басталуы – тиімділігі оны жүзеге асырудың ойластырылған әдістемесімен қамтамасыз етілетін тиімді сәт. Алдағы әңгімелесуге студенттердің назарын аудару, олардың талқыланатын мәселелерге қызығушылығын ояту үшін әр түрлі педагогикалық тәсілдер пайдаланылады. Олардың қатарында студент-тердің қарастырылатын патриоттық ұғымның мәнін түсінуін айқындауға, еліміздің Тұңғыш Президентінің, ғалымның өмірінен алынған қызықты оқиғаны, фактіні, атақты адамның айтқан нақыл сөзін немесе афоризмді пайдалануға, қарастырылатын патриоттық сапаны және т.б. терең ашу және ұғыну қажеттілігін қамтамасыз ететін, студенттердің өмірінен алынған мысалдарға жүгінуге бағытталған сұрақпен студенттерге жүгіну бар.

Әңгімелесудің мазмұнын құруда фактілерді талдаудан, оларды бағалаудан жалпылап қорытуға әкелетін индуктивті жол да, ережені тұжырымдаудан жеке фактілерді талдауға әкелетін дедуктивті жол да өте жиі пайдаланылады.

Жалпы алғанда әңгімелесудің индуктивті типінің құрылымы мына түрде болады: әңгімелесу тақырыбы жарияланады, өмірден келтірілген жағдай айтылады немесе әдебиеттер материалы оқылады; студенттер куратордың келтірілген фактілерді талдаумен байланысты сұрақтарына жауап береді; ұғымның елеулі белгілері айқындалады; студенттердің меншікті тәжірибесі талданады және ақырында, олардың өзінің тәртібінде берілген патриоттық сапаны бекітуіне көмектесетін практикалық шаралар көзделеді.

Дедуктивті типті әңгімелесу құрылымы келесідей: педагог кіріспе сөзде патриоттық сапаның мәнін ашады, сонан соң студенттерге сұрақтар қояды немесе оларды нақты фактілер мен оқиғаларды талдауға қатыстырады, қорытындысында студенттердің айтқандары жалпылап қорытындыланады.

Әңгімелесудің әрекеттілігін арттыру үшін оларды жүргізу барысында бірқатар шарттарды қамтамасыз ету маңызды. Олардың қатарында: студенттер-дің нақты міндеттерді анықтауы және олардың әңгімелесу барысында қысқаша сөз сөйлеуі; ұсынылатын ережелердің, тұжырымдардың дәлелденгендігі; пайдаланылатын мысалдардың, фактілердің эмоциялық тартымдылығы; куратордың мейірбанды үні; ашып айтушылыққа бейімдейтін ұжымдағы адамгершілік-психологиялық атмосфера.
Студенттермен меңгерілген патриоттық, тәртіптік нормаларды практикада бекіту қажет. Қайшы жағдайда сөз бен іс арасындағы, студенттердің санасы мен тәртібі арасындағы алшақтау мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Студент-тердің ойлары, сезімдері және әрекеттері олардың табиғи бірлігінде айқын-далуы тиіс. Сондықтан әңгімелесуде айтылатынның барлығы практикалық істермен бекітілуі тиіс. Ол үшін ұжымда қажетті жағдайлар жасау және студенттердің меңгерілген патриоттық ұғымдарды, күнделікті өмірдегі тәртіп нормаларын сөзсіз қолдануға белсенді ұмтылуды ынталандыру маңызды.
«Нашақорлықтың және темекі тартудың алдын алу»

тақырыбына арналған әңгімелесу сценарийі
Әңгімелесуді дайындау процесінде куратор нашақорлар тәртібінің фактілерін, мысалдарын қатыстыру туралы қамқорлық етеді.

Өзінің дайындығынан басқа, куратор студенттерді алдағы сөйлесуге бағыттауға ұмтылып, оларды әңгімелесуге дайындайды.

Осы мақсатта ол оған алдағы әңгімелесу тақырыбын хабарлайды, оқу үшін қажетті әдебиеттер тізімін ұсынады, студенттермен бірге ұжымдағы әңгімелесу тақырыбымен байланысты істердің жағдайын талдайды, студенттердің талқылауына беру керек болатын сұрақтарды анықтайды, ол үшін сұрақтары бар электрондық слайдты дайындайды немесе әңгімелесуге материалдары бар арнайы стендті безендіреді.

1. Әңгімелесу тақырыбын анықтау және студенттердің оның мазмұнына қызығушылығын ынталандыру.

2. Талқыланатын тақырыптың қоғамдық маңыздылығын және оның жеке маңыздылығын негіздеу үшін студенттерге сұрақтары бар сауалнама ұсынылады:

а) Есірткіні қабылдауға болады ма?

б) Темекі тарту ересектеу, салмақтылау етеді деген дұрыс па?

в) Сізге есірткінің дәмін көруді ұсынса, сіз не істейсіз?

г) Сіз нашақорлықтың салдары туралы не білесіз?

д) Сіз есірткілердің таралу салдары туралы не білесіз?

е) Сіз есірткі тарататын адамдарды білесіз бе?

3 Сауалнамалық деректерді талдаудан кейін куратор есірткіні қолдану және темекі тарту жайында бейнефильм көрсетеді. Сонан соң әңгімелесу мазмұнын иллюстрациялайтын бейнероликтің жеке сұрақтары бойынша сөйлеген шағын сөздерді ұсынады.

4 Әңгімелесу қорытындыларын шығару.
Ж қосымшасы

«РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН И ОРГАНИЗАЦИЯ ОБЪЕДИНЕННЫХ НАЦИЙ» тақырыбына арналған үлгілі СЛАЙД-дәріс

(2-семестр)






















И қосымшасы

ДИСПУТТЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Диспут куратордың да, студенттің де мұқият даярлығын талап етеді. Талқылауға шығарылған сұрақтар алдын ала дайындалады және де оларды әзірлеу мен құрастыруға студенттерді қатыстыру пайдалы. Куратор диспут өткізгенде қате пікірлерді қабыл алмауы тиіс емес, дөрекі сөйлеп, дауға араласуына, өзінің пікірін дәлелсіз жүктеуіне жол бермеуі тиіс. Ол сыпайы және төзімді, әуесқой және ашулы, сабырлы болуы және қалжыңдай білуі тиіс. Мұндай әдет ешкімді ренжітпейді және кемсітпейді, студенттердің пікір таласына қатысу және өз пікірлерін ашық айту қалауын қайтармайды. Диспут жетекшісіне біле тұра айтпау және тыйым салу бейнесі жараспайды. Кез келген пікірді бүгіп қалу жорамалдау, бұрмаланған болжамдар, дұрыс түсінбеу үшін мүмкіндік береді. Диспуттар мен пікірталастардың ортақ тағайындалуы – әсіресе қандай да бір патриоттық қасиеттерді дамытқанда, шығармашылық ізденістер мен өзіндік шешімдер үшін бағдарлық негіз құрайды.

Диспут әр түрлі басталуы мүмкін: жүргізушінің (куратордың, студенттің) кіріспе сөзінен де және анкеталық материалдар хабарламасынан да, студент-тердің өз еркімен сөйлеген сөздерінен де, әдебиеттер және өмірлік фактілерді талдаудан басталуы мүмкін.

Диспуттың бағытталғандығы, оның елеулі дәрежедегі тиімділігі жүргізу-шінің кіріспе сөзінде диспуттың тақырыбын айқын және нақты «бере білу», аудиторияның алдында сұрақтарды сенімді және пікірталастық түрде қою, оны бірден серпілту, ойлануға, дауласуға, талқылауға мәжбүрлеу шеберлігімен анықталады. Жүргізушінің: «Сіздер диспуттың тақырыбы бойынша сұрақтарды білесіздер. Кім сөйлейді?» - деген байсалды кіріспе сөзіне жол берілмейді. Диспутты мұндай түрде бастау дауласуды қалауды тудырмайды.

Кіріспе сөздің құрылымының бірыңғай болуы мүмкін емес. Ол ең алдымен, диспуттың мазмұнымен және тәрбиелік міндеттерімен, студенттердің дауласу өнерін иелену деңгейімен, диспут үшін дайындалған материалдың бар болуымен, жүргізушінің білімдарлығымен және тәжірибесімен анықталады.

Кейде диспут көркем шығармаларда немесе белгілі публицистикалық, сын мақалаларда дауласу проблемасы әр түрлі шешілетінін көрсетуден басталады. Жүргізуші студенттердің осы проблема бойынша өзінің көзқарасын білдіруін сұрайды.

Диспутты барлығына жақсы белгілі нақыл сөзден бастап, оның көмегімен жиналғандардың назарын диспуттың түйінді мәселелеріне аударуға болады.

Диспутты жүргізуші диспуттың тақырыбы бойынша алынған сауална-малардың немесе интервьюдің студенттердің ең алуан түрлі, кейде тікелей қарама-қайшы көзқарастарын айқындайтынын хабарлайтын басталуы да өзін ақтайды.

Диспутқа жетекшілік ету оңай емес. Дау өздігінен тұтанбайды. Оны басқарусыз қалдыруға болмайды, сұлбамен шырмауға болмайды. Диспутты жүргізушінің шеберлігі тек білімдарлығынан ғана емес, сонымен бірге дауға қатысушыларды «қыздыру» немесе «суыту» шеберлігінен айқындалады. Жүргізуші диспуттың тақырыбы бойынша алуан түрлі пікірлерді айқындауы, тіпті қате болса да, кез келген пікірді логикалық дамыта білуі және дәлелдей білуі тиіс, сөйленетін сөздердің ең күтпеген түрлерін күн ілгері көздеуі тиіс. Жай ғана дауласу ғана емес, нәтижесінде сол немесе басқа сұрақ бойынша бірыңғай дұрыс пікірді саналы қабылдауға келтіру маңызды болады.

Жүргізушінің диспут барысындағы ролі сөйлеушілерге сөз беруге ғана келтірілмеуі тиіс. Ол оның негізгі ойын көрсетіп, кезекті сөз сөйлеуді түсін-діруі, қатысушыларға белгілі айтылған сөзге өзінің көзқарасын білдіруі, ұсыны-сын жасауы, даулы пайымдауларға ыммен жауап беруі немесе керісінше, оның көзқарастарына сәйкес келетін пайымдаулармен пікірлестік білдіруі мүмкін. Осының барлығын жүргізуші белгілі шама мен әдепті сақтап, басталған сөзді қолдап және ынталандырып, оны керекті қалыпқа бағыттай отырып жасайды.

Диспутта қақпалауға, пікір таласын тудыратын әрекеттерге, орнында отырып сұрақ қоюға тыйым салмау керек. Бұл диспутты жандандыруға көмектеседі, эмоциялық шиеленісуді, аудиторияның қызығушылығын арттыра-ды. Жүргізуші оларды сөз сөйлеушіге қайта жіберіп немесе қалаушыларды айтылған ойды нақтырақ дамытуға, сондай-ақ сұраққа жауап беруге шебер әрекет етуі тиіс.

Сол немесе басқа сұрақ бойынша қате пікірлер айтудан қауіптенудің керегі жоқ. Керісінше, диспут осы қате пікірлерді айқындау, оларды жолдастары тарапынан сынауға, оларға дұрыс пікірлерді қарсы қою үшін өткізіледі. Мұндай сөз сөйлеуді түсіндіре отырып, жүргізуші аудиторияның назарын өзіне аударуы, қатысушыларда айтылған қате көзқарасқа дұрысын қарсы қою қалауын тудыруы тиіс. Диспут кезінде өзара тілектестік атмосферасы құрылуы тиіс.

Белсенділікті қолдау мақсатында кейде сұрақтардың хабарландыруда жазылған жүйеде талқыланбауына жол беруге болады.

Сұрақтар қанша терең және күшті талқынса да, жүргізушінің соңғы сөзі қажет болады. Сонымен бірге қорытынды сөз ылғи да пікірлесудің қорытын-дысын шығармайды. Керісінше, кейде даулар кезінде пайда болатын, толқытатын жаңа проблемалар пайда болады, олар кейінгі диспуттың тақырыбы болуы мүмкін.

Қорытынды сөзді қатаң белгіленген сұлба бойынша құрастыруға болмайды. Алайда қорытындының:

а) қысқа, айқын және сенімді болуы;

б) қойылған проблеманың дұрыс шешімін көрсетуі;

в) диспутқа қатысушылардың аса сәтті және қызықты сөздеріне сүйенуі;

г)студенттер ортасында немқұрайдылыққа, өзімшілдікке, ұйымдастырыл-мағандыққа сын, шыдамсыз көзқарасты құруы;

д) студенттердің алдында жаңа проблемалар қоюы, олардың қызығушы-лығын тудыруы қалаулы болады.

Диспутты аяқтап, жүргізуші пікірлесуге белсенді қатысқан студенттер мен қонақтарға, барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, оларды жаңа кездесуге шақырады.

Қатысушылар саны 12-15 кем емес, бірақ 30-дан артық емес болуы тиіс.

К қосымшасы

КУРАТОР САҒАТЫН ТАЛДАУДЫҢ ҮЛГІЛІ СҰЛБАСЫ


Факультеті

Күні

Мамандығы

Уақыты

Кафедрасы

Кураторы

Тобы




Тақырыбы










1. Куратор сағатының тақырыбы, мақсаты, міндеттері ((тәрбиелік, білім беру, дамытушы), олардың өзара байланысы және іске асыру жолдары)

____________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Куратор мен студенттердің куратор сағатына әзірлігі (өрістетілген жоспар-сценарийдің бар болуы, материалдық-техникалық жасақтау, жабдық-тар, көрнекті құралдар, ТОҚ, аудиторияның санитарлық-гигиеналық жағдайы, аудиторияны куратор сағатының тақырыбына сәйкес безендіру және т.б.)

____________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Ұйымдастыру құрылымы (куратор сағатының құрылымы, оның тәрбиелеу шаралары жүйесіндегі орны, кезеңдердің нақтылығы, жүйелілігі, уақытты мөлшерлеу, студенттерге ықпалдардың тәрбиелеуші бағытталғандығы кезеңдерінің сәйкестігі).

____________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Куратор сағатының мазмұны (ақпараттық қаныққандық және материалдың мазмұндылығы, оның тәрбиелеуші және дамытушы мағынасы; материалды студенттер үшін көлемі және қиындығы бойынша іріктеу дұрыстығы; материалды түйінді ұғымдардың маңында жіктеу)

____________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Куратор сағатын әдістемелік қамтамасыз ету:

  • Тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін пайдалану, олардың үйлесу сипаты, оларды таңдаудың негізделгендігі, мақсатқа сәйкестігі және қолдану тиімділігі (материалдың өмірмен байланысқан және т.б. бағытталғандығы), тәрбиелеу принциптеріне сәйкестігі. Куратор сағатындағы жұмыс қарқыны.

____________________________________________________________________________________________________________________________________


  • куратор сағатының әр түрлі бөлімдерін өткізу әдістемесі: студент-тердің алдына тәрбиелеу міндеттерін қою; жаңа білімді ұсыну әдістемесі; материалды бекіту әдістемесі; студенттердің қызметін белсенділендіру (олардың қабылдауы, жады, ойлауы, қиялы және т.б.) тәсілдері; студенттердің репродуктивті және шығармашылық қызметін ұйымдастыру, олардың арақатысы; студенттердің дайындалғандығы деңгейін есепке алу, тәрбиелеуде жеке және дифференциалдық ыңғайды жүзеге асыру; жеке тұлғаның санасы мен сенімдерін, патриоттық, еңбек, эстетикалық және жеке қасиеттерін; студенттер мәдениетін тәрбиелеу; олардың педагогикалық мақсатқа сәйкестігін негіздеу.

____________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Студенттердің тәртібі және қызметі (студенттердің тәртібі, оларды қолдау әдістемесі; дайындалғандық деңгейі әр түрлі студенттердің белсенді-лігі, дербестігі, қызығушылығы; әр түрлі кезеңдерде ынтаның шоғырланған-дығы және тұрақтылығы; студенттердің қызметі, олардың ұйымдасқандығы, ұқыптылығы; тәртіп бұзушыларға қөзқарас; жұмысқа жеке студенттердің және бүкіл ұжымның қатысу сипаты; студенттердің кураторға және бір-біріне көзқарасы (білдірмей тыңдау, қорқыныш, тілектестік, құрмет, өзара көмек, білдіртпей айту және т.с.с.))

________________________________________________________________________________________________________________________
7. Куратордың іскерлік қасиеттерінің сипаттамасы (куратор білімінің деңгейі және оның куратор сағатына дайындалғандығы; куратордың студент-терді тәрбиелеу теориясын, тәрбиелеу жұмысының әдістемесін, психологиясын білуі, оның осы білімді қолдана білуі; педагогикалық такт, жұмыс істеудегі стиль, еңбек және тәртіп мәдениеті, куратордың сөзі; куратордың топпен және жеке студенттермен өзара қатынастары, куратордың беделі)

____________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Куратор сағатының жалпы нәтижелері (жоспарды орындау; тәрбиелеу, жалпы білім беру және дамыту мақсаттарына қол жеткізу; куратор сағатының жалпы бағасы, оның нәтижелері, тиімділігі және сапасы; жұмысты әрі қарай жетілдіру, табыстарын бекіту және жіберілген қателерді жою бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар)

____________________________________________________________________________________________________________________________________
Куратор сағатына қатысушы оқытушылардың аты-жөні/.

Қолдары.

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница