Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту




Скачать 114.96 Kb.
НазваниеБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту
Дата конвертации02.11.2012
Размер114.96 Kb.
ТипДокументы
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту

Сайлыбаева А.С.

КММ «№16 орта мектебі»

Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның тиімділігі- келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына,іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық-психологиялық жағдай жасауында.

Білім беру орындарында оқу үрдісін бүгінгі күнге лайықтап өзгерту- заман талабы.Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне онталандыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Интерактивті құралдар мұғалімнің,оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашып отыр.Интерактивті құрал ретінде интерактивті тақтаны қолданудың маңызы зор.Оны сабақта пайдалану дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

-пән бойынша базалық білімді меңгеру;

-алған білімді жүйелеу;

-өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

-өз бетімен жұмыс істеуге үйрену;

-уақыт үнемдейді;

-түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізеді;

-пәнаралық байланыс қалыптасады;

-өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс жасау мүмкіндігі;

-Internet желісін пайдалану;

-шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндік туады

Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың сол сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танылуылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі ушін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсай отырып,нәтижеге бағытталған мақсаттары мен міндеттеріне жете алуында.Мұғалім сабақ материалын презентация түрінде береді.Сонымен қатар,материалдың құрамына кесте,диаграмма,сурет,графиктер қоса алады.Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете және өзгерте алады.Қолданылған материалды есте сақтап,қажет жағдайда қайталап қолдана алады.Мұндай әдістеме сабақты белсенді түрде өткізуге мүмкіндік береді.Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап,қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.Алдын ала дайындалған оқу материалдары-презентациялар,мәтіндік,графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы әрі тиімді өтуін және ақпарат ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Microsoft Office құралдары арқылы құжаттарға немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға,интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.”Прожектор”және “Шторка”құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған.Тақырыпты қорытындылау сабақтарында тест тапсырмасын бере отырып,дұрыс жауапты “Шторкамен” жауып,лезде дұрыс жауаптарға тексеруге,қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.Оған қоса,бұл режимде оқушыларды түрлі сөздіктермен жұмыс жасауға үйретуге болады. Шетел тілі сабағында Интернет жүйесін қолдану қазіргі кезде дүние жүзінің дамыған елдерінде дұрыс жолға қойылған.Интернет арқылы оны қолданушылар электронды почта,телеконференция,видеоконференциялардан мәліметтер алып,іздеу және желіден сөйлесу жүйесіне ене алады.Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетітің оқытушысы Е.В.Сычаева өз тәжірибесімен бөлісе келе Интернет желісін қолдана отырып,оқу үрдісін интеграциялап, шетел тілін оқытуда бірнеше дидактикалық міндеттерді шешуге болатынын айтады:

-оқушылар бойында Интернеттегі түрлі мәліметтерді қолдану арқылы оқуға қажетті білік дағдылар қалыптасады;

-жүйеден алынған материалдар арқылы монолог және диалог түріндегі сөз біліктілігін жетілдіруге болады;

-әріптестерімен қарым-қатынас жасай отырып шәкірттер реферат дайындауға,шығармалар жасауға төселеді,яғни,жазу шеберлігін ұштайды.[4]

Әлемнің барлық үлкен газеттерінің интернетте арнайы Web-беттері бар,сондай-ақ ВВС ақпарат агенттігі тарататын әлемдегі адам баласының өміріне байланысты жаңалықтарды оқып қана қоймай,тыңдауға да мүмкіндік бар.Электронды почтаны қолдану барысында балалар өзара достық қарым-қатынас орнатып,шетел тілін түрлі салада,түрлі деңгейде қолдануға жаттығады.Электронды почтаны қолданудың шетел тілін үйренуде мынадай тиімді жақтары бар:

1)электрондық коммуникация тіл үйренудің өте тиімді практикасы;

2)хат жазу арқылы оқушылар өз қателерін түзетуге дағдыланады;

3)e-mail қолдану шетел тілін үйренуге деген қызығушылық арттылады;

Ғалым М.Ушаков ағылшын тілін оқыту әдістемесін зерттей отырып,компьютерлік телекоммуникациялар ағылшын тілінде тірі,шынайы қарым-қатынастарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін айтады.Бұл телекоммуникацияның дидактикалық қасиеті шынайы тілдік орта құру үшін керемет мүмкіндіктер туғызады.[3] Егер ағылшын тілінен оқу материалдар иллюстрация,анимациялық,дыбысы бар объект ретінде құрылса,оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес ағылшын тіліндегі материалдардың мазмұнын тез қызыға қабылдауға,түсінуге,білімін өз бетімен жетілдіруге негізгі түрткі бола алады.Ағылшын тілі сабақтарында видеофильм,мультимедиялық презентациялар,дыбыстарды,анимациялық суреттердің көмегімен монолог,диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыруға болады. Мұғалімнің маңызды тапсырмаларының бірі-ағылшын тілі сабақтарында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып,сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады.Ағылшын тілі сабақтарында төмендегідей компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдалануға болады.Олар:Project teaching,Student team learning,Learning together,Self English,English Practice,Bridge to English т.б.[8] Аталмыш бағдарламалар оқушылардың есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорын, дұрыс оқу,сауатты жазу мен аудару қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі. Білім беруде “Электронды оқулықтарды” пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып,оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді.Мұғалімнің жұмысы тиімді болып,шығармашылық реңкке ие болады.

Орта білім мекемелерінде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың педагогикалық шарттарын төмендегідей анықтауға мүмкіндік тудырады:

-Бірінші шарт оқу тәрбие үрдісінде қарқынды оқыту мақсатында оқушылардың танымдық іс-әрекеттік қызығушылықтарын анықтау.Егер оқушылардың ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтары артса,онда ағылшын тілін білу мүмкіндігі де артады;

-Екінші шарт ақпараттық технологияларды қолданудың жалпы бағыттары мен ғылыми-әдістемелік тұғырларын сәйкестендірудегі іс-әрекеттерді шығармашылықпен үйлестіру.

Жаңа білім парадигмасы бойынша бірінші орынға баланың білім,білік дағдыларын емес,оның түлғасын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр.Мұнын негізі ретінде ағылшын мақалын айтуға болады ”There are two things we can give our children”,”One is roats,the other one is wings”.Шындығында,адам баласы аяғына нық тұру үшін,оған тамыр мен қанат қажет. Қазіргі жағдайдағы негізгі мәселе-оқушының өзінің жеке білімін шығармашылық жұмыс арқылы байқауы және оған жаңа ойларды қосуы.Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін,қызығушылықтарын арттыра түсу үшін,шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуға әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Демек,табиғи таланттарды ашу,жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін еңбек ету. Ақпараттық технологияларын тиімді пайдалана отырып,өз сабақтарымды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатына жетуге бағыттаймын.Мысалы: әр сабақта оқушыларға жоспарлы тақырыптарға сай тіл жаттықтыру үшін фонетикалық жаттығулар ретінде шағын тақпақ,өлеңдер, мақалдарды тыңдатып,қайталатамын. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіргенде заттың сурет көрнекілігі қолданылады.Жаңа сөздерді сөйлемдерде қолдану жолдарын түрлі әдістер арқылы қарастырамын.Мысалы:”адасқан сөздер”,”қосымшасын тап”,”мәтін құра”,”әңгіме құра”,”әңгімені аяқта”,”сөздердің антонимын тап” т.б. Мұндай тапсырмалар оқушыларды ойландыру,іздендіру,сол арқылы өз бетінше еңбектеніп оқуға баулиды.Сөз байлығы молайса,ой қабілеті шынықса,білім көлемдері де артады,тереңдейді және сапалы болады. Шығармашылық жазба жұмыстары-тіл дамыту жолдарының бір түрі.Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты-логикалық ойлауды дамыту,шығармашылық,қиялды,нақты нәрсені еркін қызықты түрде беруге қалыптастырады.Осыған орай,ой-толғау түрінде оқушыларға түрлі тақырыптарда тапсырма беремін. Мәтінмен жұмыс-маңызды жұмыс.Кейбір тақырыптарға оқушылардың өздеріне жоспар жасату,сұрақтарға жауап боларлық сөйлемдерді мәтіннен іздеп тапқызу,мәтіннің ішінен кейбір негізгі ойлар мен кейіпкерлерге мінездеме боларлық жерлерін теріп оқыту жұмыстарын жүргіземін. Баланы ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін игеру бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.Осыған орай,оқушыларға белгілі бір тақырыпқа реферат жазуға,жобалау тапсырмаларын беремін.Тапсырма бойынша оқушы кітаптардан,интернеттен керек мәліметтерді іздеп,тауып,қысқаша мазмұнын ағылшын тілінде айтып береді.Оқушыларға мұндай жұмыстар ұнайды. Бұл шығармашылық жұмыс болып табылады. Оқушылардың шығармашылығын,ізденушілігін дамытып,әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап,олардың өздеріне деген сенімін,білімге ынтасын арттыруымыз керек.

Өз сабақтарымда ақпаратты технологияларды қолдана отырып,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көп көңіл бөлемін.Бұл жұмыстың нәтижесін мынадай мониторингтен көре алуға болады. Байқауға 10г сынып оқушылары алынды.

Кесте1.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейін зерттеу диагностикасы

10г сынып 2011-2012 оқу жылы

1 жарты жылдық



Оқушының аты жөні

Шығармашылық жазу


Өз ойын еркін жеткізе білуі

Мәтінмен жұмыс істеу

Жоба жасау

Суреттеу, сипаттау, қиялдау дағдылары

Қорытынды

1

Уалиева А.

4

5

5

5

4

4,6

2

Серікханова А.

4

4

5

5

4

4,4

3

Шарбатханов М.

4

5

5

5

4

4,6

4

Қажыбеков М.

4

5

5

5

4

4,6

5

Бекенов М.

3

3

4

4

3

3,4

6

Калелханова А.

4

4

5

5

4

4,4

7

Мырзабекова Д.

4

5

5

5

4

4,6

8

Оразаева Ш.

4

4

5

5

4

4,4

9

Саметова Ш.

4

4

5

5

4

4,4

10

Сайлауханова Л.

4

4

5

5

4

4,4

11

Советханова М.

4

4

5

5

4

4,4

12

Талғатова Ж.

3

3

4

4

3

3,4

13

Елемесов Е.

4

5

5

5

4

4,6

14

Нурсеитова М.

4

4

5

5

4

4,4







3,8

4,2

4,8

4,8

3,8





Кесте 2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейін зерттеу гистограммасы


Шәкірттер білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне,әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне,оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеп,біліктіліктері мен дағдыларын іскерлікпен дамытуға байланысты.Оқушылардың өз бетінше,дербес ізденуіне жол ашатын,қызығушылығын,белсенділігін дамытатын технологиялардың бірі-ақпараттық технология.Шығармашылық жазу,мәтінмен жұмыс жасау,жобалау,суреттеу,сипаттау,қиялдау,өз ойын еркін жеткізе білу тәрізді шығармашылық жұмыстарды орындау деңгейлері байқауға алынды.Зерттеу жұмысы 10г сыныбында жүргізілді.

Сонымен,мәтінмен жұмыс,жобалау сияқты шығармашылық-ізденіс жұмыс түрлері бойынша оқушылар жоғары нәтиже көрсете білсе,сондай-ақ суреттеу,сипаттау,қиялдау,шығармашылық жазу және өз ойын еркін жеткізе білуі сияқты жұмыс түрлері бойынша оқушылар орта және жақсы нәтиже көрсете алды. Болашақта осы бағытта жұмыс жүргізуді мақсат етемін.

Қорыта айтқанда,сабақта ақпараттық технологияны пайдалану оқушының дүниетанымын кеңейтуге, пәнге деген ынтасын, танымдық қызығуын арттыруға ,алғырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа жетелеуге,нақты,тұжырымды айта білуге,дербес ой-қиялын дамытуға ықпал етеді.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жанар Жетесова. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, аударма ісі кафедрасының оқытушысы, «Оқыту үрдісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тиімділігі» // Білім технологиялары, 2010, №4 25-27 бет.

  2. Ш. Б. Бәйнеш. Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті, доцент, Алматы, «Шетел тілін үйретуде ақпараттық технологиялардың қолданылуы.»// Ағылшын тілін оқыту әдістемесі, 2009, №2, 12-17 бет.

  3. А.Қ. Рысбаева, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының оқытушысы, Алматы. «Сабақта ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері» // Ағылшын тілін оқыту әдістемесі. 2011, №6, 19-22 бет.

  4. С.Қ. Рақымжанова, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының оқытушысы. «Шетел тілін оқытуда Интернет мүмкіндіктерін қолдану.» // Ағылшын тілін оқыту әдістемесі. 2007, №5, 3-4 бет.

  5. А.Б. Даулетиярова. №249 мектеп-лицейі, Қызылорда облысы. «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар негізінде ағылшын тілі сабақтарын жүргізу жүйесі.» // Ағылшын тілін оқыту әдістемесі. 2011, №1 34-40 бет.

  6. А.Е. Қодасова. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті. «Шетел тіліне интернет мүмкіндіктерін тиімді қолдану.», 2010 №3 «Мемлекеттік шет тілі.» 23-25 бет.

  7. Рысбаев Ғ.Қ. Панфилов ауданының орта мектебінің директоры. «Ақпараттық технология» // «Мектептегі шет тілі», 2010, №6 3-4 бет.

  8. Азимханова Г. Магистрант, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, «Шетел тілін үйретуде электронды оқулықты пайдалану. »// «Мектептегі шет тілі», 2011, №3, 10-12 бет.

  9. Бектұрғанова Г.Д, Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ-нің магистранты. «Мультимедиялық құралдар қолданысы мәдениетаралық қарым-қатынас біліктіліктерін дамытудың тиімді жолы ретінде» // «Мектептегі шет тілі», 2010, №4, 21-24 бет.

  10. Аймұханбет, Б.Бейсеков атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.» // 2011, №2, 21-23 бет.

  11. Г.А. Естибаева. Алматы облысы орта мектеп мұғалімі «Шетел тілін оқытуда ұжымдық-шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру»// «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі.» 2010, №5, 32-34 бет.

  12. Рамазанова Н. Орта мектептің ағылшын тілі пән мұғалімі. «Гуманитарлық цикл сабақтарында оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту.» // «Ағылшын тілі мектепте», 2008, №3, 15-20 бет.

  13. Имангалиева М.Н, Ахмадиева А.Т. Абай атындағы мектеп-гимназиясының шет тілі мұғалімдері. «Шетел тілі сабақтарында оқушыларды шығармаашылыққа тәрбиелеу.» // «Ағылшын тілі мектепте» , 2011, №1, 32-33 бет.

Похожие:

Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту iconБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту
АҒылшын тілі сабақтарында оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрете отырып, білім сапасын арттыру”
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту iconОҚушыны ойлауғА Үйрету
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
ОҚушылардың СӨйлеу тілін қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары арқылы дамыту жолдары
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру жүйесіне жаңаша қарау, білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру – заман талабы
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту iconБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Рыз. Сүю үшін – білу парыз. Қасиетін ұғу – парыз. Күзетінде тұру –парыз,- деп ақын М.Әлімбаев айтқандай, таза табиғат біздің ырыс-құтымыз,...
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту iconБілім беру ‡рдісінде оќушылардыњ танымдыќ Ќызыѓушылыѓын арттыра отырып субъект ретінде дамыту
Мектептіњ білім беру ортасын ќалыптастыру оќыту ‰рдісі субъектілерініњ дамуыныњ алѓы шарты ретінде
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту iconСмагулова Н. С
Білім беру сапасын жетілдірудегі негізгі қадамдардың бірі-бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтырудың қазіргі мектептегі білім...
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту iconБілім процессінің субъектерінін құзыретін дамыту
Мектептің білім беру ортасын қалыптастыруға білім процессінің субъектерінің даму шарты
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница