Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат




НазваниеҚосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата конвертации24.04.2013
Размер87.7 Kb.
ТипДокументы
Қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ағымдағы жылдың 9 айында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша ұйымдастырушылық және практикалық кешенді шараларды жүзеге асырды.

Мемлекеттік материалдық резерв, өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді, соған байланысты мына заңдар күшіне енді:

- 2010 жылғы 13 ақпанындағы конкурстарға қатысуға кең көлемде кәсіпкерлердің рұқсат алуына мүмкіндік беретін құпия режимі себебі бойынша мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды жеткізу мен сатып алу үшін кедергілерді төмеңдететін «Мемлекеттік материалдық резерв бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы;

- 2010 жылғы 27 мамырындағы «Үшінші тұлғаларға іс-әрекеті қауіп төндірумен байланысты қауіпті өндірістік объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» Заңы;

2010 жылғы 28 маусымындағы Мемлекет басшысы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау жүйесін құруды қарастыратын және 6 ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін «Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойды.

2010 жылдың 9 айында жекелей мақсатты индикаторларға жетудің, сонымен қатар төтенше жағдайлардан халықты қорғау дәрежесін көтеруге септігін тигізетін ауқымды инвистициялық жобаларды жүзеге асырудың мультипликативті тиімділігі мен стратегиялық мақсаттарының орындалу көрсеткішінің нәтижесі жоғары дәрежеде екендігі айқындалды:

- Бірегей табиғат байлығын сақтап қалу үшін Щучинск-Бурабай курорт аймағында озық үлгідегі өрт сөндіру техникасымен және құрал-саймандармен жабдықталған қазіргі заманға сай әрқайсысы 6 өрт сөндіруші машинаға арналған үш өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды, нәтижесінде елді мекендерді, орман алқаптарын және Бурабай ұлттық табиғи саябақты өрттен қорғау жедел күшейтіледі.

- ағымдағы жылдың 18 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзеніндегі Көксарай тасқынға қарсы су реттегішінің алғашқы кешені іске қосылды, ол өз кезегінде осы көктемде 920 млн. м3 тасқын суын жинауға мүмкіндік берді және Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарын жаппай су басудан сақтап қалды. Қазіргі кезеңде жыл сайын іс жүзінде осы облыстардың халқының жалпы саны 416 мың адам болатын 71 елді мекенін су басу қаупінен қорғады. Су реттегішінің екінші кезегі ағымдағы жылдың қарашасында аяқталуы жоспарланған;

- «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суларының жайылуынан қорғау» кешенін жобалық қуатына шығару осы жылғы көктемде Астаналық су қоймасының толып кету нәтижесінде пайда болған 30 млн. м3 астам тасқын суды ұстап қалуға мүмкіндік бере отырып, Астана қаласының сол жағалауымен қала маңын су басып қалу қаупінен сақтап қалды. Объекті ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.

- «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-мен бірлесіп, алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің (Германия, Франция және Жапония) қазіргі заманға сай медициналық құралдармен жабдықталған «Денсаулық» мамандандырылған медициналық поезы құрылып, пайдалануға берілді, соның көмегімен ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы» АҚ дәрігерлері алыс станциялар мен разьездерде тұратын халыққа, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен тұрғындарға жоғары білікті медициналық көмек көрсететін болады;

Пойыз 9 вагоннан құралған, заманауи дәрігерлік құрал-жабдықпен жасақталған кабинеттер қызмет етеді. 13 мамандық бойынша медициналық көмек көрсетіледі. Құрамында клиникалық-биохимиялық зертхана, эндоскопия, УЗИ и рентген кабинеттері бар.

Жіберілген кезеңінен бастап пойыз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ақмола областарын басып өтті.

Пойыздың үш ай жұмыс істеген уақытында дәрігерлер 3,4,5 сыныптар 46 станцияда халыққа дәрігерлік көмек көрсетілді. Саны 56 мыңнан астам дәрігер келіп қараған. 24287 ауру түрлері тіркелді, соның ішінде балаларда – 2140; анықталғаны:

- 342 - жаңа пайда болуы, соның ішінде алғаш рет – 117;

- тубуркулезге күмән – 33.

Емдеу-диагностикалық пойыз «Денсаулық» 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Саммит шараларын, 2011 жылдың VII Азия ойындарын даярлау мен өткізу шаралары жоспарына енгізілген.
«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы» Саммитін даярлауға мен өткізуге 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астанада Министрлікпен, мына іс-шаралар кешені орындалды:

1) Саммитке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленді;

2) ҚР ТЖМ кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының күштер мен құралдар топтамасы қалыптастырылды (557 адам, 95 бірлік техника, 2 тікұшақ);

3) «ТЖ салдарын жойған кезде басқару органдарының, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының іс-қимылы» тақырыбында Саммитке дайындалған және өткізген кезде жұмылдырылған объектілерде арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді;

4) Саммитті өткізуде жұмылдырылған 160 объекті жағдайына, олардың өртке және өнеркәсіптік қауіпсіздік тұрғысына тексеру жүргізіледі;

5) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ ТЖ алдын алу тұрғысына қызмет көрсету және демалыс саласындағы (қонақ үйлер, мейрамханалар) қызметтерінің басшыларымен және қызмет көрсететін персоналдармен 312 түсіндіру мен әңгімелесу өткізілді;

6) арнайы трассаларда, сондай-ақ қозғалыс бағыттарында тиісті құжаттарды ресімдеумен өрт –жарылысқауіпті объектілерді және жарылғыш, уландырғыш және химиялық қауіпті заттарды сақтау орындарын тексеру жүргізіледі;

7) 2010 жылдың 25 қарашасынан Министрліктің күштері мен құралдары 14 тәулікке автономды жұмыс істеу есебінен тіршілікті қамтамасыздандыру құралдарының қорымен жоғарғы даярлыққа келтірілетін болады.
2011 жылғы VII Азия ойындарын өткізуге дайындық мақсатында Астана Алматы қалаларында және Алматы облысында Министрлік мыналар орындалды:

- 2011 жылғы VII Азия ойындарына дайындық мен өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары әзірленді;

- Министрлік құтқару бөлімшелерінің топтамасы құрылды (44 бөлімше, жеке құрамның 1439 адамы, 213 техника бірлігі, 2 тікұшақ);

- төтенше жағдай туындаған кезде өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жеке құрамының іс-қимылын пысықтау үшін оқу-жаттығулар өткізілді;

- жұмылдырылған объектілерде өрт пен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырылды;

- 2011 ж. 10.01 бастап – 2011 ж. 10.02 аралығында ҚР ТЖМ күштері мен құралдары қызметті өткерудің күшейтілген түріне ауыстырылды.
- жүзу бассейнімен, жасанды жабынды футбол алаңымене, ойын, балуан және тренажерлік залдармен Астана қаласында ТЖМ бірінші спорт кешені пайдалануға берілді.

2010 жылдың 9 айында Республикалық ТЖ мен АҚ саласындағы басшылар құрамының біліктілігін арттыру курстарында 942 адам, ал Министрліктің аумақтық органдарында оқудан 40 мың 610 адам өтті.

Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде, оның ішінде қауіпті өндірістік өрт қауіпті объектілер иелерінің жауапкершілігін қатаңдату жолымен қосымша шаралар қабылданды.

Есепті кезеңде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында Министрлік 8040 кәсіпорынның 40096 объектісіне тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде 96711 техникалық қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзу фактілері анықталды. Соған сәйкес 16 кәсіпорынның 4188 объектісінің жұмысы тоқтатылды, 1974 кәсіпорын басшыларына 59443,6 мың теңге сомасына айыппұл салынды.

Өрт қауіпсіздігі саласында ТЖМ аумақтық органдарының бақылауындағы кәсіпорындар мен объектілерде былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2010 жылдың 9 айында ауыр жағдайға әкеп соқтыратын жарақат 21,1%-ға, өлімге әкеп соқтыратын жарақат 20,57%-ға азайды.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қаупі бар жағдайдағы 1207 объекті пайдалану тоқтатылды, 263504 бұзушылық анықталды. Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 21675 адам тартылды, оның ішінде 171,1 млн. теңге сомасына 20557 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды. Сондай-ақ, өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі дабыл бойынша 45484 шығу, оның ішінде: өрттерге – 12514, авариялық-құтқару жұмыстарына -3384, өрт ретінде есепке алынбайтын жану жағдайларына – 29385, жалған шақыруларға – 201 шығу болды. Министрліктің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің күштері жыл басынан 2026 адамды құтқарды.

Дүлей апаттар мен аварияларға ведомствоаралық ден қою жеделдігін қамтамасыз ету шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың басқару органдарымен, аумақтық және салалық мемлекеттік жүйесінің кіші жүйесі күштерімен, оның ішінде кәсіпорындарда және ұйымдарда құрылған Азаматтық қорғаныстың құралымдарымен 878 кешенді оқу-жаттығу, 7673 командалық-штабтық оқу-жаттығу, 21958 сейсмикалық жаттығулар, 9959 объектілік жаттығулар, 1521 селге қарсы жаттығулар, 14428 авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар, аумақтық және объектілік құралымдармен 14286 арнайы -тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Министрліктің жедел қызметі 2010 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша барлығы авариялық-құтқару жұмыстарына 53512 шығу болды, 7341 адам құтқарылды, төтенше жағдайлар аумағынан 9418 адам эвакуацияланды, 714 зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында ТЖ аймағынан 12304 адам, оның ішінде ТЖМ-нің күшімен 4788 адам эвакуацияланды.

Министрлік сонымен бірге, «Өмір қауіпсіздігі негіздері» пәнін мектеп оқушыларымен ұйымдасқан және сапалы оқытудың интерактивті әдісін жүргізуді бақылауға алды және қатысты әдістемелік көмек жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың басынан жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларымен 71 интерактивті сабақ өткізді, ол 2010 жылы жоспарланған (116) жалпы санынан 61% құрайды. «Республикалық дағдарыс орталығы» ММ байланыс арнасына шығу арқылы бір сабақ ұйымдастырылды. Сабақты өткізу барысында 42 мың оқушыны қамти отырып, байланыс жүйесіне 1350-1400 мектепке қосылды.

2010 жылдың басынан республикалық, облыстық және аудандық БАҚ бойынша 33287 сөз сөйлеу, оның ішінде телидидардан – 8929, баспасөз беттерінде – 8450 және 15908 радио және дауыс зорайтқыш құралдармен сөз сөйленді.

Қазіргі кезде 837 әдістемелік және көрнекті құрал, ұсыныстар мен де басқа насихаттау материалдары әзірленді (барлығы 194179 дана таратылды). Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жөнінде 1483 ақпараттық-анықтама стенді ресімделген. Халықпен 4110 жиылыс ұйымдастырылған, 132396 дәріс оқытылды, оның барысында техника қауіпсіздігі шараларына 561960 азамат оқытылды.

Сондай-ақ, қазіргі заманғы құтқарушының оң имиджін насихаттау және дамыту мақсатында Министрлік ведомстволық «Пожарный и спасатель» журналын басып шығарады, қазіргі уақытта оның таралымы 13 мыңға жуық дананы құрайды.

Жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мыналарға қол жеткізілді:

  • төтенше жағдайлар кезінде құтқарылған адамдар саны 42% ұлғайды.

  • төтенше жағдайлар мен табиғи және техногенді сипаттағы жағдайлардан зардап шеккендердің жалпы саны 4% төмендеді (2010 ж. – 4651адам, 2009 ж. – 4750 адам).

  • республиканың қауіпті өндірісінде зақымданғандардың саны 21,1%, қаза болғандардың саны 20,5% төмеңдеді.

  • өрттерден жалпы материалдық залалдар 15,8 % төмеңдеді.

  • бақылаудағы кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарын бұзу саны 1,5 есе қысқарды (96711 бұзушылыққа қарсы 140957).



2010 жылдың IV тоқсанына жоспарланған мақсаттар, міндеттер.
- Министрліктің 2010-2014 жылдарға арналған бес жылдық Стратегиялық жоспарында және 2010 жылға арналған ҚР ТЖМ Операциялық жоспарында баяндалған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халық пен аумақты қорғауды қамтамасыз ету саласында 2010 жылға арналған жоспарланған Төтенше жағдайлар министрлігінің мақсаттарын, міндеттері мен негізгі іс-шараларын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын әрі қарай жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірігіп, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында стратегиялық мақсаттарға жетудің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштерін анықтау бойынша ұсыныстарды іске асыру картасына енгізу жөнінде жұмысты жалғастыру;

- Ағымдағы жылдың аяғына дейін сыйымдылығы 3 млрд. м3 Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзеніндегі Көксарай тасқынға қарсы су реттегішінің екінші кезеңдегі құрылысын аяқтау.

Берілген бес жылдық Стратегиялық жоспардың шеңберінде 2010 жылдағы Министрлік қызметінің басымды бағыттары:

- Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту, әртүрлі қарқындағы қақтығыстар жағдайларына және нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін күштер мен материалдық ресурстардың тиімді резервін құру.

- Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарының алдын алу, ауыртпалығын азайту және тиімді жою.

- Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік дәрежесін арттыру.
____________________

Похожие:

Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconҚосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Азақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ағымдағы жылдың 11 айында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың...
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы
Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы...
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconТөтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
Оса берiлiп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы бекiтiлсiн
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат icon«2010 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселе жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің баяндамасы

Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconТөтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының
Төрағалық етті: Божко В. К. – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, төраға
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconАҚ ЖӘне тж бойынша оқУ-Әдістемелік әдебиеттерге шолу «АҚ және тж саласындағы Заңдар»
Осы Заң Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша қоғамдық қатынастарды...
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» ақпарат
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconҚызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы n 764 қаулысына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимылдарға дайындалу...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница