«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты»




Скачать 255.94 Kb.
Название«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты»
Дата конвертации23.04.2013
Размер255.94 Kb.
ТипДокументы

«Бекітілді»

Мұнайлы ауданы әкімдігінің

«23» желтоқсандағы 2009 ж.

№ 291Қ қаулысымен
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің комиссиясы және көкжиегі.

2. Ағымдағы мәселелерді талдау.

3. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары, алғы шарттары және жұмысының көрсеткіштері.

4. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі.

5. Функционалдық мүмкіндіктері және кездесетін қауіптер.

6. Стратегиялық жоспар жасақтауда негізге алынған нормативтік құқықтық актілерінің тізімі.

7. Бюджеттік бағдарлама.

1. Миссия және көкжиек

2005 жылдың 6 сәуіріндегі №16/161 және 2005 жылдың 30 наурыздағы №121 белгідегі Маңғыстау облыстық маслихатының шешімі, Маңғыстау облысы әкімиятының Маңғыстау кентін «село» санатына және Қызылтөбе селолық округін құру туралы қаулысына сәйкес, Қызылтөбе селолық округі құрылған.

Қызылтөбе селолық округінің құрамына Қызылтөбе, Қызылтөбе-2 тұрғын массиві, Бірлік және Ынтымақ елді мекендері «Южное», «Геолог» ББС мен 23 жеке шаруа қожалықтары кіреді Облыстық статистика басқармасында 2007 жылға халық саны 13581 болып бекітілген. 2007 жылдың қыркүйек айындағы медициналық санақ бойынша 16001 халық тіркелген; Селолық округ территориясының көлемі – 24 376 гектарды құрайды.

«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы (осыдан әрі – Округ әкімінің аппараты) – округ әкімі және оның орынбасары мен мамандары қызметін сапалы және уақытылы ақпараттық – аналитикалық, ұйымшылдық – құқықтық , материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз ету, алға қойған міндеттерін орындау.

Округ әкімі аппаратының көкжиегі:

Округ әкімінің және оның орынбасары мен мамандарының алға қойған міндеттерін, соның ішінде халықтың өмір сүру сапасын және аймақ экономикасының бәсеклестікке бейімділігін арттыру мақсатында оларға сапалы эксперттік – аналитикалық және ұйымдастырушылық – құқылық қолдау көрсету;

Округ әкімінің және оның орынбасары мен мамандарының қызметін құқылық жағынан қамтамасыз ету, өз қызметтеінде заңдылықты сақтау;

Елбасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс, аудан әкімінің алға қойған міндеттері мен тапсырмаларын сапалы орындау мақсатында еңбек ету;

Қазіргі таңдағы менеджмент талаптарына сай, Елбасының, ҚР Үкіметінің және облыс, аудан әкімінің алға қойған талаптарын асыра алатын қабілеті бар аппараттағы жоғары квалификацияланған мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін дамыту;

Құжаттармен жұмыс істеуде жаңа көзқарастарды жүзеге асыру: құжаттар айналысын азайту, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, «электрондық әкімдікті» дамыту аясында қызмет жасау, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету аясында хаттармен, азаматтардың арыздарымен қызметті жақсарту, округ тұрғындарымен кездесулерді жиі ұйымдастыру;

олардың мемлекеттік талаптарды қорғау мақсатында сапалы тәжірибе негізінде әлеуметтік мағыналы қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру үшін қызметін ұйымдастыруды дамытуға ықпал жасау.

Қызметті ұйымдастыруды дамытуға ықпал ету, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды талаптарын қорғауға және қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік қызмет көрсетуге жағдай жасау.
2. Ағымдағы мәселелерді талдау

Бiлiм беру

Қызылтөбе селолық округінде 1 жалпы орта білім беру мектебі бар. №2 орта мектептің негізі 1984 жылы қаланған. 2004 жылы Республикалық бюджеттен қаражат бөлініп қосымша 720 орындық жаңа ғимарат салынды. Бүгінгі таңда аталған мектепте жоғарғы сыныптар бойынша - 1132, орта буын - 601 және бастауыш сыныптар бойынша - 973 оқушы барлығы - 2706 оқушы, 2 кезеңде білім алып, 197 - мұғалім қызмет етуде. Осы оқушылардың ішінен 1 жоғарғы сынып оқушысы биылғы оқу жылын алтын медальмен аяқтағалы отыр. 2008 жылы мектепте, 8 сыныптар арасынан математика пәнін тереңдетіп оқыту үшін 1-сынып ашылған, алдағы уақытта биология т.б. пәндерден осындай сыныптарды ашу жоспарлануда.Осыған қарамастан №2 орта мектептің білім үлгерімі төмен болып отыр. Қазіргі таңда оқушылардың біліктілігін арттыру мақсатында жоғарғы сыныптар арасында әр апта сайын тест алу жұмыстары жүргізіледі.

Мектепте өнер мектебіндегі ұстаздарының дәріс беруімен домбыра, балдарды спортқа баулу мақсатында бокс үйірмелері жұмыс жасауда.

Бастауыш сыныптар мұғалімдерінің сабақ беруімен, Мектепке дейінгі тәрбие бойынша 7 және 6 жас бүлдіршіндерден құралған 6 сыныбы бар. Осы бүлдіршіндерге бір кезең бойынша күніне 3 сағат дайындау сабақтары өткізіледі.

Қызылтөбе селолық округі аумағындағы ауылдарға оқушыларды автобус арқылы тасымалдау ұйымдастырылған, барлық тасымалданатын оқушылар 559. оның ішінде арнайы 2 автобуспен Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивінен 114 оқушы, ст. Маңғыстаудан -55, Дәулет, Ынтымақ, Бірлік елді мекендерінен 61 оқушы автобус арқылы тасымалданады. Тасымалдау көліктері мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес, жергілікті әкімшілік есебінен бөлінген. Балаларды мектеп алдынан жөнелту қатаң қадағалаумен сынып жетекшілеріне жүктелген.

Ауыл мектебінде интернет желiсiне қосылған жаңа типті 13-компьютерлер мен, сапалы байланыс үшін жеке номер берілген және қашықтықтан оқытудың спутниктiк кешенi орнатылған.

Қызылтөбе селосынан лицей ашылып қазіргі таңда осы лицейде 204 оқушы білім алуда.
Денсаулық сақтау

Қызылтөбе селолық округінде, Қызылтөбе ауылының алғашқы алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, Бірлік елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункті, жедел жәрдем халыққа қызмет көрсетеді.. Қызылтөбе ауылының алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығындағы 35 қызметкер, оның ішінде: 2 терапевт, 2 педиатор, 1 гинеколог, 1 тіс дәрігерлері, Бірлік елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пунктте 1 медбике,1 фельдшер,Қызылтөбе селосындағы жедел жәрдем бөлімінде 3 автокөлік халыққа қызмет көрсетеді. Селосындағы ауылдық алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығында күндізгі емдеу стационарында жылына 2328, ал 20 орындықты емдеу бөлімінде 220 адам қаралады. Осы емделу орнында 2 медбике қызмет көрсетеді.
Мәдениет

Мұнайлы ауданы бойынша 210 орындық «Маңғыстау» мәдениет үйі бар. Ол Қызылтөбе селолық округінде орналасқан. Онда кітапхана жұмыс істейді. Кітапхананың кітап қоры 13384 «Маңғыстау» мәдениет үйінде барлығы 25 қызметкер, оның ішінде арнайы шақыртумен өнер саласы бойынша 5-қызметкер жұмыс жасайды. Ән үйірмесі 13, 10- би класы бойынша аптасына 2 рет ақылы сабақтар жүргізіледі, осы оқушыларға сахна шеберлігі қосымша оқытылады. Селолық округте елiмiздiң барлық мемлекеттiк мерекелерi тиiстi дәрежеде аталып өтiледi. Оған Мұнайлы ауданы аумағындағы мекемелердiң, мектептердің көркем өнерпаздары қатыстырылады Маңғыстау облысына кеңінен танымал жыршы Ж. Репназарованың жетекшілігімен өнер мектебінің жыр-терме класы бойынша 9 оқушы білім алуда.
Дене тәрбиесi және спорт

Қызылтөбе селолық округінде тұрғындардың, әсiресе жас ұрпақтың денелiк жағынан шыңдалуына біршама көңіл бөлiнуде.

Селолық округ мектептері оқушыларынан құрылған футбол командасы бар. Олар облысымызда өткізілетін жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Осы футбол командасы жақын арада өткізілген Атырау облысындағы жарысқа қатыстырылды.. Сонымен қатар, жасөспірімдерді боксқа баулу үшін Қызылтөбе елді мекеніндегі №2 орта мектепте екі сыныбы бойынша 30 баланы спорт шебері Балғожа Әділбек жаттықтыруда. Бокс мектебінің жаттығушылары әр-түрлі спорттық дәрежеге қол жеткізді және елiмiзде бокстан өткiзiлген жарыстарға қатысып жүлделi орындарға ие болды.

Қызылтөбе елді мекенінде жасөспірімдерге арналған жаңа кіші футбол, баскетбол және волейболға арналған спорттық алаңда мерекелік жарыстар өткізіліп, жарысқа, аудандар мен селолық округ аумағында орналасқан ірі мекемелердің құрама командалары қатыстырылады.
Ауыл шаруашылығы (Мал шаруашылығы)

Селолық округ аумағында ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлер және ауылшаруашылығымен шұғылданатын арнайы шаруа қожалықтарының саны бүгінгі күні 23-ті құрайды.

Қызылтөбе селолық округі тұрғындары жеке шаруашылығындағы малдарын өздерiнiң аулаларында және арнайы бақташыға қосып бағуда. Тұрғындардың малдары әкім аппаратындағы шаруашылық кітабында тіркелген. Барлық тіркелген мал басына қажет кезінде анықтамалар беріледі, осы анықтама арқылы ветеринар мал етінің жарамдылығын тексереді.

Қызылтөбе селолық округі бойынша ауыл шаруашылығындағы мал басының саны:

2007-2008 жылдың 1-қаңтарындағы жеке шаруашылық бойынша мал, құс саны:


Мал, құс түрi

01.01.2008

01.01.2009

Түйе

225

740

оның аналығы

214

690

Сиыр

85

85

оның аналығы

55

55

Ешкi

730

690

оның аналығы

645

600

Қой

2005

4700

оның аналығы

1700

3750

Жылқы

55

560

оның аналығы

34

515

Тауық

498

674


Демография және көші-қон

Көші-қон ағымының есебімен, селолық округке жылына шамамен 180-200 отбасы көшіп келетіндіктен алдағы 4 -5 жылда халық саны - 23 000 жетеді деп күтілуде. Көшіп келушілердің басым көпшілігі көршілес Түркменстан, Өзбекстан Қарақалпақстан Республикаларындағы қандастарымыз. Оларды әлеуметтік жағынан қамту, Мұнайлы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып, жұмысқа орналастыру және тұрғын-үй салу үшін жер телімдерін беру жұмыстары жасалуда.

Осы оралмандардың басым көпшілігі Қызылтөбе-2 тұрғын массивінде тұрады. Қазіргі таңда елді мекенде 700-750 тұрғын-үй салынған, тұрғын үйлер электр жүйелерімен толық қамтылған Ақтау жолдары ЖШС мекемесі көмегімен Қызылтөбе - 2 тұрғын массивінің басты жолдары 2009 жылдың наурыз айында тегістеліп берілді.

Халыққа әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру

Қызылтөбе селолық округі аумағында кедейшiлiкке және жұмыссыздыққа қарсы күрес жөнiнде iс-шаралар жалғасуда.

Қызылтөбе селолық округі бойынша кедейшiлiк деңгейiнен төмен тұратын 33 отбасына Мұнайлы аудандық жұмыспен пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен әлеуметтік көмек тағайындалған. Округ бойынша 2009 жылдың қаңтар айында 16 жұмыссыз тіркелген. Қазіргі таңда жұмыспен қамту бөлімінің жолдауымен 35 адам қоғамдық жұмысқа жіберілген. Селолық округ бойынша Әкімнің аппараты атынан мереке сайын халықтың әлеуметтік қорғансыз топтарына (мүгедектерге, жалғызбастыларға ) арнап қайырымдылық ас ұйымдастырылады. Оқуға кәсіби мамандық алуға ниет білдірген 19 оралманның тізімі алынып жұмыспен қамту бөліміне жіберілді. Әлеуметтік жағынан төмен жанұяларға селолық округ аумағында орналасқан кәсіпкерлер, мекемелер мен ұйымдар тарапынан мереке күндері әлеуметтік көмек көрсету ұйымдастырылып отырады.
Қаржылық қызмет көрсету саласын дамыту.

Қызылтөбе селолық округінде «Казпочта» (пенсия) бөлімшесі қызмет етеді. Казпочта бөлімшесінде несие алу «Хомкредит » арқылы жүргізіледі. Несие алушылардың басым көпшілігі зейнеткерлер, олардың құжаттары почта арқылы жиналып, пайыздың ставкасы 15 % , ал зейнетақы көлеміне байланысты 10 мың тенге мен 150 мың тенге аралығында беріледі
Кәсіпкерлікті дамыту

Қызылтөбе селолық округінде мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында көрсетiлген мiндеттердi орындау үшiн шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға назар аударылуда.

Селолық округ бойынша 35 шағын және орта кәсiпкерлiк объектiлері тiркелген. Олардың 43 қызметкерлерімен 25-і толықтай жұмыс жасайды. Село бойынша 150 орындық «Шоғы» кафесі, 200 орындық «Ерқосай» мейрамханасы орналасқан. Сонымен қатар, 1 шаштараз, 1 көлік жөндеу шеберханасы және 2 жанар жағармай, 1 газ құю бекеті бар. Осы шағын объектiлер аудандық салық комитетінде тіркелген. Олардың тазалығын жергілікті әкімшілік аппаратымен СЭС арқылы қадағаланып отырады.
Өнеркәсiп және құрылыс

Селолық округ аумағында «Технотрейдинг», «Халлибуртон», «Касмашал», «Маңғыстау мұнара», «Камаз центр», «УМиАТ», «Эм-Ай Дриллинг», «ОСК», «МКДСМ» ЖШС мен Маңғыстау көлік техникалық басқармасы және материалдармен қамту басқармасының кеңселері мен өнеркәсіп, базалары орналасқан. ЖШС «Oil Services Company» мекемесінің Өндірістік Жабдықтау базасының іс-әрекеті мұнай жабдығын өңдеу, ТОО «TechnoTrading LTD» Мекеменің негізгі іс-әрекеті мұнай ұнғыларын, геофизикалық зерттеулер және мұнай құрал-жабдықтарын өңдеу, «МКДСМ» Акционерлік қоғам негізінен асфальтобетон шығарумен, жолдар және алаңдар салумен, жолдарды күрделі ағымды жөндеу, «Касмашал» ЖШС –транспорттық қызмет, жүк тиеу және түсіру, ММГ АҚ «материалдармен қамту басқармасы» -материалдық ресурстармен жабдықтау, жұмыстарымен айналысады. «МұнайГазҚұрылыс» ЖШС жол –құрылыс, механизм және көлік жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Көлік және байланыс

Селолық округ елді мекендері арасында автомобиль жолы арқылы байланыс бар. Облыс орталығына 103 маршруты жол ақысы 55 тенге, ал аудан орталығына 13, 13-А маршруттары жол ақысы 25 тенгеден қатынайды.

Тұрғындар мен мекемелерге, ұйымдарға «Қазақтелеком» АҚ және «Мұнайтелеком» АҚ телефон бекеттері қызмет көрсетеді. Округ бойынша шамамен 750-дей іске қосылған нөмірлер бар. Қызылтөбе селолық округі аумағының тұрғындары бүгінгі күнде мемлекеттік (Еларна, Хабар, Қазақстан-1, Қазақстан-Ақтау, Евразия) телеарналарды көруде.
Тұрғын үй саласы және халықтың тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Қызылтөбе селолық округі бойынша 2006-2007 жылдары Қызылтөбе-2 тұрғын массивінен жер телімдері берілген болатын. Қазіргі уақытта осы жерде азаматтардың өз күштерімен 700-750 дей тұрғын үй құрылыстары аяқталған. Қызылтөбе ауылында 2006 жылы бюджет қаражатынан салынған муниципалдық 2 пәтерлі 1 тұрғын үй Округтің бас дәрігері мен жаңадан ашылған лицейдің маманына берілген.

Газдандыру

Қызылтөбе селолық округіндегі 1745 жеке үй шаруашылығы бойынша 1555 үйге газ құбыры тартылған, ол 80%-ды құрайды. Алғашқы газ құбыры 1996 жылы Қызылтөбе елді мекеніне, 2007 Бірлік, Ынтымақ ауылдарына тартылды. Көгілдір отынның 1м3 жеке тұтынушылар үшін 7 тенге 10тиын, төлемдер Ақтау газ мекемесінің Қызылтөбедегі бөлімшесімен жүргізіледі. Алдағы уақытта, 2006 жылы бөлінген жер учаскелері бойынша Қызылтөбе-2 тұрғын массивтеріне газ құбырын «Аджип» ЖШС-нің қаржыландыруымен тарту көзделіп отыр.

Электр жүйелерімен қамту

Электр энергиясымен Қызылтөбе селолық округінднгі Қызылтөбе, Бірлік, Ынтымақ елді мекендері толық қамтылған. Ауылды МАЭК «КазАтомПром», Маңғыстау селосындағы ЖШС «Маңғыстау энерго» мекемелері жарықпен қамтамасыз етеді. Электр энергиясының 1 киловатты жеке тұтынушылар үшін 5 тенге 27 тиын тұрады. Қызылтөбе елді мекендегі тұрғын үйлер арасы жарықтандыруды қажет етеді.

Ауыз су мен қамту

Селолық округке ауыз суы тасымалдау жолымен жеткізіледі. Тұрғындар ауыз суын 3,6м3 1700тг., 4м3 - 1800тг., 5м3 1900тг. бағалары бойынша сатып алады.

Қызылтөбе елді мекені орталығында орналасқан 1000м3 және 500м3 екі резервуарлы су қоймасы және 3,5 шақырымды су құбыры күрделі жөндеуді қажет етеді. Алдағы уақытта «ШЕЛЛ» компаниясы мен бірігіп, Қызылтөбе ауылына техникалық су тарту жұмыстары жоспарлануда.
Коммуналдық қызмет көрсету

Қызылтөбе селолық округі тұрғындарына коммуналдық қызметтерді Мұнайлы аудандық «Мұнайлы тұрмыс» МКК Қызылтөбе елді мекеніндегі учаскесі, «Маңғыстау энерго» МКК және «Ауыл газ» ЖШС көрсетуде.

Селолық округтегі әлеуметтiк объектiлер мен тұрғын үйлер жылу, газ және электр энергиясымен қамтылған.

Селолық округ аумағы күнбе-күн тазалануда. Тұрмыстық қалдықтарды шығаруға қоқыс жәшiктері орнатылған, күнiне 75-80м3 тұрмыстық қалдықтар шығарылады.

Жергілікті бюджеттен санитарлық тазалық үшiн 3500 млн. теңге, абаттандыру мен көгалдандыру үшiн 7000 млн. теңге, және қоғамдық жерлердi жарықтандыруға 14 954 мың теңге қаржы бөлiндi.
Ауыл жолдары

Селолық округ елді мекендері арасында автомобиль жолы арқылы байланыс бар. Село аралық және село ішілік жолдың жалпы көлемі 45,65 шақырым, оның 19,03 шақырымы қатқыл табанды, ағымдағы жөндеуді және 26,62 шақырымды жол салуды қажет етеді.

Село бойынша алдағы уақытта жоспарланған шаралар

Қызылтөбе селолық округі аумағының ішкі инфрақұрылымын дамыту, ауылдарда өмір сүру жағдайын теңестіру, округ аумағындағы тұрғындардың экономикалық дамыуын және жергілікті мемлекеттік басқару орындарымен бірлесе жұмыс жасауына ынталандыру үшін бірнеше кезектегі шараларды жасақтау және іске асыру мақсатында жасақталған бағдарлама 2009 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңге көзделген:
Республика және жергілікті бюджеттер есебінен селода:

Қызылтөбе -2 тұрғын массивіне 960 орынды мектеп, Қызылтөбе ауылына 280 орынды бала -бақша, Әлеуметтік мәдени орталық, полиция бекеті және 9 екі пәтерлі тұрғын үй салу және Қызылтөбе ауылына техникалық су құбырын тарту жоспарлануда.

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары, алғы шарттары және жұмысының көрсеткіштері.

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі.


Атаулар

Өлшем бірлігі

Есеп беру кезеңі

Жоспарлау кезеңі

2008 ж.

2009ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

1

2

3

4

5

6

7

Ел басының, Үкіметтің актілерін және тапсырмаларын, үкіметтің және премьер министрдің облыс, аудан әкімінің т.б. шешімдерінің орындалысын қадағалау системасын оптимизациялау.

Ел басының Үкіметтің және Премьер-Министрдің облыс,

аудан әкімінің т.б. актілері мен тапсырмаларын мерзімінде орындау, соның ішінде электронды құжат айналымының системасын жақсарту


%




80



90




93




95




100



Электронды құжат алмасу системасы шеңберінде ішкі, бақылау процедурасын оптимизациялау (үнемі), Lotus системасындағы электрондық-қағаздық құжат алмасуға көшу.

Құжат

тарды іріктеу

%


50


70


85


95


100

Қазақстан Республикасының елбасы және облыс, аудан әкімі тарапынан қойылған мәселелерді іске асыруға қажетті потенциалға ие және қазіргі заман менеджмент талаптарына округ әкімінің мемлекеттік қызмет аппаратындағы жоғарыквалификациялы персоналды дамыту, және де осы істі жергілікті орындау органдарында координациялау (бақылауға алу)

Мақсаты: Округ әкімінің аппаратында жоғары квалификациялық персоналды қалыптастыру

Мақсатты индикаторлар: мемлекеттік қызметшілер этикасы мен мемлекеттік қызмет орнында заңбұзушылықтарға орын бермеу.



"Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесінің функционалдық мүмкіндіктері және

кездесетін қиындықтар.
Қызметкерлердің жұмысын жандандыруға кәсіптік біліктілігін арттыруға, мемлекеттік басқарудың тиімді әдістерін жүзеге асыру түпкілікті нәтиже алуға ұмтылу.

Көрсетілген кұжатпен келісе отырып, критерияларға сүйену арқылы ай сайын әрбір қызметкердің жұмысының сапасын бағалауды ынталандыруға негізге алу. Ішкі жұмыс тәртібін сақтау мақсатыменен, жобаларға шешім шығаруда электрондық құжаттар айналымында , әртүрлі мәжілістер өткізумен бірге ұжымдық жұмыстарды реттеу және Аппараттық қызмет көрсету сапасын арттыруда жоспарлануда:

  1. Адам ресурстарын дамытуды қамтамасыз етуге, шаралар жасақтау, мамандар потенционалын

сақтау,

сонымен бірге аппарат қызметкерлерін жұмысқа деген құлшынысын нығайту .

Ақпарат қызметкерлері және мемлекеттік қызметкерлер білімін жетілдіру дайындық курсына аймақтық орталыққа және Қазакстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер дайындау Академиясына график бойынша жіберіп отыру. Ұжымды біріктіру мақсатында бірлескен қызметкерлердің денсаулығына спорттық шаралар ұйымдастырылады. Біліктілікті көтеру бөлімінде аппарат қызметкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік қабылданған. Өз қызметінде аппарат тәуекелмен қағыса алады немесе аппарат қызметтін түзете алуына байланысты, стратегиялық жоспарлау мақсатына жетуіне кедергі болады. Негізгі тәуекелге мыналар жатады:

1) Тапсырмалардың сапасыз орындауына органдармен лайықты мемлекеттік механизмдер және мемлекеттік органдардың арнайы жауаптылық басқарулар дер кезінде қабылданады.

2) Мамандыққа баға беретін кадрлардың механизмдер және өлшемнің тұрақты резервін құру.

Бюджеттік бағдарлама
Бюджеттік бағдарлама 001

Бюджеттік бағдарламаның бағытталуы және қызмет көрсетуі

Бюджеттік бағдарламаның ұйымдастыру

«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарлама

(қосымша бағдарлама)

001 «Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету»

003 «Жергілікті аппарат органдары»

007 «Мемлекеттік қызметшілердің мамандығын жоғарылату»

009 «Мемлекеттік органдардың заттық-техникалық жабдықтануы»

Мазмұны

Аппараттың бекітілген штаттық кестесіне сәйкес, қойылған бағдарлама бойынша негізгі функцияларды орындау.


Стратегиялық жолдау

Барынша көп нәтижеге жету үшін материалдық техникалық базасын нығайту үшін село әкімінің қызметін қамтамасыз ету.

Мақсат

Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және жақсарту, мемлекеттік аппарат жұмысын жоғарылату.

Тапсырма

Мемлекеттік қызметтегі ауыл әкімінің білімін жоғарылату, заттық-техникалық базаны нығайту, қаражатты дер кезінде және сапалы игеру.

003 «Жергілікті аппарат органы»




Көрсеткіш атаулары

Өлшем бірлігі

Есепті кезеңі

Жоспар кезеңі

2008 жыл

2009 жыл (ағымдағы жоспар)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Сандық көрсеткіші

Аппараттың штаттық саны

адам

13

13

15

17

20

Сапа

көрсеткіші

Уақыт тәртіптерін, бақылау механизмдерін уақытылы орындау және толық жетілдіру

-

-

-

-

-

-

Іс-қимыл көрсеткіші

Аналитикалық материалдардың сапасын жақсарту, Қызыл төбе селолық округінің әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің шапшаң мониторингін жасақтау

-

-

-

-

-

-

Нәтиже көрсеткіші

Әкім аппаратына қойылған функционалдық нәтижені орындау.

%

100

100

100

100

100

007 «Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру»

Сапа көрсеткіші

Біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткен мемлекеттік қызметшілердің саны

адам

2

2

5

5

5

Сапа көрсеткіштері

Әрекет етуші нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, әкім аппаратына жүктелген мемлекеттік қызметтерді көрсету.

-

-

-

-

-

-

Нәтиже көрсеткіштері

Әкім аппараты мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін артыру үшін с-шаралар өткізу

адам

2

2

5

5

5

Жетістік көрсеткіші

Мемлекеттік қызметкерлердің шет елдерде оқуы

адам

-

-

-

-

-

009 " Мемлекеттік мекеменің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру"

Сапа көрсеткіші

Компьютерлік техниканы сатып алу

дана

-

-

3

4

5

Принтерлерді сатып алу

дана

1

-

3

4

5

Офистік жиһаз және жабдықтарды сатып алу

дана

1

-

3

4

5

Материалдық-техникалық базасын жарақтандыру деңгейі

%

100

-

100

100

100

Ұйымдық техниканы жаңарту

%

100

-

100

100

100

Сапа көрсеткіштері

Дер кезде техникалық ақауларды табу және жою.

%

100

100

100

100

100

Нәтиже көрсеткіштері

Әкім аппаратының қызметінің тиімділігін арттыру

%

100

100

100

100

100

Жетістік көрсеткіші

Құжат айналымының талдауына қажет жұмыс уақытын қысқарту

%

100

100

100

100

100

Бағдарламаның жүзеге асырылу шығындары




мың.теңге

6 579

8 329

10 411

13 013

16 266



Бюджеттік бағдарлама 003 000

Бюджеттік бағдарламаның бағытталуы және қызмет көрсетуі


Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама)

003 " Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету"

000

Сипаттау

Бекітілген штат мөлшерінде штат бірлігін ұстау.

Стратегиялық бағыттары

Үйлерінде көмекке мұқтаж, жалғызілікті және жұмысқа жарамсыз азаматтарды анықтау

Мақсаты

Үйлерінде көмекке мұқтаж азаматтарды денсаулық сақтау және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қоғамдық ұйымдармен жалғызілікті және жұмысқа жарамсыз азаматтарды анықтау. Жалғыз ілікті қарттарға үйден көмек көрсету, осы санаттағы азаматтарды дағдылы көмектермен қамтамасыз ету, моральдық әлеуметтік көмек көрсету. Ауыр халдегі ауруларға күндіз- түні медициналық көмек көрсетілуін ұйымдастыру.

Міндеті

Жалғыз ілікті қарттарға үйден көмек көрсету, осы санаттағы азаматтарды дағдылы көмектермен қамтамасыз ету, моральдық әлеуметтік көмек көрсету. Ауыр халдегі ауруларға күндіз- түні медициналық көмек көрсетілуін ұйымдастыру. Тәртіп сақтау ережелеріне сәйкес сана-сезімі төмен ауруларға күтім жасау.

003 000 " Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету"

 

Көрсеткіш атаулары

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспар кезеңі

2008 жыл

2009 жыл (ағымдағы жоспар)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Сан көрсеткіштері

Әлеуметтік қызметкердің штаттық саны

адам

1

1

2

2

2

Сапа көрсеткіштері

Уақыт тәртіптерін, бақылау механизмдерін уақытылы орындау және толық жетілдіру

-

-

-

-

-

-

Нәтиже көрсеткіштери

Аналитикалық материалдардың сапасын жақсарту, Қызыл төбе селолық округінің әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің шапшаң мониторингін жасақтау

-

-

-

-

-

-

Жетістік көрсеткіші

Әкім аппаратына қойылған функционалдық нәтижені орындау.

%

100

100

100

100

100

Бағдарламаның жүзеге асырылу шығындары

 

мың теңге

349

458

572,5

715,6

894,5


Стратегиялық жоспар жасақтауда негізге алынған нормативтік

құқықтық актілерінің тізімі
2008 жылғы 06 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 06 сәуірдегі №310 жарлығымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің « Қазақстанның 2030 ға дейін даму стратегиясын ары қарай жалғастыру шаралары» бағдарламасы;

Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы № 95- IV Бюджеттік кодексі;

Қазақстан Республикасының 21.07.2007 жылғы №303 «Мемлекеттік сатып-алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 23.07.1999 жылғы №453 «Мемлекеттік қызмет істері туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 11.01.2007 жылғы №217 «Информатизациялау туралы»

Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы №148 «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 11.07.1997 жылғы №151 « Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 24.03.1998 жылғы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы;

Похожие:

«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» icon«Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2012 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
«Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және көкжиегі
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» icon2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Волчанка ауылы 2011 жыл мазмұны миссиясы және пайымдауы 3 Ағымдағы ахуалды талдау 3 «Волчанка селолық округі әкімінің аппараты»
«Волчанка селолық округі әкімінің аппараты» мм стратегиялық бағыттары, қызметінің мақсаттары мен міндеттері 5
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Разинский селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Красная Шемонаиха а
Разинский селолық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» icon2011 – 2015 жылдарға арналған «Үлкенбөкен селолық округі әкімінің аппараты» мм стратегиялық даму жоспары (жоба) Мазмұны
«Үлкенбөкен селолық округі әкімінің аппараты» мм стратегиялық даму жоспары (жоба)
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» icon2011 – 2015 жылдарға арналған «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мм стратегиялық даму жоспары (жоба)
Лық округі әкімі аппаратының міндеті – ( әр қарай – округ әкімінің аппараты) – бұл мемлекеттік электронды қызметтірінің инфраструктурасын...
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» icon2010-2015 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Северное селолық округі әкімінің аппараты» мм стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Северное селолық округі әкімінің аппараты» мм стратегиялық жоспары
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» icon«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары
«Бейнеу аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аудан әкімі аппараты)
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон селолық округі әкімінің аппараты» мм қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаттары...
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» iconКодексінің 62 бабына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»
Солтустік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Рузаев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014...
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» icon«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Республикасының Президенті мен Үкіметінің қаулылырымен, аудан әкімінің және әкімдіктің осы шаралармен қамтамасыз етілуі керек
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница