Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница6/12
Дата конвертации05.11.2012
Размер1.32 Mb.
ТипЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бақылау сұрағы:

1.ҮІ-ХІІ ғғ Тобыл аймағы сипаттама беру

2.ХІІІ-ХҮІІ ғғ өлкенің саяси өмірін талдау.

3.Көшпенділердің шаруашылығы және тұрмысы қандай болды?

Әдебиет:

1.Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. Алматы. Ғылым. 1995

2.Востров В.В. Родоплеменной состав и расселение казахов на территории Тургайской области. 1992.

3.Костанай. вчера, сегодня, завтра.Алматы. 1979.

4-5. тақырыбы: ХІХ ғ-ХХ ғ өлкенің саяси-экономикалық дамуы.

Мақсаты: ХІХ ғ-ХХ ғ өлкенің саяси-экономикалық дамуына сипаттама беру, патшалық Ресейдің отарлық саясатының және қоныстандыру саясатының мәнін ашып көрсету және оның зардаптарын талдау

Жоспар:

1.Өлкенің әкімшілік-территориялық өзгерісі.

2.Патшалық Ресейдің отарлық саясаты.

3.Қоныстандыру саясаты .

1. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу процесі аяқталды. Каспийден Алтайға, Тобылдан Тяньшань тауларына дейінгі жерде орналасқан үлкен мемлекет Ресей империясының құрамына кірді.

Қазақстанның Ресейге қосылу процесі мемлекетте капитализмнің дамуына әкелген 1861 жылғы және кейінгі реформалармен қатар жүрді. Дамыған Ресей өнеркәсібінде Қазақстан тұтыну нарығы мен шикізаттың қайнар көзі рөлін атқарды. Жаңа жерлерді меңгеру, аймақ байлықтарын Ресей экономикасының мүдделері үшін пайдалану мақсатымен патша үкіметі кең Қазақстан территориясында өз билігін нығайту қажеттігін түсінді.

Аймақтың отарлауын тездету мақсатымен патша үкіметі Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізді. Сол мақсатпен, 1868 жылы 21 қазанда Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының Дала облыстарын басқаратын «Уақытша ереже» бекітілді. «Ережеде» айтылғандай, реформаның негізгі маақсаты: «Ресейге бағынатын барлық халықтарды біріктіру, жергілікті ақсүйектер билігін жою және қырғыз даласын Ресейдің басқа да аймақтарымен біріктіру.Жаңа аймақты толық меңгеру үшін оны патшалық әкімшілік қол астына енгізу керек болатын. Қазақстан территориясы үш генерал – губернаторлыққа бөлінді : Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Олардың әрқайсысы облыстардан, ал облыстар уездерге бөлінді.

Солтүстік Қазақстан, соның ішінде қазіргі Қостанай облысының территориясында жаңа әкімшілік құрылымын орнатқан реформаның бөліміне тоқталайық.

«Уақытша ереже» бойынша 4 облыс құрылды: Орал, Торғай, Ақмола және Семей. Торғай облысына бұрынғы «Орынбор қырғыздары облысының» көп бөлігі кірді, әкімшілік орталығы Орынбор қаласында қалды, бірақ ол Торғай облысының құрамына кірген жоқ. Облыс басында әскери губернатор және оған бағынатын облыс басқармасы тұрды.

Торғай облысында жергілікті уездік және болыстық басқармаларды ұйымдастыру жөнінде 4 комиссия құрылды. Комиссия төрағаларына - уезд басшылары тағайындалды. Ал мүшелері сырттан келген өкілдер болды. Торғай уезінің басшысы Я.П.Яковлев , ал оның көмекшісі болып капитан Добрынин сайланды. Сонымен қатар уездік сот және хат жүргізуші тағайындалды. Бұл қызметті Орынбор казак әскерінің әскери старшинасы Корин және бұрынғы сот тергеушісі және коллеждік хатшы Андреев басқарды. Торғай уезін басқаруды ұйымдастыру жөніндегі комиссияның мүшелігіне поручик князь Шервашидзе енді. Уезді басқаруды ұйымдастыру жұмыстары осылай басталды.

Торғай уезінің ұйымдастыру жөніндегі комиссияның 20 ақпанның № 140 баянатының рапортының жеткізуі бойынша, Торғай уезінің ұйымдастырылуы 1869 ж 11 ақпанда аяқталды, ал 14 ақпанда комиссия бекініске қайтып келіп толық есеп жасауға кірісті, одан кейін оны Оренбург қаласына поручик Шервашидзе жеткізген болатын.Атап өтетін жағдай, Николаев және Торғай уездерінің ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмысы 1869 ж. наурыз айында сәтті аяқталды.

Сонымен Тобыл-Торғай жазығы Орынбор-генерал-губернаторлығының құрамына енді. Торғай облысы 4 уезге бөлінді:

Торғай -5 аудан, 23 ауыл, Николаев - 8 аудан, 51 ауыл, Ырғыз– 7 аудан, 30 ауыл және Елек - 8 аудан, 40 ауылБұл көрсеткіштерден Торғай уезі басқа уездерге қарағанда аз қамтылғанын көрстеді. Әйтсе де Торғай аймағы айтарлықтай үлкен еді. Торғай облысының көлемі 418. 138 шақырым болса, көп бөлігін Торғай мен Николайев уездері алып жатты. Аймақтың солтүстік бөлігі - Николаев уезі болып құрылды, ал оңтүстігі - Торғай уезі.

Торғай уезінің орталығы - Торғайда, Ырғыз уезінің орталығы - Ырғызда, Елек уезінің орталығы - Илецкая Защита, Николаев уезінің орталығы-Троицкіде орналасты. Алғашқыда Николаев уезінің басқарылуы Орынбор казак әскерінің Николаев станицасында орналасса, кейін Троицк қаласына көшірілді Уездер болса, болыстар басқаратын болыстарға бөлінді.

Әкімшілік тұрғыдан Торғай уезі бес ауданнан тұрады, ал аудандар ауылдардан құрылған (уезде олардың саны 23-ке жеткен).Ауылдарда сол уақытта үйлер саны 11564 болған, 1869 жылдың аяғында 11597-ге жеткен. Торғай уезінің тұрғындар саны 69582 болды, бұл Ырғыз уезіне қарағанда әлдеқайда аз болатын (14163 үйге – 84978 адам).Халық мұндай санақ жүйесіне қарсылық білдіргендіктен, олардың санын бір баспада 6 адам бар деп жобалап, есептеуге боладыУездердегі халық саны территория кеңістігіне сәйкес әр адам басына :

Торғай уезінде – 222 десятина жер

Ырғыз уезінде – 140 десятина жер

Николаев уезінде – 115 десятина жер (далалық аймақ)

Ауданда (көшіп-қону)– 47 десятина жер

Илецк уезінде – 66 десятина жер тиесілі болатын.

Әрине бұл көрсеткіштер тек қыс кезіндегі болжалап жүргізілген санақ көрсеткіші еді.Жазда бұл аймаққа Сырдария қазақтары көшіп келді, олардың көбісі Орал мен Ақмола облыстарынан болатын.Сөйтіп, халық саны өсе берді.

2. Патша үкіметінің қазақтар орналасқан жерлердегі аграрлық саясаты бірте-бірте жүргізілді, мемлекеттің заңдық және шаруашылық құқықтарын бекіту дәйекті түрде жүзеге асырылды. Мәселен, 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы жарғыда» жерге мемлекеттік меншік туралы еш жерде тікелей айтылмаған. «Әрбір округтің лайықты түрде айқын межеленген жері болады, басқа округтің тұрғындары жергілікті бастықтардың оған дәл рұқсаты болмайынша көше алмайды» деп жарияланған. Жергілікті бастықтардың ықпалы жер туралы басқа баптардан да сезіледі. Жерді ме-желеуде әскерилердің қатысуымен облыстық бастық шешуші рөл атқарды. Сонымен бірге облыстық бастықтар аға сұлтанның қоныстануына арналған, заседателдерге арналған округтік жер бөліктерін, сондай-ақ сұлтандарға шаруашылық жүргізуге үш есе, старшындарға екі есе жер бөліктерін мұрагерлік меншікке деп бөліп отырған. 15 десятина болатын бір норма казактардың, тілмаштардың және қазақтардың егіншілікпен нысаналы айналысуы қүқығымен бөлінді, бірақ күтім жасалмаған жағ-дайда 5 жылдан кейін қайтып алынды. Даулы жер мәселелері үш бидің куәлігімен жеребе бойынша шешілді.

1891 жылғы 25 наурыздағы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже» сол кездегі Қазақстан аумағындағы жерді пайдалану және жер иелену туралы барлық заңдарды бір ізге түсіріп, басын біріктірді. Шынына келгенде, онда негізінен алғанда 1868 жылғы «Уақытша ереженің» қағидалары қайталанып, нақтыланды. Жер, соның ішінде ормандарда мемлекеттің меншігі деп танылды (119-бап), ал коныстар алып жатқан жерлер мерзімсіз қоғамдық пайдалануға берілді (120-бап). Алайда 120-бапқа «I Ескерту» мазмұны жағынан мүлде жаңа болды және онда «көшпелілер үшін артық болып шығуы мүмкін жерлер Мемлекеттік меншік министрлігінің қарауына түседі» делінді. «Осы арқылы, — делінген «I Ескертуге» түсініктемеде, — мемлекеттің дала облыстарының барлық аумағына болашақтағы кұкығы корғалады, сонымен бірге көшпелі бұратаналарға қысым жасалмайды». Осындай жолмен үкіметтік ұйымдар қазақтарға тиесілі жерлерге сол кездің өзінде-ақ іс жүзінде бар құқықтарын заң жүзінде баянды етті.

Үкіметтік ұйымдардың бұрынғы қоныстандыруға қатынастарының өз тарихы болды және ол заңдарда тиісті түрде көрсетілді.

Мұның нақты өмірде қалай болғанын мұрағат құжаттарынан көруге болады. Мәселен, Қостанай уезі Кеңарал болысының №3 ауылына жақын жерде Каменская жөне Белояр зәйімкелері құрылды. Қоныс аударушылардың бір бөлігінде ғана жертөле салуға жерді сол ауылдың қазақтарынан сатып алу туралы тілхаттары болды, ал «көпшілігі өз бетімен қоныстанды: қоныс аударушылар топ-топ болып келіп, ешкімнен сұрамай, бұрын келгендердің жанындағы жерлерді таңдап алып, жертөлелер салды, ал содан соң адал сөзін беріп, қазақтардан егін егетін жер сатып алды... Бұған тіпті ез жертөлелерін сатып, қазақтардың өздері де жәрдемдесті» Жергілікті әкімшілік үкіметтік қарарларды орындай отырып, өз еркімен коныстануды жоюға тырысты, мұны мұрағаттарда сақталған заңсыз қоныс аударушылардың аты көптеп аталатын тізімдер дәлелдейді; онда аталған шаруа-лардың әрқайсысына «поселкеде түпкілікті орналасуға тыйым салу» туралы хабарланғаны атап өтілген. Шаруалар бұрынғы тұрғылықты жерлеріне қайтуға тиіс болды. Бірақ стихиялы бұқараға ие бола алмаған дала генерал-губернаторы 1895 жылы шаруалардың Ақмола облысына келуіне уақытша тыйым салды.
3. Қоныстандыру саясаты.

Қазақстанға қоныс тепкен славян халықтарының алғашқы өкілдері казактар болды. Казак әскерлері XVI ғасырда қаҺарлы Иван патшаның құлдықты жақтаған саясатына қарсылық ретінде құрыла бастады. Басыбайлылықтың бұл түрінен құтылуға ұмтылған мыңдаған шаруалар Украина далаларына және оңтүстік Ресейдің басқа да өңірлеріне ағыла бастады. Қашқын шаруалар жартылай көшпелі бандылар топтарына ұйымдасты, оларды казактар деп атады. Казактар Ресей империясының жаулаушылық саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды. Казак бандылары шытырман-оқиғалар ортасында болуды көксеп, байлық іздеп, не болмаса патшаға кіріптарлықтан құтылуды аңсап біртіндеп шығысқа қарай жылжи берді. 1560 ж. Дон өзені алқабындағы казактардың бір тобы Қазақ даласының солтүстік-батыс шекарасындағы Жайық өзенінің жағалауына қоныс теуіп, өз алдарына тәуелсіз қауым құрды .Олардың қатары қашқын құлдармен, әсіресе, ортодоксальды (ресми) шіркеу қағидаларына қарсы шыққан раскольниктермен толыға түсті. Жайық казактары негізінен балық аулаумен және егіншілікпен айналысты. XVII ғасырдың аяқ кезінде, Днепр және Дон өңірлеріндегі казактар сияқты, Жайық казактары шекарадағы пәрменді қорғаныс күштер ретінде Мәскеу патшаларына қызмет етуге көндіріле бастады. Өздерінің жергілікті дербестігін (автономиясын) және жерді пайдалану „құқын" сақтап қалуға тырысқан казактар шекараны күзету, орыс әскерлеріне адамдар беріп тұру жөнінде міндеттенді. Осылайша Каспий теңізінің солтүстік бетіндегі Гурьевтен Қазақ даласының солтүстік-батыс жағалауындағы Орал қалашығына дейін созылған Орал бекіністі шебі салынды. Қазақстан шекаралары бойына казактарды сәтті орналастырғаннан кейін патша үкіметі далалық өңірдің түгелдей солтүстік шекараларында басқа да бекіністі шептер құра бастады. 1774 ж. Орынбор казак әскерлері құрылды. Олар Оралдан Орынборға дейінгі жерлерде орналастырылды. 1730-1740 жылдар аралығында екі белдеу бойына Сібір казак әскерлері: бірі — Орынбордан Омбыға дейінгі Жаңа Есіл (Новоишим) бекінісінде, екіншісі — Омбыдан Ертіс өзені жағалауымен Семей және Өскеменге дейінгі Ертіс бекінісінде қоныстандырылды .Шекара біртіндеп қазақ даласының ішіне қарай терендеп ығыстырыла берді және орыстардың қоныстануы басты бекіністі шептердің оңтүстігінде жүзеге асырыла бастады. Шағын казак бекіністері негізінде Ақмола және Көкшетау қалалары қанат жайды. Бүкіл казак шебі батыста Оралдан және шығыста Өскеменге дейінгі, жалпы саны қырық шамалы форт және бір жүзден аса шағын бекіністерді қамтыған, 2500 миль жерге созылып жатты .

XX ғасырдың бас кезінен үкімет шығысқа қоныс аудару қозғалысын белсенді түрде қолдауға көшті. Миграцияны бақылауға алу мақсатында үкімет шаруалар қоныстанатын жерлерді белгілей бастады. 1895 ж. жергілікті тұрғындардың мұқтажынан асып жатқан жерлерді анықтау үшін Қазақстанға экспедиция жіберілді. Ол әрбір қазақ отбасына табиғатына, жер жағдайына байланысты 150 десятинадан 550 десятинаға дейін жердің керектігін есептеп шығарды. Солтүстік Қазақстанда 36 млн. десятина жер зерттеліп, оның 18 миллионы жергілікті тұрғындарға қалдырылды да, 17 миллионы болашақ келімсектерге қиылып алынды.

1895 ж. шаруалардың қоныстануына Торғайда белгіленген жерлер

Облыстар Қоныстануға арналған жерлер

(десятина)

Торғай-Орал өңірі 5280000

Ақмола 6514000

Сібір мен Қазақстандағы егіншілікке жарамды орасан мол жер қоры көптеген орыс шаруалары үшін борыштан және ашаршылықтан қүтылудың бірден-бір үмітіне айналды. 1900 ж. кейбір интеллигенция өкілдері мен ықпалды үкімет мүшелері де шығысқа қоныс аудару шаруаларға жердің жетіспеуі жөніндегі мәселені шешудің ең тиімді жолы деп есептеді. Шаруалардың шығысқа қоныс аудару жөніндегі патша үкіметінің бағдарламасы жүйесіз және қайшылықты болды. Переселендер ісі жөніндегі жауапкершілік бір департаменттен екінші департаментке жүктелді, бұл тұрақты саясат жүргізуге кедергілер туғызды. Ақыр аяғында миграция мұқтажын түсінген кезде де, үкіметтің жүргізген саясаты әрі солқылдақ, әрі прагматикалық сипатта болды. Миграция мәселесімен айналысатын алғашқы үкімет органы (ассоциация) 1822 ж., яғни Александр I патша басыбайлыларға Сібірге қоныс аударуға тілек білдіруге рұқсат берген кезде пайда болды.

Астыртын миграция үкіметке „қоныс аудару ісіндегі зор пәле" ретінде көрінеді. Бірақ миграцияның бұл түрінің ауқымы кең болды. Мысалы, 1887-1889 жылдарда Азиялық Ресейге қоныс аударған 100 мың адамның 25 %-нің рұксаты болмады .1894-1903 жылдары Ақмола, Торғай және Семей облыстарына барып қоныстанғандардың 63 %-і астыртын мигранттар екендігі есептеліп шығарылды. Бірақ Сібір теміржол комитеті ұсынған реформалар оларды үкімет тарапынан қуғындаудан құтқарып қалды. Аталмыш комитеттің күш-жігері арқасында үкімет қоныс аударатын жерлерді іздестіру жөнінде шешім кабылдады.

Қоныс аударуға ниеттенгендер тобына алдын ала жер шолушылармен (скауттармен) жарамды жерлер іздестіріп, сактап және мигранттарды бастап бару жөнінде келісім шарттар жасауға мүмкіндік туды. Бұл іс дағдыға айнала бастағанға дейін, скауттар қазақтар мен казактардан шаруаларға жалға жер алып берумен шұғылданды, бірақ жаңа заң бойынша оларға болашақ мигранттарды алдын ала зерттелген жерлерге орналастырумен айналысуды жүктеді. Нәтижесінде осы мәселеге байланысты көптеген қауіптің беті қайтарылды. Оған қоса скауттар Шығыс пен Еуропалык Ресейдегі шаруалар арасында байланыс буыны бола отырып, миграция ауқымын кеңейте түсуде басты рөл атқарды.Қоныстануға жарамды жерлер табу мақсатымен Қазақстанға тағы да экспедиция жіберілді. Ол жергілікті тұрғындардың күн санап отырықшыланып келе жатқандығын ескере отырып, олардың жерге мұқтаждығы 50-350 десятинаға дейін кемітілу керек деп тапты. Сөйтіп, орыс келімсектері пайдасына косымша 12 млн. жер кесіліп алынды . Үкімет 1906 жылдан кейін қоныс аударуды жеделдетуге шұғыл кірісті.

Қазақтар мен келімсектер арасында жер үшін жиі-жиі қақтығыстардың тууы табиғи нәрсе (жүрегі сыздамай өз жерлерін біреуге бере салған халықты о заман да бұ заман кім көрген), бірақ соған қарамай өзара достық белгілері де туа бастады: қазақтар орыстарға күш, көлік жағынан көмек берді, келімсектер көшпенділердің ауыл шаруашылық құрал-саймандарын игеруіне, жер өңдеудің озық үлгілерін пайдалануына жәрдемдесті. Мысалға, қазақтар шаруашылықтарында Брянск заводының бір тісті және екі тісті соқалары, Гена, Сакка соқалары т. б. пайда болды. XX ғасырдың басында Орал облысында 2 564 темір соқа, Торғайда — 54 043 бір түренді және 28 650 көп түренді соқа, Ақмолада— 1 100, Семейде — 5 637 соқа шаруа шаруашылықтарында пайдаланылған.

Көптеген қоныстанушылар қазақ тілін үйреніп, бұл да халықтар достығын нығайта түсті. Еңбекші халық (қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар т. б.) бірін-бірі жақсы түсінді және біздің қазіргі кейбір замандастарымыз сияқты емес, көпшілігі достық пен ынтымақта өмір сүрді.

Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайлардың нашарлауы,бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен,яғнибала тууының адам өлімінің басымдық деңгейінен төмен болуымен түсіндіріледі.Қазақтар басым болған облыстарда табиғи өсім едәуір төмен.Мысалы.Торғай облысында орыстар мен украиндардың үлес салмағы қоса алғанда 1897 жылғы 7,7 пайыздан 1917 жылғы 37,6 пайызға дейін өскен,халықтың табиғи өсімі бұдан едәуір жоғары.-35,1 пайыз болды.Бұл сарын өлкенің отырықшы және көшпелі халқының табиғи өсім деңгейін салыстырған кезде бұдан әлдеқайда айқын көрінеді.Осы жылдар аралығында облыста -22,4 %,90,6%-дан 58,2%-ға дейін қысқарған.

Өлкенің байырғы халқы үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың,украиндардың және де басқа ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынын қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қоны үрдісі де қатты әсер етті.

Бұл орайда қоныстанушылардың негізгі көпшілігі Торғай облысына қоныстандырылған.1897-1917 жылдарда 56,2 %-ы және 199,0 мың адам,яғни 15,3% -ы келді.1917 жылы орыстар-136,5 мың,ал украиндер-184,6 мың адам еді,олардың үлес салмағы 16,0 % -ға және21,6 %-ға,ал қосып алғанда облыс халқының 37,6 %-ына жетті.

Қазақстанның меторополия орталық аудандарының капиталистік өнеркәсібінің шикізат көзіне,сондай-ақ өнім өткізу рыногына айналуына теміржолдар маңызды рөл атқарды,олар бір мезгілде Ресейдің артта қалған отар аудандарына,ең алдымен Орта Азия мен Сібірге Ресей капитализмінің ену құралы және нәтижесі де болды.Темір жолдар салу Қазақстанға «кіретін» магистральдардан басталды.1874-76 жылдарда Торғай облысы мен Орынборды Орталық Ресеймен байланыстырған Орынбор темір жолы салынды.Кез келген жол сияқты,ол да Қазақстанның өзіне жақын жатқан аудандарын Ресейдің өнеркәсіптік облыстарымен тікелей сауда қатынастарына тартуға,қоныс аударушылардың ағылып келуіне себепші болды.

Сөйтіп, патша өкіметінің қайта қоныстандыру саясаты қазақ шаруашылығы мен тұрмысына, халық санына қатты әсер етті. Бірақ бұл жағдайда, басқарудың «орыстық жүйесін енгізіп, орталық губерниялардағы шаруаларды қазақ жеріне көшіріп әкеліп отырса да, тіпті патша әкімшілігінің өзі қазақтардың өздерінің бүгінгі күнге дейін сақтап келген атамекен қоныстарын мерзімсіз уақытқа пайдалану хұқын жарияласа да, қазақ жерінің тұтастығына ешбір күмән келтірген емес.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница