Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница7/12
Дата конвертации05.11.2012
Размер1.32 Mb.
ТипЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бақылау сұрақтары:

1.Өлкенің әкімшілік-территориялық өзгерісін талдау.

2.Патшалық Ресейдің отарлық саясаты қалай жүргізілді.

3.Қоныстандыру саясатының ерекшеліктері, қоныстанған аудандарды ата.

Әдебиет:

1.Малехоньков В.Г. социально-экономическое развитие Костанайского и тургайских уездов во 2 половине 19 века. Костанай. 1959.

2. Материалы по киргизскому землепользованию,собранные и разработанные статистической партией Тургайско-Уральского переселенческого района: Костанайский уезд. Оренбург. 1912.

3.Костанай: вчера, сегодня, завтра. Алматы. 1979.

4.Маленьхов в. Толстых З. Возникновение города Костаная. Костанай.1959.

6-7. Тақырыбы: Жергілікті халықтың рухани өмірі. (ХІХ ғ аяғы –ХХ ғбасы)

Мақсаты: Жергілікті халықтың рухани өмірін талдау,миссионерлердің қызметін анықтау.

Жоспары:

1.Облыстағы оқу –ағарту ісінің ұйымдастырылуы.

2.Рухани отарлау жолы-миссионерлік.

Бұл өңірдің халық ағарту ісінің тарихын Қазақстанның Ресейге қоcылу кезеңінен бастағанымыз дұрыс. Ол кезең - Анна Иоановнаның патшалық құру тұсындағы кіші және орта жүздердің Ресейге қосылған кезі болатын (1732 ж. 1740 ж.). Содан XIX ғасырдың 20 жылдарына дейін бұл аймақтағы ұланғайыр ел Ресейге басқарудың шекаралық жүйесі бойынша бағындырылды. Патша хан үстемдігіне демеушілік жасалынып, олардың істеріне қол сұқпады, араласпады.

Казақ елімен қарым-қатынасты бастау үшін 1782 жылы Орынборда Шекаралық Экспедиция ашылып, ол 1799 жылы Шекаралық Комиссияға айналды. Хан үстемдігі орыстардың көңілінен шыға қоймайды, қазақ еліне олардың тікелей ықпалын жүзеге асыра қоймады.

Жиырмасыншы жылдардың соңына қарай бірен-саран қазақ балалары Орынборда ашылған Неплюев әскери училищесіне оқуға түсе бастайды.

1860 жылы шекаралық комиссия жанынан ашылған қазақ балаларына арналған Орынбор жеті жылдық мектебі орысша білім таратудың бастапқы ошағы еді. Осы мектепке алғашқы қабылданған жиырма шәкірттің бірі Ыбырай Алтынсарин еді. Ол 1857 жылы оны үздік бітірген бес оқушының бірі болды.

1859 жылы қазақ даласы сыртқы істер министрлігінен алынып ішкі істер министрлігіне беріледі де, Орынбор қазақтарының облысы деп аталды. Бұл облыстың меңгерушісі болып губернатордың правосымен бірдей шекаралық комиссияның төрағасы В. В. Григорьев тағайындалды. Әрі ғалым, әрі ұйымдастырушылық қабілеті мол Григорьев облыстағы барлық 4 бекіністе мектеп ашудың қажеттігін айтып оның толық жобасын ұсынады (1859 ж). Мектеп үйі салынып болуын күтпей-ақ алғашқы екі бекіністе жеке үйлерде аша беру қажеттілігін айтып, 1862 жылы генерал-губарнатор облыстық басқармаға ұсыныс жасайды. Сөйтіп, облыс басшылары Орынбор бекінісіне (Торғай) Ибрагим Алтынсаринді, Орал бекінісіне (Ьірғыз) Шахмұрат Келібековті ашылатын мектептерге оқытушылыққа бекітіп, екеуіне де басқарманың аудармашылық қызметі қоса тапсырылады. Алтынсарин де, Келібеков те бала оқытуды жеке үйде бастаған болатын. Сондықтан 1862 жыл — Жангелдин ауданының орталығындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы Торғай қазақ орта мектебінің ашылған жылы деп айтуға толық қақымыз бар. 1992 жылы бұл мектепке 130 жыл толды.

1864 жылы 8-қаңтарда Орынбор бекінісінде, 25-қазанда Орал бекінісінде мектеп құрылысы аяқталып, оқу салтанатты түрде ашылады. Осыған байланысты ат жарыс ұйымдастырылып, жиналған халыққа қонақасы беріледі. Біріншісіне - 13 бала, екінші мектепке алты бала қабылданып, облыстық басқарма 1864-65 оқу жылының қорытындысы бойынша бағдарламаны жаксы меңгеріп емтиханды жақсы тапсырғаны үшін, үздік оқушыларға кітаптар сыйлайды. Олар - Бірімжанов, Жанғожин,Аппезов, Таменов, 1865-1866 оқу жылында 17 бала, одан кейінгі оқу жылдарында жиырмадан астам оқушылар мектеп бітіреді. 1869 жылы маусымда Алтынсарин уездік басқарманың іс жүргізушілік қызметіне , ауыстырылады. 1879 жылы облыстық оқу инспекторы болып тағайындалады. Ыбырай Алтынсариннің орнына Торғай мектебіне оқытушылыққа Орынбор қазақ мектебінің түлегі Ізтілеу Жақсыбаев тағайындалады.

Орал бекінісіндегі мектеп бұл уақытта көзге түсе қоймайды. Халықтың ілтипатына іліге қоймаған мұнда оқушылар саны тиісті мөлшердің жартысына да жетпей отырады. Келібеков Алтынсариннің орнына барғысы келіп өтініш жасайды. Арызы қабылданбағандықтан Келібеков ұстаздық қызметті мүлдем тастайды. Сөйтіп, мектеп жабылып екі жылдан кейін мектеп үйі жеке алушыға 490 сомға сатылып, қаржысы қазынаға тапсырылады (1871 ж). Мүның негізгі себебі «шоқынып кетеді» деп, жергілікті халық баласын орысша оқуға бермеді.

Қалған екі бекіністен («Раймское» және Петровск) мектеп ашу үшін,1863 жылы Орынбор қазақ балалары мектебінің түлектері Жолмұханбет Байжанов пен Халибулла Құнанов жіберіледі. Бір жылдан кейін Байжанов ұстаздық қабілетінің болмауына байланысты ол жұмыстан босатылады. Оның орнына Орынбор қазақ мектебінің түлегі Байдосов жіберіледі (28 шілде 1864 ж.).

1861 жылы Тройцкіден қазақ балалары үшін мектеп ашылады. 1857 жылы Орынбор қазақ балалар мектебін бітірген Нұрым Мұңсызбаев мұғалім болады. Бұл мектепке мұсылманша сабақ беру үшін мұғалімдікке жергілікті қазақ молдасы Қазыбай Орынбаев алынады. Бұған татар молдасынан гөрі қазаң молдасы дұрыс болады деп В. В. Григорьев қуанған екен. 1861 жылы 1-қыркүйекте бұл мектептің салтанатты түрде ашылу тойы өтеді. 1861-69 жылдары әр оқу жылының есебінде оқу жұмысының табысты болғандығы айтылады_Бұл Мұңсызбаевтың еңбегі еді.

1868 жылы Орынбор қазақтарының облысы мынадай екі облысқа бөлінеді: Орал қазақтарының жасағы орналасқан өңір мен Орынбор қазақтары облысының орта бөлігінен тұрады. Торғай облысы - Орынбор қазақтары облысының қалған территориясы. Торғай облысының басқармасы уақытша Орынборда қалдырылды. 1868 жылы 21-қазанда жарияланған Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының басқаруы туралы уақытша ереже бойынша Торғай облысы төрт уезге бөлінеді: Елек, Ырғыз, Торғай, Николаев (қазіргі Қостанай, әрбір уезд болыстар мен ауылдардан тұрды.

1868 жылы Торғай қала атанды, оның негізі 1845 жылы каланған болатын. 1878 жылы 5-шілдедегі патша үкіметінің жарлығы бойынша Торғай уездік қаласына және Торғай облысына ортақ Елтаңба (герб) тағайындалды.

1857 жылдан бастап қалалардың елтаңбалары жаңа ережелерге сәйкес жасалатын болды. Қалқандағы безендірулер тарихи, экономикалық немесе географиялың ерекшеліктеріне сәйкес бейнеленеді. Мысалы, масақ астықты өлкеде, балғалар- өндіріске, якорь — портты қалаға тән болды. Елтаңбада малдың басы көрсетілсе, онда сол өлкеде осы түліктің басым болғаны, егер айбалта, садақ, садақтың оқтары көрсетілсе ,онда сол қаланың төңірегіндегі ежелгі тұрғындардың осы қаруды негізгі қару ретінде аса қадірлегендігі еді.

Қазақтардың орыстармен жақындасуы,ортақ тілге келуі экономикалық тұрмыстық қарым-қатынасы,қазақ арасына орысша оқудың тарауына байланысты болды.Яғни,қазақ даласында орысша мектептер ашуды уақытша ереже тікелей талап етті.Бұрынғы Орынбордағы қазақ балалары үшін ашылған мектеп жаңа уақытша ережеге сәйкес таратылды.Қазақтардың білім алу ордасы тек қана Торғайдағы және Тройцкідегі 2 бастауыш мектеп,содан кейін Орынбор гимназиясы ғана еді.

1875 жылы Орынбор өлкесі бойынша /Торғай,Ақмола,Семей,Орал облыстары және Бөкей хандығы/ оқу округтік басқармасы ашылады. Оның бастығы болып В.В.Катаринский тағайындалады. 1875 жылы әрбір облыстың орталығынан облыстың басқарма мекемесін, мектеп және мешітті қоса салуға нұсқау беріледі.Қазіргі ауылдарда ізі ғана қалған мешіттер сол кездерде салынған құрылыстар еді.

Жергілікті жағдайларға байланысты облыстық мекемелер салуға мүмкіншілік жоқ еді. Оның есесіне мешіттің жанынан мектеп салайық деп кейбір болыстар құлшына кірісіп кетті. Бұлар медресе еді. Аманқарағай облысынан Торғай облысындағы үшінші мектеп салынды./1876/ Оқыиушы Қаржан Қаржасов болды.

1879 жылы Торғай облысынан орысша- қазақша 2 кластық училище ашылды.Оған ерекше инспектор тағайындалды. Ол оқу тәрбиесінің бағытын бақылап отырды. Уездік орталықтардан 2 кластық училищелердің ашылуымен қатар /1881/

1883 жылы Орск қаласынан қазақ оқушыларының мектебі және Торғай қаласынан кәсіптік училище ашылды.1886 жылы оқытушылар даярлайтын мектептің толық курсын аяқтағандар 1887 жылы болыстық мектептерге мұғалім болып орналасты. 1887 жылы Ырғыз қыздар училищесінде қазақ қыздарының оқып, білім алуы жолға қойылды. 1891 жылы 1893 жылдары облыста мұнан басқа тағы екі қыз балалар училищесі ашылды (Торғайда және Қостанайда). Жыл сайын мектептердің ашылуы қаражатты үнемі арттырып отыруды қажет етті. Мұның барлығы әрбір үйге салынатын салықтан жиналатын еді. 1891 жылы облыстағы оқу-ағартуға жұмсалған қаржы 49651 сом, яғни әрбір мектепке 1986 сомнан келді. Сондықтан әрі арзан, әрі тиімді мектептің жаңа түрі — ауылдық мектептер ашу қолға алынды. Бір жағынан бұл далалық облыстар үшін жаңа Ережеге сәйкесті (1891 ж. 25 наурыз) қажет еді. Ауылдық мектепке жылына 324 сом ғана қаржы жұмсалды. Осы мектептер арқылы облыста халық ағарту ісін көтеруге болатын еді. Ауылдық мектептер 1892 жылдың қаңтарында 30-ға жетті.

Патшалық Ресейдің отарлау саясатындағы басты кедергі «бұратана» халықтарды жақындастыру еді. Бірақ Ресей бұл мақсатқа күштеу тәсілімен, өз бодандарын орыстандыру арқылы жетуте тырысады. Оның мейлінше жеңіл жолы білім беру саласы болатын

2. Рухани отарлау жолы-миссионерлік.

Патшалық Ресей мен оның миссионерлері Қазақ жерінде 1862 жылдан бастап ресми түрде қазақ халқын шоқындыру,сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясатын ашық жүргізе бастады.Бұл саясатты патша үкіметінің шенеуніктері Қазақ даласына толық иелік ету сынды,өздерінің түбегейлі мақсаттарына жету үшін жүргізіп отырды.Олар қазақ халқын шоқындыру және орыстандыру үшін сан түрлі айла-тәсілдерді қолданып бақты.Мәселен,Ресей империясы қазақ халқын отарлаудың ең сенімді әдісі «водворение» чғни орыс шаруаларын қазақ халқымен араластыра қоныстандыру саясатын ұстанды.

Сонымен, патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлық саясатының басты бағыттарының бірі - жергілікті халықты христиан дініне тарту. Осы арқылы қазақ халқын толық орыстандыру, оны дінінен, тілінен айыру кезек күттірмейтін міндет еді. Бұл саясат Қазақстан Ресей империясы құрамына қосылған кезеңнен бастап жүйелі түрде жүргізілген. Қазақтарды христиан дініне тартуда, үгіттеу, насихаттау, елді мекендерге шіркеу, христиан діні мектептерін салуда, әсіресе, миссионерлік ұйымдар үлкен жұмыстар атқарады. Аталған істің барысын мемлекеттік ұйымдар тарапынан бақылауға алынып, оған нақты көмек пен бағыт беріледі.

Патша үкіметінің миссионерлік саясаты XIX ғасырдың П жартысында, әсіресе Қазақстанның Шығыс өлкесінде кең қарқынмен жүргізіледі. Аталған жұмыс барысы Омбы қаласында шығып тұрған Омбы епархиялық хабаршысында үнемі жарияланып тұрады. Аталған(журналдың 1898-1899 жылдардағы сандарын парақтағанда оның қандай бағытта жүргеніне көз жеткіздік.

Атап айтқанда осы кезеңдегі патша үкіметінің миссионерлік саясаты, негізінен, мынадай бағыттарда жүргізілген.

1. Қазақ-орыс қоныстарына шіркеу және басқа да мінәжат үйлерін салып, осыған жергілікті халықты тарту.

2. Шіркеулік-приходтық мектептер ашып, онда қазақ балаларын оқыту.

3. Жергілікті халық арасында тікелей үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

4. Орыс мектептерінде оқитын қазақ балаларына христиан діні негіздерін оқыту және қазақ мектептеріне дін сабақтарын енгізу арқылы христиан дінін насихаттау. Мысалы, Омбы епархиясының 1898 жылдағы есебінде аталған уақытта шіркеу құжаттары бойынша... 402 қазақпен миссионерлік жұмыс жүргізілген.

1890- 1898 жылдары қазақ даласына христиан дінін кеңірек тарату мақсатында үкімет тарапынан Шульба, Александр, Татар, Атбасар елді мекендерінде сиыну үйлері салынады. Ақмола қаласында Константино Елецк шіркеуі пайдалануға беріледі. Атбасар сиыну үйі христиан діңің қабылдаған қазақтарға арнап салынады. Осы қаладағы христиан дінін қабылдаған қазақ балаларының үйін салуға 15000 рубль ақша жұмсалады. Осындай мақсаттарға арналған үйлер Семей қаласы маңайында, Бөкен елді мекендерінде салынып, пайдалануға беріледі.

1899 жылы Семей облысы қазақтары үшін Приобреженск, Тумареты, Ақмола облысының Татар елді мекендерінде христиандық храмдар салынады. Алғашқы екеуінде христиан дінін қабылдаған отырықщы қазақтар түрады. Осындай мақсаттағы шіркеу үйі Болшенарым қонысыңда да жұмыс істейді.

Жергілікті халықтың христиан дінін қабылдаушы жекелеген қазақтармен қатынасын мынадай оқиғадан көруге болады. Зайсан үйезіндегі Федоров кен орнындағы қазақ жұмысшылары бақылаушы, шоқынған қазақ Мойсей Петровті өздерінің нағыз жауы ретінде қабылдайды. Жергілікті үкімет пен кен әкімшілігіне сүйенген М. Петров өз қандастарына болымсыз күнәсі үшін қатаң шара қолданады. Бүған жауап ретінде қазақ жұмысшылары оны дереу бақылаушылықтан босатуды, егер бұл талап орындалмайтын болса, оны өлтіретіндіктерін мәлімдейді. Кен әкімшілігі жұмысшылар талабын орындамаған соң, олар ереуілге шығып, М. Петровті сабайды. Ереуілді басуға келген полиция уряднигі Калеевтің талабына жұмысшылар «Шошқа Мойсейді кен өндірісінен әкетпейінше, олар жұмысқа шықпайтындықтарын» мәлімдейді[30.26]. Қазақтар ар-ождан және иман тазалығы үшін осылай күреседі.

Жалпы,қазақ балалары жастайынан аралас мектепте оқыса,оның дүниетанымы,мінез-құлқының қалыптасуы шоқындыруға бейім,өз халқының рухани тамырынан қол үзіп,ұлт тағдырына селқос қарайтын делқұлы жандар шығатынын миссионерлер көрегендікпен болжай білді.Сондай-ақ,миссионерлер мен патша шенеуніктері қазақ қыздарын оқытуға шешуші мән беріп,оларды ана ретінде келешек ұрпақты миссионерлік мақсат тұрғысынан тәрбиелеуші бесік иесі деп қараған.Ал бүгінгі таңдағы Қазақстандағы аралас мектептердің арғы-төркіні осы миссионерлік мақсаттан туғаннан көбіміз біле бермейміз.Дәл осы күні таза қазақ мектебі мен орыс –қазақ аралас мектебіндегі қазақ сыныптарындағы оқитын балалардың рухани байлығын салыстыратын болсақ,аралас мектептердегі қазақ балаларының рухани мешеулігі ешкімге жасырын емес.

1893 жылы Тобыл епархиясының архиепископтары «Краткий очерк миссионерства Тобольской»деген очерк жазған.Осы очерктің 4-ші тарауы «Миссия противомусульманская-киргизская»-деп аталады.Бұл тарауда қазақтарды христиан дініне кіргізудің небір айла-шарғылары айтылады:

1.Қазақтар өздерінің билерін,үлкендерін керемет сыйлайды.Сондықтан,бірінші кезекте қазақтардың билерін,үлкендерін христиан дініне кіргізу үшін миссионерлер бар мүмкіндікті пайдаланып жұмыс істеу керек.Егер қазақтың билері христиан дініне кірді деген сөз,сол ауылдың тұрғындары түгелімен христиан дінін қабылдады деген сөз.

2.Қазақтарды христиан дініне көптеп кіргізу үшін,алдымен оларға арақ ішкізуді үйрету керек.Арақты қазақтар өздігінен ішпейді.Сондықтан,қазақ жігіттерін орыс қыздарына үйлендіру қажет.Сонда орыс қыздары қазақ жігіттеріне арақты қолдан қалай жасайтынын үйретіп,әрі ішуді де үйретеді.

Бұлардан туған бала христиан дінін еш қиындықсыз қабылдайды.Бұл үшін миссионерлер бар ынтасымен жұмыс істеп,екі жақты да ақшалай сыйлықтармен қамтамасыз етіп отыру керек.

Бұл жерде Тобыл архипископының екі қоянды бір оқпен атып алғысы келгендігі байқалса,екіншіден архипископтың ойлаған ойының бүгінгі күні қазақ жастарының арасынан айна қатесіз орын ала қалғанына қайран қаласыз.

Шоқындырудың тағы бір тәсілі-ата-ананың азан шақырып қойған аты-жөнін өзгертіп,орысша қойылуда.Кешегі бетке ұстар ағамыз Әліби Жангелдиннің бір кезде «Степанов»болғанын, қазіргі кездегі қазақ қыздарының өз аттары бола тұра,Гуля,Света,Оля,Надя немесе тәп-тәуір аттарын бұрмалап,Нурик,Жорик атанып жүруінде де кешегі шоқындыру саясатының ұшқыны жатыр.Патша шенеуніктері керек кезінде қылмыс жасаған қазақтарды қорқыту,зорлау арқылы да христиан дініне кіргізіп,Ресей азаматтықтарын қабылдатып отырған.Егер қылмыс жасаған қазақ христиан дініне кіріп,Ресей азаматтығын қабылдаса,1848 жылғы реформаның 78-тармағы бойынша жеңілдетілген жаза ретінде әскерге және Сібірге жер аударылды.Осындай жеңілдетілген жазаға ілігу үшін түрмедегі көптеген қазақтар 1848 жылғы 1 қарашада Орынбор шекара комиссиясының азаматтық сотына өздерінің христиан дініне кіруге және Ресей азаматтығына қабылдауға рұқсат етуіне арыз берген.

Аталған кезеңдегі патша үкіметінің миссионерлік саясатына Ы. Алтынсарин де қарсы шыққан. Ол қазақ халқын оқуға, білімге тарту ісіне белсене араласқанымен, қазақ мектептерінде христиан діни сабақтарын оқытуға батыл наразылық білдірген. Торғай облысынын оқу инспекторы қызметінде жүргенде ол Орынбор оқу округінің татар, башқұрт, қазақ мектептері жөніндегі инспекторы В. Катаринскийге жазған хатында Ор қаласындағы мүғалімдер мектебін басқарушы әрі оқытушы А. Бессоновтың миссионерлік жат пікірі жөнінде «Сізге өте бір қайғылы хабар білдіруге тура келіп отыр... Бақсам, олар мүғалімдер мектебінің 3 және 4 кластарына бір ай бойы інжіл және оның парыздарын уағыздай бастапты. Тіпті ол өз шәкірттерін залым деу сияқты сөздерге дейін барыпты» деп, бұған асқан сорақылық деп қарайды. Бұдан әрі Ы. Алтынсарин мүғалімдер мектебінде дін сабағын оқытуды мүлдем тоқтату жөнінде төтенше бұйрық шығарылсын, ондай болмаса, орыс, қазақ мектептерінде дін сабағы-бөлініп оқытылсын-дейді. Ал Бессоновты мүғалімдіктен босатып, қатаң шара қолдануды Орынбор оқу округінен талап етеді.

Ы. Алтынсарин дүниеден қайтқанша миссионерлік саясатпен ашық күресіп келген. Мысалы: ол «Красноуфимскідегі ауылшарушылығы мектебінде қазақ балаларына шошқа бақтыру, шошқа етін беру, орыс оқушыларымен бірге ғибадат еткізу оқиғаларын» естіп, қатты наразылық білдіріп, тікелей барып шара қолданатындығын жазады.

«Мешіттерді, медреселерді, сиыну үйлерін жабу, діни кітаптарды жою, қазақ тілінде жазылған Евангелия, христиан дінін қабылдамаушыларды Сібірге жер аударумен қорқыту, миссионер мүғалімдер арқылы орысша оқыту, қазақтарды ант қабылдауға мәжбүр ету,... қазақ балаларын миссионерлік үйлерде еріксіз ұстау, оларды шоқыншы деп жариялау, христиан дінін қабылдамағандығы үшін қазақ қызының басын арқанмен қысу, қазақ тілінде кешірім мен өтініш жазуға тыйым салу, болыстың басқарма-дағы іс қағаздарын орысша жүргізу, т. б. адамдардың арын аяққа басу мен қорлау, күш көрсету, т. б. 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдьщ басында ұмыт қалған алыстағы шет аймақта осы уақытқа дейін іске асып келеді, - деп көрсетті М. Тынышбаев. - Мұның барлығын қалай ұлы Ресей державасының теократиялық, бюрократиялық үкіметінің шет аймақ ұлттарына қарсы крест жорықтары деп атамасқа»

ХІХ ғасырдағы қазақ даласындағы Ресей миссионерлерінің іс-әрекеті осындай еді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница